Ортағасырлық араб-мұсылман философиясы



Жоспар
1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
2.1. Ортағасырлық мұсылман философиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2.2. Әл.Кинди философиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
2.3. Әл.Фараби философиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
2.4. Ибн.Сина философиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
3. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
Пайдаланған әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Ортағасырлық араб-мұсылман философиясы

Жоспар
1.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2. Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... .5
1. Ортағасырлық мұсылман
философиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2. Әл-Кинди
философиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... .6
3. Әл-Фараби
философиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ...8
4. Ибн-Сина
философиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... .13
3.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...15
Пайдаланған
әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...16

1. Кіріспе
Орта ғасырларда дамып, гүлденген Араб және түркі тілдес философия
туралы әдебиеттер баршылық, дегенмен де ол әлі толық зерттелмеді. Бүгінгі
таңда Шығыс мәдениеті мен философиясы, өркениетті әлемдік деңгейде рухани
мәдениеттің бар саласына әсер етіп үлкен үміт арттырып отыр. Бұл
еуроцентристік теориялардың жалпы әлемдік универсализмге ие бола алмай
тұйыққа тірелген шағын көрсетіп отыр.
Мәселен, ежелгі үнді, қытай және грек философиясының генезисін анықтау,
олардың алғы философиялық сананың формаларына деген ара-қатынасын анық
түсіну, әрқайсысының спецификасын және олардың даму заңдылықтарының
құрылуына мүмкіндік береді.
Бұл Көне Шығыс пен Ежелгі Грек философиясын, сондай-ақ Шығыс пен
Батыстың өркениеттігін де салыстырмалы түрде оқып білудің алғы шарттары
болып табылады. Өркениеттің рухани аспектісінің кең ауқымда болғандығы
соншама, оның Шығыс қоғамындағы орны Батысқа қарағанда мүлдем өзгеше.
Бұрынғы әлемдік философия тарихының қазіргі мәселе қою жағдайынан
өзгешелігі сол, онда еуроцентризм үстемдік етеді. Ол Батыстағы шешімді
асырып жіберіп, Шығыс философиясын теріс бағалады. Бұған сенсек, Шығыста
барлық уақытта бір түрлі философия өмір сүрген. Бірақ бұл солай ма? Олай
емес. Өркениет, философия, мәдениет Шығыста да, Батыстағыдай әрқилы
жолдармен жүріп, дамып келеді. Бұл алшақтық Шығыстың қоғам дамуының
ерекшелігінен көрінеді. Яғни бұл мәдениеті мен философиясындағы ерекше өз
көрінісін тапқан, қайталанбас өз тарихы, салт-дәстүрі бар дербес Шығыс
қоғамын көрсетеді.
Шығыс философиясының өзіндік бір дербес еркшелігі бар, ешқандай
бұлжымай қатып қалған философия түрлерінің болмауы. Шығыс философиясының
бір бұтағы болған араб және түркі тілдес орта ғасырлық мұсылмандық шығыс
философиясы.
Осы бір тұста тарихи заңдылыққа сәйкес филолсофиялық ғылыми ойдың даму
орталығы ортағасырлық мұсылмандық Шығысқа ойысты да, сонау ХVI ғасырға
дейін мәдени өркендеудің негізгі ошағы сонда болды.

2.1. Ортағасырлық мұсылман философиясы
Философияның, жалпы мәдениеттің даму тарихы ұзақ жылдар бойы біржақты,
европоцентристік тұрғыдан қарастырылып келгені белгілі. Осы көзқарастың
салқыны салдарынан Орта ғасыр философиясы тек христиандық философия
шеңберінде ғана қарастырылды. Шындығында, сонау антика заманы мен оның бер
жағын байланыстырып тұрған, жай байланыстырып қана қоймай, дүниежүзілік
мәдениеттің, өркениеттің дамуына мықты әсер еткен Шығыстағы мұсылман
философиясы еді. Оны толығырақ, объективті зерттеу мүмкіндігі енді ғана
туып отыр. Бұл салада атқарар жұмыс өте көп, бірақ аз ғана уақыттың ішінде
жүргізілген ізденістердің өзі мұсылман мәдениеті мен философиясының Батыс
философиясынан мүлдем өзгеше екендігін көрсетеді.
Мұсылмандық Шығыс философиясы араб және түркі тілдес болып бөлінеді.
Араб тілді философияның қалыптасуына әсер еткен ислам діні, Аравияда VII
ғасырда дүниеге келген Араб халифаты XVI ғасырға дейін мәдениеттің ірі
ошағы болды, ал ғалымдар халифат Рим империясынан да мықты болған деген
пікір айтады. Бұл пайымдаулармен келісуге де болады, себебі осыншама ұзақ
өмір сүруге кез-келген империяның әлі келмес еді. Араб халифатының
экономикалық дамуының күшті болуы оның философиясының да айқындаушы факторы
болды.
Ислам діні негізгі діні, араб тілі Құран тілі болған Араб халифатында
мұсылман философиясы өзінен Viғасыр бұрын дүниеге келген христиан дінімен
күрес нәтижесінде қалыптасты. Өзінің таралу барысында, әсіресе, кіші Азияда
ислам антика философиясының ошақтарымен бетпе-бет келіп отырды. Қазіргі
заманғы белгілі қазақ философы Ғ.Есімнің пікірінше, әлемді күшпен ғана
емес, философия мен ғылымды тарату арқылы да билеуге болатынын ұғынған
халифтер грек және үнді философиясын тереңдеп зерттеуге ерекше көңіл бөлді.
Адам, оның тағдыры мәселесін түсіндіруде, оған рухани басшылық жасауға
моральдық жауапкершілік ісінде олар антика философиясының категориалдық
аппаратына жүгінді. Сондықтан да философияның практикалық қажеттілігінен
грек философтарының еңбектері әуелі сирия, кейін араб тіліне аударылды.
Тіпті Византиямен соғыста олар тұтқындарды қолжазбаларға айырбастап алып
отырды. Осы араб тіліне аударылған еңбектер кейін Еуропаға жетті. Яғни,
Еуропа өркениеті үшін антика философиясын сақтап қалған араб ойшылдары
деуге болады. Орта ғасырдағы мұсылман философиясының басты өкілдері: әл
Кинди, әл Фараби, ибн Сина, әл Ғазали, Таза ағайындар (шығыстық
перипатетизм), ибн Бадж, ибн Араби, ибн Туфейль, ибн Рушд (батыстық
перипатетизм) және т.б.
Орта ғасырлық мұсылман философиясының ерекшеліктер:
• Ислам дінімен тығыз байланыстылығы. Ғылым мен діннің бірін-бірі
үйлесімді толықтыруының жақсы мысалы.
• Көпұлттылық – араб, парсы, түркі және т.б. ұлт философтары.
• Негізгі философиялық тіл – араб тілі. Араб тілінде философия
фәлсафа деп аталды.

Ортағасырлық мұсылман философиясының негізгі бағыттары
Қалам (сөз, тіл) – спекулятивтік теология. Спекуляция – тәжірибеден тыс
жатқан заттар туралы білімге ойлау жолымен қол жеткізу дегенді білдіреді.
Қалам – мұсылман қоғамының даму эволюциясының заңды құбылысы болды. Әр
түрлі секталар мен топтар Мұхаммед пайғамбар дүниеден өткеннен кейін ислам
діні ілімінің уағыздарын қызу талқылау нәтижесінде пікірталас объектілерін
анықтап, дұрыс шешім іздеп отырды. Белгілі Иран ойшылы Мортаза Мотаххари
қаламға исламдық көзқарастар туралы, яғни ислам тұрғысынан алғанда не
нәрсеге сенімді болу және не нәрсеге сену қажеттігі туралы ғылым деген
анықтама береді.
Қаламды жалғастырушылар мутакаллимдер – құр догматтарға сүйеніп қана
қоймай, ақыл-ойға да жүгініп, діни және ғылыми білімдердің басын ашып
отырды, Құдай, ерік еркіндігі, құдайы әділеттілік, Құранның пайда болуы
және тағы басқа мәселелерді кеңінен талқылады.
Қаламның беделді мектептерінің бірі – мутазилизмде (оқшауланушылар,
бөлектенушілер) рационалистік бағыт айқынырақ байқалады. Діни мәселелерді
талқылаумен шектелмей, табиға, қоғам, антрософия, философия мәселелерін де
зерттеуге ұмтылған мутазилиттер фәлсафаның негізін қалады.
Суфизм – алладан басқа құдай жоқ қағидасын алладан басқа өмір
сүретін ештеңе жоқ қағидасымен алмастырды. Суфизм – ислам дінінің рухы,
мәні, сананың өсуінің, жан тазарып, ар-ұят оянуының, рухани жетілудің
белгісі, арлы, адал болу, алланы сүю, адамды сүю.

2.2. Әл-Кинди философиясы
Юсуф ибн Исхак әл Кинди (800-870) – араб философиясының көрнекті өкілі,
фәлсафа терминінің тарихта қалуына бірден-бір себепкер. Ұмыт бола
бастаған грек мәдениетін қалпына келтіріп, жарыққа шығарған осы ойшыл деуге
әбден болады. Ол зерттемеген ғылым саласы жоқ. Логика, математика, этика,
музыка салаларынан 240-қа жуық еңбек жазған. Ең бастылары – философия
саласындағы зерттеулері. Аристотельдің ірі еңбектерін араб тіліне аударған
әл Кинди оның философиясын аса құрметтеп, философияны танып-білгісі келген
адам әуелі Аристотельді зерттеуді қолға алғаны жөн дейді: Әрбір істің
басшысы алла, бірақ білім бұлағы – Аристотель. Оның пікірінше, жеке адам,
ол керемет қабілетті болған күннің өзінде де ақиқаттың тұңғиығына жете
алмайды, сондықтан бұрынғы заманда өмір сүрген басқа халықтар қол жеткізген
білімді міндетті түрде игеру қажет. Даналыққа ие болатын адам - өзіне дейін
өмір сүрген адамдардың интеллектуальдік жетістіктерін игерген адам ғана:
Ақиқаттың қайдан шыққанына ұялатын ештеңе жоқ, ол тіпті біз танымайтын,
білмейтін алыс елдерден болса да. Ақиқат іздеген адамға ақиқаттың өзінен
жақсы ештеңе де жоқ, ақиқатты менсінбей, оны айтқан немесе бізге
жеткізгендерге жоғарыдан қарауға болмайды: ақиқатпен ешкімді төмендету
мүмкін емес, керісінше – ақиқат кез-келген адамды нұрландырады.
Әл Кинди философияны христиан ойшылдары секілді теологияға
көгендемейді, керісінше, жаратылыстану ғылымдарымен тығыз байланыстырады,
философияны энциклопедиялық ғылыми білімді қорытындылаушы және оның негізі
деп қарастырады. Оның пікірінше, философияны игеру үшін математиканы жақсы
білу керек. Математиканы ол төрт саладан тұрады деп қарастырады:
1) сан туралы ғылым – арифметика және гармония;
2) қатаң дәлелдерге негізделген, алаңдардың өлшемі туралы ғылым –
геометрия;
3) жұлдыздар туралы ғылымдар – астрономия және астрология;
4) гармония – осы үш саланы біріктіретін ғылым. Гармония барлық
нәрселерге тән, ол дыбыстарда, әлемде және адамдардың жанында бар.
Әл Кинди осы төрт ғылымның негізгісі – ең біріншісі – сандар туралы
ғылым деп есептейді: Сандар болмаса, есептеуге жататын нәрсе де болмайды.
Әл Кинди білімді екі түрге бөледі: сезімдік және ақыл-ой, зерделік.
Біріншісі адамға да, жануарға да тән. Екіншісі – адамға ғана, ол
математикалық білім, ол нанымға емес, дәлелдерге негізделген. Әл Кинди
философияны осылайша рационалистік тұрғыдан түсіндіреді. Бірақ оны шыңы –
құдайылыққа жету дейді: Ешқандай философ Мұхаммед уағыздары секілді қысқа,
анық, қарапайым, толық жауаптар бере алмайды. Құдайы білімге логика да,
математика да қажет емес. Нағыз философия – ақиқатты тану.
Әл Киндидің онтологиялық пайымдаулары да құнды: ол болмысты бес нәрсе
сипаттайды дейді: материя, форма, қозғалыс, кеңістік және уақыт. Дүниені
алла ештеңеден жаратты дей отырып, әл Кинди материяны негізгі, анықтаушы
мән ретінде түсіндіреді: Қандай нәрсе болмасын бәрі материядан құралған.
Ол ешқашан жойылып кетпейді, өзінде барлық нәрсені ұстап тұрады. Әл Кинди
форма дегеніміз мүмкіндік деп түсінеді, материяда ішкі мүмкіндік бар,
материядан әр түрлі заттар пайда болады, осы заттар тудыратын мүмкіндік –
форма. Мысалы, жылылық пен құрғақтықта – материя болса, екеуі біріккенде
материя отқа – формаға айналады. Қозғалысты әл Кинди алты түрге бөледі:
пайда болу, жойылу, өзгеру, ұлғаю, бір орыннан екінші орынға ауысу. Ал орын
– дененің нақтылы алатын кеңістігі. Уақыт – қозғалысты есептеуші сан, өткен
мен болашақты байланыстырып тұрған ойдағы қазір.
Әл Кинди философиясының маңызды бір бөлігі – оның өмір құбылыстарына
деген философиялық көзқарасы, философиялық өмір позициясы теориясы немесе
ортағасырлық психотерапевтік кеңестері:
... жағымды және жағымсыз заттар табиғатынан солай емес, әрекеттер мен
күйлерді жиі қайталап әдеттенгендіктен солай.
1) Қайғы бір нәрсенің, не өзіміздің, не бөтеннің іс-әрекетінің салдары.
Ол бізге байланысты болса, онда өзімізге қайғы әкелетін нәрсені
жасамауға тырысуымыз керек. Басқа адамға байланысты болса, оларға
кедергі жасауымыз керек. Ештеңе жасай алатын болсақ та, күні бұрын
қайғыланудың керегі жоқ: біздің араласуымызсыз-ақ кедергі жасалануы
әбден мүмкін ғой. Ал бізге қайғы әкелетін әрекет іс жүзінде жасалған
жағдайда қайғымызды азайтатын қадамдар жөнінде ойланған жөн. Ол үшін:
2) Бізде болған және басқалардың басына түскен қайғылы жағдайларды еске
алу керек. Олардың бәрі ұмытылды ғой.
3) Қайғылы болмаған адам жоқ, бірақ адамдардың бәрі де қуанып,
көңілденеді. Себебі, қайғы адамның күйі ғана, ол туа біткен, тұрақты
нәрсе емес.
4) Қайғы-мұңсыз өмір сүргісі келген адам - өмір сүргісі келмеген адам.
Себебі, қайғы-мұң өмірдің ажырамас жағы.
5) Басқа адам біздегі нәрседен молырақ нәрсеге ие болса, көре алмаушылық,
іштарлық көрсетіп, өз өмірімізді өзіміз уламауымыз керек. Біздің
жанымыздың рухани байлығы біздің, тек қана біздің меншігіміз.
6) Біздің үлесімізді Жаратушымыз кез-келген уақытта алып, басқаға беруі
мүмкін, оған ренжіп керегі жоқ. Жалпы және үнемі қайта-қайта бөлініп
отыратын байлықтан алған қарызымызды қайтарғанға қайғылануға болмайды:
біз ұсақ-түйекті ғана қайтарамыз, ал оның ұлы сыйы – жанымызды сақтап
қаламыз.
7) Нағыз қайғыланатын болсақ, бұл қайғы абсолютті – толық және мәңгілік
болуы керек. Бірақ біз қайғыланып керегі жоқ деп шешіп едік қой. Адам
өзіне қажет емес, өмір сүруін ауырлатып, кедергі келтіретін көптеген
нәрселерге ұмтылады.
8) Біз заттардың ақиқат мәнін айыруымыз қажет, нағыз жаман нәрсені ғана
жек көру керек. Мысалы, өлім. Одан жаман нәрсе жоқ, бірақ ол адам
өмірінің ажырамас жағы және адам өлгеннен соң бақытсыздық пен азап жоқ
интеллигибелді дүниеге көшеді.
9) Бірдеңені жоғалтқанда адам өзінде қалған материалдық және рухани
байлықты есінде сақтаса, осылайша өзін-өзі жұбатады.
10) Бір қайғы бізді күтіп тұрған қайғы-бақытсыздықтардың санын
азайтады.
Әл Киндидің бұл шығармасында антикалық идеялар көп кездеседі, сондықтан
кейбір ойшылдар бұл еңбекті Фемистийдің араб тіліне аудармасы деп
қателесті. Әл Кинди адам өмірінің мақсаты – бақытқа жету және оны ақыл-ой
дүниесінен, интеллигибелді дүниеден іздеу керек деп түсіндірді.

2.3. Әл-Фараби философиясы
Әл-Фараби (870-950). Тарихымыздағы ұлы тұлғалардың бірі, ислам
дүниесінің ең ірі, атағы әлемге жайылған ғұлама философы, Аристотельден
кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фараби қазақ жерінде, Отырар
қаласында дүниеге келген.
Әл-Фараби түркі тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққан, бұған дәлел
оның толық аты-жөнінде Тархан деген атаудың болуы. Әл-Фараби 870 жылы Сыр
бойындағы Арыс өзенінің Сырға барып құятын жеріндегі Фараб қаласында
дүниеге келді. Фарабидің толық аты-жөні Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн
Үзлағ ибн Тархан әл-Фараби, яғни әкесі Үзлағ, арғы атасы Тархан. Туған жері
– қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба – Фараб деп атап кеткен,
осыдан барып ол Әбу Насыр әл-Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбу Насыр
атанған.
Әл-Фарабидің Аристотельдің, Платонның, ерте дүниедегі Грецияның басқа
да философтарының шығармаларымен түпнұсқасынан танысқаны жөнінде декертер
бар. Білімге, ізденуге деген құштарлықтың жетелеуімен ол жас шағында,
дүниедегі құбылыс біткеннің бәрі кісіге әрі ғажап, әрі таңсық көрінетін
кезде саяхат жасап, сол замандағы мәдени әлемнің көптеген орталықтары:
Хорасанда, Бағдадта, Дамаскіде (Шам), Алеппада, Каирда (Мысыр) болған. өз
өмірінің көп жылдарын ол араб халифатының саяси және мәдени орталығы болған
Бағдадта өткізді. Мұнда ол өз білімін әбден тиянақты меңгеріп, толықтырады.
Көрнекті ғалымдармен байланыс жасайды, сөйтіп өзінің білімдарлығы, ақылының
алғырлығы және асқан байсалдылығы арқасында көп ұзамай олардың арасында
үлкен абырой-беделге ие болады. Бірақ өресі тайыз кертартпа хадисшілер оны
жек көріп, күндей бастаған, әсіресе, олар әл-Фарабидің бүкіл ойының негізгі
мәніне қарсы шыққан, өйткені оның дүниеге көзқарасы шынайы болмысты танып
білуге, адам бақытын о дүниеден емес, бұ дүниеден іздеп табуға мегзейтін
еді. Ақыр соңында әл-Фараби лажсыздан Бағдадтан кетеді. Өзінің Фусул ал-
мадани (Мемлекет қайраткерінің нақыл сөздері) деген соңғы шығармасында ол:
адам ғылымға түрліше тосқауыл жасайтын мемлекеттен кетіп, ғылыми өркен
жайған елде тұруға тиіс дейді. Әл-Фараби өмірін александриялық (мысырлық)
ғалымдыр, яғни бір кезде Александриядан ығыстырылған несторианшыл
христиандар тұратын Дамаскіде өткізеді. Мұнда ол солтүстік Сирияның жетекші
саяси қайраткері Сейд ад-Дуаль Хамданиге аса қадірлі болады. Әл-Фараби 950
жылы 80 жасында қайтыс болады. Біздің заманға әл-Фарабидің тек негізгі
шығармалары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта ғасыр философиясының жалпы сипаттамасы және ерекшеліктері
Ортағасырлық мұсылман философиясы
Орта ғасырлық мұсылмандық діни ағымдардың адамның рухани құндылықтары мен моральдық санасына ықпалы
Ортағасырлық мұсылман философиясының негізгі бағыттары
Ислам философиясының батысқа әсері
Орта ғасыр философиясы туралы
Ортағасырлық философияның ерекшелігі
Сопылық ілім
Орта ғасырдағы Араб-мұсылман философиясы
Әл - Фарабидің философиялық ойларының мәні
Пәндер