Абай - ұлттық әдеби тілдің негізін қалаушы


Жоспар
I. Кіріспе:
II. Негізгі бөлім.
1. Абай - ұлттық әдеби тілдің негізін қалаушы.
2. Абай және жаңа дәуір әдеби тілі.
Әдебиеттер
Кіріспе.
Абай Құнанбаев шығармаларының тілі, қазақ әдеби тілін дамыта түсудегі оның ролі бірсыдырғы зерттеліп, ол туралы құнды-құнды пікірлер айтылуда. Абай қазақтың ұлттық әдеби тілінің негізін қалаушылардың бірі дегенде, ең алдымен, Абай қолданған әдеби тіл, бір жағынан, өзіне дейінгі поэзиялық түрде дамып келген әдеби тілдің жалғасы болғанын, екіншіден, ақын; ол тілдің сапалық қасиеттерін ұштап, дамыта түсіп, қоғамдық қызметін арттырғанын еске аламыз, сонымен бірге үшіншіден, ол тіл бүгінгі кемеліне келген, даму шынына жеткен ұлттық жазба әдеби тіліміздің басы болып табылатынын негізге аламыз. Сондықтан да Абай шығармаларының шоқтығы бүгінгі поэзия деңгейінен қарағанда да өз қадірін жоймай, сапалық қасиеті айқындала, даралана түсіп, соның арқасында оның поэзиясы көркем сөз шеберлеріне өрелі өнеге, ұлағатты үлгі болып үнемі көріне бермек.
Білімді адамнан ғана білікті сөз шығады. Ұлағатты ұлы адам ғана елінің өткеніне көз жіберіп, келешегіне қам жеп, болашағын болжай алады. Табиғат берген даналық пен дарындылық, ақыл мен білім, көрегендік пен сезімталдық Абайды халқының данышпан ұлы етті, көркем сөз құдіретінің алыбы етті. Абай, ең алдымен, көркем әдебиеттің, өлең сөздің қоғамдық-әлеуметтік мәні мен қызметінің жан-жақты терең сырын, колданылу жүйесі мен шеңберін, жеке адам өмірінде алатын орынын дұрыс түсініп, оның қоғамдық даму көшіндегі көріністерін кайшылық, жарасымдықтарымен көрсетіп, осының бәрін өз творчествосына рухани азық ете білді. Сөз кестесіндегі әр тілдік-элементтің жалпыға таныс ортақ мәндерімен бірге ішкі мүмкіндік-терін, мағыналық, стильдік жүк көтере алуын терең сезінді, сол арқылы әдеби-көркемдеу тәсілдерінің жаңа үлгілері, түрлері пайда болып, жаңа сөздердің, тіркестердің әдеби айналымға түсу қабілеті мен аясы кеңіді, осы жаңалықтың бағыт жобасын жасай берді. Сондықтан да ол «Өлеңді ермек үшін, жоқ барды, ертегіні термек үшін жазбайтының» ашық та айқын баса көрсетіп, көркем сөз, әдеби тіл арқылы «тіл ұстартып өнер шашуды, наданың көзін емес, көқілін ашуды» мақсат тұтатыңын айтады.
Сөз қадірін қастерлей білген, сөз құдіретін бар құдіреттен жоғары қоя білген Абай: «Қуаты күшті нұрлы сөз Қуатын біл» Алтынсарин араб жазуы қазақ халқына қолайлы емес екендігін, араб алфавиті қазақ тілінің дыбыстық жүйесін, оның ерекшеліктерін толық көрсете алмайтынын байқап, сол кездегі зерттеушілер, миссионерлер (мысалы, Н. И Ильминский, П. М. Мелиоранский, т. б. ) сияқты сынап қана қойған жоқ, сонымен бірге одан құтылудың жолын көрсетіп, өзі соны практикалық істе дәлелдеп, тәжірибеде іске асырды. Кейінгі кездерде XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында алфавит мәселесі жайында орыс графикасы негізіндегі алфавитті қабылдау қажет деген пікірлер болды, тіпті кейбір қазақ тіліндегі кітаптар орыс алфавитімен шығарылды. Мысалы, «1897 жылға қазақ үшін шығарылған календарь», «Трахома деген жаман көз ауру» (Қазан, 1898), «Егіншінің қызмет аты жайында» (Орынбор, 1899) және т. б. кітаптар Ы. Алтынсарин салған соны жолдың сәтті жалғасы болу керек. Ыбырайдың өлеңдері - ең алдымен балаларға арналып, со-лардың оқуы үшін жазылғандықтан да, тілі жеңіл, қарапайым түсінуге қиындық келтірмейтін, тақырыбы оқу, өнерге байланысты болып келетін дүниелер. «Кел, балалар, оқылық. Оқығапды көңілге ықыласпен тоқылық!» -деп оқуға шақырып, өз ойын ен бір бұлтақсыз ойын баласының ой өрісіне лайықты етіп айтады. Үлкен астарлы ой да жоқ, мағынасыз, бұлдыр сөз де жоқ. Бәрі айқын, бәрі де анық. Мақсат айқын, бағыт анық. Және бұл ешбір қалтқысыз ашық көрсетілген түпкі мақсатты бейнелейді
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар . . .
Ерекше әсер қалдыратын сиқырлы сөз де жоқ, екі ұшты тұ сінілетін астарлы тіркес те жоқ; мұнда ешбір қулықсыз ашық айтылған ой, жақсылыққа үндеген шақыру бар. Бәрі де бала ұғымына сай, дәл. Осындағы өнер-білімге байланысты философ да ашық, айқын айтылған, бүркемелеу де, меңзеу де, тұшалда; да жоқ, оқушыға таныс, күнде өзі көріп жүрген жанды суреттер
Сауысқанның тамағы
Шоқумекен табылған,
Өнер, білім - бәрі де
Оқуменен табылған.
Немесе «Өнер - білім бар жұртта» олардың тірлігі, іс-әрекеті қандай? Өмірде не тындырды, келешегі қандай - бәрі де қарапайым сөзбен ойға қонымды етіп түсіндіріледі.
Бұдан, әрине, Ыбырай өлеңдері жалаң үгітке құрылып, онда сөздер тура мағынада қолданылып, әсерлі ойға әсем образды сөз қолданысқа орын қалмаған екен деуге болмайды.
Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған . . .
Өксіген оттай жанып жануарлар
Өзеннен рахат тауып басылады . . .
Көл бұзылып, көк шығып қойнын ашса, Қаңқылдап қонар оған қаз бен тырна.
Аспаннан рақымменен күн төңгенде,
Қуанып қыбырлайды ыныс-жыны.
Ұйқыдан көзін ашқан жас балаша
Жайқалып шыға келер жердің гүлі.
Аз ғана өлеңдердің ішінде осы көрсетілгендей нақты жанды сурет, бейнелі көрініс дәл де сәтті берілген. Осы шағын үзіндіден көрінетіндей, басы артық сөзі жоқ, айқын да нақты, образды ой әдеттегі сөздердің кәдімгі тіркестері негізінде құралған сөйлемдер арқылы беріліп тұр. Өзен бетінің, айдынның «айнадай сәуле беріп жарқырауы», ыстық күнде «өксіп, оттай жанып» шөлдеген жануарлардың «өзеннен рахат тауып басылуы», жай-қалып шыққан гүлдің «ұйқыдан көзін ашқан жас балаға» ұқсауы - кәнігі суреттер, таныс көріністер, ешбір әсірлеу де, әрсіз сурет те жоқ. «Көл бұзылып, көк шығып қойнын ашса» деген сөйлем де ойды қандай әсерлі, ұтымды білдірген. «Аспаннан рақымменен күн төнгенде» деген де жақсылықтың нышаны. Табиғат әдемілігіне күнді қосып, әсерлі сөз тізбегін құрған. «Көлдің бұзылуы», яғни мұзы еріп, жазға қам жасауы, оның үстіне әдеттегі қолданыс «көк шығып» сөздер тізбегіне «қойнын ашса» қосылып, қалыпты сездердің әдеттегі байланысынан көркем де образды, әсем де әсерлі, жатық та жинақы сөз тіркестері мен синтаксистік конструкциялар құрылып, көркем ойдың нышаны болып тұр. Сондықтан да көл айдыны қаз бен тырнаның көзін өзіне тартып, қаңқылдатып қондырса, сол арқылы оқушысын да нәзік сезімге бөлейді. Бұның өзі Ыбырайдың өлең сөздін де шебері екенін көрсетеді. Әрине, Ыбырайдың ақындық, жазушылық, аудармашылық қызметі оның педагогтік, ағартушылық қызметінен туындап, отыратындығын, соның нәтижесі екенін ұмытпауымыз керек. Ыбырайдың ұстанған басты принципі жазба әдеби тілді жалпы халықтық сөйлеу тілінің негізінде дамыту болғандықтан, ол кезде жазба тілде мықтап орын алып келген кітаби тіл дәстүрінен ол бойын аулақ салды. Өлеңнің болсын, әнгіме-новеллаларының болсын, тілі жатық, сөйлемдері ұғуға жеңіл, қарапайым болып келеді. Тіпті сөйлеу тілінің кейбір элементтерін де батыл еңгізіп отырады. Мысалы, «Төңіректегі халық айтты: «Қазыға барыңыз, ол қайсыңның ақ, қараңды табар», - деп. Сейітқұлдың бір ағасы бар еді жол жүріп, урлық, барымтаны әдет еткен. Су әдемі, айнадай таза су екен, ішіндегі ойнаған балықтары көрініп жүретұғын» тәрізді сөйлемдерден ондағы сөздердің орын тәрті-біне, тиянақсыз тұлғада аяқталуына, жеке сөздердің грамматикалық тұлға-тұрқына байланысты сейлеу тіл элементтерінін жиі қолданылып отырылғаны байқалады.
Ыбырай жазуда араб алфавитінен ғана бас тартып қойғаи жоқ, жазба әдебиетте жөнді-жөнсіз қолданылып жүрген, бірақ көпшілік халыққа түсінікті бола бермейтін араб, парсы сөздерін қолданудан іргесін аулақ салды. Бірақ тілге сіңсе, етене болыпц кеткен, жалпы халыққа түсінікті, қолданыс игілігіне айналып кеткен кірме сөздерді пайдалануға қарсы болған жоқ, реті келген жерде өзі де қолданып отырды. Дәл сол сияқты орыс тілінен де қажет деген жерде сөз алудан бас тартпай, онда да тілдің өз мүмкіндігімен санасып отырды. Ыбырайдың бұл позициясы мен бағыты бүгінгі таңдағы әдеби тіліміздің дамуындағы, оның басқа тілдермен қарым-қатынасқа түсуінде ұстанып жүрген принципіміз болып отыр.
Абай Құнанбаев шығармаларының тілі, қазақ әдеби тілін дамыта түсудегі оның ролі зерттеліп, ол туралы құнды-құнды пікірлер айтылуда- Абай қазақтың ұлттық әдеби тілінің негізін қалаушылардың бірі дегенде, ең алдымен, Абай қолданған әдеби тіл, бір жағынан, өзініе дейнгі позиялық түрде дамып келген әдеби тілдің жалғасы болғанын, екіншіден, ақын ол тілдің сапалық қасиеттерін ұстап, дамыта түсіп, қоғамдық қызметін арттырғанын еске аламыз, есшымен бірге үшіншіден, ол тіл бүгінгі кемеліне келген, даму шыңына жеткен ұлттьгк жазба әдеби тіліміздің басы болып табылатынын негізге аламыз. Сондықтан да Абай шығармаларының шоқтығы бүгінгі поэзия деңгейінен қарағанда да өз қадірін жоймай, сапалық қасиеті айқындала, даралана түсіп, соның арқасында оның поэзиясы көркем сөз шеберлеріне өрелі енеге, ұлағатты үлгі болып үнемі көріне бермек.
Білімді адамнан ғана білікті сөз шығады. Ұлағатты ұлы адам ғана елінің еткеніне көз жіберіп, келешегіне қам жеп, болашағын болжай алады. Табиғат берген даналық пен дарындылық, ақыл мен білім, көрегендік пен сезімталдық Абайды халқының данышпан ұлы етті, көркем сөз құдіретінің алыбы етті.
Абай, ең алдымен, көркем әдебиеттің, өлең сөздің қоғамдық-әлеуметтік мәні мен қызметінің жан-жақты терең сырын, колданылу жүйесі мен шеңберін, жеке адам өмірінде алатын орынын дұрыс түсініп, оның қоғамдық даму кезіндегі көріністерін қайшылық, жарасымдықтарымен көрсетіп, осының бәрін өз творчествосына рухани азық ете білді. Сөз кестесіндегі әр тілдік-элементтің жалпыға таныс ортақ мәндерімен бірге ішкі мүмкіндік-терін, мағыналық, стильдік жүк көтере алуын терең сезінді, сол арқылы әдеби-көркемдеу тәсілдерінің жаңа үлгілері, түрлері пайда болып, жаңа сөздердің, тіркестердің әдеби айналымға түсу қабілеті мен аясы кеңіді, осы жаңалықтың бағыт жобасын жасап берді. Сондықтан да ол «Өлеңді ерлік үшін, жоқ-барды, ертегіні термек үшін жазбайтынын» ашық та айқын баса көрсетіп, көркем сөз, әдеби тіл арқылы «тіл ұстартып өнер шашуды, надан-ның көзін емес, көңілін ашуды» мақсат тұтатынын айтады. Халқымыздың «тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады», «өнер алды - қызыл тіл» деген нақылдарын, орынды айтылған сөзін ұштай түседі. Сондықтан да Абай «тіл өнерін дертпен тең» деп күсініп, сөз кестесін «ұлы сусын төгілсін!» деп құрады. Өйткені:
Жұртым-ай, шалқақтамай сөзге түсін,
Ойланшы сыртын қойып, сөздің ішін. Ыржаңдамай тыңдасаң, кек кетеді,
Шығарған сөз емес кой әңгіме үшін.
Сондықтан да:
Өлді деуге сия ма, ойландаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған . . .
«Мыңмен жалғыз алысса» да, халқын, жұртын өнер-білімге шақырып, ел келешегі ғылым-білімде деп түсініп: «Ғылымды іздеп, Дүниені көздеп, Екі жаңа үңілдім», - дейді. Бұл - жалан үгіт емес, жеке басының да қамы емес. Болмаса «Біреу үшін үйренсең, Біреу білмес, сен білсең, Білгеніңнің бәрі - тұл», - деген сөздер айтылмас та еді. Әйтпесе «Арғын, Найман жиылса, Та-ңырқаған сөзіме», бірақ енді сол құдыретті, қадірлі асылды «Қайран сөзім қор болды, Тобықтының өзіне», - демес те еді. «Адам деген даңқым бар . . . »- деп табиғаттың ерекше жаратылысы үшін мақтаныш етіп, міндетін сезініп, өскелең елдің еселі жүгін көтеруге дайын екенін түсіне білсе де, жұртының мешеу қалып, түйсіксіз екеніне ызасы келеді:
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым. Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі қан, . бірі май боп екі ұртың . . .
Ұқпайсың өз сөзіңмен басқа сөзді
Аузымен орақ орған өңкей қыртың.
Бұл - «заманын түзетпек» болған, бірақ елін ырқына көндіре алмай, дұрыс жолға жүргізе алмай, келешегін түсіндіре алмай, болашағын болжата алмай қиналған адамның, халқының болашағы үшін елінін, елдігі үшін, қатардан қалмау қамы үшін жеген - «қайғы мен ыза қысқан соң», «тілінен шыққан зары». Әрине, құр байбалам емес, дәйексіз тоқырау емес. Ышқынған жүректен, қиналған көңілден шыққан ащы сөз. «Ұстарасыз мұрты аузына түскен», яғни терісі жиди бастаған, жақсы мен жа-манды айырмай, екі ұртының бірі қан, бірі май болып, яғни жақсылық, адамгершілікті ойламай, халқының қамқоры болмай, пәле іздеп, жала жауып, өз құлқынының құлы, қарнынын қамын ғана ойлаған парықсыз қандастарына, ағайындарына, елдестеріне ашуы келіп, кегі қайнап, ызамен айтып отыр. Өңменнен өткен өткір сөз мақтамен бауыздап, тірідей жерлеп кетпей ме?!
Сөз қадірін қастерлей білген, сөз құдіретін бар құдіреттен жоғары қоя білген Абай: «Қуаты күшті нұрлы сөз Қуатын біл-ұлттық әдеби тілінің негізін қалап, бір жағынан, өз творчеетвосына «жалпы халықтық сөйлеу тілін әрдайым негіз етіп ұстап отырса, екінші жағынан, оған бір қарағанда қарама-қарсы келетін «жалғастылық принципті» де берік, орынды ұстанды. Абай «өлеңнің іші «поэтикалық ойға» - «идеяға» толы болуына күш салып, «соған лайық амал-тәсілдер іздестірді, сол арқылы, бірінші, творчестволық контекст жасады, сөздің метафоралық қызметінің анықталуы нәтижесінде «олардың тіркесу мүмкіншілігі кеңейеді», сол арқылы қаламгерлік даралық (индивидуальдық) айқын көрінеді», екінші, «ақын творчествосының тематиікасы мен жанрлық құрылысы» және «жаңа образдар іздеу» негізінде «қазақ көркем сөзінің лексикалық құрамына өзгері енді». Үшінші, «поэзияның терең мәнді, аз сөзді болу принципі ұстану» нәтижесінде ойдың айқын да дәл образ арқылы беріліп артты, төртінші, «фразеология саласында революция жасады» өлең құрылысына сан алуан жаңалық әкелді».
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz