Жер бетінің бедері



Жоспар.

I Кіріспе.

1.1. Жер бетінің бедері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 1 б

1.2. Жердің сыртқы қабаттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10 б

1.3. Жер қыртысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13 б

1.4. Жердің физикалық қасиеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15 б

II Жердің жылулығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17 б

2.1. Жердің химиялық қасиеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19 б

2.2. Жердің даму кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23 б

III Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24 б
Кіріспе
Жер шексіз әлем кеңістігінде толып жатқан сансыз көп ғарыштық денелердің бір ғана.
Жерді планета ретінде астраномия ғылымы зеріттейді.
Ал биология – жер қыртысын және «Литосфера» қабатын зеріттейтін ғылым ретінде, жердің жаратылысын және оның даму тарихының алғашқы шағында болған геолоиялық оқиғалардың құпия сырларын дұрыс түсіну мақсатында астрономия ғылымының жетістіктерін пайдаланады. Жер бетінде және оның терең қойнауында тоқтаусыз жүріп жатқан геологиялық процесстердің көпшілігі сыртқы ортаның әсері мен, ғарыштық әрекеттермен тығыз байланысты.
Жердің Ғарыш әлемінде алатын орны және оның басқа планеталармен байланысы жөніндегі алғашқы ұғым өте ерте кезден – ақ бастап қалыптасты

Жоспар.
I Кіріспе.

1. Жер бетінің
бедері ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 б

2. Жердің сыртқы
қабаттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10 б

3. Жер
қыртысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13 б

4. Жердің физикалық
қасиеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .15 б

II Жердің
жылулығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17 б

2.1. Жердің химиялық қасиеттері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...19 б

2.2. Жердің даму
кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23 б

III
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24 б

Кіріспе
Жер шексіз әлем кеңістігінде толып жатқан сансыз көп ғарыштық
денелердің бір ғана.
Жерді планета ретінде астраномия ғылымы зеріттейді.
Ал биология – жер қыртысын және Литосфера қабатын зеріттейтін ғылым
ретінде, жердің жаратылысын және оның даму тарихының алғашқы шағында болған
геолоиялық оқиғалардың құпия сырларын дұрыс түсіну мақсатында астрономия
ғылымының жетістіктерін пайдаланады. Жер бетінде және оның терең қойнауында
тоқтаусыз жүріп жатқан геологиялық процесстердің көпшілігі сыртқы ортаның
әсері мен, ғарыштық әрекеттермен тығыз байланысты.
Жердің Ғарыш әлемінде алатын орны және оның басқа планеталармен
байланысы жөніндегі алғашқы ұғым өте ерте кезден – ақ бастап қалыптасты

Жер бетінің бедері.
Жер бетінің бедер пішіндері геоидтан да күрделі. Өйткені оның
қалыптасуына геологиялық процесстер зор әсерін тигізеді. Жер бетінің
көпшілік бөлігін (70,8%) су, ал қалған (29,2%) бөлігін ғана құрылық алып
жатыр . Дүние жүзілік мүхит сулары негізінен бір – бірімен байланысқан, тек
төрт мұхит қана материктермен бөлінген. Оларға: Тынық, Атлант, Үнді және
Солтүстік мұзды мұхиттары. Құрылық 6 материктен (Евразия, Солтүстік
Америка, Оңтүстік Америка, Африка, Австралия және Антрактида), сонымен
бірге мұхиттық аралдардан құралған.
Материктер Жер бетінде әр түрлі болып орналасқан. Құрылықтың ең биік
нүктесі
(Гималай тауы Джомолунгма шыңы) 8848м биіктікте орналасқан, ал ең төменгі
нүктесі 11022м (Тынық мұхит, Мариан шұңғымасы) болып саналады. Олардың
арасындағы айырмашылық -20км. Материктердің орташа биіктігі 875м.
Экзогендік рельеф құратын факторларға әр түрлі климат
элементтерінің, өзендермен көлдердің, теңіздің, мұздықтармен қарлардың,
желдің және т.б. элементтердің әсері жатады.
Экзогендік рельеф құратын процесстердің негізгі көзі күн радияциясы, ол
жер бетімен, гидросфера және атмосферамен өзара әрекеттесіп, әртүрлі
климаттық жағдайлар қалыптастырады. Ал климат жағдайлары бүкіл жер бетінің
өзгеруінде негізгі факторлардың бірі болып саналады. Климат элементтерінің
ішіндегі аса маңызды фактор – ауа температурасы. Ос ауа температурасының
әсерінен әртүрлі табиғи белдемдердің климаты қалыптасады. Мәңгілік
мұздықтар мен қар жамылғысының пайда болуы, тау жыныстарының мүжілуі,
химиялық процестер және т.б. осы ауа температурасымен тікелей байланысты.
Климаттың екінші маңызы элементтерінің бірі жауын шашын. Олар
өзендердің, көлдердің батпақтардың және мұздықтардың пайда болуына едәуір
әсерін тигізеді. Тау жыыныстарының ыдырауына және олардың тасмалдануына,
рельефтің көптеген шеңберінің тілімделір жаңа пішіндердің қалыптасуына
жауын шашын өте қолайлы жағдай жасайды. Жел, бір жағдайларда құм бөлшектері
арқылы тау жыныстарын бұзып, қашап, өңдеп механикалық әсер ете, екінші
жағдайларда құмның шөгуіне және жаңа жер бедерлердің (шағыл, дюна және
т.с.с) құрылуына себепші болады. Мұздықтар жоғары тау өлкелерінде едәуір
механикалық жұмыс жасап, ерекше мұздық рельефін құрады.
Жер бетінің құрылуына әрқашан әсерін тигізіп отыратын тағы бір
экзогендік рельеф құратын процестердің энергиялық көзі – гравтация немесе
ауырлық күші. Бұл күштер арқылы неше түрлі опырылма, қорындар, сырғымалар,
қар көшкіндері және т.б. қиратқыш табиғи құбылыстар пайда болады.
Экзогендік процесстердің жалпы энергиясының негізгі көзінің бірі –
жердің өз өсі бойымен және күннің төңірегінде айналуы, осының әсерінен
жылдың төрт мезгілінің және күн мен түннің ауысып туруы. Ауа
температурасының, жауын шашын мөлшерінің және табиғи қиратқыш құбылыстардың
оқтын – оқтын маусымдық өзгеруі, жалпы айтқанда рельефтің құрылуына едәіур
әсер ететін бүкіл табиғи ландшафтның жаңаруы осы құбылыстармен байланысты.
Сонымен қатар жердің өз өсі бойымен ауналуы рельефтің өзгеруіне тікелей
ықпалын тигізеді.
Климат – рельеф құратын факторлардың ішіндегі ең маңыздысы. Климат және
рельефтің өзара байланысы әр түрлі. Мысалы. Үгілу процесстерінің
қарқындылығы климатқа тікелей байланысты ол белгілі мөлшерде мүжілу
құбылысының сипатын анықтайды, өйткені климат пен экзогендік күштердің
қарқындылық дәрежесі байланысты. Әр түрлі климат жағдайларында өздеріне тән
рельефтің ерекше пішіндері пайда болады. Климат рельеф құратын процесстерге
қаншама тікелей әсер етсе соншама табиғат ортасының басқа компаненттері,
мысалы, гидросфера, топырақ - өсімдік жамылғысы арқылы жанамада әсерін
тигізеді. Мысалы, Оңтүстік Батыс Африка жағалауындағы Намиб шөлінің және
Оңтүстік Америкадағы Атакама шөлінің пайда болуы жағалау бойымен өткен суық
теңіз ағыстарына байлансты. Осы жерде климат осындай рельефтің пайда
болуына гидросфера арқылы әсерін тигізеді.
Климаттың функциясы болып табылатын өсімдік жамылғысының өзі рельеф
құратын процесстерге ықпал етеді, мысал, жер бетінде өсімдік жамылғысы
тұтас болып кеткен жағдайда су торларының ағуы бірден азайып, мүлде тоқтап
қалуы мүмкін. Ал өсімдіктер сирек болған жағдайда немесе жалаңаштанып
қалған аймақтарда физикалық және механикалық үгілуге және эрозиялық
процесстердің дамуына әкеп соғады. Пайда болған борпылдақ түйіршіктер мен
шаң тозаң зшөлді жерлнрде желдің әрекетіне ілесіп әр түрлі эоолдық
пішіндерді қалыптастырады.
Климат пен рельеф арасындағы тура және жанама түрдегі байланыс
экзогендік рельефтің белгілі дәрежесінде климаттық беледемділікке
тәуелділігінің салдары. Нақ осымен экзогендік рельеф климаттық
белдемділікке бағынады. Ол мұнымен байланыссыз қалыптасқан эндогендегі
рельеф пішіндерімен ерекшеленеді. Сондықтан эндогендік рельефті әдетте
белдемсіз, яки азональді рельеф түрлеріне жатқызады.
Нивалдық климат. Жылдық барлық мезгілдеріне жауын шашыны көп мөлшерде
және қатты (қар, бұршақ) түрде түсіп, жылдың жылы мезгілінде қары еріп, суы
буланып үлгермейтін климат. Жаутын қар, еритін қармен оның буланатын
мөлшерінен басым болады. Бұндай аймақтардың қары жинала келе мәңгі қарға
айналады да, мұздықтарға бастама береді. Невалдық климат жағдайларында
негізгі рельеф құратын фактор – жылдамалы мұздықтар. Қар мен мұз жамылғысы
болмаған, ашық жерлерде физикалық үгілу процесі қарқынды түрде дамиды. Ал
аязды процесс немесе нивация (қардың тау жыныстарын жеміру процессі) –
температураның ауытқып, қардың қатуы мен еруінің алма кезек ауысу
нәтижесінде, онымен беттескен тау жыныстарының аяздық үгілуге ұшырап
бұзылуы. Рельеф құрылымына мәңгі тон процессі де елеулі әсер етеді.
Невалдық климат биік ендік (Антрактидада, Гренландия, Солтүстік мұзды
аралдары) және қар шекарасынан жоғары көтерілген заңғар таулардың биік
бөліктеріне тән.
Полярлық және көп жылдық тоң топырақтың таралу аймақтарының климкты.
Қысы қатал әрі ұзақ поляр аймағының климаты. Күн радияциясы аз жазы қысқа
әрі суық. Жаздың ең жылы айдағы орташаьтемпература 00- тан төмен болады.
Қыста ауа райы ашық, жазда – тұманды, әрі бұлтты. Жауын – шашыны аз –
жылына 200 – 300 мм-ден аспайды. Осындай климат бұрын қалыптасқан мәңгі тоң
топырақтың ерімей сақталуына және солифлюкциялық процесстердің дамуына
қолайлы жағдай туғызады. Бұл суға әбден қаныққан топырақтың және жұқа
дисперсиялық жыныстардың аязда қатқан беттің үстімен қарай баяу сырғыр
ағуы. Полярлық климат Евразия және Слтүстік Американың тундра белдеуіне
және Шығыс Сібірдің көп бөлігіне тән.
Гумидтік климат – аса ылғалды климат. Мұнда жыл бойы түсетін жауын –
шашын топыраққа сіңетін және буланып кететін судың мөлшерінен едәуір басым
болады. Атмосфералық судың артығы беткейлер бойымен сорғалап ағып, алаңдық
шаюды қоздырады, немесе тұрақты және уақытша аққан судың нәтижесінде
рельефтің әр түрлі эрозиялық пішіндерін (аңғарларды, жыраларды)
қалыптастырады. Сондықтан эрозиялық пішіндер торы гумидті климат жағдайында
жиі қалыптастырады. Ылғалды және жылудың көп мөлшерде болу себебінен
гумидті климаттық аймақтарда химиялық үгілу процессі меніңше қарқынды
жүреді. Бұған қоса карст процесстері де дамиды.
Аридтік климат – қуаңшылық немесе аңзақ климат. Ауа температурасы
жоғары атмосфералық жауын – шашыны аз, шөл мен шөлейттрге тән құрғақ
климат. Жылдық жауын – шашын мөлшенрі 150 – 200 мм – ден аспайды. Бұл
жағдайда булану қарқындылығы жауын шашын мөлшерінен әлде қайда артық,
немесе мүлде болмайды, физикалық, әсіресе темепературалық үгілу бар.
Аридтік климаттта эрозиялық әрекеттер әлсірейді, негізгі рельеф
құратын агент – жел әрекеті үгілген заттардың құрғақтылығынан тек қана ашық
беттерден ғана емес сондай- ақ тау жыныстарының жарықшақтарынан ұсақ
түйіршіктердің желмен тез ұшып кетуіне мүмкіндік туғызады. Аридтік климат
аймақтарының басым бөлігі оңтүстік және солтүстік ендіктердің 200 және 300
аралығындағы материктерде дамыған. Аридтік климат осы айтылған ендіктерден
тыс басқа жерлерде де байқалады, мұндай жағдайда олардың құрылу
материктердің көлеміне және орографиялық ерекшеліктеріне байланысты.
Демек, экзогендік рельефтің бейнесі бірқатар аймақтар да тек қазіргі
климаттық ерекшеліктерге ғана емес, сонымен қатар өткен геологиялық
кезеңдерге де байланысты деген қортынды шығаруға болады.
Тау жыныстарының үгілуі деп ауаның, сонымен тірі оргонизмдердің әсер
ету нәтижесінде жер бетіндегі миниралдар мен тау жыныстарының бұзылып
ыдырауын айтады.
Тау жыныстарының үгілу қарқындылығы оның әр түрлі физикалық механикалық
қасиеттеріне және химиялық төзімділігіне байланысты. Жыныстардың негізгі
қасиеттеріне олардың қаттылығы, түсі, еру қасиеті, қтқабаттылығы және тағы
басқа қасиеттері жатады. Тау жыныстарының қаттылығы олардың механиклық
әсерге төзімділік көрсетиу, мысалы,біртұтас қатты поруирит немесе кварцитке
ұқсас жұмырланған магмалық жыныстар баяу, бәсең үгіліп, жер бетінде дөңес
бедерлерді құрайды, ал икемді, жұмсақ южыныстар керісінше сыртқы
экзогендік әсерден жылдам бұзылып шайылып кетіп жер бетінің ойыс пішіндерін
түзеді. Түсі ақшыл жыныстар күн сәулесіне шағылысады, ал қара түсті тау
жыныстары күн сәулесін өзіне тартып көбірек қызыпп, өз аумағын ұлғайтып
жылдам үгіледі. Бұдан мысал үшін гранитті алайық. Ол өзінің қаттылығына
қарамастан шөлді аймақтарда тез үгіледі сбебі оны құайтын минералдар әр
түсті болады. Әр минералың түсі әр түрлі болғандықтан олардың күн сәулесін
қабылдау қасиеті де біркелкі болмайды, ұлғаю коэффиценті де әр түрлі
болады. Сонда жылыну мен суыну кезі алмасқан кезде бірнеше минералдардан
құралған тұтас гранит тастар босап мүжіле бастайды осы гранит тастарды
құрайтын қызғылт дала шпат минералы химиялық ыдырау нәтижесінде сазды
топыраққа айналып квартс түйіршіктері кейін борпылдақ құм түйіршіктеріне
ауысады.
Табиғат факторларына байланысты үгілмейтін үш түрі бар. Олар:
физикалық, химиялық органикалық. Физикалық (механикалық) үгілуге
температураның өзгеруі, тау жыныстарының жарықшақтарында судың қатуы
менеруі жануарлар мен өсімдіктердің тіршілік әрекеті, булану, су
құрамындағы тұздардың кристалдану процесстері жатады. Физикалық үгілуде тау
жыныстарының кесек тастары температураның күрт өзгеруіне байланысты көлесін
бірде үлкейтіп, бірде кішірейтіп тұратындықтан шытынап сынады. Мұндай
жағдайлар шөлді аймақтарда және биік таулы өлкелерде жиі кездеседі. Әсіресе
күн мен түннің ауысуына байланысты ауа температурасының тәуліктік ауысуынан
тау жыныстарының күндіз қатты қызып, түнде сууының зор маңызы бар.
Температура жоғарылаған сайын тау жыныстарының сыртқы бөлігі күн
сәулесінен, ішкі бөліктерінен гөрі молырақ қызық көлемі ұлғайады. Тау
жыныстарының жылу өткізіштігі біршама төмен болғандықтан олардың сыртқы
қабаттары қабыршақтанып, ішкі массадан бөліне бастайды. Ал температура
төмендеуінен тау жыныстарының сыртқы қабаттары ішкі қабаттарға қарағанда
жылдамырақ суиды. Су және әр түрлі еріткіштер әсерінен тау жыныстары еріп,
сілтілену гидратация (су жұту), дегидратация (судан арылу), гидролиз
құбылыстанын тудырады. Физикалық және химиялық үгінділер бір мезгілде өтеді
бірақ нақты физикалық – географиялық жағдайларға байланысты біреуі
екіншісінен басым болады. Қуаңшылықты, биік таулы полярлық аймақтарда
физикалық үгілу басымдау, ал қоңыржай белдеулерде – ылғалды, субтропиктік
белдеулерде химиялық үгілу басым.
Химиялық құбылысқа көбірек ұшырайтындар: әк тастар, доломиттер, тас
тұздар, гипстер. Бұлар жеңіл еріп, су мен ертіндіге шығады. Нәтижесінде жер
бетінде әртүрлі құбылыс рельеф пішіндері пайда болады, мысалы үңгірлер,
карстық шұңқырла, құдықтар және т.б.
Органикалық үгілуде механикалық және биохимиялық әрекетер арқылы тау
жыныстарының бұзылуы. Механикалық бұзылуды өсімдіктер өздерініңтамыр жүйесі
арқылы атқарады. Ағаштардың тамыры тіпті берік қатты түпкі тау жыныстарының
өзін сындырып едәуір бөлшектеп жібереді. Мысалы,өсімдіктердің тамыры
қаланың көшелеріндегі бетон, плитанынемесе асфалът қабатын тесіп өтетіні
баршамызға аян.Механикалық әрекеттен басқа органикалық үгілу өсімдіктердің,
жануарлардың, микроорганизмдердің, бактериялардың, саңырауқұлақтардың,
балдырлардың мүктердің биохимиялық әрекеттерімен тығыз байланысты. Олар
өздерінің тіршілік етуі үшін, не болмаса өзі солғаннан соң бойынанкөптеген
көмірқышқыл газдарын және органикалық қышқылдарды шығарып тау жыныстарын
бөлшектеуге және ыдырау үшін едәуір әрекет жасайды. Сөйтіп химиялық және
биохимиялық ыдырау процестері тоқтамастан өте береді. Үгілген тау
жыныстарының көп бөлігі ешқашанда өз орнында қалмайды, тасмалдау агенттері
арқылы (салмақ күші, ағын сулар, желкүші, мұздық әрекеті) рельефтің төменгі
ойпат аймақтарына және мұхиттарға барып шөгеді. Үгілу және үгіліліске
ұшыраған бөлшек заттардың тасмалдануының және шөгінуінің жинақтық
процестерін денудация (лат, denudatio - ашылу) немесе жалпы қазақ тілінде
мүжілу деп атайды.
Мүжілу нәтижесінде жер бетінде бір жағынан минералдық массалар өзгеріп
орнынан ауысып тұрса, екінші жағынан шағылу әрекетінентөменде жатқан түпкі
қабаттар үнемі жер бетіне ашылып шығып, үгілу процесі одан әрі тереңдей
түседі. Сөйтіп жер беті ұдайы жаңарып, құрлықтың көтерінкі өлкелері
төмендейді, таулар құлдырап жазыққа айналады,рельефтің бір түрі жойылып
басқа түрлер пайда болады. Ақырында жер бетінің кедір- бұдыры тегістеліп
денудациялық жазықтықтар қалыптасады.
Литосфераның беткі бөлігіәр түрлі факторлардың (ауа, су, организмдер)
әсерінен өзгерістерге ұшыраған магмалық, метаморфтық және шөгінді тау
жыныстарыесебінен қалыпқасқан және сол орнынанқозғалмай сақталып қалған
үгілген жыныстардың жиыртығын үгілу дейді.
Үгілу қабығының түрі және қалыңдығы көптеген табиғи факторлармен
байланысты.Оның қалыптасуына алдымен жоғарғы температура мен мол ылғал және
тегіс бетті жазық қолайлы. Сонымен қатар тау жыныстарының тозу- үгілу
мерзімі ұзақ болуы шартты. Үгілу қабығы өзінің құрамы мен қалыңдығына қарай
бірнеше түрге бөлінеді: а)химиялық аса өзгермеген, немесе аз мөлшерде
өзгерген, негізінде түпкі жыныстардан құралған кесек тасты үгілу қабығы;
б)химиялық мөлшерде өзгерген түпкі жыныстарме қатар дала шпатпен слюданың
өзгеруарқылысазды – гидрослюда минералынан құралған гидрослюдалық қабық;
в)монтмориллониттық қабық- алғашқы минералдардан терең химиялық өзгерістен
өтіп түзіген негізінен сазды минерал- монтомориллониттен құралады; г)
каолинит қабық; д) қызыл – топырақ қабат; е) латеритты қабық. Үгілген
қабықтардың соңғы екі түрі ұзақ мезгіл брйы және түгелімен үгіліп, алғашқы
жыныстар құрамынан толық ажырауы нәтижесіндепайда болған.
Жер беті беткейлерден және жазық бағыттағы кеңістіктердің
үйлесуінентұрады. Ал, беткей дегеніміз көтеріңкі және ойыс рельеф
пішіндерін бір- бірінен оқшаулайтын еңіс жазықтар. Беткейлер дамыған
аймақтарда ауырлықкүш әсерінен топырақтың төмен қарай сырғып ауысуы үлкен
роль атқарады.Жалпы құрлық бетінің 80% - ін беткейлер алып жатыр.
Сондықтан беткейлер қалыптасуының және олардың ауқымында өтіп жатқан
процесстердің маңызы зор.
Беткей етегіне қарай бағытталған үгінджілердің ауырлық күш әрекетіне
бьорпылдақ жыныс бөлшектерінің өзара тұтасу күші және олардың астында
жатқан түпкі жыныстардың ілініс күші кері әсер етеді. Осы үгінділердің
ауырлық күшімен тұтасу күштері арасында ара қатынас беткейлер үстіндегі
процесстердің бағытын және қарқындылығын анықтайды. Бұл процесстер көптеген
фкторларға тәуелді больып, олардың ары қарай дамуына себепші болады.
Беткейлердің үстінде болып жатқан процесстер үгілген минералдардың шайылып
жойылуына, тасмалдануына немесе олардың жиналып гоғырлануына әкеп соғады.
Соның нәтижесінде өңделген және аккумулятивтік рельеф пайда болады.
Беткейлік мүжілу бюұл рельеф пішіндерін қалыптастыратын негізгі экзогендік
факторлардың бірі болып саналады. Сонымен қатар беткейлік мүжілу
аллювиялдық, мұздық, теңіздік және тағы басқа шөгінділер түрлерінің көзі
болып табылады.
Тау жыныстарының үгілуі мен беткейлік процесстер өзара тығыз
байланысты, десек беткейлердің борпылдақ жыныстардың шайылып кету түпкі
жыныстардың жер бетінен шығуына мүмкіндік береді де, оның тез үгілуіне
әкеліп соқтырады.
Беткейлерді және беткейьлік процесстерді зерттеудің ғылыми мағынасы –
рельефтің жаратылу тегін және даму тарихын анықтау, сонымен қатар,
беткейлердің өте зор практикалық маңызын көрсету. Себебі топырақ
жемірілуіне қарсы күрес жүргізуде, гидротехникалық тұрғын үй құрылыстарын
салуда, қазба байлықтарды іздестіру жолында беткейлердің қалыптасуын,
олардың геологиялық құрылымын және беткей үстіндегі өтіп жатқан
процесстерді зерттеу едәуір мәліметтер береді.
Беткейлердің морфологиясы, яғни сыртқы бейнесі әртүрлі. Олар еңістелу
дәрежесіне қарай: тік құламалы (350), құламалы(150-350), орташа еңісті (80
– 150), жайпақ (-40 – 80), өте жайпақ (20 – 40) беткейлер болып біренеше
түрге бөлінеді. Беткейлердің бұлай бөлінуінің кейбір генетиклық мәні бар,
олар халық шаруашылығына қажетті, мысалы, инженерлік геоморфологиялық
зеріттеуді жүргізу кезінде қолданылады.
Беткейле қима пішініне қара тік беткей, дөңестене иілген және ойыңқы
иілген беткейді және кертпешті беткейлі болуы мүмкін. Неміс ғаьлымы В.
Пенктің айтуынша, беткейлердің бойлық қимасы эндогендік және экзогендік
күштердің өзара қарама-қатынасы әрекетінің сипатын білдіреді. Мысалы, жер
қыртысының көтерілуі сыртқы күштердің әрекетімен, яғни денудациялық
поцессімен теңбе – тең болса, онда тік беткейлер қалыптасады. Бірақ,
табиғатта көбінесе дөңестене иілген және ойыңқы иілген беткейлер жиі
кездеседі.
Экзогендік беткейлердің ішінде экзогендік агенттер әсерінен
қалыптасқан, яғни ағынды сулар әрекеттен түзілген флювиялдлық беткейлерді
және көлдер, мұхиттар, мұздықтар, жел, жер асты сулары әрекетінен
қалыптасқан беткенйлерді атап айтуға болады мұндай беткейлерге адамның
шаруашылық әрекеті нәтижесінде пайда болған беткейлерде жатады.
Беткейлер морфологиялық өзгешелігіне үстінде жатқан борпылдақ
шөгінділерінің қалыңдығының құрамына және нақты физикалық – географиялық
жағдайларына байланыста алуан түрлерге ерекшеленеді. А.И. Спиридонов беткей
прцесстерінің ерекшеліктеріне қарай келесі түрлерді даралаған.
1. Нақты гравитациялық беткейлер еңістігі 30 – 400 – тан жоғары,
үгілу прцесстерінің нәтижесінде түзілген түйіртпекті жыныстардың
ауырлық күші әсерінен беткейлердің табанына қарай домалап құлау
нәтижесінде қалыптасады. Бұларға опырылмалы қорымдар және қар
көшкінді беткейлр жатады.
2. Блоктар қозғалыстарының беткейлері әр көлемді тау жыныстары
блоктарының беткей бойымен төмен ауысып сырғуынан пайд болады.
Блоктардың ауысуына жер асты суларының әсері маңызды рөл
атқарады.
3. Борпылдақ жамылғысының жаппай төмен жылжу беткейлері. Топырақтың
төмен жылжу сипаты оның консистенциясына және оның ылғалдылық
мөлшеріне тікелей байланысты. Борпылдақ минералдың жаппай жылжуы
беткейлердің әртүрлі еңістіктерінде өтеді. Беткейлердің осындай
қатарына солифлюкциялдық және дефлюкциялық баурайлар тән.
4. Делювийлік (жазықтық шаю) беткейлер. Ертінді сулар мен жаңбыр
суларының борпылдақминералды шайып кетуінен және олардың
беткейдің жайпақтау келген төмен бөлігінде немесе етегінде
үгілуінен қалыптасқан беткейлер. Олар едәір еңкіш өте жайпақ
келген (2- 30) беткйлерде де байқалады.

Жердің сыртқы қабаттары.
Жердің сыртқы қабаттары – Атмосфера, Гидросфера және Биосфера біздің
планетамыздың басқа планеталармен салыстырғандағы, өзіндік ерекшеліктері
болып саналады. Сондықтан да олар жер қыртысының құралу және даму барысында
маңызды рөл атқарады.
Жердің сыртқы қабаттарына ортақ қасиет – олардың тез өзергіштігі.
Жердің Гиосфералары бір – бірімен өте тығыз байланысты. Егер олардың
біреуінің құрамы сәл өзгерсе, қалғандары да соған сәйкес тез арада
өзгеріске ұшырап отырады. Басқаша айтқанда олардың арасындағы материя және
энергия алмасу әрекеттері ешуақыттада тоқтамайды.
Атмосфера – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топографиялық карта бойынша есептерді шешу
Жер бедерінің тегістелу механизмі
Жер бетінің жазықтықтағы көрінісі
Маштаб туралы жалпы түсінік
Антарктида мұз жамылығысының жер беті климатына ықпалы
Карталардың ерекшеліктері
Картадағы нүктелердің координаттарын анықтау
Жер бетінің бет бедері
Топографиялық карталар мен пландар
Мұз жамылғысы
Пәндер