Философия пәні және оның қызметі


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Философия пәні және оның қызметі

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлімГрек ойшылдарының ойы бойынша философияның анықтамасы«Даналық» және «құштарлық» - философиямен тығыз байланысты адам туралы түсінікФилософиялық білімнің құрылымы (кесте)

Кіріспе

Философия тарихы туралы жазылған еңбектер ерте заманнан белгілі. Ұлы ғұлама ойшылдардың шығармашылық мұраларын, олардың философияға қосқан үлестері, көтерген өзекті мәселелері жайлы әр елдің, әр заманның тарихшылары айқындап кеткен тұжырымдар, келелі ақыл мен сезімге, интеллектуалды интуицияға негізделген идеялар баршылық. Оларда философияның қоғамдық сананың ерекше түрі ретінде дүниеге келуіне басқадай алғы-шарттардың бастысы болып мифологияның, діннің, халықтың қарапайым санасының, ғылымның тигізген әсерлері толыққанды да ерекше сипатталған.

Философия тарихын зерттеудің басты мәселесі - тарихта өткен философтардың ой-пікірлерін, тұжырымдары мен айқындамаларын белгілі бір білімдік жүйеге лайықтап, осы заманға, қазіргі оқушылар мен зиялы қауымға бұрмалай жеткізу. Өткеннің білімі жаңаша философиялық ілімге мұрындық болып, түбегейлі және негізделген философиялық нәтижелерге бастауды қамтамасыз етеді.

Философияның ежелгі грек ойшылдары дәуірінен бері «даналыққа құштарлық» деп анықталып келгендігі белгілі. Алайда философияның кең танымал осы ұғымынан өзге түсініктері де тарихи-философиялық очерктерде молынан ұшырасады. Мысалы, Платон « . . . геометрия және басқа философиялар» деген сөздерінде философия ұғымын «ғылым» сөзінің мағынасына жақын қолданады. Оның айтуынша, Сократ «философия» терминін даналыққа құштарлықты, ақиқатқа жетуге деген құмарлықты белгілеу ретінде пайдаланған.

«Даналыққа құштарлық» сөз тіркесіндегі «құштарлық» белгілі бір нәрсеге таңдануды, өзіңнен жоғары тұрған нәрсені сезіміңмен мойындауды және басқа осындай әсерлерді білдірумен қатар, «өзге» үшін «өзіңді ұмыту», өзіңнен бас тарту сезімін де аңғартады. Даналыққа құштар осы адам үшін «өзге нәрсе» нені білдіреді? Ол физикалық тұрғыдан алғанда да, рухани тұрғыдан алғанда да өзіндік «меннен» өзге нәрсе. Тіпті, ішкі идеалды «меннің» өзі де физикалық тәннің өмір сүруінен өзгешеленеді.

Бұл пәнилік өмірдің шектеулі екендігі белгілі. Былайша пайымдауға болады: адамды өзінің шектеулі шеңберінен шығарып, «өзгеге» құштарлықпен ұмтылуға мәжбүрлейтін құдіреттің бар екендігін ескерсек, оның жалғыз тәсілі - бұл рухани күш-жігер болып табылады. Мұны идеалдық, руханилық, ақыл-ой және т. б. атаулармен атауға болады. Осылай зерделеудің нәтижесінен мынадай түйін келіп шығады: философия дегеніміз - адамның өзінің шеңберінен шығуға мүмкіндік беретін рухани форма.

Сонымен, философияны «даналық» түсінігімен байланыстырсақ, онда бұл соңғы ұғым «білімнің жоғарғы синтезі», белгілі бір нәрсе туралы «толық жетілген білім» деген мағынаны білдіреді. Демек, философия осындай білімге деген құштарлық, ал бұл даналықтың объекті - менің өзімнен тыс табиғат және адамзат әлемі, сонымен қатар, өзім және феномен ретіндегі білімнің өзі.

Адам - ақыл-ойы бар әлеуметтік мақұлық. Оның іс-әрекеті белгілі бір мақсатқа бағынады. Күрделі қазіргі әлемде мақсатқа сай қимылдау үшін көп біліп қана қоймай, сонымен қатар адамның түбірлі мүддесі мен заман талабына сай дұрыс шешімдер қабылдап, дұрыс мақсаттар таңдай білу қажет. Ол үшін ең алдымен әлемді терең және дұрыс түсіну, яғни жалпы және жеке мақсаттарды және оларға жету әрекетінің тәсілдерін таңдауға мүмкіндік беретін дүниетанымның қажеттіліг шарт. Адамға қоршаған ортада бағдар жасауына, оны өзгертуіне көмек беретін - ғылым. Мысалы, физика бір энергия түрінің екіншісіне ауысуына мүмкіндік береді, химия табиғатта жоқ нәрсені қалай синтездеуді үйретеді, математика керемет компьютерлер жасауға жағдай жасайды, техникалық ғылымдар жаңа транспорт құралдарын даярлайды, байланыс жүйесін, ғарыш кемелерін және жаңа тұрмыстық техника жасап шығарады. Ғылымның осы барлық салалары жекелей және барлығы жиылып әлемді белгілі дәрежеде түсінуге септігін тигізгенімен дүниетанымның орнын алмастыра алмайды. Дүниетаным ғылым жетістіктері негізінде қалыптасады, бірақ ол сонымен қатар, қоғамның тарихи тәжірибесіне, оның мәдениетіне сүйенеді, әлеуметтік дамудың жеткен деңгейі мен өмір сүру тәртібін бейнелейді. Мұның бәрі білімнің ерекше жүйесі - философияны игеруді қажет етеді.

Дүниедегі өзінің орны туралы, жеке және қоғамдық өмірдің мақсат-мүдделері туралы, өзінің өміірлік ұстанымы мен іс-әрекеті туралы ойлана отырып адам белгілі бір философиялық көзқарастар қалыптастырады. Өзінің мәдени деңгейіне байланысты, арнаулы немесе жалпы білім дәрежесіне орай, әр түрлі өзара әңгімелесудің әсерімен және бұқаралық ақпарат құралдары мен әдеби кітаптардан алынған мағлұматтарын жинақтай отырып, ол өзінің жеке өмірлік философиясын, жүйелі және ғылыми негізделген болмаса да өз дүниетанымын құрастырады. Кейде қарапайым тұрмыстық және өндірістік жағдайлардағы «бір сәттік» дүниетанымның өзі де қанағаттандырарлық болуы мүмкін. Белгілі француз философы Огюст Конт (1798-1857) философияның дәуірі өтті деп санады. Қалыпты немесе оның терминологиясы бойынша «позитивті» ғылымдар - физика, математика, химия және т. б. философияны керек етпейді. Олар барлық мәселелерді өздері шеше алады, олар «өздерінше» философия. Бұл көзқарас позитивизм деген атауға ие болды.

Контпен келісуге бола ма? Ол үшін кітапхана сөрелеріндегі әр елдерден басылып шыққан жүздеген, тіпті мыңдаған философиялық кітаптар мен журналдарға көз жүгіртіп, жоғары және орта арнаулы оқу орындарында философияның оқытылатынын ескерсек жеткілікті. Ғалымдар мен мемлекет қайраткерлері, саясаткерлер мен өнер адамдарының философиялық еңбектерге деген қызығушылығын жоққа шығару мүмкін емес және бұл қызығушылық өсе түсуде, сондықтан жоғарыдағы Конттың пікірі өзін ақтамайды.

Сонымен бұл «сөз», бұл білім мен даналық не туралы дейтін болсақ, оның «жалпы бар нәрсе», өмір сүретін нәрсе туралы екендігі философия тарихынан белгілі болды. Ал біздің қабылдауымызға көнетін көрнекі не нәрсе нақты өмір сүреді?

Ежелгі Грекия философтары Парменид пен Гераклит дәуірлерінен бері бұл нәрсені «онтос» - «болмыс» деп атады. Біз өмір сүреді деп айқын қабылдайтындай не нәрсе болымды? Философиядағы классикалық ұғым «онтос» арқылы дәл осының құрылымын қарастыруға болады. Сондықтан философия құрылымын талдауды «философиялық білім құрылымының онтологиялық принципі» дейміз.

Бұл тұрғыдан алғанда, оның ең бастапқы саласы, іргетасы онтология, болмыс туралы ілім болып табылады.

Философиялық білімді жіктеуде көптеген әдіс-тәсілдер бар. Мысалы, философиядағы ең кең танымалы - теориялық философия және практикалық философия деген бөлінісі. Оның біріншісіне болмыс теориясы (онтология) мен таным, білім теориясы (гносеология) жатады. Екіншісінің өзегін, ең алдымен, этика құрайды, оған құқық философиясы, тарих философиясы және т. б. жатқызылуы мүмкін.

Философияның теориялық және практикалық деп бөлінуі өзінің бастауын антиктік классикадан алады. Аристотель үшінші бөлігін ерекшелеп, оны «поэтикалық философия» деп атады. Бұл шығармашылық мақсаттағы білімді көздейді, ал оның негізін сөз шығармашылығының эстетикасы - риторика және поэтика құрайды. Табиғат болмысына қатысты, ондағы «заттар» мен «үдерістерге» қатысты философиядағы білімнің ерекше саласы - натурфилософия. Натурфилософияның, сол сияқты онтологияның және басқа салалардың «отаны» метафизика болып табылады.

Ал табиғаттағы адам болмысы, оның іс-әрекетіне қатысты философиялық білім шеңберінде натурфилософиямен қатар философиялық антрология, яғни техника философиясы мен ноосфера концепциясы қалыптасты және өмір сүруде. Адам болмысының өзі «табиғаттан тыс» мағынасында көптеген «әлемдерден» тұрады. Бұл, мысалы, экономика, тарих, мәдениет, саяси және құқықтық қатынастар әлемдері, әлеуметтік-топтық және этникалық және т. б. Философияда бұлардың әрқайсысына сәйкес өзіндік салалары бар: мысалы, шаруашылық философиясы (қазіргі кездегі кең таралған экономика философиясының арғы отаны десе де болады), мәдениет философиясы, саяси философия, құқық философиясы, философиялық антрология және т. б.

Ақырында, өз кезегінде бірнеше «әлемдерге» бөлінетін адамзат рухының болмысына (мысалы, наным-сенімдер әлемі, ғылым әлемі, ментальдық қабілеттер мен мүмкіндіктер әлемі және т. б. ) қатысты философия мынадай салаларға бөлінеді, мысалы, дін философиясы, этика, эстетика, рух феноменологиясы, философиясы, философиялық герменевтика, жаратылысы жағынан философиялық болып табылатын психология және риторика, ғылым философиясы және де философиялық антрология, сонымен қатар онтология секілді ежелгі философиялық білім салаларының бірі гносеология.

Мұның бәрін мынадай кесте түрінде келтіруге болады:

Табиғат болмысы - онтология (болмыстың барлық деңгейлері мен формаларын қоса алғанда) . Натурфилософия (табиғат философиясы) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философия, оның проблемалары және қоғамдағы ролі
Философия пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі
Философиялық көзқарастың ерекшелігі
Философия пәні: ұғымы мен мазмұны
Әлеуметтану және экономика ғылымы
Философияның пәні қызметтері мен міндеттері
Әлеуметтанудың объектісі мен пәні
Философия ғылымдары кіші функцияны зерттеу пәні философияның негізгі мәселесінің аспектісі
Философиялық дүниетаным және дүниетанымның тарихи түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz