М. Дулатов - зерделі сөз зергері


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе

І тарау. М. Дулатов - зерделі сөз зергері

ІІ тарау. Міржақып Дулатұлының прозасы.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазақ әдебиеттану ғылымында XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі М. Дулатұлының өмірі мен шығармашылығы қоғамдағы объективті-субъективті жағдайлар нәтижесіңце тереңдеп зерттеле қойған жоқ, жаңадан басталды, соңғы он жылдың іші материалдар жинау, саралау, салмақтау, шолу, талдау жұмыстарымен сипатталады. Алғаш 1988 жылдан кейін мақала, естелік, пікір тұрғысыңда жарық көрген материалдар бірте-бірте кеңейіп, ғылыми еңбектерге ұласа бастады.

Міржақыптың қазақ әдебиетінің жанрлық байлығына қосқан үлесі, қазақ прозасын өркендетудегі қызметі, жаңашылдығы мен дәстүрлі жалғастырушылығы, публицистикалық мақалаларындағы ұлттық тәуелсіздік идеясы мен адамгершілік мәселелері, проза саласындағы ізденістері, әңгімелеріңдегі сатиралық әуендер арнайы зерттеулерді қажет етеді. Осы уақытқа дейін жарық көрген еңбектерде Міржақыптың қоғамдық-тарихи процестегі орны мен лирикалық шығармаларындағы азаматтық әуендер негізгі нысанаға алынғаңдықтан оның прозасы ара-тұра сөз етілгенімен толық жан-жақты зерттеу желісіне айналған жоқ. XX ғасыр басында Міржақыптың атын алты алашқа жайған оның өлеңдерімен қатар «Бақытсыз Жамал» романы мен өткір публицистикалық мақалалары, сатиралық, әңгімелері, оқу кітаптары. Осы жағдайларды негізге ала отырып, біз Міржақыптың прозасын арнайы зерттеуді мақсат тұттық. Сондықтан жазушының прозалық шығармаларын өз дәуіріндегі әдеби жағдайлармен тығыз байланыста алып қарастыруға, идеялық-көркемдік ерекшеліктерін ашуға, бүгінгі күн талабымен үндестігін ашып көрсетуге тырыстық.

Тақырыптың зертелу деңгейі. Жалпы, Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылығын әдебиет тарихы, сын ғылымында С. Қирабаев, Т. Кәкішев, З. Ахметов, Т. Қожекеевтер көлемді зерттеу мақалаларын жазса, З. Бисенғали «Бақытсыз Жамал» романының жанрлық ерекшелігін зерттесе, Ж. Өміржанова «Міржақып Дулатұлының прозасы» атты диссертациялық еңбек жазды. Дегенмен, ХХ ғасыр басында қазақ публицистикасы мен прозасының дамуына, көркейіп, өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан қаламгердің шығармасында қаралатын мәселелер әліде жетерлік. «Міржақып Дулатұлының прозасы» атты жұмыста М. Дулатұлының прозалық шығармаларын жан-жақты зерттеуге, олардың жанрлық-көркемдік ерекшеліктерін сипаттауға, бұған дейін ішінара сөз болып келген жазушы әңгімелері мен очерктерін, мақалаларын алғаш рет неғұрлым кең қарастыруға, Міржақып шығармашылығына ауыз әдебиеті дәстүрінен ауысқан сарындарды анықтауға, әңгімелерін зерттеу нысанасына айналдыруға талпыныстар жасалды.

Зерттеу жұмысының мақсаты М. Дулатұлының прозалық шығармаларын бүгінгі күн тұрғысынан зерделеу. Оның прозасының XX ғасыр басыңдағы қоғамдық санаға, әдеби процеске тигізген әсерін әрі қазақ әдебиетін дамытудағы маңызы мен үлесін анықтау. Осы мақсатқа орай алдымызға мынадай міндеттер қойылды:

- М. Дулатұлының әдеби-сын көзқарастарына сипаттама беру;

- жазушының шығармаларының өз заманындағы тарихи, қоғамдық-саяси құбылыстармен байланысын ашу;

- қаламгер әңгімелері мен публицистикалық шығармаларына талдау жасау;

- "Бақытсыз Жамал" романының жанрлық ерекшеліктеріне тоқталу;

- "Бақытсыз Жамал" романыңдағы фольклорлық сарындардың орны мен мәнін анықтау.

Зерттеу нысанасы. Тақырыптың мәнін ашу үшін Міржақып Дулатовтың публицистикалық шығармалары мен «Бақытсыз Жамал» романын негізгі зерттеу нысанасына айналдырдық.

Зерттеу әдістері . Бұл дипломдық жұмыс жинақтау, сараптау, бақылау, қорыту әдістерінің негізінде жазылды.

Жұмыстың құрылымы.

Диплом жұмысы кіріспе, негізгі бөлім мен қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Негізігі бөлімде «М. Дулатов - зерделі сөз зергері» және «Міржақып Дулатұлының прозасы» деп аталатын екі тарауда қарастырылады.

І тарау. М. Дулатов - зерделі сөз зергері

Еңбек жолын ауыл мұғалімі болудан бастаған Міржақып саяси-әлеуметтік жұмыстарға араласа келе, бұл істегі баспасөздің ролін тез түсіне қойған. Көңідегі ой-пікір мен игі идеяны қалың бұқараға жеткізуде, мемлекеттік үлкен мәселелер теңірегінде қоғамдық пікір қалыптастыруда газет, журналдың аса қажетті құрал екеніне көзі жеткен. Жиырма жасынан кейін-ақ өзінің бүкіл шығармашылық өмірін баспасөзбен байланыстырған. М. Дулатов журналисттік қызметін Петербургтен бастаған. Бірінші орыс революциясы тұсында онда татар тілінде «Үлфәт» атты газет шығып тұрған. Міржақып-1906 жылы Кадеттердің Оралда өткен съезіне қатысады да, артынша оның делегациясы құрамында Петербургке кетеді. Бара салып «Үлфәт» редакциясымен байланыс жасайды. Қазақ оқушыларына арнап, оның «Серке» атты қосымшасын шығаруға келіседі. Келесі жылы наурыз айының басында «Үлфәт» газеті бірнеше рет мынадай хабарлама жариялады: «Серке» есімінде нағыз қазақ тілінде бір журнал шығармақ пікірдеміз. Бірінші нөмірі осы март ішінде шықса керек. Алушыларға хақы: бір жылға екі теңге, жарты жылға бір теңге 25 тиын. Бірмелеп нұсқасы 10 тиын.

Айтқандай-ақ, «Үлфәттің» сол жылғы 28 наурыздағы 67-нөміріне қосымша ретінде «Серке» газетінің бірінші нөмірі жарық көрді. Әрі онда «Серке» есімінде нағыз қазақ тілінде журнал шығармақыны уағыда қылғандығымыз мәлімдеу. Журналдың көрсетміш нөмірі шықты. Алушы дәптері ашықдыр . . . Жазылушы «Үлфәт» идәресінде қабұл алынады» деген хабар берілді.

«Серке» журнал емес, газет болып шықты. Оны дайындап, жарыққа әкелуде М. Дулатов үлкен еңбек сіңірді. Бірінші нөмірінде «Жастарға» атты өлеңін жариялады.

Етемін үміт жастардан

Жаңа гүл шашқан бақшадай.

Мұратын оңай кім табар.

Жар салып жұртқа қақсамай,

Халыққа, жастар, басшы бол,

Қараңғыдан жетектеп.

Терең сайда өтер ме

Мың қойды серке бастамай. -

деп жастар алдына үлкен міндеттер қойды. Оларға зор сенім артты. Қой бастаған серкедей болып надандықта, түнекте жатқан қазақ халқын жарыққа алып шығуға шақырды. «Біздің мақсатымыз» атты мақаласында Міржақып патша үкіметінің ұлт аймақтарындағы отаршылдық саясатын сынап, бұратана халықтарға көрсетіп отырған, қиянатын, зорлық-зомбылығын әшкереледі. Осы үшін газет нөмірі бірден кәмпескеленіп, одан әрі шығарылуына тыйым салынды.

Бұл туралы «Үлфәт» газетін шығарушылардың бірі былай деп жазды: «Газет шыққан соң, бірер күн өткеннен кейін полиция келіп, қала начальнигінің «Серке», «Үлфәт» газеттерінің ұсталғаны туралы үкімін оқып, басқармада бар даналарын жинап, құлыптап кетті. Екінші күні тиісті орындардан себебін сұрағанымызда, олар: «Серке» газетіндегі кейбір мақалаларда қазақ халқын орыс халқына қарсы үгіттеу бар. Содан ұсталды деп жауап берді» («Нажат»-жинағы, Санкт-Петербург, 1907, 6-7-беттер) .

Сәті түспеген «Серкеден» кейін Міржақып «Айқаппен» байланыс жасады. Алғаш оның қызметін аса жоғары бағалады. Екі жылдығына арналған «Айқапқа» атты өлеңінде журналдың ел ішіндегі оң істерге сүйініп, теріс істерге күйініп, мұң-мұқтажды күзеткенін, жұрттың қамын ойлап, өз борышын ұққанын, елдің жүрек қанын, көз жасын қозғағанын, адасып теріс ыққанын түзу жолға салығанын, ақиқатты тура айтып, жасқанып, жасып бұқпағанын шабыттана жырлады. Қазақтан шыққан «жүйріктердің» шабысын көрсеткенін, қаламы өткір білімпаздардың дабысын алысқа жеткізгенін паш етті. Осы игі ісі үшін журналды ерлік көрсеткен «сырттаным», «жарқырай» жанған жұлдызым» деп таныды.

Жомарттықта бірінші

Орын алған ел едік.

Үш теңгеден өлмеспіз,

Кел, мырзалар, берелік. -

деп журналды қаржы жағынан қолдауға, жаздырып алуға шақырды.

Игілік жолдан тартынба,

Бекерге де шашасың, --

деп одан қаржы аямауға үгіттеді. Бұл үшін шыққан шығынның игілікті екенін түсіндірді.

Халыққа шашсын жемісін,

Жасасын, «Айқап», жасасын! -

деп ұрандады.

Бұдан кейін М. Дулатовтың журналистік қызметі қазақ" газетінде жалғасты. Ол іскер газетші, даңғыл публицист ретінде осында қалыптасты. Газетті шығарушы А. Байтұрсыновтың ең сенімді серік, оң көзі, оң қолы болды. Ақпан революциясына шейін «Қазақ» газеті халық үшін бірсыпыра игі істер істеді. Бірақ ол үнемі қуғын-сүргінмен шығып тұрды, айыптан бас ала алмады. Бұл туралы Міржақып бірде мынаны айтты: «Газет шығару, баспахана. алу - бес жылдан бері «Қазақты» шығарып келе жатқан, жас баласын тәрбиелеген анадай ыстық-суығын көрген бізге зор іс, зор қуаныш. «Қазақты» қай күні жауып тастайды, өзімізді қай күні айдап жібереді деген қауіп зор еді. Бірақ «бел байлап тәуекелге шоқыта бер, қансырап қашан барып жығылғанша» деп Нұржан ақын айтқандай, біз «құдайдың» не салғанына көнуге риза болып, жолымыздан тоқтамадық».

Ахмет пен Міржақыптың жазуынша, жәбірді олар алыстан көрмеген, ағайыннан көрген. Жау жақындарынан шыққан. «Құдай» қарғаған «бауырлары» арыз-шағымның астында қалдырған. «Қазақ» газетін шығарушы Байтұрсынов әм Мирякуб Дулатов өздерінің агенттері әм школдағы шәкірттері арқылы қазақ халқын үкіметке қар-у-жарақпен қарсы тұруға құтыртып жатыр», «министр шығарған законға көнбе . . . әділетсіздікке қарсы тұр» деп ақыл үйретіп жүр, «жастарды аздырып барады. Оларды Орынбордан айдап жіберсеңіздер екен» деп ызыңдаудан бір тынбаған. Ақыры «Қазақ» газеті 1918 жылы жабылды.

Міржақыптың Совет дәуіріндегі журналистік қызметі «Ақ жол» газетінде басталды. Сұлтанбек Қожановпен бірге ол 1920 жылы 5 желтоқсаннан осы газетті жарыққа әкелді. Бұл алай-түлей төңкерістер жасалып, аумалы-төкпелі кезеңдер болып, алмалы-салмалы үкіметтер ауысып, бүгін біреу, ертең өзге деген замандарды бастан өткізіп, жұрт жокшылықтың зардабын көріп, ашаршылық аранын ашыл тұрған кез еді. Осындай қиын-қыстау тұста «Ақ жол» газеті бірде қателесіп, бірде тап басып, тауып сөйлеп ел санасын оятуға, советтікидеяны таратуға ауыз толтырып айтарлық-тай үлес қосты.

Даңғыл журналист бүл газетте көптеген материалдар жариялап, қазақ-қырғыздың өмірлік проблемаларын «Әй-тен келсе, Бәйтен жоқтың» кебіне ұшыратпай: «сабақты ине сәтімен» деп уақтылы шешіп отыруды күн тәртібіне қойды. Түсін бояп, тонын айналдырып киіп, халық билей-тін мекемелерге отырып алып, баяғы тіске жұмсақ қазақ, қырғызды жем қылып, әлі де жүрегін жалғауды ниет еткендерді әшкерелеп тастап жүрді.

Бұл тұста Міржақыпта баспасөзге қатысты әрбір мәселеге белсене араласып, " одан оқырмандарды хабардар етіп отырды. Бұған бір ғана дәлел: Советтердің Бүкілроссия-лық VIII съезіне барған Түркістан екілдері Москвадан 123 пуд мұсылман харіптерін ала келді. 1921 жылы 23 қаңтарда соны кімге, қалай белу туралы Түркістан Орталык Атқару Комитетінің төрағасы Н. Төреқұлов мәжіліс өткізген. Осы жиынның басы-қасында больш Міржақып газетке отчет берген. Онда әлгі харіптердің көбі Ташкентте қал-дырьшып, оқу құралдарын шығаруға пайдаланылатын болғанын, біразын Әндіжанға, қалғанын Жетісуға жіберу ұйғарылғанын хабарлаған (26. 01. 1921) .

«Ақ жол» газетінің тіл, стилін жақсартуға да М. Дулатов көп күш салған. Бір жиында Оразбаев, Юнусов, Сұлтанхожаев сияқты өзбек жолдастар өздерінің «Қызыл байрақ» газетін таза өзбек тілінде шықпайтындығы, өзбектер өмірін жазбайтындығы үшін қатты сынаған, «Біз осы күні «Ақ жол» газетін оқимыз, түсінеміз. Өйткені бұл газет таза қазақ тілінде жазылып, халықтың жай-күйін көзге көрсетіп отыр» деген.

Семейде шығып тұрған «Қазақ тілі» газеті 1921 жылғы-29 шілдедегі нөмірінде «Қонақ» деген хабар берді. Онда «Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің бас жазушысы Міржақып Дулат баласы 24 шілдеде Семейге келді. Жұмысшы баспасөзі істерімен таныстырмақ. Келген жұмысын атқарған соң, Ташкентке қайтады» деп мәлімдеді. Бірақ ол қайтпады, біраз уақыт сонда сот орындарында істеп қалды.

Баспасездің даңғылы ендігі журналистік қызметін 1923 жылы Орынборда Қазақтың халыққа білім беру институтында істей жүріп «Қызыл Қазақстан» журналында жалғастырды. Мұнда «Тай - мінер» деген бүркеншік атпен «Тұрмыс салт-сана, оқу» (№15), «Дін әм ғылым» (і№ 16), «Жаңа~жазу ережелері» (№17-18) деген сиякты ғылыми мақалалар жариялады. Бұларда автор елге ілім-білімнің маңызын түсіндірді, жұртты оқуға, ғылым жетістіктерін игеруге үндеді. Сауатты жаза білудің ережелерін түсіндірді. Әрі Совет үкіметі окуға жаңа жол ашып, ол туралы арнаулы декрет қабылдаса да, бұл істің әлі де жөнді жолға қойылмай отырғанын сынады. Бірсыпыра кемшіліктердің бетін ашып, оны жоюға, істі түзетуге шақырды.

1926 жылы білгір журналист «Еңбекш. і казақ» реакциясына кызметке ауысты. Мұнда ол әсіресе газеттің бұқаралық-ұйымдастыру жұмысына, тілін ұстартын, стилін айқындауға баса көңіл бөлді. Ең алдымен тілшілермен жұмысты жандандырып, байланысты күшейтті. Бұған дейін редакцияда олардан қанша хат түсіп, қаншасы пайдаланылып, қаншасынан нәтиже шыққаны жөнінде ешбір мәлімет болмайтын еді. Енді азды-көпті есеп жүргізіліп, кейбір нақты деректер айтылатын болды. Мысалы, 1927 жылдың 10 айында редакцияға 1589 хат түскен. Оның 786-сы газетке басылған, 49-ы тексеруге жіберілген. 754-і пайдалануға жарамсыз болып шыққан.

Ал 1928 жылдың 7 айы ішінде «Еңбекші қазақта» 1274 хат жарияланған және тексеруге жіберілген. Соның 73 проңенті расталған, 27 проценті дәлелденбеген. Бұл уакытта тілшілер саны 639-ға жеткен. Оның 135-і өндіріс орындарынан, қала өмірінен жазып тұрды. Қалғандары ауыл өмірін, дала тынысын көрсетіп отырды. Әйелдер өмірін, олардың хал-жайын жазатын 32 әйел тілші шыкты («Еңбекші қазақ» газеті, 16. 09. 1928) .

Баспасөздің тілі туралы Міржақып «Газет тілі оңды болсын!» (28. 01. 1927) деген арнаулы мақала жариялады. Онда қазақ тіліне заңды түрде алынған терминдерден басқа да, жамау-жасқау сөздер, тілді шұбарлап, оның ұғымын ауырлататын жат сөздер көп сіңіп бара жатқанын айтты. Автордың пікірінше, осыдан сақтандыратын, осыған тосқауыл болатын орындардың бірі - баспасөз. Ол күн сайын пәлен мыңнан тарап тұрады. Оған неше түрлі адамдар жазады. Оның бәрі жатық жазатын, тілге шебер кісілер емес. Оның біреуі бұтып-шатып жазса, екіншісі үйренген ескі қалыппен жазады, үшіншісі тілдің басын жарьш, көзін шығарып жазады. Газет редакциялары осындай материалдарға биік талап қоймай, түзетпей, қырып-жонып, тезге салмай шикі күйінде жібере салады. Жұрт, әсіресе жазушы, тілші болу ойында бар жастар, осыдан үлгі алып, жарияланған нәрселерге сын көзімен қарамай, дұрыс-бұрысын парықтамай, орынсыз еліктеп, солай жаза береді. Мәселен, біреу «түсініс беремін» деп жазса, басқалар да солай айқындауға баса көңіл бөлді. Ең алдымен тілшілермен жұмысты жандандырып, байланысты күшейтті. Бұған дейін редакцияда олардан қанша хат түсіп, қаншасы пайдаланылып, қаншасынан нәтиже шыққаны жөнінде ешбір мәлімет болмайтын еді. Енді азды-көпті есеп жүр-гізіліп, кейбір нақты деректер айтылатын болды. Мысалы, 1927 жылдың 10 айында редакцияға 1589 хат түскен. Оның 786-сы газетке басылған, 49-ы тексеруге жіберілген. 754-і пайдалануға жарамсыз болып шыққан.

Ал 1928 жылдың 7 айы ішінде «Еңбекші қазақта» 1274 хат жарияланған және тексеруге жіберілген. Соның 73 проценті расталған, 27 проценті дәлелденбеген. Бұл уақытта тілшілер саңы 639-ға жеткен. Оның 135-і ендіріс орындарынан, қала өмірінен жазып тұрды. Қалғандары ауыл өмірін, дала тынысып көрсетіп отырды. Әйелдер өмірін, олардың хал-жайын жазатын 32 әйел тілші шықты («Еңбекші қазақ» газеті, 16. 09. 1928) .

Баспасөздің тілі туралы Міржақып «Газет тілі оңды болсын!» (28. 01. 1927) деген арнаулы мақала жариялады. Онда қазақ тіліне заңды түрде алынған терминдерден басқа да, жамау-жасқау сөздер, тілді шұбарлап, оның ұғымын ауырлататын жат сөздер көп сіңіп бара жатқанын айтты. Автордың пікірінше, осыдан сақтандыратын, осыған тос-қауыл болатын орындардың бірі - баспасөз. Ол күн сайын пәлен мыңнан тарап тұрады. Оған неше түрлі адамдар жазады. Оның бәрі жатық жазатын, тілге шебер кісілер емес. Оның біреуі бұтып-шатып жазса, екіншісі үйренген ескі қалыппен жазады, үшіншісі тілдің басын жарып, көзін шығарып жазады. Газет редакциялары осындай материалдарға биік талап қоймай, түзетпей, қырып-жонып, тезге салмай шикі күйінде жібере салады. Жұрт, әсіресе жазушы, тілші болу ойында бар жастар, осыдан үлгі алып, жарияланған нәрселерге сьн көзімен қарамай, дұрыс-бұрысын парықтамай, орынсыз еліктеп, солай жаза береді. Мәселен, біреу «түсініс беремін» деп жазса, басқалар да солай «түсініс береді» де отырады. Біреу «Некен заманында» деп жазса, Николай атамайтын атасының атындай, басқалар да солай сүйкей береді.

Осыны айтады да, тілмәр, стилист журналист газетте басылатын әрбір материалды ұқыпты окып, түзетіп, тілін ширатып жіберуді талап етеді. Редакциялардын бұл орайда жауапкершілікті сезбейтінін, көбіне материалдың мазмұн. мағынасына ғана қарап, тіл стиліндегі кемшіліктерді ескермейтінін сынайды. Тілмен катар мән берілетін және бірнәрсе - емле екенін, газет материалдарының емлесінде де қаяу болмауға керектігін ескертеді.

Қызылордада, «Еңбекші қазақ» газетінің редакциясында қызметте жүрген Міржақыпты 1927 жылы жазда қазіргі Жамбыл облысындағы Свердлов ауданында сол кезде адвокат больш істейтін, торғайлық жерлесі Жұмыр Есмурзин қонаққа шақырған. Жақаң жұбайы Ғайнижамал, ағасы Асқардың қызы Ботагөзді ертіп, ұлы Әлібекті алып Әулиеатаға келген. Үй тіккізіп, бие байлатып, қымыз ішіп, демалып біраз жатқан. Ел аралап, жер таныған. Сол өңірдегі Дербіс бай, Бұралқы болыстармен жүздескен. Халықтың тіршілік сыңайына, салт-санасына ден қойған. Журналист ретінде кейбір шаруашылықта болып, оның жұмыс жайын көрген.

Осы сапарынан Міржақып бірсыпыра ойлар түйіп қайтқан. Кейін жергілікті халық, оның дағдысы туралы мынадай пікір қалдырған: «Әулиеата елі - малды, қазақы ел. Ас-той, көкпар, бәйге дегенің бұл елде әлі қалған жоқ. Сентябрь туысымен үлкен-үлкен астар болады. Бұл елде бәйге аты аса қадірлі. Асты бұл ел бәсекемен береді, бірінен-бірі асырмақ болады. Бас бәйгеге 5 мың сом, 3 мың сом, иә пәлен жүз қой тігуші екінің бірінен табылады. Тек малы болсын, иә атағы болсын». Мұнда Жақаң, бір жағынан, ел байлығын, ел мырзалығын керсетсе, екінші жағнан, бос дарақылықты, орынсыз мақтанқұмарлықты іле кеткен.

М. Дулатов атты, жылқы баласын қатты қадірлеген. Ит ертіп, атқа мініп аңшылық етуді жаны сүйген. «Алагөз» атымен Сырдьщ қалың қорысында аң аулап, құс атып талай жорытқан. Атқа деген осы құштарлық Әулиеатадан 7-8 шақырым жерде жылқы заводы бар дегенді естігенде ол елең ете түскен, жаны жай таппаған. Әдейілеп екі рет сол заводқа барып, ондағы жылқы есіру жайымен танысқан. Кейін «Еңбекші қазақ» газетінде «Әулиеата жьлқы заводы» (13. 10. 1927) атты очерк жариялаған. Онда журналист бірінші Дүниежүзілік соғыс, революция, Азамат соғысы кезінде де асыл тұқымды мал шығарумен шұғылданған, Совет екіметі тұсында шаруасы түзеле бастаған завод емірінен бірсыпыра проблема кетерген.

Жақаң алдымен заводтың жалпы жайын былай баяндайды: «Заводтың өзінің салдырған үйлері, кора-қопсысы, орманы, шабындығы, ерісі бар . . . Заводтағы арғымақ айғырлардың ат корасы (әрқайсысына жеке-жеке белме) біздің қырдағы байларымыздың үйінен артық . . . Онда ағылшын, турікпен, ағылшын-араб, қара байыр сықылды жақсы тұқымның бәрі бар. Завод әр тұқымды бірімен бірін аралас-тырып, асылдандыру ісімен айналысады . . . Мәселен, мұнда әкесі ағылшын, иә түрікпен тұқымдас, енесі қазақы бие будандар өсіріледі. Бір тұқымның өзді-өзін де асылдандырып, бағып-қағудың арқасында жүзіктің көзінен еткен-дей жылқыларды кердік».

Мұнан соң журналист ондағы малшылардың жылқыларды біздің қазақ өз көзімен көрмесе, айтқанға нанбастай дәрежеде күтетінін тамсана әңгімелеген. . Жақаңның өзін тыңдап көрейік: «Заводқа бір барғанда кешкі сағат 4-5 шамасы еді. Завод бастығынан аттарын көруге рұқсат сұрадық. Ол «қазір аттар ұйықтап жатыр, мазасын алуға болмайды» деді. Амал жоқ, «ақсүйектердің тұруын» күттік. Бір мезгідде ат қоралардың құлыптары ашылды. Әр бөлмеде көздері оттай жанған, шиыршық атып, көкке қарап тұрған, суреттен сұлу жануарларды көрдік.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алаш зиялыларының оқу-тәрбие үрдісіне қосқан тәрбиелік үлесі
Міржақып дулатов- зерделі сөз зергері
М. Дулатовтың өмірбаяны
Есенберлин романындағы алаш рухы
Сайын Мұратбековтың әңгімелері
М.Әлімбаевтың тәлімдік көзқарастары
А.Байтұрсынов мұраларының ғылыми педагоги- калық негіздері
Ы. Алтынсариннің бала тәрбиелеудегі еңбектері
Мұхтар Әуезовтың педагогикалық көзқарасы
Ғабит Мүсірепов шығармаларындағы ана тақырыбы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz