Мінезі қиын бала



Жоспар:

І. Кіріспе. 2.3
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1. Мінез және мінез бітістері. 5.8
2.2. Қиын бала және оның болу себептері. 9.10
2.3. Баланың мінез . құлқындағы қиындықтардың пайда
болу себебі. 11.13
2.4. Мектепке бармай қалу. 14.17
2.5. «Қиын» оқушылармен жұмыс ерекшелігі. 18.22
ІІІ. Іс.тәжірибелік бөлім. 23.25
ІV. Қорытынды. 26
V. Пайдаланған әдебиеттер тізімі. 27.28

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

І. Кіріспе. 2-3
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1. Мінез және мінез бітістері. 5-8
2.2. Қиын бала және оның болу себептері. 9-10
2.3. Баланың мінез – құлқындағы қиындықтардың пайда
болу себебі. 11-
13
2.4. Мектепке бармай қалу. 14-17
2.5. Қиын оқушылармен жұмыс ерекшелігі. 18-22
ІІІ. Іс-тәжірибелік бөлім. 23-25
ІV. Қорытынды. 26
V. Пайдаланған әдебиеттер тізімі. 27-28

І. Кіріспе.
Адам мінезінің қалыптасуы қоғамдық болмыспен, әлеуметтік ортамен
(мектеп, балалар мекемелері, оқу, өндіріс ұжымы, қоғамдық ұйымдар, т.б.)
тызыз байланысты. Бұлар мінездің дамуы үшін шешуші роль атқарады. Мінез
өзгермейтін тума қасиет емес, ол өмірде жүре қалыптасады. Мәселен, ешбір
бала туысынан еңбек сүйгіш, не жалқау, тәртіпті, не ұстамсыз болып тумайды.
Оның мінезі, ұзақ жылғы өмір сүру барысында өмірдің сан алуан ағымына қарай
тәрбие процесінің ықпалымен қалыптасып отырады. Адамның сыртқы ортамен
жасайтын қарым-қатынасы белсенді қарым-қатынас. Сөз жүзінде емес, мінез-
құлықты іс жүзінде жүзеге асыруға болады (Әл Фараби). Сондықтан да осы
қоршаған ортасына ғана төселмей, өзі де шама – жарқынша сол ортасына тиісті
өзгерістер енгізеді. Адамнаң нақтылы іс-әрекеті де мінез бітістерінің
қалыптасуында шешуші роль атқарып отырады.
Бала жүрегі айнадай тап-таза мөлдір, сол айнадан баланы көру үшін оның
жүрегіне үңіліп қарауды қажет етеді. Л.Пинттің пікірінше, ата-аналар балаға
жақсы тәрбие беру үшін оның мінез-құлқындағы әрбір ұсақ-түйектерді байқап
білуге қабілетті болуы керек. Педагогтар секілді кез келген ата-
анаға педагогикалық такт қажет.
Ал О.Кунц Жақсы адам тек оны дұрыс тәрбиеленгенде ғана қалыптасады -
деп дұрыс тәрбиелеу үшін ата-аналардың мынадай жағдайларды ескеру
керектігін айтады:
1) білім;
2) отбасы ауаны, ахуалы;
3) педагогикалық такт және талап қоюшылық;
4) ата-аналар мен балалардың идеялық тұлғасы;
5) ата-аналардың әрекет бірлігі.
Қиын балаларды қайта тәрбиелеу мәселесін Б.Айтманбетова
мен Н.Бөзжанова сияқты ғалымдар зерттеп келеді. Олар ұнамды қасиеттердің
барлығының қалыптасуы отбасында қаланатындығын дәлелдеп, қиын балалар
тәрбиесі мәселелері бойынша жүргізілген зерттеулерде отбасының тәрбиесінің
рөлін ерекше атап көрсетеді. Ал В.Лысенко бала дұрыс тәрбие алып дамуы
үшін, ең алдымен, ата-аналар, отбасы тәрбиесінде белсенділік танытуы қажет
деп санайды. Ол үшін ата-аналар педагогикалық білімін көтеріп отыруы қажет.
Л.Керімов қиын балалар тәрбиесі мәселесіне арналған зерттеу-лерінде
қиын оқушыны зерттеудегі, ең алдымен отбасындағы тәрбие жағдайын білуден
бастауды ұсынады. Баланың жетіліп, қалыптасуында отбасының орны ерекше
екенін түсіндіре келе, оқушыны қиын бала атануға алып келетін ата-аналардың
балалармен, мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасындағы бірнеше
кемшіліктерді көрсетіп берген. Бұл қиындықты шешудің негізгі бірден-бір
жолы – отбасындағы ізгілікті қарым-қатынастарды орнату.
Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін отбасы қоғаммен тығыз байланыста болуы
керек. Ғалым-педагог И. Гребенников отбасы қызметін 5-топқа бөледі: ұрпақ
жалғастырушы, экономикалық, тәрбиелік, қарым-қатынастық және бос уақытта
дамылуды ұйымдастыру. Демек, отбасында ата-ана осы қасиеттерді барынша
бірігіп, жақсы ұйымдастыра білсе және педагогикалық жағынан білімді,
психологиялық әдіс-тәсілден хабардар болса, онда отбасындағы ахуал ерекше
болмақ.

2.1 Мінез және мінез бітістері.
Мінез – адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік
әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Ол – көп қасиеттің
бірлігі, түрлі өзгешеліктердің қосындысы, сонымен қатар, адамды әр қырынан
көрсететін қасиет. Мінез бітістері көп. Олардың бәрі де жеке адамның
қасиеттері болып табылғанымен, мұның кез-келгені мінездің бітістері болып
саналмайды.
Мінезді даралық өзгешеліктің өзегі, адамның негізгі тіршілік
бағытының өрнегі деуге болады. Мінезде адамның сыртқы ортамен қарым-
қатынасының тарихы бейнеленеді.
Мінез – кең мағыналы ұғым. Онда түрлі сапалар тоғысып, жатады.
Мінездің моральдық жағынан тәрбиелілігі, бір қалпылылығы, толықтылығы, күші
мен айқындығы, салмақтылығы оның негізгі салалары болып есептелінеді.
Моральдық жағынан тәрбиеленген мінез адамды мінез-құлық тұрғысынан
да, оның айналасымен байланысы тұрғысынан да сипаттап отырады.
Инабаттылық, гуманизм, адамдарға қамқорлық, жолдастықты қадір тұту,
жұртшылық пікірмен санаса білушілік, өз міндетін орындаудағы жауапкершілік
пен адалдық – мінездің осы сапасының негізгі компоненттері.
Рухани дүниесі бай қажеттері мен қызығулары, талғамы мен ой-өрісі кең
адамдарды толық мінезді адам дейді. Адамның басына қонған бақыттың тұрақты
болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты (Әл-Фараби).
Мінез сапаларының бірі – оның бірқалыптылығы. Мұндай адам құйындай
ұйытқып тұрмайды, оның қастерлейтіні ылғи да сөзбен істің бірлігі. Кімнің
мінезі толық болса, соның мінезі бірқалыпты да келеді. Бұл екеуі мінездің
егіз қозыдай, бірінен екіншісі ешқандай ажырамайтын бітістері. Мінездің
тұрақтылығы адамның саяси моральдық ұғымынан, түсініктерінен туындайды. Бұл
қасиеттер адамның өмір сүруінің мән-мағынасын, әрекеттің мазмұнын
белгілейтін мінездің сапасы.
Бірқалыпты, тұрақты мінезі бар адам басқалардың жетегінде кетпейді,
оның өзіндік белгілі көзқарасы, принципі, өзіндік мінез-құлқы болады, ол
қауіп-қатерден бой тасаламайды, керек жерінде батылдық көрсете біледі.
Инициатива мен белсенділік, достық пен жолдастық, адалдық пен шыншылдық
осындай мінезді адамға тән қасиеттер. Соңғы сапа болмаса да мінез өз
мәнінде болмайды.
Бойда қайрат, ойда көз, болмаған соң айтпа сөз деп Абай тегіннен
тегін айтпаған. Жақсы мінезге тән сапалардың біріне оның байсалдылығы
жатады. Мінез адамның дүниеге көзқарасы мен сеніміне байланысып жатса ғана
аталған сапалар қоры молаяды. Тек осындай мінезі бар адам ғана алдына айқын
мақсат қоя алады.
Қабілетсіз адам болмайтыны сияқты, мінезсіз де адам болмайды. Жаман
болсын, жақсы болсын, әйтеуір, адамда бір мінез бітісі болады. Адам сондай-
ақ, түрлі жағдайда түрліше қылық көрсетуі мүмкін. Осыған қарап оның мінезі
тұрақсыз екен деп бағалай салуға болмайды. Өйткені ол әншейін батыл,
жігерлі болғанымен, бірде осындай қасиеттерімен көзге түсуі мүмкін. Мінез
үшін тұрақты қасиеттердің мәні өте зор. Мәселен, барлық жерде де адам
тәртіп сақтай алатын болса, тек сонда ғана тәртіптілікті сол кісінің мінез
бітісі деп санауға болады.
Мінез адамның басқа да психикалық қасиеттерімен, атап айтқанда,
қабілет темпераментімен тығыз байланысты. Адамда қабілеттіліктің дамуы
кейбір тиісті мінез бітістерінің болуын қажет етеді.
Мәселен, табандылық, уақытша сәтсіздікке мойымау, еңбек сүйгіштік,
энтузиазм сияқты мінез бітістерінің қабілеттер үшін ерекше маңызды екендігі
түсінікті. Ал темперамент болса, мінез бітістеріне өзіндік баяу, реңк
береді. Мінезді қалыптастыруға ерік-жігердің қосар үлесі зор. Ерікті күшті
адамның мінезі де берік. Жігерсіз адамның мінезі де бос, салбыр келеді.
И.П. Павлов адамның мінез бітістерін жоғары жүйке қызметінің тума
типтері мен өмір сүру барысында қалыптасатын уақытша жүйке байланыстарының
өзіндік құйындысы деп түсіндірді. Бұл жөнінде ол былай деп жазды: ...
адамның мінез-құлқының бейнесі жүйке жүйесінің туа біткен қасиеттеріне ғана
байланысты болып қоймайды, сонымен бірге, организмнің жеке өмір сүру
барысында болатын ықпалдарға да байланысты, демек, кең мағынасында
айтқанда, үнемі тәрбиелеу немесе үйрету жұмыстарына да байланысты болады.
Адамдардың өмір жолы мен әрекетінің сипаты түрліше болғандықтан, оның
мінез бітістерінде басқа біреуде қайталанбайтын жеке ерекшелік көптеп
кездесіп отырады. Сонымен қоса, адамдарда өзі өмір сүріп отырған қоғамның
ерекшеліктеріне байланысты қалыптасқан, көпшілікке ортақ мінездері де
болады. Сондықтан бір адамның мінезі жөнінде сөз болғанда мінездің дара
және типтік бітістерін қоса еске алып отыру қажет. Типтік мінездер –
белгілі тарихи-қоғамдық жағдайлардың нәтижесі. Типтік мінезден әр адамның
ұлттық, кәсіптік және жас ерекшелігіне сәйкес өзгешеліктері де тиісінше
орын алып отырады.
Егер адамның мінез-құлқын жағдайлар тудыратын болса, онда сол
жағдайларды адамға тиімді етіп құру керек - деп жазды Маркс пен Энгельс.
Адамның сансыз мінез бітістерінің кейбірін белгілі топтарға
жинақтауға болады. Олар мынадай:
Адамның ұстаған бағытынан, яғни бүкіл тұрпатынан байқалатын мінез
бітістері әр түрлі жағдайда көрініп отырады. Мұның біріншісіне адамның
басқаларымен қатынасын білдіретін мінез бітістері кіреді. Бұларға:
гуманизм, қайырымдылық, үйірсектік, адалдық және осыларға қарама-қарсы
жекешілдік, қатыгездік, тұйықтық, зымияндық, т.б. мінез бітістері жатады.
Осы топқа сондай-ақ адамның өз ісіне, еңбегіне қатынасын білдіретін мінез
бітістері де жатады. Бұларға еңбек сүйгіштік, құнттылық, инициативалық,
салақтық, тиянақсыздық, артартпалық тағы басқа бітістері жатады.
Адамның өзіне-өзі қатынасын білдіретін мінез сипаттары да осы топтың
негізгі бір жағы. Бұларға кішіпейілділік, қарапайымдылық, өзін-өзі сынай
алу, талап қоя білушілік және бұларға қарама-қарсы өр көкіректік,
мақтаншақтық, жасқаншақтық тағы басқа жатады.
Мінездің еріктік сапаларының өзі күшті және әлсіз, яғни нашар мінез
болып екіге бөлінеді. Күшті мінезге - мақсатқа талпынғыштық, тәртіптілік,
тоқтамға келгіштік, батымдық, шыдамдылық, тәртіптілік, ерлік, жинақылық
тағы басқа жатса, әлсіз мінезге – иланғыштық, қыңырлық, ұстамсыздық,
жүрексіздік, тағы басқа кіреді. Мінез – ауыр, жеңілтек, мінезсіз, сотқар,
тентек, итмінез, бейбастақ тағы басқа түрлерге бөлінеді.
Белгілі қоғам мүшелердің ортақ мінездердің қатарына: адалдық,
отаншылдық, шыншылдық, ұжымшылдық, борыш және жауапкершілікті түсіну,
қарапайымдылық, сергектік, жолдастық, тағы басқаны жатқызуға болады.

2.2. Қиын бала және оның болу себептері.
Қиын бала деген тіркесті қазіргі кезде жиі қолданамыз. Сонда бала
дүниеге келгенде қиын бала болып туа ма? Әрине жоқ. Бәрі де отбасындағы
ата-ана тәрбиесіне байланысты екенін бабаларымыз: Ұяда не көрсең ұшқанда
соны ілесің деген бір сөйлемнің ішіне сыйдыра біліп, аз сөзге көп мағына
берген ғой. Отбасында дұрыс тәрбие бере алмауымыздың соңы кейде әттеген-
айға әкеліп соғып, өкініп жататын кездеріміз жиі кездеседі.
Балаларының оғаш қылықтарына ұсақ-түйек деп қарап, кейін ержеткесін
өзі қояды деп кейбір ата-аналардың өз жауапкерші-ліктеріне атүсті қарауын
бала тәрбиесіне мән бермеушілік, оның болашағын ойламаушылық демеске лаж
жоқ.
Соңғы кездері жастар арасындағы тәртіп бұзушылықтар мен қылмыстық кең
етек жаюын тектен-тек оқиға деп қарау дұрыс емес. Мұны бала тәрбиесіндегі
жіберген бәріміздің ортақ кемшілігіміз деп білген жөн.
Қазір қиын баласы жоқ мектепті кездестіре алмайсың, күн сайын саны
артып бара жатқан осы қиын балалар қайдан шығып жатыр? Бұл баршаны
ойландыратын сұрақ.
Дүние есігін жаңа ашқан нәрестелердің о баста қиын немесе қиын
емес деп бөлінбейтіні белгілі. Сонда қалай? Бұған жауапты әр ата-ананың
өзінен іздегені дұрыс сияқты. Жайсыз отбасылар санының көбеюі әлгіндей
қиын балалар санының, артуының бірден бір себебі болып отыр. Қазіргі
заман қиындығына байланысты кей ата-ананың баласына жеткілікті түрде көңіл
бөлуге уақыты жоқ болса, қайсібір ата-аналар тапшылық, жұмыссыздық сияқты
қиыншылықтарды жеңілдету, ұмыту үшін ащы судан көмек іздеймін деп жүріп,
өздерінің қалайша сол ішімдіктің құрбаны болғанын да білмей қалуда. Олар
үшін бас қатырар басты проблема баласының тәрбиесі, болашағы емес,
күнделікті бір бөтелке арақ тауып ішу екені де белгілі.
Құқықтық статистика және есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметіне
қарағанда жасөспірімдер арасындағы қылмыс жөнінен Шығыс Қазақстан облысы
Республика бойынша алдыңғы орындардың қатарынан көрініп отыр.
Мектеп тәжірибесіндегі де көбіне қоғамдық жұмыстарға оқу озаттары,
тәртібі жақсы оқушылар ғана тартылып, қиындар мен үлгерімі төмен оқушылар
қоғамдық тапсырмалардан тыс қалып жатады. Мұғалімнің өзін елеп-
ескермейтінін сезінген бала бойында немқұрайлық пайда болса, бірте-бірте
мектеп ол үшін зеріктіріп, іш пыстырар орынға айналмақ. Сосын көңіл аулар
қызықты оқиғаларды еліктегіш бала көңілі басқа жақтан іздемегенде қайтпек?
Көпшілік ата-аналар өз міндеті баланы тек киіндіру, ішіндіру деп
біліп, тәрбие жағына мектеп жауапты деген пікірде болатын сияқты. Мектеппен
байланыс жасап, баласының хал-жағдайын білуді қажет деп таппайтын ата-
аналар да кездеседі.
Осылайша бала тәрбиесіне үлкендер өзіміз қызықпаған соң баланы қалай
кінәлаймыз. Түні бойы көше кезіп, байланыса кетер ілік іздеп жүрген немесе
компьютерлік салондарды босатпайтын, тіпті жер төлелерде білгенін істейтін
көңілді топтар қайдан пайда болды. Мұндай түн қатушыларға мектеп болып,
ата-ана болып әлі тойтарыс бере алмаудамсыз. Осы тойтарыс бере алмаудың
дәлелі – нашақорлар жасының жыл сайын жасарып келе жатқандығы деуге
болады. Бесіктен белі шықпай жатып есірткіге әуес болған жасөспірім бір
реттік рахат күй үшін қандай қылмысқа болсын барудан тайынбайды.

2.3. Баланың мінез-құлқындағы қиындықтардың пайда болу себебі.
Бастауыш сынып оқушыларының арасында мінез-құлқында қиындықтары бар
оқушылар көптеп кездесіп жүр. Мектеп тәжірибесінде мұндай оқушыларды Мінез-
құлқында ауытқулары бар оқушылар, Қиын балалар деп атайды.
Мұндай оқушыларға қандай балаларды жатқызамыз? деген сұрақ
туындайды. Білім деңгейі төмен, тәртібі нашар, сабақтан көп қалатын,
мұғалім талабын орындамайтын, адамгершілік деңгейі төмен, құрбыларымен тіл
табыса алмайтын, сынып мәселелері қызықтырмайтын, ал кейде психикалық
дамуы, ойлау қабілеті кейін қалған, ашуланшақ (әр түрлі жүйке ауруларына
шалдыққан, тәрбиеге әрең көнетін) оқушыларды қиын балалар қатарына
жатқызуға болады.
Жүйке аурулары (нервоз) отбасындағы және басқа да әр түрлі қиын
жағдайлардың салдарынан болуы мүмкін. Мәселен, кей оқушылар ата – ана
тарапынан ешқандай жүрек жылуын көрмей өсіп, осыған мектептегі өз
сыныбындағы оқушылардың, мұғалімдердің кері көзқарасы қосылып, ұзаққа
созылған қайғыру, ренжулер болса, осындай жағдайлар ауруға шалдықтырып,
баланы ашуланшақ, ызалы қалыпқа түсіреді. Ата – ана тарапынан, мектеп
қабырғасынан жылылық сезінбеген оқушы өмірде өзін ешкімге қажетсізбін деп
есептеп, уайымға шалдығады, кей оқушылардың ұйқысы бұзылып, түнде
қорқынышты түстер көріп, иммунитеті төмендейді.
Мінез – құлқында қиыншылығы бар оқушыларды әдетте екі топқа бөліп
қарастырады: біріншісі – тән кемтарлығы және жан жарақаты бар оқушылар;
екіншісі – отбасында, мектепте тәрбиеленуден шет қалған, жеке басын
қалыптастыруда сыртқы кері факторлардың әлеуметтік жағдайдың әсері болған
және өтпелі кезеңнің күрделігінен мінезі дұрыс қалыптаспаған оқушылар.
Қиын оқушылардың өскен ортасы, яғни отбасының жай – күйін талдағанда,
кейде отбасының өзі бала тәрбиесіне кері әсер беретіні анықталып отыр. Тағы
да бір қолайсыз жағдай: бала тәрбиесіне ата – аналардың әр түрлі көзқарасы
немесе біреуінің бала тәрбиесінен шет қалуы, яғни баланың толық емес
отбасында тәрбиеленуі.
Ата – анасының мейірімін көрмеген бала көбінесе мейірімсіз, тұйық,
шектен тыс ұялшақ болады.
Ата – анасының шектен тыс мейірімінде өскен бала өзімшіл, нәзік, екі
жүзді болуы мүмкін, яғни отбасы тәрбиесі адам өмірінде өте маңызды.
Мадақтау мен шектен тыс мәпелеуде өскен бала ешқандай күш жұмсамай
көзге түскісі келіп тұрады. Олар өздігінен еш нәрсеге қол жеткізе алмайды
(отбасының еркесі). Адамгершілік, жауапкершілік шектен тыс жоғары болуы
баланы балалық қуанышынан айырып, бойында уайымшылдықтың тууына әкеледі.
Балалардың мінез-құлқында қиындықтардың пайда болу себебі,
біріншіден, отбасы тәрбиесі десек, екіншіден, мектептегі оқу тәрбие
жұмысындағы кемшіліктермен сипатталады.
Мұғалім мен бала арасындағы қарым-қатынас баланың ата-анасына және
баланың құрбыларына қарым-қатынасын анықтай бастайды. Б.Г.Ананьев,
Л.И.Божович, И. В. Славина бұны эксперимент-тік түрде зерттеп көрсеткен.
Регельдің айтуынша, мектептерге келген кезден бастап оқушы
мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас қалыптаса бастайды. Бұндай
қарым - қатынасты орындау оқушыға бастапқыда қиынға соғады.
Мектептегі талап бәріне ортақ.
Д.Б.Эльконин мұғалім мен балалардың арасындағы қарым–қаты-наста
оқушылар өте байқампаз болып келетінін айтады. Егер бала сыныпта мұғалімнің
басқаларға қарағанда өзіне жақын тартатын оқушысы бар екенін байқаса, онда
мұғалімнің оқушы алдында беделі жоғалады. Алғашқы кезеңде оқушылар
мұғалімнің айтқанымен жүреді, яғни мұғалімнің айтқаны олар үшін – Заң.
Егерде мұғалім оқушылардың бәріне бірдей көзқараста болмаса, баланың
мұғалімге деген оң пікірі іштей бұзыла бастайды. Мұғалімнің өзіне жақын
тартатын оқушысы өзін басқалардан жоғары ұстайды да, соның нәтижесінде сөз
тасығыш балалар пайда болады. Бала мектепте өзін жақсы сезінсе, онда үйде
де, құрбыларымен қарым – қатынасы ойдағыдай болады. Баланың дамуы кезінде
оқу процесінің алатын орны ерекше.
Бала бойындағы қиындықтарды дер кезінде анықтап, түзету жұмыстарын
жүргізу мұғалімнің ғана міндетімен шектелмейді, ата – аналардың да осы
мәселеде ықпалы өте зор. Мектеп ұжымы мен ата – аналар арасында тығыз
байланыс пен қарым – қатынас болуы қажет.

2.4. Мектепке бармай қалу.
Баланың мектепке бармай қалуының айтарлықтай жиілеп кетуі оны
психиатрға қаратуға себеп болады. Кездейсоқ себептерден кездесіп қала
беретін төтенше жағдайлар мүлде әр түрлі көріністе болып келуі мүмкін: ата
– анасының шешімімен кішкентай інісін немесе қарындасын қарап отыруға
баланың үйде қалдырылуы, баланың өз бетімен лағып кетуге бейімділігі немесе
мектепке барудан қасақана бас тартуы сияқты келтірілген сылтаулардың
барлығы оның эмоциональды бұзылуына байланысты болатындықтан, мектепке
бармай қалуына осы кінәраты себеп болуы мүмкін. Мектепке барудан бас тартуы
– оның сабаққа қатысқысы келмегендігінен,өз кезегіне әр түрлі
механизмдердің ықпалы себеп болуы да мүмкін. Бұл жағдайлардың бір – бірінен
қандай айырма-шылықтары бар екенін көрейік. Ең алдымен сабаққа қатыспай
лағып жүрген баланың немен айналысатынын анықтау қажет. Егер үйден шығып
мектепке кеткен бала сабаққа қатыспаған болып шықса, онда ол кино қарауға,
театрға кетуі, жолдастарымен ойнап кетуі немесе басқа бір жерлерде тағы
бірдеңелермен айналысып жүруі әбден мүмкін екендігі ешқандай да күмән
туғызбайды. Егер бұл шындығында осылай болған болса, онда ата – анасы
баланың мектепке бармай, өз бетімен лағып жүретінінен мүлде хабарсыз екені
әбден мүмкін. Ол мектепке бармай өз бетімен бос жүрген уақыттарда басқа да
қылмысты теріс қылықтарға баруға немесе әлеуметтік жағымсыз әрекеттерге
ұрынуы ықтимал. Егер баланың психикалық күйзелісі бұрыннан да бар болса,
онда оның ықтимал диагнозы әлеуметтік дезадаптация болуы мүмкін.
Егер баланың мектепке бармай үйде қалғаны ата – анасына мәлім болса,
онда олардың өздері қалдырғаны немесе баланың өзі мектепке барудан бас
тартқаны. Бірінші жағдайда баланың мектепке баруына
ата – анасының мүмкіндік бермегені, ал екіншісінде баланың өзі барғысы
келмегені туралы мағлұматтарды ескерген дұрыс.
Егер баланың мектептен бас тартқаны туралы сөз болса, онда біз:
мектептен қорқуы, ата – анасынан айырылып қаламын деп қорқуы, әлеуметтік
фобия, көліктік фобия немесе әлеуметтік байланыстан қашқақтауы сияқты
әртүрлі себептердің нәтижесінде пайда болған эмоционалды күйзелістермен
істес боламыз. Әрбір жағдайда бір–екі мәселенің жәрдемінен ықпалы жасайтын
бұзылу механизмдерінің сипатын анықтауға болады.
Біріншіден, бала үйде немесе жолдастарымен болғанда өзін қалай
ұстайтынын анықтау пайдалы. Егер оның денсаулығы бірқалыпты жақсы және
көңіл-күйі шат-шадыман болып көрінсе, онда біз оның мектепке барудан бас
тартуының негізгі әлеуметтік байланыстан қашқақтауға тырысуынан деп
ұйғаруға толық құқұғымыз бар. Егер ол қайғылы болып, тұнжырап жүретін
болса, өзін бақытсыз санап, ешкіммен араласпай жалғызсыраған байғұс болып
көрінсе, жолдастарымен қосылып ешқайда жүрмесе және көңіл тоқтатып
тереңірек ойлайтын қабілеті төмен болса, онда оның мектепке баруыдан бас
тартуы депресия түріндегі немесе өте серек кездесетін шизофрения түріндегі
айтарлықтай жиі таралған жартылай эмоциональды күйзелістің негізінен деп
санауымызға толық дәлел болады.
Екіншіден, мектепке барғысы келмеуден садақ кестесіне байланысының бар
– жоғын білу қажет. Егер баланың мектепке барудан бас тартуының себебі
кесте бойынша француз тілі сабағы болатындықтан немесе өзінің жалығып ұзақ
отырып қалуына тура келетін қосымша сабақтың күндеріне ылғи да сәйкес келіп
тұратын болса, оның бас тартуы мен мектептегі белгілі бір жағдайдың
арасында берік байланыстың бар екенін көрсетеді.
Одан кейін қаралатын үшінші мәселе: сабаққа бармай қалу үй ішінің
оқиғасына байланысты ма? Бұл симптом шешесінің депрессиясының немесе
әкесіне жұмыс істеткізбейтін оның бір ауруы асқындыра ма? Симптомның үй
ішіндегі оқиғаға тәуелділігінің ашылуы оның үй ішіндегі немесе отбасындағы
жағдайларға байланысты пайда болуына баланың мазасызданып алаңдаушылық
туғызуы маңызды рөл атқаратындығы ықтимал екендігін ескертеді. Осыған
ұқсаған мінез-құлықтың өте кең таралған механизмдері баланың ата – анасынан
айырылып қалу қорқынышынан болады. Мұндай жағдайда баланың жақын
туыстарынан айрылысқан кездегі оған тигізетін әсердің өзіне тән бейнесін
анықтау қажет.
Әлдекімдердің ортасы мен мектептің аралығын таңдауына тура келген
баланың, егер әлдеқандай белгілі бір жағдайларын айтпағанда, айырылысудың
әсері қоздыратын алаңдаушылықты көрсетудің орны әр түрлі болу керек деп
шамаланады. Шешесі баланы жалғыз өзін үйге қалдырып дүкенге немесе
көршілеріне кеткен кезде, ол мазасыдануы мүмкін. Ол өзін туысқандарының
үйіне жұмсағанда барғысы келмей, ылаждың жоғынан ықылассыз кетеді немесе
ата – анасының отбасылық достарының үйлеріне барғанда еркін жүріп ойнауды
ұнатпайды. Мектептен бас тартуына себепші болған айырылып қалу қауіпінен
алаңдауы, біршама саябырсуы мүмкін, егер бала ата – анасынан әдеттегідей
бойы үйреніп қалғандай оңай айырылысқан жағдайда.
Мектепке барудан бас тартуына әлеуметтік фобия немесе көліктік фобия
азырақ болса да жиі себеп болады. Біріншісінде әлеуметтік жағдайлардан
және адамдармен кездесуден үрейленуі, ал екіншісінде автобус, пойыз және
тағы басқа көліктермен жүргенде үрейленуі туралы сөз болып отыр. Екі
жағдайда да мектепке баратын жолда адамдармен кездесіп қалу және көлікпен
жүру қаупінен сақтану үшін сезікті сырын сыртқа шығармаудың ең оңай әдісі –
мектепке барудан бас тарту болды.
Бұл сияқты күйзелістер кейде жасөспірімдердің де мектепке бармай
қалуына себеп болуы мүмкін, алайда мұндай күйзелістер төменгі жастағы
балаларда мүлде кездеспейді. Айырылысқанда болатын алаңдаушылықты, осы
фобиды ажыратып алу үшін ата – анасымен бірге автобуспен келе жатқанда
немесе адамдармен кездескенде үрейлену қаупінен сезіктену сезімі
сақталатынын немесе сақталмайтынын, адамдармен кездесетінін де, көлікпен
жүретінін де ойламаған кезінде туыстарынан ажырасқанына мазасызданатынын
немесе мазасыздан-байтынын анықтау қажет.
Бұзылуларға мүмкін болатын жалпы себептерді алын ала топтастыру
жүзеге асырылғаннан кейін де, енді ол қалай (?) және қандай себептен (?)
пайда болды деген мәселелердің басын ашып анықтауға тура келеді. Айырылысу
қорқынышы қалай және мектепке барудан бас тарту не себептен осы уақыта
пайда болды? Ол үшін баланың, мектептің және үй іші жағдайының
ерекшеліктерін анықтайтын факторларды мұқият зерттеуді талап етеді.
Баланың ерекшелігін зертегенде белгілі болатын оның өзіне тән
темпераменттік қасиеті, оның ата – анасынан ажырасқанда және мектепке
ылажсыздан барғанда көрсететін реакциясын анықтайды. Ол әрқашанда
соншалықты жасқаншақ, қорқақ және біреуге тәуелді болды ма? Баланың
мектептегі жағдайының қиын болуының себебі неде: оқу үлгерімінің
нашарлығынын ба, физикалық дайындықтың нашар болуының нәтижесінен бе немесе
қарым-қатынасқа дағдыланып кете алмауынан ба? Бұл өмірі таусылмайтын шексіз
әбігершілік те, мағынасыз оңды – солды сүртпектеу де, дәрі де ойдағыдай
болады дейтін бітпейтін мардымсыз әңгіме де, басқа да миллиондаған
ықтималды ықпалды болуы мүмкін. Мүмкін, баланың үйінде таяу арада бір
өзгерістер болды да? Мектепке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқу – тәрбие үрдісінде бала мінезін тәрбиелеу
Мінез туралы жалпы ұғым
Мінез туралы ұғым
Мінездің табиғаты
Мінез адам қасиеттерінің тұтас жүйесі
Қиын бала ұғымына түсінік
Мектеп жасына дейінгі баланың мінез
Оқушы мінезін қалыптастырудағы педагогикалық-психологиялық шарттары
Мінез-құлық формалары және оның жүйелілігі.
Адам мінезі
Пәндер