Цунами әкелетін зардаптары


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:
Цунами (жапонша - тсунами) - мұхит түбіндегі жер сілкінуден пайда болатын сұрапыл толқын. Биікт. ашық мұхитта 1 м-ден аспайды; құрлықтағы тар шығанақтарда 50 м-ге дейін барады. Толқынының таралу жылд. 400 - 800 км/сағ-қа дейін. Мыс., адамзат тарихындағы Ц-мен байланысты ең ірі апат - 2005 ж. Оңт. -Шығыс Азияда болды.
Индонезия жағасындағы жер сілкіну күші 8, 9 баллға жетіп, соның нәтижесінде биіктігі 10 м-ден астам цунами тарады. Таудай су толқындары жолындағы елді мекендерді шайып әкетті. Ц-дің жойқын күшінен 3 адамның өмірі қиылды. Ғаламат су толқындары жер сілкінудің эпицентрінен 6000 км қашықтықтағы Африка жағалауына дейін жетті.
Цунами негізінен Тынық мұхит жағалауында (Ресейдің қиыр шығысында, Жапонияда, Оңт. - Шығыс Азияда, Оңт. Америкада) жиі қайталанады. 20 ғ-дың 40 - 50-жылдарында АҚШ-та, Жапонияда және КСРО-да халықты алдын ала сақтандыратын Ц. қызметі құрылды. Болжам Ц. толқынының жер сілкіну эпицентрінен таралу жылдамдығын есепке алуға негізделген.
Индонезия жағалауында бірнеше дүркін болған жойқын жер сілкінісінен кейін 28 мемлекетте цунамидің қаупі ескертілді. Ал Индонезияның өзінде апаттың салдары мен шығыны қаншалықты болғаны жөнінде әзірше мәлімет жоқ.
Батыстық бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Индонезиямен бірге Үндістан, Шри-Ланка, Австралия, Мьянма, Тайланд, Мальдив аралдары, Малайзия, Маврикия, Сейшель аралдары, Пәкістан, Оман, Мадагаскар, Иран, БАӘ, Йемен, Бангладеш, Танзания, Кения, ОАР, Сингапур және басқа да бірқатар елдердің аумағында цунами болуы мүмкін екені ескертілді. Индонезия жағалауларында бес бірдей қуатты жер сілкінісі тіркелген. Алғашқы зілзаланың күші 8, 9 балл болды. Бұдан соң магнитудасы 6, 6 болатын екінші жерасты дүмпуі басталды. Зілзала ошағы Суматра аралына жақын маңда анықталған. Табиғи апаттың салдары қандай болғаны туралы мәліметтер әлі нақтыланған жоқ.
Салыстырмалы түрде айтар болсақ, осы біздің өткен ғасырдың аяғы мен мына ғасырдың басы әлемдік жер сілкінісінің үдемелі уақыты болып отыр. Өздеріңіз көріп отырсыздар, бас-аяғы он жылдың ішінде бірнеше елдерде үлкен жер сілкіністері болып өтті. Тек бертінде болған жер сілкіністеріне тоқталар болсақ, мәселен, 2004 жылы Индонезияда болған жер сілкінісінен бір деректерде 240 мың адам, кей деректер бойынша 300 мың шамасында адам апаттың зардабын шекті. Ал Қытайдың Cичуань аймағында 2008 жылы болған жер сілкінісінің күштілігі соншама, басында екі-үш мың адам табиғи апат құрбаны болды делінді. Кейін 10 мың адамның өлгені, 69 мың адамның зардап шеккені белгілі болды. Одан кейін Индонезияның Суматра аралына жақын аймақта Тынық мұхитында аралға 40 шақырым жерде үлкен жер сілкінісі болды. Оңтүстік Америка елдері - Перу, Чили елдерінде болған жер сілкіністері де қай тұрғыдан алғанда зор шығындар алып келгені белгілі. Ал мынау соңғы Жапониядағы болған жер сілкінісінің магнитудасы 8, 9 болса, ошағының күші 11, 12 балға дейін жетіп отыр. Жалпы алғанда, Жапонияның сейсмолог-ғалымдары он жыл бойы болжау жүргізіп, жақын арада Токионың маңында жер сілкінісі болып қалатынын бағамдап отырған болатын. Бірақ олардың пікірі бойынша, жер сілкінісі мұхитта емес, құрлықта, яғни төрт аралдың бірінде болуы ықтимал деп топшыланған. Ал мына алапат жер сілкінісі аралдан 130 шақырым жерде мұхитта болды. Тереңдігі 25 шақырым болған мұхиттық жер сілкінісі апаттың айтып келмейтінін тағы бір дәлелдеді. Негізі, 5 мыңға жуық сейсмикалық станциясы бар Жапония құрлықтағы ахуалды бақылап отырған болатын. Бірақ жер сілкінісінің орталығы мұхитта болуы себепті олар бұл жер сілкінісінің нақты күшін болжай алмай қалды. Себебі сейсмикалық станцияларды су бетіне қою қиын. Дегенмен жапон сейсмологтары жер сілкінісінен кейін болғалы тұрған цунамидің болатынын халыққа хабарлап үлгерді. Ол толқын жер сілкінген ошақтан өте тез жылдамдықпен келе жатқан болатын (Цунами деген судың толқыны, жер сілкінген кезде су кері шегінеді де, қайта үдемелі тұрғыда көтеріліп, үлкен толқын шығады) . Оның биіктігі он метрге дейін барды. Бұл цунами жарты сағаттың ішінде Жапония аралдарының жағалауына жетті. Оның зардаптарын теледидардан өздеріңіз де көрдіңіздер ғой. Менің маман ретінде айтарым, Жапония халқы - алапат жер сілкінісімен арпалысып, оған бейімделіп үлгерген қайсар халықтың бірі. Біздіңше, жер сілкінісіне олар аз шығынмен төтеп берер еді. Олар оған дайын еді. Бірақ артынша іле-шала келген цунами мен «Фукусима-1» атом электор станциясының жарылуы әліптің артын алуға мүмкіншілік бермеді. Әйтпесе, цунами болғалы тұрған жағалаулардан халық жаппай көшірілген болатын. Бұл жер сілкінісіне адамдар психологиялық-моральдық тұрғыда дайын болған. Жалпы, бізге бұл халықтың сейсмикалық қауіпке көзқарасы, сейсмикалық төзімді құрылыс жасау бағытын біздің елге де үлгі ретінде алу керек. Жапонияда қазір жер сілкінісін қабылдап, оны сейілтетін ғимараттар бар. Ал сейсмикалық зерттеу орталықтары бұл елдің әр қаласында бар десе болады. Ол жерде халықты жер сілкінісі болған жағдайда қалай қимылдау керек екенін үйретеді. Психологиялық-моральдық тұрғыда халық дайындықтан өтеді.
- Бұл жер сілкінісінің біздің елдің аумағына тектоникалық және экологиялық әсері болды ма?
- Бұл жер сілкінісі тікелей Қазақстанға әсер етуі мүмкін емес. Себебі соңғы жер сілкінісі құрлықтық емес, мұхиттық жер сілкінісі болатын. Негізінен алғанда, қазіргі кезде жер сілкіністерінің көбі мұхит пен құрлық шекарасында болып отыр. Елімізде мұхиттық жер сілкінісі мен цунами болу ықтималдығы аз. Тек қана Каспий маңы ойпатында жер сілкінісі болса, цунами туындауы мүмкін. Әрине, Құдай одан бетін әрі қылсын! Ал Жапонияда атом электр станциясында болған апаттан кейін орын алған шамадан тыс радиацияның таралуына келсек, бізге қорқатындай ештеңе жоқ. Қазіргі кезде Ресей Федерациясының Қиыр Шығысында мамандар күндіз-түні бақылау жүргізіп, ол жерлерде радиациялық қауіптің жоқ екенін мәлімдеді. Екіншіден, елімізде радиациялық қауіп тудырып, төтенше жағдай қалыптасатындай кәсіпорындар, мекемелер жоқ.
- Қазіргі кезде елімізде табиғи жер сілкіністері кездеспейтін аймақтарда жер сілкіністері болу фактілері кездеседі. Бұған не себеп болып отыр?
- Ол жер сілкіністері көбіне газ, мұнай, яғни шикізат алатын жерлерде болуда. Мәселен, мұнай мен газды қазір бес шақырымға дейінгі тереңдіктен алады. Шикізат алынған жер қыртыстары босап қалып жатыр. Ондай бос кеңістікті сумен толтырғанмен ондай жерлер өзінің бастапқы қалпына келе қоймайды. Себебі мұнай мен судың қысымы бір-біріне сәйкес емес. Демек, табиғи заңдылық бұзылып отыр. Сөйтіп, физика-механикалық құрамы өзгерген аймақта техногендік жер сілкіністері пайда болып жатыр. Бұл техногенді жер сілкіністері табиғи жер сілкіністерінің болуына әкеп соғады. Мұндай жағдайлар шикізат өндіретін көптеген аймақтарда орын алатындығын тәжірибе көрсетуде. Оған мысал ретінде АҚШ-та, Норвегияда болған техногенді жер сілкіністерін айта аламыз. Мәселен, бұрындары Башқұртстанда, Татарстанда бұған дейін жер сілкіністері болған емес. Бірақ жер қойнауынан табиғи шикізаттың көп мөлшерде алынуы себепті сол аймақтарда бес-алты балдық жер сілкіністері үдеп кетті. Біздің бақылауымыз бойынша, елімізде 200-ден астам кен орны бар. Соның 80-ге таяуын пайдаланып болсақ, ал 30-ын бақылап отыру туралы Үкімет қаулысы шықты. Бірақ шикізат өңдіріп отырған жеке компаниялар шыққан қаулыдағы нұсқауларды орындап отырған жоқ. Көбіне олар қадағалау турасында жалған ақпарат береді. Мысалы, біз Қарашығанақ кен орнында 2002 жылдан бастап 2007 жылдың екінші жартысына дейін мониторинг жүргіздік. Сейсмикалық жүйелерді қойып бақыладық, талай жердің сейсмикалық әлсіз тұстарын, шытынаған жер сілкіністерін байқап, өзіміздің тізбеге алып қойдық. Бірақ шикізат өндіретін компаниялардың бұл мақсатқа қаражат бөлмеуі салдарынан қазір ондай жерлерде бақылау жұмыстарын жүргізе алмай отырмыз. Мәселен, 2008 жылы сәуір айында Шалқар көлінің маңында жер сілкінді. Шалқар, Рихцех ауылдары сол жер сілкінісінен қирап қалды. Сонда мұндай жер сілкінісі неден болды? Орынбордан Қарашығанақ кен орнын, Шалқар көлін басып Кавказға қарай кететін орынборлық тектоникалық жер жарығы бар екен. Бұл табиғи жер жарығының индуктивті пайда болуына шикізат алынған орындардың босап қалуы, сол жердегі табиғи жағдайдың бұзылуы себеп болған. Ондағы процестің қай уақытта үдегенін біз байқай алмай қалдық. Өкінішке орай, біздің сейсмикалық жүйелеріміздің бәрін ол кезде алып тастаған болатын. Содан Үкімет тарапынан жеке компанияларға талап күшейтіліп, біз өз сейсмологиялық жүйелерімізді қайта қоя бастадық. Сосын тағы бір мысалды айтар болсақ, Қызылорда облысында Құмкөлде, Маңғыстау облысында Өзенде біз сейсмологиялық станцияларды қоюды бастадық. Бірақ оны жекеменшіктегі компаниялар қаржыландыруы тиіс болатын. Оларды үкімет осыған міндеттеген болатын. Өкінішке қарай, қазіргі таңда көптеген шикізат өндіруші компаниялар дағдарысты сылтауратып, бұл міндеттемеге мойын бұрар емес. Алда-жалда осы аймақтарда жер сілкінісі болса, ондай компания басшылары жауапкершіліктен сытылып кетпесіне кім кепіл. Жоғарыда айтып өткенімдей, сейсмологиялық қауіпті деген аймақтарда сейсмологиялық станцияларды, жүйелерді орнатуға жағдай жасалуы тиіс. Бұған бірінші кезекте шикізат өңдіруші компаниялар мүдделі болуы тиіс. Сол себепті бұл мәселені ертеңге қалдырмай шешуіміз қажет. Олар біздің мемлекеттің міндеттеген тапсырмасын орындаулары керек. Қатаң бақылауға алу шараларын Үкімет қолға алуы керек.
- Сіз басқарып отырған Сейсмологиялық институттың қызметтік бағыты қандай?
- Біріншіден, біздің институттың жұмысы жер сілкінісі қаупін қадағалау, яғни жер сілкінісінің үдеу күші болатын жерлерді зерттеп карталар жасау. Бұл карталардың қажеті неде деп ойлайтын шығарсыз? Жалпы, Қазақстан бойынша сейсмикалық карта жасалуы тиіс. Қазақстан бойынша мұндай карта оншақты жыл бұрын жасалған. Бірақ біз еуроаймаққа кіргелі отырмыз. Еуроаймаққа кіру дегеніміз - алдағы уақытта бізде салынатын тұрғын үйлер Еуропада салынатын стандартпен салынуы тиіс. Сол себепті жаңа талап бойынша шетелден инвестиция тарту үшін, құрылысшылардың келуі үшін, олардың жобалау инженерлері бізбен жұмыс істеуі үшін жаңа карта жасалуы қажет. Біз кезінде картаны кеңестік әдіс-тәсілмен жасағанбыз. Бірақ ол карта қазіргі құрылыс жұмыстарының қоятын талабына жарамай қалды. Сондықтан жаңа картаны аз уақыт аралығында жасап шығуымыз қажет. Қазақстанда құрылыс жұмыстары осындай сенімді картамен жүргізілуі керек. Бұл кезек күттірмейтін істің стратегиялық маңызы зор. Әр облысқа жеке карталар жасалуы тиіс. Ал сейсмологиялық қауіпті жерде орналасқан қалаларда микросейсмоаудандау картасы болуы керек. Қызметіміздің екінші бағыты - жер сілкінісін болжау. Болжау үш сатыға бөлінеді. Ұзақ мерзімді жеті жылға дейін, орта мерзімді бір жылға дейін және қысқа мерзімді сағат, тәуліктік. Үшіншіден, стратегиялық нысандарды бақылау, яғни гидротехникалық нысандар, мұнай-газ құбырлары, ЖЭС сияқты нысандардың сейсмоқауіпсіздігін қадағалаймыз. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су электр станциясын тексеріп, оның сейсмологиялық шыдамдылығын бақылау - міндетіміз. Содан кейін бұл нысанның қаншалықты сейсмикалық жағдайға дайын екені туралы мәлімет береміз. Бір айта кетерлік мәселе, көптеген осындай стратегиялық маңызы бар нысандардың басшылығы бұған салғырт қарап отыр. Негізі, әр нысанның аймағын бақылайтын сейсмологиялық станциялар болуы тиіс. Біз осы жерлерде сейсмологиялық жүйелерді қойып, қадағалап отырсақ дейміз. Бірақ бұған тиісті кәсіпорындар қаржы тапшылығын сылтау қылып, маңызды іске мән бермей отыр. Негізінен алғанда, осы үш бағыт бойынша жұмыс жасаудамыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz