Оқу-тәрбие үрдісінде отансүйгіштік және ұлтжандық тәрбиелеу жолдары



Жоспар:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Оқу.тәрбие үрдісінде отансүйгіштік және ұлтжандық тәрбиенің ғылыми.теориялық негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.1 Оқу.тәрбие үрдісінде отансүйгіштік және ұлтжандық тәрбиенің
маңызы, мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2 Жеке тұлғаны ұлттық құндылыққа бағыттап оқытудың маңызы ... .10
1.3 Отансүйгіштікке және ұлтжандыққа тәрбиелеуде ата.ана мен
мектептің ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2. Оқу.тәрбие үрдісінде отансүйгіштік және ұлтжандық тәрбиелеу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.1 Этномәдениет құндылықтары . отансйгіштік қасиеттерді
қалыптастыру құралы ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.2 Отансүйгіштікті қалыптастыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
3. Іс.тәжірибелік бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .38
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...39

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 3

Оқу-тәрбие үрдісінде отансүйгіштік және ұлтжандық тәрбиенің ғылыми-
теориялық
негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ..6

4 1.1 Оқу-тәрбие үрдісінде отансүйгіштік және ұлтжандық тәрбиенің

5 маңызы,
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..6

6 1.2 Жеке тұлғаны ұлттық құндылыққа бағыттап оқытудың маңызы ... .10

7 1.3 Отансүйгіштікке және ұлтжандыққа тәрбиелеуде ата-ана мен

8 мектептің
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .12

Оқу-тәрбие үрдісінде отансүйгіштік және ұлтжандық тәрбиелеу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... .16

10 2.1 Этномәдениет құндылықтары – отансйгіштік қасиеттерді

11 қалыптастыру құралы
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16

12 2.2 Отансүйгіштікті қалыптастыру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22

Іс-тәжірибелік
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ...30

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... 38

Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ...39

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Тәуелсіз мемлекетіміздің құрылуы - қазақ
халқының талай ғасырларға созылған ұлт-азаттық күресінің заңды нәтижесі.
Қазіргі кезде халқымыздың даму тарихында мүлдем жаңа мазмұндағы саяси кезең
басталды.
Тәуелсіздікке жеткізген жол даңғыл болған жоқ, ол ұлы белестерден, қиын-
қыстау асулардан тұрды. Болашақ ұлттық мемлекеттің іргетасы осы тарихи
кезеңдерде қаланған болатын, сондықтан да азаттық жолындағы қасиеттері де
қасіретті күресте еңбегі ерен азаматтарымыздың артына қалдырған мол
мұрасымен тарихын зерттеу қазіргі таңда зор маңызға ие болып отыр. “Біз
бүгінгі бейбіт тірлігіміз үшін, Қазақстан деп аталатын Республиканың жер
бетінде барлығы үшін, тарихтың әр тұсында осы елді, осы жерді қорғаған
қайсар жандардың аруағының алдында қашан да қарыздармыз”, - деп Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Назарбаев айтқандай, біздің алдымызда
бабаларының игі дәстүрін сақтайтын, күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз
елінің патриоттары болатын ұрпақ тәрбиелеу міндеттері жатыр.
Ата-бабамыздың тәрбиеге өте үлкен жауапкершілікпен қарағаны баршамызға
аян. Өткен тарихымызға көз жүгіртіп қарасақ, қазақ халқындағы небір шешен,
ақын, жыршы, зергер, сәулетші, қара қылды қақ жарған билер мен қазылардың
атадан балаға мирас болған тәлімін көреміз. Кез келген халықтың тәрбие беру
ісінде өзіне тән ерекшеліктері болатыны секілді, қазақ халқында да, сан
ғасырлар бойы жас ұрпақты имандылық пен ізгілікке, адалдық пен
әділеттілікке, қарапайымдылық пен мейірбандылыққа, ерлік пен батырлыққа
тәрбиелеген ғұлама ғалымдары, шешендері мен билері, батырлары мен ақын-
жыраулары болғаны баршаға мәлім.
Кемеңгер ойшыл бабаларымыз Қорқыт ата, Әл-Фараби, Қожа Ахмет Яссауи,
Махмұт Қашғари, Ахмет Жүйнеки, Сайф Сарай, Қадырғали Жалайри, Дулати,
Шоқан, Ыбырай, Абай, Шәкәрім, т.б. ғұлама-ғалымдар өздерінің шығармаларында
ел мен жер, Отанды сүю, ар-ождан, намысты қорғау, ғылым, білімді халық
игілігіне жұмсау секілді ұлттық рухтың өзекті мәселелеріне ерекше мән беріп
келсе, XV-XVIII ғ.ғ. өмір сүрген Асан қайғы, Жиенбет, Шалкиіз, Бұқар, Дулат
сияқты жыраулар өздерінің өлең-жыр, толғауларымен елдік пен ерлікті,
әділдік пен адалдықты, сақилық пен серілікті жалықпай насихаттаған. Ал
Доспамбет, Ақтамберді, Махамбет сынды әрі батыр, әрі ақын-жыраулар ел
намысы – ер намысы деп қарап, дұшпанға өткір тілді өлеңін де, алмас
қылышын да жұмсай білді.
Ерлік сын сағатта танылады. Елін, жерін, шет ел шапқыншыларынан
қорғауда, ерен ерлігі аңызға айналған, өлең-жыр, толғау-дастандарға арқау
болған Қобыланды, Ер Тарғын, Ер Сайын, Ер Қосай, Едіге, Қамбар, Абылай,
Ағыбай, Қабанбай, Бөгенбай, Кенесары, Баян, Наурызбай, Райымбек, Малайсары,
Сұраншы, Саурық, Барақ, Сырым, Исатай сияқты батырлардың тәрбиешісі де –
қазақ халқы. Жиырмасыншы ғасырдың Кеңес заманындағы әр түрлі соғыстардың
батырлары Аманкелді Иманов, Бауыржан Момышұлы, Мәлік Ғабдуллин, Төлеген
Тоқтаров, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова, Рақымжан Қошқарбаев, Талғат
Бигелдинов, Қасым Қайсенов және тағы басқалардың ерен ерлік іс-қимылдары да
өлең-жыр, дастанға айналып, оқушыларға патриоттық тәрбие берудің бірден-бір
құралы болды. Осының бәрі халқымыздың атадан балаға ғасырлар бойы мұра
болып жалғасып келе жатқан ерлік рухымен байланысты туындаған тәрбиенің
дәстүрлі үлгі-өнегелік жемісі.
Оқушыларға патриоттық тәрбие беруде Ресейдің классик-педагогтары
К.Д.Ушинский, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский үлкен үлес қосты. Олар өз
еңбектерінде патриоттық тәрбиенің маңызды идеяларын қарастырып, бағыттарын
көрсетті.
Советтік патриотизмді Н.П.Егоров қарастырса, Г.И.Щукина, Б.Т.Лихачев
еңбектерінде патриотизмнің мән-мазмұнын қарастырады. Бүгінгі таңдағы
патриоттық тәрбиенің міндеттері, мазмұны мен әдістері И.Ф.Харламовтың оқу
құралында көрініс алған. Сонымен қатар, И.Е.Кравцев, М.А.Терентий,
А.В.Русецкий оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеудің ғылыми-теориялық,
әдістемесін өздерінің зерттеу жұмыстарында қарастырған.
Қазақстан халқының патриоттық көзқарасын қалыптастыруда терең ғылыми
зерттеулер жүргізіліп, жаңа бағыттар іздестірудің үлкен маңызы болды. Осы
тұрғыдан алғанда Отандық ғалымдардың еңбектерінің орны ерекше. Бұл туралы
тарихшылар (М.Қ.Қозыбаев, М.Мұқанов), философтар (А.Айталы, Д.Раев,
А.Қасабеков, Ж.Алтаев), психологтардың (Н.Елікбаев, Қ.Б.Жарықбаев,
А.Темірбеков, С.Балаубаевтардың) еңбектерінде қарастырылды. Педагогика
саласында зерттеулер жүргізген отандық ғалымдардың (С.Қалиев, С.Ұзақбаева,
К.Құнантаева, Л.Ә.Байсерке, Е.Ө.Жұматаева, С.Т.Иманбаева, Р.А.Джанабаева)
еңбектерінде патриоттыққа тәрбиелеудің тәлімдік маңызы туралы мәселелер
қамтылған. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін жеткіншектерді патриоттыққа
тәрбиелеу мәселелеріне байланысты әртүрлі бағыттарда (Д.С.Құсайынова,
Ғ.Базарғалиев, Л.Сейдахметова, К.Т.Әбілғазиева, Р.Н.Кенжебаева,
У.К.Санабаев, Б.Сүлейменова, Ж.Н.Қалиев, А.К.Калимолдаева,
Н.А.Мұхамединова, А.Қ.Дүйсенбаев, Р.М.Рысбекова, Ж.Қасымбеков,
А.Карпықбаева, т.б.) зерттеулер жүргізді. Зерттеуші-ғалымдар оқушыларды
патриоттыққа тәрбиелеу жұмыстарының мазмұнына, міндеттеріне, оны шешудегі
әдіс-тәсілдеріне қатысты ұсыныстар береді.
Патриоттық тәрбие адамгершілік тәрбиенің негізгі құрамдас бөлігі ретінде
А.А.Бейсенбаева, А.Н.Ілиясова, Р.К.Төлеубекова, Х.К.Жампейсова,
А.Н.Көшербаева, Ш.Майғаранова, Г.Қ.Нұрғалиева т.б. еңбектерінде зерттелген.
Зерттеудің мақсаты –оқу-тәрбие үрдісінде оқушыларды отансүйгіштікке және
ұлтжандвлыққа тәрбиелеу
Зерттеудің объектісі – оқушылардың патриоттық тәрбиесі.
Зерттеудің пәні - сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру үдірісі.
Зерттеудің ғылыми болжамы – егер, сынып оқушыларына патриоттық тәрбие
берудің теориялық негіздері айқындалса, шығармаларындағы патриоттық
идеялары және олардың жоғары сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудегі
мүмкіндіктері анықталса, жоғары сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің
моделі және оны жүзеге асырудың әдістемесі жасалып, оқу-тәрбие үдерісіне
жүйелі, бірізділікпен ендірілсе, онда жоғары сынып оқушыларына патриоттық
тәрбие беруге мүмкіндіктер туындайды, өйткені, бұның бәрі, біріншіден,
оқушылардың патриоттық мазмұндағы шығармаларға аялы көзқарасы мен
қызығушылығын арттырады, екіншіден, ұлттық сана-сезімін, адами қасиеттерін
қалыптастырады.
Зерттеудің міндеттері:
1. Мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің теориялық негіздерін
айқындау;
2. шығармалардағы патриоттық идеяларын және олардың сынып оқушыларына
патриоттық тәрбие берудегі мүмкіндіктерін анықтау;
3. Ғылыми әдебиеттерді талдау.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері тұлға және оның
дамуындағы әрекеттің рөлі туралы білімнің мәнін ашып көрсететін
философиялық, психологиялық, педагогикалық тұжырымдамалар, қазақ халық
педагогикасы материалдарын патриоттық тәрбиесінің құралы ретінде пайдалану
проблемасын зерттеуге деген тұлғалық-әрекеттік тәсіл құрайды.
Зерттеудің көздері болып Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми
құжаттары (Заңдары, қаулы-қарарлары т.б.), Білім және ғылым министрлігінің
ұлттық мәдени мұраны оқу-тәрбие процесіне ендіруге байланысты
тұжырымдамалары мен бағдарламалары, оқу құжаттары, ғалымдардың (тарихшылар,
этнографтар, философтар, әдебиетшілер, психологтар, педагогтар) еңбектері,
мектептің оқу-тәрбие процесінің құжаттары, педагогика ғылымының озық
тәжірибелері мен жетістіктері, сондай-ақ диссертанттың педагогикалық және
зерттеушілік тәжірибесі саналады.
Зерттеудің әдістері:
Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәні.
Мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің теориялық негіздері
айқындалды
Зерттеудің практикалық мәні: Зерттеудің негізгі қағидалары, сыныптан тыс
патриоттық тәрбие жұмыстары бойынша жасалған іс-шаралар жоспары оқушылардың
патриоттық тәрбиесін жетілдіру мақсатында мектеп практикасына енгізіледі.
Зерттеу базасы: Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, № 41 орта мектебі,
5-9 сыныптар
Зерттеу құрылымы:

Мазмұны

Кіріспе
3-5

Оқу-тәрбие үрдісінде отансүйгіштік және ұлтжандық тәрбиенің ғылыми-
теориялық негізі
6-16

34 1.1 Оқу-тәрбие үрдісінде отансүйгіштік және ұлтжандық тәрбиенің

35 маңызы, мазмұны
6-11

36 1.2 Жеке тұлғаны ұлттық құндылыққа бағыттап оқытудың маңызы 11-14

37 1.3 Отансүйгіштікке және ұлтжандыққа тәрбиелеуде ата-ана мен

38 мектептің ролі
15-16

Оқу-тәрбие үрдісінде отансүйгіштік және ұлтжандық тәрбиелеу жолдары

17-29

40 2.1 Этномәдениет құндылықтары – отансйгіштік қасиеттерді

41 қалыптастыру құралы ретінде
17-23

42 2.2 Отансүйгіштікті қалыптастыру жолдары
24-29

Іс-тәжірибелік бөлім
30-37

Қорытынды
38

Қолданылған әдебиеттер
39

Оқу-тәрбие үрдісінде отансүйгіштік және ұлтжандық тәрбиенің ғылыми-
теориялық негізі

59 Оқу-тәрбие үрдісінде отансүйгіштік және ұлтжандық тәрбиенің маңызы,
мазмұны

      Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-
тәрбие мен білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындап, педагогика
ғылымында ұлттық сананы қалыптастыру көкейкесті мәселелердің бірі болып
отырғаны анық. Сондықтан келешек ұрпақты ұлттық, халықтық тұрғыдан
тәрбиелеу қажет. Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің негізгі бағдарлы
идеялары еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан - 2030 халыққа
жолдауында былай деп жазылған: Толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз
мәдениетімізді, өз тарихымызды боиымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені
игеруге ұмтылғанымыз жөн.
    Олай болса, басты мақсат – жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық
құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу.
    Ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға
тәрбиелеу үшін:
-         оқушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру;
-         жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік,
мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту;
-         ана тілі мен дінін , оның тарихын, мәдениетін, өнерін, салт-
дәстүрін, рухани-мәдени мұраларды қастерлеу;
-         жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тәрізді
ұлттық мінездерін қалыптастыру сияқты міндеттерді орындағанда ғана басты
мақсатқа жетеміз.
   Ұлттық тәрбие қазір елімізде орын алып отырған көптеген мәселелерді: ана
тілін, ата тарихын, ұлттық салт-дәстүрін білмейтін жастар, тастанды жетім
балалар, қиын балалар, қарттар үйлеріндегі әжелер мен аталар,
нашақорлыққа салынған жастар, тағы басқаларды бірте-бірте жоюдың және
олардың алдын алып, болдырмаудың негізгі жолы. Ұлттық тәрбие алған ұрпақ
дені сау, білімді, ақылды, ұлтжанды, еңбекқор, сыпайы, кішіпейіл болып
өседі. Сондықтан да ұлттық тәрбие – ел болашағы.
    Қазақ халқының ғасырлар тұңғиығынан бері тарихымен біте қайнасып келе
жатқан ұрпақ тәрбиелеудегі тәжірибелері бізге сол рухани мәдениет,
этикалық, эстетикалық құндылықтарын құрайтын ұлттық әдет-ғұрып, салт-
дәстүрлер, әдеби, музыкалық, кәсіби, тұрмыстық фольклорлар мазмұны арқылы
жетіп отыр. Сонымен бірге ұрпақ тәрбиесіне, жалпы халықтың рухани дамуына
байланысты ұлттық тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерді: Қорқыт ата, Әл-Фараби,
Қожа Ахмет Иассауи, Мұхамед Хайдар Дулати, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари,
Асанқайғы, т.б. қазақ ақын- жырауларының мұраларынан, билер мен шешендердің
тәлімдік сөздерінен көреміз.
    Әр адам өзінің ұлттық тамырын, әдет-ғұрпын, мәдениетін түсіне алады. Өз
халқына деген сүйіспеншілігі, өзінің туған жеріне өз халқы өмір сүретін
ортаға деген сезіммен ұласып жату керек. Халықтық әдет-ғұрып, салт-
санасының байлығы, патриоттық сезім Отанға деген сүйіспеншілігін
қалыптастырады.
                                                                              
                                   
     Қазақ отбасы тәрбиесінің өзіне тән ерекшеліктері оның халықтық
педагогика мұраларының мазмұны мен түрлерінде бейнеленген. Көне заманнан-ақ
қазақ халқында жазбаша педагогикалық еңбек жазып қалдырмаса да білгір
педагогтар, тәрбиешілер, ұстаздар болған. Олар өз көзқарастары мен
әрекеттерінде белгілі-бір дәстүрлі дүниетанымды ұстанып, халықтың мұраттары
мен арман-тілектеріне сүйеніп отырған.                           
     Қазақ отбасында дене, еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, экономикалық,
экологиялық, құқықтық, сұлулық тәрбиелері жүргізілген. Қазақ отбасында
аталған тәрбие түрлерін жүзеге асырудың мақсаты жан-жақты жетілген азамат
тәрбиелеу болды. Отбасындағы дене тәрбиесінің мақсаты бала денесін дамыту,
денсаулығын нығайту, ағзасын шынықтыру және күн тәртібін дұрыс
ұйымдастыруға, салауатты өмір салтына тәрбиелеу болды. Сондай-ақ қазақ
отбасында адам зиялылығының негізі – ақыл ой тәрбиесі деп есптелінеді. Ақыл-
ой тәрбиесі арқылы баланы ойлау іс-әрекетінің шарты болатын білім қорымен
қаруландыру, негізгі ойлау операцияларын меңгерту, зиялылық біліктері мен
дүниетанымын қалыптастыру міндеттері шешіледі. Қазақ халқында ерекше
құрметтелетін адамшылдық қасиеттің бірі – ар болып есептеледі. Ары бар
адамда намыста, әділдікте, адамгершілік пен имандылықта болары
сөзсіз.                                                                       
                        
     Қазақ отбасында балаға тілі шығып, анық сөйлей бастаған кезден-ақ,
ағайын туысты, нағашы жұртын, ата-тегін, руын, ел жұртын білдіруге ерекше
көңіл бөлген. Жеті атасын білу заң болған. Ата-бабаларымыз өз тегінің
шығу тарихын білуді әр азаматқа парыз деп ұққан. Жеті атасын білмеген ер
жетім,Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер деген аталы сөз
содан қалса керек. Баланың өзі шыққан тегін білуі оның азаматтық,
елжандылық, отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастырады деп есептеген. Отбасы
мүшелері балаға тек жеті атасына дейінгі бабаларының атын жаттатып қана
қоймаған. Олардың қандай адам болғанын, өнегелерін үлгі етіп отырған. Әрі
сол арқылы отбасы шежіресін жалғастыруға баулуды мақсат еткен. Қазіргі
медицина ғылымы дәлелдегендей, жеті атаға дейін қыз алыспай қанның
тазалығын, яғни ұлттың таза болуына әкеледі екен, екіншіден, қазақ ұрпағы
жеті атасына дейін араласып, ынтымағы бір болсын дегеннен болса керек.
Мектеп қабырғасында тәрбиеленіп жатқан жас ұрпақтарға осы ұлттық тәрбиені
сіңіріп, оның ерекшелігін терең білуге, құрметтеуге, үйретуге тиіспіз.
      Қазақ халқының салт-дәстүрінің ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі аса зор,
мәні үлкен. Ендеше құрметті ата-аналар, ұстаздар оқушыларымызға білім беру
барысында ұлттық салт-дәстүрлерді пайдалану олардың ұлттық рухты
қалыптастыруға мол үлесін қоспақ. Баланы жастан демекші, мектеп
оқушыларының санасына халқымыздың тәрбие негізі, асыл қазынасы – салт-
дәстүрлерін дұрыс жеткізе білсек, ертеңгі күні олардан зор ұлтжанды қазақ
азаматы шығатынына кәміл сенуге болады.
     Қазақ отбасының осындай өнегелері жеке бастың мінез-құлқы мен рухани
мәдени құндылықтарын қалыптастырудың баспалдақтары болды.
    Сонымен , қазақ отбасы тәрбиесіндегі мәдени құндылықтары деп
төмендегілерді айтуға болады:
 1. Жетілген адам, яғни Сегіз қырлы, бір сырлы адам тәрбиелеу.
 2. Отанды, халқын, жерін,елін сүю. Атаның ұлы емес, халықтың ұлын
      тәрбиелеу.
 3. Адал, арлы азамат тәрбиелеу, яғни Малым жанымның садағасы, жаным
     арымның садағасы.
 4. Жеті атсын білуге тәрбиелеу. Жеті атасын білмеген жетесіз.
5.     Отбасы шежіресі және мұрагерлік (туыстық қарым-қатынас, үш жұрт,
отбасындағы кенже ұлдың ерекше рөлі). Ата-баба дәстүрін жалғастыру.
    Оқу мен тәрбие егіз. Оны бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Тәрбиенің
өзі күнделікті сабақтың әрбір кезінде-ақ оқушы бойына сіңе бастайды.
    Қазіргі кезде халықтық педагогика элементтерін бастауыш сыныптарда
қазақ тілі, ана тілі, математика, дүниетану, бейнелеу өнері, дене шынықтыру
сабақтарында кеңінен қолданудың маңызы артып келеді. Мысалы: математика
сабағында ақыл-ой қабілетін дамытатын ойындармен, ән-күй сабақтарында түрлі
әуендермен, дүниетану сабағында табиғи денелерді қолдануды және хайуанаттар
дүниесін елестететін ойындармен танысады. Оқушыларды жоғары мәдениетті адам
етіп тәрбиелеу сіздер мен – біздің басты міндетіміз.
    Әр мектепте өзінің тәрбие жүйесі бар. Өзінің бағыт бағдары бар. Саналы
ғұмырын қазақ халқының әдебиеті мен мәдениетін, тарихын, салт-дәстүрлерін
зерттеуге арнаған ғұламаның есімі оқушыға үлгі өнеге болып, оның ұлттық
құндылықтарды қабылдауына арналған баспалдақ болуы керек деген мақсат
қойылды. Мектеп педагогикалық ұжымы энциклопедист Әлкей Марғұланның өмірі
мен шығармашылық қызметі арқылы жас ұрпақтың бойына рухани, ұлттық
құндылықтарды қалыптастыруды өзінің негізгі міндеттерінің бірі деп санайды.
Академиктің өмірі мен шығармашылық қызметін оқушыларға таныстыруды нақтылы
істермен жүзеге асыруды қажет деп тауып мектепте Әлкей Марғұлан мұражайы
ашылды.
    Сондай-ақ ұлттық құндылықтарды оқушы бойына сіңіруде ақын-жазушылар мен
еліміздің ұлтжанды азаматтарымен болған кездесулер әсер етеді десек артық
болмас. Мектепте академиктер Р.Нұрғали, М.Жолдасбеков, С.Рүстембеков,
профессор А.Сейдімбек, А.Айталы, Қ.Салғараұлы, Т.Жұртбай, ақын М.Шахановтар
қонақта болды. Олардың ғибрад сөздері, даналық ойлары, ұлт тағдыры туралы
толғаныстары бала жүрегінде мәңгі ұялап қалары сөзсіз.
    Қоғамның белгілі қайраткері, ақын М.Шахановтың халықта ең бірінші
ұлттық рух болуы керек дегенін әр кез есте сақтап, еліміздің жарқын
болашағы үшін атсалысуымыз қажет. Ол үшін біз, ұстаздар қауымы оқушыларға
салт-дәстүрлерді жай ғана үйретіп қана қоймай, олардың тәрбиелік түп-
тамырын, мәнін, алтын діңгегін түсіндіре білуіміз керек. Ұлттық тәлім
тәрбиенің іргетасын дұрыс қалай білу мұғалімдердің ата-аналармен
қосылып жүргізген шараларына байланысты болмақ. Өйткені, бірінші ұлттық
тәрбиенің ошағы – отбасында, екінші – мектепте болғандықтан, ата-ана мен
мектеп, яғни мұғалімдер мен жұртшылық тығыз байланыста болуы шартты нәрсе
дей келе мектебімізде ата-аналармен бірлесіп көптеген іс-шаралар
өткізіледі, атап айтсақ соның ішінде салт-дәстүрді дәріптеуде Наурыз
мейрамы, Ораза Айт күндеріне байланысты имандылық тәрбиесі сынып
сағаттарында өткізіліп тұрады.
    Елімізде тәрбие беру ісінде бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) маңызы
ерекше. Жаңа қазақстандық қоғамда теледидар мен радионы еркін пайдалануға
мүмкіндік мол.
    Радио мен телеарналарда біраз ұлттық болмысымызға сай бағдарламалардың
жүргізілуін үлкен игілікті істің бастауы деп санауға болады. Мәселен: Мың
бір мақал, жүз бір жұмбақ, Алтыбақан, Ақсүйек, Шаңырақ, Бастаңғы,
Айтыс, т.б. бағдарламалардың тәлім-тәрбиелік құндылығы өте зор.
    Сонымен қатар, бала тәрбиесінде өзіміздің ұлттық дәстүрімізде жасалған
мультфильмдердің, кітаптар мен бейнетаспа үлгілерінің атқарар рөлі де
ерекшк деп білеміз.
    Өскелең ұрпақ білім мен ұлттық тәрбие негіздерін өзінің ұлттық
мектебінен алатыны сөзсіз. Ұлттық мектеп дегеніміз – ұлттық рухта тәрбие
беретін орын.
   Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аласың демекші, ата дәстүріміздің
қалыптаса беруіне отбасы тәрбиесінің ықпалы зор. Әйтседе, күнделікті
тірлікте ортақ тәрбие құралы – бұқаралық ақпарат құралдарын баса пайдаланып
келеміз.
    Қазақтың айтулы қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай былай дейді: Ұлттық
мәдениеттен жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен
мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды.
    Елдің туын көтеріп, тәуелсіздік талаптарын орындау ісіне батыл бетбұрыс
жасаған бүгінгі таңда адамзатттық игіліктерді, халқымыздың ғасырлар бойы
армандаған мәдени-рухани мұрағаттары мен ұлттық тәлім-тәрбие саласындағы,
білім жүйесіндегі ізденістерін көрсету басты міндетіміз болып қала бермек.
    Ұлттық тәрбие – біздің ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін асыл қазынамыз. Ал
мұндай мәселелерді зерттеп, көпшіліктің ой-пікірлерін қаум елге жеткізетін
негізгі құрал – бұқаралық ақпарат құралдары екені даусыз.
    Өмірден қымбат нәрсе бар ма адамда,
    Орындыға жұмсасаң өлмес дәрі.
    Қасиетін өмірдің білу керек,
    Басында ми бар болса, бетінде ары, - деп Шәкәрім ақын жырлағандай,
біздің жастарымыздың өз өмірлерін бос өткізбей, білімге жұмсауды, артында
өшпейтін із қалдырып, мәнді де, сәнді де бақытты өмір сүруге ұмтылуына
көмектесуіміз керек. Біздің ұлттық өнеріміздің, мәдениетіміз бен
дәстүрлеріміздің алдыңғы қатарлы үлгілерін, тіліміздің орасан зор байлығын
жас жеткіншектердің жан дүниесіне сіңіріп, сол арқылы әлемдік рухани
өркениеттің өріне шығып, нәр алу – бүгінгі күн талаптарының маңыздысы. Ата-
бабаларымыздың сан ғасырлар бойы ұрпағына азық болған ақыл-кеңес,
өсиеттері, асыл мұрасы ұлттых рух, ұлттық мақтаныш, ұлттық намыс, ана тілі
мен ұлттық мәдениетін қалыптастыру сезімін ояту – баршамыздың парызымыз.
Сонда ғана ұлттық сана-сезімі толыққанды жетілген, туған тілін еркін
білетін, ұлттық сипаты мен ұлттық рухын жоғалтпаған ұрпақ тәрбиелей аламыз.

    Сонымен қорытындай келе, осындай халқымыздың маңдайына біткен ұлттық
құндылықтарымызды, сонау өткен ғасырлардан өшпес мұра болып қалыптасып келе
жатқан дархан халқымыздың таратқан үлгі насихаты асыл мұраларымызды
өздеріңіздің талмай, қажымай еткен еңбектеріңіздің арқасында дарынды да
тәрбиелі оқушылардың бойына сіңіріп, ұлттық мәдениетімізді әлемдік
деңгейдегі мәдениетке жеткізіп сақтауға деген патриоттық сезімді
қалыптастыруға бір кісідей атсалысайық!

60 Жеке тұлғаны ұлттық құндылыққа бағыттап оқытудың маңызы

Бүгінгі ғаламдану процесінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен өзінің бет-
бейнесін, ізгі дәстүрлерін сақтау жолындағы күрес ұлттық сананы сақтау
күресі екенін түсіну.
Ұлттық тәрбие деп жеке тұлғаның ұлттық сана сезімі мен мінез-құлқының ана
тілін, ата тарихын, төл мәдениетін және ұлттық салт-дәстүрлерді меңгеруі
негізінде қалыптасуын айтамыз.[1,273 б.]
Ұлттық мәдени құндылықтар дегеніміз не? Қарапайым тілмен айтқанда ұлттық
мәдени құндылықтар – белгілі бір ұлтқа, ұлт азаматына тән зат, адами қадір-
қасиет, яғни халық ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық рухани және материалдық
құндылықтар.
Адамдардың бойында қалыптасқан имандылық қадір-қасиеттер рухани
құндылықтарға, ал адамдардың қолымен жасалған тұтыну заттары мен кәсібі
материалды құндылықтарға жатады.
Өзімізді өзіміз бағалай білуге бет бұру – ұлттық байлығымызды игеру, ұлттық
санамызды дамыту. Ұлттық құндылықтарды іріктеп, оқыту процесіне енгізу
арқылы ұлттың тұнып тұрған асыл мұралық рухани байлығынан болашақта ел
билейтін ұрпақтарды сусындатып, отбасында да, мектепте де ұлтжандалылық пен
отаншылдыққа баулып, өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтын
тұлғаларды тәрбиелеп шығару.
Өз ұлтын қадірлеп-қастерлеген, ұлт қадірін білген азаматтың бірі
Ж.Аймауытов: Мен халыққа кіндігіммен байланып қалғанмын.Оны үзе
алмаймын.Үзу қолымнан келмейді - дейді. Сырым Датұлы: Мен ағайынды
екеумін:бірі -өзім, екіншісі-халқым - дейді.
Қазақ халқының осындай дәріптеуге, қастерлеуге, дамытуға тұрарлық ұлттық
рухани және материалдық құндылықтары туралы ұлағатты, құнды ойларын халық
игілігіне, келешек ұрпақты, ел-жұртқа ие болар азаматтарды тәрбиелеуге неге
қолданбасқа?
Қоғамдағы адамдар жасаған рухани, материалдық, мәдени құндылықтардың
алмасуы оқыту процесі арқылы жүзеге асырылады.Соның ішінде сын тұрғысынан
ойлау жобасы арқылы оқыту – саналы процесс екенін айтқым келеді.
Интеллектуалдық деңгейі жоғары тұлғаны қалыптастыру үшін, оны оқытып қана
қою жеткіліксіз. Оны тұлға ретінде жан – жақты дамытуға қолайлы, оқытудың
шығармашалақ түрін жасау қажет, яғни шығармашылық оқу әрекетін туғызу
қажет. Бұл баланы, берілген оқу материалын жаттап алу ғана емес, керісінше
өз бетімен білім алу үшін ізденуге үйретеді.
Жеке тұлғаны ұлттық тәрбие арқылы дамыта отырып, нақты әрекет арқылы
оқытуда төмендегі құндылықтардың болуы қажет:
- белсенді қарым-қатынас: оқушы мен мұғалімнің әрбір мәселеде өз
көзқарастарын білдіріп отыруы;
- индивидтік: мұғалімнің әр жеке оқушының ерекшелігін дамытуы, қоғам
алдындағы жауапкершілігінің болуы;
- өзіндік тәртіп: өзіндік бақылау мен бағалауды, шешім қабылдауды үйрену
және оны дамыту;
- шыдамдылық: әр түрлі пікірлерді қабылдай алу, бір-бірінің пікірлері мен
ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау.
Адам мен адамның бір-бірімен араласу,өзара қарым-қатынасында ғана адамның
адамдығы өзі үшін де,өзгелер үшін де ашылады,-дейді философ
М.М.Бахтин.Оның пікірінше, диалог тұлғаны қалыптастырудың құралы ғана
емес,оның адамдық болмысын да көрсетеді.Тұлғаның белсенділігі,өзін-өзі
дамытып отыруға ұмтылуы өзгелерден бөлек жағдайда емес,өзге адамдармен
диалогтық қатынастарға түсу кезінде жүзеге асырылады.Бірлескен қарым-
қатынас негізінде оқушы-оқушы, мұғалім-мұғалім, оқушы-мұғалім арасында
өзара құрметтеу, мойындау, түсіне білу және сыйластық әрекеттері пайда
болып, толеранттық пен мейірімділік көзқарастары қалыптасады.
Сонымен бірге сыни ойлау арқылы тұлға бойында рефлексиялық сапаларды
қалыптастыру. Рефлексиялық сапа дегеніміз білім мен тәрбиені өзіндік сана
арқылы қабылдап, тұлғаның рухани дамуы, ғылыми ақпараттарды игеруі болып
табылады.
Оқушы бойында рефлексиялық сапалардың қалыптасуы білім беруді
ізгілендірудің нәтижесі болып табылады.Оқушының өзін тану үшін және өмірлік
проблемаларын шешудің бірден-бір тәсілі - рефлексиялық басқаруды жүргізе
алуы. Ол үшін төмендегі басты ерекшеліктерді дағдыға айналдыруың маңызы
зор:
- өз тәжірибесін пайдалана отырып, жаңа білім арқылы дүниеге өзіндік
түсінік пен танымды қалыптастыру;
- өзге адамдардың ұсынатын идеяларына конструктивтік көзқараспен қарай алу;

- өзіне қарама-қарсы идеяларды жоққа шығаруға емес, түсінуге ұмтылу, одан
өзі үшін нәтиже шығару;
- өз біліміндегі олқылықтарын көре білу және оны жоюдың жолдарын табу.
Рефлексиялық әрекеттер барысында оқытудың жолдары талданады, өзіндік шешім
қабылдауға жағдай туғызылады.Сөйтіп, бала өзін-өзі дамыту, тәрбиелеу, өз
әрекеттерін ұйымдастыру мүмкіндігін алады.Өз ерекшелігі мен деңгейін
таниды.
Сонымен бірге оқушы тұлғасына шоғырланған білім беру мұғалім тарапынан әр
оқушының өзіндік жақын даму аймағында дербес қабілетін дамытуға түрткі
болу,оларды оқыту мен оқу құндылықтары жүретін практикалық әрекеттерге
баулу, баланың қолынан келетін істерін қолдау арқылы қиын проблемаларын
шешуге көмектесу болып табылады.
Оқушы тұлғасына шоғырланған білім берудің мәні неде?
1.Оқушы тұлғасына шоғырланған білім беру – адамның қалыптасуы,тұлғаның өз
мәдениетінің субьектісі болуына көмектесу, шығармашылық өмірге үйрету.
2.Оқушы тұлғасына шоғырланған білім беру сырттан келетін тәрбиелеу емес,
адам бойынан адамдықты табу,оны қолдау және дамыту негізінде өзін-өзі
реттеуге, тәрбиелеуге әкеледі.Сол арқылы өзіндік болмысы, санасы бар
тұлғалық бейне қалыптасады.
3.Оқушы тұлғасына шоғырланған білім беру – адамның дене және рухани
денсаулығы, адамгершілігі, бостандығы.Ол – тұлғаны түсіну,өзара түсіністік,
ынтымақтастық қарым-қатынастың, салауатты өмір мен парасаттылықтың, өзіндік
қатынастың негізін қалау.
4.Оқушы тұлғасына шоғырланған білім беру тұлғаның қажеттіліктерін
қанағаттандыруға бағыттлады.Сондықтан оның мазмұны баланың өзін тұлға
ретінде дамыту үшін, өз өмірінің субьектісі болу үшін жағдай туғызуға
негізделеді.
Оқушы тұлғасына шоғырланған білім беруде мұғалімнің құзырлылығы қандай?
Тәрбиелеу үрдісі оқушыны тәрбиелеуге емес, оқушы өзін өзі тәрбиелеуе
әкелетін үрдіс болуға тиіс - деп көрсетеді Л.С.Выготский.
Оқыту процесіне соңғы кездері жаңа жобалар мен озық технолоиялар енгізіліп
жатыр.Оның мәні – тұлғаны өзінің әрекеттеріне талдау жасауға,өзі үшін
маңызды мәселелерді анықтай алуға және шешу жолдарын таба білуге
бағыттау.Осы орайда Д.Дьюи философиясының идеясын айтар болсақ, яғни
өмірлік тәжірибеге негізделген өз білімін оқушының да, оқытушының да
пайдалана білуі жүзеге асырылады.Сондықтан жаңа үрдісті тәжірибеге енгізуде
мұғалімдердің сыртқы форманы ғана басшылыққа алмай, оның философиясын ұғыну
маңызды шарт.Өйткені оқытудағы басты мақсат – алдындағы оқушыларға таза
білімнің өзін бере білу емес, бүгінгі алған білімін өмірлік
қажеттіліктеріне сай қолдана білуге үйрету.
Осыған сәйкес оқыту мазмұны құндылықтық, танымдық, әрекеттік- шығармашылық
және тұлғалық қызметтерді қамтиды:
- құндылықтық қызмет: тұлға үшін мәнді бағдар жүйесін, өзіндік даму
траекториясын таңдап алуы;
- танымдық қызмет: тұлғаның рухани дамуының негізі ретінде ұлттық мәдениет,
дәстүр, жан-жақты ғылыми білімдерін игеруі;
- әрекеттік-шығармашылық қызмет: тұлғаның оқу, еңбек ету, ғылыми, көркемдік
және басқа да әрекет түрлерінде өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруы,
шығармашылық қабілетін қалыптастыру және дамытуы;
- тұлғалық қызмет: өзіндік санаға бағытталған рефлексиялық қабілетті дамыту
арқылы өзінің өмірлік мұратын дұрыс қалыптастыруды қамтамасыз етуі.
Білім беру үрдісіндегі демократиялық және гуманитарлық қарым-қатынастар
оқушының танымдық қабілетінің дамуына, өз әрекеттеріне өзгеріс енгізе
алуына, өзін үнемі жетілдіріп отыруына ықпал етеді.Оқытудың осы тұрғыда
ұйымдастырылуы әр оқушының жеке тұлғасындаағы өзіндік ерекшеліктері,
өзіндік өмір тәжірибесі мен өзіндік құндылықтрын ескеру арқылы өзіндік және
өзара бірін-бірі дамытуға жол ашады.
Осылайша қарастыру негізінде білім беру үрдісінде оқушының өзіндік сана,
өзіндік таным, өзіндік білім алу, өзара қарым-қатынас, өз өмірінің
субьектілігі сияқты педагогикалық рефлексиялық сапалары пайда болады және
одан әрі дамиды деген тұжырым жасауға болады.
Баланы тәрбие қылу – тұрмыс майданында ақылмен, әдіспен күресе білетін
адам шығару деген сөз.Қалса өзін, асса барлық адам баласын әділ жолмен өрге
сүйрейтін ер шығару деген сөз.Тұрмыста түйінді мәселелерді тез шеше
білетін, тұрмыстың тұңғиық теңізін қалың қайратпен кеше білетін, адалдық
жолда құрбан бола білетін, қысқасы, адамзат дүниесінің керек бір мүшесі
бола алатын төрт жағы түгел кісі қылып шығару.Баланы мұндай адам қыла алу
үшін тәрбиеші бар күшін, бар білімін жұмсап, жалықпай, шаршамай үйрете білу
керек[4,24 б.].

1.3 Отансүйгіштікке және ұлтжандылыққа тәрбиелеуде ата-ана мен мектептің
ролі.

Еліміз егемендігін алып, тәуелсіздік туы биікке көтерілген қазіргі кезеңде
бүгінгі ұрпақтың қоғамымыздағы жаңару процесін жүзеге асырудағы жүргізген
жұмысы ұшан теңіз. Жеке ел болып дербес даму жолына түскен осы
бастамамыздыбаянды баянды етіп, нығайта түсуде жеткіншектерге жүктелер
міндет те ерекше үлкен.Ал еңсе тіктеген Қазақстандай жас мемлекет үшін бұл
міндет аукымдала түспек. Өйткені Отанымыздың, коғамымыздын келешектегі шын
жанашыры да, арқасүйері де осынау жас ұрпақ арасынан шықпақ. Демек оларды
лайықты ізбасар етіп дайындау, тәрбиелеп шығару үшін білім ордаларындағы
білім, тәрбие жұмыстарын күшейтіп, ұлттық ұлағаттылыққа баулып, өсіру
міндеті алда тұр.

Адамзатты тәрбиелеу өте ұзақ және күрделі процесс. Жеке бастың қалыптасуы,
оның рухани жағынан дамуы бала кезден бастау алады. Жас шыбык иілуге кандай
икем болса, бала да тәрбиені кабылдауға сондай бейім. Соңғы жылдары жалпы
білім беретін мектеп пен жалпыға бірдей орта білім беру ісін дамыту,
жаңарту проблемаларынын ауқымдылығы соншалык, оған жас ұрпаққа білім беру
саласында жүрген азаматтармен қатар, ұлт тәрбиесіне бей-жай карамайтын
әрбір адам өз үлесін қосуда.

Қазіргі заман талабына сай оку-тәрбие жұмысының түрлері, сонымен катар
оларды өткізу іс-шаралары үнемі өзгеріп, жаңарып дамып отыр.

Бүгінгі күннің жас жеткіншіктеріне терең білім
беріп қана коймай, рухани байлығын арттырып, оларды
пысықтыққа, ширақтыққа, түрлі өнерге, шеберлікке

үйрету кажет.

Бітер істің басына

Жақсы келер қасына демекші жақсы ұрпақ тәрбиелегіміз келсе,іскер басшының
жетекшілік етуімен ата-ана мен мектеп бірігіп, ынтымақтаса отырып,
мектептегі тәрбие үйде жалғасын табатындай етіп ұйымдастыра білгеніміз жөн.

Бұл жұмыстарды тиянақты атқаруда мектеп ұжымы өзіне мынадай міндеттер алып
отыр:

казіргі білім беру, икем, дағды деңгейіне қойылатын талаптар негізінде
мемлекеттік калыпта жоғары білім беру;

мұғалім, косымша білім беруші педагогтар психологиялық және білім берудің
барлық мәселелерінің жеке шешімін табуды қамтамасыз ету;

санитарлық-гигиеналық қалыпты ескере отырып, белгіленген денгейде білім
берудің кажетті жағдайларын жасау;

оқушылардың білім сапасын көтеру, жеке қабілетін дамыту, жеке қызығушылық
деңгейін көтеруде кең көлемде қосымша қызмет түрлерін таңдау мүмкіндігін
қамтамасыз ету, тағы сол сиякты міндеттерді коя отырып, жұмыс істеу.

Бірақ тәрбие біржақты болса, онда нәтиже күткендегідей болмауы мүмкін.

Сондықтан ата-аналардан өз міндеттеріне өте жауапкершілікпен карап, ұрпак
тәрбиесін тек мектепке ысырып қоймағандарын калар едік. Бұл үшін
төмендегідей міндеттерді тағы бір еске салып қойсақ артық болмас деп
ойлаймын. Олар:

ата-ана мектеп ұжымымен тығыз байланыста болып, өз баласының әрекетін
бақылауды қамтамасыз ету;

балаға жанұяда қалыпты жағдайдың сақталуын, оқуына қажетті материалды
қамтамасыз ету:

Мектеп жарғысын орындау;

баланың уақытында тұрып, кешікпей сабаққа келуін, себепсіз қалмауын, сырт
көрінісін талап бойынша орындауды қамтамасыз ету.

Қазір заманымыз жақсарып, халықтың әл-ауқатты артып келеді. Дегенмен де
әртүрлі діни көзқарастағы адамдардың үгіт-насихатына балалардың еріп
кетпеуін қадағалағанымыз жөн.

Ата-аналар балаларды мүмкіндігінше көп уақыт үйде жалғыз калдырмауға, немен
шүғылданатынын, мектепке қалай барып келуін, күнде қанша сабақ болып,
қаншада қайтатынын біліп отырулары керек.

Мектеп пен ата-ана ынтымақтаса жұмыс жүргізсе, балаға тиісті көңіл бөле
білсе, олармен санаса білсе, келешектің шын жанашыры, елдің арқасүйер
азаматтары тәрбиеленіп шығары сөзсіз.

2.Оқу-тәрбие үрдісінде отансүйгіштік және ұлтжандық тәрбиелеу жолдары

2.1Этномәдениет құндылықтары – отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру
құралы ретінде

Адамзат тарихының беттерін ақтара отырып, әлем құрлықтарында өмір
кешкен халықтар, ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін күресіп келгенін білеміз.  
Еліміздің дербес, толық қанды ел, егеменді мемлекет болуы, халқымыздың
ертеден бергі еркіндік үшін, туған жері – Отаны үшін күресінің жемісі.
Бүгінгі таңдағы еліміздің әлемдік өркениет шеңберінде өз орны мен статусын
алуға ұмтылысы заңды құбылыс. Өйткені, әр елдің, халықтың өзіндік болмысына
тән мақсат – мұраты бар. Мұрат – алға жетелейтін, болашақтан қол бұлғап
шақыратын, халықтың арманы, мақсаты. Ал мақсат немесе мұрат – ол, болашақта
қол жеткізуге жетелейтін қоғамдық-рухани сананың көрсеткіші -  идеал.
Осы тұрғыдан, Қазақстан халқының мұраты: еркін халық болу; өзгелермен
терезесі тең мемлекет болу; өз ішінде береке-бірлік пен ынтымақ орнаған
халық болу. Бұл мұратты жүзеге асырудың негізгі шарты – әрбір Қазақстан
азаматының қатардағы қоғам мүшесі деңгейінен мемлекеттің саналы әрі
белсенді азаматы әрі өз Отанының, халқының нағыз патриоты дәрежесіне
көтерілуі. 
Отансүйгіштік - азаматтық санамен қалыптасатын қасиет. Азаматтық
сана – біліммен қаруланған, аға ұрпақтың қалдырған мәдени-тәлім
мұраларынан сусындаған, туған жері мен елінің рухани-материалдық, мәдени
құндылықтарын бойына сіңіре білген,  ақыл мен парасаттылығы жетілген, жеке
мүдде мен болашақ үшін жауапкершілікті  өткен мен келешек үрпақ алдындағы
парызбен ұштастыра білетін, ұлтжанды саналы азаматы болуды талап ететін
құбылыс. Қазақстан Республикасы этномәдени білім беру тұжырымдамасында
Бізге қажетті - жаны да, қаны да қазақы халықтың тілі мен дінін, тарихы
мен салт-дәстүрін бойына ана сүтімен бірге сіңірген, егеменді елінің
еңсесін көтеруді азаматтық парызым деп ұғатын  ұрпақ тәрбиелеу -  деп атап
көрсеткендей, еліміздің елдігі  мен бірлігін сақтайтын ұрпақ тәрбиелеу,
білім берудің барлық салаларының алдындағы негізгі міндеттердің бірі.
Сонымен, этномәдениет мазмұны нені қамтиды және ол мазмұнның жастарды
ұлтжанды, Отансүйгіштік  қасиеттерін тәрбиелеудегі құралы не?
Әр халықтың өзіне тән, тарихи-әлеуметтік даму ерекшеліктері мен өмір-
тіршілігіне, тұрмыс-салтына, дәстүрлеріне байланысты дүниетанымдық, рухани-
материалдық, мәдени құндылықтары қалыптасады. Қазақ халқы бай тарихтың
иесі. Қазақ даласы әлемге Екінші ұстаз атанған Әл Фарабиды, Ж.Баласағұн,
Ахмет Иассауи, М.Қашқари, Қадырғали Жалаири сияқты ғұламаларды берді.
Олардың еңбектері, ортағасырдағы Орта Азиялық ренессанс кезеңінің мәдени
өміріне зор үлес қосқан, асылдары болып табылады. Әсіресе, Әл-Фарабидің сан-
салалы ғылыми еңбектері тек Таяу немесе Орта шығыс ғұламалары: Ибн-Сина,
Бируни, Хорезми, Омар Хайям, Хафиз т.б сияқты ғұламаларының ой-пірлеріне 
ғана емес, сонымен бірге Европа ғылымына да ықпал етті.
Тарих тұңғиығынан Қазақстанның мәдени қазыналарын тауып, бүгінгі
ұрпақтың ол байлықты сақтауына, танып білуіне, рухани-мәдениет саласындағы
білімін дамытуға ұсынған еліміздің ғұлама ғалымдарының қажырлы еңбектері –
жастардың патриоттық тәрбиесінің  асыл арналары.
Есік қаласынан табылған Алтын адам ескерткішінен бастап, Орхон-
Енисей тас жазулары, кең байтақ жеріміздің әр аймағынан табылып жатқан
ежелгі мәдениет жәдігерлері, көне сәулеттік ескерткіштер, халық
шеберлерінің қолөнер туындыларының үлгілері – осының бәрі Қазақстан 
мәдениетінің қазынасын байыта түсті әрі бүгінгі ұрпақтың  рухани білім
көзіне айналды.
Еліміздің егемендігімен бірге, халықтық тәлім-тәрбие қазыналарын
жинақтап, оны этнопедагогиканың негізі мазмұнына енгізсек, сол мазмұнды
жүзеге асырудың басты құралы – этномәдениет қазыналары.   
Қазақ халқы ұрпағының Сегіз қырлы-бір сырлы азамат болып дамуын,
ғасырлар бойы қалыптасқан рухани мәдениет  құндылықтарының тәлімдік
мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып жүзеге асырып келді. Ол
құндылықтардың негізін, халқымыздың - әдеби, музыкалық, кәсіби, тұрмыстық
фольклорлары құрайды.
Халқымыздың ауыз әдебиеті шығармашылығы ұрпақ тәрбиелеуге өлшеусіз
үлес қосты және әлі де үлес қосып келеді. Қазақ фольклоры тілінің
бейнелілігімен, көптеген мақал-мәтелдерінің мәнділігімен, мазмұндық
өткірлігімен аса құнды қазына.  Өнер алды - қызыл тіл деп, Тоқсан ауыз
сөздің, тобықтай түйінін  шешкен ата-бабаларымыз,  халықтың өмірі мен
тұрмыс-тіршілігінің алуан түрлі жақтарын қамтитын өзінше бір жылнама
болатын, ұрпақтарға тәлім болатын асыл мұра қалдырған. Сол бай
құндылықтардың ішінде, патриотизмді дәріптейтін мұра - батырлық дастандар.
Алпамыс, Қобыланды, Қамбар батыр, Едіге, Сырым батыр т.б.,
Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама кезіндегі елін, жерін сырт даулардан
қорғаган Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай сияқты мыңдаған қазақ батырларына
арналған көптеген дастандар, өз халқының мүддесі, арман-тілегі, туған жері
үшін жан аямаған батырларға деген халықтың сүйіспеншілігі, азаматтарының
рухани жан дүниесінің беріктігі, ерлігі мен патриоттық қасиетін баяндайтын,
сол сияқты Қыз Жібек, Айман-Шолпан, Қозы Көрпеш-Баян сұлу және т.б. 
лиро-эпостық жырлар мазмұны, рухани тазалықты, адамгершілік пен махаббатті
паш ететін,  халқымыздың этномәдениетінің асыл қазыналары.
Қазақ халқының музыкалық және поэтикалық шығармашылығында жырлаған
халықтың Отан-анаға, туған жерге, көз жетпейтін ұлан-байтақ қазақ даласына,
оның табиғат байлығына деген сүйіспеншілігі музыкалық және эстетикалық
тәрбие құралы болды. Сондықтан да қай кезде болмасын жыршылар, күйшілер,
өлеңші-әншілер қазақ халқының музыка мәдениетін сақтау мен байытуда,
жастарлың эстетикалық талғамдарын, көзқарастарын тәрбиелеуде айрықша
маңызды роль атқарады. Олар өздерінің дидактикалық әндерінде халықты
Отансүйгіштікке, ұлтына деген адалдыққа, әділетке шақырып, жақсылықтың
жеңіп шығатынына сенуге, жамандықпен күресе білуге, жақсы атаулыға ұмтылуға
дәріптеп отырды. Бұл ретте, музыка теориясын зерттеген, ноталық жазуды
дүниеге әкелген Әл Фрабиді, күй атасы Қорқыттан бастап Құрманғазы, 
Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина т.б. күйші композиторларымызды, әнші-
композиторларымызды  (Біржан, Мұхит, Абай, Жаяу Мұса ,  Майра, Кенен және
Әміре т.б.); қазақтың музыка өнері саласындағы мәдениетінің эстафетасын
жоғары көтеріп, бүкіл әлемге паш еткен: К.Байсейітова мен Қ.Байсейітовтер,
Н.Тілендиев, Е.Серкебаев, Р.Бағланова, Б.Төлегенова, Нақыпбековалар,
М.Бейсенғалиев, А.Мұсахожаева, Г.Мырзабекова, Р.Ырымбаева, Ә.Дінішев сияқты
өнер тарландарын мақтан тұтамыз.
  Қазақтың музыкалық құндылықтары, өткен ғасырларда Қазақстанда болған
шетел ғалымдары мен саяхатшыларын (П.Паллас, Г.Клапорт, В.Радлов, А.Левшин,
А.Янушкевич, А.Алекперов т.б.) таң қалдырғаны белгілі. Олардың, қазақтың
рухани мәдениеті туралы, өткен ғасырларда жариаланған еңбектері Қазақтар
А. Алекторов: Әнші ... домбырасының шегін қаға бастады. ... домбыраның
күмбірлеген қайғылы дыбысы маған ерекше бір әсер етті.  ... қарапайым әнге
- қарапайым музыкаға қанша поэзия сыйып жатыр. Қос шекті домбырада мұндай
нәзік, мұндай әсем дыбысты шығады дегенге мен еш уақытта сенбеген болар
едім деп ағынан жарылады. Қазақ халқының музыкалық фольклорының қазыналары
еуропалық музыка зерттеушілердің ғылыми-зерттеу, шығармашылық еңбектеріне
арқау болды. Бұған дәлел ретінде тек Затаевичтің Қазақтың 500 әні,
Қазақтың 1000 әні еңбектерін, Ерзаковичтың, Брусиловскийдің
шығармашылығын айтсақ та жеткілікті. Қазақтың этномәдениеті құндылықтарының
бір саласы - халықтың кәсіби және тұрмыстық фольклоры. Халқымыздың тарихи-
шаруашылық, тұрмыс-тіршілік болмысына байланысты: аңшылығы, саятшылығы,
ағаш,  тері, жүн өңдеуге қатысты қолөнері, зергерлік өнері т.б. сан-алуан
өнерлері. Әсіресе, халық данышпандығының бар асылын бойына жинаған сәндік-
қолданбалы өнері – халқымыздың қоршаған өмір шындығын музыкалық, поэтикалық
және басқа эстетикалық дәстүрлер аясындағы эмоциялық сезімдері мен
эстетикалық талғамдарын қалыптастырған этномәдениетінің қайнар көзі. Бұл
саладағы өткенгі және қазіргі қолөнер бұйымдары, халқымыздың көркем-
шығармашылық дәстүрлері мен рухани-материалдық мәдениетінің құндылықтарын
сақтауға, игере отырып байыта түсуге жетелейді. Халқымыздың кәсіби және
тұрмыстық фольклорын жан-жақты зерттеген: Ә.Марғұлан, К.Ақышев,
Х.Арғынбаев, Т.Басенов, Б.Байжігітов, Ө.Жәнібеков, С.Қасиманов, Э.Масанов,
т.б. еңбектерінде, ұлттық қолөнер түрлерінің  дамуы, философиялық, тарихи,
этнографиялық, мәдениеттанымдық аспектілері, рухани-материалдық құндылық
ретіндегі әлемдік мәдениет аясындағы алатын орны және тәлімдік маңызы
бағаланған.  Міне, сол құндылықтарды туған жерімізде өмір сүре отырып
игеруге, кезіндегі кеңестік ұлт саясаты кедергі жасап келді. Тұтас
кеңестік бір ұлттық саясат пен оның негізгі тірегі кеңес үкіметінің
тоқырауы, біртіндеп келмеске кетуі, қазақ жастарының азаматтық санасына
ықпал еткен, олардың ұлттық намысын көтерген - 1986 жылғы Желтоқсан
көтерілісінен басталды. Міне бұл, қоғам азаматының патриоттық сана-
сезімінің оянғаны. Бүгінгі  еліміздің егемендігі, оның саяси-әлеуметтік,
экономикалық, рухани-мәдениет саласында, әлемдік іргелі елдердің қатарынан
орын алуы, сол азаматтық сананың жемісі. Ата Заңымыздың мазмұнындағы
мемлекет ретіндегі белгіленген басты идеал Еркіндік, теңдік, татулық -
халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған, ерлікпен қол жеткізген және қорғаған
асылы.  Бұл үш түсініктің аясында, мемлекетіміздің басты мұраты, Қазақстан
Республикасы этномәдени білім беру тұжырымдамасының мазмұнында:  Бізге
қажетті - жаны да, қаны да қазақы халықтың тілі мен дінін, тарихы мен салт-
дәстүрін бойына ана сүтімен бірге сіңірген, егеменді елінің еңсесін
көтеруді азаматтық парызым деп ұғатын  ұрпақ тәрбиелеу -  деп
көрсеткендей, еліміздің елдігі  мен бірлігін сақтайтын, Отаны, халқы
алдындағы парызынжауапкершілікпен өтейтін, ұлтжанды  ұрпақ тәрбиелеу
міндеті  тұр. 
Қорыта айтсақ, халқымыздың ғасырлар бойы жасаған рухани-материалдық
мәдениетінің бай мұралары, қазіргі Этномәдениет тәрбиесі негізінде
жастардың Отансүйгіштік тәрбиесі міндеттерін жүзеге асыруда пайдаланатын
тәлімдік құрал болып саналады.
Әлемдік тәжірибеде мойындалған бір ақиқат бар. Ол – ел болудың биік
мағыналы ұғым екені. Оның іргетасы – мемлекет, анығырағы ұлттық мемлекет.
Әділіне көшсек, тек мемлекет құрған ел ғана әлемдік көшке ілесе алады,
өзіндік келбеті бар өркениет жасай алады, өз кезегінде өркениет жасай алған
ел ғана басқа өркениетті елдермен терезесі теңесе алады. Олай болса,
еліміздің тап бүгінгі болмысы мен әлемдік кеңістіктен өз орнын табуға
ұмтылысын мемлекетшілдік бастаулары деп айтуға толық негіз бар. Ресейге
отар ел болып тұрғанымызда “туған ұлт”, “ұлттық”, “ұлтшылдық”, “ұлттық
идея”, “ұлттық мүдде”, “ұлттық тәрбие” мәселесі туралы сөз қозғау мүмкін
болмады. Өйткені, бұл жайында сөз қозғау отарлаушы елдің “жасампаз”
интернационалистік идеологиясына қарсы шыққандық деп есептелетін.

Орайы келгенде айта кететін нәрсе, жауһар Астанамызда бой көтерген “Қазақ
елі” мемориалдық кешенінің негізгі мазмұн-мағынасы да, міне, осыған саяды.
Расында да, осынау киелі атқа ие болған сәулет өнерінің жаңа туындысына зер
салып қараған адам, одан еліміздің сан ғасырлық тарихын, ұлтының болашағы
жолында қасық қаны мен күш-жігерін аямаған ұлы перзенттерін, халықтың асыл
мұратын терең сезініп қана қоймайды, сонымен бірге ұрпақтар байланысын,
қазақ елінің кешегісі, бүгінгісі және ертеңгісін айғақтайтын уақыт
үндестігінің белгілерін де аңғарар еді. Сондықтан да, бұл ескерткіштің
өкшебасар ұрпақты ізгілікке, отансүйгіштікке, елдік биік санаға тәрбиелеуде
маңызы аса зор болатынына сеніміміз кәміл. “Қазақ елі” монументі өткен
күнді көз алдымызға елестетумен бірге келешек жайлы да ой қозғайды. Мұны
монументтің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдеби туындыны бастауыш мектептің оқу - тәрбие процесінде пайдалану арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің теориялық және әдістемелік негізін жасау
ЕРЛІК ДӘСТҮРЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҰСТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘЖІРИБЕСІ
Көркем шығарма арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің педагогикалық мүмкіндіктері
Оқушыларға ұлттық тәрбие берудегі халықтық педагогиканың рөлі
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУШЫ ЗАТТЫҚ ОРТА АРҚЫЛЫ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕГЕ БАУЛУ МӘСЕЛЕЛЕР
Оқушыларды қазақ батырларының қаһармандық бейнесі арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу
Сабақта оқушылардың отансүйгіштік сезімін, түсінігін қалыптастыру
Педагогикалық бастауыш сынып оқушыларының гуманистік көзқарасын қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларына отансүйгіштікті қалыптастыру
Арнайы мамандандырылған спорт мектептерінде қазақ күресі арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу мазмұнын жасап, ұйымдастыру әдістерін ұсыну
Пәндер