Олигофрендерге соттық психологиялық сараптама жүргізу шаралары



Жоспар:
• Олигофрения туралы жалпы түсінік.
• Тергеу органдарының олигофрендермен жұмыс жасау ерекшеліктері

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Олигофрендерге соттық - психологиялық сараптама жүргізу шаралары.
Олигофрения.

Жоспар:
• Олигофрения туралы жалпы түсінік.
• Тергеу органдарының олигофрендермен жұмыс жасау ерекшеліктері

Олигофрения

Олигофрения (грек. olіgos – аз және phren – ақыл) – ақыл-ойдың кемдігі;
іштен туа біткен не алғашқы 3 жыл өмірінде дамымай қалған психиканың әр
түрлі формалары.[1]Аурудың пайда болуына әр түрлі себептер: тұқым қуалайтын
аурулар салдарынан организмдегі генетикалық ауытқулар; кейбір заттардың,
мыс, амин қышқылдарының (фенилкетонурия), көмірсулардың (галактоземия) т.б.
алмасу процесінің бұзылуынан болатын аурулар; жатырдағы ұрыққа не іштегі
нәрестеге зақым келуі (ана бойындағы вирусты инфекция, токсоплазмоз, мерез)
не сәбидің 3 жасқа дейінгі алған жарақаттары (мысалы, бас сүйек-ми зақымы,
т.б.) әсер етеді.
Негізгі белгілері

Олигофренияның ең негізгі белгісі адамның танымдық әрекетінің, атап
айтқанда, ойлау және сол ойды қорыту қабілетінің нашар дамуымен
сипатталады. Сондай-ақ олигофрения кезінде адамның есі, назар аударуы,
сөйлеуі, т.б. психика әрекеттерінде тежелу байқалады. Науқастардың
көпшілігінде сезім органдарында, қимыл-қозғалысында, тіпті жекелеген
мүшелерінде де ауытқулар (бойының өспеуі, дене бітімінің диспропорциясы,
т.б.) болады.
Олигофрения түрлері

Ақыл-ой қабілетінің мешеулік дәрежесіне қарай олигофрения: идиотиялық
олигофрения, имбециалдық олигофрения және дебильдік олигофрения деп
бөлінеді. Идиотиялық олигофрения (грек. іdіoteіa – надан) – олигофренияның
ауыр түрі; ақыл-ойдың мүлдем дамымауы. Бұл жағдайда ойлау, сөйлеу қабілеті
дамымайды; науқас міңгірлеген дыбыстар ғана шығарады, оларға айтылған
сөздің мағынасын түсінбейді. Имбециалдық (лат. іmbecіllus – ақыл-ойы әлсіз)
олигофрения – олигофренияның орташа түрі; алдыңғы жағдаймен салыстырғанда,
науқас қарапайым сөздерді анық айтып, аздап санай да біледі. Дебильдік
(лат. debіlіs – әлсіз) олигофрения – олигофренияның әлсіз түрі; орташа
түріне қарағанда науқастың сөйлеу қабілеті біраз дамыған, бірақ сөз қоры
аз, көбіне жаттап алған сөздерін айтады. Олигофрениямен ауырған
науқастардың барлығы да психиатрдың бақылауында болады, негізінен оларға
психикалық ой-өрісінің дамуына себепші болатын емдік шаралар жүргізіледі.

Олигофрения – туа пайда болған кем ақылдылық. Олигофрения дамитын ағымы
болмайды. Оның пайда болатын себебі әр түрлі. Олигофрениядағы психикалык
кеселдер ең алдымен көбінесе парасаттылығы жағынан жетімсіз психиканың
дамуынан көрінеді. Олигофренияда қынап ішіндегі кезеңдерде (алкогольді және
сифилисті ата-аналарда) экзогендік зиянының ерте балалар жасында бас миының
әсерімен байланысты. Олигофренияда зияткерлік толық ессіздік пайда болады.
Науқастар физикалық жетіспеушіліктен пайда болатын сыртқы белгілерге назар
аударады. Оларға дұрыс емес дене қалпын, пропорционалды емес аяқ-қол ұшы,
кіші немесе үлкен көлемді бас сүйегі, бұрыштау, жеткіліксіз қимыл
координациясы, дәрменсіз бет-әлпет, т.б. жатқызуға болады. Сыртқы түрлері
де едәуір сиықсыздықпен ерекшеленеді, дене бітімі пропорциясыз келеді. Ақыл
жетіспеушілігі дәрежесіне байланысты олигофренияны 3 топқа жіктеуге болады.
Әрине, шартты түрде. Тергеу органы мен сараптама жиі дебил тобымен
кездеседі. Дегенмен, бұл топ та дәрежесі мен ақау тереңдігіне қарай
біртектес емес және түрлі сот-психиариялық қорытындыны талап етеді. Әркезде
интелектуалды жетіспеушіліктің тұлға мінездемесі өзгерісімен бірлігін
кездестіруге болады, бұл дебил кем ақылдылығы сұрағын шешуде анықтауға
қиындық туғызады. Олигрофнедердің негізі болып олардың өзін - өзі жоққа
сендіру болып табылады. Сондықтан тергеу материалдарын жинақтай жүріп,
олигрофнедердің көрсетілген қасиетін есепке алу керек. Кейде өзін-өзі
сендіру кезінде олигрофнедер сұрақ алып отырған тұлғаның “тізгінінде кетуі
мүмкін”. Бұл жағдайда әңгімелесу формасы үлкен рольге ие. Олигрофнедерді
куә ретінде сұрауға тартқанда қиындық тууы мүмкін, олигрофнедер көп
жағдайда сөзге еріп кетуге бейім. Олигрофендердің сот-психиатриялық
бағалауы ой-өрісінің тереңдігі жетіспеушілігіні мен оның бұзылу мінезімен
үйлесуі, аурудың сыртқы факторлардың жағымсыз әсеріне жоғары тқрақсыздығына
байланысты, т.б. Олигофрениядағы психикалық бұзылыстар едәуір тұрақты және
бүкіл өмір бойында сақталады.
Ойлау шұғыл бұзылған, оның көінуі де олигофрения түріне байланысты келеді.
Сезімдік жағы да төмен болады. Ерік процестері қарапайым құштарлықпен шекте-
леді. Бұған мақсатты әрекетті орындаулары қабілетсіздік немесе жетімсіздік
себепші болады.
Психикалық, жетімсіздіктің үш дәрежесі бар. Бұларды идиоттық, имбециелдік
және дебилді деп атайды.

Көңіл-күйдің жақсару кезеңдері. Күтпеген жағдайда пайда болып, қозудың
жылдам қимылды сана бұлыңғырлануымен жүретін, психикалық қызметтің қысқа
мерзімді бұзылысы болып табылады. Тоқталуы да басталуындай кездейсоқ. Оған
патологиялық аффект пен сананың сумерлік бұзылыстары жатады.
Реактивті жағдайлар жағымсыз жағдай қорытындысында дамитын психикалық
қызметтің уақытша мерзімді бұзылысы болып табылады (қамау, тергеу).
Реактивті жағдайлардың ауысу мінезі ақылесі дұрыс емес ауруларын тануға
негіз бермейді. Дегенмен кей жағдайда реактивті жағдай психикалық
аурулардың түрлі формасын вуалирлейді. Осыман байланысты сот-психиатриялық
сараптама мағыналы диагностикалық қиындықтарды өткізе алады. Басқа
реактивті жағдайларда клиникалық суреттің айқындығына қарамай, қиындық
туғыза алады. Мұндай қиындық аурудың созылмалы түрінде пайда болады.
Әсіресе жиі созылмалы түрі психогенді ступорда кәрі жаста дамитын реактивті
жағдайлар депрессияда байқалады. Созылмалы реактивті жағдайлар кейде адам
ағзасындағы қайталанбас қозғалысқа әкеледі (ауысу тәртібінің бұзылысы,
ағзаның аруы), сирек құбылыста науқастар жазалана алмайды және медициналық
түрде шаралар қолдануды талап етеді.
Симуляция дені сау адамдарда бақыланады, психикалық ақауы бар науқастарда
жиі пайда болады (шизофрения, олигрофения). Олигрофренияда зерттелуші
симуляция формасына жуық ақауды таңдап алады. Ауру симптомдары барларды
күшейту аггравация деп атайды. Сот-психиатриялық бағалау үшін патологиялық
негізде симуляция жағдайы өте қиын.
Психикалық аурулардың себебін бірнеше топқа бөлуге болады, олардың
әрқайсысы көптеген түрлі патологиялық жағдай мен процестерді енгізеді.
Патологиялық мұра- көптеген психикалық аурулардың пайда болуында көптеген
мағынаға ие. Сонымен қоса, ұрпаққа психикалық аурулардыңбелгілері тікелей
берілуі сирек кездеседі, дегенмен патологиялық ұрпаққа берілу белгісі
болатын анық мысал боп белгілі гендердің деффектісіне байланысты
олигрофения (туа пайда болған кем ақылдылық) болып табылады.
Патологиялық белгілер ұрпаққа берілсе де, мұралық орналасу жиі
қандай да бір психикалық аурулардың қосымша факторларының әсерінен болады.
Психикалық аурулардың даму мүмкіндігі балаларда осындай бабаларының
ауруында жақын туыстарда, сондай-ақ ата-анасының біреуі ғана емес, екуінде
де ақау тіні бар болғандықтан көбейеді. Егер шизофрениямен ата-анасының
біреуі ғана ауырса, онда ұрпағының осы ауру дамуына 0,6 пайыз құрайды,
бірақ екі ата-анасы да ауырса, балаларының 35 пайызы ауруы мүмкін.

Ақаулы генетикалық белгілердің балаларға берілуі мүмкіндігі ата-
аналары алкоголь мен наркотиктерді зиян тұтып, өндірістік зиян әсеріне
ұрынғаннан да болады. Әсіресе алкоголь мен наркотиктерді әйелдердің
екіқабат кезінде қабылдау қауіпті. Ақыл –есі кем балалардың тууы осындай
жағдайда өте жоғары.
Қатты және созылмалы улану мен жұқпа аурулары түрлі психоз себебі болуы
мүмкін. Осындацй байланыстың жарқын мысалынның бірі – ұзақ уақыт
маскүнемдіктен пайда болған алкогольдік психоздар. Психикалық бұзылыстар
түрлі наркотиктар пайдаланғаннан (морфий, гашиш, ЛСД және т.б.) пайда
болады. Психиканың бұзылыстары өндірістік умен созылмалы уланғанда да пайда
болады, (сынап, тетраэтилқорғасын, пестицидтер және т.б.) сондай-ақ
дәрілерден (акрихин, атропин және т.б.) Түрлі бейнелі психоздар мен
психикалық аурулар жұқпа аурулары түрінде, әсіресе бас миының және оның
қабығының (энцефалит, менингит, бөрткен тиф) тікелей зақымдануынан көбейе
алады. Психикалық бұзылыстар тиф, қызылша, малярка т.б. жұқпа ауруларында
ағзаның уыттануынан пайда болады.
Бас миының жарақаттануы (жаралану, соғып алу) да психикалық бұзылыстың
дамуына әкеледі. Кейбір жалпы ауруларда, мысалы, атеросклероз, кәрілік
психоздар деп аталатын түрі дамиды, олар бас миына оның тін атрофиясыен
қанның дұрыс мөлшерде жетіспеушілігінен пайда болады.
Психикалық бұзылыс адам құны мен арын, оның әлеуметтік мәселесін ұзақ уақыт
төмендетуден пайда болады.
Айта кететін, барлық көрсетілген себептер анықталған жағдайда өткізіледі.
Психикалық бұзылыс себебін өткізетін жағдайға ұзақ және ауыр науқас
нәтижесінде ағзаның әлсіреуінен, аз тағамданудан, ұзақ уақыт ұйықтамаудан,
әр түрлі нәрседен улану т.б. пайда болады. Сонымен қоса, ағзаның ішкі
ортасында оның қарсыласуы көбейіп, ауру себебінің пайда болуына теріс әсер
етеді. Психикалық ауру ағымы, ізінше, науқастың психикалық жағдайы
әрқашан ауысып тұрады. Сот-психиатриялық сараптама үшін ауру суретінің
өзгеру жылдамдығы мен келбеті үлкен мағынаға ие, өткені сарапталушының
психикалық жағдайы құқық бұзу кезінде басқа болып, ал тергеу мен сараптама
уақытында мүлде басқа болуы мүмкін. Ауру ағымының ерекшелігін есептей
орырып, ары қарай сотталушының жағдайының медициналық шара түрін анықтау
үшін, сараптаушылар науқастың жағдайын болжауы керек.
Кейбір психикалық ауру тез дамиды және аяқталады. Мысалға алкогольды
психоз, көбіне делбе, сондай-ақ түрлі ауыр уыттанған ағзада пайда болатын
немесе психикалық жарақат алғаннан пайда болады(оталау (опарация) жасауға
байланысты т.б.) реактивті психоздарды келтіруге болады.
Психикалық аурулардың созылмалы ағымы бірнеше кезеңнен өтеді. Алдымен алғы
белгілері кезеңі дамиды, түрлі аурулар үшін жалпы симптомдары пайда болады
– бас ауруы, қозғыштық, қобалжу сезімі, ойлау қабілетінің төмендеуі және
шаршаудың көбеюі, ұйқының бұзылуы, жалпы шаршау т.б. Содан кейін
психикалық аурулардың деректі симптомдары пайда болады – дебют кезі
басталады. Сандырақ ойлар, галлюцинациялар, сөздік және қимыл қозуы пайда
болады, науқастар қозғалғыш болып, көп және түсініксіз сөйлейді т.б.
Дебют кезеңі тез немесе біртіндеп дами алады. Ары қарай ол спецификалық
симптомдары бар ашық ауру суретіне және анықталған ағым заңдылығымен
ауысады. Психикалық аурулар баяу немесе жылдам, үздіксіз немесе талма
түрінде дамиды, бірақ психика ақауы кем ақылдылықпен аяқталады. Дегенмен,
кем ақылдылық көрінбесе де науқас мінезі мен тұлға өзгерісі біртіндеп
дамиды. Сонымен бірге науқастың дұрыс тәртібі мен еңбекке қабілеттілігі,
әсіресе науқастың талма тәрізді түрінде, және оны уақытында емдесе ұзақ
сақтала алады.
Психикалық аурулардың көп түрлерінде жақсару кезеңі болады – бірнеше
аптадан бірнеше жылға дейін созыла алатын ремиссиялар. Сонымен қоса
шизофрения, эпилепсия психикалық аурулар тоқтаусыз дами береді. Ал,
олигофрения, психопатиялар, бас миының жарақат салдары сияқты аурулар мен
психикалық бұзылыстар дамымайды. Дегенмен, түрлі психоздар ағымында
психопатияларда жақсару немесе нашарлау кезеңі болуы мүмкін, соңғысы
сыртқы орта әсерімен тығыз байланысты- жалпы аурулар, психикалық
жарақаттар, алкогольды уыттану және т.б. Психикалық бұзылыстар ағымының
жақсару кезеңі сәйкес емнің шешімі болады. Тергеу немесе сот сұрақтарына
жауап беру үшін алдымен психикалық ауруға диагноз қойып, психикалық
бұзылыстың ауырлығын анықтау қажет. Бұл үшін науқасқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есірткі және жүйкеге әсер ететін заттармен заңсыз айналысу қылмысын тергеу
Интеллект патологиясы
Қылмысты ашу мен тергеудің сот,тергеу және жедел-іздестіру тәжірибесін зерттеу
Психикалық аурулар сараптамасы
Криминалистика пәнiнен дәрістер кешені
Қылмыстық істі жүргізу
Криминалистикалық болжамдар және тергеуді жоспарлау
Қылмыс субъектісінің ұғымы мен белгілері
Қылмыс субъектісі, арнайы субъектісі бар қылмысты саралау
Қылмыстың субъектісі бойынша саралау
Пәндер