Қорқыт ата - қобыз атасы


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қорқыт ата

Қорқыт ата

Қорқыт ата (9 ғ. ) - қобыз ата­сы деп та­была­ды, ком­по­зитор, жыр­шы, ақын, му­зыкант, бақсы­лар­дың қамқор­шы­сы. Қорқыт ата түрік дәстүрін, сал­тын, әдетін, сенімдерін, басқа ха­лықтар­дан айыр­ма­шылығын, қысқасы, қоғам­дық мінез­де­месін ер­тегілерінде айтқан, оны бүгінге дейін әдемілеп жеткізген ұлы өнер­паз. Туған, қай­тыс болған жыл­да­ры белгісіз. Өмір сүрген ғасы­ры да да­улы. Кейбір зерт­те­ушілер оның Әзірет Пайғам­бар за­манын­да жа­сағанын ай­та­ды және ғылы­ми еңбек­терінде бұл пікірді дәлел­дейтін дас­тан бөлімдерін келтіреді. Ал кейбір зерт­те­ушілер Қорқыт Ата­ның Оғыз түріктерінің ер­текшісі және дас­таншы­сы болғанын ай­тып, Қорқыт­тың бүгін қолы­мыз­дағы 12 дас­тан-хи­ка­ясы­нан пікірлерін дәлел­дейтін де­рек­тер келтіреді.

Пер­тев Найили Бо­ратов Қорқыт Ата ер­тегілері жөніндегі Ис­лам Эн­цикло­педи­ясы­на жазған мақала­сын­да бұл ер­тегілердің XV ғасырға дейін ауыз­ша бо­лып кел­генін, ал XV ғасыр­дың екінші жар­ты­сын­да Аққойын­лы­лар та­рапы­нан жа­зылып алынғанын ес­ке түсіріп, қолы­мыз­дағы бар мәтіндер­де екі бөлек дәуірдің оқиғала­ры бей­не­лен­генін көрсе­теді. Қып­шақ-оғыз түріктерінің Сыр­да­рия солтүстігінде отан­да­рын­да IX-XI ғасыр ара­сын­да кеш­кен өмірлері осы ер­тегі-дас­тандар­да көрсетіліпті.

Және бұл ер­тегі-дас­тандар жа­зылып алынған XV ғасыр­дағы Аққойын­лы мем­ле­кетінде болған оқиғалар­ды қам­ти­ды. Қорқыт Ата ер­тегілерінің негізі қып­шақ-оғыз түріктерінің өмір-тұрмы­сына негіздел­ген және осы за­ман­ның салт, әдет-ғұрып және дәстүр түрлерін көрсе­теді. Бірақ нақ осын­дай салт-дәстүрмен жа­саған Аққойын­лы­лар ер­те­лерді қағазға жазған­да кейбір хи­ка­ялар­ды ол күндердің оқиғала­рына үй­лестіре жа­са­уы мүмкін. Кейбір ғылы­ми еңбек­терде Қорқыт Ата­ның Пайғам­барға елші бо­лып жіберілгені жа­зыл­ды.

Бұл қосым­ша­лар­дың түріктердің ис­лам дінін қабыл­даған­нан кейін жа­зылуы ықти­мал. Қорқыт Ата қып­шақ-оғыз түріктерінің білгіші бо­лып та­была­ды. «Оғыз халқының ба­сына қайыр ке­летінін сөй­ле­ген едім» деп айтқан хик­меттерінен түріктер­ге жол көрсет­кені байқала­ды және оның бақсы болған­дығы жөніндегі ықти­мал­ды күшей­теді. Бақсы­лар әрі ақын бо­латын, әрі өткен за­ман­дардың хи­ка­яла­рын сөй­лейтін, ке­лешек­тен ха­бар бе­ретін. Бақсы болғаны­ның тағы бір дәлелі-қолын­дағы қобы­зы. Әдет­те, қобыз-әули­елердің ас­па­бы. Қазіргі за­ман­да түркі ха­лықта­ры ара­сын­да Қорқыт Ата дас­та­ны кең та­раған. Қорқыт Ата­ның біздің за­маны­мызға дейін жет­кен 12 хи­ка­ясы бар. Олар­дың сегізі ішкі және сыртқы соғыс­тар ту­ралы. Екеуі ғашық оқиғала­ры жайын­да бол­са, екеуі ми­фоло­ги­ялық си­пат­та.

Бірақ бәрі де түркі дүни­есін шын си­патын­да көрсе­теді. Түркі қауымы­ның қаһар­мандығы, мәде­ни­етін, мінезін, діни әдет­терін және тұрмыс­та­рын ашып бе­реді. Қорқыт Ата ер­тегілері мен дас­танда­ры-түркі ми­фоло­ги­ясы­ның қай­нар көзі. Қорқыт VI­II ғасыр­да Сыр бойын­да бұрынғы Жан­кент қала­сы маңын­да өмір сүрген ба­тыр, атақты ақын, асқан күйші. Со­нымен бірге ол ту­ралы көпте­ген аңыз­дар сақталған. Ел аузын­дағы аңыз­дарда Қорқыт ата мәңгі өлмейтін өмір ізде­уші, мәңгілік өмір үшін қай­тпас күрес­кер си­патын­да ай­ты­лады. Бірақ ол өмірінің соңын­да өлмейтін нәрсе жоқ екен де­ген пікірге ке­леді. Енді Қорқыт ата мәңгілік өмірді қобыз са­рыны­нан іздейді екен. Ұлы күйшіге өзі ізде­ген мәңгілік өмір оның өнерінде сияқты көрінеді. Ол күй­лерін тол­ла­сыз тар­тып, дүни­еден өтеді.

Өзі өлген­мен ар­тында күй­лері, ұлғат­ты сөздері қала­ды. Ал әде­би­ет та­рихын­да де­ректі түрде Қорқыт ата кіта­бы бар. Қорқыт ата кіта­бы осы күнге дейін Дрез­ден қала­сын­да он екі жыр­дан тұра­тын қол­жазба күйінде және Ита­ли­яда ал­ты жыр­дан тұра­тын қол­жазба күйінде сақта­лып ке­леді. Қорқыт ата кіта­бын VI­II ғасыр­ларда және одан да бұрын туған аңыз­дардың жи­нағы де­уге бо­лады. Олар­ды жыр түрінде жазған-Қорқыт ата. Кітап­та қазақ халқының құры­лу­ына тіке­лей қаты­сы бар, та­рих­та белгілі оғыз тай­па­лары­ның тағды­рына бай­ла­ныс­ты оқиғалар ба­ян­да­лады. Қорқыт ата кіта­бы мы­надай жыр­лардан тұра­ды: - Дер­се хан ұлы Бұқаш ту­ралы жыр, - Қазан бектің ауылын жау шапқаны ту­ралы жыр, - Оғыз қаған жы­ры т. б. Қорқыт ата кіта­бының жыр­ла­ры оғыз тай­па­сының туған жерін, елін сыртқы жа­улар­дан қорғау үшін қан май­данға шыққан алып ба­тыр­ла­рының ерлігі ту­ралы толғай­ды.

Дас­танда ерлік, әділдік, адам­гершілік, ата-ана­ны құрмет тұту, уәде­де тұру сияқты ізгі қаси­ет­тер ай­ты­лады. Оның қаһар­манда­ры қорқақтық пен опа­сыз­дыққа, әдіпсіздік пен са­ран­дыққа қар­сы күре­седі. Қорқыт ата кіта­бының қаһар­манда­ры мен олар­дың бас­тан кеш­кен оқиғала­ры осы иде­ялар­ды аша түседі. Жыр­лардың тең жар­ты­сынан ас­та­мы Қазан бектің ел қорғаған ерлігін, ел-жұртқа жа­саған ізгілікті істерін жыр­лауға ар­налған. Ер­лерше қару асы­нып, жа­умен тай­сал­май соғысқан Қазан бектің әйелі Бөрілі сұлу және оның ұлы Ораз ел басқарған Ба­ян­дыр хан, Дер­се хан, оның ба­ласы Бұқаш, т. б. кейіпкер­лер ерлікпен бірге ізгілік те та­ныта­ды. Қоры­та айтқан­да, Қорқыт ата кіта­бы - әр түрлі жыр­лардың жи­нағы бол­са да, ерлік жа­сау мен ізгілік көрсе­туді біртұтас өріп оты­рады. Қорқыт ата кіта­бын­да тәрби­елік құна­ры мол қанат­ты сөздер көптеп ұшы­раса­ды. Мы­салы: Жер қадірін ел біледі, ел қадірін ер біледі; Құлан құдыққа құла­са, құрбақа құлағын­да ой­най­ды; Ат қинал­май жол шал­мас; Көңілі па­сық ер­де дәулет бол­мас; Қар қан­ша­ма қалың жауған­мен - жазға бар­мас; Ана­дан өне­ге көрме­ген қыз; Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған ба­лаға ешкім жет­пейді, т. б.

Қолы­на қобыз ұстаған ұзан (абыз, жы­рау) ел­ден ел­ге же­теді - деп Қорқыт ата­ның өзі айтқан­дай, өнер-мәңгілік, ол ел­ден ел­ге, ұрпақтан ұрпаққа та­рай­ды.

Қорқыт ата кім болған?

Қарақожа ұлы Қорқыт Ата қазіргі Қызы­лор­да об­лы­сы, Қар­мақшы ауда­нына қарас­ты Сыр­да­рия өзенінің төменгі жағасын­да, Жаңакент /Иени­кент/ қала­сын­да /VI­II-IX ғ. ғ, / өмір сүрген. Өз халқының, бақыты үшін ’Жер ұйығын" іздеп, көптің муд­десін көзде­ген Қорқыт Ата - ақын, жы­рау, ком­по­зитор, әнші, күйші, қобыз­шы, өз дәуірінің ой­шы­лы болған адам. Бұл жаңа қала Сыр өзенінің Арал теңізіне қүйылар жерінде тұрған­дықтан, қазақ халқы оны Су аяғы - Ер қорқыт" деп те атаған. Та­рихи жаз­ба мәлімет­тер мен ха­лық шежіресі бойын­ша Корқыт­тың әкесі Қарақожа оғыз тай­па­сына жа­татын Ба­ят дейтін ру­дан шыққан, ал ше­шесі қазақ қура­мына кіретін қып­шақ қызы, оның туған жері қәзіргі Қос­та­най об­лы­сының Аят өзені.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қорқыт ата күйлері және ерекшелігі
Қорқыт- қылқобыз өнерінің негізін қалаушы
Ішек қылған, қобызым
Ықыластың әкесінен игерген алғашқы күйі Қорқыт күйі
Қорқыт ата туралы
Қорқыт туралы аңыз бен ақиқат
Өмір жырын толғаған ұлы Баба - қобыз сарыны Қорқыт
Қорқыт жыл жасаған қарт данышпан
Қорқыт ата өмірі мен аңыздары
Қорқыт ата тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz