Бизнес - жоспар құру
Мазмұны
Кіріспе
3
1 Бизнес.жоспардың теориялық аспектілері
1.1 Бизнес.жоспардың мәні мен мақсаты 5
1.2 Бизнес.жоспарға әсер етуші факторлар және оларды талдау 6
1.3 Бизнес.жоспарлаудың кезеңдеріне жалпы шолу 10
2 «Сарыарқа.тур» туристік агенттігінің бизнес.жоспарын талдау
2.1 Кәсіпорынның мақсаты, қызмет көрсету бағыты 14
2.2 Кәсіпорынның бизнес.жоспарына жалпы шолу 15
2.3 «Сарыарқа.тур» туристік фирмасының маркетингтік қызметі және оны жетілдіру 19
3 Туризм саласында бизнес.жоспардың қажеттілігі
3.1 Туристік саладағы бизнес.жоспар ерекшелігі 27
Қорытынды 28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 29

Бизнес-жоспардың негізгі талдауы - бұл жобалар - фирманың жаңа перспективалық даму стратегиясының бағдарламасын қамтамасыз етуші ретінде қарастырылады. Шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайларына нарықтық бағаның, қаржы мен несиенің ынталандырушы рөлдерін жоғарлату, ең алдымен, қаржылық тепе-теңдік пен тұрақтылықты, экономикалық қауіпсіздік пен өтімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру үшін біздің экономикамыз, ғылымымыз, өнеріміз, әдебиетіміз тең дәрежеде болуы керек. Бұған Елбасы да ерекше мән беріп отыр. Соңғы жылдар ішінде елімізде үлкен өзгерістер болды. Қазақстан онша дамымаған кешегі кеңестік республикадан өркендеген, әлеуетті экономикасы бар, демократиялық мемлекетке айналды. Мемлекетіміз бен Елбасымызды дүниежүзі біледі, сыйлайды, құрметтейді.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері атты халыққа Жолдауынан Үкіметке 2010 жылдан бастап өңірлерде кәсіпкерлікті дамыту жөнінде бірыңғай бюджеттік бағдарлама енгізілуін қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Оны Бизнестің жол картасы - 2020 деп атауды ұсынған. Елбасының биылғы жолдауында шағын және орта бизнесті дамытуға айрықша көңіл бөлінді. Осы ретте кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беру мәселесін айтсақ болады. Кәсіпкерлікпен айналысқысы келген адам алғашқыда несие алуға әрекет жасайтыны белгілі. Болашақ кәсіпкердің кепілге қоятын мүлкі жоқ болса, тіпті қиын. Жолдауда айтылғандай енді кәсіпті бастау үшін несие алған адамдарға мемлекет кепіл болатын болды. Бұл кәсіпкерлер үшін үлкен қолдау. Мемлекеттің кепіл болуы халықаралық іс-тәжірибеде бар. Айталық, мұндай тәжірибені Германиядан кездестіруге болады. Банк кәсіпкерлердің бизнес-жоспарымен танысып, оған қаржы салудың тәуекелі зор екенін білгеннен кейін, кәсіпкерлер мемлекеттің көмегіне жүгіне алады. Жолдауда айтылған тағы бір көңілге қонымды мәселе, еліміздің барлық аймақтарында кәсіпкерлерге кеңес беретін орталықтар ашу ісін атап айтуға болады. Мемлекет кәсіпкерлік қауымдастықтарға арнайы гранттар тағайындап, кәсіпкерлерге тегін ақыл-кеңес беру ісін ұйымдастыруына болады. Өйткені қауымдастықтардың бай тәжірибесі бар. Яғни кәсіпкерлер осындай кеңес беру орталықтарына жүгіне отырып барлық керекті сұрақтарына жауап таба алатын болады. Соның ішінде бізнес жоспарды таңдау, әзірлеу тәртібі мәселесі ерекше маңызға ие.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Көптеген ірі батыс фирмаларында кәсіпорынды құру мен оны жетілдіру сияқты дамыту бөлімдері жұмыс істейді. Оның басты қызметі фирманың қабылданған жаңа даму стратегиясымен сәйкес басқарудың өндірістік және ұйымдық құрылымдағы өзгерістері бойынша жасалынатын бизнес-жоспардың қаншалықты мөлшерде фирмаға әкелетін тиімділігі мен әсер ету жағдайын талдап, барынша тақырыптың мазмұны мен мақсатын анықтап талдау. Яғни нарықтық экономикаcы дамыған шетелдердің кәсіпорындарында бизнес-жоспар ең басты элемент болып табылады. Қазақстан енді ғана бизнес-жоспарды құрастыруды тәжірибе жинауда. Көбінесе қызығушылықты мекемелер мен ұйымдардың жеке формалары танытуда.
Бизнес-жоспар қазақстандық кәсіпкерлікті стратегиялық жоспарлау құралы ретінде кірді, сондай-ақ инвесторлармен, кредиторлармен және мемлекеттік басқару органдармен келіссөздерді жүргізу үшін қажетті құжат болып табылады. Нарықтық шаруашылық жағдайында бизнес-жоспар кәсіпкерліктің әр түрлі саласында қолданады және кәсіпорынның мәселелерін шешуге көмектеседі. Бизнес-жоспар берілген бизнестің шағын, нақты, түсінікті анықтамасы болып табылады. Бизнес-жоспар көптеген мәселелерді шешеді, ол бизнестің мақсаттарын анықтауға және бизнесті құруға, мәселелердің шешу жолдарын анықтайды және тиімді шешуге мүмкіндік береді.
Бизнес-жоспар - коммерциялық iс-шаралардың зерттеп-дайындалған негiзгi аспектiлерiн, туындаған мәселелердi, мүмкiн болған кедергiлердi сараптау және оны жоюдың әдiстерiн көрсететiн фирмаiшiлiк құжат. Несие беру үшiн негiз болады, коммерциялық жобаның шынайылығын және тиiмдiлiгiн сараптау құралы болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты. Бизнес-жоспардың теориялық аспектілері ретінде оның негізгі мәні мен мазмұны, қызметтері мақсаттары, оның нарық жағдайындағы рөлі. Көрсетілген мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
Бизнес-жоспар үғымын ашып, зерттеу;
Бизнес-жоспардың нарықтық экономикада қолданылуын талдау;
Бизенес-жоспарды қазіргі нарықтағы кәсіпкерлікте қолданысын қарастыру;
Курстық жұмыстың зерттеу субъектісі: Бизнес-жоспарды құрушы туристік нарық нысандары, кәсіпорындары мен кәсіпкерлері.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі: Туристік нарықтағы туристік кәсіпорынның бизнес жоспары.
Курстық жұмыстың құрылымы: бірінші бөлімде бизнес-жоспардың теориялық аспектілері қарастырылып, бизнес-жоспардың мәні мен мақсаты анықталған. Ал, екінші бөлімде туристік нарық субъектісі мысалға алынып, бизнес-жоспарына жалпы шолу жасалған, кәсіпорынның маркетингтік, менеджменттік және стратегиялық даму жолдары талданған. Туристік саладағы бизнес-жоспардың басқа саладан ерекшелігі курстық жұмыстың үшінші бөлімінде қарастырылған.
Әдістемелік негізі болып Отандық және шетелдік авторлардың еңбектері, халықаралық, ғаламдық ұйымдардың мәліметтері (БҰҰ, ДСҰ, ЮНВТО), ұлттық туристтік ұйымдардың материалдары және желі ақпараттары.
1. Бизнес-жоспардың теориялық аспектілері
1.1Бизнес-жоспардың мәні мен мақсаты
Жоспарлау жүйесінде бизнес-жоспар әр түрлі құқықтық ұйымдастыру үлгісіндегі кәсіпкерліктің жалпы қабылданған құралы болып табылады. Нарықтың экономика жағдайында субъектілердің пайда табуға бағытталған экономикалық қызметін бизнес дейтін болсақ, субъектілердің (кәсіпорындардың) өндіріс немесе қызмет көрсетулер бойынша мақсаттары мен табысқа жету жолдарын айқындау бизнес-жоспар деп аталады.
Нарықтық экономикалы дамыған шетел елдерде кәсіпорында бизнес-жоспар ең басты элемент болып табылады. Қазақстан енді ғана бизнес-жоспарды қарастыруда тәжірибе жинауда. Көбінесе қызығушылықты мекемелер мен ұйымдардың жеке формалары танытуда.
Бизнес жоспар қазақстандық кәсіпкерлікке стратегиялық жоспарлау құралы ретінде кірді, сондай-ақ инвесторлармен, несие берушілермен және мемлекеттік басқару органдарымен келіссөздерді жүргізу үшін қажетті құжат болып табылады.
Бизнес-жоспар мен стратегиялық жоспар арасында бірқатар айырмашылықтар бар.
Стратегиялық жоспарды жалпы кәсіпорын бойынша құрастырады және барлық мақсаттар мен міндеттерді қамтиды. Бизнес-жоспар негізінде жаңа бизнесті құру мен дамыту үшін нақты мақсаттар мен міндеттер бейімделеді.
Бизнес-жоспар қатаң горизонтальдық жоспар болса, стратегиялық жоспар кең ауқымды болып келеді. Осыдан бизнес-жоспар бұл стратегиялық жоспардың нақты бір мәселесінің қарастырылуын көрсетеді.
Бизнес-жоспарға ұқсас құжат технико-экономикалық негіз болып табылады, өйткені мұның бағыты бизнес жоспардағыдай, бірақ технико-экономикалық негіз шағын болып келеді. Бизнес жоспар - бұл кәсіпкерлік жобаның негізгі формасы болып табылады.
Нарықтық щаруашылық жағдайында бизнес-жоспар кәсіпкерліктің әр түрлі саласында қолданады және кәсіпорынның мәселелерін шешуге көмектеседі.
Бизнес-жоспар берілген бизнестің шағын, нақты, түсінікті анықтамасы болып табылады.
Бизнес-жоспар көптеген мәселелерді шешеді, ол бизнестің мақсаттарын анықтауға және бизнесті құруға, мәселелердің шешу жолдарын анықтайды және тиімді шешуге мүмкіндік береді.
Бизнес-жоспар әдетте 3-5 жылға арналып құрылады. Бизнес-жоспар жасау кәсіпкерлерге келесі мәселелерді білу үшін қажет:
Біріншіден, бизнес-жоспар жасау кәсіпорындарға қызмет барысында барлық ұсақ-түйекті есепке алуға, күшті және әлсіз жақтарын анықтауға, сөйтіп тиімді бағыт таңдауға мүмкіндік береді.
Екіншіден, бизнес-жоспар кәсіпорынның қызметін басқару құралы бо-лып табылады. Сонымен бірге жоспарланған нәтижеге жетуге, туындаған мәселелерді айқындап, оларды шешудің кешенді шараларын анықтауға көмектеседі. Сөйтіп, ол Нені, кім үшін өндіру қажет деген сұраққа жауап табады.
Үшіншіден, бизнес-идеяны жүзеге асыруға қажетті қаражат кәсіпкерде барлық уақытта бола бермейді. Әріптестерін қызықтыру үшін, керекті несиені алу үшін немесе инвесторларды тарту үшін - оларға толық бизнес-жоспарды ұсыну қажет. Ал, іскер әріптес қашанда шынайы негізделген нақты есепті талап етеді.
Бизнес-жоспар кәсіпорынға бірқатар міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:
oo Рыноктағы жағдайды зерттеуге;
oo Өнімді өндіру мен өткізу шығындарын өтеуге;
oo Сату бағаларын шығындармен салыстырып, мүмкін пайданы анықтауға;
oo Кәсіпорындағы жұмыс жағдайын тұрақты түрде бағалауға мүмкіндік беретін негізгі көрсеткіштерді анықтауға;
Осы міндеттерді шешу үшін бизнес-жоспарда бірнеше қағидалар болу керек:
Ашылып жатқан кәсіпорынның мақсаттары мен міндеттерін, пайда алу мүмкіндігін, сонымен қатар айналадағылар үшін әлеуметтік пайдалылығын сипаттау;
Кәсіпкердің тұтынушыға сататын тауарына немесе көрсетілетін қызметіне, сонымен бірге бәсекелестің мүмкіндігіне сипаттама беру;
Өндіріске қажет ресурстарды, сонымен бірге күтіліп отырған нәтежиелерді есептеу;
Елдегі нақты жағдайды ескере отырып, жоспарды іске асыру жөніндегі әрекеттер бағдарламасы.
2.2 Бизнес-жоспарға әсер етуші факторлар және оларды талдау
Бизнес жоспарлауды логикалық түрде бірінен бірі туындайтын алты өзара байланысқан басқарушылық процестердің динамикалық жиыны ретінде қарастыруға болады. Сонымен қатар, тұрақты кері байланыс та бар.
Бизнес жоспарлау процесі төмендегілерді қамтиды:
oo Кәсіпорын, ұйымның миссиясын анықтау;
oo Кәсіпорын, ұйымның қызмет ету мәселелері мен мақсаттарын анықтау;
oo Сыртқы ортаны бағалап, талдау;
oo Ішкі құрылымды бағалау және талдау;
oo Стратегиялық баламаларды өңдеу және талдау;
oo Стратегияны таңдау.
Бизнес жоспарды басқару процесі, сондай-ақ мыналарды қамтиды (жоспарлаудан басқа):
oo орындалуын бағалау және бизнес жоспарды жүзеге асыру;
oo бақылау.
Ұйым миссиясы
Ұйым мақсаты
Сыртқы ортаны талдау және бағалау
Ішкі құрылымды талдау және бағалау
Бизнес-жоспарды бағалау
Бизнес-жоспарды жүзеге асыру
Бизнес-жоспарды таңдау
Стратегиялық баламаларды өңдеу және талдау
1-сурет - Бизнес-жоспарды басқару құрылымы
Суреттен көрініп тұрғандай, бизнес жоспарлау стратегиялық басқарудың құрамды бөліктерінің бірі болып табылады. Бизнес-жоспарды басқару кейде бизнес жоспарлау терминінің синонимі ретінде қарастырылады. Алайда, бұл олай емес. Бизнес-жоспарды басқару бизнес жоспарлаудан басқа шешімдерді жүзеге асыру механизмін қамтиды.
Жоспарлаудың негізгі құраушылары:
1. Ұйым миссиясын анықтау. Аталмыш процесс кәсіпорының әрекет ету мәнін орнатудан, оның тағайындалуынан, нарықтық экономикадағы ролі мен орнын анықтаудан тұрады. Шетелдік әдебиетте аталмыш термин корпоративті миссия деп немесе бизнес тұжырымдамасы деп аталады. Ол нарықтық қажеттіліктерге, тұтынушылар сипатына, өнімнің және ерекшеліктері мен бәсекелік артықшылықтардың болуына байланысты кәсіпорындар бағдарланатын бизнестегі бағытты сипаттайды.
2. Мақсаттар мен мәселелерді құру. Қандай да бір бизнес түріне тән іскерлік бейімделушіліктер сипаты мен деңгейін сипаттау үшін мәселелер және мақсаттар деген терминдер қолданылады. Мақсаттар мен мәселелер тұтынушыларға қызмет көрсету деңгейін бейнелеуі керек. Олар кәсіпорында қызмет ететін адамдар мотивациясын құруы керек. Мақсатты бейне кем дегенде төрт мақсаттар типін қамтуы керек:
- Сандық мақсаттар;
- Сапалық мақсаттар;
- Стратегиялық мақсаттар;
- Тактикалық мақсаттар.
Төменгі деңгейлі кәсіпорындар үшін мақсаттар мәселелер ретінде қарастырылады.
3. Ішкі және сыртқы ортаны талдау және бағалау. Ортаны талдау әдетте стратегиялық басқарудың бастапқы процесі ретінде есептеледі, себебі ол кәсіпорын миссиясы мен мақсаттарын анықтау үшін базаны қамтамасыз етеді, сондай-ақ ол кәсіпорынға өз мақсатына жетуге мүмкіндік беретін стратегиялық әрекетті өңдеу үшін қолданылады.
Кез келген басқарудың кілтті рольдерінің бірі - ұйымның ортамен әрекеттесу балансын сақтау. Әрбір ұйым үш процеске қатысады:
- сыртқы ортадан ресурстарды алу (ену);
- ресурстарды өнімге айналдыру (қайта құру);
- өнімді сыртқы ортаға беру (шығу).
Басқару ену және шығу теңдігін қамтамасыз етуге маманданған. Ұйымда аталмыш теңдік бұзылған жағдайда, ол тоқырау жағдайына ұшырайды. Қазіргі таңдағы нарық аталмыш теңдікті сақтауда шығу процесінің мәнін шұғыл арттыра түсті. Бұл стратегиялық басқару құрылымында көрініс табады. Бірінші блок - ортаны талдау блогы.
Ортаны талдау оның үш құраушысын қарастыруды болжайды:
- макроорта;
- тікелей орта;
- ұйымның ішкі ортасы.
Сыртқы ортаны талдау (макро- және тікелей орта) кәсіпорын жұмысты табысты жүзеге асырса және ол жағымсыз әсерлерді уақытылы анықтамаса оны қандай жағдайлар күтетінін анықтауға мүмкіндік береді.
Макроортаны талдау мыналарды қамтиды: экономиканың, құқықтық реттеу мен басқарудың, саяси процестердің, табиғи орта мен ресурстардың, қоғамның әлеуметтік және мәдени құраушыларының, қоғамның ғылыми - техникалық және технологиялық дамуының, инфрақұрылымының әсерін талдау.
Тікелей қоршау келесідей негізгі құраушылар бойынша талданады: сатып алушылар, жабдықтаушылар, бәсекелестер, жұмысшы күші нарығы.
Ішкі ортаны талдау өз мақсаттарына жетуде кәсіпорын қол жеткізуге үміттенетін мүмкіндіктер мен потенциалды ашады. Ішкі ортаны талдау ұйым мақсаттарын нақты айқындауға, миссияны неғұрлым нақты анықтауға, яғни кәсіпорын іс-әрекетінің мәні мен бағытын анықтауға мүмкіндік береді. Мынаны есте сақтаған жөн: ұйым өнімді сыртқы ортаға таратып қана қоймай, сондай-ақ жұмыс бере отырып, пайдаға қатысу мүмкіндігін бере отырып, әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз ете отырып, өз мүшелерінің жақсы өмір сүруі үшін жағдай жасайды.
Ішкі орта келесідей бағыттар бойынша талданады:
- кадрлық потенциал;
- басқаруды ұйымдастыру;
- қаржылар;
- маркетинг;
- ұйымдастырушылық құрылым.
4. Стратегиялық баламаларды өңдеу және талдау, стратегияны таңдау. Стратегияны таңдау басқарудың жоғарғы деңгейінде жүзеге асырылады және жоғарыда аталған мәселелерді шешуге негізделген. Шешім қабылдаудың аталмыш кезеңінде менеджер кәсіпорын іс-әрекетінің баламалы жолдарын бағалап, алға қойылған мақсаттарға жету үшін тиімді бағыттарды таңдауы қажет. Жүргізілген талдау негізінде стратегияны жүзеге асыру процесінде басқарушылық сызықтық аппаратпен кәсіпорының даму тұжырымдамасын келісе отырып, стратегиялық ойлаудың қалыпасуы жүзеге асады, дамудың жаңа стратегиялары ұсынылады, мақсаттар жобасы қалыптасады, ұзақ мерзімді даму үшін директивалар дайындалады, стратегиялық жоспарларды өңдеу және оларды бақылау жүзеге асырылады. Стратегиялық менеджмент кәсіпорын басымды мақсаттарға байланысты болашаққа өзінің кілтті бағдарларын анықтайтынын көрсетеді. Фирма алдында төрт негізгі стратегиялық баламалар тұрады: шектелген өсім, осы стратегияларды қысқарту және үйлестіру. Шектелген өсімді дамған елдердегі көптеген ұйымдар ұстанады. Осыған кәсіпорындардың ешбір байланыспаған салалармен табысты бірігуі негізінде мақсаттарды орнату тән. Жетекшілер қысқарту стратегиясын аса жиі қолданбайды. Онда көзделетін мақсаттар деңгейі бұрын көзделген мақсаттар деңгейінен төменірек орнатылады. Көптеген кәсіпорындар үшін қысқарту операцияларды рационалдау және қайта бағдарлау жолын білдіруі мүмкін. Мұндай жағдайда бірнеше нұсқаны қарастыруға болады:
- тарату (ұйымның материалдық қоры мен активтерін толық сату);
- артықты аудару (кәсіпорындардың өз бөлімшелері немесе әрекет түрлерін алшақтату);
- қысқарту және қайта бағдарлау (пайдану ұлғайту мақсатында өз іс - әрекетінің бөлігін қысқарту).
Қысқарту стратегиясына көбінесе компания әрекеттері нашарлай бастағанда, экономикалық дағдарыста немесе ұйымды сақтап қалу үшін жүгінеді. Барлық баламалардың үйлесу стратегиясын бірнеше салаларда белсенді қызмет ететін ірі кәсіпорындар ұстанатын болады.
Белгілі бір стратегиялық баламаны таңдай отырып, басқарма нақты стратегияға назар аударуы қажет. Басты мақсаты - ұйымның ұзақ мерзімді тиімділігін максималды арттыратын стратегиялық баламаны таңдау. Ол үшін жетекшілер кәсіпорынның барлық жағынан тұжырымдалған стратегиясына ие болуы керек. Қандай да бір нақты стратегияны таңдау көбінесе болашақ стратегияны шектейді, сондықтан қабылданатын шешім толық зерттеліп, бағалануы керек. Стратегиялық таңдауға түрлі факторлар ықпал етеді:
oo тәуекел (кәсіпорының өмір сүру факторы);
oo бұрыңғы стратегияларды білу;
oo стратегияны таңдау барысында басқару иілмелілігін шектейтін акция иелерінің ықпалы;
oo қажетті сәтті таңдаудан тәуелді болатын уақыт факторы.
Мәселелер бойынша шешім қабылдау түрлі бағыттар бойынша жүзеге асырылуы мүмкін: төменнен жоғарыға, жоғарыдан төменге, жоғарыда аталған екі бағытпен өзара байланыста (стратегия жоғарғы басқарма, жоспарлы қызмет пен жедел басқару бөлімшелері арасында өзара әрекет ету процесінде өңделеді). Кәсіпорын стратегиясын құру жалпы алғанда зор мәнге ие болуда. Бұл шешілетін мәселелердің басымдылығына, фирма құрылымын анықтауға, капитал салымдарының негізделуіне, стратегияны координациялау мен интеграциялауға қатысты.
Бизнес дамуының неғұрлым кең таралған, тәжірибемен тексерілген және әдебиеттерде неғұрлым кеңінен ашылған стратегияларды қарастырайық. Әдетте бұл стратегиялар базисті немесе эталондық деп аталады. Олар кәсіпорын өсіміне қатысты төрт тәсілдемені көрсетеді және бір немесе бірнеше элементтер жағдайының өзгерістерімен байланысты: 1) өнім; 2) нарық; 3) сала; 4) сала ішіндегі кәсіпорын жағдайы; 5) технология. Элементтердің әрбір бес түрі екі жағдайдың бірінде болуы керек: әреке етуші жағдай немесе жаңа. Мысалы, өнімге қатысты: сол өнімді шығару шешімі немесе жаңа өнімді өндіруге ауысу.
Базалық, іскерлік стратегия корпоративті миссия негізінде құрылады, кейіннен компанияның түрлі бөлімшелері мен қызметтеріне сәйкес фукнционалдық стратегияларға жіктеледі. Аталмыш бағыттар бойынша фукнционалдық стратегиялырадың тәуелсіз құрылуы -- бұл іскерлік менеджменттің құрылмаған негізі, онда, мүмкін, тиімділіктің жоғары резервтері жасырылған шығар. Функционалдық стратегияға ерекше назар аудара отырып, қандай да бір функционалдық бөлімшенің белгілі бір іске салған салымына, сондай - ақ осы бөлімшені қаржыландыру көлеміне де нтижелі түрде ықпал етуге болады. Қазіргі таңда, функционалдық стратегия түсінігі ерекше мағынаға ие болды, себебі ол стратегиялық сананың тікелей бақылауда болған және корпоративті миссиямен байланысты болған билік ережелері мен нұсқауларына негізделген басқару деңгейіне енуді сипаттайды.
Неғұрлым төменгі функционалдық деңгейлерде стратегиялық шешімдерді қабылдау саласының таралуы компанияда бизнеске қатысты мүлдем жаңа тәсілдеменің қалыптасуына және бизнес саласында арнайы білімге ие адамдарды лауазымға тағайындау мүмкіндіктеріне ықпал етеді. Функционалдық стратегияны өңдеу берілген қызмет шеңберінде лайықты іс - әрекетті іздеуді білдіреді.
Осылайша, функционалдық стратегия функционалдық бөлімшенің мынадай бағдарына негізделеді: әрбір қызметкер өз іс-әрекетінің логикалық жалғасы деп түсінетін іскерлік стратегияны қалыптастыру. Осындай функционалдық стратегияны өңдеу көптеген компанияларда қол жеткізілмеген шың ретінде түсіндіріледі. Кадрлармен жұмыс және мәліметтерді электронды өңдеу сияқты қызметтермен жалпы іскерлік стратегияның сәйкес келуі белгілі қиындықтарға байланысты, ал өзге қызметтерге қатысты оны жүзеге асыру (ақпараттық қамтамасыз ету, даму және маркетинг) біршама оңайырақ.
2.3 Бизнес-жоспардың кезеңдеріне жалпы шолу
Бизнес-жоспарлау кезеңдері. Жоспарлаудың бірінші кезеңі - сыртқы ортаны талдау:
- елдегі экономикалық және саясаттық жағдайлардың (мемлекеттің экономикалық саясаты, саясатты тұрақтылық, мәдениетті ерекшеліктер);
- салалар (өсу екпіні, айналымдық, халықаралық іс-қимылдар, қаржылық сипаттамалар);
- нарықтың (коньюктура дамуының өзгерулері және тенденциялары, альтернативті технологиялар, бәсекелестер, сатылымдар әдістері, жарнама, бағалар);
- сұраныстардың (өзгерушілік, қалыптастырушылық созылушылық);
- ресурстар (орынбасушылық, бағалардың өзгеруі, қоршаған ортаға әсері).
Жоспарды жүзеге асырушылар мекемеге қатысты сыртқы факторларды кәсіпорының мүмкіндіктерін және қауіп-қатерлерін анықтау үшін бақылайды. Ол төнуі мүмкін қауіп-қатерлердің алдын алу үшін жоспар құруға және төніп тұрған қауіпқатерді кез келген пайдалы мүмкіндіктерге айналдыруға арналған стратегияны жүзеге асыру, ұйымның мүмкіндіктерін болжау үшін уақыт береді. Бағаға қарағанда, стратегиялық жоспарлау процесі бұл қауіп-қатерлердің және мүмкіндіктердің ролі сыртқы ортаны талдау барысында нақты үш сұраққа жауап береді:
- дәл қазір кәсіпорын қайда орналасқан?
- басшылықтың ойынша, кәсіпорын келешекте қайда орналасу керек?
- басшы кәсіпорынды бір жағдайдан екінші жағдайға қалай ауыстырады?
Жоспарлаудың екінші кезеңі - мүмкіндіктердің бағасы (ең бастысы, күнкөріс тәсілдері, кірістер, тәуекелдер). Кәсіпорынның потенциалдық мүмкіндіктерінің бағасы нарықтық сұраныс балансын кәсіпорынның өзінің шынайы мүмкіндіктерімен қамтамасыз етеді, өндірістік бағдарламасының дәйектемелерін және нарықтағы тәртібін шығарады, сонымен қатар үздік басқару шешімдерін қабылдайды.
Сұраныс мақсатымен мүмкіндік бағаларын бес қызметті қосу маңызды: маркетинг, қаржылар (бухгалтерлік есеп), операциялар, адами ресурстар, кәсіпорынның мәдениеті және көрінісі.
Маркетингтің қызметін зерттеу барысында талдауға және зерттеулерге арналған жеті облысқа көңіл аударған жөн:
- бәсеке-қабілеттілік және рыноктың бөлігі;
- біркелкі еместік және өнім ассортиментінің сапасы;
- нарықтық демографиялық статистика;
- нарықтық зерттеулер және жұмыстар;
- сатылымдарға дейін және сатылымдардан кейін тұтынушыларға игі қызметтер көрсету;
- нәтижелі өтім, жарнама және тауардың дамуы;
- кірістер.
Қаржылар (Бухгалтерлік есеп). Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорында пайда түсіре алады және жоспарлау процессі нәтижесінің көтерілуіне әсер етеді. Қаржылық жағдайды заттық талдау кәсіпорында ішкі потенциалдық кемшіліктерді айқындайды, сонымен қатар оның бәсекелестерімен салыстыруда кәсіпорынның қатынасты жағдайын анықтайды. Қаржылық қызметті түсіну басшылыққа ұзақ мерзімді келешекте ішкі әлсіз және күшті жақтардың аумағын ашып береді [8].
Операциялар. Операциялармен басқаратын талдауларды үзіліссіз жүргізу кәсіпорынның ұзақ уақыт тіршілікте болуына ең маңыздысы. Операциялармен басқаратын қызметтің күшті және әлсіз жақтарын зерттеу барысында міндетті түрде жауап беру керек сұрақтарды келтіреміз.
Біз тауарларымызды және игі қызметтерімізді бәсекелестермен салыстырғанда, төмен бағамен өндіре аламыз ба? Егер жоқ болса, онда неліктен?
- Жаңа материалдарға қол жеткізе аламыз ба? Біз бір немесе тұтынушылардың шектелген көлеміне тәуелдіміз бе?
- Біздің жабдықтарымыз дұрыс па және онымен жақсы қызмет көрсетіледі ме?
- Артық материал көлемінің төмендеуіне сатып алынулар есептелген бе? Енгізілетін материалдар және шығарылатын өнімдерді бақылайтын пара-пар құрылғылар бар ма?
Жұмысшылардың жұмысын уақытша тоқтатуға әкеп соғатын мерзімдік сұрауларға біздің өніміміз дайын ба? Егер осылай болса, онда бұл жағдайды қалай жөндеуге болады?
oo Біздің бәсекелестерімізге игі қызмет көрсете алмайтын нарықтарға игі қызмет көрсете аламыз ба?
oo Бізде сапаны анық және тұжырымды бақылау жүйесі бар ма?
oo Біз өндіріс процессін қаншалықты анық жоспарладық және жобаладық? Оның жақсаруы мүмкін бе?
Адамдық ресурстар. Кәсіпорындарда мәселелердің көпшілігі адамдарда болуы мүмкін. Егер кәсіпорында жақсы қызметшілер және басшылар, мақсатты орындар болса, онда оның әр түрлі альтернативті стратегияларға бағытталуына мүмкіндігі бар. Керісінше жағдайда, жұмыстың жақсаруына жету керек, өйткені бұл әлсіздік кәсіпорының болашақ қызметіне қауіпқатер төндіреді.
Кәсіпорынның мәдениеті және көрінісі. Кәсіпорынның мәдениеті және көрінісі бірлестік абыройымен күшейеді немесе әлсізденеді. Кәсіпорын өзінің мақсаттарына жетуіне қатысты кәсіпорынның абыройы жақсы ма? Ол өзінің қызметіне сәйкестендірілген бе? Осы даму кезеңінде бұл кәсіпорын басқалармен салыстырғанда қандай жағдайда?
Үшінші кезең - кәсіпорынды дамытудың жолдарын таңдау. Ұлттық шаруашылықтың кәсіпкерлік секторы экономикалық талдау үшін кәсіпорынның үлкен көлемін есепке алып, белгілер қатары бойынша топтастырылады. Меншік түрінің өлшемі, қызмет сипаттамасы, өсу қажеттіліктері бойынша өндіріс факторлары, құқықтық мәртебе бойынша топтастыру кеңінен таралған.
Меншік түрлері бойынша кәсіпорындар келесілерге бөлінеді:
- жеке, толығымен өзі жалғыз, тәуелсіз кәсіпорындар немесе оның құрамдық бөлімдерінде біріктірілгендер. Мемлекетте жеке меншік капиталдың бір бөлігі бар кәсіпорындарды да жатқызуға болады;
- мемлекеттік, яғни капитал және басқару толығымен мемлекетке жатады;
- сонымен қатар аралас та болады, яғни капиталдың басым бөлігін иеленеді және басқаруда атқарушы рөл атқарады.
Кәсіпорын өлшемі бойынша кіші, орташа және ірі болып бөлінеді. Әр елде кіші кәсіпорынға әрқалай анықтама береді. Қазақстанда шағын бизнеске аз адамды тиесілі етеді. ҚР Үкіметінің 1997 жылдың 8 сәуірінен № 499 қаулысына сай шағын кәсіпкерлік кәсіпорындарына келесі сандағы жұмысшыларды енгіземіз: өнеркәсіпте, құрылыста және ауыл шаруашылығында - 50 адам, сауда-саттықта және тұрмыстық қызмет көрсетуде - 30 адам, көлік және байланыста - 25 адам, ғылым және инновациялық қызметте - 20 адам. 200 адамнан артық жұмыс істейтін кәсіпорын - орта бизнеске жатады.
Кәсіпорын қызметінің сипаттамасы бойынша топтастыру (өндірістік және өндірістік емес) олардың бөлінулерін өндірілетін ізгі және игі қызмет көрсетулерде ұйғарылады. Берілген топтастыру кәсіпорынның бөлімше құралдары бойынша оларды өнеркәсіптік, ауылшаруашылық, көліктік, банктік, сақтандыру және тағы басқаша да топтастыруға жақын.
Кәсіпорынның өндірістік факторларының белгілері бойынша топтастыруы кәсіпорынның еңбек, капитал, материал, ғылыми сыйымдылықтарын қарастырады. Құқықтық мәртебе бойынша Қазақстан Ренспубликасында ең алғаш жауапкершілігі шектеулі кәсіпкерлерді, мемлекетті және муниципалды унитарлы мекемелерді ерекшелейді.
2. Сарыарқа-тур туристік агенттігінің бизнес-жоспарын талдау
2.1 Кәсіпорынның мақсаты, қызмет көрсету бағыты
Сарыарқа-тур туристік агенттігінің мақсаты - халықтың туристік қызметке деген қажеттілігін қанағаттандыру, туристерді сапалы және сенімді туристік қызметпен қамтамасыз ету. Агенттік туристік қызмет көрсету бойынша шарттағы барлық міндеттердің толық орындалуына кепілдік бере отыра, болашақ тұтынушыларды ақпараттандыру үшін қажетті іс-шаралар жүргізеді. Негізгі міндеті - ерекше, ұмытылмас саяхат ұйымдастыру, туристің демалысын ұнамды әрі пайдалы ету, кез келген бағдарламаны толыққанды әрі қызықты қылып жоспарлау. Өз қызметінде Сарыарқа-тур туристік агенттігі келесі принциптерді ұстанады:
oo Әр клиентпен жеке жұмыс жасау, клиентті қанағаттандырудың жолын табу;
oo Барлық түскен сұрақтарға, өтініштерге жылдам әрі толық жауап беру;
oo Көрсетілетін қызметтердің санын көбейту және сапасын жоғары деңгейде ұстау;
oo Қызметкерлердің білім деңгейін әрдайым жоғарылатып отыру.
Сарыарқа-тур туристік агенттігінің негізгі көрсететін қызметі:
oo Таңдалған кез келген маршрут бойынша жеке әрі топтық турларды ұйымдастыру,
oo Орналастыру орындарын брондау;
oo Тасымалдау бойынша қызмет көрсету (жалға беру,авиа, темір жол, автобустық билеттерді алу, трансфер).
Сарыарқа-тур туристік агенттігінің қосымша көрсететін қызметі:
oo Гид, экскурсовод мамандардың қызметі;
oo Виза рәсімдеу;
oo Туристерді сақтандыру;
Сарыарқа-тур туристік агенттігі БАӘ, Тайланд, Египет, Малайзия, Греция, Турция, Гоа және өзге де шет елдерде демалыс ұйымдастырып, Италия, Испания, Чехия, Франция сынды Еуропа мемлекеттерінде экскурсиялық турлар өткізеді. Чехия, Израильге емдік турлар, Санкт-Петербург, Мәскеуге жиынтықты турлар ұсынады. Сонымен қатар Астана қаласы және оның маңайындағы туристік орындарға экскурсиялар мен демалыстар ұйымдастырады. Агенттік Tez tour, Kazunion, Kaztour, Travel system сынды жетекші туроператорлармен қызмет атқарады.
Агенттік Астана қаласында, Сарыарқа даңғылы, 12 мекен-жайында қаланың біршама дамыған нүктесінде орналасқан. Кірер есік туристік агенттік ұсынатын маршруттар тізімімен әрлендірілген, кеңсенің ішінде келушілердің демалуына жайлы орын жасалып, әртүрлі брошюралар, ақпараттық журналдар, қонақ үйлер каталогтары қойылған. Сонымен қоса, Сарыарқа-тур клиенттерінің демалыс кезіндегі жарқын суреттері ілініп, потенциалды клиенттерді әрдайым қызықтырады. Агенттік бірнеше телефон линиясымен, факс, ксерокөшірме, принтер, сканер, Internet локальді жүйесіне қосылған бірнеше компьютермен, барлық канцелярлық тауарлар түрімен қамтылған.
Қарастырылып отырған туристік агенттіктің негізгі сегментін 30-55 жастағы бизнесін алған қойған, табыс деңгейі жоғары кәсіпкерлер немесе өзге салалардағы білікті мамандар. Көп жағдайды бұл ерлі-зайыптылар, сондықтан жолдамалар 2-4 адамға арналып алынады. Саяхаттау мотивациясы: демалу, емделіп қайту, өзге мемлекеттің көрікті орындарын көріп қайту.
Осыдан барып, келесідей қорытынды жасауға болады: қарастырылып отырған турагенттіктің клиенттері дамыған, перспективті кәсіпкерлер болғандықтан тұтынушылардың бұл тобы турагенттіктің турөнімді даярлап, өткізуге шығарған шығынын толық ақтап беруге мүмкіндік береді. Дегенмен нарықтың бір ғана сегментімен жұмыс істемей, фирманың барлық потенциалды тұтынушылардың сеніміне еніп, ықыласын оятуы қажет, яғни, барлық маркетингтік іс-әрекет қазіргі және болашақтағы тұтынушылардың талғамын қарастырылып отырған туристік агенттікке бағытталуы үшін жасалады.
2.2 Кәсіпорынның бизнес-жоспарына жалпы шолу
Кез келген кәсіпкерлік қызметтің жетістігі бизнестегі менеджменттің негізгі элементі болып саналатын ксіпорынның потенциалы мен басқару бағдарламасының дұрыс таңдалуымен анықталады. Бағдарламаны таңдау факторларға тәуелді болады: кәсіпорынның қандай көлемде потенциалы бар, кәсіпорынның потенциалының бәсекелестік қабілеті қаншалықты жоғары; нарықта қандай үлесі бар және кім бола алады, кәсіпорын алдына қандай мақсат қояды. Қойылған мақсатқа байланысты кәсіпорын нарықта жүріс-тұрыс бағдарламасын таңдайды.
Қызметкерлер - кәсіптік немесе қызмет белгілері бойынша топ құрайтын мекеменің, кәсіпорынның жеке құрамы немесе қызметкерлері.
Сарыарқа - тур турагенттігінің құрылымы келесідей: Штаттағы қызметкерлер саны - 3, штаттан тыс қызметкерлер саны - 6. Қызметкерлердің туристік нарықтағы еңбек тәжірибесі 5 жылдан кем емес.
Бас директор - Ертаев Мақсат Мұхтарұлы.
Директор орынбасары әрі бас менеджер - Жүнісова Гүлмира Нұрболатқызы
Менеджер - Әбдірайымова Малика Аманжолқызы
Бас директор өзінің ішкі мәдениетімен, білімі әрі тәжірибесімен кез келген қызметкерінің өз кәсіпорынына тиімді қызмет етуіне жетелеп, содан жоғары нәтиже алады. Басқаруда демократиялық стильді қолданып, ұжымда серіктестік қатынас орнатып, бағыныштыларды ұжымның негізгі қызмет бағыттары бойынша шешімдерді талқылауға және дайындауға тартумен, құқықтар менміндеттерді өзара бөлісумен, қабылданған шешімдерді орындаған кезде өз қызметкерлерінің дербестігі мен бастамашылдығын қолдап отырады.
Турагенттіктің бірінші менеджері тәжірибесі мол қызметкер. Негізгі атқаратын қызметттері - Еуропа, Азия елдерінің турөнімдерін даярлап, өткізу және бухгалтерлік іс жүргізу.
Менеджер - ішкі туризмге жауап беріп, Қазақстан бойынша өнімдерді өткізумен және Түркия мемлекетінің турпакеттерін сатумен айналысады.
Сарыарқа - тур турагенттігінің құрылымын қарастыру барысында, кәсіпорынның тиімді қызмет атқаруы үшін қажет келесі мәселелелер назарға алынды:
1. Бөлімшені қадағалайтын тек бір ғана тікелей бастық болу қажет;
2. Әр қызметкердің өзінің нақты бір анықталған қызметтері болуы тиіс.
3. Міндет жүктеу барысында міндетке жауапкершілік бекітілуі керек;
4. Міндеттер бөлінгеннен кейін бөлімшені қажетті ресурстармен қамтамасыз ету керек;
5. Қызметкерлерді бөлімшелерге бөлу кезінде белгілі бір топтастыру принципі болуы қажет (атқаратын қызметтері бір топ, бизнес-процесі бір топ, бір тұтынушы сегменті бойынша);
6. Атқарылған қызмет нәтижесі өлшенетін, белгілі бір көрсеткіш арқылы көріну керек;
Кәсіпорында келесі қызметтет толығымен жүзеге асады: кадрлық қызмет, клиент тарту, қаржылық жоспарлау, басқарушы кәсіпорындағы қызмет әрекеттері жайлы толық ақпаратта,жұмыс міндеттерінің орындалуы, шешім қабылдаудың жүйелігі және дәл уақыттылығы. Қызметкерлердің қызмет бабы бойынша ары қарай дамуына, біліктілігін арттыруға ықыласы үлкен және осы кәсіпорынның ұйымдастырушылық жүйесі ол сұранысқа жауап бере алады және нәтиже тиімділікті әкеледі.
Кәсіпорынның негізгі туристік бағыттарының бірі Түркия.
Миллиондаған туристер бұл елдің көз тартар әдемілігін де, таңғажайып келбетін де, Жерорта және Эгей теңіздері жағасындағы саф ауасын да ертеден мойындаған. Түркияға саяхат жасап, ондағы демалыс орындарында болу - демалыс уақытын ең жоғарғы деңгейде өткізу деген сөз. Тіпті 4-5 жұлдызды қонақ үйлерге бір көз салудың өзі неге тұрарлық десеңізші! (Ал басқаша қонақ үй түрін бұл жерден таба да алмайсыз) Бұл жердегі туристерге қызмет көрсету сапасын All Inclusive (барлығы қамтылған) атты жұмыс істеу ұстанымынан-ақ байқауға болады. Сізге бұл жерде толықпансионды қызмет түрі көрсетіледі, олардың арасынан спиртті ішімдікті де, жай сусындарды да тәулік бойы таба ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz