Ұлыбритания – алғашқы индустриалды держава


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

№15 орта мектеп

Ұлыбритания

Орындаған:

Жақсыбаева Әсем

Семей қаласы

2006 жыл

Ұлыбритания

Ұлыбританияның Құрама Корольдігі және Батыс Ирландия - төрт тарихи аудандардың: Англияның, Шотландияның, Уэльстің және Батыс Ирландияның одағы.

Ауданы: 244 088 км²

Халқы: 58 789 000 адам

Астанасы: Лондон (8 201 000 адам)

Негізгі тілі: ағылшын

Негізгі діндері: протестанцизм, католицизм

Ақша бірлігі: фунт стерлинг

Экспорты: электробұйымдар, химия өнімдері, автомобильдер, мұнай және мұнай өнімдері

Мемлекеттік құрылысы: конституциялық монархия

Құрама Корольдігінің территориясы Ұлыбритания аралынан, Ирландия аралының солтүстік-шығыс бөлігінен және көптеген кішігірім аралдардан құралған. Елдің климаты қоңыржай, жауын-шашын көп болады. Бір ендікте жатқан басқа мемлекеттерге қарағанда қысы жылы. Бұл Гольфстрим жылы ағымының әсері. Мемлекет ауа мен теңіз ағымдары көп жерде орналасқан, сондықтан осында ауа райы тұрақсыз. Жалпы алғанда, елдің оңтүстігі әлдеқайда жылы, ал батыста жауын-шашын мөлшері елдің басқа аймақтарына қарағанда көп түседі.

Әдемі пейзаж

Батыс Ирландия - кішігірім таулар мен жазықтардың ауданы. Шотландия территориясының жартысы көптеген аралдар мен таулы қыраттардан құралған. Уэльстің көп бөлігі солтүстіктен оңтүстікке дейін созылатын Кембрий таулары қамтиды. Англияның көп бөлігі жазықты болып келеді, тек кей жерлерде төбелер мен кішігірім таулар кездеседі.

Ұлыбританияда өзендер көп. Ірі қалалардың көбі өзен бойында орналасқан, мысалы, Лондон Темза бойында, ал Ньюкасл Тайне бойында

орналасқан. Ең ұзын өзен - Орталық Уэльстен Англияның оңтүстік-батысына ағатын Северн өзені(354 км) .

Көлді жерде Англияның ең биік нүктесі - Скофелл шыңы.

Адам және табиғат

Бұрын Ұлыбританияның көп бөлігін жасыл ормандар алып жатқан, бірақ мыңдаған жылдар бойы адамның әрекетінен ормандардың ауданы күрт кеміді. Шотландияда қылқан жапырақты ағаштар - қарағайлар өседі. Басқа аудандарда бук және талшын өседі. Жабайы аңдардың ең ірі түрі - Эксмурд, Шотландия және Англияның оңтүстік-батысында кездесетін бұғы. Түлкі, тышқандар және тиіндер де кездеседі. Бұталарда, батпақтарда және жағалауларда құстардың көптеген түрлері мекендейді. Бірақ Ұлыбританиядағы жануарлар мен өсімдіктер түрлерінің көбі адамның әсерінен өздерінің әдеттегі орындарынан айырылды. Ал, су мен ауа зиянды заттармен ластанған. Жабайы табиғатты сақтап қалу мақсатында мемлекет территориясының 7%-ы ұлттық парктер мен қорықтарға бөлінген. Олар: Англияның солтүстік-батысындағы Озерный жері, батыс Уэльстің таулы жеріндегі Сноудония паркі, Мидлсбродан оңтүстікке қарай 15 км жердегі Норт-Йорк-Мурс. Ұлыбританияның едәуір бөлігін жыртылған жерлер мен кең ауқымды жайылымдар алып жатыр. Ауыл шаруашылығында жұмыс күшінің тек 1%-ы ғана жұмыс істейді. Бірақ жаңа технологиялар енгізу арқылы Ұлыбритания өзінің азық-түлік қажеттіліктері мен мал үшін жемді 60%-ын қамтамасыз етеді.

Алғашқы индустриалды держава

Ұлыбритания өнеркәсіп төнкерісі болған ең алғаш мемлекет (1760-1820 ж. ж. ) . Бұл кезде өндіріс мануфактуралықтан машиналыққа ауысты. Мемлекет көмір өндіруде, темір, болат пен мата өндірісінде бу күшін пайдалану және өнеркәсіпке фабрика технологияларын енгізу арқылы өзінің өндіргіш еңбегін арттырды және байыды. Бірақ қазіргі кезде экономиканың жетекші орнын көмір өндіру, металлургия, кемеқұрылысы мен ауыр өнеркәсіптің басқа да салаларын химиялық пен фармацевтикалық өнеркәсіп, индустриялық зерттеулер, электроника машина жасау салалары алмастырды. Ұлыбритания жағалауларында мұнай мен табиғи газдың үлкен қорлары ашылды. Қазір Ұлыбритания - ірі экономикалық 4-ші держава және халықаралық саудуның маңызды орталығы.

Ұлыбританияның халқы тығыз орналасқан аралдары

Ұлыбритания халқының саны бойынша Европада 4-ші орын алады. Халқының орналасу тығыздығы 1км²-250 адам. Халқының 90%-ы ірі қалаларда тұрады. XX ғ. Ұлыбританияның урбанизацияланған аудандары кеңейтілді, осының нәтижесінде жаңа қалалар пайда болған. Мысалы, Лондон мен Бирмингем қалаларының жарты жолындағы Милтон-Кейнес қаласы. Бирмингем айналасындағы көптеген қалаларды біріктіретін қала агломерациясы сияқты жаңа ірі қала агломерациялары пайда болды. Англия, Уэльс және Шотландия халқының көбі осы аудандардың оңтүстігінде шоғырланған. Уэльстің оңтүстік жағалауында Суонси, Кардифф және Ньюпорт қалалары орналасқан, ал Шотландияның екі ірі қаласы - Глазго мен Эдинбург Солтүстік Шотландиядағы таулы аймағының оңтүстігінде орналасқан. Англияның халқы ең тығыз орналасқан бөлігі Лондон қаласы.

43 жылы римдіктер негізін салған Лондон - әлемдегі ең ірі қалалардың бірі. Қала экономикасы сақтандыру, қаржы ісі, сауда мен туризм арқасында дамыған. Лондонның көптеген тарихи ескерткіштері миллиондаған туристерді қызықтырады.

Бір мемлекет ішіндегі төрт мемлекет

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үш держава қолбасшыларының конференциясы
Халықаралық сауда құқығы
Ұлыбританияның негізгі туристік орталықтарына сипаттама
Жапонияның қазіргі кездегі геосаясаты
1990 ЖЫЛДАРДАҒЫ ЕУРОПАДАҒЫ ГЕОСАЯСИ ЖАҒДАЙДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Азия және Африка елдерінің 2000-2015 жылдарындағы халықаралық аренадағы орнына сипаттама
Әлемдік жүйе
Канаданың астанасы
Халықараылық қатынастар жүйесіндегі АҚШ-тың рөлі мен орны
Иранның ядролық бағдарламасының мақсаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz