Ақша айналымы және оның құрылымы



Жоспар

I. Кіріспе
1.1. Ақша айналымы және оның құрылымы
1.2. Тауар айналысының ақша айналысымен өзара байланысы

II. Негізгі бөлім.
Ақша айналымының ұйымдастырудың принциптері
2.1. Қолма.қол ақша айналысы.
2.2. Ақша айналысының заңы.
2.3. Ақша айналысын басқарудың және реттеудің өлшемдері.
Кіріспе
Ақша айналысы ұдайы өндірістік процестің әртүрлі жақтарын бейнелейтін өте күрделі жүйе.
Тауарлық немесе тауарлық емес фирмада болатын өндірістік және тұтынуға арналған өндірілген өнімдер мен көрсетілген қызметтер ақша арқылы сатылады. Ақшаның көмегімен табыс оның ішінде қосымша өнімнің құны қалыптасады әрі бөлінеді.
Сондай-ақ ақшаның көмегімен несие мен басқа қаржы ресурстары қалыптасып, қайта бөлінеді және пайдаланады. Бұл арада шаруашылық жүргізуші органдар мен жекелеген кәсіпкерлер арасындағы, олардың мемлекет арасындағы , шаруашылық жүргізуші субъектілер және олардың жұмыскерлері арасындағы , халық пен мемлекеттің арасындағы, сондай-ақ жеке азаматтар арасындағы тікелей ақша қатынасында қолма-қол ақшасыз немесе қолма-қол ақшалай формада есеп айырысулар болады. Бұл жағдайда есеп айырысудың қолма-қол ақшасыз формасы мен қолма-қол ақша қозғалысы бір-бірімен өзара тығыз әрекеттесіп, бірыңғай ақша айналымын құрайды. Сондықтан да барлық ақша қызметтерінің олардың тауар айналысының процесінде жалпы ұлттық өнімнің ( ЖҰӨ ) және ұлттық табыстың (ҰТ) жиынтық құнын қалыптастыру, бөлу және қайта бөлу барысында пайдаланылуы ақша айналымынын қалыптастырады.
Кәсіпорындардың, ұйымдардың арасында, олар мен халық арасында, жекелеген азаматтардың арасында тауарлар мен қызметтерді өткізу себебі бойынша орын алатын ақшалай есеп айырысулар ақша айналымының көп бөлігін құрайды.
Алайда, ақша айналымы тауар айналымының ақшалай жағын ғана білдірмейді. Ақшалай айналымның жиынтық көлемі кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың өткізген тауарлары мен қызмет бағаларының сомасынан әрдайым көп жоғары болады. Мұны ақша қызметінің тауарлар мен қызметтерді сату және сатып алумен ғана шектелмейтіндігімен түсіндіруге болады. Ақшаны шаруашылық жүргізуші органдар

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
I. Кіріспе
1.1. Ақша айналымы және оның құрылымы
1.2. Тауар айналысының ақша айналысымен өзара байланысы
II. Негізгі бөлім.
Ақша айналымының ұйымдастырудың принциптері
2.1. Қолма-қол ақша айналысы.
2.2. Ақша айналысының заңы.
2.3. Ақша айналысын басқарудың және реттеудің өлшемдері.

Кіріспе
Ақша айналысы ұдайы өндірістік процестің әртүрлі жақтарын
бейнелейтін өте күрделі жүйе.
Тауарлық немесе тауарлық емес фирмада болатын өндірістік және
тұтынуға арналған өндірілген өнімдер мен көрсетілген қызметтер ақша
арқылы сатылады. Ақшаның көмегімен табыс оның ішінде қосымша
өнімнің құны қалыптасады әрі бөлінеді.
Сондай-ақ ақшаның көмегімен несие мен басқа қаржы ресурстары
қалыптасып, қайта бөлінеді және пайдаланады. Бұл арада шаруашылық
жүргізуші органдар мен жекелеген кәсіпкерлер арасындағы, олардың
мемлекет арасындағы , шаруашылық жүргізуші субъектілер және олардың
жұмыскерлері арасындағы , халық пен мемлекеттің арасындағы, сондай-ақ
жеке азаматтар арасындағы тікелей ақша қатынасында қолма-қол ақшасыз
немесе қолма-қол ақшалай формада есеп айырысулар болады. Бұл жағдайда
есеп айырысудың қолма-қол ақшасыз формасы мен қолма-қол ақша қозғалысы
бір-бірімен өзара тығыз әрекеттесіп, бірыңғай ақша айналымын құрайды.
Сондықтан да барлық ақша қызметтерінің олардың тауар айналысының
процесінде жалпы ұлттық өнімнің ( ЖҰӨ ) және ұлттық табыстың (ҰТ)
жиынтық құнын қалыптастыру, бөлу және қайта бөлу барысында пайдаланылуы
ақша айналымынын қалыптастырады.
Кәсіпорындардың, ұйымдардың арасында, олар мен халық арасында,
жекелеген азаматтардың арасында тауарлар мен қызметтерді өткізу себебі
бойынша орын алатын ақшалай есеп айырысулар ақша айналымының көп бөлігін
құрайды.
Алайда, ақша айналымы тауар айналымының ақшалай жағын ғана
білдірмейді. Ақшалай айналымның жиынтық көлемі кәсіпорындардың,
ұйымдардың және халықтың өткізген тауарлары мен қызмет бағаларының
сомасынан әрдайым көп жоғары болады. Мұны ақша қызметінің тауарлар мен
қызметтерді сату және сатып алумен ғана шектелмейтіндігімен түсіндіруге
болады. Ақшаны шаруашылық жүргізуші органдар жұмысшылар мен
қызметкерлерді ынталандыру мақсатында оларға еңбекақыны төлеу үшін
пайдаланады. Ақша, сондай-ақ жәрдемақы, зейнетақы, шәкіртақы, сақтандыру,
айыппұл және т.б. төлемдер үшін пайдаланады. Жалпы ақша айналымының көп
бөлігін – ұлттық табыстың қалыптасуымен, бөлінуімен және қайта
бөлінуімен байлпнысты жүзеге асатын айналым құрайды. Ұлттық табыстың
қалыптасу сатысында ақша айналымы шаруашылық органдардың да, жеке
азаматтардың да төлемдерін бейнелейді. Тауарларды өндіру мен өткізу
процесінде қалыптасатын шаруашылық органдардың таза табысы пайда мен
айналымнан алынатын салыққа бөлінеді. Мемлекеттік бюджеттің табысына
айналымнан алынатын салық пен пйданың бір бөлігі толық аударылады.
Халық та өз табысының бір бөлігін мемлекетік бюджеттің табысына
аударады.
Ақша айналымының біршама бөлігі мемлекеттік бюджеттің табысын
пайдалану сатысында, яғни әлеуметтік қажеттіліктерді, экономиканы,
мемлекетті, капиталдық шығындарды және т.б. қаржыландыруда дүзеге асады.

Ақша айналымының бір бөлігіне банктің несиелік ресурстарын
жұмылдыру және оларды орналастыру (инвестицияны несиелеу ) жатса, тағы
бір бөлігіне сақтандыру бойынша төлем, зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақы
және т.б. төлемдері жатады.
Ақша айналамының жалпы көлеміне халықтың тұрғын үй, коммуналдық
қызмет, газ, электр энергиясы, байланыс қызметі және кәсіпкерлердің
тұрмыстық қызметі, көлік және басқа да осындай қызмет түрлері үшін
төлейтін төлемдермен байланысты айналым да кіреді.
Осылайша, бүкіл ақша айналымы қолма-қол ақша айналымына және
қолма-қол ақшасыз айналымға бөлінеді, сондай-ақ, ол төменде келтірлген
ретінде де бөлінеді:
- тауарлық сипаттағы, яғни, өнімдерді өндіру мен өткізу процесін
бейнелейтін ақша айналымы;
- еңбекақы төлеумен сақтандыру төлемдерін төлеумен, коммуналдық
қызмет төлемдерін төлеу, халықтық, көліктік, тұрмыстық және тағы басқа
төлемдермен байланысты орын алатын тауарлық емес сипаттағы ақша
айналымы.
Сонымен, ақша айналымы төлем құралы және айналыс құралы
қызметінде төлемдердің ақша арқылы жүзеге асатын процесінде
қалыптасатын кәсіпорындардың, шаруашылық, мемлекеттік, жеке және
кооперативтік ұйымдардың, қаржы және несие мекемелерінің, халықтың
қаражаттар жиынтығын білдіреді. Қолма-қол ақшаның көмегімен және қолма-
қол ақшасыз есеп айырысу тәртібімен жүзеге асырылатын жоғарыда аталған
әрі әлі атала қоймаған барлық ақшалай төлемдердің жиынтығын ақша
айналымының мазмұнын құрайды.

1.Ақша айналымы және оның құрылымы
Экономика тиімді басқарылғанда ғана ақша айналымын дұрыс
ұйымдастыруға болады. Ақша айналымы экономикаға оң әсерін де, теріс
әсерін де тигізуге ықтимал. Шаруашылық жүргізудің тәжірибесі
мемлекеттің бірыңғай эмиссия, несие, есеп айырысу орталығы болып
табылатын банктің ( ҚР Ұлттық банк ) ақша айналымын шоғырландырып
басқаруының мақсатқа лайықтығын дәлелдеп береді. Ол елдегі ақша айналымы
мен ақша айналысына жауапты ұйым.
Ақша айналымы мынадай принциптердің негізінде ұйымдастырылады:
- барлық ұйымдар мен мекемелер, шаруашылық органдары өз ақшаларын
банктерде сақтауы керек;
- шаруашылық органдарының арасындағы ақшалай есеп айырысу, әдетте,
қолма-қол ақшасыз аударымдар мен өзара талаптарды шегеру жолымен
жүзеге асырылады;
- есеп айырысу құжаттары тек банктер мен байланыс органдары арқылы
өтетін төлемдер үшін пайдаланады әрі олар айналыстың несие құралы
бола алмайды;
- төлемдер тек төлеушінің келісімімен ғана жүзеге асырылады. Бұл
келісімшарт тәртіптерінің сақталуына тиімді бақылауды
ұйымдастыруда маңызды рол атқарады.
Мынаны айрықша айта кету керек, ақша өзінің айналысында қолма
қол ақшасыз айналысқа және осыған керсінше қолма-қол ақшасыз айналыстан
қолма-қол ақша айналысына ұдайы өтіп отырады. Мәселен, банкке қолма-қол
ақшамен берілетін сауда ұйымдарының түсімі олардың есеп айырысу
шарттарында қолма-қол ақшасыз ақшалай қаражатқа айналады, олар осылайша
өз жабдықтаушыларына ақша сомасын аудара алады. Соңғысы
(жабдықтаушылар) өз шоттарына кеп тұскен бұл ақша сомасын жұмысшылар
мен қызметкерлердің қолма-қол ақшасы мен еңбекақысын төлеу үшін
пайдаланады.
Ақша банк кассасынан шаруашылық органдарының кассасына,
шаруашылық органдардың кассаларынан халыққа, халықтан сауда-саттық,
тұрмыстық, көліктік кассаларға және мекемелерден банк кассасына түсіп,
ұдайы ауыспалы айналым жасап, қозғалыс үстінде болады. Мұның бәрі ақша
айналымының бірыңғай болатынын көрсетеді. Бірыңғай ақша қолма-қол
ақшасыз есеп айырысулар да және қолма-қол ақшамен есеп айырысуда
пайдаланады.

1.1.Тауар айналысының ақша айналысымен өзара байланысы
Ақша айналысы тек қолма-қол ақшаның қозғалысын ғана қамтиды,
ал ақша айналымына қолма-қол ақша қозғалысы да, қолма-қол ақшасыз
айналымы да кіреді. Ақша айналымы ақша айналысына қарағанда
сыйымдылығы жоғары, яғни мағынасы кең ұғым болды.
КСРО-ның құлауына байланысты бағаның еркіне жіберілуі,
орталықтандырылған басқарудан нарықтық қатынасқа көшу барысында ақша
айналымы мен ақша айналысы арасындағы айырмашылық жойылып, қолма-қол
ақша қозғалысын және қолма-қол ақшасыз айналымды бір-бірінен ажырату
мүмкін болмай қалды.
Бұл қолма-қол ақша қозғалысы мен қолма-қол ақшасыз айналымның
бірдей күшке ие болғанын білдіреді, ал ақшаның бір формадан басқа
формаға ауысуы шаруашылық органдардың, кәсіпкерлердің және жеке
тұлғалардың нақты қажеттіліктеріне қарай орын алды.
Осы заманғы нарықтық жағдайда ақша айналымы мен ақша айналысы
ұғымдары бір-бірімен осылайша теңеседі. Ақша айналысы – бұл елдегі
тауарлық және тауарлық емес сипаттарына қызмет ететін қолма-қол ақша
және қолма-қол ақшасыз формаларындағы ақша қозғалысы болып табылады.
Ақша айналысы екі формада алға шығады: қолма-қол ақша айналысы
және қолма-қол ақшасыз айналыс. Қолма-қол ақшасыз айналыстың
артықшылықты жақтары көп, өйткені қолма-қол ақша айналысының қолма-қол
ақшаны шығарумен, тасымалдаумен, сақтаумен байланысты шығындары болады,
оның үстіне, қолма-қол ақшаның тоналу қаупін де естен шығармаған
дұрыс. Ақшаны қолма-қол ақша формасынан қолма-қол ақшасыз формаға
немесе осыған керсінше қолма-қол ақшасыз формадан қолма-қол ақша
формасына ауыстыру (құю) тұрғысынан келгенде бұл арада ешқандай
проблема болмайды, өйткені тауар өндірісі мен тауар айналысы ақша
айналысының объективі негізі болып табылады.

1.2. Ақша айналысын басқарудың және реттеудің өлшемдері
Алайда ақша айналысы тек тауар айналысының қайталанушысы ғана
емес. Бұл екі процесс біршама оқшау жүзеге асады. Тауарлардың
алмасуына ықпал ететін ақша айналыстан шықпайды, осы айналыстың
ішінде ұдайы болады, ал тауарлар сатылғаннан кейін айналыстан шығып,
тұтынылады. Мұнда тауар айналысы бастапқы , ал ақша айналысы екінші
сипатта болды. Тауар айналысы ақша айналысын тудырады.
Ақша айналыста жүріп, бірде айналыс құралының (қолма-қол ақша)
қызметін, бірде төлем құралының (қолма –қол ақшасыз) қызметін кезек
(ауысуын) орындайды. Олай болатын болса, ақша айналымы барлық ақша
қатынастарын бейнелеуші болып табылады, яғни ол айналыс құралы ретінде
және төлем құралы ретінде ақша қызметтерін танытады.
Қолма-қол ақша мен қолма-қол ақшасыз айналымдары ішкі төлем
айналымын шетелдік валюталардың еркін еніп кетуіне тосқауыл
қойылғанда ғана біртұтастығын сақтай алады.
Қолма-қол ақшасыз айналыс ақша айналымының бір бөлігі болып
табылады әрі қолма-қол ақшаны пайдаланбай, яғни есеп айырысудың
бірінен екіншісіне ақша аудару немесе борыштарды өзара шегеру
жолымен жүзеге асырылатын төлемдердің жиынтығын білдіреді.
Қолма-қол ақшасыз айналым екі түрге бөлінеді: тауарлық айналым
және тауарға қатыссыз айналым. Негізі артықшылықты айналымға тауарлық
айналым жатады, ол қоғамдық жиынтық өнімнің өндірілуі мен сатылу
процесін тікелей бейнелейді.
Айналымның тауарлық қолма-қол ақшасыз айналыс құрамына тауарлар
мен көрсетілген қызметтер үшін халықтың, кәсіпорындардың, ұйымдардың және
мекемелердің қолма-қол ақшасыз аударымдар жолымен жүзеге асырылатын
төлемдері кіреді.
Тауарға қатыссыз қолма-қол ақшасыз айналымда кәсіпорындардың,
ұйымдардың, мекемелердің, сондай-ақ халықтың ұлттық табысты
қалыптастыру, бөлу және қайта бөлу, амортизациялық аударымды қайта
бөлу процесіндегі төлемдері, айналымдағы қаражат пен пайда, банктің
несиелеуі, сақтандыру және басқа да тауарға қатысы жоқ төлемдер
көрініс табады.
Тауарға қатысы жоқ қолма-қол ақшасыз төлемдерге жататындар:
еңбекақыдан ұсталатын салық төлемі; тұрғын үй, коммуналдық,
тұрмыстық, пошталық және т.б. қызмет төлемдері; несиені өтеудің төлемі
және қолма-қол ақшасыз есеп айырсу арқылы жүзеге асырылатын басқа
да төлемдер.
Ақша айналысын оңтайлы ұйымдастырып, оны нығайту үшін және
ақша айналымын жылдамдату үшін әрі көлік (тасымалдау) шығындарын
азайту үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың салаларын одан әрі
ұлғайтып, жетілдіруіміз қажет. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу
жолымен кәсіпорындар мен ұйымдар арасында, олар мен олардан саты
бойынша жоғары тұрған ұйымдардың арасында, олар мен мемлекеттік және
қаржы-несие мекемелердің арасында есеп айырысулар жүзеге асырылады.
Бүгінгі таңда халықпен есеп айырысуда қолма-қол ақшаның қолданылу
салалары кеміп келеді. Еңбекақы беру, коммуналдық, пошталық төлемдер
және басқа да шығындардың көп бөлігі қалаларда банктердегі салым ақшадан
пошта бөлімдерінен, пластикалық карточкалармен аудару арқылы қолма-
қол ақшасыз жүзеге асырылады, сондай-ақ сатып алынған тауарлардың
төлемдері дүкендерде чектер мен пластикалық карточкалар арқылы
төленеді. Осы шаралардың барлығы қолма-қол ақшаның пайдаланатын
салаларын кемітуге, қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың үлесін арттыруға
мүмкіндік береді.
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың артықшылықтары мынады:
- ол банк жүйелерінің несиелік ресурстарын арттыруға несие қатынасын
дамытуға мүмкіндік береді;
- ол айналымға аса қажаетті қолма-қол ақша сомасын тұтынылуын кемітеді;
- ол трансакциялық шығындарын (банкноттар мен тиындарды басып шығару,
сақтау, тасымалдау, санау түріндегі айналыс шығындары.) кемуіне
мүмкіндік тудырады;
- ол банктердің дәлдікті қажет ететін жұмыснда есеп айырысуларды
және қаржат айналымын шапшаңдатады;
- қолма-қол ақшасыз есеп айырысу процесінде шаруашылық органдардың
төлем қабілеті артады әрі келісімшарт міндеттемелерін орындауға
мүмкіндік алады. Нәтижесінде олардың қаржылық жағдайлары тұрақталып,
жұмыстарын тиімділігі мен пайдалығы жоғарлайды.
Мынаны айта кету керек, қолма-қол ақшасыз айналыстың аталған барлық
артықшылықтары есеп айырысулар үнемі жүзеге асырылғанда ғана нақты
шындыққа айналады. Есеп айырысулар үнемі жүзеге асуы үшін қолма-қол
ақшасыз айналымды ұйымдастыруда белгілі бір принциптері сақталуы керек.
Оған мыналарды жатқызуға болады:
- төлеушілердің банктерде және қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың
түрлерін таңдаудағы еркіндік принципі. Бұл принцип әлеуетті клиентке
қызмет көрсету мәдениетті жоғары әрі есеп айырысу операцияларын
жылдам және дәл орындай алатын банктерді таңдауға, сондай-ақ
келісімшарттардың орындалуын қамтамасыз ететін қолма-қол ақшасыз есеп
айырсудың мақсатқа лайықты түрлерін таңдауға мүмкіндік береді.
- төлеушінің төлем келісімін міндетті түрде болу принципі яғни
төлдеушінің төлеуге келісім бергені немесе бермегені туралы ақпарат
міндетті түрде болу керек. Мұның мағынасы мынадай: шот иесінің шоттағы
қаражатын банк төлемдерінің белгіленген кезігіне қарай әрі шотта
қалған қаражатын шегінде төлем үшін жүзеге асырады. Соңғысы (шот
иесінің шоттағы қаражатының шегінде төлемнің жүзеге асырылуы)
төлемнің қамтамасыз етілу принципін немесе төлеушінің өтімділік
принципін білдіреді.
- Төлемнің мерзімділік принципі. Бұл принциптің экономикалық
мағынасы мынадай: ақшалай қаражатты алушы қаражаттың
келісімшартта көрсетілген мерзімде өзінің шотына аударылуына
мүдделі. Төлемді уақытылы алудың маңызы өте зор.
- Барлық қатысушылардың келісімшарт қатынастарының сақталуына
мүліктік жауапкершілік пен есеп айырысу ережесінсіз бақылауды жүзеге
асыру принципі.
2. Ақша айналымын ұйымдастырудың принциптері
Есеп айрысудың барлық принциптері бір-бірімен өзара тығыз
байланысты болғандықтан бұлардың біреуінің бұзылуы екіншісінің
бұзылуына әкеп соқтырады. Барлық қолма-қол ақөшасыз есеп айырысулар
шаруашылық органдардың, кәсіпкерлердің бір шоттан екіншісіне ақша
аудару туралы немесе өзара тараптарды шегеру туралы банкке берген
тапсырмаларын білдіретін есеп айырысу құжаттар негізінде
жүргізіледі. Есеп айрысу құжаттарының қозғалысы мен құжат айналымын
бір-бірінен бөліп қарастыру қажет. Есеп айрысу құжаттарының
қозғалысы – бұл құжаттардың есеп айырысудың басынан бастап аяғына
дейін қозғалыс тармақтары бойынша дәйекті жүйелі өтуі. Ал, құжат
айналымы есеп айырысу құжаттарының қозғалысына қажетті уақытпен
қоса есеп айрысуға қатысты әр түрлі операциялардың жүзеге асырылатын
уақытты да қамтиды. Есеп айрысу құжаттарына төлем тапсырмалары мен
айырысу чектері жатады.
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жеке және заңды тұлғалармен
оларға тиісті шот ашқан банк арқылы жүргізіледі. Ол шоттар мынадай
болады: есеп айырысатын, ағымдағы, депозиттік және валюталық. Шот жай
және контокоррентік ағымдағы болуы да мүмкін. Есеп айырысу шоты,
депозит шоты және валюта шоты мешік түрлеріне қарамастан барлық
заңды тұлғаларға ашылады. Ағымдағы, депозит және валюта шоттары
коммерциялық қызметпен айналыспайтын заңды және жеке тұлғаларға
ашылады.
Есеп айырысу қызметі үшін банк пен клиент расында банктік шот
келісімшарты- екі жақты дербес азаматтық-құқықтық келісімшарт
бекітіледі. Банктер мен басқа несие мекемелері өзара есеп айырысу
үшін бір-бірінде корреспонденттік шот ашады әрі бір банк
(корреспондент) басқа банктің (респондент) депозиттерін ұстауға
және мұның соңғысына төлем мен басқа операциялар бойынша
қызмет көрсетуге тиісті бекітілген келісімшарт негізінде Қазақстан
Республикасының Ұлттық банк мекемелерінде де шот аша алады. Мұнда
белгілі бір мерзімде аса ірі ақша сомасын аудару бойынша
банкаралық есеп айырысу жалпы негізде және нақты уақыт аралығында
жүзеге асырылады. Аударылатын аса ірі ақшаның сомасын
Ұлттық банк анықтайды. Басқадай төлемдер (мерзімді емес және
ұсақ сомалар) бойынша банк аралық есеп айырысулар клиринг
негізінде екі және көп жақты шегеру арқылы жүзеге асырылуы
ықтимал. Соңғысы есеп айырысуға дейінгі төлем хабарламаларын
тапсыру, салыстыру және бекіту процесін, сондай-ақ талаптар,
міндеттемелер және түпкілікті қалдықты анықтау жөніндегі өзара
есеп айырысулар бойынша операцияларды білдіреді. Клиринг- бұл
заңды және жеке тұлғалардың тауарлар мен қызметтер үшін талаптар
мен міндеттемелердің өзара шегеруіне негізделген қолма-қол
ақшасыз есеп айырысудың тәсілі.
Корреспонденттік қатынаста мынадай операциялар орындалуы мүмкін:

а) клиентке қызмет көрсетуге негізделген әрі банк-
корреспонденттегі шот бойынша төлемдерді жүргізуді білдіретін
операция. Бұл бір банктің басқасына тапсырма беруі бойынша
жүзеге асырылатын базистік коммерциялық және басқа да
операциялар.
ә) шетелдік банктердің тартылуымен жүзеге асатын банк-аралық
операциялар . Одан еркін айырбасталымды валютапларды сату-сатып алу
бойынша операция жатады. Кассалық және мерзімді валюталық
операциялар бөліп көрсетіледі. Бірінші жағдайда сатып алушы
мәміле сомасын бірден (дереу) төлеуге міндетті, ал екінші
жағдайда төлем белгілі бір мерзім ішінде түседі.
Бұл операцияға мерзімі бойынша жақын келетіні – ақша
нарығында сауда – саттықты жүзеге асыру. Бұл жағдайда бір банк басқа
банкке уақытша ақша тапшылығын жоюы үшін, яғни қысқа мерзімді өтімділікті
өтеуі үшін несие түрінде (есеп айырысу несисі) белгілі бір мерзімге ақша
сомасын береді.
Банк аралық операцияға клеринктік есеп айырысу жатады. Онда –бұл
шот бойынша операция мөлшері белгілі бір деңгейге жеткенде оның басқа
банк операциясына қосылу мүмкіндігі пайда болады.Бұл банктердің
тапсырмалары өзара шегерілуі мүмкін. Егер өзара шегерілетін болса , онда
клиринктік орталықты іске қосудың қажеті болмай қалады .

2.1. Ақша айналымының заңы
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес қолма-қол ақшасыз
есеп айырысудың мынадай негізгі формаларын пайдалануы ұйғарылады:
- Төлем тапсырмалары ;
- Аккредитивтер;
- Чектер ;
- Векселдер;
- Пластикалық карточкалар;
Жабдықтаушылар мен сатып алушылар есеп айырысудың формаларын
шаруашылық келісім –шартында өздері анықтайды.Есеп айырысу бойынша бір-
біріне қоятын талаптарды (претензия) екі жақ банкті қатыстырмай өздері
қатыстырады, даулы мәселелер сотта және төрелік сота шешіледі.
Төлем тапсырмасы шот иесінің өз шотынан алушының шотына
тапсырмада көрсетілген белгілі бір соманы аудару туралы банкке беретін
жазбаша өкімін білдіреді. Төлем тапсырмаларымен алынған тауарлар мен
көрсетілген қызмет үшін, барлық тауарлық емес операциялар бойынша, келісім
шартта қарастырылған жағдайда аванстық төлемдер бойынша есеп айырысулар
жүргізіледі. Есеп айырысудың бұл формасы Қазақстанда көп тараған .
Аккредитив сатып алушы банкісінің сатып алушы тапсырмасы бойынша
жөнелтілген тауарларды, сондай-ақ аккредитвтік өтініште қарастырылған
басқа жағдайларды растайтын құжатарды негізге ала отырып жабдықтаушыға
төлем аудару турасындағы жабдықтаушының банкісіне беретін тапсырманы
білдіреді.
Аккредитивтер жабық(жабық) депозитік және ашық (кепілдікті), қайтарып
алынатын және қайтарып алынбайтын болып бөлінеді.
Төлеушінің жабдықтаушы есеп айырысу үшін қаражатты алдын-ала
сақтап қоятын, әркект яғни алғашқысының қаражаты өз есеп айырысу шотыныа
жабдықтаушыға қызмет көрсететін банкке аударатын әрекеті жабық
аккредитив деп саналады.
Ашық аккредитив орындаушы банктен өзінің шотын жүргізетін эмитент-
банктен аккридтивтің барлық сомасын есептен шығарып тастауын білдіреді.
Қайтарып алынбайтын аккредитив жабдықтаушының қаражатты алушының
келісімінсіз күшін жоймайды немесе өзгертілмейді. Мұндай нұсқау болмаған
жағдайда аккредитив қайтарып алынатын деп саналады.
Чек берушінің чекті ұстаушыға чекте көрсетілген ақша сомасын төлеу
туралы төлеушіге беретін сөзсіз жазбаша ұсынысы чек деп атайды. Чек
беруші- бұл тауар үшін төлемдерді төлейтін немесе толтырылып, қол
қойылатын чек арқылы төлемдерді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлға.
Чек ұстаушы- бұл чек бойынша төлемді алатын заңды тұлға. Чектер есеп
айырысу чегі және ақшалай чек деп бөлінеді. Есеп айырысу чекі (қолма-қол
ақшасыз есеп айырысу үшін қолданылады) төлем тапсырмасы секілді
төлеушімен рәсімделеді, алайда төлем тапсырмасынан айырмашылығы чек
төлеушіден заңды тұлғаға - төлемді алушыға шаруашылық операциялар іс
жүзінде асырылған сәтте беріледі. Содан кейін чек төлемді жүзеге
асыратын банкке беріледі.
Есеп айырысу чектері жабық және ашық болады. Жабық чек – бұл
есеп айырысу чегі, онда чек беруші қаражатты чек бойынша төлемді
кепілдендіретін жеке банк шотына алдын ала сақтап қояды. Ал, ашық есеп
айырысу чегі бойынша төлемге банк кепілдік береді.
Ақшалай чектер чекті ұстаушыға банктен қолма-қол ақша төлеу
үшін қолданылады- мысалы, еңбекақы, шаруашылыққа қажетті қаражат, іс-
сапар шығыны, ауылшарушылық өнімдерін сатып алу.
Вексель сатылған тауардың төлем мерзімін ұзарту түріндегі сатып
алушының сатытушыға тауар формасында ұсынатын коммерциялық несиесін
рәсімдейтін құрал, сондай-ақ, вексельдің берілуі негізіне қарамастан
вексель ұстаушыға белгілі бір соманы төлеу турасындағы вексель
берушінің міндеттемесін қамтитын құнды қағаз болып табылады. Вексель
борышқорлық міндеттеме болып табылады.
Заңда вексельдің екі түрі қарастырылады: жай және аударылатын.
Жай вексель борышқордың – вексель берушінің көрсетілген ақша сомасын
белгілі бір мерзімде және белгілі бір орында қаражатты алушыға немесе
оның бұйрығы бойынша төлеу турасындағы жай әрі ешқандай шарты жоқ
міндеттемесін қамтитын жазбаша құжат болып табылады.
Пластикалық карточкалар магниттік жолағы бар карта және
микросызбамен құрылған карта деп бөлінеді.
Есеп айырысуда пластикалық картаны пайдаланатын субъектілерге
мыналар жатады:
- карточканы ұстаушылар (клиент, пайдаланушы)- карта берілетін тұлғалар;

- карта эмитент-банкісі- карта эмиссиясын (шығаруын) жүзеге асырады;
- эквайер-банк (acguirer) – картаны ұстаушыға қызмет көрсететін және
сауда-саттық кәсіпорындармен олардың өз қаражат есебінен есеп
айырысуды жүзеге асыратын банк;
- есеп айырысушы банктер;
- дүкендер мен қызмет көрсетуші кәсіпорындар;
- процессингтік орталық – төлем жүйелерінің технологиялық ядросы болып
табылатын мамандандырылған есептеу орталығы.
Магниттік жолағы бар карталарды пайдаланумен есеп айырысудың сызбысы.

1 клиентке - карточканы рәсімдеу және беру; 2- сатып алу төлемі үшін
карточканы ұсыну; 3- қолданыстылығы (қолданысқа жарамдылығы немесе
жалғандығы) туралы сұрау салу; 4-тексерудің нәтижесі; 5-тауарды табыстау,
қызмет көрсету; 6- аусымды табыс ету; 7- эквайер- банктің есеп
айырысуы; 8-13- эмитент – банктің эквайер- банкпен есеп айырысуы; 14-
карточка иесінің эмитент -банкпен есеп айырысуы;
Микросызбалық пластикалық карта шамамен осы сызба бойынша өтуі
ықтимал. Арадағы айырмашылық тескеру процесінде ғана, ол on line
(процессингілік орталықпен тікелей байланыс) режимін қажет етпейді,
сауда нүктесінде дербес ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТАУАР-АҚША АЙНАЛЫМЫ ЖӘНЕ ҚАРЖЫ
Тауар - ақша айналымы және қаржы зеттеудің заңдылықтары
АҚША АЙНАЛЫСЫ ЖӘНЕ АҚША АЙНАЛЫМЫ
Капитал ұғымы және оның құрылымы
Ақша айналымы туралы ұғым
Ақша айналымының құрылымы
Ақша айналысының құрылымы
Ақша айналымы және құрылымы
Қаржы және ақша нарығы
Ақша айналысының эволюциясы
Пәндер