Көміртегі, кремний
Периодтық жүйенің IV тобыңдағы элементтердің ішіндегі ең маңыздылары— көміртегі мен кремний. Көміртегі — тірі ағзалардың (организмдердің) құрамына кіретін элементтердің аса маңыздысы болса, кремний — жер қыртысында көп тараған элементтердің бірі.
Көміртегі мен кремний периодтық жүйеде атомдары электрондарын оңай беретін "оң электрлі" элементтер мен атомдары электрондарды оңай қосып алатын "теріс электрлі" элементтердің аралығында орналасқан. Сондықтан көміртегі мен кремний периодтық жүйедегі орнына, атомдарының құрылысына байланысты химиялық реакцияда валентті электрондарын түгелімен басқа атомдармен коваленттік байланыс түзуге жұмсайды.
Көміртегі (II) және көміртегі (IV) оксиді.
Ағашты құрғақ айдау.
Жұмыстың мақсаты. Активтелген көмірді және көміртегі (II) оксидін алу әдістерімен және олардың химиялық қасиеттерімен танысу. Ағашты құрғақ айдағанда бөлінетін заттарды байқау.
Құрал-жабдықтар. Стақандар, колбалар, пробиркалар, тамшылатқыш құйғыш, ағаш жаңқасы, шыны түтікшелер, резеңке түтік, спирт шам, электр плиткасы, хлорды және азоттың (IV) оксидін алатын құралдар.
Реактивтер. Құмырсқа қышқылы, қымыздық қышқылы, концентрациялы күкірт қышқылы, мыс (II) оксиді, фуксиннің, көк сияның ерітінділері, ағаш көмірі.
1 -тәжірибе. Активтелген көмірді дайындау. Стақанға ағаш көмірінің ұсақ бөлшектерін салыңдар, үлкендігі шамамен 1—1,5 см болсын. Содан соң стаканның жартысына дейін ыстық су құйыңдар. Ағаш көмірін салған ыстық суды 4—5 минуттай қайнатыңдар. Көмірдін суды бойына сіңіріп, салмағының ауырлағанына көңіл бөліңдер. Сұйықтықты салқыңдатып, ішіне

КӨМІРТЕГІ, КРЕМНИЙ
Периодтық жүйенің IV тобыңдағы элементтердің ішіндегі ең маңыздылары—
көміртегі мен кремний. Көміртегі — тірі ағзалардың (организмдердің)
құрамына кіретін элементтердің аса маңыздысы болса, кремний — жер
қыртысында көп тараған элементтердің бірі.
Көміртегі мен кремний периодтық жүйеде атомдары электрондарын оңай
беретін "оң электрлі" элементтер мен атомдары электрондарды оңай қосып
алатын "теріс электрлі" элементтердің аралығында орналасқан. Сондықтан
көміртегі мен кремний периодтық жүйедегі орнына, атомдарының құрылысына
байланысты химиялық реакцияда валентті электрондарын түгелімен басқа
атомдармен коваленттік байланыс түзуге жұмсайды.
Көміртегі (II) және көміртегі (IV) оксиді.
Ағашты құрғақ айдау.
Жұмыстың мақсаты. Активтелген көмірді және көміртегі (II) оксидін алу
әдістерімен және олардың химиялық қасиеттерімен танысу. Ағашты құрғақ
айдағанда бөлінетін заттарды байқау.
Құрал-жабдықтар. Стақандар, колбалар, пробиркалар, тамшылатқыш құйғыш,
ағаш жаңқасы, шыны түтікшелер, резеңке түтік, спирт шам, электр плиткасы,
хлорды және азоттың (IV) оксидін алатын құралдар.
Реактивтер. Құмырсқа қышқылы, қымыздық қышқылы, концентрациялы күкірт
қышқылы, мыс (II) оксиді, фуксиннің, көк сияның ерітінділері, ағаш көмірі.
1 -тәжірибе. Активтелген көмірді дайындау. Стақанға ағаш көмірінің ұсақ
бөлшектерін салыңдар, үлкендігі шамамен 1—1,5 см болсын. Содан соң
стаканның жартысына дейін ыстық су құйыңдар. Ағаш көмірін салған ыстық суды
4—5 минуттай қайнатыңдар. Көмірдін суды бойына сіңіріп, салмағының
ауырлағанына көңіл бөліңдер. Сұйықтықты салқыңдатып, ішіне мақта салынған
құйғыш арқылы өткізіп, көмірді сүзіп алыңдар. Көмірді жинап, қайта
қыздырыңдар. Темір тостағаншаны салқындатып, көмірдің кеуектенгеніне назар
аударыңдар. Міне, осыңдай өңдеуден кейін көмір активтелген көмірге
айналады. Осы активтелген көмірді келесі тәжірибелерге пайдаланыңдар.
2-тәжірибе. Активтелген көмірдің ерітінді бояуын сіңіруі. Пробирканың
үштен бір бөлігіне дейін су құйып, оған бір-екі тамшы фуксиннің немесе
күлгін сиянын ерітіндісін тамызыңдар. Үстіне бірнеше түйір активтелген
көмір салыңдар. Пробирканың аузын үлкен саусақтарыңмен басып тұрып, бірнеше
рет шайқап араластырындар. Біраз уақыт тұңдырып қойыңдар. Ерітіндінің
түссізденгеніне көңіл бөліңдер. Ағаш көмірінің бұл қасиетін адсорбция деп
атайды. Бұл тәжірибені дәрі ретінде пайдаланылатын карболенмен де жасауға
болады.
3-тәжірибе. Активтелген көмірдін газдарды сіңіруі. Екі колба алып,
бірін хлормен, екіншісін азоттын диоксидімен толтырыңдар. Екеуіне де
активтелген көмір салып, колбалардын аузын тығындаңдар. Колбаларды шайқап
араластырыңдар. Колбадағы газдардың түссізденгеніне назар аударыңдар.
Оларды кристалдағыштағы суға төңкеріп, тығындарын су ішінде ашыңдар.
Колбаларға судың көтерілгенін байқаңдар.
4-тәжірибе. Ағаш көмірінің мыс (II) оксидін тотықсыздандыруы. Ағаш
көмірінің тотықсыздандырғыш қасиетін мынадай тәжірибе арқылы онай байқауға
болады. 0,5 г мыс (II) оксиді мен 0,5 г ұнтақталған ағаш көмірін
араластырып, пробиркаға салып, аузын газ өтетін түтігі бар тығынымен
бекітіңдер. Түтіктің екінші ұшын стақанға құйылған әк суына батырып,
пробирканы штативке көлбеу бекітіңдер. Пробиркадағы ағаш көмірі мен мыс
(II) оксидінің қоспасын қыздырыңдар. Біраздан кейін стақандағы әк суы
лайланады, яғни мыс (II) оксиді мен көмір әрекеттесіп, көмір қышқыл газы
түзіледі. Көмір қышқыл газының бөлінуі тоқтаған кезде, пробиркадағы қоспаны
қағаз бетіне төгіп, ақырын үрлеңдер. Сонда ағаш көмірі қағаздан ұшады да,
артық алынған мыс оксиді мен тотықсызданған мыс қалады.
5-тәжірибе. Көміртегі (II) оксидін органикалық заттардан алу.
Зертханада көміртегі (II) оксидін қымыздық қышқылын (Н2С2О4) немесе
құмырсқа қышқылын (НСООН) концентрациялы күкірт қышқылымен қосып қыздыру
арқылы алады. Концентрациялы күкірт қышқылы органикалық қышқылдар
айырылғанда бөлінетін су молекулаларын өзіне қосып алады. Енді осы екі әдіс
бойынша көміртегі (II) оксидін қалай алуға болатындығын қарастырып көрейік.
а) қымыздық қышқылынан алу. Колбаға 4 - 5 г қымыздық қышқылын салып, аузын
тамшылатқыш құйғышпен және газ шығатын түтігі бар тығынмен бекітіңдер.
Құйғышқа концентрациялы күкірт қышқылын құйыңдар. Газ шығатын түтікті
ішінде сілті ерітіндісі бар пробиркаға тығын арқылы кигізіңдер. Ол тығынға
тағы бір түтік кигізілуі керек, себебі ол түтік арқылы көміртегі (II)
оксидін жағып көресіңдер. Пробиркаға қажетті реактивтерді құйып, құралды
құрастырып болғаннан кейін штативке бекітіңдер де, құйғыш арқылы
концентрациялы күкірт қышқылын тамшылатып қосыңдар. Реакция нәтижесіңде
көміртегі (II) оксидімен бірге көміртегінің (IV) оксиді де түзіледі. Ол
пробиркадағы сілті ерітіндісіне сіңеді де, бос көміртегі (II) оксиді
пробиркадағы екінші түтік арқылы сыртқа шығады. Оны сол шыққан жерінде
жағып көріңдер. Колбадағы қымыздық қышқылына концентрациялы күкірт қышқылын
құйғаннан кейін көміртегі оксидтері біршама жақсы бөлінсе, колбаны
қыздырудың қажеті жоқ. Реакция теңдеуін жазыңдар.
ә) құмырсқа қышқылын алу. Жоғарыдағы құралды пайдаланыңдар. Колбаға 4—5
мл құмырсқа қышқылын құйыңдар. Тамшылатқыш құйғышқа 2—3 мл концентрациялы
күкірт қышқылын құйып, құралды пробиркадағы сілті ерітіндісімен
жалғастырып, штативке бекітіңдер. Содан кейін күкірт қышқылын құмырсқа
қышқылына тамшылатып құйыңдар. Күкірт қышқылы құмырсқа қышқылынан суды
қосып алады да, көміртегі (II) оксиді бөлініп шығады. Ыдыстың ішіндегі ауа
толық ығысқан кезде көміртегі (II) оксидін жағып көріңдер немесе көміртегі
(II) оксидін цилиндрге жинап алындар. Цилиндрдің аузын жоғары
қаратып ұстаңдар да, ішіне су құйыңдар. Көміртегі (II) оксиді суды толық
ығыстырған кезде цилиндрді судан алып, ондағы көміртегі (II) оксидін жағып
көріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.
6-тәжірибе. Көміртегі (II) оксидінің тотықсыздандырғыш қасиеті.
Көміртегі (II) оксиді бос күйіндегі немесе қосылыстардың құрамындағы
оттегімен де қосыла алады. Көміртегі (II) оксиді металл оксидімен реакцияға
түскенде, металды бос күйіне дейін тотықсыздандырады. Көміртегі (II)
оксидін бұрынғы әдістердің бірімен алады. Шыны түтікке мыс (II) оксидін
салып, қыздырыңдар. Мыс (II) оксиді қызған кезде колбадағы қымыздық
қышқылына тамшылатқыш құйғыш арқылы концентрациялы күкірт қышқылын
тамызыңдар. Көміртегі оксиді бөліне бастайды. Ол түтік бойымен өткен кезде
мыс оксидімен әрекеттесіп, оны тотықсыздандырады. Реакция нәтижесінде
түзілген көміртегі (II) оксиді реакцияға қатыспай қалған көміртегі (II)
оксидіне араласқан күйде шыны шөлмектегі әк суына келеді. Мұңда көмір
қышқыл газы әк суымен әрекеттеседі, оны әк суының лайланатынынан байқаңдар.
Ал көміртегі (II) оксиді шөлмектен екінші түтік арқылы сыртқа шығады, оны
осы жерде жағып көріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.
7-тәжірибе. Ағашты құрғақ айдау. Ағашты ауа қатыстырмай жабық ыдыстың
ішінде қыздырғанда оның құрамына кіретін органикалық заттар айырылып,
бөлініп шығады. Бұл процесте газ, сұйық және қатты заттар түзіледі. Бірақ
ыдыстың ішінде ауа болмағаннан, түзілген жанғыш заттар от қойса да
жанбайды. Зертхана жағдайында тәжірибені орындау үшін аса күрделі жабдықтың
қажеті жоқ. Ол үшін, дөңгелек түпті колбаның немесе ретортаның жартысына
дейін ағаштың құрғақ жаңқасын немесе ұнтағын салып, аузын газ шығатын
түтігі бар тығынмен бекітіңдер. Оны суық суға салынған екінші колбамен
жалғастырындар. Суық су колбаға келген сұйық өлшемдерді суыту үшін керек.
Колбадан екінші бір түтікті сыртқа шығарып қойыңдар. Ол колбадағы газды
сыртқа шығару үшін қажет. Осыдан кейін ағаш жаңқасы бар колбаны штативке
көлбеу бекітіп, қыздырыңдар. Ағаш жаңқасынан бөлінген газ және сұйық
өнімдер суық суға салынған қабылдағышқа келеді. Тұтқыр заттар мен
сұйықтықтар колбада қалып қояды да, газдар ауаны ығыстырып, газ шығатың
түтіктен сыртқа шығады. Оны түтіктің ұшында жағып көруге болады. Ол
жарқыраған жалын шығарып жанады. Тәжірибені аяқтағаннан кейін,
қабылдағыш колбадағы сұйық өнімдерді тексеріп көріңдер. Алғаш көк лакмус
қағазына әсерін байқаңдар. Лакмус қағазы қызарады. Одан бөлінген
сұйықтықтың ішінде сірке қышқылының бар екенін аңғаруға болады. Оны сұйық
қышқылды (СН3СООН) ағаш сіркесі деп атайды. Ол сұйықтықта сірке қышқылынан
басқа ағаш спирті, ацетон және басқа да өнімдер болады. Колбадағы
сұйықтықтың бетінде қалқып жүрген ным (смола) болады. Оның құрамы ете
күрделі, онымен сендер органикалық химия курсында танысасындар.
Көміртегі диоксиді және көмір қышқылы
Көміртегі диоксиді — түссіз, ауадан ауыр газ. Оны көмір қышқыл газы деп
те атайды. Ол барлық жану, шіру, тыныс шығару, фотосинтез процестерінің
өнімі. Көміртегі диоксиді суда (1:1) ериді, қатты қысым түсірсе (60 МПа)
қалыпты температурада-ақ сұйылады. Сұйық көміртегі диоксиді қатты суығанда
қар сияқты массаға айналады. Оны "құрғақ мұз" деп те атайды.
Жұмыстық мақсаты. Көмір қышқыл газы мен көмір қышқылын алу және олардың
химиялық қасиеттерімен танысу.
Құрал-жабдықтар. Бөлгіш құйғыш, колбалар, пробиркалар, имек шыны
түтіктер, стақандар, зат жағатын темір қасық, темір келі мен келсап, қызыл
және кек лакмус қағаздары, лакмус, фенолфталеин ерітінділері, құм.
Реактивтер. Көмір қышқыл натрий, магний, кальцийдің құрғақ тұздары.
Мәрмәр, кальций гидроксидінің ерітіндісі, хлорлы барий, азот қышқылы, күміс
тұзының ерітіндісі, магний таспасы не ұнтағы, сұйылтылған (1:1) түз, күкірт
(1:5) және концентрациялы түз және күкірт қышқылдарының ерітінділері.
1 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz