Кеңес өкіметінің орнауы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

Кеңес өкіметінің орнауы

Петроградтағы Октябрь қарулы көтерілісінің жеңісі, орталықта Кеңес өкіметінің орнауы, сонымен қатар Қазақстанмен іргелес жатқан Ташкент, Омбы, Орынбор және Астрахань ірі қалар Қазақстанда Советтердің билікті қолына алуына шешуші маңыз атқарды. Қазақстанда кеңес өкіметінің орнауы төрт айға созылды - 1917 жылдың аяғынан 1918 жылдың наурызына дейін. Бұл процесс әлеуметтік-экономикалық, өлкедегі мәдени дамудың артта қалуына байланысты және жергілікті жұмысшы табы мен большевиктік ұйымдардың әлсіздігі ұлтаралық қатынастармен байланысты қиындықтарымен шиеленісті. Өлкедегі Кеңес өкіметінің жеңісіндегі шешуші ролді негізінен жергілікті горнизондардың солдаттары мен Ақпан революциясынан кейін Қазақстанға оралған бұрынғы майданға қатысқандар Кеңес өкіметінің оларға бейбітшілік пен, шаруаларға жер беруіне уәде еткіндігінен туындаған мүдделілік негізінде болды. Орал, Жетісу, Сібір және Орынбор казак әскерлерінің үкіметі мен Қазақстанның әртүрлі қалаларына құлатылған Уақытша үкіметтің жақтастарының қарсыласуына байланысты жағдай шиеленісе түсті.

Сырдария, Ақмола және Бөкей Ордасынның көпшілік аудандарында негізгі күш большевиктерде болғандықтан, уақытша үкіметтің жақтастары қарулы қарсылық көрсете алмады, бұл жерлерде Кеңес өкіметі бейбіт түрде - Советтердің жұмысшыларды, кедей шаруаларды жаулап алуы негізінде жүрді.

Уақытша үкіметтің жақтаушыларының негізгі күштері сақталған Торғай, Орал, Семей және Жетісу облысының кейбір жерлерінде жағдай өзгеше болды. Уездік қалалар облыс орталықтары мен көптеген аудандарда кеңес өкіметі Уақытша Үкіметтің жергілікті органдары, олардың одақтастарының қарсыласу күштерін қызыл әскер отрядтарының күшімен жеңді.

1917 жылдың қазанның соңынан 1918ж. наурызы аралығында Қазақстанның ірі жергілікті жерлері мен ірі қалаларында Кеңес өкіметі орнады. Қазақстанның негізгі тобы ауыл мен селоларда Кеңес өкіметін орнату процесі азамат соғысы басталған уақытқа дейін созылды. Бұл істе белсенді қызмет атқарғандар А. Жангельдин, С. Сейфуллин, К. Сүтішев, А. Асылбеков, Б. Серікбаев, А. Майкөтов, И. Дубинин, К. Шугаев, Я. Ушинов, С. Шиллинг, А. Иманов, Т. Рысқұлов, П. Виноградов, Т. Бокин, Л. Хмелев. Т. Өтепов, А. Розыбақиев және т. б.

1921 жылғы ашаршылық

Азамат соғысы аяқталғаннан кейін, әскери-коммунистік салмақ жаңа әлеуметтік-экономикалық және саяси нақтылық ымыраға келмейтін шиеленіске енді. Өсуі коммунистік өндіру мен үлестенуге өту алдағы революциялық қиялды қирату тенденциясына әкеліп соқты. Бұл сипаттағы бүлдірушілік бүкіл елдің халық шаруашылығымен қатар Қазақстанның экономикасына әсер етті.

Республиканың ауыл шаруашылығында дағдарыс динамикасы қатты байқалды. 1917ж. қарағанда 1922жылы егіс көлемі 3, 6 млн-н, -1, 6млн-ға кеміді. Сол 1914ж. 1921 жылдары аралығында астық өнімділігі 38, 7 пұттан, 18, 7 пұтқа кеміді. Осы кезеңде бидайдың валдық жинау өнімі 3 есе төмендеді.

Мал шаруашылығы өте қиын жағдайда болды. 1914 жылмен 1922 жыл аралығында ірі қара мал 2, 1 млн-ға, жылқы - 2 млн-ға, ұсақ мал (қой мен ешкі) - 6, 5 млн, түйе - 0, 3 млн. басқа кеміді. Осы жылдары негізінен малдың барлық түрі 10, 8 млн. басқа кеміді.

Ауыл шаруашылығындағы ең күрделі апат - түгелдей ашаршылыққа ұшырау болды. Сол уақыттағы жергілікті мәліметтер бойынша, 1921-1922жж.

Орынбор губерниясында 445 мың, Қостанайда 255 мың, Оралда - 400 мың, Ақтөбеде 360 мың, Бөкей Ордасында - 100 мың адам ашаршылыққа ұшырады. Кейінгі деректер бойынша, республикада 2 млн. 300 мың адам ашаршылыққа ұшыраған .

Ашаршылық кезінде қырылу, ашаршылық салдарынан ауруға ұшырау және ашаршылық аудандарынан жаппай көшу тұрғылықты халықтың кемуіне әкеліп соқты. 1914ж. өлкеде 4811662 адам тұрса, 1922ж. 3795963 адам қалған. Мемлекеттік күштеу саясаты ауыл мен село наразылығын күшейте түсті. Кейбір жағдайларда өкімет қолданған әкімшілік террорына шаруалар қарсылық көрсетіп, тіпті кейбір жерлерде қарулы қарсылықта көрсетіп отырды. 1920ж. Семей облысында бүліншілік бұрқ етті, оған өкіметтің азық-түлік өктемділігіне төзбеген орташалар мен дәулетті топтардың көптеген бөлігі қатысты. Сол жылы мұндай толқулар Батыс Қазақстанғада тарады, онда Қызыл Армияның бұрынғы командирі А. Сапожков басшылық жасаумен шаруалар қозғалысы етек алды. 1921ж. ақпан-наурыз айларында өлкенің Ақмола, Петропавл, Көкшетау т. б. уездерінде шиеленіс күшейе түсті.

Қазақ автономиясының құрылуы.

Қазақ ревкомы.

Қызыл Армияның жеңістері мен Қазақстан территориясына өз бақылауын жүргізу Кеңестік Россия алдына, Қазақ өлкесінде басқаруды жөндеу мақсатын іске асыруға бағыттады. Осы мақсатпен, сонымен қатар Қазақстан Советтерінің құрылтай съезін дайындау үшін, 1919ж. 10 шілдесінде РСФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің жарлығы бойынша Қырғыз (қазақ) өлкесін басқару жөніндегі Революциялық Комитет (Ревком) С. Пестковскийдің басшылығымен құрылды. Оның құрамына Ә. Жангельдин, М. Тұнғаншин, С. Меңдешев, Б. Қаратаев және біраз уақыт оларға қарсы бағытта болған А. Байтұрсынов, Б. Қаролдин және т. б. енді. Қазревком Орал, Торғай, Ақмола және Семей облыстарының территориясында енгізілуі тиіс болғанымен, азамат соғысының қиыншылықтарына байланысты Ақмола мен Семей облыстары негізінен Сібір ревкомының басшылығында болды, ал Қостанай уезі мен Торғай облысы - Челябинск аудандық басқармасына қарады. 1919ж. қыркүйек айынан бастап Қостанай Челябинск губерниясының құрамына енді. Сібір ревкомы мен Қазақ ревкомы арасында бұл территориялардың, қазақ жерінің қай ревкомның құрамына енуі жайлы көптеген шиеленістер мен тартыстар туып отырды. Тек орталық билік өкіметінің араласуы нәтижесінде және ұлттық шеткі аймақтардың алшақтауынан қорыққандықтан ғана, 1920 жылы Ақмола мен Семей облыстары және Қостанай уезі Қазақстанға қайтарылды, бірақ негізінен бұл жерлер тек 1921 жылы ғана Қазақстан жеріне қосылды. Бұл процесс ревком қызметінің маңызды міндеті болашақ қазақ автономиясының формасы мен оның құрамына кіретін территория мәселесін шешумен қатар шиеленісті түрде жүріп отырды.

Қазревком автономия құру ісімен қатар Қызыл Армия қазақ бөлімдерін құру ісін және армияны азық-түлікпен жабдықтау жұмыстарын атқарды. Білім, шаруашылықты қалпына келтіру, және сот ісін жұмыстарына да ревком қатысып отырды. Яғни, Қазақ өлкесін басқаруда революциялық комитет Орал мен Торғай облыстарының территориясында жоғарғы әскери және азаматтық билік орнатты.

ҚАССР құрылуы

1919ж. аяғынан - 1920ж. басы аралығында Қазақ кеңес автономиясын құру ісіне дайындық жүріп жатты. 1920ж. қаңтар айының басында Ақтөбеде Түркістан мен Сібірдің қазақ аудандарының депутаттарының қатынасуымен бірінші өлкелік кеңестік конференция өткізілді. 1920ж. тамыз айының басында Халық Комиссариатының ұлттар ісі жанында Қазревком, Сібірревком мен ТүрОАК өкілдерінің қатысуымен өткен отырыста қаралған негізгі мәселе Ақмола мен Семей облыстарын Қазақстанға қайтару ісі толығымен шешілді. 1920ж. 17 тамызда РКФСР халық комиссарлары Кеңесі Қырғыз (қазақ) кеңестік автономиялық социалистік республикасын құру туралы Декреттің жобасын қарап, 26 тамызда бұл декрет қабылданып, іске кірісті.

1920ж. 4-12 қазан аралығында Орынборда Қазақстан Кеңесінің Құрылтай съезі өтті. Орталық Атқару комитетіне басшы етіп С. Меңдешевты, Халық Комиссарлары Кеңесіне басшы етіп. Радус-Зеньковичті сайлады. Ресей құрамында, астанасы Орынбор қаласы болған Қазақ автономиясы жарияланды . 1920ж. қыркүйек айында осы жағдайға байланысты Орынбор губерниясы ҚАССР құрамына кірді.

Экономикалық жағдай

Қазақ өлкесінде азамат соғысынан кейінгі экономика өте күрделі жағдайда болды. 1918-1920 жылдарда халық шаруашылығын әскери-әкімшілік әдісімен басқару негізі күшейді, үкіметтің экономикалық саясатында негізгі құрал ретінде азық-түлік салығы болды - ауыл шаруашылығы өнімдерінің артығы әскер мен өндіріс орындарындағы жұмысшыларды асырау үшін ешбір өтеусіз алынды. Салық, соғыс жылдары орнатылған “әскери коммунизм” саясатының, яғни үлестіру принципі бойынша жүргізілді. Бұл жағдай экономиканың табиғи дамуында, ауыл шаруашылығында қиын жағдайларға әкеліп соқты. Егістік жерлердің қысқаруы, өнімнің төмендеуі сияқты жағдай нәтижесінде 1921ж. соғысқа дейінгі уақытпен салыстырғанда 3 есе төмендеді. Әсіресе, мал шаруашылығы өте қиын жағдайда болды. Қазақ аудандары 1916ж. ұлт-азаттық көтерілістерінің басып жаншылуы негізінде басталған ұзақ дағдарыстан шыға алмады. Сол жылдардағы жұт, қызылдар мен ақтардың шаруалардың малдарын қайта-қайта реквизициялауы малдың табиғы өсуіне кедергі келтірді, соғыс жылдары 11 млн. жылқы мен 6, 5 млн. ұсақ мал болды. Орталық билік органдары өлкедегі осы қиын жағдай кезінде Сібір мен Қазақстан үшін салықты ұлғайту жайлы хабарлады. Үкімет 1920 тамызы мен 1921 маусым аралығында шаруаларға 110 млн. пұт астық өткізуде салық салды, оның ішіндегі 35 млн. пұт астық Солтүстік Қазақстан үлесіне тиді. 1920ж. қуаңшылық пен бұл зоналарда азамат соғысы өткендігі есепке алынбады. Сібір басшылары, Ақмола, Семей облыстары мен Қостанай уезі Қазақ автономиясының құрамына кіретіндігін біле тұра, негізгі салық ауыртпалығын осы аудандарға бергізді. 1920ж. бір ғана Семей облысына 26 млн. пұт, бір Қостанай уезінен 6 млн. пұт астық әкетілді. Артық астық пен қатар күнделікті қажет және тұқымдық бидайға дейін кәмпескеленді. Астық салығы қазақтардың малмен айналысатын болыстарына да салынды, олар малдарын сатып, орнына астық алып өткізулеріне тура келді. Мұнамен қатар ет салығы және “төтенше” жиналымдар да болды.

Қазақстандағы Азамат соғысы

Жұмысшы-шаруалар Кеңестерінің орталық пен жер-жердегі өкіметті басып алуы алғашқы күндерден бастап-ақ, құлатылған топтардың қарулы қарсылығын тудырды. Азамат соғысы өкімет үшін күрестің жалғасы болды, сол себепті де революция мен азамат соғысы арасында ешбір дәл шекара болған емес.

Қазақстандағы азамат соғысының алғашқы ошақтарының бірі 1917ж. қарашасында Торғай облысының әкімшілік орталығы Орынборда қалыптасты, онда Орынбор казактары әскерінің атаманы Дутов совет өкіметін құлатып, Кеңестердің Бүкілшілік съезінің делегаты С. Цвиллинг бастаған революциялық комитетті тұтқынға алды. Кеңес өкіметімен күресудің қарулы орталығы Жетісуда да болды, 1917ж. 1(14) қарашада Жетісу казактары әскерінің кеңесі Әскери үкімет дегенді ұйымдастырады. Верныйға (қазіргі Алматы) Кеңес үкіметіне қарсы күресу мақсатымен ақгвардия офицерлері мен юнкерлер жиналды.

1917ж. қарашада революцияға қарсы ошақ Оралда құрылады. Мұнда құрылған облыстың әскери үкіметі ұзамай жергілікті Кеңесті таратып, өкіметті басып алады. Бұл әскери биліктер Қазақстандағы революцияға қарсы ақгвардияшылар қозғалысының басты күші болды. Олар ақгвардияшыл офицерлерге, казак станицалары мен келімсектер селоларының бай-кулак элементеріне сүйенді, олар және жергілікті кадет әсерлер мен меньшевиктерден, Алаш, Шора-Ислами партиялары басшыларынан, тағы басқа бірқатар партиялар мен саяси қозғалыстар тарапынан қолдау тапты.

Кеңес өкіметін құлату үшін ел ішіндегі ақгвардияшылармен бірігіп алған империалистік мемлекеттердің белсенділік көрсетуіне байланысты 1918ж. жазда азамат соғысы кең ауқымға жайылды. Олардың ең басты күші Чехославак корпусы болды, ол революцияға дейін Австро-Венгрияның тұтқын солдаттары - чехтар мен словактар қатарынан құрылған еді. Осы корпустың бөлімдері революцияға қарсы ішкі күштермен бірлесіп Ақмола, Петропавл, Атбасар, Қостанай қалаларын басып алды, 1918ж. 11 маусымда Семейдегі кеңес өкіметі құлатылды. Осы жылдың жазында ақгвардияшылар Орал, Ақмола, Семей облыстарын, Торғай облысының көп жерін қамтып алып, біртіндеп Семей облысы жағынан Жетісуға басып кіреді. Ақгвардияшылар басып алған аудандарда кеңес өкіметін партизандық түрде жүргізілді. Жетісуда келімсек-шаруалар селоларының тобы, Черкасск селосын орталыққа айналдырып, қорғанысқа көшеді.

1918ж. жазында кеңес өкіметі Жетісу мен Сырдария облыстарының көпшілік бөлігінде, Торғай облысының оңтүстік аудандары мен Бөкей Ордасының кейбір жерлерінде ғана сақталып қалды.

Антакта елдері үкіметтерінің қолдауымен Чехословак корпусы көмектесіп, Самарада - әсер-ақгвардияшыл үкімет - Камуч құрылтай Колчак басқарған Сібірдің ақгвардияшыл үкіметі орнайды. 1918ж. қаңтарда қуылған атаман Дутов, 1918ж. 3 шілдесінде тағы да бүлік шығарып, Орынборды алады да, кеңестік Түркістанды Орталық Россиядан бөліп тастайды.

“Алаш-Орда” үкіметі

Қазан революциясының көп бұрын-ақ қазақ либералдық-демократиялық қозғалысының жетекшілері Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуына байланысты өздерінің бағдарламалы көзқарастарын кеңінен насихаттаған болатын. Ал Петроградтағы революциядан кейін бірден “қазақ” газетінің 21 қарашадағы санында “Алаш” партиясының Әліхан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Елдес Ғұмаров, Есенғали Тұрмұхамедов, Ғабдухамит Жүндібаев және Ғазымбек Бірімжанов құрастырған бағдарламасының жобасы жарияланды. Бағдарламаның жобасы он тараудан тұрады. Олардың сол кездегі мәнділері мыналар:

І. Мемлекет қалпы. Ресей демократическая, Федеративная республика болу . . . Федеративная республика һәр мемлекеттің іргесі бөлек, ынтымағы бір болады. Һәр қайсысы өз тізгінін өзі алып жүреді . . .

ІІ. Жергілікті бостандық. Қазақ жүрген облыстардың бәрі бір байланып, өз тізгіні өзінде болып, Ресей республикасының Федерациялы бір ағзасы болу . . . “Алаш” партиясы әділдікке жақ, нашарларға жолдас, жәбірлерге жау болады . . .

ІІІ. Негізгі құқық. Ресей республикасында дінге, қанға қарамай, еркек-әйел демей адам баласы тең болу.

Жиналыс жасауға, қауым ашуға, жария сөйлеуге, газет шығаруға, кітап бастыруға еркіншілік . . .

IV. Дін. Дін ісі мемлекет ісінен айырылуы болуы. Дін біткенге тең құқық . . . муфтилік қазақта өз алдында болу . . .

V. Билік һәм сот. Һәр жұрттың билік пен соты тұрмысына қарай болуы. Би һәм судья жергілікті жұрттың тілін білу . . . Қазақ көп жерде сот тілі қазақ тілі болу . . .

VI. Ел қорғау. Ел қорғау үшін әскер болу . . . Қазақтар әскерлік қызметін атты милиция түрінде атқару.

VII. Салық. Хал-ауқатына, табысына қарай: бай-байша, кедей-кедейше жолмен таратылу.

VIII. Жұмысшылар. Жұмысшылардың заңмен қорғалуы . . . “Алаш” партиясы жұмысшылар жайында социал-демократтардың меньшевиктік тобының программасын жақтайды.

ІХ. Ғылыммен-білімді дамыту. Оқу орындарының есігі әркімге де ашық және аңысыз болуы: Бастауыш мектептерде ана тілінде оқу; қазақ тілінде орта мектеп, университеттер ашу, оқу жолы өз алдына автономиялы түрде болу; өкімет оқу ісіне кіріспеу . . .

Х. Жер мәселесі: Құрылтай жиналысы негізгі заң жасағанда жер сыбағасы алдымен жергілікті жұртқа берілсін деуі, қазақ жер сыбағасын отырған жерлерден алып орналасқанша, қазақ жеріне ауған мұжықтардың келмеуі, бұрын алынған жерлердің мұжық отырмағандары қазаққа қайтуы.

Голощекин және оның “Кіші қазан” идеясы

БК(б) П Қазақ Өлкелік Комитетінің бірінші хатшылығына 1925ж. қыркүйекке байланысты республикаға қысым жасау саясаты күшейіп, ерекше қатаң сипат алды. Бұл өкімет билігінің барлық демократиялық институттарын алмастырып біткен партия органдары енді, өздері құрған жүйенің тұтқынына айналды. Ф. И. Голощекин өлкелік комитеттің құрамына және хатшысы болып кооптация арқылы сайланды.

20ж. екінші жартысында Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі күрт өзгерді. 1925ж. желтоқсанда өткен өлкелік партия комитетінің V Конференциясының “Ауылды кеңестендіру” туралы шешімі тап күресінің ишеленісуіне ықпалын тигізді. Республикада “Кіші қазан” төңкересін өткізу үшін идеологиялық негіз жасалды, бұл күшпен ұжымдастыру және 1937-1938жж. жаппай жазалау кезеңінде қазақ халқын үлкен қайғы-қасіретке ұшыратты.

Ұлттар мен ұлтшыл-уклонистер туралы қақтығысты ушықтыруға және жергілікті кадрларды құдалауға Н. И. Ежов аз “үлес” қосқан жоқ. Ол Марий обкомынан БК(б) П Семей губкомының хатшысы қызметіне жіберілді, одан кейін өлкелік партия комитеті ұйымдастыру-нұсқаушылық бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Сол кезде, онымен қатар Қазақстанда голощекиндік-сталиндік үлгі бойынша “қайта құрумен” келіспеген ірі жауапты қызметкерлердің қарсылығы жанышталып тасталды. 1927-1929жж. көрнекті мемлекет қайраткерлері Т. Рысқұлов, Н. Нұрмақов, С. Қожанов, М. Мырзағалиев республикадан аластатылды. Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің төрағасы Ж. Мынбаев , Ағарту халық комиссары С. Сәдуақасов , Жер халық комиссары Ж. Сұлтанбеков және басқалар қызметінен алынды. Қазақ қызметкерлерінің көпшілік бөлігі топқа бөлініп, жікшілдік күресіне қатысты деп кінәләнді. Бұл жағдайға 1927ж. қарашада өткен 3-өлкелік партия конференциясының қарарлары куә. БК(б) П Орталық бақылау комиссиясы негізгі “топқа бөлінушілердің” бірі С. Сәдуақасовтың ісімен арнайы шұғылданғанына қарамай, мұндай топтардың бар екендігін таба алмады. И. В. Сталинге, В. М. Молотовқа, Л. М. Кагановичке жазған хатында Н. И. Ежов барлық қазақ кадрлары, барлық қазақ коммунистері ұлтшылдықпен және жікшілдік күреспен ұланған, олардың арасында діні сау партиялық күш жоқ деп мәлімдейді. Болашақ КСРО Ішкі істер халық комиссары Москваға ауысар алдында өзінің лаузымына осылай “даярланды”, 1937ж. жаппай жазалау соның жанталасуымен жүргізілді. 20ж. аяғына қарай жағдайды ұшықтыру мен күдікшілдік жаппай сипат алды. Орталықта троцскишіл-зиновьевшіл оппозициямен және “оңшыл оппортунистермен” күрестің күшеюі ұлт республикаларында ұлт-азаттық қозғалыстарының өкілдерін жазалау сипатында көрініс тапты. 1928ж. “буржуазияшыл ұлтшылдар” деген айдармен - бұрынғы Алашорда қайраткерлерінің ішінен 44 адам жалған айыптармен қамауға алынды. Олардың ішінде А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, Х. Ғаббасов және басқалар бар еді. Құрамында М. Тынышпаев, Х. Досмұхаметов, Ж. Досмұхаметов, Ж. Ақбаев, Қ. Кемеңгеров және басқалары бар (40 адам) басқа тобы 1930ж. қыркүйек-қазан кешікпей олардың ішінен 15 адам (М. Тынышпаев, Ж. Ақбаев, Х. Досмұхамбетов, Ж. Досмұхамбетов, К. Кемеңгеров және басқалар) Ресейдің Орталық-қаратопырақты облыстарына жер аударылды. Осылардың барлығына дерлік 1937-1938жж. жазаланды.

Шабындық және егістік жерді қайта бөлу

20жж. соңғы кезеңінде мемлекеттің реттеу актілері өздерінің мақсаты жағынан жүзеге аспайтын, мән-мағанасы жағынан бүлдіруші актілер болды.

Шабындық және егістік жерді қайта бөлу арқылы байлардың ауылдағы жер билеу үстемдігін жою, сонымен қатар бай шаруашылықтары қорының молайып, өркендеуін шектеу шаралары көзделген болатын.

Шындығында 1926-1927жж. жүзеге асырылған шабындық және егістік жерді қайта бөлудің түркілікті қорыстындысы тым салмақты болды. 1. 360 мың дес. Шабындық және 1250мың. дес. егіндік жер қайта бөлінді. Сонда шабындықтың 61, 6% кедейлер, 8, 8% ауқаттылар, ал 1926ж. егіндікті қайта бөлу кезінде (бес округ бойынша) оның 59, 3% кедейлер, 31, 7% орташалар мен 9% ауқатты шаруашылықтар алды. Бұл реформаның бастапқы кезінен-ақ әлсіз жақтары біліне бастады.

Қайта бөлуді жүзеге асыру барысында өзекті жағдай мүлде ескерілмеді: ауылдың іс жүзінде тіршілік етіп жатқан шаруашылық құрылымдарында жерді бөліп беру өздігінен ешбір қайшылықты жоя алмады. Жерді шаруашылық мұқтажына пайдаланбаса және ауылдағы жіктелуді жұмсарту, орташалайықтап қолданбаса, онда жөнді еш нәрсе шықпайды. Осындай мүмкіндікті жасау үшін шаруашылықта екінші дәрежедегі өндіріс қоры (жұмыс көлігі, ауылшаруашылық құрал-жабдықтары, тұқым т. б. ) болуы қажет. Бірақ күш-қуаты аз, жалаңаш-жалпы кедейлер, сонымен қатар орташа шаруашылықтың бір бөлігі (яғни қайта бөлінген жерді алушылардың көпшілігі) бұл жөнінен құр қол болатын. Осы жағдайда жеткен көптеген дәрменсіз, кедей шаруашылықтар одан бас тартып, бұрынғы иелеріне, яғни ауқатты байларға беруіне тура келеді.

Шабындық жерді қайта бөлу ісінің де кедергілері аз болмады. Реформа шартына байланысты, шабындықтарды қайта бөлу жан басына қарай өткізілетін болды, ал бұрынғы дәстүр бойынша, қауым әділеттің өзге жолына тоқтайтын, бұл мал санына қарай бөлінеді деген ұғым. Осы жағдай белгілі бір кедейдің жер бөлісте бір жарып қалған от басы көп, бала-шағалы от басы байлардың айдап салуымен “ата-баба аруағын” аттап, жөн-жобаны бұзғаны үшін көпшілік алдында “моральдік қысымға” алынатындығы даусыз еді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кеңес өкіметі және оның орнауы мәселелері ұлт зиялылары еңбектерінде
ҚАЗАҚСТАНДА КЕҢЕС ӨКІМЕТІ ОРНАУЫ ТАРИХЫ КЕҢЕСТІК ТАРИХНАМАДА
Қазақстанда Кеңес өкіметі орнауы тарихнамасы
17 – Ақпан ревалюциясы
Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы және оның ерекшелігі
Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы және оның ерекшелігі. 1917 жылғы Қазан төңкерісінің Қазақстанға әсері
1917 жылғы ҚАЗАН ТӨҢКЕРІСІ. ҚАЗАҚСТАНДА КЕҢЕС ӨКІМЕТІНІҢ ОРНАУЫ. ӨЛКЕДЕГІ АЗАМАТ СОҒЫСЫ
Алашорда өкіметінің құрылуы және тарихы
1917 жылғы Қазан революциясы және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы
Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы. Өлкедегі азамат соғысы (1917-1920 жж.)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz