Сұраныс және ұсыныстың негізгі теориясы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақ инновациялық гуманитарлық - заң университеті

Тақырыптар: сұраныс және ұсыныстың негізгі теориясы№5

Орындаған Ю-111:Казез А. К.

Тексерген:

Семей қаласы 2011 жыл

СҰРАНЫС ЖӘНЕ ҰСЫНЫСТЫҢ НЕГІЗГІ ТЕОРИЯСЫ

Сұраныс пен ұсыныс нарықтық экономиканың ең маңызды элементтері. Сұраныс ақшалай камтамасыз етілген тұтынушының қажеттілігі немесе сұраныс төлем қабілеттілігі бар қажеттілік. Құндық тұрғыдан сұраныс осы қажетті тауарлардың санасын құрайды.

Сұраныс заңы - тауар бағасы мен сұраныс көлемі арасындағы кері қатынастың көрінісі, яғни тауарға баға төмендегенде тұтынушы оны көп мөлшерде сатып алады. Егер тауарға баға өссе, оған деген сұраныс азаяды.

Сұраныстың қисығы - бұл сұраныс заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтағы нүктемелер белгілі бір уақыттағы тұтынушының тауарды қандай бағамен және қанша мөлшерде сатып алатын мүмкіншіліктерін көрсетеді. 7. 1. графиктегі көлденең осьте сұраныс көлемі (Q), ал тікелей осьте (Р) - тауардың бағасы, сұраныстың қисығы (Д) .

Нарықтық сұраныс көптеген факторлардың әсерімен қалыптасады. Сұранысқа бағадан басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді:

  1. Тұтынушылардың табысы. Табыс өскен сайын тұтынушылардың сұранысы да өседі.
  2. Тұтынушылардың саны. Тұтынушылар саны молайған сайын сұраныс та өседі.
  3. Тұтынушылардың талғамы (ұнатуы, ұнатпауы, жаңа үлгідегі тауарлар)
  4. Бірін бірі алмастыратын және бірін - бірі толықтыратын тауарлардың бағаларының өзгеруі.
  • Егерде тауарлар бірін - бірі толықтыратын болса (автомобиль және бензин), онда бір тауарлардың (автомобиль) бағасының өсуі екінші тауарға (бензин) деген сұраныстың азаюына әкеледі.
  • Егерде тауарлар бірін - бірі алмастыратын болса (май және маргарин), онда бір тауардың (май) бағасының өсуі екінші тауарға (маргарин) деген сұраныстың ұлғаюына әкеледі.
  1. Келешектегі өзгерістерді күту: инфляциялық және топшылық жағдайдағы өзгерістер бүгінгі күндегі сұраныстың өсуіне әкеледі.
1. графигі .Сұраныстың қисығы: 1. графигі . Сұраныстың қисығы
2. графигі. Сұраныс қисығының жылжуы:
  1. 2. графигі. Сұраныс қисығының жылжуы
1. графигі .Сұраныстың қисығы:
  1. РР1А

Ро В

D

2. графигі. Сұраныс қисығының жылжуы:
  1. Р

D 1

Q D

Do

1. графигі .Сұраныстың қисығы:
  1. Бағаның өзгеру әсерінен сұраныс көлемінің өзгеруі сұраныс қисығының өз бойымен жылжуынан көрінеді.
2. графигі. Сұраныс қисығының жылжуы:
  1. Бағасыз факторлардың әсері сұраныстың өзгеруіне әкеледі, ол қисық сыздықтың орнынан жылжуынан көрінеді: оңға - жоғары (өсуі) ; солға - төменге (азаюы) .

Ұсыныс - бұл өндірушінің белгілі бір уақытта, белгілі бір бағамен нарықта сатуға дайындаған тауарларының саны. Ұсыныс заңы - бұл баға мен сатылатын тауар санының арасындағы тікелей қатынас, яғни тауардың бағасы өскен сайын оның сатуға дайындаған саны да молаяды (басқа жағдайлар тұрақты болғанда) және де керісінше.

Ұсыныстың қисығы - бұл ұсыныс заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтың нүктелері бағалардың белгілі бір мерзімде өзгеруінен сатушылардың нарықта қанша тауар ұсынатынан көрсетеді.

Ұсынысқа бағадан басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді:

  1. Ресурстардың бағасы. Ресурстар бағасының өсуі ұсыныстың азаюына әкеледі.
  2. Технология. Технологияның жетілдірілуі ұсыныстың өсуіне әкеледі.
  3. Бірін бірі алмастыратын және бірін бірі толықтыратын тауарлардың бағасы.
  4. Келешекте инфляциялық және тапшылық жағдайлардың өзгерістерін күту.
  5. Бәсекенің деңгейі
  6. Салықтар және субсидиялар. Салық ставкасының өсуі ұсыныстың азаюына, субсидияның берілуі - ұсыныстың өсуіне әкеледі.
  7. Ұсынысқа өндірістің даму барысында уақыт аралығы да әсерін тигізеді. Қысқа мерзім кезеңінде өндіруші ұсыныстың көлемін өзгерте алмайды.

Графикке ұсыныс қисығын салғанда тікелей осьте тауардың бағасы (Р), көлденең осьте ұсыныстың көлемі (S) . Қисық сызық шығып келе жатқан бағытта болады.

7. 3. графигі. Ұсыныс қисығы:
  1. 7. 3. графигі. Ұсыныс қисығы
7. 4. графигі. . Ұсыныс қисығының жылжуы:
  1. 7. 4. графигі. . Ұсыныс қисығының жылжуы
7. 3. графигі. Ұсыныс қисығы:
  1. РSР1A
7. 4. графигі. . Ұсыныс қисығының жылжуы:

Р S 1

S 0

S 2

Q

7. 3. графигі. Ұсыныс қисығы:
  1. Бағаның өзгеруінен ұсыныстың көлемінің өзгеруі ұсыныс қисығының өз бойымен жылжуынан қөрінеді.
7. 4. графигі. . Ұсыныс қисығының жылжуы:
  1. Бағасыз факторлардың әсері ұсыныстың өзгеруіне әкеледі: ол қисық сызықтың орнынан жылжуынан көрінеді: оңға - төменге (өсуі), солға - жоғары (азаюы) .

Баға механизмі және бәсеке арқылы сұраныс пен ұсыныс өзара байланыста болады. Бұл байланыс нарықта тепе-теңдік жағдайы орнауына мүмкіншілік әкеледі. Нарықтағы тепе-теңдік жағдайы сұраныс пен ұсыныстың теңдігінде орнайды. Бұл жағдайда теңдік баға мен теңдік көлем қалыптасады.

Теңдік баға - бұл сұраныс пен ұсынысты теңдестіретін, сұраныс пен ұсыныс қисығының қиылысуы арқылы пайда болған баға.

Егерде нарықтық баға - Р 1 теңдік бағадан - Р е төмен болса, нарықта тауардың тапшылық жағдайы орнайды яғни сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен артады. Егерде нарықтық баға Р 2 теңдік бағадан жоғары болса, онда артықшылық орнайды, яғни ұсыныс көлемі сұраныс көлемінен артады.

Сұраныс пен ұсыныс көптеген факторлардан тәуелді және осы факторлардың өзгеруіне қарай олар да өзгереді. Икемділіктің мағынасы осындай өзара өзгерістерден туындайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұсыныс қисығы
Ұсыныс қисығының жылжымасы
Өндірістің тиімділік әдістемесінің негіздері. ұсыныстың теориясы
Туризмдегі нарықтық механизм және нарықтағы ұсыныс пен сұранысты зерттеу
Ұсыныстың баға емес факторлардың әсерінен өзгеруі
Өндірістің тиімділік әдістемесінің негіздері. Ұсыныс пен сұраныс
Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері жайында
Сұраным қисығының қисығы
Сұранысқа әсер ететін факторлар
Жиынтық сұраныс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz