Ұлттық патриотизм ұғымы



Кіріспе.
Негізгі бөлім.
1. Оқу.тәрбие процесінде ұлтжандылық тәрбиенің ғылыми теориялық негізі.
1.1. Ұлттық патриотизм ұғымының тарихи қалыптасуы.
1.2. Ұлтжандылық тәрбиенің маңызы, міндеті, принциптері.
1.3. Оқу.тәрбие процесінде ұлтжандылық тәрбиені жүзеге асырудың маңызы, ерекшелігі.
2. Қазақ халқының патриоттық дәстүрлері.
2.1. Қазақ патриотизмінің даму кезеңдері.
2.2. Қазақ халқының патриоттық дәстүрлерінің даму тарихы.
3. Оқу.тәрбие процесінде ұлтжандылық тәрбиені қалыптастыру жолдары.
3.1. Оқу.тәрбие процесінде ұлтжандылық тәрбиені жүзеге асыру бағыттары.
3.2. Оқу.тәрбие процесінде ұлтжандылық тәрбиені жүзеге асыру формалары.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны.
Кіріспе.
Негізгі бөлім.
1. Оқу-тәрбие процесінде ұлтжандылық тәрбиенің ғылыми теориялық негізі.
1.1. Ұлттық патриотизм ұғымының тарихи қалыптасуы.
1.2. Ұлтжандылық тәрбиенің маңызы, міндеті, принциптері.
1.3. Оқу-тәрбие процесінде ұлтжандылық тәрбиені жүзеге асырудың маңызы, ерекшелігі.
2. Қазақ халқының патриоттық дәстүрлері.
2.1. Қазақ патриотизмінің даму кезеңдері.
2.2. Қазақ халқының патриоттық дәстүрлерінің даму тарихы.
3. Оқу-тәрбие процесінде ұлтжандылық тәрбиені қалыптастыру жолдары.
3.1. Оқу-тәрбие процесінде ұлтжандылық тәрбиені жүзеге асыру бағыттары.
3.2. Оқу-тәрбие процесінде ұлтжандылық тәрбиені жүзеге асыру формалары.
Зерттеу бөлімі.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі
Бүгінгі таңда қоғам мен мемлекеттің білім беру жүйесінің алдына қойып отырған міндеттерінің бірі - жеткіншектерді қазақстандық елжандылық пен Қазақстанды мекендеген халықтардың ұлтаралық ынтымақтастығы рухында тәрбиелеу болып табылады.Бұл мәселенің көкейкестілігі қазіргі әлемді жаһандандыру жағдайында бұрынғысынан да артып отыр.
Ұлттық бірегейлікті сақтаудың басты жолдарының бірі болып жастарға патриоттық тәрбие беруде халықтың мәдени мұрасын пайдалану болып табылады.
Жеткіншектердің адамзаттық , патриоттық қасиеттерін қалыптастыру проблемасына Қазақстан үкіметі құжаттарында және аса үлкен мән берілген.Елбасы өзінің жолдауларының бірінде Өз тарихымыз бен ерекше жағдайларымыз негізінде дұрыс жолды таңдап алу мүмкіндігіміз де бар(1997) десе, екіншісінде біз бірлесе отырып, ерікті ұлт жасақтау жолында алға жылжуымызға қажетті берік негіз қаладық(2005) - деп өзіміздің тарихымызды, ділімізді, ұлттық қасиеттерімізді алғы шепке шығарады.Осы ой - пікірлер Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында ең маңызды міндеттер ретінде өз отаны, Қазақстанды сүюге, азаматтық пен патриотизмге тәрбиелеу, мемлекет рәміздері мен халықтарының салт - дәстүрлерін құрметтеу ата заң мен қоғамға қайшы келетін көріністерге төзбеу, әлемдік және отандық жетістіктерді игеру, қазақ және республиканы мекендеген басқа да халықтар өкілдерінің әдеп - ғұрып, салт - дәстүрлерін, тарихын жете білу деп көрсеткен.
Демек, салт - дәстүрлердің, соның ішінде халық педагогикасыда көрініс алған патриоттық сана - сезімнің қалыптасуына тікелей ықпал ететін озық дәстүрлердің тағылымдық мүмкіндіктерін пайдалану қажеттілігіне аса мән беріліп отыр.
Курс жұмысының мақсаты:
Оқу - тәрбие процесінде ұлтжандылық тәрбиесін ғылыми - теориялық негізін ашу.
Ұлтжандылық тәрбиесін оқу - тәрбие процесінде жүзеге асыру бағытын формаларын анықтау.
Курс жұмысының міндеттері:
қажетті әдебиеттерді анықтау, танысу,талдау.
Ұлтжандылық тәрбие маңызын, мақсат - міндеттерін анықтау.
Оқу үрдісіндегі ұлтжандылық тәрбиенің жүзеге асырудың жолдарын, бағыттарын анықтау.
Тәрбие үрдісінде ұлтжандылыұ тәрбие ісін беру жолдары:
Іс - тәжірибе жүргізу.
Зерттеу объектісі: оқу - тәрбие үрдісі.
Зерттеу әдістері: сұрақ - жауап, эксперимент, бақылау.
Зерттеу базасы:
Гипотеза:
Егер қазақ халық педагогикасындағы патриоттық тәрбиесінің ғылыми негіздері айқындалып, жүйесі анықталса, соның негізінде тұжырымдама жасалып, арнайы әдістемелік кешендермен қамтамасыздандырылса және олар оқу - тәрбие үрдісінде тиімді ендірілсе, оқушылардың ұлттық сана - сезімі артып, Отанға, елге, туған жерге сүйіспеншілігі қалыптасады.

1.1. Адамзаттың ортақ үйі - Жер екені белгілі.Осынау Ортақ үйде жанымызға жақын киелі де қасиетті бір мекені бар - Отан.Жалпы адамзат баласының өмірінің мәнді және мазмұнды құндылығы оның өмір сүріп жүрген ортасына байланысты болғандықтан да, оның өмір сүретін ортасы - Отан болып табылады.Отан - адам баласының кіндік қаны тамған жері, ең алғашқы жұтқан ауасы, алғаш қадам басқан жері, бостандықта өмір сүретін ортасы және болашақты қалыптастыруға саналы ой - еңбегін өрістетуге мүмкіндік беретін адам баласының тұрақты мекені. Патриотизм гректің pamris - отан деген сөзден туындайды, яғни Отанға деген сүйіспеншілік ұғымын білдіреді.Осы мағынада алатын болсақ, патриотизм сөзі өз Отанына ұлттық сүйіспеншілік деген сөз.
Ұлттық патриотизм ұғымының тарихи қалыптасуы жігершілік және намыстылық, батырлық және батылдық, қайсарлық және еліне деген сүйіспеншілік қасиеттері арқылы көрініс табады.Оған дәлел:өткен тарихымыздың қатпар - қатпар қойнауына көз салсаңыз, қазақ хандығы құрылып, шаңырағын көтеріп, керегесін тең ұстап, қазақ елі болып қалыптасқалы бері өзінің жері үшін оның бір уыс топырағы үшін күресіп,қаһарлыны тайсалтып, алауыздыны аттатпай, осынау ұлан-ғайыр жеріміз бен айдынды шалқар көлімізді жауларынан қорғап, бүгінгі күнде қазақтылығымызды сақтап қалуымыздың өзі ұлттың бойындағы жоғарыда көрсеткен тан сүйгіштік қасиеттер деп білеміз.Халқымыздың ауыз әдебиетімен фольклорлық - этникалық көркем туындыларда Отанын сүйетін,елі үшін жанын аямайтын баһадүрлер образын батырлар деп айқын кестелеуінің мәні зор.Себебі Батыр тұлғасы - әрқашан да Отанын сүйетін,елі мен жері үшін аянбай күресетін асқан ұлт жанды, жақсылыққа жаны құмар ізгі жан.Ол жауына қаншалықты қатыгез, мейірімсіз болып көрінсе, туған еліне соншалықты мейірімді, адал, болашағының қамын көздеген жан болып табылады.Халық ауыз әдебиетіндегі сомдалған батырлар бейнесі ел арасында жас өскін ұрпақты атамекенді сүюге, туған жерді басқыншылардан қорғауға тәрбиелеуде маңызды болған.Демек, қазақта батырлық, ерлік дәстүрлерін дәріптеген туындылардың өзі жайдан - жай дүниеге келмеген.Олардың қоғамдық ой - сана арқылы, адамдардың жан дүниесіне нақты түрткі ететін ықпалы болған.
Ұлттық патриотизмнің қалыптасуының бірнеше қайнар бастауы бар, солардың бірі - сөз өнері.Адамзаттық әуен қуатына тікелей байланысты, поэтикалық мәні бар сөз өнері отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруда ақын - жыраулардың өлең - толғауларында халық билігін нығайту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажеттігін насихаттауда нақты көрініс тапқан.Қазақ ақын - жыраулары өлең - толғауларына ел бірлігін арттыруды, Отан алдындағы жауапкершілігін сезінуді, ұлттық болмысы мен ұлттық намысын қалыптастыруды арқау етеді.Қол бастайтын ерлердің бойында асыл қасиеттерді қалыптастыру керек дегенді айтады.Еліңді сүйсең, Отаныңды сүйсең, кісілікті бол, тектілікті бойға дарыт, сол арқылы бірлігі мықты орта қалыптастыр дегенді уағыздайды.Осы келтірілген сөздердің астарында үлкен қоғамдық, саяси - әлеуметтік мазмұн бар.Ақын - жыраулардың ерлік пен өрлікке толы жырлары әлі де қазақтың қалғып кеткен намысыншырт ұйқыдан оятып, былшықты көздерін жандыруға жарайды.Қазақ халқының біртума ақын - жырауларының шығармашылығының философияық дүниетанымы Отансүйгіштік, елжандылық атты қастерлі қасиетті ұғымдарды дәріптеуге маңызды рөл атқарған.Атадан қалған асыл сөздің құдірет - күші де осында болса керек.
Ақылдың көзі - аталы сөз деп ұққан бабаларымыздан қалған даналық сөз болған мәселелердің бірі - атамекенін,Отанын қадірлеп, құрметтеп тәрбиелеу мәселесі.Атамекен - дәстүрлі дала қоғамының қоныс тепкен кеңістігі, қазақ жұртының тіршілігі, өмір сүру ортасы.Қазақ үшін атамекен - Отанжанды пенде ретінде өмір сүруінің шартты атрибуты.Сондықтан да халқымыз өз атамекенін, Отанын, өз халқын, өз тілін, салт - дәстүрін жүрекпен сүйе білген әрі ұрпағын да соған баулыған.Ұлтжандылық - әр адамға керекті ұлы қасиет.Отан сүю сеземі - халқының келешегі үшін күресумен, ол үшін аянбай еңбек етумен етене, қабысып жататын сезім Еліне деген сүйіспеншіліктің адамзат санасында оянуына түрткі ететін кезеңі - оның өзге елдің бодандығында қалып қалмау үшін еліне айтқан үндеуі.Кеңестік үкімет тұсында еліне, жеріне жанашырлықпен қараған, әрбір қазақ азаматының болашағы үшін күрескен Алаш азаматтарының Оян, қазақ деп жар салған үндеуіне терең бойлай үңілсек, онда тұтастай бір елдің ұлттық болмысына, ділі мен дініне, тіліне қауіптің төнуі, елді мекенінен айырылып қалуы, басқа ұлттың бодандығы болу қаупін сезінген Алаш азаматтары М.Дулатов, А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Жұмабаев халқын ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке, халқының басын біріктіруге, қазақтың әрбір азаматының бойында осындай сезімді қалыптастыруға бар күшін, жігерлерін жұмсағандығын көреміз. Патриоттары көбеймеген халық елдігінен айырылады, әрі мемлекеттігін сақтап қала алмайды- деген сөз шындығы осының айғақтай дәлелі.Елдігін, ерлігін сақтап қалудағы Алаш азаматтарының Оян, қазақ - еңсеңді көтер, елдігің мен ерлігіңді, адамдық болмысыңды, ұлттық рухыңды, ездік пен еріншектікке, мойынсұнушылық пен көнгіштікке берілмей, тәуелсіздігің үшін алға ұмтыл, адамдық қасиетіңді дәстүріңнен тәрбие арқылы, ұрпағыңа мирас қып қалдыр, Отансүйгіштік қасиетіңді ұрпағыңның бойына дарыт, атамекенің үшін күрес деуі.Осы адамзат баласының бойына патриоттық сезімін қалыптастырудағы басты шарт - оның сыртқы болмысы мен ішкірухани жан дүниесінің бірге бітесе ұштасуы десек, Ұлы Абай адам баласының бойына керекті үш нәрсені атап көрсетеді: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.Осы үш қасиеттің ішкі мәніне үңілсек, ыстық қайрат - адамның бойындағы ерлік пен батырлық, елінің қорғаушысы, ұлты үшін неге де болса дайын екендігін білдіретін ұлтжандылық қасиеті болса; нұрлы ақыл - ұяттың бірігуін, бір тудың астына біріктіретін, адамдық болмысының қалыптасуына, Отансүйгіштік қасиетін ой - санасында қалыптастыра отырып, ішкі рухани жан дүниесінің жетілуіне, ұлттың ұлт болып қалыптасуына керекті қасиеті болса; жылы
жүрек - адамгершілік пен адамдықты, қайырылымдылық пен мейірілімділікті адам бойына қалыптастыратын, сол халықтың салт - дәстүрлі, ділі мен діні, ұлттық идеологиясы деп айтар едім.
Кешегі Ұлы Отан соғысының отты жылдарында қазақстандықтпарды өшпес ерлікке жетелеген де, даңққа бөлеген де, ұлттық намысы мен Ұлы Абай айтқан бойындағы үш қасиеті дер едім.Оны былай қойғанда, күні бүгінгідей санамыздасайрап тұрған 1986 жылғы Желтоқсан көтеріліснің сыры мен мұңына бөккен ұлттық көтеріліс - негізінде қазақ жастарының бойындағы атамекенге деген шексіз сүйіспеншілік, патриоттық сезімін жетелеген қоғамдық ақиқат.Жоғарыда айтылған сөздеріміздің дәлелді болуы үшін ұлттық намыс деген сөздерге анықтама беріп көрейік.Ұлттық намыс - сол ұлттың туа біткен өзіндік ерекшелігі.Тұтастай алып қарағанда, әрбір ұлтта немесе адамдарда да намыс бар.Ал ұлттық намыстың жөні бөлек, ол - адамдардың бәріне ортақ болып қалыптасқан заңдылық.Ал тура мағынада айтсақ, патриотизм - адамды өзінің арғы тегімен жалғастырып жататын арқауы мықты қасиетті жіп.Ұлттық рух пен ұлттық патриотизм - бұл ұлттың ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен қасиеті, өз халқына деген сүйіспеншілігі, жеке адам өз халқымен қан жағына да, шыққан тегі, территориясы, тілі, тұрмыс тіршілігі, мінез - құлқы, психологиялық және этнографиялық ерекшеліктері, қалыптасқан тарихи - дәстүрлі жағынан да әбден айқын әрі дербес басқа қасиеттері мен ерекшеліктеріне де байланысты.Патриоттық сезім адамның туа біткен қасиетінен байқалады, ал белгілі бір әлеуметтік тарихи ортада ұзақ жылдар бойы қалыптасқан құбылыс.Патриотизм - кеше - бүгін пайда бола салған ұғым емес.Оныңда әр халықтың тағдыр - төлкегіне орай өту жолы, өзіндік белесі болғаны мәлім.Дәстүршілдік сипатын тілге тиек еткенде, осы жағына назар аудару керек.Олай болса, Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндетіміз - қазақстандық Отансүйгіштікке тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін - өзі айқын білуін қалыптастыру.Демек, патриотизм Қазақстан азаматының өзін осы елдің төл баласы, нағыз азаматы ретінде сезінгенде ғана, Қазақстан өзінің туған елі, Отан деп есептеген жағдайда ғана қалыптасады.
Сонымен, патриотизм ұғымының қазақ елінің саяси тарихынан алар орны жөніндегі мәселелерді түйіндей келгенде,оның қазақ халқының жаңа қоғам мен демократиялық мемлекеттік құрсақ деген ниетінің қайнар көзі болып отырғанына көз жеткізу қиын емес.Тарихи тағылымы көрсетіліп отырғандай, патриоттық сана мемлекеттік саясат пен идеологияның жемісі ретінде қалыптасуы тиіс.
Осы тұрғыдан келгенде, патриотизм - республикадағы қоғамдық келісімді жүзеге асыратын саяси фактор.Өйткені оның бүкіл мән - мағынасы имандылық пен демократияның әлеуметтік әділдік пен тарихи шыншылдық принциптеріне негізделген.Себебі Қазақстанның саяси тарихында өрлеу, құлдырау кезеңдері халықтар тағдырын тәлкекке салған қателіктер асыра сілтеулер аз болған жоқ.Соның әрқайсысынан сабақ алу оның қайталануына жол бермеу, саяси сергектікті талап етеді.
Саналы патриотизм Қазақстан тәуелсіздігін баянды ету қазақстандықтардың елін, жерін табиғат байлықтары мен материалдық - мәдени байлықтарын қорғауға байланысты екенін үнемі естен шығармауы керек.Байлықтары мен теориясы талан - таражға түскен елде келешек жоқ.Мұндайға жол беру - азаматтардың Отанға деген сүйіспеншілігінің, патриотизмнің болмауы деген сөз.Сондықтан ұлттық патриотизмге тәрбиелеу - барлық қазақстандықтарды Отанды қорғауға дайын болуға тәрбиелеу.Елін сүйетін, елін қорғайтын азаматтарсыз ел де, жер де жетім болатынын әр қазақстандық терең ұғынуы тиіс.
1.2. Ұрпақ тәрбиесі, бүгінгі қоғамға лайықты азаматтар тәрбиелеу күрделі мәселелердің біріне саналатын, үлкен жауапкершілікті, жан - жақтылықты талап ететін процесс.Осыған байланысты қоғамның жаңа ғасырға өтпелі кзеңінде, үлкен өзгерістер мен жаңалықтарға толы мерзімде болашақ азаматтарға білім мен тәрбие беру мекемелерінің алдында жауапты міндеттер тұр.Қазіргі сәтте осындай келелі мәселелерді іздестіру үстінде.Тәрбиелеудің қиындығы оның нәтижесі бірден көріне бермейтін әрекеттерге жататындығында.Яғни тәрбие беруде барлығын жан - жақты терең ойластырғанда ғана жемісті болатынын педагогика және психолгия ғалымдары зерттеп, дәлелдеуде Кеңестік дәуірдегі ғылыми педагогика: Тәрбиелеу ісі ұрпақтар арасындағы сабақтастық байланысқа негізделеді.Мұнда, тәрбие процесінде жастар өзінің алдындағы ұрпақтар жинақтаған коллективтік (ұжымдық) тәжірибе мен білімдерді меңгеруге ғана тиіс емес, сондай-ақ оның бойында өмір алға қоятын, аға ұрпақ шешпеген жаңа міндеттерді шешу үшін қажетті қасиеттер қалыптастыруға тиіс деп айтылған-ды.Ал кейінгі кездегі бала тәрбиелеу бағытыдағы күрделі өзгерістерге байланысты.Қазақстан Республикасының білім мен ғылым министрлігінің Тұжырымдамасында: Тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көз-қарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру деген түсінік береді.Екі анықтама да әртүрлі кезде берілгенімен, тәрбиеде көздеген мақсат біреу - ұрпақ пен ұрпақты байланыстыруы, сабақтастыруы, тәжірибеде шыңдалған тәрбие түрлерін,әдістерін келесі ұрпаққа жеткізу, солар арқылы тәрбиелеу болып табылатындығын анықтайды.Жоғарыда аталған тұжырымдамада: ...Тәрбие - нің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана - сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу делінген.Бұл қоғамға қазіргі кезде қандай адам тәрбиелеп, өсіру керек деген сауалдарға толыққанды түсінік береді.Осы жерде ұлттық ерекшеліктерді меңгеру үшін ең алдымен, ұлттық сана-сезімнің басым болу керек екендігін баса айта кету керек.Басқалай айтқанда, бүгінде қоғам алдында ұлттық сана-сезімі оянған, қалыптасқан, ұлт дегеннің не екенін (біздің жағдайымызда қазақ ұлты) сезінетін адамзаттарды тәрбиелеу міндеті тұр.Ол жөнінде белгілі тарихшы-ғалым Қойшығара Салғараұлының Ертеңі бар ел боламыз десек...- деген еңбегінде жан-жақты түсінік береді. ұлттық сана деген абстракт ұғым емес, ол - тірлігінің тұрмыстық көрінісі, былайша айтқанда, сол ұлтты құрайтын халықтың бүкіл ғұмырнамасының, әдет-ғұрпының, салт-дәстүрінің, әдебиеті мен мәдениетінің, өнерінің, тұрмыс-тіршілігінің тарихын білу дәрежесін, яғни халықтың өзін-өзі жете танып, түсінуі.Ұлттық сана ұлттық дүниетанымға негізделеді.Ал ұлттық дүниетаным дұрыс таным түсінік арқылы өріс жайып, ұлттық дәстүр арқылы өз болмысын - танытады дейді.Осыдан шығатын қысқаша қорытынды ұлттық сана сезімді ояту үшін халықтық дәстүрлерді, әдебиеті мен мәдениетін, өнерін келер ұрпаққа дұрыс түсіндіре алу, жеткізу, үйрету керек.Жастардың ұлттық дүниетанымын халықтың ерекше қасиеттері арқылы кеңейтіп тәрбиелеу, оны әрі қарай дәстүрге айналдыру олардың бойында ізгілікті қалыптастырады. Ұлттық салт-сананың қалыптасуының екі негізі бар: игі әдеттер көп қолданыстан әдет-ғұрыпқа, яғни өмір қолданысына айналады да, ол ұлттық әдеп болып қалыптасады.Бұл халықтың рухани өміріндегі мәдени ірге, негіз болып табылады.Халық қалыптастыратын әдеп ұлттық қолданысқа айналады да ол дәстүр болып қалыптасады.Мұның барлығы балалардың ұлттық сана-сезімін ояту үшін ұлтжандылық сезіміне түрткі болуға бағытталған деген сүйіспеншілік орнығады.Бұл жөнінде философ А.Айталының Ұлттану атты оқу құралында төмендегідей ой берілген: Ұлтжандылық - халықтың рухани және материалдық игіліктерін көбейтуге арналған жігері, қайраты.Ұлтжанды деп еңбекқор, іскер, талапты, ойшыл, ізденгіш, ұлттық мұраттар жолындағы абзал істің иесін айтамыз.Ұлы ұлттар өздерінің осындай ұтжандылығымен мықты.Ұлтжандылық қасиет өздігінен қалыптаспайтыны мәлім.Ол үшін жастарды тәрбиелеу керек, өнегелік шараларды ұйымдастыру керек.Оның үстіне ұлтжандылық мәселеде ұрпақтар сабақтастығының орны ерекше.Аға буын ұлтжандылық (қасиеттерді жастарға) әрекеттерін өнеге ретінде көрсете алмаса, жалаң сөзбен ұлтжандылық қасиеттерді жастарға дарыту өте қиын.Дегенмен, дәл қазіргі уақытта ұрпақты өз ұлтымыздың асыл дүниелерімен сусындатып, тәрбиелеуге үлкен мүмкіндіктер туып отыр.Өсіп келе жатқан жас ұрпақты ұлттық дәстүрге, әдет-ғұрыптарды құрметтеуге, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетуге, кішіпейіл де қарапайым, ибалы да ізетті болуға баулудың мүмкіндіктерін ғалымдарымыз өздерінің зерттеу жұмыстарында да жан-жақты көрсетіп береді.Солардың бірі О.Нұсқабаев өзінің ұлтын сүйетін ұрпақтытәрбиелеу халықтық педагогиканың басты тақырыбы екенін айта келіп: өз ұлтын қадірлейтін адам ғана-басқа ұлттың қадірін біледі деген қағида қазақ халқының ұрпақ тәрбиесіндегі діңгекті қазығы, негізгі қағидасы екендігі жұртшылыққа аян, ақиқат, шыдық.Өсіп келе жатқан жас ұрпақты, білімпаздыққа, біліктілікке, іскерлікке, адал еңбекке, адамшыл ізгі қасиеттерге баули отырып, ата-бабамыз оларды туған Отаны - Қазақстанды, өсіп-өнген тұрғылықты мекенін, елін, жерін сүю мен қорғауға, ар-намысы үшін күресуге жасынан даярлаған деп көрсетеді.
Көп уақыт бойы қазақтың халықтық тәрбиесіндегі ерекше қасиеттерді пайдаланып, оны ұрпақ бойына дарытуға мүмкіндік болмағаны тарихи шындық.Ал қазіргі кезде тәрбие жұмыстарының бағыттары толығымен өзгерді.Қазақтың халықтық педагогикасының ерекшеліктері, мүмкіндіктері жан-жақты зерттеліп, көптеген ғылыми еңбектер, монографиялар, оқу-әдістемелік құралдары жарық көріп,сандаған мақалалар жариялануда.Бұл тұрғыда заман ағымымен бірлесе этнопедагогика проблемаларына ден қойған бір топ қазақстандық этнопедагог ғалымдардың еңбектерін жұртшылық қызығушылықпен пайдалануда.Атап айтқанда, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Ә.Табылдиев, С.Ұзақбаева, Қ.Қожахметова, М.Смайлова, Қ.Болеев және тағы басқаларының еңбектері.Осы сияқты халықтық педагогикалық қыр-сырын ұғындыратын еңбектер қазіргі үлкен бетбұрыстар кезеңінде ауадай қажет деп айтуға болады.Аталған авторлардың, сонымен қатар басқа да ғалымдардың, мектеп мұғалімдерінің, ізденушілердің үлкен жұмыстарының нәтижесінде қазірдің өзінде көптеген әдістемелік құралдар дайындалып, қолданыс табуда.Мектептерде, оқу орындарында сол еңбектер арқылы алға қойылған көп міндеттер шешімін тауып отыр.Соған қарамастан, әлі болса кейбір мектеп отырған жайы бар.Мектеп қабырғасында халықтың педагогикадан хабары бар түлектердің осы олқылықты жоғарғы оқу орнына ғана толықтыруға мүмкіндік алды.Студенттер мен педагогикаға қатысты жүргізілетін сауалнамаға бір студенттің төмендегіше сауал-пікір білдіргені бар: Халықтық салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды мектепте арнайы пән ретінде неге жүргізбеске.Елдің бәрі бірдей жоғарғы оқу орнында оқымайтыны белгілі.Тек жоғары оқу орнында оқитындар ғана туған халқының игі қаситтерінен жан-жақты хабардар болады да, қалған жастар одан бейхабар қала бере ме? Шын мәнінде де этнопедагогиканың тек оқу орындарында емес, жаппай жүргізудің керек екелігін түсінбейтіндер әлі де кездеседі.Бұл мәселені жүзеге асыру үшін ең алдымен оны жүргізетін адамдар - тәрбиешілер керек екендігі белгілі.Бұл жөнінде ақын, педагог М.Жұмабаев: Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып келе жатқан тақта жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуы тиіс.Сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті.Сондықтан арнайы мамандар даярлаудың күн тәртібіндегі мақсаттардың бірі екені сөзсіз.
Ал қазір ұлт тәрбиесі арқылы тәрбиелік мәселелерді шешу мақсатында педагогикалық оқу орындарында мұғалімдер дайындалуда.Соның нәтижесінде Қазақстанның түкпір-тукпіріндегі мектептер, оқу орындары жастарды халықтық тәрбиенің қыр-сырымен танысып, білім-ғылымға,тәрбиеге сол арқылы қол жеткізеді деп айтуға болады. Тегінде ең берекелі, ең парасатты тәжірибе, әрине, халық түйген тұжырымдар, ғасырлар бойы зергерлік ұқыптылықпен сұрыпталған үрдістер, дамыған даналық дәстүрлер,ұстаздық ойлар болса керек-ті.Бұның аты - халықтық педагогика дейді халық жазушысы М.Әлімбаев.Ал филология ғылымдарының докторы М.Тілеужанов болса: ...Қазақ тағылымының ұстанған негізгі бағыты - ата-бабалардың үлгі-өнегесі, ақыл-кеңесі, дүниеге шынайы көзқарасы, бостандыққа, еркіндікке, тәуелсіздік-дербестікке ұмтылысы.Бұл алдан күткен арманы, ойға алған негізгі мақсаты.Тәрбие ұрпақ үшін күрес құралы -дейді.Бұдан шығатын қорытынды - егемен елдің негізгі мақсаты мен міндеті ұрпақ тәрбиелеумен астасады деген сөз.Өйткені елдің ертеңі, жемісті тәрбие алған ұрпақпен тығыз байланысты.Сондықтан өткеннен бүгінге жоғалмай жеткен әдет-ғұрыптарды, салт-дәстүрледі келер ұрпаққа аманаттау азаматтарды тәрбиелеу үрдісінде халықтық тәрбиенің барлық мүмкіндіктерін пайдалану қажеттілігі туындайды.
Бүгінгі қазақстандық патриотизм туралы айтар болсақ, ол мынадай принциптерге сүйенуі тиіс:
- қазақ ұлтын, ана тілін, мұсылман дінін, туған жерін жанындай сүю, қорғай білу;
- қазақ ұлтын әлемге танытуға ұмтылу;
- қазақ халқына деген отансүйгіштігі, бауырмалдығы жоғары болу;
- отандық өнімдерді, ұлттық, тағамдарды әрқашан тұтыну;
- қазақтың ырымдары мен тиымдарын берік ұитану;
- қазақтың салт-дәстүрлерін қастерлеу және үнемі насихаттау;
- қазақтың отансүйгіштік әндерін тыңдау;
- мемлекеттік рәміздерді қасиет тұту және қорғай білу;
- патриоттық ой-санасы жетілген,ары таза болу;
- қазақ батырларының ерлігін, үлгі-өнегесін өнеге тұту;
Яғни қазақ елін әлемдік аренада ұлттық құндылықтарды, қаһармандықты мәңгі сақтайтын және насихаттайтын шынайы патриоттарды, нағыз батырларды тәрбиелеудің маңызы зор.

1.3 Жалпы отансүйгіштік дегеніміз туған жерін, ана тілін, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Патриотизм ұғымы және оның негізгі қағидалары
Көпұлтты мектептегі патриоттық тәрбие
ОҚУШЫЛАРДЫ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕЛЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Патриоттық тәрбие берудің педагогикалық негіздері жайлы
Жоғары оқу орны студенттерінің патриоттық сезімдерін қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Қазақстандық патриотизм – мемлекеттік принцип
Патриоттық тәрбие берудің әдіснамалық негіздері
Балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің әдістемелік негіздері
ОҚУШЫЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Оқушылар бойында патриоттық тәрбиені қалыптастыру
Пәндер