Жұмысбастылық пен жұмыссыздық: демографиялық және әлеуметтік көрсеткіштерге байланысты


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

Жұмысбастылық пен жұмыссыздық: демографиялық және әлеуметтік көрсеткіштерге байланысты

  1. Жұмыссыздықтың мәні, түрлері және жұмысбастылық ұғымыЖұмыссыздың мәні, себептеріЖұмыссыздың түрлеріТолық жұмысбастылық ұғымы
  2. Жұмысбастылық және жұмыссыздың демографиялық және әлеуметтік көрсеткіштері. Жұмыссыздықтың әлеуметтік экономикалық салдарыӘлеуметтік құрылымды талдаудағы әлеуметтік демографиялық өзгерістерді зерттеуДемографиялық жағдай және демографиялық болжам.
  3. Жұмыссыздарды жұмыспен қамту күресу бағдарламалары

КІРІСПЕ

Жұмыс қабілеті бар, бірақ жұмыс күшіне қосылмайтын жандар әдетте егделеу адамдар немесе жұмыстан жолы болмай жүрген адам екені аян. Осылайша жұмыссыз адамдар жұмыссыздық бірлестігін құрайды.

Экономикалық реформалар жүріп жатыр. Бірақ экономикамыздың құрамы әрі тиімді, әрі оңтайлы деңгейге әлі де жеткен жоқ. Жұмыссыздық - белгілі бір кезеңде өзінің орын алады. Жұмыссыздықтың бір жыл ішінде бірнеше кезеңі болуы мүмкін. Тіпті ол бір жыл бойы жұмыстан мүлде қол үзуі де ғажап емес. Жұмысшы әдетте бірде жұмыссыздық бірлестігіне қабылданса, енді бірде ол жұмыс күші қатарынан шығып кетуі жиі кездеседі. Жұмыссыздық өсіп, ол ұлтымыздың онымен бетпе-бет келген өзекті проблемасына айналды. Жұмыссыздық мөлшері жоғары болған сайын (жұмыссыз болу ұзаққа созылады) жұмыссыздық ұзақ уақытқа созылады және жұмыссыздық мөлшері неғұрлым жоғарыласа, жалақы мөлшері де соғұрлым төмендей береді.

Адамның «Жұмыссыз» атануы мынандай себептері бар:

1. Бұл адам басқа жұмыс орнын іздеп жұмыстан босанады, ол осылайша жұмыс орнын тапқанша жұмыссыз болып саналады

2. Ол жұмыс күші қатарына жаңадан қосылуы мүмкін, яғни ол - жұмыс орнын бірінші рет іздеп жүрген адам. Немесе төрт аптаның ішінде өзіне лайықты жұмыс орнын таппай, қайтадан жұмыс күші қатарына қосылған адам.

3. Адамды жұмыстан босатып жіберуі мүмкін. Сөйтіп жұмыстан босатылғаны жөніндегі анықтамада төлем тоқтатылып, жұмысшы бұл жөнінде ескертілмей, бұдан бейхабар қалады.

4. Жұмысшы фирманың жабылуына байланысты жұмыссыз қалуы мүмкін. Ең соңғы жұмыс орнынан айырылуы еріксіз жұмыстан босану деп есептелінеді.

Жұмыссыздық әлемдегі орталық проблеммалардың бірі болып табылады. Және де ол бір жүйеден екіншісіне өтетін елдерде кең байқалады.

Мысалға мұндай процес Қазақстанда жүріп жатыр. Ол өзімен бірге бірқатар жаңа проблемаларды алып келеді. Сонымен қатар жұмыссыздық проблеммасы адамдармен тығыз-байланысты және соларға тікелей әсер етеді. Жұмысынан айрылу олардың табысының азаюына, өмір сүру деңгейінің төмендеуіне, сонымен қатар психологиялық стреске алып келеді. Осы себепті көптеген саясат адамдары өзінің сайлауалды компанияларында жұмыс орындарын жасауға көп көңіл бөледі.

Жұмыссыздықты зерттеу олардың пайда болу себептерін аныктайды, мемлекеттің тарапынан шараларды анықтайды. Бірақ сонымен қатар көптеген экономистердің ойынша жұмыссыздық қажет нәрсе, оны зұлымдық ретінде қарастыруға болмайды.

Өйткені жұмыссыздықтың ең маңызды пайдалы жақтарына оның сапалы еңбекті, бәсекені туындыратыны болса керек.

Қазақстан Республикасының Перзиденті Н. Назарбаевтың халыққа Жолдауында «Мемлекеттің әлеуметтік саясаты жұмыс орындарын құрған жағдайда және еңбекке қабілетті халықты мемлекеттің экономикасына тартуға бағытталған жағдайда ғана тиімді болады» делінген.

Казіргі жағдайда халықтың жұмысбастылығы, жұмыссыздық, халықтың және еңбек ресурстарының ұдайы өсу процессі, демографиялық жағдай, еңбек ресурстарын басқару мәселелері елдің экономикасы үшін ең басты мәселелердің бірі болып саналады.

Халықтың тұрмыс деңгейін арттыру, өнімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мемлекеттің әлеуметтік экономикалық саясатының маңызды бағыттары болып қалып отыр. Елдегі нарықтық қатынастардың дамуы барысында халықтың жұмыспен қамтылуына байланысты сұрақтардың барлығы бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады.

I БӨЛІМ. Жұмыссыздың мәні, себептері, түрлері және салдары.

1. 1. Жұмыссыздың мәні, себептері.

Жұмыссыздық - бұл жұмыс істегісі келетін еңбекке жарамды халықтың өндірісте жұмыспен қамтылмауы.

Жұмыс қабілеті бар, бірақ жұмыс күшіне қосылмайтын жандар әдетте егделеу адамдар немесе жұмыстан жолы болмай жүрген адам екені аян. Осылайша жұмыссыз адамдар жұмыссыздық бірлестігін құрайды.

Адам мына төмендегі төрт түрлі себептің біріне байланысты жұмыссыз атанады:

  1. Ол жұмыс күші қатарына жаңадан қосылуы мүмкін, яғни ол - жұмыс орнын бірінші рет іздеп жүрген адам. Немесе төрт аптаның ішінде өзіне лайықты жұмыс орнын таппай, қайтадан жұмыс күші қатарына қосылған адам, .
  2. Бұл адам басқа жұмыс орнын іздеп жұмыстан босанады, ол осылайша жұмыс орнын тапқанша жұмыссыз болып саналады.
  3. Адамды жұмытан босатып жіберуі мүмкін. Сөйтіп жұмыстан босатылғаны жөніндегі анықтамада төлем тоқталып, жұмысшы бұл жөнінде ескертілмей, бұдан бейхабар қалады.
  4. Жұмысшы фирманың жабылуына байланысты жұмыссыз қалуы мүмкін. Ең соңғы жұмыс орнынан айырылу еріксіз жұмыстан босану деп есептелінеді.

Жұмыссыздық - еңбекшілердің бір бөлігінің жұмыс таппай, «артық» халыққа, еңбектің резерв армиясына айналуы, бұл - капитал құрылысқа тән құбылыс. Ол К. Маркс ашқан капиталистік қорлаудың жалпылық заңының әрекететуінен туады. Жұмыссыздық капиталистік өндірістің жемісі және шарты болып табылады. «Артық» адам болу азабын капитализм тарихында тұңғыш рет Еуропаның қазіргі экономикалық жағынан дамыған елдерінің, әсіресе Англияның еңбекшілері тартты. Капитализмнің жалпы дағдарысы кезінде жаппай жұмыссыздық дамыған капиталистік елдер үшін үнемі айрылмайтын тұрақты құбылысқа айналады. Сырттай қарағанда жұмыссыздық капиталистік рыноктың жұмыс күшіне деген сұранымы мен жұмыс күшін ұсынудың арасындағы сәйкессіздік сияқты болып көрінеді, ал іс жүзінде ол неғұрлым терең, ішкі себептердің салдарынан туады. Қосымша құнды неғұрлым көп алуға ұмтылу және бәсеке күресі кәсіпкерлерді жанды еңбекті қаруландыруға, өзгермелі капиталға қарағанда өндіріс құрал-жабдықтарын неғұрлым тез өсіруге мәжбүр етеді. Мыс., Қазақстанда 1993 жылдан 2003 ж. дейін жұмысшылар саны 4 есе, ал капитал құны 12 есе өсті.

Өзгермелі капиталдың бір шама тез азаюы, көбінесе өндрістегі ғылыми-техникалық революцияға байланысты болды. Бұл еңбекке деген сұранымның абсолют азаюын да туғызады. Оның үстіне жұмыс күні неғұрлым ұзақ және жұмыстың қауырттылығы неғұрлым күшті болса, қолда бар өндіріс құрал-жабдығын жұмысқа қосуға қажетті жалдама еңбек адамы соғұрлым аз керек болады. Жұмысшылардың жаппай жұмыстан шығарылуы өндірісте қалған жұмысшыларды капиталистер қойған қанау шарттарына амалсыздан көнуіне мәжбүр етеді. Мұның бәрі жұмысшы табының тұрмыс дәрежесін бұрынғыдан нашартылады.

«Артық» еңбекші халық капитализм қоранудың жемісі, осы қорланудың құралына, тіптен капитализмнің дамуы мен өмір сүруінің шартына айналады. Жаппай жұмыссыздық болуы әрбір жұмыс істейтін жұмысшыға жұмыссыздардың қатарына шығып қалу қорқынышын туғызызады. Капитализм бұл қорқынышты пайдаланады, жұмыссыздық неғұрлым көп болса, капитал жұмысшыларға соғұрлым күшті қысым жасайды. Капитализм қоғамда жұмыссыздықтың екі нақты мәні бар. Капиталистер үшін ол - арзан, көбінесе құқықсыз жұмыс күшінің қоры, бүкіл жұмысшы табын қанауды күшейтудің құралы, капитализм экономиканың дамуы мен өмір сүруінің қажетті шарты. Еңбекшілер үшін жұмыссыздық - тек материалдық, моральдық жағынан зардап шегу, қорлық көру, жасына жетпей қартаю. Формасы жағынан жұмыссыздық күнделікті, жасырын, тоқыраулы жұмыссыздық болы бөлінеді. Жұмыссыздардың дәл есебін шығару қиын. Буржуазиялық саяси экономия мен статистикада қолданылып жүрген жұмыссыздықтың формаларын анықтау методологиясы, сондай-ақ «артық» адамдарды есепке алу әдісі жұмыссыздықтың дәл мөлшерін әдейі азайтып көрсетеді. Буржуазияшыл экономитсер жұмысшылардың жұмыссыз жүрген мерзіміне қарай «толық» және «ішінара» жұмыссыздық деп ажыратылады. Мыс., АҚШ-та бір апта немесе онан көп уақыт жұмыс істемеген адамды толық жұмыссыз деп санайды, ал бір аптаның ішінде бір сағат та жұмыс істеген болса жұмыссыз деп санамайды

Жұмыссыздық - капиталистік экономиканың ажырамас серігі. Экономика жағынан дамыған капиталистік елдердің бәрін де «артық» еңбек ресурстарының көлемі қарастырылып отырған кезеңде не бір дәрежеде сақталып, не кейбір жылдары тіпті көбейтіп кетеді.

1. 2. Жұмыссыздық түрлері.

Қазақстан Республикасының еңбек нарығын зерттеу барысында төрт бірдей негізгі өзгешелікті байқаймыз:

• Жұмыссыздық деңгейі әр алуан топқа қатысты және олардың жасына, тіршілік-тәжірибесіне қарай анықталынады.

• Еңбек нарығында тауар айналымы жоғары болады. Жұмыспен қамтамасыз етілгендер де, жұмыссыздар да молынан ұшырасады.

• Тауар айналымның қажетті бөлігі циклды: жұмыстан босату және жұмысынан айыру, әсіресе құлдырау кезеңдерінде жоғары деңгейде болады, ал жаңа даму кезеңінде өз еркімен жұмыстан босану жоғарылайды.

• Белгілі бір айда жұмыссыз қалған ер адам аз уақыт қана (уақытша) жұмыссыз қалады.

Уақытша жұмыссыздық

Кейбір адамдар өз мамандықтары бойынша қызмет түрлерін таңдау мүмкіндіктері бар кезде «жұмысаралық» жағдайда қалады. Кейбіреулерін жұмыстан шығарып жіберіп, олар басқа жұмыс орнын іздеп жүреді. Басқа біреулер тұрақты жұмысын жоғалтқандықтан уақытша жұмыссыз болады( мысалы, құрылыстағы қолайсыз ауа- райы жағдайы) . Сонымен қатар жастар арасында алғаш рет жұмыс іздеп жүрген адамдар санаты болады.

Осы жұмыссыз адамдар жаңа жұмыс орнына немесе уақытша жоғалтқан жұмысқа қайтып кеоген кезде, олардың орнын басқа жұмыссыздар басады. Сондықтан, әр түрлі себептермен жұмыссыз қалған адамдар санаты құрамын өзгертсе де, осы жұмыссыздық типі қала береді. Жұмыс іздеп жүрген немесе жұмыс орның алуын күтіп отырған адамдарға экономисттер «уақытша жұмыссыздар» деген термин қолданады (Ол жұмыстың қайта жаңғыруыен немесе іздеумен байланысты) .

Уақытша деген анықтама бұл құбылыс мәнін нақты көрсетеді: еңбек нарығында жұмыс орны мен жұмыс күші арасында сәйкестілік орнамайды. Уақытша жұмыссыздар еңбек нарығына ұсынатын «білімдері» бар деп есептелінеді.

Уақытша жұмыссыздық міндетті және ерікті болып бөлінеді. Жұмысшылардың көпшілігі жұмысаралық жағдайға өз еркімен түседі, олар - өздерінің төмен жалақылы жұмыстарын жоғары төлемақылы жұмысқа ауыстырады. Бұл жұмысшылардың өздеріне үлкен табыс әкеледі және еңбек ресурстарының ұтымды пайдасын арттыру дегенді білдіреді. Яғни, жалпы экономикадағы нақты өндіріс көлемінің ұлғаюы.

Құрылымдық жұмыссыздық.

Уақытша жұмыссыздық ақырындап «Құрылымдық жұмыссыздық» деп аталатын екінші санатқа ауысады.

Экономисттер «құрылымдық» терминін құрамдық деген мағынада қолданады. Уақыт өте келе технология мен сұраныс құрылымында өзгерістер болады, олар өз алдына еңбек күшіне жиынтық сұраныс құрылымын өзгертеді. Осы өзгерістердің нәтижесінде кейбір мамандықтарға деген сұраныс азаяды немесе мүлде жойылады. Басқа мамандықтарға соның ішінде жаңаларына сұраныс көбейеді. Бұл жағдайда еңбек күші еңбек орындарының құрылымындағы жаңа өзгерістерге бірден және толық жауап бере алмағандықтан жұмыссыздық пайда болады. Кейбір қызметкерлердің өздерінің мамандық тәжірибелері нарық сұранысына сәйкес келмейтініне көздері жетеді; олардың тәжірибесі мен іскерлігі технология мен сұраныс сипатында болған өзгерістерге байланысты ескеріп, керексіз болып қалады. Сонымен қатар жұмысбастылықтың географиялық құрылымы әрдайым өзгеріп тұрады. Бұғансоңғы 10 жылда байқалған жұмыс орындарының «қысқабелдеуден» - «жазғы белдеуге» миграциясы мысал бола алады.

Уақытша және құрылымдық жұмыссыздық арасындағы айырмашылық анық емес. Уақытша жұмыссыздарда «сатуға»болатын тәжірибе бар, ал құрылымдық жұмыссыздар жаңа жұмыс орнына орналасуы үшін арнайы оқу курсын өтуі керек. Уақытша жұмыссыздық қысқа мерзімді, сондықтан ол қауіпті болып саналады.

Циклдік жұмыссыздық

Циклдік жұмыссыздық құлдырау кезеңінде, яғни жалпы немесе жиынтық шығындардың жетіспеушілігімен сипатталатын кезеңде пайда болады. Тауарлар мен қызметтерге жиынтық сұраныс азайғанда, жұмысбастылық төмендейді, жұмыссыздық өседі. Сол себепті циклдік жұмыссыздықты кейде «сұраныс тапшылығына байланысты жұмыссыздық» деп атайды.

1. 3 Толық жұмысбастылық ұғымы

Толық жұмысбастылық жұмыссыздықтың мүлдем жоқтығы емес. Экономисттер уақытша және құрылымдық жұмыссыздықты болмай қоймайды деп санайды, осыдан толық жұмысбастылық ұғымы еңбек күшінің 100% -нан аз бөлігін қамтитын жұмысбастылық болып саналады. Дәлірек айтқанда, толық жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздық деңгейі уақытша және құрылымдық жұмыссыздық деңгейлерінің қосындысына тең.

Басқа сөзбен айтқанда, толық жұмысбастылық кезінде жұмыссыздық деңгейі циклдік жұмыссыздық нөльге тең болған жағдайға ғана жетеді. Толық жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздықты «жұмыссыздықтың табиғи (шынайы) деңгейі» деп те атайды. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейімен қосарланған ішкі өнімнің нақты көлемі «экономикалық өндірістік әлуеті» деп аталады. Бұл толық жұмысбастылық кезіндегі экономика өндіре алатын өнімнің нақты (шынайы) көлемі.

Толық жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздық деңгейі еңбек күші нарықтары тепе-теңдік жағдайында болғанда, яғни жұмыс іздеушілер мен бос жұмыс орындардың саны сәйкес келген жағдайда орнайды. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі дегеніміз - оң өлшем, өйткені уақытша жұмыссыздарға сәйкес бос орындарды табу үшін уақыт керек. Құрылымдық жұмыссыздарға да жұмысқа орналасу үшін уақыт керек. Егер жұмыс іздеп жүрген адамдардың саны бос жұмыс орындар санынан көп болса, онда еңбек күші нарықтары сәйкес келмейді деген сөз; мұндай жағдайда жиынтық сұраныс тапшылығы мен циклдік жұмыссыздық пайда болады. Басқа жағынан қарағанда, жиынтық сұранысы артық болған жағдайда, жұмыс күшінің жетіспеушілігі байқалады, яғни бос жұмыс орындардың саны жұмыс іздеп жүрген адамдар санынан артық болады. Мұндай жағдайда жұмыссыздықтың нақты деңгейі табиғи деңгейінен төмен болады. Еңбек күші нарықтарындағы мұндай тапшылық инфляциямен қатар болады.

Табиғи термині экономика жұмыссыздықтың табиғи деңгейінде жұмыс істеп, өзінің өндірістік мүмкіндігін қолданып жатыр деген ұғым береді. Біздің іскерлік циклдарды қысқаша шолуымызда экономикадағы жұмыссыздық деңгейі табиғи деңгейінен жоғары болады деп айтып кеттік. Бірақ кейде экономикадағы жұмыссыздық деңгейі табиғи деңгейінен төмен де болуы мүмкін.

Мемлекеттік жұмысбастылықты реттеудің басты мақсаты - толық, өнімді және еркін таңдалған жұмысбастылықтарға жету болып табылады. Бұдан толық жұмысбастылық барлық еңбекке қабілетті халықтарға қоғамның тиімді еңбекпен айналысу үшін реальды мүмкіндіктерді беру ретінде қарастырылады; өнімді жұмысбастылық - өндірістік және еңбек потенциалын тиімді қолдануды білдіреді; еркін таңдалған жұмысбастылық - жұмыс күші меншігіне ие әлеуметтік-экономикалық еркін шараларды білдіреді.

II бөлім Жұмысбастылық және жұмыссыздық демографиялық және әлеуметтік қөрсеткіштері

2. 1. Жұмыссыздықтың әлеуметтік - экономикалық салдары.

Шектен шыққан жұмыссыздық үлкен экономикалық және әлеуметтік шығындарға соқтырады. Жұмыссыздықтың басты бағасы - шығарылмаған өнім. Экономиканың жұмыс жасағысы келетін және жұмыс жасай алатын адамдардың бәріне жеткілікті жұмыс орындарын ашуға жағдайы болмаса, товарлар мен қызметтердің потенциалды өндірісі жоғалтылады.

Макроэкономиканы зерттеуші Артур Оукен жұмыссыздық денгейі және ЖҰӨ көлемінің кенже қалуының ара қатынасын математикалық түрде көрсетті. Оукен заңы жұмыссыздықтың нақты денгейі табиғи денгейінен бір пайызға жоғары болса Жалпы Ұлтық Өнімнің осының әсерінен кенже қалауы 2, 5 пайыз құрайды деп есептейді. Бұл қатынас 1/2, 5 немесе 2/5, 2 жұмыссыздық денгейінің ЖҰӨ денгейінің кенже қалауының қатынасы жұмыссыздықтың кез келген денгейіне байланысты өнімді абсолюттік жоғалтудың мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді.

Көбіне жұмыссыздықтың экономикалық әсері сипатталады да, кумулативті характерге ие әлеуметтік әсері ескерусіз қалады. Бірақ та жұмыссыздықтың елдің жағдайына тигізетін әсері көбіне әлеуметтік жағдаймен өлшенеді.

Енді сол-салдарларға тоқталсақ

Кері әсерлер:

1. Крименогенді жағдайдың өршуі

2. әлеуметтік кернеудің өршуі

3. физикалық және психологиялық аурулардың көбеюі

4. әлеуметтік дифференцияның өсуі

5. еңбек белсенділігінің төмеңдеуі

Пайдалы әсері:

1. Жұмыс орнының әлеуметтік маңызының артуы

2. Өз бос уақытының көбеюі

3. Жұмыс орнын таңдаудағы еркіндік

4. Әлеуметтің мән мен еңбек құндылығының артуы

Экономикалық салдарлар:

Кері әсерлер:

1. Алған білімнің құндылығын жоюы

2. Өндірістің төмендеуі

3. Жұмыссыздарға көмек шығындары

4. Квалификациясын жоғалту

5 Өмір сүру деңгейінің төмендеуі

6. Ұлттық табыстың төмендеуі

7. Салықтың аз жиналуы

Пайдалы әсері:

1. Экономиканы қайта жарақтауға жұмыс күшінің резервін жасақтау

2. Еңбекке бейімділігін өсіру мақсатында жұмысшылар арасында конкуренция

3. Білімін жоғарылату үшін уақыт

4. Еңбек өнімділігі мең өндіріс интенсивтілігі жоғарылауы

2. 2. Әлеуметтік құрылымды талдаудағы әлеуметтік-демографиялық өзгерістерді зерттеу.

Халық саны - нақты территорияда нақты бір уақытта өмір сүретін адамдар жиынтығын білдіреді.

Уақыттың әрбір кезеңінде халық саны өткен, сол сияқты болашақтағы уақыт кезеңі сияқты халық санынан ерекшеленеді. Ағымдағы уақытта бұл кезеңдердің арасында олардың ұдайы өндіріс пен сыртқы миграцияның әсерінен халық саны өзгеріске ұшырап отырды. Бұл өзгеріс динамиканы сипаттайды: халық саны жоғарыласа көтеріледі, ал халық саны қысқарса төмендейді. Бұл динамика өсу немесе көбею темпімен, сондай-ақ ағымдағы уақытта халық санының көтерілу немесе төмендеуінің абстактілі санымен өлшенеді.

Санақ тәжірибесінде халық санын 2 категорияға бөлуге болады:

  1. Нақты халық саны - белгілі бір аймақта тұрғын үйде уақытша

және одан тыс тұратындарды қоса алғандағы санақ жүріп жатқан кезеңдегі адамдар.

  1. Үнемі тұратын халық саны - белгілі бір аймақтағы халық санағы кезеңіне уақытша қатыспаған үнемі тұратын халық саны.

Халық санының өзгеруі

Қандай да бір халық ол елде болсын, ауданда болсын демографиялық процестердің өзгеруі (саны, құрамы, орналасуы) әсерінен үздіксіз пайда болады. Халық санының өзгеруі табиғи масштабтар мен миграциялық қозғалыстарға тәуелді. Екеуі де демографиялық динамиканың компоненттері болып табылады. Табиғи өсім (кему) мен миграциялық өсім (кему) халық санының жалпы өсімін (кему) құрайды.

Халық құрылымының өзгеруі

Тек халық саны ғана өзгеріп қана қоймайды, сондай-ақ оның құрылымы да жаңарып отырады. Халық құрылымы - мүлде оның құрамының синонимі емес. Құрам - бұл номенклатура, дәлірек айтқанда адамдар жиынтығы ретінде құралатын элементтер саны. Демографиялық құрам өзіне халықты еркек және әйел, сондай-ақ адамдардың әртүрлі жоспарларына қарай бөлінуін қамтиды. Жасы бойынша дифференциалданған халық саны топтар бойынша бөлінуі мүмкін. Мысалға, мұндай сапалы белгілеріне сәйкес еңбек қабілеттілігі ретінде халық санын 3 топқа бөлуге болады:

  1. Еңбекке қабілетті жастар;
  2. Еңбекке қабілетті;
  3. Жасы улкен еңбекке қабілеттілер.

Халық саны топтарға және сапалы белгілері бойынша бөлінуі мүмкін. Әдетте, халық санын жынысы, жасы бойынша бөлу топтық жас шамасы бір (жас шамасы әрқайсысы үшін жеке жыл) және 5 жыл болады. Соңғысы стандарттық топтастырылуға беріледі: 0-4 жыл, 5-9 жас, 10-14, 15-19 және т. б. 0-4 жылдағы топ өзіне жаңадан дүниеге келген барлық балалар мен 5 жасқа дейін өмір сүрген балалар жатады.

Әлеуметтік саясаттың мақсаты - халықтың жағдайын жоғарлату, өмірдің жоғары дәрежесі мен сапасын қамтамасыз ету болып табылады. Ол мынандай көрсеткіштермен сипатталады: жұмысбастылық, денсаулық, тұрғын үй, білім, мәдениет, экология сияқты материалды көздер табысы. Сол себепті әлеуметтік саясат міндеттері мыналар болып табылады:

• Табыстардың, тауарлар мен қызметтердің, сондай-ақ ұдайы халық өндірісінің материалдық және әлеуметтік шарттарының таратылуы;

• Абстрактілік кедейшілік пен теңсіздіктер масштабының шектері;

• Медициналық және кәсіби қызметтердің көрсетілуі;

• Тасымалдау қызметі сапасының артуы мен таратылуы;

• Қоршаған ортаның денсаулығы.

Әлеуметтік саясаттың субъектілері болып мемлекет пен азаматтық қоғамды (қоғамдық бірлестіктер, ұйымдар, кәсіпорын, фирмалар) қалыптастыратын құрылымдар болып табылады.

Әлеуметтік реттеудегі орталық орын федералды, аймақтық және жергілікті дәрежедегі мемлекет өкілдері мен орындаушы органдарының іс-әрекеттеріне тиесілі. Олар жалпы концепцияны жүзеге асырады, әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарын, оның стратегиясын, тактикасын анықтайды, заңды, құқықтық негіздерді қамтамасыз етеді, орындағы нақты жағдайларды жүзеге асырады.

Әлеуметтік проблемаларды шешудегі халықтың жеке категорияларының басты мағнасы - кәсіпорын, фирма шеңберінде жүзеге асырылатын әлеуметтік іс-әрекеттерге; саяси және қоғамдық бірлестіктер, қайырымды және ерікті ұйымдардың активтілігіне ие. Олар әлеуметтік саясатты жүзеге асырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан республикасындаы жұмыссыздыты төмендету мәселесі
Қазақстан Республикасы жұмыссыздық мәселесі
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық пен жұмысбастылық
Жұмыссыздық мәселесі туралы мәлімет
Еңбекке жарайтын халықтың жұмыс бастылығы
Қазақстан Республикасының аймақтарындағы жұмысбастылық жағдайы
Еңбек нарығындағы жұмысбастылықты мемлекеттік реттеу
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық мәселесі
Жұмыссыздық және оның әлеуметтік - экономикалық салдары туралы ақпарат
Жалақы және жұмысбастылық: монопсония және еңбек одақтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz