XVIII ғ. Қазақ-орыс қатынасы



Жоспар:
1. XVIII ғ. Қазақ.орыс қатынасы
2. Патшалық Ресейдің отарлау саясатының басталуы, бекіністер, әскери және ғылыми экспедициялар
3. Кіші және Орта жүз қазақтарының Ресей құрамына өте бастауы
4. Ресейдің Қазақстандағы алғашқы отаршылдық қоғамдары
5. XVIII ғ.соңындағы Ресей саясатына қарсы Кіші, Орта жүз қазақтарының азаттық күресі (С.Датұлы көтерілісі)

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ОЖСӨЖ №7
ТАҚЫРЫБЫ: XVIII ғ. Қазақ-орыс қатынасы

ОРЫНДАҒАН: Казез.А.К.
ТЕКСЕРГЕН: Сайлаубаева.Н.Е.

Семей қаласы 2012 жыл

Жоспар:
1. XVIII ғ. Қазақ-орыс қатынасы
2. Патшалық Ресейдің отарлау саясатының басталуы, бекіністер, әскери және ғылыми экспедициялар
3. Кіші және Орта жүз қазақтарының Ресей құрамына өте бастауы
4. Ресейдің Қазақстандағы алғашқы отаршылдық қоғамдары
5. XVIII ғ.соңындағы Ресей саясатына қарсы Кіші, Орта жүз қазақтарының азаттық күресі (С.Датұлы көтерілісі)

Қазақ хандығы мен орыс мемлекетінің арасындағы байланыстың күшеюі
Қазақ-Ресей байланысының ұзақ тарихы бар. Ол сонау XVI ғасырдан бастау алады. Ол кезеңде олар, негізінен, дипломатиялық және сауда-саттық қатынастарымен шектелді. Мәселен, Орта жүз қазақтарының XVI ғасырда Строгановтармен сауда байланыстары- ның болғаны мәлім. XVII -- XVIII ғасырларда Батыс Сібірдің әскери жоне шенеуніктік тобы қазақтарды қырғыздар деп кате атап келді. Орыс империясының Батыс Сібірді баса-көктеп шығысқа қарай жылжи түсуіне бір кезде Сібірді мекен еткен ер жүрек қырғыздар (нағыз қырғыздар) табан тіресе қарсылық көрсеткен болатын. Сол қырғыздардың атын орыстардың кейінгі кезде қазақтарға қателесіп бергені анықталды. Түбі бірге туысқан екі халықтың шынында тілі де бір, көшпелі өмір салты да, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері де өте үқсас екені рас. Кейіннен бұлар, яғни қазақтар мен қырғыздардың, өз алдына бөлек туысқан екі халық екеніне көз жеткізген орыстар қазақтарды қырғыз-қайсақтар немесе жалпылама қырғыздар деп атап кетті, ал нағыз шын қырғыздарды тау-тас қырғыздары, қара қырғыздар немесе буруттар деп атады. Қазақтарға олардың байырғы тарихи өз аты қайтарылмады. Өйткені Ресейде бұл кезде казак деген ұқсас атпен әскери сословие пайда болған еді.
Қазақ хандығының Ресеймен белсенді араласқан байланысы XVIII ғасырдың алғашқы үштен біріндегі кезеңге сәйкес келеді. Ондай байланысқа екі жақ та мүдделі болды. Қазақтардың билеушілері өздерінің солтүстіктегі көршісімен сауда-саттық байланысын орнатуға көбірек мүдделілік танытты. Олар өз тарапынан Ресеймен әскери одақ құруға бірнеше рет әрекет жасады. Өйткені шығысындағы Жоңғариямен әскери-саяси тұрғыда қарама-қарсылық туындай бастаған болатын. Ресеймен әскери одақ құру әрекеті алғаш рет XVIII ғасырдың бас кезінде жасалды. 1716 жылы Қайып хан Ресейге елші жіберіп, жоңғарларға қарсы бірлескен күрес жүргізуді көздеді, кейінгі жылдарда да қазақ елшілері бірнеше рет барып қайтты. Орыстармен әскери одақ құру әрекеттерін Кіші жүздің ханы Әбілқайыр да жасап көрді. Алайда Ресей Швециямен болған ұзақ та ауыр соғыстан кейін қазақ хандарының ұсынысына кұлық білдіре қойған жоқ. Патша үкіметі Қазақстанды бірқатар себептерге байланысты өзінің геосаяси ықпалына алуды көкседі. Өйткені Қазақстан ол үшін Орта Азияға, Үндістанға, Ауғанстанға, Азияның басқа да мемлекеттеріне әскери іс-әрекеттері одан әрі ілгері жылжытуға қолайлы плаңдарм еді. Ресейді өзінің Қазақстан мен Орта Азия бағытындағы сыртқы саяси қызметін күшейте түсуге мәжбүр еткен және бір нәрсе ағылшын-орыс бәсекелестігінің тигізген ықпалы болдьі. Қазақстан сонымен қатар Ресей экономикасының барған сайын күш алып келе жатқан зауыт-фабриқалары шығарған өнімдерді өткізетін орасан зор рынок болып та саналатын. Бұл тұрғыдан алып қарағанда, қазақ даласы келешекте Ресейге әр түрлі шикізат, жер асты қазба байлық түрлерін, мал өнімдерін көптеп бере алатын бай аймаққа айналуы тиіс еді. Ақырында, Ресей басқа да кез келген империя сияқты номадтарды (жергілікті байырғы халықты) алым-салық төлеп тұрудың қайнар көзі деп білді.
Міне, осының бәрі де қордалана келіп, Ресей империясының Қазақ хандығымен шекаралас аймақтардағы дипломатиялық, барлау және әскери әрекеттер жүргізуіне негізгі түрткі болған себептер еді.
Патша үкіметінің әскери бекіністер шебін сала бастауы
Қазақ хандығы мен онымен шекаралас басқа аумақтарда болып қайтқан саудагерлер, дипломатиялық елшілер, саяхатшылар да ондағы мол байлық туралы ауыздарының суы кұрығанша әр түрлі әңгімелер айтып келетін. Мәселен, I Петрдің құлағына Еркеті қаласында алтын аралас құмның мол екендігі жөнінде хабар жетеді. Ұзаққа созылған орыс-швед соғысы салдарынан қазынасы сарқылған Ресейге орасан зор қаржы қажет еді. Алғашқы Сібір губернаторы М.П. Гагарин I Петрге Тобылдан Еркетіге дейінгі аралықта әскери бекіністер шебін салу жоспарын ұсынады. Оның бұл ұсынысы қабыл алынды. Жоспарды жүзеге асыру үшін подполковник И.Д. Бухгольц бастаған әскери экспедиция жіберілді. Жасақтың құрамында әскерилер, Томск, Түмен және Тара қалаларының тұрғындары - барлығы 2800-ге жуық адам болды. 1715 жылғы маусым айында экспедициялық жасақ жорыққа шықты. Тап сол жылдың қазан айында Жәмішев бекінісінің іргесі қаланды. Бекініс салуға жоңғарлар батыл қарсы шықты. Бекіністің құрылысы қоршауға алынды. Жоңғарлар Тобыл қаласынан жөнелтілген азық-түлік керуенін басып алды. Бекіністі корғаушылар арасында аштық басталды. Сөйтіп И.Д. Бухгольц 1716 жылдың көктемінде аман қалған 700 адамымен бірге кері қайтып кетуге мәжбүр болды.
Кейінірек, қазақ-жоңғар соғысы қызу жүріп жатқан кезде, патша үкіметі Ертіс өзенінің бойындағы аймақта әскери бекіністер шебін салуды одан әрі жалғастыру ісін қолға алды. Бұл міндетті орындау үшін И.Д. Бухгольцтің экспедициясынан басқа бірқатар ғылыми- барлау және әскери экспедициялар жіберілді. Оларды А.Д. Бекович-Черкасский 1715 -- 1716 жылдары Хиуа хандығына, И.М. Лихарев 1719 -- 1720 жылдары Ертіс өзенінің жоғары ағысына карай бастап барды.
1716 жылы Ертістің оң жағалауында Жәмішев және Омбы, 1717 жылы Железинка, Колбасинская, 1718 жылы -- Семей, 1720 жылы -- Өскемен, Черноярская және Коряковская бекіністері салынды. Ке- йінірек олардың ара-арасында шағын бекініс-қамалдар мен редуттар (ұсақ-түйек далалық бекіністері) пайда болды. Мұндай бекіністердің салыну себебін Сібірдегі орыс өкімет орындары Жоңғар қалмақтарына қазақтардың шапқыншылығынан қорғану үшін, ал қазақтарға жауынгер жоңғарлардың шапқыншылығынан қорғану үшін салынып жатыр деп түсіндірумен болды. Ал істің шын мәніне келгенде ол бекіністер патша үкіметінің Ертіс өзені бойындағы жағдайын күшейту үшін өте қолайлы плацдарм еді. Ондағы негізгі мақсат алдағы кезде қазақ хандығының аумағын да, жоңгар қонтайшыларының қол астындағы жерлерді де басып алып, өзіне карату болатын. Бұл жөнінде белгілі орыс ғалымы Н. Коншин былай деп жазды: Ертіс бойындагы бекіністер шебі осылай құрылды. Оның міндеті оң жагалаудагы жерлерді жоңғарлардан, ал одан соң көп ұзамай-ақ қыргыздардан (қазақтардан) қорғау еді.
1718 жылы қазақтар мен қарақалпақтардың құрамында 20 мың жауынгері бар жасағы Жайық қалашыгын бір ай бойы қоршауда ұстады. Қаланы біржолата күшпен басып алуға жасалған әрекет сәтсіз аяқталды. Әбілқайыр хаң қоршаудағы қаланы тастап, Еділ бойындағы құба қалмақтарға шабуыл жасауға көшті. 1723 -- 1724 жылдары Әбілқайырдың әскерлері Жайық пен Еділдің екі ортасындағы бүкіл аумақты басып алды. Қазақтардың Жайық өзенінің бойындағы алқапта мәңгілік көшіп-қонып жүру құқығын белсенді түрде қорғаған Әбілқайыр ханның мына сөздері қазақ халқының есінде ұмытылмастай қалды: Жайық өзені қашан сарқылып, арнасы кеуіп қалғанына қазақтар оның бойынан кетпейді.
Кіші жүзбен Орта жүздің Ресей құрамына енуі
Әбілқайыр ханның Ресей патшалығымен дипломатиялық келісөздері.Аңырақай шайқасынан кейін қазақ билеушілері арасында жіктеліс туды. Деректемелерде шайқасқа қатыскан сұлтандардың мінез-құлқындағы мұндай келіспеушіліктің себептері туралы айтылмайды. Одан кейін көп ұзамай сұлтан Әбілмәмбеттің қазақ хандарының ордасы-Түркістанға көшіп кеткені, ал Әбілқайырдың асыға көшіп, орыс шекараларына бет алғаны мәлім. Аңыракай шайқасынан кейін қазақ хандары мен сұлтандары арасындағы жікке бөлінушілікке жоғарғы билік үшін күрес негізгі себеп болды деп санаудың негізі бар. Тәукенің ұлы, қайтыс болған аға хан Болаттың орнына Орта жүзден - Сәмеке, Кіші жүзден Әбілқайыр үміттенді. Көпшіліктің тандауы Әбілмәмбетке түсті. Сәмеке мен Әбілқайыр өздерін елеусіз калдырды деп тауып, шайқас алаңынан кетіп қалды, сол арқылы қазақ жерлерін жоңғар басқыншыларынан азат етудің ортақ ісіне оңдырмай соққы берді.
Жоңғар әскерлері шапқыншылық жасаған жылдар қазақтар тарихына Ақтабан шұбырынды жылдары болып еніп, қазақ жүздерінің экономикалык және саяси өмірінде ұзак уакыт бойы терең із қалдырды.
Қазақтар материалдык және адам жағынан шығындарға ұшырап қана қойған жоқ, сонымен қатар уакытша Жетісудағы бай жайылымдарынан айырылды. Ғасырлар бойы қалыптасқан көшіп-қону бағыттары бұзылды, Сырдария ауданы мен Жетісудағы егіншілік мәдениетінің ошақтары жойып жіберілді. Қазақ руларының жайылым іздеп батысқа және солтүстік-батысқа ығысуы үлкен қиыншылықтарға ұштасты. Ол Жайық пен Еділ арасындағы көшіп жүретін кеңістік туралы мәселені шиеленістірді, қалмақтармен және башқұрттармен үздіксіз қақтығыстарға әкеп соқты. Жоңғар феодалдарының Қазақстанның оңтүстігіндегі қалаларды басып алуының қазақ қоғамының экономикалык және мәдени өмірі үшін елеулі зардаптары болды. Қазақ рулары сауда және қолөнер орталықтарынан бөлініп қалды, ірі феодалдар қала халкынан алым алу мүмкіндігінен айырылды.
Жоңғарлардың шапкыншылығы казак жүздері арасындағы, әсіресе Кіші жүз бен Орта жүздің Ұлы жүзбен шаруашылык-саяси байланыстарын әлсіретті. Ал Үлкен орда олардан алыс жерде Бұхараға карай көшіп жүр және ол Орта және Кіші ордалармен қатыспайды, олардың хандары да бөлек. Мұндай жағдай феодалдык бытыраң-кылыктың күшеюіне және Тәуке билік еткен жылдарда бастау алған мем-лекеттік билікті орталыктандыру негіздерінің бүзылуына ыкпал етпей қой-майтын еді.
Жоңғар хандығына карсы күрес барысында Кіші жүз бен Орта жүз жеке иеліктерге бөлініп кетті. Ұлы хан деп саналған Әбілкайыр өз билігін тіпті бүкіл Кіші жүзге де жүргізе алмады. Одан баска онда Кайыптың баласы Батыр сұлтан мен Әбілкайырдың баласы Нұралы сұлтан билік етті.
Орта жүзде өз хандары болды. Олардың ішінде белгілілері -- Сәмеке, Күшік. Соңғысы наймандардың едәуір бөлігінін ханы болды және орыс шекарасынан алыста көшіп жүрді. Орыс шекарасына Сөмеке ханның коны-стары жакынырақорналасты. Олардан баска Орта жүзде Әбілмәмбетжәне Барақ сұлтандардың ыкпалы зор болатын.
Жоңғар баскыншылығы казак коғамының әлеуметтік қатынастарында да терең із калдырды. Елдің каңыратылып, күйзелтілуі кедейлер -- байғұстар, коңсылар, жатактар және басқалар санын көбейтті. Дербес шаруашылык жүргізу мүмкіндігінен айырылған олар бай мал иелерінде бакташылар, үй кызметшілері ретінде жұмыс істеуге мәжбүр болды. Олардың көбісі тіршілік көздерін іздеп, батыска, орыс шекараларына кашты. Бірақ бұл жерде де олардың шеп өңіріндегі казактарға немесе шекарадағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта Азия халықтарының Ресеймен қарым - қатынасының басталуы
ҚАЗАҚ - ЖОҢҒАР ҚАТЫНАСТАРЫ ҚАЗАҚ ЗЕРТТЕУШІЛЕРІНІҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕ
XVIII ғасырдағы Орта Азия халықтарының саяси жағдайы
ХVІІІ ғасырдың екінші жартысындағы Орынбор губернаторларының қазақ даласына қатысты саясатын толық және жүйелі көзқарас тұрғысынан зерттеу
Жоңғарлардың қазақ жеріне басып кіруі
ХИУА ХАНДЫҒЫМЕН ҚАЗАҚТАРДЫҢ БАЙЛАНЫСЫ
Қазақ хандығының көрші мемлекеттермен сыртқы саяси байланыстары
Қазақ-орыс байланыстарының алғашқы кезеңі
Қазақ - Ресей саудасы
Абылай ханның тұрақтануы
Пәндер