Қолма-қол ақшасыз есеп айырылысу нышандары
Мазмұны.
Кіріспе 3
І бөлім. Қолма.қол ақшасыз есеп айырысудың мәні мен
ұйымдастырылу қағидаттары.
1.1. Қолма.қол ақшасыз есеп айырысудың мәні мен маңыздылығы 4
1.2. Қолма. қол ақшасыз есеп айырысуды ұйымдастыру қағидаттары 7
ІІ бөлім. Қолма. қол ақшасыз есеп айырысуды ұйымдастырудың
Қ.Р. негізгі нысандары.
2.1. Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу 10
2.2. Төлем. талап тапсырмаларымен есеп айырысу 12
2.3. Аккредитивтік есеп айырысу нысаны 13
2.4. Чектермен есеп айырысу 15
ІІІ бөлім. Қ.Р. да қолма.қол ақшасыз есеп айырысуды ұйымдастыруды
жетілдіру мәселелері.
3.1. Вексельдік айналысты дамыту мәселелері 18
3.2. Электрондық банкнигті дамыту мәселелері. 20
Қорытынды 25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 27

Кіріспе
3
І бөлім. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың мәні мен
ұйымдастырылу қағидаттары.
1. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың мәні мен маңыздылығы 4
1.2. Қолма- қол ақшасыз есеп айырысуды ұйымдастыру қағидаттары
7
ІІ бөлім. Қолма- қол ақшасыз есеп айырысуды ұйымдастырудың
Қ.Р. негізгі нысандары.
2.1. Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу
10
2.2. Төлем- талап тапсырмаларымен есеп айырысу
12
2.3. Аккредитивтік есеп айырысу нысаны
13
2.4. Чектермен есеп айырысу
15
ІІІ бөлім. Қ.Р- да қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды ұйымдастыруды
жетілдіру мәселелері.
3.1. Вексельдік айналысты дамыту мәселелері
18
3.2. Электрондық банкнигті дамыту мәселелері.
20
Қорытынды
25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
27
Кіріспе.
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы – Қолма-қол ақшасыз есеп айырылысу
нышандары. Негізінен қолма-қол ақшасыз айналыс ақша айналымының бір бөлігі
болып табылады әрі қолма-қол ақшаны пайдаланбай, яғни есеп айырысудың
бірінен екіншісіне ақша аудару немесе борыштарды өзара есепке алу жолымен
жүзеге асырылатын төлемдердің жиынтығын білдіреді. Яғни, қолма-қол ақшасыз
есеп айырысу деп қолма-қол ақшаның қатынасынсыз, тек банкідегі есеп
шоттарға жазу арқылы, немесе өзара талаптарды есепке алу арқылы есеп
айырысуды айтамыз.
Курстық жұмыстың мақсаты – қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың мәні мен
мазмұнына анықтама беру, сондай-ақ оның маңыздылығы мен ұйымдастырылу
қағидаттарын ашып көрсету. Сонымен қатар қолма- қол ақшасыз есеп айырысуды
ұйымдастырудың Қазақстан Республикасындағы негізгі нысандарына толық
тоқталып, сипаттама беру және осы қолма-қол ақшасыз есеп айрысуды
ұйымдастыруды Қазақстандағы жетілдіру мәселелері мен жолдарын сапаттау.
Курстық жұмыстың алдына қойылған міндеттері:
- Теориялық негіздерді зерттеу негізінде қолма-қол ақшасыз есеп
айырысу туралы жалпы тұжырымдамалармен танысу;
- Қазақстан Республикасының қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың
жалпы жүйесі мен құрылымын зерттеп анықтау;
- Қазақстан Республикасындағы қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды
ұйымдастырудың негізгі нысандарын, түрлерін айқындап, шолу
жасау;
- Зерттелген мәліметтерге сүйене отырып, қолма-қол ақшасыз есеп
айырысу ұйымдастыру принциптері мен осы қолма-қол ақшасыз есеп
айырысудың дамуының қазіргі тенденциясы және заңдылықтарымен
танысу.
Қурстық жұмысты орындау кезінде ғылыми мақалалар, оқу құралдар,
мерзімдік басылымдар қолданылды.
І бөлім. Қолма- қол ақшасыз есеп айырысудың мәні мен
ұйымдастырылу қағидаттары.
1. . Қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың мәні мен маңыздылығы.
Қолма-қол ақшасыз айналыс ақша айналымының бір бөлігі болып табылады
әрі қолма-қол ақшаны пайдаланбай, яғни есеп айырысудың бірінен екіншісіне
ақша аудару немесе борыштарды өзара есепке алу жолымен жүзеге асырылатын
төлемдердің жиынтығын білдіреді.
Қолма- қол ақшасыз айналым екі түрге бөлінеді: тауарлар мен қызметтер
үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу және тауарға қатыссыз бюджетке
төленетін төлемдер. Негізгі артықшылықты айналымға тауарлық айналым жатады,
ол қоғамдық жиынтық өнімнің өндірілуі мен сатылу процесін тікелей
бейнелейді.
Айналымның тауарлық қолма- қол ақшасыз айналыс құрамына тауарлар мен
көрсетілген қызметтер үшін халықтың, кәсіпорындардың, ұйымдардың және
мекемелердің қолма-қол ақшасыз аударымдар жолымен жүзеге асырылатын
төлемдері кіреді.
Тауарға қатыссыз қолма-қол ақшасыз айналымда кәсіпорындардың,
ұйымдардың, мекемелердің, сондай-ақ халықтың ұлттық табысты қалыптастыру,
бөлу және қайта бөлу, амортизациялық аударымды қайта бөлу процесіндегі
төлемдері, айналымдағы қаражат пен пайда, банктің кредиттеуі, сақтандыру
және басқа да тауарға қатысы жоқ төлемдер көрініс табады.
Тауарға қатысы жоқ қолма-қол ақшасыз төлемдерге жататындар: еңбекақыдан
ұсталатын салық төлемі; тұрғын үй, коммуналдық, тұрмыстық, пошталық және
т.б. қызмет төлемдері; кредитті өтеудің төлемі және қолма- қол ақшасыз есеп
айырысу арқылы жүзеге асырылатын басқа да төлемдер.
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың артықшылықтары мынада:
― ол банк жүйелерінің кредиттік ресурстарын арттыруға, кредит
қатынасын дамытуға мүмкіндік береді;
― ол айналымға аса қажетті қолма-қол ақша сомасының тұтынылуын
кемітеді;
― ол трансакциялық шығындардың (банкноттар мен тиындарды басып
шығару, сақтау, тасымалдау, санау түріндегі айналыс шығындары)
кемуіне мүмкіндік тудырады;
― ол банктердің дәлдікті қажет ететін жұмысында есеп
айырысуларды және қаражат айналымын шапшаңдатады;
― қолма- қол ақшасыз есеп айырысу процесінде шаруашылық
органдардың төлем қабілеті артады әрі келісімшарт міндеттемелерін
орындауға мүмкіндік алады. Нәтижесінде олардың қаржылық
жағдайлары тұрақталып, жұмыстарының тиімділігі мен
пайдалылығы жоғарлайды.
Мынаны айта кету керек, қолма-қол ақшасыз айналыстың аталған барлық
артықшылықтары есеп айырысулар үнемі жүзеге асырылғанда ғана нақты шындыққа
айналады.
Сонымен, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу деп қолма-қол ақшаның
қатынасынсыз, тек банкідегі есеп шоттарға жазу арқылы, немесе өзара
талаптарды есепке алу арқылы есеп айырысуды айтамыз.
Қазіргі жағдайда, кез-келген мемлекеттің экономикасы мыңдаған,
миллиондаған шаруашылық жүргізетін субъектілерден құралады. Олар өзара,
түрлі экономикалық қарым-қатынастармен байланысты. Тап осындай байланыс
Отандық және басқа елдердің әр түрлі фирмаларының арасында да бар.
Экономикалық қатынастар, олардың арасында әртүрлі, өзара талаптар мен
міндеттемелерді қанағаттандыру, өз кезегінде, есеп айрысудың керектігін
туғызады. Сонымен қатар, жоғарыда айтылғандай осындай есеп айырысудың 23
бөлігі қолма-қол ақшасыз жүзеге асырылады.
Қолма-қол ақшасыз жүзеге асырылатын есеп айырысудың уақыттылығын,
сенімділігін және тиімділігін арттыру үшін оның белгіленген негізгі
қағидаларын сақтау керек.
Өткен, Кеңестік қоғамда, қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың төрт негізгі
қағидасы бар деп есептелінетін. Және бұл қағидалардың сақталуын
(орындалуын) банктер өте қатаң бақылайтын. Қазіргі нарық кезінде, бұл
қағидалардың кейбіреулері өздерінің мәнін жоғалтты, яғни оларды сақтау
(орындау) мүмкін болмай қалды. Мысалы, есеп айырысу тек тауарды
жөнелткеннен (жібергеннен) кейін, ал көрсетілген қызмет үшін ол түгелімен
аяқталғаннан соң жүргізілуі керек деген қағиданы, қазіргі уақытта, ешкім
орындамайды. Өйткені, қазір көбінесе есеп айырысу, алдын-ала жүргізіледі.
Онсыз ешкім мәмілеге келмейді. Бірақ мұндай жағдайды нарықтық экономикаға
тән заңнан шығады деуге болмайды. Керісінше, бұл нарықтық экономиканың
дұрыс жолға қойылмағандығынан, өркениетті нарықтың жоқтығынан шыққан деу
керек. Соның салдарынан, қазіргі кәсіпкерлер біріне- бірі сенбейді, жабайы
рыноктың ережесін басшылыққа алады. Кейінірек, нарық өркениетті болғанда,
бұл мәселе де өзінен өзі жолға қойылуға тиіс, ал олай болса, бұл қағиданы
есептен шығарып тастап жүрген кейбір экономистер асығыстық жасайды.
Сол сияқты, барлық есеп айырысу тек банктегі есеп шоттар арқылы өтуі
керек деген қағида да, қазіргі жағдайда, тағы да нарыққа тән заңдарға
байланыссыз, бұзылып келеді, яғни, есеп айырысу, банктерге соқпай, қолма-
қол ақшамен немесе баспа- бас айырбаспен жүргізіледі. Сондықтан, соңғы
жылдары шыққан басылымдарда осы қағида да елеусіз қалып келеді. Біздіңше
бұл да дұрыс емес. Ақша айналымын жөнге қоям деген, ұлттық валютаның құнын
көтерем деген, ақырында, бұқпантайшы экономиканы жоям деген Үкімет, ертелі-
кешті, есеп айырысуды тәртіпке келтіруі керек.
Төлем, алушының есеп шотына, тек төлеушінің есеп шотынан шығарылғаннан
соң есепке алынуы керек деген қағида да, жоғарыда келтірілген жағдайларға
байланысты елеусіз қалып келеді. Сонымен, қазіргі кезде, тек есеп шоттың
иесінің келісімсіз ақша есептен шығарылуға тиісті емес деген қағида
(төртеудің бірі) ғана ешкімнің күмәнін келтірмейді.
Осыған қарамай, жоғарыда келтірілген қағидалардың орынсыз, нарық заңына
байланыссыз, жайлармен қолданылмай жүргенін, уақытша жағдай деп түсінуіміз
керек. Өркениетті нарықта осы қағидалардың бәрі де тиісті мағынасын алып,
есеп айырылысуда, сонымен қатар, ақша айналымын реттеуде, тиісті маңыз
атқарулары керек. Басқа, тек нарық экономикасына тән қағидалар әзірлеу
керегі жоқ әуре. Ал, ешқандай қағидасыз есеп айырысудың уақыттылығын,
сенімділігін және тиімділігін қамтамасыз ету қиын. Өзінен- өзі ешнәрсе
жөнге келмейді.
Ақша айналысын оңтайлы ұйымдастырып, оны нығайту үшін және ақша
айналымын жылдамдату үшін әрі көлік (тасымалдау) шығындарын азайту үшін
қолма- қол ақшасыз есеп айырысудың салаларын одан әрі ұлғайтып,
жетілдіруіміз қажет. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жолымен кәсіпорындар
мен ұйымдар арасында, олар мен олардан саты бойынша жоғары тұрған
ұйымдардың арасында, олар мен мемлекеттің және қаржы- кредит мекемелерінің
арасында есеп айырысулар жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда халықпен есеп
айырысуда қолма-қол ақшаның қолданылу салалары кеміп келеді. Еңбекақы беру,
коммуналдық, пошталық төлемдер және басқа да шығындардың көп бөлігі
қалаларда банктердегі салым ақшадан пошта бөлімдерінен, пластикалық
карточкалармен аудару арқылы қолма-қол ақшасыз жүзеге асырылады, сондай-ақ
сатып алынған тауарлардың төлемдері дүкендерде чектер мен пластикалық
карточкалар арқылы төленеді. Осы шаралардың барлығы қолма-қол ақшаның
пайдаланылатын салаларын кемітуге, қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың үлесін
арттыруға мүмкіндік береді.
2. Қолма- қол ақшасыз есеп айырысуды ұйымдастыру қағидаттары.
Есеп айырысулар үнемі жүзеге асуы үшін қолма-қол ақшасыз айналымды
ұйымдастыруда белгілі бір принциптері сақталуы керек.
Оған мыналарды жатқызуға болады:
― Төлеушілердің банктерді және қолма- қол ақшасыз есеп айырысудың
түрлерін таңдаудағы еркіндік принципі. Бұл принцип болашақ
клиентке қызмет көрсету мәдениеті жоғары әрі есеп айырысу
операцияларын жылдам және дәл орындай алатын банктерді
таңдауға, сондай- ақ келісімшарттағы шарттардың орындалуын
қамтамасыз ететін қолма- қол ақшасыз есеп айырысудың мақсатқа
лайықты түрлерін таңдауға мүмкіндік береді.
― Төлеушінің төлем келісімін міндетті түрде беру принципі, яғни
төлеушінің төлеуге келісім бергені немесе бермегені туралы ақпарат
міндетті түрде болуы керек. Мұның мағынасы мынадай: шот иесінің
шоттағы қаражатын банк төлемдердің белгіленген кезегіне қарай әрі
шотта қалған қаражаттың мөлшерінде төлем жасайды. соңғысы (шот
иесінің шоттағы қаражатының шегінде төлемінің жүзеге асырылуы)
төлемнің қамтамасыз етілу принципін білдіреді.
― Төлемнің мерзімділік принципі. Бұл принциптің экономикалық
мағынасы мынадай: ақшалай қаражатты алушы қаражаттың
келісімшартта көрсетілген мерзімде өзінің шотына аударылуына
мүдделі. Төлемді уақтылы алудың маңызы өте зор.
― барлық есеп айырысуға қатысушылардың келісімшарт
Қатынастарының сақталуына мүліктік жауапкершілік пен есеп
айырысудың үздіксіз жүруіне бақылауды жүзеге асыру принципі.
Есеп айырысудың барлық принциптері бір- бірімен өзара тығыз байланысты
болғандықтан бұлардың біреуінің бұзылуы екіншісінің бұзылуына әкеп
соқтырады. Барлық қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар шаруашылық органдардың,
кәсіпкерлердің бір шоттан екіншісіне ақша аудару туралы немесе өзара
тараптарды есепке алу туралы банкке берген тапсырмаларын білдіретін есеп
айырысу құжаттары негізінде жүргізіледі. Есеп айырысу құжаттарының
қозғалысы мен құжат айналымын бір- бірінен бөліп қарастыру қажет.есеп
айырысу құжаттарының қозғалысы – бұл құжаттардың есеп айырысудың басынан
бастап аяғына дейін қозғалыс пунктері бойынша дәйекті жүйелі өтуі. Ал,
құжат айналымы есеп айырысу құжаттарының қозғалысына қажетті уақытпен қоса
есеп айырысуға қатысты әр түрлі операциялардың жүзеге асырылатын уақытты да
қамтиды. Есеп айырысу құжаттарына төлем тапсырмалары мен есеп айырысу
чектері жатады.
Қолма- қол ақшасыз есеп айырысу жеке және заңды тұлғалармен оларға
тиісті шот ашқан банк арқылы жүргізіледі.
Есеп айырысу қызметі үшін банк пен клиент арасында банктік шот
келісімшарты- екі жақты дербес азаматтық- құқықтық келісімшарт бекітіледі.
Банктер мен басқа кредит мекемелері өзара есеп айырысуы үшін бір- бірінде
корреспонденттік шот ашады әрі бір банк (корреспондент) басқа банктің
(респондент) депозиттерін ұстауға және мұның соңғысына төлем мен басқа
операциялар бойынша қызмет көрсетуге тиісті бекітілген келісімшарт
негізінде ҚР Ұлттық банк мекемелерінде де шот аша алады. Мұнда белгілі бір
мерзімде аса ірі ақша сомасын аудару бойынша банкаралық есеп айырысу жалпы
негізде және нақты уақыт аралығында жүзеге асырылады. Аударылатын аса ірі
ақшаның сомасын Ұлттық банк анықтайды. Басқадай төлемдер боцынша банкаралық
есеп айырысулар клиринг негізінде екі және көп жақты есепке алу арқылы
жүзеге асырылуы ықтимал. Клиринг- бұл заңды және жеке тұлғалардың тауарлар
мен қызметтер үшін талаптар мен міндеттемелердің өзара есепке алуға
негізделген қолма- қол ақшасыз есеп айырысудың тәсілі.
ҚР қолданыстағы заңына сәйкес қолма- қол ақшасыз есеп айырысудың
мынадай негізгі формаларының пайдаланылуы ұйғарылады:
- төлем тапсырмалары;
- аккредитивтер;
- чектер;
- вексельдер;
- пластикалық карточкалар.

2.1. Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу.
Төлем тапсырмалық нысан. Қазіргі жағдайда қолма- қол ақшасыз есеп
айырысудың ең қолайлы, сондықтан, ең кең тараған нысаны. Бұл нысан алдын
ала төлемде де, кейінгі төлемде де қолданылады және тауар жеткізушінің де,
сатып алушының да мүдделерін қорғайды. Тауар жеткізушінің мүддесі, тауарды
жөнелтпей тұрып, оның құнын алып алғанда қорғалады, ал сатып алушының,
мүддесі төлеген ақшаға тиісті тауар алатынына көзі жеткенде қорғалынады.
Төлем тапсырмасы дегеніміз – төлеушінің өзіне қызмет көрсететін
банкіге, өз есеп шотынан тиісті соманы, ақша алушының есеп шотына аударуға
беретін жазбаша өкімі. Төлем тапсырмаларымен алынған тауарлар мен
көрсетілген қызмет үшін, барлық тауарлық емес операциялар бойынша,
келісімшартта қарастырылған жағдайда аванстық төлемдер бойынша есеп
айырысулар жүргізіледі. Көбінесе бұл нысан, саудадан тыс төлемдерді
(салықтар мен алымдар, зейнетақы қорларымен есептесу, түрлі комиссиялық
алымдар т.с.с) өтеу үшін қолданылады.
Бұл нысанды қолданудағы ең басты шарт, төлеушінің есеп шотында
жеткілікті ақша болуы керек.
Төлем тапсырмасы арқылы, кейінгі төлемнің операциясын жүргізудің
дәйектілігі төмендегідей:
1. Тауар жеткізуші келісім- шартқа сәйкес тауарын жөнелткеннен
(жібергеннен) кейін төлеушінің атына фактура- шот ұсынады.
2. Сатып алушы, тауарды алғаннан кейін, төлем тапсырмасының
жинақтамасын толтырып, оған фактур- шотты қосып, өзіне қызмет көрсететін
банкіге тапсырады;
3. Құжаттарды тиісті тексеруден өткізгеннен соң, банк көрсетілген
соманы сатып алушының есеп шотынан шығарады да:
а) тауар жеткізушінің есеп шотына түсіреді, егер олардың есеп шоттары
сол банкте болса;
б) басқа банктегі тауар жеткізушінің есеп шотына аударады.
4. Тауар жеткізушіге қызмет көрсететін банк түскен соманы соның есеп
шотына есепке жатқызады.
Тауар үшін, немесе әр түрлі қызметтер үшін, алдын ала төлеу керек
болған кезде, құжат айналымы мүлде басқаша іске асырылады. Алдымен сатып
алушы, төлем тапсырмасының жинқтамасын толтырып, оған фактур- шотты қосып,
өзіне қызмет ететін банкке тапсырады. Құжаттарды тиісті тексеруден
өткізгеннен кейін банк көрсетілген соманы төлеушінің есеп шотынан шығарады
да алушының есеп шотына есепке жатқызады, немесе, оған қызмет көрсететін
банкке аударады.
Тауарды жөнелту (жіберу), немесе қызмет көрсету тек ақша алушының есеп
шотына тиісті сома түскеннен кейін істеледі. Төлем тапсырмасы,
толтырылғаннан кейінгі 10 күннің (толтырылған күнді есептемегенде) ішінде
жарамды.
Төлем тапсырмасымен есеп айырысудың тағы бір түрі, жоспарлы төлем.
Мұндай нысан тауар жеткізуші мен сатып алушының өзара келісімі бойынша,
тауар жеткізілуінің азда- көпті бір қалыптылығында қолданылады. Ол үшін
тауар жеткізуші, белгілі бір мерзімде, белгілі бір көлемде үздіксіз тауар
жөнелтіп тұруды міндетіне алады, ал сатып алушы жоспарлаған (жоспарлы төлем
деп аталған себебі осында) соманы, келісілген мерзімде төлеп отыруды
міндетіне алды. Бұл жағдайда төлем құжаты болып төлем тапсырмасы
қолданылады. Өзара келісімдері бойынша мәмілеге қатынасушылардың біреуі
(бір жағы) жөнелтілген тауар мен өтелінген төлемді есепке алып отырады.
Айдың аяғында жөнелтілген тауар мен ол үшін өтелінген төлемнің сомаларын
салыстырып, айырмасы шығарылады. Егер, тауар төленген ақшадан кем
жөнелтілген болса, сатып алушы, артық төленген ақшаны келесі жоспарлы
төлемнен ұстап қалады. Егер төленген ақшадан жөнелтілген тауар көп болса,
сатып алушы төлем тапсырмасымен қосымша төлем жасайды. Өкінішке орай,
қазіргі уақытта осындай, өте қолайлы, есеп айырысудың нысаны тіпті
қолданылмайтын болды. Себебі, жоғарыда айтылғандай, кәсіпкерлердің арасында
бір- біріне сенім жоқ.
2.2. Төлем- талап тапсырмаларымен есеп айырысу.
Төлем- тапсырмалық нысан. Бұл нысан туралы айтудың алдында, мұның бұрын
қолданылып келген төлем талабына аздап тоқталу керек. Төлем талабы- кешегі
жоспарлы- тарату кезеңінде есеп айырысудың ең басты, ең кең тараған нысаны
болған. Өйткені, ол кезде барлық материалдық құндылықтың қозғалысы, жоспар
бойынша жүргізілетін. Сондықтан төлем талабы осы жүйеге келісімді- ақ еді.
Кейінірек нарықтық экономиканың кейбір элементтерін шаруашылыққа енгізе
бастағанда- ақ, бұл нысанның кейбір кемшілігі байқала бастады. Мысалы,
жөнелтілген тауар үшін ұсынылған құжаттар өте баяу жылжып төлемнің кезінде
түсуін қамтамасыз ете алмады. Осы жағдайда бұрынғы төлем талабы нысанына
кейбір өзгерістер енгізіп, оны төлем- талап тапсырмалық нысаны дейтін
болдық. Шынында бұл сол бұрынғы төлем талабы- нысанымен, жоғарыда
айтылған төлем тапсырмалық нысанының құрамдастығы. Бұл нысанды
ендіргендегі негізгі мақсат, төлем құжаттарының жылжуын жеделдету болатын.
Ол үшін бұрын есеп айырысуға қатысып келген мекемелердің тізбегінен бір
буын шығарылып тасталды. Ол, тауар жөнелтушіге қызмет көсететін банк еді.
Есеп айырысудың төлем- талап тапсырмалық нысаны іс жүзінде былай жүзеге
асырылады.
1. Тауар жөнелтуші тауарын жөнелткеннен кейін, немесе қызмет атқарып
болғаннан кейін, жасалған шарт бойынша төлем- талап тапсырмалық нысанға
сәйкес құжаттың жинақтамасын толтырады. Сонан соң сол құжатты, тауар- көлік
жүк құжаттарымен бірге, сатып алушының банкісіне жібереді. (бұрын өзіне
қызмет ететін банкіге тапсыратын);
2. Ол банк бұл құжаттарды төлеуге келісімін беру үшін сатып алушыға
береді;
3. Банк үш күннің ішінде сатып алушы ұсынылған төлемді не толығымен, не
ішінара төлеуге келісімін береді, немесе келісімін бермейді (егер шартта
көрсетілген жағдайлар бұзылған болса). Өзінің шешімін сатып алушы құжаттың
керек бөлігіне жазып, қайтадан банкке тапсырады.
4. Бұл банк тиісті соманы сатып алушының есеп шотынан шығарып, тауар
жөнелтушінің банкісіне аударады.
5. Ал, ол банк түскен соманы тауар жөнелтушінің есеп шотына есепке
алады.
2.3. Аккредитивтік есеп айырысу нысаны.
Аккредитивтер сатып алушы банкісінің сатып алушының тапсырмасы бойынша
жөнелтілген тауарларды, сондай-ақ аккредитивтік өтініште қарастырылған
басқа жағдайларды растайтын құжаттарды негізге ала отырып жабдықтаушыға
төлем аудару турасындағы жабдықтаушының банкісіне беретін тапсырманы
білдіреді.
Аккредитивтік нысанның ең басты ерекшелігі, бұл нысанмен есеп айырысу
(төлем) тауар жөнелтушінің тұрған жерінде орындалады. Бұл тек осы нысанға
тән. Басқа нысандарда есеп айырысу (төлеу) төлеушінің тұрған жерінде
орындалады. Аккредитивтік нысан мен есеп айырысу тауар жөнелтуші мен сатып
алушының арасындағы жасалған шартта көрсетілген ерекше талапқа байланысты,
немесе, бір жолғы мәмілелер бойынша жөнелтілген тауар үшін, орындалған
қызмет үшін, есеп айырысу керек болғанда қолданылады. Ал, кей жағдайда бұл
нысанды, тауар жөнелтушілер, алған міндеттемесін орындамайтын, кезінде
төлемейтін, жауапсыз сатып алушыларға жаза ретінде қолданылады. Әрбір
аккредитив, тек бір ғана тауар жөнелтушімен есеп айырысуға арналады. Осының
салдарынан есеп айырысудың бұл нысаны кең қолданылмайды. Барлық тауар
айналымының құрамында оның үлес салмағы азғантай. Оның үстіне аккредитивтік
нысанның өзіне тән кемшіліктері де бар. Мысалы бұл нысанмен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz