Қауіпсіздік түсінігі



Жоспар:
1. Қауіпсіздік түсінігі.
2. Төтенше жағдайлардың жіктелуі.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ОЖСӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ: ҚАУІПСІЗДІК

ОРЫНДАҒАН: КАЗЕЗ.А.К.
ТЕКСЕРГЕН: ШӘРІПХАН.Ж.Ш.

Семей қаласы 2012 жыл
Жоспар:
1. Қауіпсіздік түсінігі.
2. Төтенше жағдайлардың жіктелуі.

Қауіпсіздік - жеке адамның, қоғамның, мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделерінің ішкі және сыртқы қатерден қорғалуы. Қауіпсіздіктің негізгі нысандары: жеке адам - оның құқықтары мен бостандықтары;
Қауіпсіздік - 1) қауіп-қатерлерден қорғаныс; 2) нысанның, құбылыстың немесе процестің басқа нысандардың, құбылыстардың немесе процестердің тарапынан болатын кері ықпалдарына қарамай өзінің негізгі белгілері мен мәнін қорғау, сақтау қабілеті; 3) аса ауыр зиян немесе залал келтіру мүмкін емес нысанның қалпы; 4) қызмет етуі барысында жағымсыз өзгерістерге ұшырауы мүмкіндігі аса жоғары емес нысанның тұрақты дамуының қалпы; 5) қауіпті тудыратын факторлар әрекетін шектеу, қауіп-қатердің аса жоғары емес деңгейі (қауіп-қатерден қорғаныс деңгейі); 6) басқа нысандарға аса қауіпті залал, зиян тигізуі мүмкін емес нысанның қалпы. "Қауіпсіздік" ұғымын осылайша түрлендіру, оның адам өмірінің көптеген нысандарына, процестеріне, құбылыстарына қатысты қолданылуына байланысты.
Төтенше жағдайлардың түрлері мен сипаттамалары
Төтенше жағдай дегеніміз адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашлық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді.
Табиғи сипаттағы ТЖ - дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын ТЖ-лар.
Техногендік сипаттағы ТЖ - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған ТЖ.
Төтенше жағдай аймағы бұл ТЖ туындаған белгілі бір аумақ. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ таралу аумағына және келтірген нұқсанның көлеміне қарай, объектілік, жергілікті, өңірлік және жаһандық болып бөлінеді. Туындаған ТЖ жіктемесі ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы №1310 Қаулысымен бекітілген Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жіктемесіне сәйкес жіктеледі. ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 24 желтоқсандағы №1351 Қаулысымен бекітілген Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына әкеліп соққан авариялардың, зілзалалардың және апаттардың себептерін тексеру ережесіне сәйкес объектілік және жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларды ТЖМ ОҚО төтенше жағдайлар департаменті тарапынан құрылған комиссия зерттейді.
Комиссия құрамына орталық атқарушы органдардың аумақтық органдары, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, мүдделі органдардың басшылары кіреді. Комиссия тексеру барысында оқиғаны көргендерден, лауазымды және басқа адамдардан жазбаша және ауызша түсініктемелер алуға, сараптамалық қадағалау органдарының мамандары, ғалымдар қатарынан белгіленген тәртіппен кіші сараптама комиссияларын құруға құқығы бар. Кіші сараптама комиссиясы және оның төрағасы табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ себептерін тексеру жөніндегі комиссия төрағасының өкімімен тағайындалады. Сараптамалық қорытындыны талап ететін мәселелер жазбаша түрде беріледі. Кіші сараптама комиссиясының барлық мүшелері қол қойған материалдар комиссия төрағасы белгіленген мерзімге комиссияға тапсырылуы және тексеру материалдарына қоса берілуі тиіс. Комиссия тексеру барысында болған оғиғаның жағдайларын анықтайды, оның себептерін, нормативтік құқықтық кесімдердің жіберілген бұзушылық сипатын, жауапты адамдар құрамын белгілейді және оларды жазаға тарту шараларын ұсынады, зардаптарды жою және осындай жағдайлардың қайталануын болдырмау жөнінде іс-шаралар белгілейді, қирау және зиян мөлшерін анықтайды. Комиссия 10 күн ішінде табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-дың туындауына әкеліп соққан авариялардың, зілзалалардың және апаттардың себептерін тексеру актісін жасайды.
Ал, өңірлік және жаһандық ауқымдағы табиғи және техногендік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың нақты түрлері
Жедел іздестіру қызметінің негіздері. Оқу-әдістемелік оқу жұмыс кешені
Құқық қорғау органдары пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Кәсіпорынның архитектурасы
Желі қауіпсіздігі және қорғау
Жаһандағы қауіпсіздік мәселесі
ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ ЖАТАТЫН ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН САРАЛАНУЫ
Әкімшілік құқықтық режимдер
ҚР конституция түсінігі
Өнімнің сертификациясы – ҚР-ның инновациясының көрсеткіші ретінде
Пәндер