Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларация
ЖОСПАР
Кіріспе
I. Қазақ КСР.нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация
1.1 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңы.
1.2 Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы
1.3 Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы мен құқығының онан әрі дамуы
II. Мемлекеттік егемендік азаматтық қоғам
2.1 Демократиялық мемлекет билiгiнiң негізгі туғыры
2.2 Әлеуметтік мемлекеттің құқықтық негіздерi,алғы шарттары
2.3 Зайырлы мемлекеттің қалыптасуы, Қазакстандағы орын алуы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер мен деректерге сілтеме

Конститутция – құқықтың негізгі көзі, оның ережелері заң қабылдаудың мағынасы мен мазмұнын белгілейді, заң шығарушы және атқарушы билік қызметін анықтап, басқа құқық салаларымен қоғамдық қатынастардың кейінгі тәртібін белгілеу негізі болып табылды. Сондықтан құқықтық мемлекетті құру және ұйымдастыру негізінің бірі болып конститутцияның нормативтік актілер жүйесіндегі жоғарылығы мен оның тура, тікелей әрекеті болады.
Құқықты демократиялық мемлекет құру конститутцияның бейбітшілік пен тұрақтылықтың сенімді кепілі ретінде мағынасы өсуін қалайды, өйткені құқық үстемділігі концепциясының қажетті шарттарын тағайындап бекітетін - Конститутция. Мемлекеттік орындар мен жалпы қоғамның Конститутцияның негізгі қалауларын орындауы мен Конститутциялық құрылыстың беріктігіне байланысты. Конститутциялық құрылыс - мемлекет ұйымдастыруының Конститутцияда бекітілген белгілі амалы немесе белгілі формасы.
Қ.Р. Конститутциялық құрылыс қоғамда қалыптасатын қоғамдық қатынастардың толық жүйесін ендіреді. Оның бекітілуінде, тіпті құқықтық нормалар ғана емес, тіпті жеке құқық саласы ғана емес, Қазақстанның бүкіл құқық салалары мен заң шығарушылары қатысады.
Қазақстан Республикасының қазіргі Ата Заңы 1995 жылғы 30 тамызда республикалық бүкілхалықтық дауыс беру (референдум) арқылы қабылданды. Ата Заң кабылданған күн демалыс — мемлекеттік мереке — Қазақстан Республикасының Конституциясы күні деп жарияланды. Ата Заңды қабылдау әдісінің орасан зор маңызы бар, өйткені оның мазмұнын сайлаушылар көпшіліктің қатысуымен мақұлдайды.

Пайдаланылған әдебиеттер мен деректерге сілтеме:
1. Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. 1990 жыл 25 казан. Қазақстанның мемлекеттілік кезендері атты кітапта. 107-111 б.б.
2. Бұл да сонда. 107-108 б.б.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы. Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы. 1991 жыл 16 желтоқсан. Қазақстан: мемлекеттілік кезендері атты кітапта. Алматы. 1997. 132-137-6.6.
4. Бұл да сонда. 133-6.
5. Бұл да сонда. 133-6.
6. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы. 1993ж.
7. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы. Алматы. 1992.
8. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның болашағы оның идеялық бірлігінде. Алматы. 1993.
9. Қараңыз: Зиманов С. Конституция и Парламент Республики Казахстан. Алматы. 1996. с. 126.
10. Бұл да сонда. с. 124.
11. Шепель В.Н., Касымбеков М.Б. Первый Президент Республики Казахстан — Нурсултан Назарбаев. Хроника деятельности. Алматы. 1997. с.323.
12. Егемен Қазақстан. 1999. 14 тамыз.
13. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1995. 30 тамыз.
14. Аязбекова Г. Құқықтық мемлекет ұғымының қалыптасуы және саяси-құқықтық ілімдер тарихы Право и государство. 2000. № 3, С. 12 - 18.
15. Ашитов К.Н. Егемен Қазақстанның құқығы. Алматы, 1995.
16. Аюпова З.К., Сабикенов С.Н. Концепция правового государства. Алматы: Гылым, 1996.
17. Жоламан К.Д. Құқықтық мемлекет, оныњ түсінігі мен мазмұны. Право и государство. 2000. № 1-2, С. 18-22.
18. Ибраев Н.С., Ибраева А.С. Теория государства и права. Алматы, 1998.
19. Кенжалиев З.Ж. Көшпелі қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтық мәдениет. Алматы, “Жеті Жарғы”, 1997.
20. Қазақстан Республикасының Конституциясына түсіндірме сөздік. Алматы, “Жеті Жарғы”, 1997.
21. Ким В.А. Конституционный строй РК. Алматы. 1999.

I. Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация
1.1 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы
Конституциялық заңы.
1.2 Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы
1.3 Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы мен құқығының онан
әрі дамуы
II. Мемлекеттік егемендік азаматтық қоғам
2.1 Демократиялық мемлекет билiгiнiң негізгі туғыры
2.2 Әлеуметтік мемлекеттің құқықтық негіздерi,алғы шарттары
2.3 Зайырлы мемлекеттің қалыптасуы, Қазакстандағы орын алуы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер мен деректерге сілтеме:
Кіріспе
Конститутция – құқықтың негізгі көзі, оның ережелері заң қабылдаудың
мағынасы мен мазмұнын белгілейді, заң шығарушы және атқарушы билік қызметін
анықтап, басқа құқық салаларымен қоғамдық қатынастардың кейінгі тәртібін
белгілеу негізі болып табылды. Сондықтан құқықтық мемлекетті құру және
ұйымдастыру негізінің бірі болып конститутцияның нормативтік актілер
жүйесіндегі жоғарылығы мен оның тура, тікелей әрекеті болады.
Құқықты демократиялық мемлекет құру конститутцияның бейбітшілік пен
тұрақтылықтың сенімді кепілі ретінде мағынасы өсуін қалайды, өйткені құқық
үстемділігі концепциясының қажетті шарттарын тағайындап бекітетін -
Конститутция. Мемлекеттік орындар мен жалпы қоғамның Конститутцияның
негізгі қалауларын орындауы мен Конститутциялық құрылыстың беріктігіне
байланысты. Конститутциялық құрылыс - мемлекет ұйымдастыруының
Конститутцияда бекітілген белгілі амалы немесе белгілі формасы.
Қ.Р. Конститутциялық құрылыс қоғамда қалыптасатын қоғамдық
қатынастардың толық жүйесін ендіреді. Оның бекітілуінде, тіпті құқықтық
нормалар ғана емес, тіпті жеке құқық саласы ғана емес, Қазақстанның бүкіл
құқық салалары мен заң шығарушылары қатысады.
Қазақстан Республикасының қазіргі Ата Заңы 1995 жылғы 30 тамызда
республикалық бүкілхалықтық дауыс беру (референдум) арқылы қабылданды. Ата
Заң кабылданған күн демалыс — мемлекеттік мереке — Қазақстан
Республикасының Конституциясы күні деп жарияланды. Ата Заңды қабылдау
әдісінің орасан зор маңызы бар, өйткені оның мазмұнын сайлаушылар
көпшіліктің қатысуымен мақұлдайды.

Қайта құрудың соңына қарай Кеңес Одағының орталық органдарының билігі
әлсіреп, керісінше одақтас республикалардың құқықтары күшейе түсті. Алдымен
Ресей Федерациясы, Украина КСР-ы өздерінің егемендіктерін жариялады. Одақты
реформалауға бағытталған жаңа Одақтық шарттың жобасы жасалып жатты. Осындай
жағдайда 1990 жылы 25 қазанда республиканың Жоғарғы Кеңесі Қазақ Кеңестік
Социалистік Республикасының егемендігі туралы Декларация қабылдады1. ҚазКСР
Жоғарғы Кеңесі Қазақстан халқының еркін білдіре отырып, ұлттардың өзін-өзі
еркін билеу құқығын тани отырып, қазақ ұлтының тағдыры үшін жауапкершілікті
ұғына отырып, демократиялық, құқықтық мемлекет құруды негізге алып, Қазақ
КСР-нің мемлекеттік егемендігін жариялады және осы Декларацияны қабылдады2.
Декларация 17 баптан тұрды Қазақ КСР-і егемен мемлекет, ол басқа
республикалар мен егеменді Республикалар Одағына ерікті түрде бірігеді және
өзара қатынастарын шарттық негізде құрады. Одақтан еркін шығу құқығын
сақтайды. Декларацияда алғаш рет ҚазКСР-і ұлттық мемлекеттігін сақтау,
қорғау және нығайту жөнінде шаралар қолданады деп жазылды. Бұрын бұл
қызметтер Одақтық органдарға тиесілі еді.
ҚазКСР-нің территориясының өзгермейтіндігі бекітілді.
Республиканың барлық ұлт азаматтары Қазақстан халқын құрайды, әрі
ҚазКСР егемендігінің бірден-бір иесі және мемлекеттік өкімет билігінің
негізі болып табылады деп көрсетілді. Республика халқы атынан ҚазКСР
Жоғарғы Кеңесінің іс-қимыл жасауға құқығы бар.
Азаматтардың теңдігі атап өтілді.
Қоғамдық, саяси, діни ұйымдарға мемлекет пен қоғам өміріне қатысуы
үшін кепілдіктер берілді. Мұндай нормалар ол кезең үшін демократиялық
өзгерістер қатарына жатты.
Мемлекеттік өкімет билігі заң шығару, атқару және сот билігіне болу
принципі бойынша жүзеге асырылды.
Заң шығару Жоғарғы Кеңеске берілді. Президент республиканың басшысы
болды және ең жоғары әкімшілік — атқарушы билік болып есептелді. Сот
билігін Жоғарғы сот жүргізді.
ҚазКСР Бас прокурорының кандидатурасын Республика Президенті КСРО Бас
прокурорымен келісе отырып ұсынады және оны ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі бекітеді.
Алғаш рет ҚазКСР территориясында, оның өз еркімен одаққа берген
мәселелерін қоспағанда, ҚазКСР Конституциясы мен заңдарының үстемдігі
орнатылады деп жазылды. Бұл егемендіктің өзекті қағидаларының бірі еді.
Осыған орай ҚазКСР-і өз егемендігіне қайшы келетін одақ заңдарын тоқтата
алды.
Меншіктің алуан түрлілігі және олардың теңдігі қамтамасыз етілді.
Республика өз бюджетін дербес қалыптастырады.
Республикада ядролық қаруды сынауға, ол үшін полигондар салуға тиым
салынды.
ҚазКСР-нің өз ішкі әскерлерін, мемлекет қауіпсіздігі және ішкі істер
органдарын ұстауға құқылы болды.
ҚазКСР-і халықаралық қатынастардың дербес субъектісі ретінде Біріккен
Ұлттар Ұйымына дейінгі ұйымдарға қатысуға құқылы болды.
Қазақстанның егемендік құқықтарын ҚазКСР-і мен Одақ жүзеге асырды.
Бірақ оның ажырағысыз егемендігін ешкім бұза алмады.
Декларация Одақтық шарт жасау, ҚазКСР-нің жаңа Конституциясын,
егемендік мәртебесін жүзеге асыратын заң актілерін жасауға негіз болып
табылды.
Егемендік Декларациясын қабылдау шын мәнінде үлкен тарихи оқиға болып,
тәуелсіздікке жету жолындағы соңғы саты болып табылды. Сондықтан да
кейінірек егемендік Декларация қабылданған 25 қазан Республика күні
мерекесі болып бекітілді.

1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақ КСР-інің атауы Қазақстан Республикасы
болып өзгертілді.
Қазақ халқының ғасырлар бойы тынымсыз тәуелсіздік жолындагы жүргізген
күресі жүзеге асты. Осы 1991 жылы 16 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының
мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Конституциялық заңы қабылданып, онда
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі салтанатты түрде
жарияланды3. 7-тарау, 18-баптан тұрған бұл заң Қазақстанның мемлекеттік-
құқықтық тарихының жаңа тәуелсіздік бетін ашты. Заңның 1-бабы былай
жазылды. Қазақстан Республикасы — тәуелсіз, демократиялық және құқықтық
мемлекет. Ол өз территориясында өкімет билігін толық иеленді, өзінің ішкі
және сыртқы саясатын дербес белгілеп жүргізеді. Қазақстан Республикасы
территориясында тек өз заңдары және ол таныған халықаралық құқық нормалары
қолданылады4. Конституциялық заңның 2 тарауы (6-8 баптар) Қазақстан
Республикасы ұлттарының азаматтары біртұтас Қазақстан халқын құрайды, бұл
халық егемендіктің бірден-бір иесі, мемлекеттік биліктің қайнар көзі болып
табылады, азаматтар барлық жағынан тең құқыққа ие екендігі көрсетілді.
Қазақ халқы мен Қазақстан Республикасында тұратын басқа ұлт өкілдерінің
тілі, мәдениеті мен дәстүріне ерекше мән беріліп, олар мемлекет
қамқорлығына алынды5.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік өкімет органдарына арналған 3-
тарауда биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот билігі болып бөлінуі
бекітілді. Қазақстан Республикасы халқы атынан сөйлеу құқығы Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Кеңесі мен Президентіне берілді. Мұндай құқық
егемендік Декларациясыңда тек Жоғарғы Кеңеске берілген еді. Енді
Президенттің билігі өсіп, ол Республика халқы атынан сөйлеуге құқықты
болып, Қазақстан Республикасының басшысы және атқарушы өкіметі болып
табылды. Атқару билігі толығымен Президент қолына шоғырланды.
Сот билігін Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты мен Жоғарғы
Арбитраждық соты атқарды. Конституциялық сот туралы норма кіргізіліп, ол
Конституцияны сот арқылы қорғайтын Жоғарғы орган болын табылды.
Осы заң бойынша мемлекеттік өкімет органдарының құрылымына елеулі
өзгерістер енді.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің экономикалық
негіздеріне арналған 4-тарауда жер, су, әуе кеңістігі, табиғи ресурстар,
экономикалық және ғылыми-техникалық потенциал Қазақстан Республикасының
мемлекеттік тәуелсіздіктің негізін құрай отырын тек қана соның меншігінде
болады деп көрсетілді. Меншіктің көп түрлілігі және олардың теңдігі
қамтамасыз етілді.
Заңда тәуелсіздікті қорғау үшін Қазақстан Республикасының өз қарулы
күштерін құратыны, өз территориясында әскерлер, қару-жарақ пен техника құру
мәселелерін шешетіні айтылды. Қазақстан Республикасы территориясына қол
сұғылмайды.
Осылай Қазақстан Республикасының тұңғыш рет мемлекеттік тәуелсіздігі
туралы заң қабылданып, оны қорғау мен дамытудың да негіздері қаланды.
Ұзамай 1992 жылы 3 наурызда Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына, онан
кейін т.б. халықаралық ұйымдарға мүше болды. Қазақстанның тәуелсіздігін шет
елдер таныды, олардың елімізде дипломатиялық миссиялары ашылды.
Қазақстанның мемлекеттік рәміздері мемлекеттік туы және мемлекеттік
елтаңбасы (1992 жыл 4 маусым), мемлекеттік әнұраны (1992 ж. 11 желтоқсанда)
қабылданды.
Қазақстан демократиялық, құқықтық мемлекет пен нарықтық қатынастар
құруға бет алды.
1991 жылы 1 желтоқсанда Н.Ә.Назарбаев бүкілхалықтық дауыс беру
арқылы Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болын сайланды.
Президенттік биліктің басымдығы тағы да айқындалды.
Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік құрылымын жетілдіру мен мүлде жаңа
демократиялық, нарықтық, қатынастарды реттеуге бағытталған заңдарын
қабылдау одан әрі жалғасты.
Жергілікті жердегі билік кеңестердің қолында қала берді. Мәскеудегі
1991 жылғы тамыздағы төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комитет (ТЖМК)
жасаған мемлекеттік төңкеріс актісі құлаған соң, Қазақстан Компартиясының
төтенше съезі өтіп, республикада компартия таратылды. Оның мүлкі мемлекет
қарауына өтті. Барлық билік Кеңестерге берілді.
1992 жылғы ақпанда жергілікті жерде жаңа әкімшілік институт енді.
"Жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы заң" қабылданып, оңда
жергілікті атқарушы органдар ретінде Президент тағайындаған әкімдер мен
жергілікті өкілді органдар ретінде жергілікті кеңестер бекітілді. Негізгі
атқарушы билік пен басқару жүйесі әкімдердің қолында болғанымен жергілікті
кеңестер өз қолында үлкен билікті сақтап қалды. 3аң бойынша кеңестер
ұйымдастыру, атқару, басқару жұмыстарымен айналыспай-ақ, өздерінің
сессиялары мен тұрақты комиссиялары арқылы әкімдердің жұмысына бақылау
жасай алатын болды, әкімдердің есебін тыңдап, оларға сенімсіздік таныта
алды. Бұл жағдай әкімдердің жұмысын біршама қысымға да ұшыратты. Екінші
жағынан әкімдерде де өкілді орган ретіндегі кеңестерге менсінбей қарау
фактілері кездесті. Әкімдер өздерін жеке дара билік ретінде көрсетуге де
тырысты. Олар көбіне жекешелендіруге көп көңіл бөліп, жаңа мүлік иелерінің,
кәсіпкерлердің шығуына жағдай жасады. Аз уақытта Қазақстанда жекешелендіру
арқылы, мемлекеттік кепілдікке берілген несиелерді алу арқылы, банктерден
кейінірек инфляцияға ұшырап құны тым төмендеп кеткен мнллиардтаған сомды
құраған несиелерді алу арқылы, инвестициялық қорлар құру т.б. жолдармен
жаңа кәсіпкерлер тобы қалыптасты.
Мемлекеттің экономикадағы реттеушілік ролі өзгеріп, салық жинау
жөніндегі жаңа органдар - салық инспекциялары, монополияға қарсы комитет,
кеден комитеттері т.б. жаңа құрылымдар дүниеге келді.
КСРО-ның құлауы, горизонтальды экономикалық байланыстардың үзілуі,
жекешеленген кәсіпорындардың, әсіресе ауыл шаруашылығының мемлекеттік
дотациядан айырылуы экономиканы құлдыратып, инфляцияның қарқынын күшейтіп
жіберді. 1993 жылдың соңында Қазақстанның өз валютасы теңге қабылданды.

1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының бірінші конституциясы
қабылданды6. Конституцияны Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі қабылдады.
Конституция Жобасы бүкілхалықтық, талқылаудан өтті. Бүкіл жұмысқа Қазақстан
Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев төрағалық еткен Конституциялық
комиссия басшылық етті.
Конституция преамбуладан, "Конституциялық құрылыс негіздері" деген
арнайы белімнен, 21 тараудан, 131 баптан тұрады.
Конституциялық құрылыс негіздері деп аталатын арнайы бөлім
Конституцияның беташары болып табылады. Мұнда конституциялық құрылыстың
сипаты, қағидалары мен принциптері, ерекшеліктері көрсетілген.
Бөлімдегі ережелердің мазмұнына тоқталып өтелік.
Бірінші ереже. Қазақстан Республикасын сипаттауға арнаған. Қазақстан
демократиялық, зайырлы және біртұтас мемлекет деп сипатталған. Сонымен
қатар осында Қазақстан Республикасы "өзін-өзі билейтін қазақ ұлты
мемлекеттігінің түрі" деп жазылған. Бұл Қазақстанның бір жағынан ұлттық
мемлекет екендігін көрсетеді. Осы ұғым қазақ ұлтының республика қоғамының
өзегі екендігін білдірді.
Екінші ереже, біріншіні толықтырады. Ол республиканың жеріне арналған.
"Қазақстан Республикасының жері біртұтас, ол бөлінбейді және оған қол
сұғылмайды"' деп жазылған.
Үшінші ереже, адамға тоқталады. Адам, оның өмірі, бостандығы мен
ажырамас құқығы ең қымбат қазына деп жарияланған. Мемлекет осы талапты
жүзеге асыру үшін қызмет етеді.
Төртінші ереже халыққа арналған. Халық мемлекеттік биліктің бірден-
бірі қайнар көзі. Мемлекеттік өкімет билігін халық жүзеге асырады. Бүкіл
халық атынан билік жүргізуге өздерінің Конституциялық өкілеттігі шегінде
тек Жоғарғы Кеңес пен Президентке ғана құқық берілген.
Бесінші ережеде қоғамдық бірлестіктер туралы сөз болады. Олар тек
Конституция мен заңдар ауқымында жұмыс істеуі қажет. Осындай бірлестіктерге
мемлекет тең құқылы мүмкіндіктері үшін жұмыс істеуіне кепілдік жасайды.
Алтыншы ереже мемлекеттік билікті бөлу мен біріктіруге арналады.
Мемлекеттік өкімет билігі заң шығарушы, атқарушы және сот билігіне
негізделеді. Осы үш саланың өз өкілеттігі дәрежесінде дербестігі
бекітілген. Мемлекеттік билік біреу, ал оның осы үш тармағы дербес. Осы үш
дербес билік тармақтарының өзара қатынасы тежемелік және тепе-теңдік жүйесі
арқылы жүзеге асады.
Заң шығарушы Жоғары Кеңестің өкілеттіктері ерекше. Бірақ ол заң
шығарған жағдайда Конституциялық құрылыс ережелерінің бұлжымастығына
сүйенуге тиіс. Конституцияға қайшы заңдар шықпауға тиіс.
Жетінші ережеде Қазақстан Республикасы Конституциясының өзіне жалпы
сипаттама беріледі. Конституцияның ең жоғарғы заңдық күші бар. Оның
тұжырымдары тікелей қолданылады. Оған қайшы заңдар мен өзге құжаттардың
заңдық күші болмайды.
Сегізінші ереже аса күрделі мәселе — тілге арналған. Қазақ, тіліне
мемлекеттік тіл, орыс тіліне ұлтаралық қатынас тілі мәртебесі берілген.
Компромисске негізделген осы қағида елімізде саяси тұрақтылық пен бірліктің
сақталуына өз үлесін қосты.
Сегізінші ережені Негізгі Заңның "Өтпелі кезең ережелері" атты
бөлімінің 4-бабы толықтырады. Онда өтпелі кезеңде мемлекеттік тілді еркін
және тегін оқып үйрену үшін жағдай жасалсын, осы кезеңде Қазақстан да іс
қағаздары қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі деп жазылған.
Тоғызыншы ереже Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары —
Елтаңба, Ту және Әнұранға арналған.
"Конституциялық құрылыс негіздері" бөлімінің қағидалары мен
принциптері Ата Заңның басқа бөлімдеріне негіз болып табылды, әрі оны
өзгертудің тәртібі ерекше қиындатылды.
Конституцияның бірінші бөлімі (27-бап) азаматтардың құқығы, бостандығы
мен міндеттеріне арналған. Мемлекет құқықтар мен бостандықтар теңдігіне
кепілдік береді, азаматтарды кемсітушіліктің кез келген түріне тиым салады
деп көрсетілді.
Республиканың әрбір адамының азаматтық алуға және оны өзгертуге құқығы
бар. Қазақстан азаматы басқа мемлекеттің азаматы бола алмайды.
Қуғын-сүргін жылдарында республикадан лажсыз кеткен Қазақтардың тарихи
құқығын қайта қалпына келтіру мақсатында олар тұрып жатқан елдердің заңдары
қайшы келмесе, Қазақстан азаматы бола алатындығы бекітілді.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері мынадай үлкен үш топқа бөлінген:
- азаматтық құқықтар мен бостандықтар;
- саяси құқықтар мен бостандықтар;
- экономикалық және әлеуметтік құқықтар.
Бірінші топқа: өмір сүру құқығы; сөз, сенім бостандығы және оларды
еркін білдіру құқығы; ақпарат алу және оны тарату құқығы; ар-ождан
бостандығы кепілдігі; қоныс тандау, республикадан кету немесе қайтып келу
құқығы жатады.
Саяси бостандықтар мен құқықтар тобына: мемлекеттік істерге араласу
құқығы; бейбіт шерулер, пикеттер мен демонстрациялар бостандығының
кепілдігі; қоғамдық бірлестіктер құру құқығы; мемлекеттік қызмет ету құқығы
жатады.
Экономикалық және әлеуметтік құқықтарға жаңа сипат берілді. Бұл топқа
меншік иесі бөлу; еңбек шартының еркіндігіне кепілдік беретін еңбек ету
құқығы; ереуіл жасау; тынығу; тұрғын үй алу; денсаулық сақтау; мемлекеттік
оқу орындарында тегін білім алу; қартайғанда, ауырғанда еңбекке жарамсыз
болғанда әлеуметтік қамсыздандырылу; қолайлы табиғи ортада тұру құқықтары;
шығармашылық бостандық кепілдігі жатады.
Сонымен Конституция құқықтары мен бостандықтардың үлкен тобын
жариялап, оларға кепілдік берді, әрі оларды сот жолымен қорғауды қамтамасыз
етуді шешті.
Негізгі Заңда жарияланған құқықтар мен бостандықтар адам құқықтары
туралы халықаралық құжаттарға толық сай келеді.
Азаматты кемсітушіліктің кез келген түріне тиым салынады.
Конституция азаматтың құқығы мен бостандығының оның міндеттерінен
бөліп қарауға болмайтындығына ерекше көңіл бөлген.
"Қоғам, оның құрылыс негіздері" деп аталатын екінші бөлім "Меншік және
кәсіпкерлік", "Отбасы", "Қоғамдық бірлестіктер" атты үш тараудан тұрады.
Осылардың әрқайсысына қысқаша тоқталып өтелік.
Ата Заңда меншік түрлерінің сан-алуандығы бекітілген. Мемлекет
меншіктің барлық түрлерінің және субъектілерінің заң алдында теңдігін
қамтамасыз етеді. Меншіктің түрлерінің сан-алуандығы жарияланғанымен,
Конституцияда оның тек екі түрінің — жеке меншіктің және мемлекет
меншігінің аты аталады.
18-бапта "Республика азаматының меншік иесі болуға құқысы бар"
делінген. Бұл бапта Негізгі Заңның басты идеяларының бірі көрініс тапқан.
Жеке меншік иесі адам, азамат болатындығы Конституция жолымен бекітілген.
Оны қорғаудың кепілдігі де қарастырылды.
46-бапта "Жер оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі,
басқа да табиғи байлық тек мемлекеттік меншікте болады" деп көрсетілген.
Жерге жеке меншік туралы қағида Ата Заңда жоқ. Сондықтан жер сатылмайды.
Негізгі Заң тек жеке меншікке ерекше мәртебе берген. Оны қорғауға
арнайы 47-бап арналған. Мұнда жеке меншікке қол сұғуға болмайды.
Ата Заң жеке кәсіпкерлікті де қамқорға алған. Оның еркіндігіне
кепілдік беріледі. Қорғау мен қолдау қамтамасыз етіледі.
Сондай-ақ конституцияда заңды бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға,
негізсіз артықшылық алуға, тұтынушылардың мүдделеріне нұқсан келтіруге
бағытталған монополистік және өзге де кез келген қызметке жол берілмейді.
Бұл ереже де нарықтық қатынастарды кеңінен дамытуға арналған.
Осы "Меншік және кәсіпкерлік туралы" тараудың мәні зор. Ең бастысы
жекеменшік заңдастырылды, оның мәртебесі көтерілді.
Нарықтық қатынастар терең белең алған кезеңде Ата Заңның осы
талаптарының маңызы үлкен болды.
Қоғамдық бірлестіктердің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға
мемлекет кепілдік береді.
Мемлекет пен қоғамдық бірлестіктердің қызметі бір-бірінен бөлінген.
Мемлекет қоғамдық бірлестіктердің жұмыстарына заңсыз араласа алмайды.
Саяси мақсат көздейтін бірлестіктердің негізгілері саяси партиялар.
Ата Заңда олардың қызмет аумағы былай анықталған: "Партиялар азаматтардың
саяси ерік-жігерін қалыптастыруға және оны білдіруіне жәрдемдеседі". Басқа
мемлекеттердің саяси партияларының және діни негіздегі саяси партиялардың
біздің елімізде қызмет етуіне жол берілмейді.
Қоғамдық бірлестіктердің ауқымды тобы діни бірлестіктер. Олар
мемлекеттен бөлінген әрі діни насихат пен атеизмнің ешқайсысына артықшылық
берілмейді. Оларға мемлекет тең қарайды.
Кез келген қоғамдық бірлестік белгілі мемлекеттік органдарда тіркелген
соң ғана қызметке кірісе алады.
Ата Заңдағы ең ірі және өзекті бөлім "Мемлекет, оның органдары және
институттары" мемлекеттік билікті бөлу мен біріктіруге арналады. Бөлім
"Жалпы ереже", "Жоғарғы Кеңес", "Президент", "Министрлер кабинеті",
"Мемлекеттің аймақтық ұйымдастырылуы және жергілікті басқару", "Сот",
"Прокуратура", "Қаржы", "Қорғаныс және қауіпсіздік" деген тараулардан
тұрады.
Мемлекеттік билік біртұтас. Заң шығарушы, атқарушы және сот биліктері
мемлекеттік биліктің үш тармағы болып табылады.
Билікті дербес тармақтарға бөлу терең демократияға негізделген.
Жоғарғы Кеңесті де, Президентті де халық тікелей сайлап қояды. Ал жоғарғы
сот органдары болса Жоғарғы Кеңесте Президенттің тікелей араласуынен
сайланады.
Бұрынғы конституцияларда Жоғарғы Кеңес мемлекеттік биліктің жалғыз
жоғарғы органы болып табылатын және республиканың ішкі-сыртқы саясатының
барлық мәселелерін шеше алатын. Бірақ бұл шешімдерді ол тек Компартияның
басшылығы, нұсқауы немесе келісімі арқылы ғана шеше алатын. Мұның өзі оның
қызметінің шектеулі болғанын көрсетеді.
Жаңа Конституцияда Жоғарғы Кеңестің сипаты өзгерді. Ол бірден-бір заң
шығарушы және ең жоғарғы өкілді орган болып табылады. Бірақ бұрынғыдай
мемлекеттік биліктің жалғыз жоғарғы органы емес, биліктің, бір тармағы
ғана.
Ата Заңда Жоғарғы Кеңеске көптеген өкілдіктер берілген. Оның
қызметінің негізгі бағыттары 12-тарауда көрсетілген. Жоғарғы Кеңес кәсіптік
парламент ретінде тұрақты қызмет етеді, сондықтан оның депутаттары басқа
жерде қызмет істей алмайды, басқа өкілді органға депутат та бола алмайды.
Конституция Жоғарғы Кеңес депутатының беделін арттырып, әр депутатты бүкіл
республика халқының өкілі деп жариялады.
Тұрақты парламент бес жылға сайланады. Жоғарғы Кеңес төменгі өкілді
органдарға тікелей басшылық жасамайды. Өкілді биліктің жоғарыдан төменге
дейінгі біртұтас жүйесі қарастырылмаған, олардың әрқайсысы өз алдына
дербес.
Жоғарғы Кеңестің 21 пункттен тұратын өкілеттігі 64-бапта жазылған.
Жоғарғы Кеңес Конституцияны қабылдайды, оған өзгерістер енгізеді. Заңдар
мен басқа шешімдер қабылдап олардың орындалуын қадағалайды. Республика
шекарасының өзгеруі, әкімшілік-территориялық бөліктерді белгілеу тәртібі,
бюджет және оның орындалуы, қаржы жүйесі, мемлекеттік заем мәселелері
Жоғарғы Кеңесте шешіледі.
Жоғарғы Кеңес Президенттің ұсынуымен республика Премьер-Министрін,
оның орынбасарларын, сыртқы және ішкі, қорғаныс, қаржы министрлерін, ұлттық
қауіпсіздік комитетінің төрағасын, дипломатиялық өкілдіктер басшыларын
тағайындауға келісім береді.
Жоғарғы Кеңес Бас прокурорды, Ұлттық банктің төрағасын, мемлекеттік
наградаларды тағайындайды, конституциялық сотты сайлайды, жоғары
дипломатиялық дәрежелер мен әскери атақтарды белгілейді.
Жоғарғы Кеңес халықаралық шарттарды бекітеді және күшін жояды,
Президенттің төтенше жағдай енгізу туралы жарлығын бекітеді, соғыс және
бітім мәселелерін шешеді. Осы тарауда Жоғарғы Кеңестің басқа да
өкілеттіктері көрсетілген.
