XIX ғ. ІІ-жартысындағы Қазақстан


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ОЖСӨЖ №10

ТАҚЫРЫБЫ: XIX ғ. ІІ-жартысындағы Қазақстан

ОРЫНДАҒАН: Казез. А. К.

ТЕКСЕРГЕН: Сайлаубаева. Н. Е.

Семей қаласы 2012 жыл

Жоспар:

  1. Түркістан генерал-губернаторлығының құрылуы
  2. 1867-68жж реформалар
  3. 1886-91жж реформалар
  4. Қазақстан жеріне орыс шаруаларының қоныс аударуы
  5. Патшалық Ресейдің аграрлық саясаты
  6. Қазақстандағы капиталистік қатынастар

Түркістан генерал-губернаторлығының құрылуы

Орыс отарлаушылары Қазақ даласын толық бағындарғаннан кейін Орта Азия һәм Түркістан өңіріне ауыз салды. Ол үшін әдеттегідей қазақ даласына салынған әскери бекіністерді тірек ете отырып, харам ниеттерін жүзеге асырды. Атап айтқанда, 1835 жылы ірге тепкен Орск-Тройск қамалы, 1845 жылы бой көтерген Торғай-Ырғыз бекіністерінің әскери-стратегиялық жалғасы ретінде 1847 жылы Сырдарияның сағасына Арал-Раин бекінісін тұрғызды. Өйткені, күллі Түркістан өңірін жаулап алу үшін Сырдария бойына иелік ету аса маңызды еді. Отарлаушылар мұндай мүмкіндікті мүлт жібермесі анық. Сол себепті де, олар Сыр бойына тек бекініс салып ғана қоймай, тез арада жорықтар ұйымдастыруды қолға алды. 1853 жылы Орынбор ген-губернаторы Перовский Ақмешітке әскер бастап келіп, бір айдың ішінде қаланы басып алды.

Орыстардың бұлай асығыс-үсігіс атқа қонуына негізгі себеп - АҚШ-та азаматтық соғыстың өрістеуінен, әлемде мақта тапшылығы күрт өсті де, АҚШ-тан мақта жеткізе алмай қалған Ресейдің тоқыма өндіріс-өнеркәсіптері шығынға ұшырай бастады. Әлемде мақта бағасы шарықтап кетті. Осы жылдары бір пұт мақтаның бағасы 4-5 сом тұрса, екі жылдың ішінде 24 сомға (1864 ж. ) дейін көтерілді. Оның сыртында, орыстар үшін Бірінші Петр патша заманынан арман болып келе жатқан Үндістанға апаратын жолды тездетіп игермесе, Түркістан өлкесінің оңтүстік бүйірінен ағылшын дейтін жау пайда болды. Ағылшындар мен орыстардың екеуінің де көздегені Үнді елінен бастап, Орта Азияның бай хандықтарын бағындыру еді. Сөйтіп, ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ресей мен Англия арасында дүрдараздық пайда болды. Ағылшындар болса, Ресейдің Орта Азияны басып алуы - Үндістандағы иеліктеріне қауіп төндіреді деп есептеп, орыстарды тоқтатуға ұмтылды. Олар Бұхар, Қоқан жеріне өз тыңшыларын жіберіп, жергілікті халықты орыстарға қарсы қою қамына кірісті. Ал, орыстар болса, «Ресейдің ешқандай жаулап алу ниеті жоқ, тек ғана «жабайы» тайпалардан қорғану үшін нақты шекараны белгілеу ісіне кіріскенін…» мәлімдеп, Сыртқы істер министрі Горчаковтың атынан ағылшын үкіметіне нота жолдады. Бірақ мұндай өтірікке ағылшандардың сенбесі анық.

Жоғарыда атап өткеніміздей орыстар Ақмешітті бағындарған соң дарияның бойын өрлете бес бекініс салып шықты. Бұл бекіністерге үйіп-төгіп солдат әкеліп, жорыққа дайындалды. 1864 жылы Черняевтың қарулы отряды Верныйден қозғалды да, дәл осы сәтте Ақмешітте дайындық көріп жатқан Веревкин басқарған әскерлерде жорыққа аттанды. Екі отряд қанаттаса шабуыл жасап, Веревкин Түркістанды басып алды. Чернявтың жасағы Әулие-ата қаласын бағындырды. Осылай азғана уақыттың ішінде күш біріктерген қос отряд қоқандықтарға соққы берді. Осы жылдың (1864 ж. ) қыркүйек-қазан айында Шымкентті басып алды.

Шымкенттік тарихшы-ғалым Д. Даниярбековтің Ташкенттегі архивтен алған мәліметіне жүгінсек: Оңтүстік өңір мен Ташкентті бағындырған, жергілікті халықты аяусыз қырғыншылыққа ұшыратқан, әсіресе, Әулие-ата мен Шымкент бекіністерін алуда қатыгездік көрсеткен, әскери жорықты басқарған генерал Черняев әр атқарған ісі үшін Петербордағы соғыс министрі Борисовке есеп беріп отырған. Кезекті бір есеп беру жазбасында: «Мен Шымкент бекінісін зеңбірекпен атқылауға бұйрық бердім. 2000 қырғыз-қайсақ сарбаздарын ұрысқа қостым, өзіміздің орыс солдаттарын ұрысқа жібергенім жоқ. Бекіністі 7 күннен соң алдық, қырғыз-қайсақ сарбаздарынан 300-дей сарбаз аман қалды. Бекініс ішіндегі халық көп қырылған, санау мүмкін емес. Жинап, көмдірдім» дегені айтылады.

Шымкенті басып алған соң орыстар Ташкентке ауыз салды. Ташкент тұрғындары басқыншыларға ұйымшылдықпен қарсы тұрды. Қалаға алдымен кірген Веревкиннің жасағын халық жусатып салды. Чернявтың қанды қол жасағы еркісіз шегінуге мәжбүр болды. Ташкентке орыстардың қауіп төндіре бастауы бұхаралықтарды да ойландырса керек. Қаланы қорғау ісін Бұхара әмірі Ескендір-паша келіп, басқарды. Бірінші рет беті қайтқан орыстар, келесі 1865 жылы зеңбірікпен қаруланған қалың әскер жіберіп, маусым айында қалаға шабуыл жасады. Ниязбек қамалын оқтың астына алды. Қатты қарсылық көрсеткен ташкенттіктер үш күннен артық төтеп бере алмай тізе бүкті. Қаланы басып алу барысында 2 мың әскер 12 ауыр зеңбірек пайдаланылады. Бұхар ханының наразлығын ағылшындардың қолдауына байлынысты Ресей халықаралық дипломатиялық қатынасына сызат түсірмеу үшін 1866 жылы Черняевті отставкаға жіберіп, оның орнына Романовты тағайындады. Бұл адам кешікпей 1866 жылы Бұхара қаласына жорыққа атанды. Алдымен Иржарда бекінген бұхара-қоқандықтардың біріккен күші талқандалды. Осы екпінмен жүйткіген орыстар бір жылдың ішінде: Ходжент, Ұратөбе, Созақты, ақыры Бұхараны жаулап тынды.

1865 жылдың 12 ақпанында орыстар басып алған жерлерін біріктіре отырып Түркістан облысын құрады. Осы жылдың 6 тамызында Оренбург генерал - губернаторы Түркістан облысын басқарудың уақытша хаттамасын бекітті. Бұл хаттама 1867 жылдың 11 сәуір айына дейін қолданылды. 1867 жылдың 11 шілдесінен бастап Түркістан облысы Білім беру министрлігі комитетінің жарғысы бойынша «Түркістан генерал-губернаторы» болып бекітілді. Бұған дейін Түркістанды әскери губернатор басқарса, бұдан былай генерал-губернатор басқаратын болды. Түркістан генерал-губернаторлығының құрамына Сырдария, Жетісу, Закаспий, Самарқан, Ферғана облыстары және Әмудария бөлімшесі кірді. Өлкеге басшы болып, генерал фон Кауфан сайланды.

1867 - 1968 жылдардағы реформалар

Қазақстандғы 1867 - 1968 жалдардағы реформалар - Ресей патшалық өкіметі жүргізген әкімшілік-басқару шаралары. Түркістан және Дала өлкелерін басқару үшін тәжірибе ретінде жүргізілген бұл реформалар Уақытша ереже деп аталды. Ресей өнеркәсібі үшін Қазақстан бай шикізат көзі және тауар өткізетін рынок болды. Қазақстанның байлығын Ресейге толық тәуелді ету үшін патша үкіметі Қазақстандағы өзінің өкімет билігін нығайтуды көздеді. Осыған байланысты қазақ даласында жүргізілген әкімшілік-басқару реформалары сот, оқу-ағарту, алым-салық, жер, т. б. мәселелерді қамтыды. 19 ғасырдың 60-жылдарына дейін Қазақстанда ел басқарудың бірыңғай жүйесі болмады. Осыған сәйкес 1867 жылы Жетісу, Сырдария облыстары жаңадан құрылған Түркістан генерал-губернаторының қарауына берілді. 1868 жылы Орынбор генерал-губернаторлығына қарайтын Орал, Торғай облыстары, Батыс Сібір (Дала) генерал-губернаторлығына қарайтын Ақмола, Семей облыстары құрылды. Облыстар уездерге, уездер болыстарға, болыстар ауылдарға бөлінді. Әкімшілік бөліністер аумақтық принцип бойынша жүзеге асырылды. Қазақстандағы сот билігі жаңадан құрылған әскери-соттық комиссияларға, уездік судьяларға, уезд бастықтарына, облыстық басқармаларға, көшпелі халық ішінде билер сотына, оңтүстіктегі отырықшы халық ішінде қазы сотына бөлінді. Қазақстандағы барлық жер мемлекет меншігі болып жарияланды. Патшаның хан тұқымдары мен ру ақсүйектеріне сыйлаған жерлері жеке меншік болып танылды. Жерді мемлекет меншігі деп жариялау оны керегінде қазақ халқынан тартып алуға “заңды” негіз болды.

Адамдардың тұрмыстық жағдайы ескерілмей, салық жинаудың тепе-теңдік жүйесі енгізілді. Жаңа әкімшілік бөліктер жайылымдардың ғасырлар бойы қалыптасқан тәртібіне сай келмеді. Бір рудың жайлауы мен қыстауы көбінесе екі бөлікке бөлініп қалды. Осыған байланысты реформаға қарсы 1868 жылы Торғай және Орал облыстары, 1869 жылы Маңғыстау қазақтары көтеріліс жасады. Бірақ, бұл көтерілістер күшпен басылды. 1867 - 68 жылдардағы реформалар оқу-ағарту, медициналық көмек, дін мәселелерін де қамтыды. Бұл реформалар тәжірибе жасау мақсатында екі жылға уақытша енгізілген болатын. Алайда, ол жиырма жылдан астам уақытқа созылып, 1886 жылы 2 маусымда Түркістан өлкесін басқару жөніндегі Ереже, ал 1891 жылы 21 наурызда Ақмола, Семей, Орал және Торғай облыстарын басқару жөніндегі Ереже (Дала ережесі) қабылданды.

1886-1897 жылдардағы реформалар дың күші сақталып, қазақтарды шүйгін жайлауларынан ығыстырып, ол жерлерге мал жаюына ғана емес, сонымен қатар, 20 шақырым қашықтықтан әрі жақындауына да тыйым салынды (12) . Мұндай жағдай қазақтарда жер тарлығын тереңдете түсті. Осы тұрғыда қазақтардың егіншілікке көшуі көшпелілерді азық-түлік өнімдерімен, мал шаруашылығын пішен қорымен қамтамасыз етудегі бірден-бір балама жол болып қалды.

XIX ғасырдың орта кезінен жайылымдардың тарылуы қазақтарды тіршілік етудің жаңа түрлерін іздеуге мәжбүрледі. Жергілікті қазақтар өз жерінде жер үшін салық төлеуге мәжбүр болды. Мысалы, 1900 жылы Баянауыл қазақтары сол жерде қыстаған 50 шақты қазақ отбасынан жылына 200-300 сом салық алған.

XX ғасырдың бас кезінен көшпелілердің отырықшылыққа ауысуына байланысты көшу қашықтығы қысқара бастаған. XX ғасырдың 20 жылдарының аяғы, 30 жыддардың басында Қашаған қазақтарының екі бағыттағы қыстаудан жайлауға, жайлаудан қыстауға көшу жолы 200 шақырым болған. Бұл кезеңде Бұқтырма, Зайсан уездері көшпелілерінің көшу аумағы 100 шақырымнан аспаған, тіпті, 40 пайызы 5-30 шақырым жерге ғана көшуге мәжбүр болды.

Қазақстанға орыс шаруаларының қоныс аударуы, негізгі кезеңдері

Оңтүстік Қазақстанды әскери отаршылдық жолмен өзіне қосып алған Ресей өзінің саясатын алыстағыны көздейтін саяси мүдделерін басшылыққа ала отырып жүргізе бастады. Қазақстанның Ресейге қосылуы аяқталғаннан кейін көші-кон ағымдарының отаршыл сипаты айқындала түсті.

Қоныс аударудың бірінші кезеңі

Жүз мыңдаған орыс, украин, беларусь шаруаларының Сібір, Қазақстан және Орталық Азияға қоныс аударуы Ресейдің аграрлық саладағы саясатымен тығыз байланыста дамыды. Ресей самодержавиесі жер мәселесін помещик-дворяндардың пайдасына шешіп берді. Помещиктер шаруаларды «азат ету» барысында олардың бұрын пайдаланып келген жерінің басым бөлігін тартып алды. Себебі 1861 жылғы реформадан кейін помещиктер өз пайдасына шаруалардың реформаға дейін өңдеп келген жерінен үлес алуға құқықты болды. Кейбір губернияларда шаруалар жерінің 1/3, тіпті 2/5 бөлігін помещиктер тартып алды. Сонымен қатар жер үлесі үшін тым жоғары өтемдік төлемдер талап етілді. Жер тапшылығынан шаруалар помещиктерден, қазынадан жерді жалға алуға мәжбүр болды.

Жер тапшылығының шиеленісуі, «азаттық» алған шаруалардың қайыршылық күйі, құрғақшылық, орта шаруалардың кедейленуі, өтемдік төлемдер мен салықтардың ауыртпалығы шаруалардың туған жерлерін тастап, Оралдың арғы жағынан жер мен «жақсы өмір» іздеп кетуге мәжбүр етті. Зерттеуші А. А. Кауфман қоныс аударудың басты себебін жаңа шаруашылық жүйесіне бейімделе алмаудан, жер құнарлылығының төмендігінен деп түсіндіреді. Ал шаруаларда топырақтың құнарлылығын тыңайтқышпен қайта қалпына келтіруге қаржы да, құрал-сайман да жоқ еді.

Әуелгі кезде патша үкіметі шаруалардың шет аймақтарға қоныс аударуына карсы болып, шектеулер койып көрді. Алайда 1891- 1892 жылдардағы Ресейдегі аштыққа байланысты өз бетімен еркін қоныс аудару көлемінің өсуіне орай, патша үкіметі қоныс аударуды заңдастырып, өз ырқында ұстауға тырысып бақты.

Жетісу облысының губернаторы Г. А. Колпаковскийдің басшы- лығымен 1868 жылы «Жетісуға шаруаларды қоныстандыру туралы уақытша Ережелер» жобасын жасады. Ереже бойынша жан басына (ер адам) 30 десятина мөлшерде жер белгіленіп, 15 жылға алым- салықтардан босатылды.

Ал 1883 жылы қабылданып, 1885 жылы бекітілген Ережеде Жетісу облысына жаңа келушілер мен Шығыс Түркістаннан қоныс аударған үйғырлар мен дүнгендер үшін жаңа нормалар бекітілді. Енді жан басына берілетін жер үлесі 30 десятина емес, 10 десятина болып белгіленді, біркатар жеңілдіктер енді 3 жылға дейін ғана сақталды. Ресми деректер бойынша 1861-1885 жылдары Орал арқылы 300 мың қоныс аударушы келген.

Қоныс аударудың екінші кезеңі. Қазақстан тұрғындарының ұлттық құрамындағы өзгерістер

1889 жылғы 13 мамырдағы «Уақытша Ережеде» ауыл тұрғындары мен мещандарын Тобыл, Том губерниялары мен Жетісу, Ақмола, Семей облыстарына өз еркімен қоныстандыру белгіленді. Үкімет қоныс аударуға шектеулердің кейбіреулерін алып тастады. Дегенмен ресми түрде қоныс аударғандардан гөрі өз бетімен келгендердің ағыны үздіксіз арта түсті. Шаруаларды қоныстандыру Ақмола, одан соң Жетісу, Семей, Орал, Торғай облыстарында XIX ғасырдың 60-жылдарының ортасынан басталып, 1892 жылы Сібір темір жол комитеті құрылғанға дейін жалғаса түсті. Ақмола облысында 1870-1895 жылдары 87 шаруа қоныстары пайда болып, отырықшы халық саны шаруа-қоныс аударушылар есебінен 2 есеге артты.

XIX ғасырдың соңғы ширегінде Еуропалық Ресей мен Украинадан қоныс аударушылардың келуі есебінен халықтың ұлттық құрамы өзгерді. Қазақ, қырғыздармен бірге орыс, украиндар, татарлар, тәжіктер, түрікмендер, башқұрттар, чуваштар, қараноғайлар, армяндар саны өсе түсті.

XIX ғасырдың 70-жылдарында орыстар мен украиндар барлық Қазақстан мен Қырғызстан тұғындарының 8%-ын (246, 9 мың) құрады. Бұдан барлық облыстарда жергілікті тұрғындардың бірден-бір жоғары үлес салмағын анық байқауға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XIX ғ. екінші жартысы – XX ғ. басындағы Батыс Қазақстандағы жәрмеңкелер: тарихи талдау (1867-1917 жж.)
Қазақ іс қағаздар тілінің тарихы
XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Ресейдің Қазақстанға жүргізген саяси құқықтық реформалары
ХVІІІ ғасырдың екінші жартысындағы Орынбор губернаторларының қазақ даласына қатысты саясатын толық және жүйелі көзқарас тұрғысынан зерттеу
Қазақстанның жаңа тарихы кезеңінен XVIII-XIXғғ Қазақстанның ішкі және сырқы саясаты
Қазақ қоғамындағы экономикалық жағашылдықтарды әдістемелік тұрғыдан зерделеу
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы мен зерттелуі
Жеделхат мәтіні
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақстанның оңтүстік бөлімінің сауда – саттығы
Жәңгір ханның игілікті істері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz