Суға батқан адамға алғашқы жедел медициналық көмек және жасанды тыныс алу әдістері


Адамды судан шығарып алғандағы алғашқы әрекет.

Суға батудың себептері: жүзу білмейеуі, жүзу білетін адамдар, бірақ шаршағанда, халі нашарлағанда, сіңірі тартылып қалғанда және судың ішінде неше түрлі кедергі кезіккенде (балдыр, сым-темір), маскүнемдік, мидың шайқалуы, талықсу, ауыр жарақаттан егер сүңгіген кезде бас сүйегінің немесе омыртқаның, мойынның сынуы нәтижесінде суға батуы мүмкін.

Суға батқан адамға алғашқы медициналық көмек: көмек көрсеткен кезде естің бар-жоғына, зардап шегушінің сыртқы келбетін, тыныс алудың және қан айналымының сипаты мен көрінісін ескерту керек.

Егер зардап шегуші есінің сақталуының алғашқы кезеңінде құтқарылса, шошынуды кетіру шараларын жасап, ылғал киімді шешіп, денені құрғағанша сүртіп, оны жылы үстайды, қымтап орайды, жылы грелка төсейді, ыстық шай, кофе береді.

Суға батушыны ессіз күйде алып шыққан кезде, алайда тыныс алуы мен тамырларының соғысы қанағаттанарлық болса оны аяқтарын 40-50 градусқа етбетінен көтеріп, мүсәтір спиртін иіскетуге береді, аяқ-қол мен кеуде клеткаларын ысқылайды.

Зардап шегушіні жанталас немесе клиникалық өлім жағдайында алып шыққан кезде реанимация шараларының кезектілігі төмендегіше болуы тиіс:

1) ауыздың, мұрынның қуыстарын кұмнан немесе балшықтан тазарту (дәке салфеткасы оралған сұқ саусақпен тазартылады) ;

2) тыныс жолдары мен асқазаннан суды шығару (суға батушыны етбетінен жатқызып оны құтқарушы аяғын бүгілген тізесіне жатқызып), кеуде клеткаларын қысады;

3) жасанды тыныс алдыру;

4) қан айналымын қолдау, немесе жүрекке жабық массаж жасау.

Суға батқан адамға үмітті үзбей 20-30 минуттай реанимация шараларын жүргізген дұрыс.

Құтқарушылардың тәжірибесіне сүйенсек, бақытсыздыққа көбіне балалар, мастар мен қатар денсаулығы дұрыс және жүзуді жақсы білетіндер де ұшырайды.

Суға түскенде қандай жағдайларды жасамау керек:

  • белгі қойылған жерден аспаңдар!
  • рұқсат етілмеген жерде шомылмаңдар;
  • балалар шомылғанда қараусыз қалдырмаңдар;
  • шомылғанда камера, доп, тақталарды пайдаланбаңыздар;
  • суда бұзықтық жасамаңдар;
  • өтірік дабыл көтермеңдер;
  • өтіп жатқан кеме, катер мен қайықтардан секірмеңіздер;
  • таныс емес жерде шомылмаңдар.

Білулеріңіз тиіс:

Сіңір тартылғанда не істеу керек:

  • саусақтарыңызды жұдырығыңызға тең жинап, сермеп, қайта жинаңыз.
  • аяғыңызды бауырыңызға жинап, сіңір тартылған аяғыңызды өзіңізге қарай қатты тартыңыз;

Егер сіңір тартылуы қоймасы, онда аталғандарды қайталау керек.

Егер сіз су иіріміне тап болсаңыз:

Суға басыңызды батырып, ауаны көп жұтып, ағысқа қарай қатты көтеріліп, су бетіне жүзіп шығыңыз.

Қолдан тыныс алдыру ] - ауру адамның қалыпты тыныс алу қабілеттілігі бұзылған жағдайларда жасанды түрде өкпеге, тыныс органдарына ауаны енгізу және шығару әдісі. Бұл әдіс кейбір ем шараларын қолдану барысында (өкпеге операция жасау, наркоз беру), тынысы уақытша тоқтағанда (иіс тию, әр түрлі газдармен улану, суға бату, электр тогымен жарақаттану, т. б. ) қолданылады. Қолдан тыныс алдыру кезінде жәрдем көрсетіліп жатқан адамның қанын оттекпен қамтамасыз етумен қатар, өкпеге баратын ауа кезеген жүйке талшықтарын тітіркендіріп, мишықта орналасқан тыныс алу орталығын қоздыру арқылы тыныс алу қызметінің қалыптасуына әсерін тигізеді. Қолдан тыныс алдыру әрекеттерін ауру (жарақат алған) адамның жүрек қызметі тоқтамаған жағдайда ғана қолдануға болады.
Жасанды тыныс алдыру әрекеттерін неғұрлым ерте бастаса, солғұрлым ол оң нәтиже береді. Сонымен қатар аталмыш әрекеттер дұрыс және қалыпты жағдайдағы тыныс алу ырғағына сәйкес жүргізілуі өте қажет. Қолдан тыныс алдыруды іске асыру алдында науқастың әуелі денесін қысып тұрған киімдерден (галстугін, жағасын, белдігін, т. б. ), аузын түкіріктен, кілегей сұйықтан, т. б. тазарту керек. Ал тыныс алдыру әрекеттері барысында сырқаттың тілі көмекейді жауып қалмауы үшін науқастың тілін сыртқа шығарып оны саусақпен немесе арнайы қысқышпен ұстайды. Қолдан тыныс алдыру барысында, құсығы тыныс алу жолдарына құйылмауы үшін, көмек көрсететін адамның басын төмендетіп, бір жағына қарай бұру керек.
Жасанды тыныс алдыруды қолмен немесе арнайы аспаптармен іске асыруға болады. Аспапсыз қолдан тыныс алдырудың “ауызға үрлеу” әдісінде жәрдем көрсетуші адам тыныс алуы тоқтаған адамды шалқасынан жатқызып, бір қолымен оның мұрнын қысып, екінші қолымен аузын ашады да, терең тыныс алып, ауаны науқастың аузына дәке арқылы бірнеше рет үрлейді. Қолдан тыныс алдыруда Сильвестр және Шефер әдістері кең таралған.

Сильвестр әдісін қолданғанда жәрдем көрсетілетін адамды шалқасынан жатқызып жәрдем көрсетуші оның екі қолын жоғары көтереді. Бұл кезде сыртқы ауа ішке, яғни өкпеге өткізіледі (тынысты ішке алу) . Одан соң қолдарын кеуденің төмен жағына келтіріп күшпен басады (тынысты сыртқа шығару) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек және жасанды тыныс беру әдістері
Суға бату кезінде алғашқы медициналық көмек пен реанимациялық шаралар
Суға батудың себептері, түрлері және алғашқы медициналық-реанимациялық көмек
Жануар тістеуі (жылан, жәндіктер), бөгде заттардың түсуі, жасанды тыныс алу және инъекция: алғашқы жедел көмек қағидалары
Жедел алғашқы көмек: жануарлар мен улы жәндіктер шағуы, бөгде заттар, жасанды тыныс алу және инъекциялар
Суға бату: себептері, клиникалық белгілері, құтқару тәсілдері және алғашқы медициналық көмек
Су тасқыны: дайындық, әрекет ету және суға кеткен адамға алғашқы көмек
Кездейсоқ жағдайларда алғашқы медициналық көмек және жедел әрекет тәртібі
Алғашқы медициналық көмек: қан кету, сынық, улану, күйік, үсік және суға бату бойынша нұсқаулық
Улану кезінде алғашқы (дәрігерге дейінгі) жедел медициналық көмек
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz