Ақша мәні, мен мақсаты



МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 . тарау. Ақшаның мәні және атқаратын қызметтері
1.1. Ақшаның шығу тегі, пайда болу кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Ақшаның қажеттілігі мен экономикалық мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.3. Ақша қызметтері және олардың қазіргі жағдайдағы дамуы ... ... ... ... ..13

2 . тарау. Қазақстандағы ақша реформаларын қалыптастырудың тиімді жақтары
2.1. ХХ ғасырдың басы мен орта шеніндегі ақша реформалары ... ... ... ... ..18
2.2. Кеңестер одағынан тәуелсіздік алғанға дейінгі ақша реформасының мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
2.3. ҚР тәуелсіздік алғаннан кейінгі ақша реформасын тұрақтандыру мен қалыпқа келтірудің шешімді жолдары мен мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... .25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 – тарау. Ақшаның мәні және атқаратын қызметтері
1.1. Ақшаның шығу тегі, пайда болу
кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..5
1.2. Ақшаның қажеттілігі мен экономикалық
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.3. Ақша қызметтері және олардың қазіргі жағдайдағы
дамуы ... ... ... ... ..13

2 – тарау. Қазақстандағы ақша реформаларын қалыптастырудың тиімді жақтары
2.1. ХХ ғасырдың басы мен орта шеніндегі ақша
реформалары ... ... ... ... ..18
2.2. Кеңестер одағынан тәуелсіздік алғанға дейінгі ақша реформасының
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
2.3. ҚР тәуелсіздік алғаннан кейінгі ақша реформасын тұрақтандыру мен
қалыпқа келтірудің шешімді жолдары мен
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... 25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .30

Кіріспе
Қазіргі Қазақстан экономикасы, соның ішінде ақша және қаржы
шаруашылығы, ақша – несие жүйесін реформалау, қатаң инфляция жағдайында
бізде бұрын соңды болмаған жаңа ақша қатынастары, қаржы институттарының
жаңа түрлерінің пайда болуы, нарық экономикасымен және меншіктің көп түрлі
формасына бейімделген екі буынды ақша жүйелерінің қалыптасуы, жоғары
дәрежеде монополияланған мемлекеттік банктік құрылымдардың әкімшілдік -
әміршілдік басқару жүйесінен пайда табуға, коммерциялық жетістіктерге қол
жеткізуге бағытталған жеке және ұжымдық меншікке негізделген бірқатар
маңызды өзгерістерді жүзеге асыруда.
Айналыста жүре отырып, ақша әрі айналыс құралы, әрі төлем құралы
қызметтерін атқарады. Сонымен, тауарды сатудан түскен ақша қарыздарды
өтеуге жұмсалуы мүмкін. Өз кезегінде, қарызды төлеуге түскен ақшалар
тауарлар алу үшін қолданылуы мүмкін.
Өмірлік тәжірибе көрсеткендей ақша айналысын ақша айналамынан бөлуге
болмайды. Ақша айналымын қолма – қол және қолма – қолсыз деп қатаң түрде
шектеулі ғалымдар онша қабылдай қоймайды.
Жалпы айтар болсақ Қазақстан Республикасының ақша жүйесі 1995 жылы
наурыздағы Қазақстан Республикасы Ұлттық банк туралы Қазақстан
Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығына сәйкес ұйымдастырылған.
Яғни мұнда ақша айналысын ұйымдастыру негізін және формаларын белгілейді,
онда ресми ақша бірлігі, ақша бірлігінің эмиссиясы, сонымен қатар
монеталарды жасау тәртібі, ақша айналысын ұйымдастыру және реттеу
тәртіптері қамтылады.
Ақша – жалпы бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа
тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуыменен тауар
өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.
Жалпыға бірдей эквивалент ролі тарихи түрде алтынға бекітілген.
Алтынның басқа барлық тауарлардың құнын бейнелеу қасиеті, оның табиғи
қасиеті емес. К.Маркс айтқандай: Табиғат ақшаны жаратпайды. Алтынға бұл
қасиет қоғаммен берілген.
Таңдалған курстық жұмыстың мақсаты – ақша түсінігі мен ақша айналымын
анықтай отырып, қазіргі қазақстандағы ақша несие саясатының негіздерін
зерделеуді қамтиды. Қазір бізде үлкен экономикалық даму кезеңінде ақша
реформасының да біраз өзгеріске келгені байқалуда. Сол себептен бұл
жұмыстың тақырыбы өте ауқымды.
1 – тарау. Ақшаның мәні және атқаратын қызметтері
1.1. Ақшаның шығу тегі, пайда болу кезеңдері
Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы
бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе
айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат), оны
өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын
қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті
алғышарттарды құрайды. Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер (нақты
еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам
тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны;
мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы.
Сондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну құнын алу құралы бола отырып,
өзінің өндірушісінің қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді.
Айырбас құн тауарларының өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз
бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша.
Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның
құны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады.
Тауарлар және ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы
жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір-бірін табады және өзара бір-
біріне ауысады.
Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде бір тауардың басқа бір тауарға
кездейсоқ айырбасталынуы барысында, айырбас құнның жай немесе кездейсоқ
формалары қолданылады (1 балта = 5 құмыра, 1 қой = 1 қап бидай және т.б.).
Тауар өндірісінің дамуы барысында кездейсоқ айырбас жиіленді. Жалпы
тауар массасының ішінен барынша жиі айырбасталатын тауардың бөлініп
шығуымен құнның жай формасы толық формаға өте бастады. Мысалы, бидайды
етке, майға, жүнге және т.б. айырбастауға мүмкін болды.
Тауар айналысының тарихи эволюциялық даму процесінде жалпы құндық
эквивалент немесе ресімделінбеген ақша формасын, әр түрлі тауарлар
қабылдады. Әрбір тауарлы-шаруашылық уклад өз эквивалентін тартады. Бір
халықтың өзінде әр түрлі уақыттарда және әр түрлі халықтарда бір мезгілде
әр түрлі эквиваленттер болды. Сонымен, бірінші, ірі еңбек бөлінісінің
нәтижесінде мал бағушылардың бөлініп шығуымен мал (ірі қара) айырбас
құралына айналды. Олардың белгілі түрлері табиғи-климаттық жағдайларға
байланысты нақты сол ортада айырбас құралы болды. Шалғынды аудандарда –
жылқы, сиыр және қой; ал шөл және шөлейт аудандарда – түйе; тундрада – бұғы
жалпы құндық эквивалент қызметін атқарды. Малды жалпы эквивалент ретінде
пайдаланылғаны туралы нақты дәлелдер әр түрлі қолжазбаларда, қазба
жұмыстарының нәтижелерінде табылған заттарда, поэзияларда кездеседі.
Гомердің көне Троя батырлары туралы поэмасында өгізді құн өлшемі ретінде
пайдаланғаны жайлы айтылады. Осы уақыттарда металдан жасалынған ақшаларда
өгіз деген атау ойып өрнектелініп жазылып жүрді. Латынның сөзі пекуния
(ақша) пекус (мал) сөзінен шыққан. Рупа (мал) сөзі үнділердің ақша
бірлігінің атауы рупия негізінде жатыр. Ежелгі Русьтарда да ақша металл
ақшаларға ауысқаннан кейін де мал деген атауға ие болды. Ярослав Мудрый
1018 ж. былай деген біздің жинаған малдарымыз: ерлерден 4 кун,
старостылардан 10 гривен және боярлардан 18 гривенен тұрады. Ол кездегі
қазынашы малшы, қазына, қазына жинау орны – мал ұстайтын орын деп
аталынды.
Капитал сөзінің шығуы да малменнен байланысты, өйткені ескі герман
тілінде бұл сөз мал басы санының көптігін білдіре отырып, меншік иесінің
байлығын көрсетті.
Солтүстік халықтары ең бірінші тауар ретінде айырбас үшін жүнді
пайдаланды. Ежелгі скандинавтар көлемі бойынша әр түрлі тауарлар сатып алу
барысында құстардың, аңдардың жүндерін пайдаланды (үкі, түлкі және т.б.).
Құс жүндері Солтүстік Сібір халықтарында, ал аң жүндері Солтүстік Америка
халықтарында жалпы құндық эквивалент ретінде қолданылды. Жүн ақшалар
Монғолияда, Тибетте және Памир аудандарында кең көлемде таралды. Ежелгі
Русьтардың арабтармен, хазарлармен, Византиямен сауда-саттық жасауы
барысында жүн ең басты құралдарының бірі болды. Ежелгі Русь елінде жүн ақша
жүйесінің бүгіні болып саналды. 1610 жылы жаулап алынған орыстардың әскери
кассасында 5450 руб. күміс пен 7000 руб. жүн табылды.
Жылы теңіздердің жағасын мекендеген тайпалар айналыс құралы ретінде
бақалшақ (раковинді) ақшаларды пайдаланды. Тарихта бақалшақ алқалардың
келесі атауларысақталынды, бұлар: чангос, цимбис, бонгез, хайква және т.б.
Көлемі түймедей ақшыл-қызғылт бақалшақ Кари көптеп таралды. Безендірулер
түрінде жіпке тізілгендері Ежелгі Үнді елінде, Қытайда, Үндіқытайда,
Африканың Шығыс жағалауларында, Цейлонда және Филиппин аралдарында алғашқы
ақшалардың қызметін атқарды. Американдық үнділердің белдіктерінде бақалшақ
ақшалар құстардың, жыртқыш аңдардың келбет-кескінін көрсете өрнектеліп,
былғары белдіктерге көрік берді. Бақалшақтарды Солтүстік Американың Тынық
мұхит жағалауларында, Полинезияда, Каролин және Соломон аралдарында айырбас
құралы ретінде пайдаланылды.
Бақалшақ ақшалар тауар ақшалардың ең бір тұрақты формасы болып
табылады. Біздің бүгінгі күндерімізге дейін өмір сүре отырып, олар ешқандай
өзгеріске ұшыраған жоқ. ХХ ғасырдың 70-жылдарының басында Соломон
аралдарының кейбір тұрғылықты тұрғындарының ақша айналысы ретінде
бақалшақтардың үш түрі: ең арзаны – қара түсті (курила), ақ түсті (галиа),
аса қымбас – қызыл түсті (ронго) пайдаланылды.
Әлемде әр түрлі экзотикалық ақшалар болған. Каролин аралдары тобына
кіретін Яв аралында осы күнге дейін феи ақша айналысында қызмет етеді.
олардың формасы дөңгелекше тас түрінде келе отырып, диірменнің тасын еске
түсіреді. Мұндай монеталардың диаметрі бірнеше метрге, ал массасы тоннаға
дейін жетеді. Сауда мәмілесі орындалғаннан кейін сатушы феяға бұрынғы
иесінің белгісін өшіріп, өзінің белгісін соғады.
Юлий Цезарь патшалығының тұсында ақша ретінде құлдарды пайдаланды.
Сонымен, бір құлдың құны үш сиыр, алты бұзау, он екі қойға теңестірілді.
Металл ақшаларының артықшылығы, олар – біркелкі, төзімді,
ұсақталынады, және т.б. Металл ақшалардың кең таралуымен ақша есебінің
салмақтық жүйесі нақтылана түсті.
Кейін келе металдардың арасында басты роль алтын мен күміске өте
бастады, өйткені олар жалпы эквивалент үшін аса қажетті сапаға ие.
Әрине, металдар бұған дейінгі ақша формаларын бірден ығыстырып шығарып
тастаған жоқ. Ұзақ уақыт бойы металл ақшалар тауар формасымен сақтап келді.
Темір ақшалар күрек, таға , шеге, шынжыр және т.б. формаларда ұзақ уақыт
бойына сақталынды. Грек ақшасының атауы драхма бір уыс шеге деген
мағынаны білдіреді. Мыс ақшалар қазандық, құмыра, қалқан түрлерінде
айналыста болды. Күміс және алтын ақшалар жүзік, сырға, білезік түрінде
пайдаланылды.
Бірақ б.э. дейін ХІІІ ғасырда салмағы көрсетілген құймалар пайда бола
бастаған. Осындай себепке байланысты көптеген ақша бірліктері фунт
стерлинг, ливр (жарты фунт), марка (жарты фунт) салмақ бірліктері атауымен
аталады. Алғашқыдағы белгілі массасы бар формасыз металл ақшаларды кейін
келе әр түрлі массадағы біркелкі формасы бар металл ақшалар ауыстыра
бастады.
1.2. Ақшаның қажеттілігі мен экономикалық мәні
Ақшаның өмір сүруіндегі объективті қажеттілік ол тауар өндірісі және
тауар айналысының болуына негізделеді. Кез келген тауар айналысында ақша
айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір-бірінен бөлінбейді. Ақша
айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.
Бірақ ХҮІ ғасырдың басында (1516 ж.) утопиялық социализмнің негізін
қалаушы Томас Моор өзінің Жаңа утопия аралы және мемлекеттің үздік
құрылымы туралы алтын кітап деген еңбегінде: Алдау, ұрлау, тонау... кісі
өлтіру заң тәртібімен қатаң жазаланатынын кім білмейді, әйтсе де бұл
жөнінде алдын ала ескертілмеу мүмкіндігі бар жерде алдымен ақша құрылмай,
олар да жоғалмайды, сонымен бірге, ақшаның жоғалуына байланысты адамдардың
алаңдаушылығы, қайғысы, қиыншылықтары және ұйқысыз түндері де ұмытылар еді.
Егер ақша адам өмірінен алысталынатын болса, онда тіпті ақша қажеттілігінен
туған кедейліктің өзі де жойылар еді.
Ол аздай Т.Моор тағы былай деді: Қай жерде болсын барлық нәрсені ақша
өлшемімен өлшейтін болса, онда ол жерде мемлекеттік істердің табысты және
дұрыс ағысының болуы мүмкін емес.
ХІХ ғ. Социал утопистері – Прудон, Оуэн, Грей және басқалар ақшаға
теріс көзқараста болды. Прудон тауар өндірісін сақөтай отырып, ақшаны
жоюдың жобасын ұсынды және оны дәлелдемек болды.
Мұндай ойлар Ресейде де айтылды. Қазан революциясынан (1917) кейін,
азамат соғысы жылдарында ақшаның құнсыздануы байқала бастаған кезде ақшаны
жою сәті келеді, яғни тарихтың өзі осыған алып келді деген тұжырымдар пайда
бола бастады. Керек десеңіз ауыл шаруашылық өнімдерін өнеркәсіп өнімдеріне
тікелей айырбастауды ұйымдастыруға тырысты. Шындығында, оның бәрі сәтсіз
аяқталды. С.Г.Струмилин ақшаның орнына еңбек бірліктері – тредаларды, ал
ағылшын экономисі Смит Фальтнер энергетикалық бірліктерді – энедаларды
пайдалануды ұсынды.
Осыған байланысты К.Маркс былай дейді: ақшаларды жоя отырып, біз
қоғамдық дамудың ең жоғары сатысында (коммунизмде) болуымыз мүмкін немесе
ең төменгі сатыға (алғашқы қауымдық құрылысқа) қайта оралар едік. Қанша
дегенмен де коммунизм – ол қиял, сондықтан да ақша болған, олар бар және
бола береді.
Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала береді, бірақ тауар ерекше
жалпылама эквивалент.
Алтын жалпыға бірдей эквивалент ролін орындау үшін ең бір лайық тауар
болып қалып отыр. Біріншіден, ол ерекше табиғи сапаға ие: бөлінуі оңай,
әдемі, бұзылмайды, тот баспайды, тек қана патша арағында (23 тұзды және
13 азот қышқылында) ериді. Екіншіден, ең бастысы алтын жоғары құнға ие.
Қанша дегенмен оның қорының аз болуы, алтынды өндіруге кететін еңбек
шығындарының өте жоғары болуына әкеліп соқтырады. Алтынды тұтыну жылдан-
жылға өсуде. Ол әр түрлі салаларда пайдаланылады – электроникадан бастап
зергерлік істерге дейін, бірде өте жұқа қалындықпен, бірде балқытылған
құймалар түрінде кездеседі. Тек қана циферблаты 6 м диаметрдегі Кремль
курантына алтын жалату үшін 26 кг алтын жұмсалады, мұндағы алтын жалату
қалыңдығы 3 мк. жуық. 4000 жылдардан бастап б.ғ. және 1985 жылға дейін
әлемдегі барлық өндірілген алтын 90 мың т. құрады. ХХ ғасырда 60 мың
тоннадан астамы өндірілді, соның ішінде 30 мың тоннаға жуығы – екінші дүние
жүзілік соғыстан кейін өндірілген.
Ресей ХІХ ғасырдың 20-жылдарында алтын өндіруден бірінші орында болды.
Өткен ғасырдың 40-жылдарында оның дүниежүзілік алтын өндірісіндегі үлесі
40 %-ды құрады.
Алтын өндіру қиын және капиталды көп қажет етеді. сонымен 1 кг алтынды
алу үшін 3000 м орта тереңдіктегі тау қыртыстарының 100 тоннасын қайта
өңдеуі қажет.
Алтынды ең көп өндіретін Оңтүстік Африка Республикасында (ОАР) алтын
өндірушілердің еңбек ету жағдайы құлдардың өмірі сияқты: олар 40°С-ден
жоғары температурада терең жер астыларында жұмыс істейді. Мұнан бұрын, ОАР-
да әлемдік алтын өндірісінің 23-і өндірілсе, ал қазір 13 ғана
өндіріледі.
Алтынды өндіру дүниежүзінде апатты жағдайда құлдырауда.
Қазақстанда 160 алтын кен орындары бар. Соның ішінде 60-сы жұмыс істеп
тұр және олардың жылдықөнімі 1994 жылы 25 тонна алтынды құрады.
Алтын тек қана алтын валюта резервтерді ғана құрамайды, сонымен қатар
электронды-есептеуіш және компьютерлік техникаларды жасау үшін де
қолданылады.
Жасанды алтынды ойлап табу сұрақтары әр кез адамзатты толғандырды.
Бұныменен ежелгі уақыттарда ал-химиктер еңбектенді. Ежелгі Египетте жалған
алтын құймалары табылған. Біздің ғалымдар ұзақ уақыт іздену мен сынақтар
жүргізулері нәтижесінде нағыз алтынды мынадай құрамда алды: палладий - 65%,
индий - 35%. Электр кедергісі алтынның техникалық құймасына жақын. Жаңа
құйма қаттылығы алтыннан алты есе асып түседі.
Жасанды алтын өнеркәсіпте, тіс салуда және зергерлік бұйымдарды жасауда
пайдаланылады, бірақ еш уақытта ол жалпыға бірдей эквивалент ретінде бола
алмайды. Ақша – зат емес, ол – қоғамдық қатынас.
Ақша - өндіру мен бөлу процестерінде адамдар арасындағы белгілі бір
экономикалық қарым-қатынастарды көрсететін, тарихи даму үстіндегі
экономикалық категория болып табылады. Экономикалық категория ретінде
ақшаның мәні оның үш қасиетінің бірігуімен көрініс табады.
- Жалпыға тікелей айырбасталу;
- Айырбас құнының дербес формасы;
- Еңбектің сыртқы заттық өлшемі.
Жалпыға тікелей айырбасталу формасында ақшаны пайдалану, кез келген
материалдық құндылықтарға ақшаны айырбастау мүмкіншілігінің бар екендігін
көрсетеді. Социализм жағдайында бұл мүмкіндік елеулі қысқарды және тік
қоғамдық жиынтық өнімді пайдалану және бөлумен ғана шектелді. Кәсіпорындар,
жер, орман, жер асты байлықтары сатылмады және сатып алынбады. Қазіргі
кезде жекешелендіру процестерінің жүруімен байланысты, жалпыға тікелей
айырбастау формасында ақшаны пайдаланудың көлемі едәуір кеңіді.
Ғалым-экономистердің арасында алтынның ақшалай тауар ретіндегі ролі
туралы әр түрлі көзқарас бар. Біреулер алтынның демонтеризациялануы
аяқталып, ол жалпыға бірдей эквивалент және ақша қызметтерін атқару ролін
орындауды толығымен тоқтатты дейді. Құнның ақшалай формасынан жалпылама
немесе жайылыңқы формасына қайтып келді. Несие ақшалар жалпыға бірдей
эквивалент ретінде жүрді. Алтын, ақшаның классикалық қызметтерін атқаруды
жалғастыруда дейді екінші біреулер. Ал, енді үшінші біреулер, алтынның
жартылай демонетизациялануы жалғасуда және ол жалпыға бірдей эквивалент
ролін орындаушы, ерекше тауар ретіндегі өзінің қасиеттерін сақтап қалды
дейді.
Жекелеген елдердің ішінде алтын айналысы жоқ. Төлем, айналыс және
қорлану құралы болып, алтын белгілері – (қағаздай белгілері) қағаз және
несие ақшалар қызмет атқарады. Бірақ та алтын дүниежүзілік ақша болып қалып
отыр десек, онда ол жалпыға бірдей эквивалентті білдіреді.

1.3. Ақша қызметтері және олардың қазіргі жағдайдағы дамуы
Ақшаның әрбір қызметі ақшаның тауар айырбастау процесінен туындайтын,
тауар өндірушілердің өзара байланысының формасы ретіндегі әлеуметтік-
экономикалық маңызының белгілі бір жағын мінездейді. Ақша бес түрлі қызмет
атқарады: құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қор және қазына жинау
құралы, дүниежүзілік ақша.
Ақша құн өлшемі ретінде. Құнның өлшем қызметі тауар өндірісі
жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлықтауарлар құнының өлшемі ретіндегі
қабілеттілігін білдіреді, бағаны анықтауда делдал қызметін атқарады.
Өзінің жеке құны бар тауар ғана, құн өлшемі бола алады. Бұндай тауар болып
өндіруіне қоғамдық еңбек жұмсалған, құнды құрайтын алтын саналады. Яғни бұл
қызметті толық құнды ақшалар атқарады. Ақша еңбек өлшемі – ол жұмыс уақытын
емес, осы еңбекпен құрылған құнды көрсетеді.
Ақша құн өлшемі қызметін идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни
тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейін орындалады, сонымен
құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін тауардың бағасын
белгілесек жеткілікті.
Тауар бағасын өлшеу үшін қолма-қол ақшаның болуы қажет емес, себебі
еңбек өнімін теңестіру ойша орындалады. Тауарларды ақшаның көмегімен
өлшеуге болады, өйскені олар адам еңбегінің өнімі.
Ақша түрінде көрінетін тауардың құны, оның бағасы болып табылады.
Толық құнды ақша айналысы жағдайында алтынның бағасы болған жоқ. Ақшаның өз
бағасы болмайды, олардың құны өздерімен анықталуы мүмкін емес. Бағаның
орнына ақшалар, кез келген тауарлар санын сатып алу мүмкіндігі бар. Сатып
алу қасиетімен ерекшеленеді.
Құн өлшеу қызметі жалпы эквивалент ретіндегі ақшаның тауарға деген
қатынасын көрсетеді. Бірақ тауардың бағасын анықтау үшін баға масштабы
қажет металл ақша айналысында (алтын, күміс, мыс) мемлекет заңды түрде баға
масштабын тұрақты етіп ұстады. Металлдың салмақтық санын ақша бірлігіне
бекітті. Алғаш рет монеталар соғыла бастағанда баға масштабы олардың
салмақтық құрамына сай келді. Мысалы, фунт стерлинг алғашында күмістің
фунты есебінде пайда болды. Тарихи даму барысында баға масштабы ақшаның
салмақтық мазмұнынан ерекшелене түсті.
Біздерге ақша айналыс құралы қызметін негізінен мемлекеттік,
оперативтік, коммерциялық саудада тұрғындардың тауарларды сатып алуы
кезінде орындайды. Шет елдерде мұндай шектеулер жоқ. Онда фирмалар мен
корпорациялардың және т.б. қолма-қол ақшамен есептесуіне тыйым салынбаған.
Айналыс құралы ретінде ақша қызметтірінің ерекшеліктері мыналар:
- Тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы;
- Оны идеалды ақшалар емес, нақты (қолма-қол) ақшалар орындайды;
- Ақшаның бұл қызметінде тауарларды айырбастау өте тез орындалатын
болғандықтан, оны нағыз ақшалар емес (алтын), оны ауыстырушылар –
ақша белгілері орындайды.
Бірақ бұл, несие және қағаз ақшалар тауармен (алтын) байланысты емес
деген сөз емес. Бұл байланыс несие ақшалардың алтын нарығында жасырын
айналыс болуыменен түсіндіріледі.
Ақша айналыс құралы қызметін атқаратын болғандықтан, айналыс
қажеттілігі олардың саны өткізілуі тиіс тауарлар бағасының сомасымен
анықталады. Қанша дегенмен бір ақша бірлігі бір – несие тауарлар
мәмілелеріне қызмет ететін болғандықтан, ақша айналысы қанша көп болса,
айналыс үшін олардың қажетті саны сонша аз болады.
Егер ақшаның айналыстағы массасы тауар массасынан көп болса, онда бұл
олардың құнсыздануына, яғни инфляцияға алып келеді.
Ақша төлем құралы. Тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ
ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс
емес. Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін
аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі
мүмкін.
Егер тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар
төлем ақы түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше болса, онда бұл
жығдайда ақшалар төлем құралы қызметін атқарады.
Ақшалар төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес,
сонымен бірге қаржы-несие қатынастарына да қызмет етеді. барлық ақшалай
төлемдерді төмендегідей етіп топтауға болады:
- Тауарларды және қызметтерді төлеуге байланысты міндеттемелер;
- Еңбек ақы төлеуге байланысты міндеттемелер;
- Мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер;
- Банктік қарыз, мемлекеттік және тұтыну несиесі бойынша борыштық
міндеттеме;
- Сақтандыру міндеттемелері;
- Әкімшілік-сот сипатындағы міндеттемелер және басқалары.
Ақша төлем құралы ретінде айналыс құралынан өзара айырмашылықтары
бар. Бұл қызметте ақшалар делдал болып табылмайды, ол тек қана сату-сатып
алуды аяқтайды. Нәтижесінде тауарларға қатынасты ақшаның өз бетінше еркін
қозғалысы байқалады. Тауарды несиеге сатып ала отырып, сатып алушы сатушыға
ақшаны берудің орнына, борыштық міндеттемені жазып ұсынады. Бұл борыш
өтелген кезде, ақша төлем құралы ретінде қызмет атқарады.
Төлем құралы қызметін толық бағалы емес нақты ақшалар (қағаз немесе
несие), ал борыштық міндеттемелерді өзара өтеуде идеалды ақшалар атқарды.
Төлем құралы ретіндегі ақшаның қызметі оның бұдан бұрын қарастырылған
қызметтерінен айырмашылығы болғанымен ол олармен берік байланыста екені
анық. Ақшаның төлем құралы қызметі, оның құн өлшемі және айналыс құралы
ретінде қызмет етуі барысында көрінуі мүмкін. Ақшаның төлем құралы ретінде
қызмет етуінің дамуы резервтік қор құрудың, яғни ақшаның қор және қазына
жинау қызметтерінің туындауының қажет екендігін көрсетеді.
Ақша – қорлану және қазына жинау құралы ретінде. Ақшаның төлем және
айналыс құралы қызметтері ақшалай қорлардың құрылуын талап етеді. ақшаның
қорлануының қажеттігі Т – А – Т айналымының екі актілерге Т – А және А – Т
айырылуымен байланысты.
Металл ақшалар айналысы тұсында қазына жинау тек қана ақша айналысын
реттеуші ролін атқарған болатын. Өндірістің және тауар айналысының кеңеюі
барысында металл ақшалар қазынадан айналысқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні мен функциялары және ролі
Инвестициялық жобаны енгізудегі күтілетін табыстың анықталуы
Ақша айналысы мен айналымының түсінігі
Қазақстан Республикасындағы ақша.несие саясатын жүргізудің негізгі құралдары
Ақша несие саясаты мақсаттары мен құралдары
Қаржы нарығының қалыптасуы мен дамуы
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Государственный кредит в Республике Казахстан
Ақша мен несиенің экономикалық – теориялық негізі
Экономикалық жүйе және, оның экономикалық заңдылықтары
Пәндер