Жоғарғы Кеңесте заңдар ұсыну құқығы Жоғарғы Кеңес депутаттарына,
Президентке, Министрлер кабинетіне, Жоғарғы сотқа, Жоғарғы Төрелік сотқа
берілген.
Жоғарғы Кеңестен өзгеше Президентке жоғарыдан төменге дейінгі атқарушы
органдар түгелдей бағынады, есеп береді. Конституция бойынша Президент
мемлекеттің басшысы және атқарушы өкімет билігінің біртұтас жүйесін
басқарушы, Қарулы Күштердің бас қолбасшысы болып табылады. Президент
республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын, конституция мен
заңдарды сақтаудың кепілі болып есептеледі. Ол 5 жылға сайланады. Екі
мерзімнен артыққа Президенттікке сайлануға болмайды.
17 пункттен тұратын Президенттің өкілеттіктері 78-бапта көрсетілген.
Республика Президенті: мемлекеттің егемендігін, Конституциялық құрылысты
қорғау, елдің қауіпсіздігін, тұтастығын, азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарын қамтамасыз ету жолында шаралар қолданады; Заңдарға қол
қояды; Жоғарғы Кеңестің келісімімен Премьер-Министрді, оның орынбасарларын,
сыртқы істер, қорғаныс, қаржы, ішкі істер министрлерін, Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің төрағасын, дипломатиялық өкілдіктер басшыларын тағайындайды;
Министрлер кабинетіне жалпы басшылықты жүзеге асырады; комитеттер мен
ведомстволарды құрады және таратады.
Президент қауіпсіздік Кеңесін, тағы басқа кеңесші-ақылдастық алқалалар
құрады, мемлекеттік бағдарламаларды бекітеді, валютаны қолдану тәртібін
белгілейді, халықаралық қатынастарда республиканың өкілі болады, Жоғарғы
Кеңеспен ақылдасып референдум туралы шешім қабылдайды, заңға сай уақытша
шара ретінде төтенше жағдай енгізе алады.
Президент Қазақстан халқына, Жоғарғы Кеңеске үндеу жолдайды, Жоғарғы
Кеңеске жыл сайын елдегі жағдай туралы баяндама жолдайды, Қарулы Күштердің
бас қолбасшысы ретінде мемлекеттің қорғаныс қабілетін күшейту жолында
шаралар қабылдайды.
Мемлекеттік наградалармен марапаттау, жоғарғы дипломатиялық атақтарды,
әскери, арнайы және құрметті дәрежелер беру де Президентке тиесілі
өкілеттіктер.
Президент те, Жоғарғы Кеңес те өте ауқымды мемлекеттік биліктерге ие.
Олардың өкілеттіктері кей жағдайда қайталанып, бірін-бірі толықтандырып
отырады. Біршама аса маңызды мемлекеттік мәселелер екеуіне де ортақ болып
келеді.
Өкімет билігін тармақтарға бөлу бір жүйенің органдарында қызмет
істейтін адамдардың екінші жүйенің органдарына кірмеуі арқылы да жүзеге
асады.
Вице-президент Президентпен бірге сайланады және Президенттің уәкілдік
беруімен оның жекелеген міндетін атқарады.
Егер Жоғарғы Кеңес депутаттарының жалпы санының кемінде үштен екі
бөлігі Президенттің өз еркімен орнынан түсуін жақтап дауыс берсе, ол
қабылданды деп есептеледі.
Президенттің өкілеттіктері оған басқа мемлекеттік органдардың
қандайынан болса да басым биліктер берілгенін көрсетеді.
Сот билігі Конституциялық Сотқа, Жоғарғы Сотқа, Жоғарғы Төрелік сотқа
және заң бойынша құралатын төменгі соттарға тиесілі.
Конституциялық сот Қазақстан Республикасы Конституциясын қорғау
жөніндегі сот билігінің жоғарғы органы болып табылады.
Жоғарғы Сот, Жоғарғы Төрелік сот өз құзіретіндегі мәселелер бойынша
сот билігінің жоғарғы органдары болып табылады және төменгі соттарға сот
қадағалауын жүзеге асырады.
Судьялардың өкілеттік мерзімі он жыл болып бекітілген, олар тәуелсіз
тек Конституция мен заңдарға бағынады. Соттың қызметіне ешкім араласа
алмайды және оған қысым да жасай алмайды.
Сот билігі басқа биліктерден бөлінгендіктен судья саяси мақсат
көздейтін қоғамдық бірлестікке мүше, кәсіпкер бола алмайды, атқару
органдарында да қызмет істей алмайды.
Бұрынғы қоғамда Конституциялық сот болмаған. Ол Конституцияны қорғайды
және оның үстемдігін қамтамасыз етеді, заңдар мен өзге де құжаттардың Ата
Заңға сәйкестігі туралы талаптарды қарастырады. Конституциялық Сот
Конституцияға сай емес деп тапқан кез келген заңның және оған негізделіп
жасалған басқа да құжаттардың күші жойылады. Тек Президент пен Жоғарғы
Кеңес Төрағасы Конституциялық соттың қаулысына қарсылық, енгізген ретте
Конституциялық соттың қаулысы тоқтатылады және бұл қарсылық қаулы
қабылданған кезден бастап он күн ішінде жасалуы тиіс.
Конституцияны өзгерту мен толықтырулар қиындатылған. Өзгерту мен
толықтыруларды Жоғарғы Кеңес депутаттарының жалпы санының кемінде үштен екі
даусымен ғана енгізуге болады.
Конституциялық құрылыс негіздерін өзгерту бұдан да қиындатылған. Оған
түзетулер енгізу Жоғарғы Кеңесте депутаттардың жалпы санының кемінде
төрттен үш даусымен енгізіледі.
1993 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы тәуелсіздік
алғаннан кейінгі алғашқы Негізгі Заң болды. Ол үлкен тарихи, саяси-құқықтық
роль атқарды. Дегенмен Конституцияны Кеңес дәуірінде сайланған Жоғарғы
Кеңестің қабылдауы өз таңбасын қалдырды. Ұзамай ол қайшылықтар өсіп, жаңа
Конституция қабылдауға негіз болды.
1.3 Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы мен құқығының онан әрі
дамуы
1993 жылғы Конституция қайшылықты, өтпелі кезеңде қабылданды. Әлі де
көп мәселелер шешімін таба алмады. Бірнеше ауқымды мәселелер бойынша елде
ұзақ пікірталас, даулар болды. Олардың ішінде: қос азаматтық; тіл мәселесі;
ұлттық мемлекет пе азаматтық қоғам құру ма?; әкімшіліктер мен кеңестер
арасындағы қайшылықтар; Жоғарғы Кеңес пен Үкімет арасындағы қайшылықтар
болды. Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен бұл мәселелер шиеленіске жіберілмей
кезең-кезеңімен саяси және құқықтық тұрғыдан шешіледі.
Н.Ә.Назарбаевтың 1992 жылы жарық көрген "Қазақстанның егеменді
мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы"7 және "Қазақстанның
болашағы оның идеялық бірлігінде"8 (1993 ж.) атты кітаптарының ролі ерекше
болды. Бұл кітаптарда көп ұлтты тәуелсіз Қазақстан халқының жаңа
демократиялық, нарықтық негізде топтасуы мен еңбек етуінің теориялық
негіздері қалыптасты. Кездескен қайшылықтарды шешіп, демократия, нарық,
құқықтық мемлекетке аяқ басудың жолдары анықталды.
Қазақстан Республикасының "Азаматтық туралы" заңы қабылданып (1991
жылы желтоқсан), елде қос азаматтыққа жол берілмеді. ТМД елдерімен тарихи
байланыстарды ескеріп, азаматтық алудың өзара жеңілдетілген жолдары
кіргізілді. Тіл және азаматтық мәселесін желеу етіп Қазақстан
Республикалары құрамында ұлттық автономиялы бірліктер құруға әрекет
етушілерді халық қолдамады. Тіл мәселесі 1993 жылғы Конституцияда толық
шешімін таба алмағанымен 1995 жылғы Конституцияда және Қазақстан
Республикасының жаңа "Тіл жөніндегі заңында" жаңаша шешімін тапты. Қазақ
тілі мемлекеттік тіл, орыс тілі мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-
өзі басқару органдарында ресми түрде тең қолданылатын болды. Мемлекет
барлық халықтар тілдерін үйрену мен дамытуға жағдай туғызуға қамқорлық
жасайды.
1993 жылы жергілікті кеңестер мен әкімдер, Үкімет пен Жоғарғы Кеңес
арасындағы қайшылық шегіне жетті. Бірақ Қазақстанда Президент
Н.Ә.Назарбаевтың салмақты да салиқалы саясаты арқасында Ресейдегідей
қақтығыстарға жол берілмеді. Кеңестер Қазақстанда тарих сахнасынан жаңа
құқықтық жүйеге үйлесе алмай, біртіндеп өз еркімен кетті. Дегенмен
әкімшілік жүйеге қарсы жергілікті және Жоғарғы Кеңес тарапынан да қатты
қарсылықтар болды. 1993 жылғы Конституция бойынша, әсіресе жергілікті жерде
қос өкіметке кеңестер мен әкімдерге заңды база жасалған еді. Мұның өзі
болашақта біртіндеп биліктің ажырауына алып келе жатты9. Кеңестер мен
әкімдер арасындағы қайшылық жергілікті кеңестердің өзін-өзі таратуына алып
келді. Мұның соңы XII сайланған Жоғарғы Кеңестің 1993 жылы 13 желтоқсанда
өзін-өзі таратуына апарып соқты. Осылай 1990 жылы сәуірде сайланған Жоғарғы
Кеңес мерзімінен бір жарым жылдай бұрын өзін-өзі таратты. Бұл Жоғарғы Кеңес
тұсында ҚазКСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы (1990.25.10.)
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заңы
(1991.16.12.), Қазақстан Республикасының Конституциясы (1993.18.01.),
барлығы 265 жаңа заңдар қабылданды10.
Жоғарғы Кеңес соңғы сессиясында Қазақстан Республикасы Президенті мен
жергілікті әкімдерге қосымша өкілеттіктер беру туралы заң қабылдап,
Президентке уақытша заң шығару құқығы берілді.
1994 жылы 7 наурызда сайлау болып XIII сайланған Жоғарғы Кеңес дүниеге
келді. Бұл тұрақты жұмыс істейтін кәсіпқой Парламент болды. Жоғарғы Кеңесте
176 депутат болды. Жоғарғы Кеңесте бірнеше фракциялар құрылды. Жоғарғы
Кеңес пен Үкіметтің арасы қатты шиеленісті. Жоғарғы Кеңес заң шығарудан
гөрі Үкіметпен саяси тайталасқа көбірек көңіл бөлді. С.Терещенко бастаған
Үкіметке сенімсіздік танылып, ол отставкаға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz