Ақша айналысы, оның маңызы мен құрылымы



Жоспар:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І Бөлім. Ақша. Ақшаның мәні, экономикалық мазмұны мен атқаратын қызметтері.
1.1 Ақшаның пайда болуы мен дамуы кезеңдері ... ... ... ..4.5
1.2 Ақшаның рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6.7
1.3 Ақшаның атқаратын қызметтері ... ... ... ... ... ...8.10

ІІ Бөлім. Ақша айналысы, оның маңызы мен құрылымы.
2.1 Ақша айналымының заңы ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2.2 Ақша айналымы. Инфляция, оның түрлері ... ... ... ... 12.13

ІІІ Бөлім. Ақша жүйесі мен оның элементтері.
3.1 Ақша жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
3.2 Ақша жүйесінің элементтері ... ... ... ... ... ... ... ..15
3.3 Биметализм мен монометаллизм жүйесі ... ... ... ... .16.17

Қорытынды Қолданылған әдебиеттер.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
-4-
І Бөлім. Ақша. Ақшаның мәні, экономикалық мазмұны мен атқаратын қызметтері.
1.1 Ақшаның пайда болуы мен дамуы кезеңдері.

Ақшаның пайда болуы мен мәні жайлы біркелкі шешімін тапқан жоқ.
Экономикалық мектеп өкілдерінің бірі ерте дүниедегі грек ойшылы Аристотель
ұсынғын қағидаға сүйене отырып, ақшаны – белгілі шарт, адамдар арасындағы
саналы келісім нәтижесі ретінде қарады. Басқа бағыттағы мектептің өкілдері
ақшаны – мемлекет бекіткен тауарды айырбастауға қажетті құрал ретінде
қарастырған. Үшінші өкілдері ақша өзінің табиғаты бойынша алтын мен күміске
жататындығын айтқан.
Ақшаның пайда болуын түсіндіру үшін, тауар құны қатынасында
қорытындылатын, құнның даму көрінісіне көз салып, оның қарапайым терең
байқалатын бейнесін, көзді алатын ақшалай түріне дейін қарау керек. Сонда
ғана оның жұмбақтығы да жойылады.
Тауардың айырбасталу кезеңінде құнның көрінісі төмендегідей түрге
ие болады: алғашқысы жай немесе кездейсоқ, ол алғашқы қауымдық қоғамда
бірінші ең ірі еңбек бөлінісінен соң, жалпы алғашқы қауым тайпасынан
малшылар тайпасының бөлінуі арқылы пайда болды. Бір тайпалар малмен
айналысса, ал екіншілері – жермен айналысты, сөйтіп өнімді айырбастау үшін
экономикалық негіз пайда бола бастады. Мұндай айырбас алғашқыда кездейсоқ,
бірегей сипатқа ие болды:

Т Т экв.
(1 қойға = 1 қап астық) экв.
-5-
Бұл мысалымызда бірінші тауар (қой) өзінің құнын (1 қап астық)
айырбасын көрсетсе, онда салыстырмалы құн түрінде болғаны, ал бір қап астық
оның эквиваленті болып табылады, яғни эквивалентті түрде болғаны.
Тауар өндірісінің ары қарай дамуы тауар айырбасын реттелікпен
жүргізуге алып келді. Айырбаста екі ғана емес, одан да көптеген тауар
түрлері қатысады. Құнның – толық немесе кеңейтілген екінші түрі қалыптасты.

Т(1 қой) Т1 (1 қап астыққа) экв.
Т2 (1 балтаға) экв
Т3 (5 құмыраға) экв
Т4 (2 гр. алтынға) экв
Осы қатардағы тауарлар эквивалент болып табылады, қойға қайта
деген қоғамдық еңбек шығындарын куәландырады.
Кейініректе жалпылама эквиваленттік ролді игілікті металдар
(алтын, күміс) атқара бастады, себебі оның өзіне тән бірқатар артықшылығы
болды: жеңіл бөлінетіндігі, біртектілігі, жақсы сақталатындығы, ең маңызды
артықшылығы сол, осы металдардың аз ғана бөліктерінде көптеген еңбектің
сіңірілгені болып табылады. Құнның ақшалай түрін былай көрсетуге болады:
Т1 1 қап астық Т2 1 балта
А (2 гр. Алтын) – (тауар делдал – жалпылама
эквивалент)

Т(1 қой)
Т3 5 құмыра

-6-
1.2 Ақшаның рөлі.
Ақша – бұл жалпы эквивалент ролін атқаратын ерекше тауар.
Бірнеше жүз жылдықтар бойы көптеген халықта ақшаның рөлін мүйізді
ірі қара мал атқарды. Біртіндеп жалпы эквивалент рөлін алтын атқарды. Оған
оның мынадай қасиеттері әсер етті.
1. сапалық біртектілік;
2. сандық (еркін) бөлінуі;
3. қолайлылығы (алтынның аз мөлшеріне көп жұмыс күші кетеді);
4. сақталуы.
Алтын – еңбек сыйымды және сирек металл. Әлемдегі ерте заманнан
қазіргі кезге дейінгі қазылып алынған алтынның мөлшері 100 мың тоннаға
бағаланады.
Әдеттегі тауар ретінде алтын тұтыну құнына және құнға ие. Алтынның
тұтыну құны өнеркәсіпте әшекейлі заттар, алтын жалату үшін қолданылады және
т.б. алтынның құны еңбек құн теориясына сәйкес алтынды өндіруге кеткен
қоғамдық қажетті еңбекпен анықталады.
Алтын жалпы эквивалент ретінде мынадай қасиеттерге, ерекше тұтыну
құнын оның басқа тауарлардың құнын өзінің құнына теңес тіру қасиетінен
көруге болады. Алтын құнының ақшалық материал ретіндегі ерекшелігін тікелей
жалпы айырбасталу формасына ие болуынан көрінеді.
Ақшаның осы заманғы концепциялары ХҮІІ – ХҮІІІ ғасырларда пайда
болған теориялардан туындайды. Ең алдымен бұл ақшаның металдық, номиналдық
және сандық теорияларына байланысты болады.

-7-
Әдеттегі тауар ретінде алтын тұтыну құнына және құнға ие.
Алтынның тұтыну құны өнеркәсіпте әшекейлі заттар, алтын жалату үшін
қолданылады және т.б. Алтынның құны еңбек құн теориясына сәйкес алтынды
өндіруге кеткен қоғамдық қажетті еңбекпен анықталады.
Алтын жалпы эквивалент ретінде мынадай қасиеттерге, ерекше тұтыну
құны мен құнның ерекше фолрмасына ие. Ерекше тұтыну құнын оның басқа
тауарлардың құнын өзінің құнына теңестіру қасиетінен көруге болады. Алтын
құнының ақшалық материал ретіндегі ерекшелігін тікелей жалпы айырбасталу
формасына ие болуынан көрінеді.
Ақшаның осы заманғы концепциялары ХҮІІ – ХҮІІІ ғасырларда пайда
болған теориялардан туындайды. Ең алдымен бұл ақшаның металдық, номиналдық
және сандық теорияларына байланысты.
Ақшаның металлдық теориясы капиталдың алғашқы қорлану кезеңінде
пайда болды. Оның өкілдері меркантилистер, яғни У. Стаффорд, Т. Ман, Д.
Норс және т.б. олар ақшаның қызметтерін қазына ретінде және әлемдік ақша
ретінде абсолюттеді және осының негізінде ақшаны асыл металдармен
теңестірді. Мемлекеттің манетаны бұзуына қарсы шықты. Ақшаны әлеуметтік
қатынастар емес, зат ретінде қарастырды.
Ақшаның номеналды теориясын құрушылар римдік және ортағасырлық
юристер болып табылады. Кейінірек оны Дж. Беркли мен Дж. Стюарт дамытты.
Номеналисттер ақшаны тауарлар айырбасына қызмет ететін шартты белгі, есеп
бірлігі ретінде көрсетті және ол мемлекеттік биліктің өнімі болып табылады
деп есептеді.

-8-
1.3 Ақшаның атқаратын қызметтері.
Классикалық саяси экономия бес қызметін көрсетті: құн өлшемі,
айналыс құралы, төлем құралы, қорлану (жинау) құралы (қазына), әлемдік
ақша.
Осы заманғы экономикалық ғылым негізгі екі топқа көңіл бөледі: құн
өлшемі мен айырбас құралы.
Ақшаның құн өлшемі ретіндегі қызметі ақшаның барлық тауарлардың
құнын өлшеу қабілетінен тұрады.
Бұл үшін қолдағы ақшаның қажеті жоқ, яғни, құн өлшемі қызметін
санадағы ойлы ақшалар да атқара алады. Басында ақшаның бұл қызметі атқаруы
үшін өзінің құны болу керек болды. Бұл қызмет алтынға бекітілді.
Алтынның құнында көрсетілген тауардың құны баға деп аталады.
Тауардың құны неғұрлым көп болса, соғұрлым ол алтынның көп мөлшеріне
теңестіріледі. Яғни, тауардың бағасы тауардың құнына тура тәуелді болады.
Тауардың бағасына т ауардың құны ғана емес, алтынның құны да әсер етеді:
егер ол көтерілсе, тауардың бағасы түсуі керек және керісінше. Еңбек құн
теориясының бастапқы жағдайлары осындай шиеленіскен көптеген факторлардың
көрсетілген категорияларымен тікелей байланыстар қарастырылады.
Ақша – айналыс құралы қызметін Т-А-Т формуласы бойынша тауарларды
айырбастауда делдалдық ролін ороындаған кезде атқарады. Бұл формула екі
актіге бөлінеді: сату Т-А және сатып алу А-Т. Тауардың иесі оны сатып, ал
сатып алуды кейінге қалдыруына болады және ақшаны өзінде ұстай тұруына
болады. Сол кезде басқа біреу өз тауарын сата алмайды. Яғни, бұл қызметтің
орындалуына байланысты ұдайы өндіріс дағдарысының формальды мүмкіндігі
туындайды.
-9-
Айналыс құралы ретіндегі ақша монета және қағаз ақша формасында
болады.
Монета – бұл ерекше формасы мен пробасы бар металлдың кесегі.
Монета деген сөздің пайда болуы б.з.д. ІҮ ғасырдағы ежелгі Римнің ақша
белгілері басылып шығарылған Юнона – монета деген храмның атымен
байланысты.
Алтын – жұмсақ металл және айналыстағы алтын м онеталар салмағын
жоғалтады. 2600 ж. ішіндегі алтын монетаныңайналыстағы жалпы жойылу шамасы
20 мың т алтын болды. Тозып қалатын монеталар сапасы және өлшемі кеми
бастайды, ал ақша айналыс құрал қызметін үздіксіз атқаратындықтан, алтын
ақшаларды арзан металл, қағаз ақшаларға ауыстыру қажеттігі туады.
Қағаз ақшаның өзінің құны болдмайды, сондықтан құн өлшемі қызметін
атқармайды, тек алтынның баламасы болып табылады.
Тауарларға бағаның көтерілуіне себепкер ақшаның құнсыздануы
инфляция деп аталады.
Жалпы түрде айналысқа қажетті ақшаның саны тауарлардың бағаларының
қосындысын біртекті ақша бірлігінің айналысынығң санына бөлу арқылы
анықталады. Қалыпты жағдайларда, ақша байлықтың абсолютті көрінісі болып
табылады және үлкен өтімділікке иеп, яғни тез өтелу қабілетіне ие.
Егер бір тауарды сатқаннан кейін уақытша айналыс тоқтаса, алтын
ақша айналыс сферасын біртіндеп тастап шығады және қазынаның құрылуы
артады. Алтын жеке қолдарға жинақталды. Алтын қазына қызметін алтын кесек,
монеталар, алтын немесе күмістен жасалған әшекей бұйымдар формасында
атқарады.

-10-
Мемлекеттік және жеке адамдардың алтын қорлары жалпы байлықты
құрайды. Қағаз ақшалар қазына бола алмайды. Себебі, өзінің құны жоқ, бірақ
қорлану құралы қызметінде көрінеді.
Тауарлы өндірістің дамуына байланысты тауарларды кредитке сатудың
қажеттілігі туындайды. Әр түрлі мерзімде тауарларды дайындау мен өткізу
құбылысы бұған себепші болады. Кредитті ақша - ақша төлем құралы ретінде
өмір сүрудің жаңа формасына ие болуда. Оларға вексельдер, банкноттар,
чектер жатады.
Ақшаның елдер арасындағы айналыста барлық қызметін атқаруы -
әлемдік ақша деп аталады. Әлемдік ақша ролін салмағы бойыншща алынатын
алтын атқарады. Бір елден екінші елге қозғала отырып, әлемдік ақша қоғамдық
байлықтың жалпы іске асуына қызмет етеді.

-11-
ІІ Бөлім. Ақша айналысы, оның маңызы мен құрылымы.
2.1 Ақша айналымының заңы.
Тауар айналымына қызмет жасайтын ақша айналымы, ақша айналымының
экономикалық заңымен анықталады және нақты тауар айналымын қамтамасыз етуге
қажетті ақша санына (Аа) сай болады және мынандай формуламен анықталады:

Аа= ∑ С А
Мұндағы ∑ С – тауар бағасының сомасы;
А – бір есімдегі ақша бірлігі айналымының саны.
Нарықтық жағдайында айналымдағы ақша саны әрбір кезеңде үш
фактордың стихиялы өзара іс әрекетімен – айналатын тауардың массасымен,
олардағы бағаның қозғалысымен, ақша айналымының жылдамдығымен – анықталады.
Алайда ақша айналым құралы ретінде ғана қызмет жасап қоймай, төлем
құралы қызметін де атқарады. Сондықтан да жоғарыда қарастырған айналым үшін
қажетті ақша саны формуласы (Аа), кәдімгідей өзгеріске ұшырап, төмендегідей
түрге ие болады:
Аа = БС-Н+Т-ӨЕ Ш
Мұндағы Аа – айналымда болатын ақша саны;
БС - өткерілуге жататын тауар бағасының сомасы;
Н – несиеге өткерілетін тауар бағасының сомасы;
Т – мерзімі келген төлемдер;
ӨЕ - өзара есеп айырысу;
Ш – бір өлшемді ақша бірлігі айналымының шапшаңдығы.

-12-
2.2 Ақша айналымы. Инфляция, оның түрлері.
Ақша айналысы – бұл төлем құрал мен айналыс құралы қызметтерін
атқаратын ақшаның үздіксіз қозғалысы.
Тауар массасы мен айналымда болатын ақша бірлігі санының
арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы, тауарды қамтамасыз ете алмайтын ақша
бірлігінің пайда болуы инфляцияны білдіреді – ақшаның сатып алу
қабілетінің төмендеуі, құнсыздануы. Бұл тауар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша айналысының тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері
Қазақстанда ақша айналымының жағдайы
Ақша айналысының тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері жайлы
Ақша айналысы және оның дамуы
Ақша айналымындағы ақшаның ролі және оларды шығару
Ақша айналымы туралы ұғым
Ақша айналымының құрылымы
Ақша айналысының сипаттамасы және оны арттыру жолы
АҚША АЙНАЛЫСЫ ЖӘНЕ АҚША АЙНАЛЫМЫ
Ақша айналысының құрылымы
Пәндер