Үндістан

№15 Орта мектеп
Үндістан
Орындаған:
Жақсыбаева Әсем
Семей қаласы
2006 жыл
Жоспар
1. Мемлекеттік құрылысы
2. Халқы
3. Экономикасы
4. Ауыл шаруашылығы
5. Өнеркәсібі
6. Сыртқы саудасы
7. Ақшасы
Үндістан
Үндістан (хинди тілінде - Бхарат) Азаматтық Демократиялық Республика –
Оңтүстік Азиядағы мемлекет. Негізінен Үндістан түбегінде орналасқан.
Территориясы солтүстіктен оңтүстікке қарай 3200км, батыстан шығысқа қарай
2700-ге созылған. Солтүстігінде Гималай тауларына, батысында Араб
теңізіне, шығысында Бенгаль шығанағына ұласады. Араб теңізіндегі
Лаккадив, Аминдив, Бенгаль шығанағындағы Андаман, Никобар аралдары
Үндістанның құрамына кіреді. Құрлықпен өтетін шекарасының ұз. 15 мың км-
дей, теңіздік жағалауы 5,5 мың км-ден асады. Үндістан солтүстік-батысында
Пакистанмен және Ауғанстанмен, солтүстігінде Қытаймен және Непалмен,
солтүстік-шығысында Бангладешпен, шығысында Бирмамен, Бутанмен шектеседі.
Жері 3287,59 мың км (БҰҰ-ның деректері). Халқы 606 млн-нан астам (1975).
Астанасы-Дели қаласы. Әкімшілік жағынан 22 штатқа және 9 одақтас аймаққа
бөлінеді (1976). Штаттар дистрикттерге (округтарға) бөлінеді.
Мемлекеттік құрылысы – Үндістан азаматтық демократиялық республика.
Қазіргі конституциясы 1950 жылы 26 қаңтарда күшіне енді. Мемлекеттік
басшысы – президент, ол 5 жылға сайланады. Президент кең праволы: премьер-
министрді, оның ұсынысы бойынша үкіметтің және Жоғарғы сот мүшелерін
тағайындайды; парламенттің Халық палатасын таратуға, парламент сессиясы
аралығында төтенше указдар қабылдауға, төтенше жағдай жариялауға
т.б.праволы, қарулы күштердің бас қолбасшысы да сол. Үндістанның заң
шығаратын жоғарғы өкімет органы – парламент, оның құрамына президент және
екі палаталы: Халық палатасы мен Штаттар кеңесі енеді.Кеңес құрамының 13-
і 2 жылда бір рет жаңартылып отырады. 21 жасқа толған барлық азматтарға
сайлау құқығы берілген. Үндістанның үкіметі – Министрлер Кеңесі, оны
Халық палатасын сайлағанда жеңген партиялық фракция құрайды. Штаттарда
үкімет билігі 5жылға тағайындалатын губернатор қолында. Сот жүйесіне:
конституциялық бақылау органы – Жоғарғы сот пен штаттық, округтық және
төменгі соттар жатады.
Халқы. Үндістан – дүние жүзіндегі көп ұлтты мемлекеттерінің бірі.
Мұнда әр түрлі тілде сөйлейтін және әлеуметтік-экономикалық дамудың әр
түрлі сатысындағы бірнеше жүз ұлт, шағын халықтар мен тайпалар бар. Елдің
орталық және солтүстік бөлігін үнді-европалық тілдер семьясының үндіарий
тілдер тобында сөйлейтін халықтар (ел тұрғындарының 70%-і)-хиндустар,
маратхилар, бенгалдықтар, бихарлықтар, гиджараттықтар т.б.
мекендейді.Оңтүстік Үндістанды негізінен дравид тілдер семьясына жататын
(ел халқының 24,6%-і) халықтар, орталық бөлігінің таулы аймақтарында
мунда тілдер семьясындағы (барлығы 5,7млн. адам) халықтар, солтүстігінде,
солтүстік-шығысында тибет-бирма тілдерінде сөйлейтін тау халықтары мен
тайпалар мекендейді. Мемлекеттік тілі–хинди тілі. Кейбір штатардың
(Ассам, Батыс Бенгалия, Трипура, Гуджарат, Уттар-Прадеш, Мадхья-Прадеш,
Раджастхан т.б.) өзіндік ресми тілдері бар. Көпшілік тұрғындарының (83%-
тен астамының) діні – индуизм, 10%-тен астам халқы – мұсылмандар. 1957
жылы 22 наурыздан бастап Үнді ұлттық календары енгізілді, сонымен қатар
григориандық календарь да қолданылады. Үндістан – халқы өте тығыз
орналасқан елдердің бірі. Халықтың орташа тығыздығы 300-500 адамға дейін
көтерілді. Қала халқы – 27% (1973).Тұрғындар саны 1млн.-нан астам, ірі
қалалары – Бомбей, Дели, Мадрас, Хайдарабад, Ахмадабад, Бенгалуру,
Канпур, Пуна.
Экономикасы.Үндістан даму жолына түскен агро-индустриялы ел. Саяси
тәуелсіздікке қол жеткеннен кейін,50 жылдардың 2-жартысынан бастап, елді
индустрияландыру бағыты тұрақты жүзеге асырылуда. Ұлттық бюджеттегі,
өнеркәсіп өнімдерін өндірудегі мемлекеттік сектордың үлесі ұдайы өсіп
келеді.197374 жылдары ұлттық табыс 3.1%-ке, өнеркәсіп өндірісі 0,5%-ке,
ауыл шаруашылық өндірісі 9,1%-ке өсті; жалпы ұлттық өнімдегі мемлекеттік
сектордың үлесі 19,9%-ке жетті. 1974 жылы елде 988 шетелдік компаниялар
жұмыс істеді. Ұлттық өнімнің 44,1%-і ауыл шаруашылығынан түседі (1969-
70).
Ауыл шаруашылығы. Аграрлы реформа үнді деревнясында түбегейлі
өзгерістерге әлі қол жеткізе қойған жоқ. Әлі де шағын; өте шағын
шаруашылықтардың үлесі басым. Ауыл шаруашылығында механикаландыру қарқыны
төмен. 197374 жылы 1613 т азот, 541 мың т фосфор және 381мың т калий
тыңайтқыштары қолданылды. Ауыл шаруашылығының басты саласы – егіншілікте
дәнді дақылдар үлесі басым (жалпы егісінің 68%-і). Басты дақылдары (1975
жылы егіс көлемі мың га): күріш 37500, бидай 19300, жүгері 5800, тары
33953, бұршақ 19720, мақта 7621, қант қамысы 2604, темекі 410, шай 360,
қара бұрыш 122, кофе 139. Өнімдері (1974 жылы мың т): күріш 41700, бидай
27000, шай 490, жүгері 5500, тары 20073, бұршақ 9700, мақта 810, қант
қамысы 14310, темекі 395, кофе 92. Үндістан дүние жүзіндегі жиналатын
күріштің 13-ін береді; негізгі аудандары – елдің ылғалы мол ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz