Е-қаржымині жүйесіне қойылатын жалпы талаптар


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 112 бет
Таңдаулыға:   

Конкурстық құжаттамаға

2-қосымша

e -ҚАРЖЫМИНІ

БІРІКТІРІЛГЕН АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН

АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ

ТЕХНИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІК

бетте

Мазмұны

ТЕХНИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІК 1

1ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР7

1. 1ЖҮЙЕНІҢ ТОЛЫҚ АТАУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ШАРТТЫ БЕЛГІСІ . . . . . . 7

1. 2 КІРІСПЕ . 7

1. 3АНЫҚТАМАЛАР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . . 8

2ЖҮЙЕНІҢ ТАҒАЙЫНДАЛУЫ МЕНМАҚСАТТАРЫ . . . 13

2. 1ЖҮЙЕНІҢ ТАҒАЙЫНДАЛУЫ . . . 13

2. 2ЖҮЙЕНІ ҚҰРУ МАҚСАТТАРЫ . . . 13

2. 3ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУ КЕЗЕҢДЕРІ . . . 15

2. 4ӘЛЕУЕТТІ ӨНІМ БЕРУШІГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР. . . 18

2. 5ЖОБАЛАУ КОМАНДАСЫНЫҢ ҚҰРАМЫНА ҚОЙЫЛАТЫН КӘСІБИ ТАЛАПТАР. . . . 19

2. 6УАҚЫТША ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР БІРЛЕСТІКТЕРІНІҢ (КОНСОРЦИУМДАРДЫҢ) КОНКУРСҚА ҚАТЫСУЫ . . . 19

3е-ҚАРЖЫМИНІ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР. . . 19

3. 1БААЖ ҚОЙЫЛАТЫН ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ТАЛАПТАР . . . 21

3. 1. 1«ҚР ҚМ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖОСПАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ОРЫНДАУ МОНИТОРИГІ» КІШІ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР. . . 23

3. 1. 2 «БЮДЖЕТТІК ӨТІНІМ ЖОБАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ҚР ҚМ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖОСПАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫН БАҚЫЛАУ» КІШІ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР . . . 25

3. 1. 3 «КОНЦЕССИЯ ШАРТТАРЫНЫҢ ТІЗІЛІМІН ЖҮРГІЗУ» КІШІ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР . . . 28

3. 1. 4«Аудиторлық қызметті лицензиялауды және кәсіби аудиторлық ұйымдарды, кәсіби бухгалтерлер ұйымдарын және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау ұйымдарын аккредиттеуді автоматтандыру» кіші жүйесіне қойылатын талаптар . 29

3. 1. 5«Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің салық органдары арасында ақпарат алмасу» кіші жүйесіне қойылатын талаптар32

3. 1. 6«МБ кіріс бөлігінің кеден төлемдері бөлігінде атқарылуы» кіші жүйесіне қойылатын талаптар. 34

3. 1. 7«Салықтық емес түсімдер және негізгі құралдарды сату (мемлекеттік меншікті басқару) бөлігінде МБ-нің атқарылуы» кіші жүйесіне қойылатын талаптар39

3. 1. 8«МБ-ның мемлекеттік қарыз алулар бөлігіндегі атқарылуы» кіші жүйесіне қойылатын талаптар50

3. 1. 9«РБ-ның атқарылуы, жергілікті бюджеттердің, ҰҚ атқарылуына қызмет көрсету» кіші жүйесіне қойылатын талаптар57

3. 1. 10«Мемлекеттік қаржылар бойынша есептілікті және статистиканы қалыптастыру, бюджеттердің атқарылуын талдау» кіші жүйесіне қойылатын талаптар. 58

3. 1. 11«Төлемге қабілетсіз ұйымдар мен дәрменсіз борышкерлерді қаржы-экономикалық сауықтыру» кіші жүйесіне қойылатын талаптар61

3. 1. 12«Қаржы мониторингі» кіші жүйесіне қойылатын талаптар64

3. 1. 13«ҚР Қаржыминінің кадрлық әлеуетін қалыптастыру, кадр құрамы бойынша есептерді қалыптастыру және табыстау» кіші жүйесіне қойылатын талаптар77

3. 1. 14«Бухгалтерлік есеп» кіші жүйесіне қойылатын талаптар79

3. 1. 15«ҚР Қаржымині органдарының АТ қамтамасыз ету» кіші жүйесіне қойылатын талаптар . . . 81

3. 1. 16«Қаржылық бақылау» кіші жүйесіне қойылатын талаптар84

3. 1. 17«Заңи қамсыздандыру» кіші жүйесіне қойылатын талаптар84

4Жүйелік қойылатын талаптар86

4. 1БААЖ-ға қойылатын жалпы талаптар86

4. 2Кешенді ақпараттық жүйе86

4. 2. 1Мұраға қалған жүйелердің жұмыс істеуіне қойылатын талаптар88

4. 2. 2БААЖ шеңберінде кіші жүйелерді біріктіру мен өзара іс-қимылға қойылатын талаптар. . . 89

4. 3БААЖ-дың аппараттық құралдарына қойылатын талаптар92

4. 4БААЖ-ды ақпараттық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар93

4. 5Лицензиялау мен құқық иеленуге қойылатын талаптар94

4. 6Патенттік тазалыққа қойылатын талаптар94

4. 7Аудит ақпаратын жинау мен басқаруға қойылатын талаптар94

4. 8Стандарттау мен бірегейлендіруге қойылатын талаптар95

4. 9Ауқымдылығы мен ашықтығына қойылатын талаптар95

4. 10Сенімділікке қойылатын талаптар96

4. 10. 1Техникалық құралдар мен бағдарламалық қамтамасыз ету сенімділігіне қойылатын талаптар96

4. 10. 2БААЖ-ды құрудың әртүрлі сатыларында сенімділік көрсеткіштерін бағалау мен бақылау әдістеріне қойылатын талаптар96

4. 10. 3Резервке көшіру жүйесіне қойылатын талаптар96

4. 11Ақпаратты қорғау және оның қауіпсіздігіне қойылатын талаптар97

4. 11. 1Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралдарына қойылатын талаптар . . . 98

4. 11. 2Ақпараттық қауіпсіздік саясатына қойылатын талаптар99

4. 11. 3Түпнұсқаландыруға және авторландыруға қойылатын талаптар99

4. 11. 4Қол жеткізуді басқаруға қойылатын талаптар100

4. 11. 5Парольдік теңшеуге қойылатын талаптар100

4. 11. 6Жаңылысу және апаттар кезінде ақпаратты қорғауға қойылатын талаптар . . . 101

4. 11. 7Есептеу жабдығының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар101

4. 11. 8Базалық бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар102

4. 11. 9Криптографиялық ақпарат қорғау құралдарын қолдану102

4. 11. 10Желіаралық экрандарға (FireWall) қойылатын талаптар102

4. 12Эргономика мен техникалық эстетикаға қойылатын талаптар102

4. 13Тілдерді қолдау бойынша қойылатын талаптар104

5арнайы қойылатын талаптар105

5. 1Кіші жүйелерді әзірлеу процесіне қойылатын талаптар105

5. 2Дерекқорды жүргізуге қойылатын талаптар105

5. 3Қазақстан Республикасы Салық комитетінің кіші жүйесі105

5. 4Қазақстан Республикасы Қазынашылық комитетінің жүйесі (ҚБАЖ) 105

5. 5Арнайы Іс жүргізу кіші жүйесіне қойылатын талаптар105

6жұмыстардың құрамы және мазмұны106

6. 1БААЖ кіші жүйелеріне жеке техникалық тапсырмалар құру жөніндегі жұмыстардың құрамы және мазмұны106

6. 2БААЖ кіші жүйелерін құру жөніндегі жұмыстардың құрамы және мазмұны . . . 106

6. 3Деректерді миграциялауға қойылатын талаптар106

6. 4БААЖ персоналының санына және олардың біліктілігіне қойылатын талаптар . . . 107

6. 5Таныстыру тренингтерін және оқытуды ұйымдастыруға қойылатын талаптар . . . 107

7БААЖ-ды бақылау және қабылдау тәртібі109

7. 1БААЖ-ды және құрамдас бөліктерін сынау түрлері, құрамы, көлемі және әдістері . . . 109

7. 2Сапаны тестілеу және бақылау рәсімдері110

7. 3Алдын ала сынақтар111

7. 4Тәжірибелі пайдалану112

7. 5Қабылдау сынақтары112

7. 6Жұмыстарды қабылдауға қойылатын жалпы талаптар114

8Құжаттамалауға қойылатын талаптар116

9БААЖ-ға техникалық қолдау көрсету118

1 ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

  1. Жүйенің толық атауы және оның шартты белгісі

Осы құжатта және осының негізінде құрылатын барлық келесі құжаттарда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ақпараттық жүйелерінің құрылатын бағдарламалық-аппараттық кешені Біріктірілген Автоматтандырылған Ақпараттық Жүйе (бұдан әрі «БААЖ») болып аталады.

  1. Кіріспе

ҚР ҚМ (бұдан әрі «ҚР ҚМ»), оның құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарының мемлекеттік функцияларды орындау және мемлекеттік қызметтер ұсыну жөніндегі процестер автоматтандыру (біріктіру) объектісі болып табылады.

ҚР Қаржы министрлігі және оның ведомстволық бағынысты ұйымдары өз қызметін (процестерді) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен, мемлекеттік органдардың (бұдан әрі «МО») қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.

Кешенді функционалдық талдау шеңберінде ARIS жүйесінің CASE модельдерінің нотацияларында ҚР ҚМ және оның ведомстволарының «сол қалпындағы» процестері алынды. Процестердің моделін жетілдіру өлшемдерінің негізінде қайта қаралды және «қалай болуы тиіс» процестері алынды: қызметтің негізгі бағыттарын құрайтын (мемлекеттік функцияларды орындау және мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі де, ҚМ және оның ведомстволарының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметтің де) ҚР ҚМ өтпелі процестері бөліп алынды.

Автоматтандыру объектілерінің құрылымдық құрамы былайша:

  • Орталық аппарат;
  • Салық комитеті;
  • Кедендік бақылау комитеті;
  • Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті;
  • Қазынашылық комитеті;
  • Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті;
  • Қаржылық бақылау комитеті;
  • Қаржы мониторингі комитеті.

е-Қаржымині архитектурасын енгізгенге дейін ҚР ҚМ ведомстволарының ақпараттық жүйелері орталықсыздандырылып дамыды, бұл тұтастай алғанда ҚР ҚМ одан әрі дамуына шектеу қойды және түрлі айтарлықтай еңбекті көп қажет ететін және кертартпа функциялардың (ведомстволардың АЖ арасында деректерді шығару, салыстыру, жүктеу, қолмен жинақтау, деректерді немесе есептерді және т. с. с. шоғырландыру, беру) қатар болуына әкеп соқтырды .

Бірыңғай «электрондық Қаржы министрлігі» жаңа архитектурасында мынадай процестер оңтайландырылады:

  • басқа (орталық емес) жүйеге немесе дерекқорға жүктеу мақсатында файл-есептерді қалыптастыру (жүйеден көшіру, экспорттау, алу) ;
  • қандай да бір ақпараттық жүйеге жүктеу немесе импорттау алдында файлдардың, есептердің, құжаттардың форматы мен мазмұнының дұрыстығын салыстыру, салыстырып қарау, тексеру;
  • ақпаратты файлдардан (немесе электрондық құжаттардан) ақпараттық жүйеге (орталықтандырылмаған) жүктеу (импорттау) ;
  • деректерді тұрақты қолмен жинақтау, ұйымдарға - автоматтандыру объектілеріне немесе сыртқы ортаға беру үшін барлық түрдегі есептерді қағаз тасығыштарда тұрақты қалыптастыру. Функция автоматтандырылады және деректерді сақтау мен өңдеудің жалғыз орталығының арқасында Орталық аппараттың бір бөлімшесіне беріледі (орталықтандырылады) ;
  • автоматтандыру объектілерінің қағаз ақпараттық-талдамалы, есепті, статистикалық және басқа да құжаттарды қолмен қалыптастыруы;
  • жалпы датаорталық арқылы емес жергілікті ақпараттық жүйелер арасында деректердің көші-қонын, таратылуы мен бірнеше рет мұрағатталуын АТ қолдау;
  • ҚР ҚМ бар ақпараттық жүйелерінде тіркелетін бастапқы деректерді қосарлы есепке алу («жалғыз терезе» қағидаты іске асыралады) .

Бұдан басқа ведомстволардың ақпараттық жүйелерде нормативтік-анықтамалық ақпаратты жүргізу толығымен орталықтандырылады, ол үшін ОА НАА жүргізу жөніндегі мамандандырылған бөлімше құру ұйғарылып отыр.

Кешенді функционалдық талдау жүргізу нәтижесінде «е-Қаржымині» БААЖ құруға Техникалық тапсырма мен Техникалық-экономикалық негіздеме әзірленді, онда шешім нұсқаларын талдау, құрауыштар, іске асыру кестесі, шешімнің архитектурасы мен шешім құнының алдын ала бағасы сипатталады.

  1. Анықтамалар мен қысқартулар

Анықтама/

қысқарту

Толық нысан
Анықтама/қысқарту:

БААЖ,

е-Қаржымині, Жүйе

Толық нысан: е-Қаржымині біріктірілген автоматтандырылған ақпараттық жүйесі - ақпаратты жинақтауды, сақтауды, қорытуды, беру мен өңдеуді автоматтандыру үшін өзара байланысты аппаратты-бағдарламалық құралдардың жиынтығы.
Анықтама/қысқарту: е-Қаржыминінің архитектурасы
Толық нысан: ҚР ҚМ мемлекеттік ақпараттық жүйесінің элементтерін қамтитын, құрудың бірыңғай қағидаттары мен мақсаттарына жауап беретін, «электрондық үкімет» құру шеңберінде Министрліктің бірыңғай ақпараттық кеңістігін қамтамасыз ететін ҚР Қаржы министрлігінің құрылымдық моделі.
Анықтама/қысқарту: EAL
Толық нысан: Сенімнің бағалау деңгейі.
Анықтама/қысқарту: Құрауыш
Толық нысан: Белгілі бір белгісі бойынша немесе белгілерінің жиынтығы бойынша бөліп көрсетілген және бірыңғай тұтас ретінде қарастырылатын белгілі бір бизнес (кіші) процестің функционалдығын іске асыратын БААЖ бөлігі.
Анықтама/қысқарту: ББӘ
Толық нысан: Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі
Анықтама/қысқарту: СБӘ
Толық нысан: Сырттай байқау әкімшісі
Анықтама/қысқарту: СА
Толық нысан: Статистика агенттігі
Анықтама/қысқарту: ҚР ПӘ
Толық нысан: ҚР Президентінің Әкімшілігі
Анықтама/қысқарту: ТЖБАЖ (ЖБО)
Толық нысан: Тауарларды жеткізуді бақылаудың автоматтандырылған жүйесі (КБК Жедел басқару орталығының модулі)
Анықтама/қысқарту: ДҚ
Толық нысан: Дерекқор
Анықтама/қысқарту: БП
Толық нысан: Бизнес-процесс, процесс
Анықтама/қысқарту: МО
Толық нысан: Мемлекеттік орган(дар)
Анықтама/қысқарту: ЖКД
Толық нысан: Жүк кеден декларациясы
Анықтама/қысқарту: МБД
Толық нысан: Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын талдау және оның әдіснамасы департаменті
Анықтама/қысқарту: МҚД
Толық нысан: Мемлекеттік қарыз алу департаменті
Анықтама/қысқарту: ДБ
Толық нысан: Дебиторлық берешек
Анықтама/қысқарту: МСӘД
Толық нысан: Мемлекеттік сатып алуды басқару әдіснамасы департаменті
Анықтама/қысқарту: МАӘД
Толық нысан: Мемлекеттік активтерді басқару әдіснамасы, ішкі қаржылық бақылау және бюджеттік кредит беру департаменті
Анықтама/қысқарту: ХҚД
Толық нысан: Халықаралық қатынастар департаменті
Анықтама/қысқарту: МОҚД
Толық нысан: Мемлекеттік органның қызметін қамтамасыз ету департаменті
Анықтама/қысқарту: КСД
Толық нысан: Есептілік және статистика департаменті
Анықтама/қысқарту: СДД
Толық нысан: Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық департаменті
Анықтама/қысқарту: КҚД
Толық нысан: Кеден құны декларациясы
Анықтама/қысқарту: ЗҚД
Толық нысан: Заң қызметі департаменті
Анықтама/қысқарту: Тапсырыс беруші
Толық нысан: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен оның құрылымдық бөлімшелері
Анықтама/қысқарту: АКТ
Толық нысан: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Анықтама/қысқарту: СН/БСН
Толық нысан: Сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі
Анықтама/қысқарту: МТ МДҚ АЖ
Толық нысан: «мекен-жай тіркелімі» мемелекеттік дерекқордың ақпараттық жүйесі
Анықтама/қысқарту: ЖТ МДҚ АЖ
Толық нысан: «жыжымайтын мүлік тіркелімі» мемелекеттік дерекқорының ақпараттық жүйесі
Анықтама/қысқарту: ЖТ МДҚ АЖ
Толық нысан: «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорының ақпараттық жүйесі
Анықтама/қысқарту: ЗТ МДҚ АЖ
Толық нысан: «Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерекқорының ақпараттық жүйесі
Анықтама/қысқарту: ММЖК
Толық нысан: Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті
Анықтама/қысқарту: КБ
Толық нысан: Кредиторлық берешек
Анықтама/қысқарту: ҚК
Толық нысан: Қазынашылық комитеті
Анықтама/қысқарту: БКМ
Толық нысан: Бақылау-кассалық - Машина
Анықтама/қысқарту: ДБК
Толық нысан: Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті
Анықтама/қысқарту: КҚ
Толық нысан: Кадр қызметі
Анықтама/қысқарту: КБК
Толық нысан: Кедендік бақылау комитеті
Анықтама/қысқарту: КҚТ
Толық нысан: Кеден құнын түзету
Анықтама/қысқарту: КБ
Толық нысан: Конкурстық Басқарушы
Анықтама/қысқарту: ҚБК
Толық нысан: Қаржылық бақылау комитеті
Анықтама/қысқарту: ҚМК
Толық нысан: Қаржы мониторингі комитеті
Анықтама/қысқарту: ӨММЖД
Толық нысан: Өңіраралық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті
Анықтама/қысқарту: ҚМ
Толық нысан: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Анықтама/қысқарту: ЭБЖМ
Толық нысан: Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Анықтама/қысқарту: ТБ
Толық нысан: Төлем қабілетсіз борышкер
Анықтама/қысқарту: СК
Толық нысан: Салық комитеті
Анықтама/қысқарту: НҚА
Толық нысан: Нормативтік-құқықтық акт
Анықтама/қысқарту: НАА
Толық нысан: Нормативтік-ақпараттық анықтама
Анықтама/қысқарту: ҰКО
Толық нысан: Ұлттық куәландыру орталығы
Анықтама/қысқарту: МҚМЗТ
Толық нысан: Мемлекеттің қатысуы бар мемлекеттік емес заңды тұлғалар
Анықтама/қысқарту: ҰҚО
Толық нысан: Ұйымдастыру - қызмет ойыны
Анықтама/қысқарту: БҚ
Толық нысан: Бағдарламалық қамтым
Анықтама/қысқарту: Өнім беруші
Толық нысан: Өтінімі өткізілетін конкурс шеңберінде жеңген болып танылатын әлеуетті өнім беруші
Анықтама/қысқарту: ҚРҮ
Толық нысан: Қазақстан Республикасының Үкіметі
Анықтама/қысқарту: ЭҚП
Толық нысан: Электрондық қызметтер порталы
Анықтама/қысқарту: ЖТ
Толық нысан: Жұмыс тобы
Анықтама/қысқарту: РМК
Толық нысан: Республикалық мемлекеттік кәсіпорын
Анықтама/қысқарту: ҚР
Толық нысан: Қазақстан Республикасы
Анықтама/қысқарту: СжСОТ
Толық нысан: Салық төлеушілер мен салық салу объектілерінің тізілімі
Анықтама/қысқарту: ОБ
Толық нысан: Оңалтуды басқарушы
Анықтама/қысқарту: СБТБ
Толық нысан: Селективті бақылау және тәуекелдерді басқару
Анықтама/қысқарту: ЖБҚ
Толық нысан: Жүйелік бағдарламалық қамтым
Анықтама/қысқарту: ҚДБ
Толық нысан: Мыналарды: комитеттерді, аумақтық бөлімшелер мен орталық аппараты қамтитын Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімшесі
Анықтама/қысқарту: ТҚ
Толық нысан: Техникалық қызмет көрсету
Анықтама/қысқарту: КТжС
Толық нысан: Кедендік төлемдер және салықтар
Анықтама/қысқарту: ТТ
Толық нысан: Техникалық тапсырма
Анықтама/қысқарту: АБ
Толық нысан: Қаржы министрлігінің аумақтық бөлімшесі
Анықтама/қысқарту: ТЖЖ
Толық нысан: Техно-жұмыс жобасы (құжаттамасы)
Анықтама/қысқарту: ТЕ
Толық нысан: Техникалық ерекшелік
Анықтама/қысқарту: СЭҚҚ
Толық нысан: Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар
Анықтама/қысқарту: ЕБМ
Толық нысан: Есепке алу-бақылау маркасы
Анықтама/қысқарту: ФЖ
Толық нысан: Фискалдық жады
Анықтама/қысқарту: ҚЖС
Толық нысан: Қаржы-экономикалық сауықтыру
Анықтама/қысқарту: ОА
Толық нысан: ҚР ҚМ орталық аппараты
Анықтама/қысқарту: ЖТТ
Толық нысан: Жеке техникалық тапсырма
Анықтама/қысқарту: ЖКД ЭК
Толық нысан: Жүк кеден декларациясының электрондық көшірмесі
Анықтама/қысқарту: ЭҮ
Толық нысан: Электрондық үкімет
Анықтама/қысқарту: ЭСҚ
Толық нысан: Электролндық сандық қол
Анықтама/қысқарту: SOA
Толық нысан: Service Oriented Architecture (Сервис Бағдарланған Архитектура)
  1. ЖҮЙЕНІҢ ТАҒАЙЫНДАЛУЫ МЕН МАҚСАТТАРЫЖүйенің тағайындалуы

Енгізілетін жүйе бөлімшелерді біріктіруге, бизнес-процестерді автоматтандыруға және ҚР ҚМ мен оның ведомстволарының аумақтық бөлімшелермен ақпараттық ресурстарын орталықтандыруға арналған. е-Қаржыминінің архитектурасы пайдаланушыларға ақпараттық жүйенің қосымшалары мен ресурстарына біріктірілген қауіпсіз және сенімді қатынауды қамтамасыз етуі тиіс.

  1. Жүйені құру мақсаттары

е-Қаржымині БААЖ құрудың негізгі мақсаты ақпаратты орталықтандырылған сақтау, өңдеу және біріктірілген, қауіпсіз және сенімді ақпараттық кеңістікте Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің барлық бизнес-процесін басқару болып табылады.

Біріктірілген ҚМ БААЖ құру үшін мынадай мақсаттарға қол жеткізу қажет:

  • мемлекеттің «жалғыз терезе» қағидаты бойынша азаматтар мен бизнеске біріктірілген қызметтер ұсынуы;
  • орталықтандыру, регламенттеу және біріктіру есебінен мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауап беретін процестердің орындалуын жетілдіру;
  • ҚР ҚМ бірыңғай ақпараттық кеңістігін құру;
  • басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдардың аралас ақпараттық жүйелерімен біріктіру;
  • ҚР ҚМ және оның бөлімшелерінің қамтамасыз ететін процестерін орталықтандыру, бірегейлендіру;
  • АТ-шешімдерін ауқымдандыру және тарату есебінен шығындарды қысқарту;
  • ұйымдастыру бөлімшелері арасында өзара іс-қимыл жасау күрделілігін азайту.

ҚР ҚМ орталықтандырылған БААЖ құру үшін мынадай мақсаттарға қол жеткізу қажет:

  • е-Қаржыминінің орталықтандырылған архитектурасын кезекті құру үшін АТ-жүйелерінің (АТ-жобалардың) портфелін орталықтандырылған басқаруды қамтамасыз ету;
  • Министрліктің және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының мемлекеттік функцияларды орындау және мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі әкімшілік рәсімдерін (бизнес-процестерді) кешенді автоматтандыруды қамтамасыз ету;
  • Сервис-бағдарланған архитектура қағидатына сәйкес қосымшаларды құру және қолданыстағыларын пысықтау (SOA ұстанымы) ;
  • НҚА талаптары өзгерген кезде процестерді бабына келтіру үшін икемділік пен айқындылықты қамтамасыз ету, күшіне енетін және ҚМ өтпелі процестеріне әсер ететін НҚА талаптарын қанағаттандыру, комитеттер жұмысының келісімділігі;
  • ҚР ҚМ өтпелі процестерінің тиімді және жылдам орындалуы үшін сервистердің келісімділігі (үндесуі) ;
  • пайдаланылатын платформалардың, қосымшалардың санын қысқарту және негізгі вендор қосымшаларының құнын азайту (жеңілдіктер) есебінен әзірлеуге және қызмет көрсетуге жұмсалатын шығыстарды азайту;
  • ақпараттық жүйелер (е-Қаржымині процестерінің) арасындағы өзара іс-қимыл күрделілігін азайту;
  • олардың көздерін анықтауды, түрлі даналардың біртекті еместігін және қарама-қайшылығын болдырмау есебінен деректердің сапасын өзгерту және пайдалану, жақсарту рәсімдерін қоса алғанда қолданыстағы деректерді бірегейлендіру және түгендеу;
  • деректердің көші-қонына, сақтау қондырғысына, оларға қызмет көрсетуге құнынан жұмсалатын шығындарды азайту мақсатында деректердің шығындылығы мен фрагментарлығын қысқарту;
  • деректерді, әсіресе мұраға қалған немесе ескірген қосымшалардың үлкен көлемінің болуына байланысты керек емес ауыстыруларды немесе көшіруді болдырмау;
  • деректердің жалпы біріктірілген қоймасын қалыптастыру;
  • өтпелі процестерді орындау үшін нақты уақыт режиміне жақындатылған режимде деректердің қол жетімділігін қамтамасыз ету;
  • түрлі көздерден (АЖ немесе комитеттердің ДҚ) берілген деректердің тұтастығын қамтамасыз ету үшін метадеректерді біріктіру, сақтауды орталықтандыру;
  • техникалық орындылықты қамтамасыз ету және негізгі вендор(лар) дың технологиялары мен өнімдерін пайдалану есебінен сатып алу мен қызмет көрсетуге жұмсалатын шығыстарды азайту ;
  • е-Қаржымині БААЖ деректерінің сервистерін әзірлеу;

Қауіпсіз және сенімді инфрақұрылымды әзірлеу үшін мынадай мақсаттарға қол жеткізу қажет:

  • қосымшалардың тиімді жұмыс істеуін және қажет жерде деректерді беруді (автоматтандырылған процестер ортасында) қамтамасыз ететін Комитеттер мен аумақтық бөлімшелердің инфрақұрылымын әзірлеу;
  • бір жағынан санкцияланбаған қатынаудан қорғауды, екінші жағынан - өтпелі процестерде оларды пайдалану үшін деректердің жылдам қол жетімділігін қамтамасыз ететін кезекті және келісімді шараларды пайдалану негізінде деректерді қорғауды жақсарту;
  • е-Қаржыминін қажетті есептеу қуатымен (есептеу инфрақұрылымымен) қамтамасыз ету;
  • желілік сервистерді құру: жергілікті желілер (хаттамалар, кабельді жүйелер), жаһандық желілер (көлік, хаттамалар), қатынау технологиялары (қашықтан қатынау бар пайдаланушылар, терминалдардың эмуляциясы, шлюздер және т. б. ) ;
  • қажетті қауіпсіздік сервистерін құру: авторлығын анықтау, сәйкестендіру (ішкі және сыртқы сәйкестендіру, желілік қауіпсіздік, деректерді өңдеу орталықтарының физикалық қауіпсіздігі, өзге қауіпсіздік сервистері (басып кіруді табу, вирустардан қорғау және т. с. с. ) . Жобаны іске асыру кезеңдері

Жобаны іске асыру процесі үш кезеңге бөлінеді. Осы құжатта 2009-2011 жылдары іске асырылатын міндеттер шеңбері қарастырылады. Жұмыстардың құрамы туралы толығырақ 6. «БААЖ ҚҰРУ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ҚҰРАМЫ МЕН МАЗМҰНЫ» деген бөлімді қараңыз.

Жүйені құрудың бірінші кезеңі (2009 жыл) 1-кестеге сәйкес «Ең жоғары» басымдығы бар жүйелік және функционалдық құрауыштарды әзірлеу жөніндегі жұмыстарды қамтиды. Бұл ретте «е-Қаржымині» БААЖ құру жобасын іске асыру жөніндегі ең жоғары басымдық «Қаржы мониторингі» кіші жүйесін құру, осы Техникалық ерекшелікке қосымшаларда келтірілген техникалық талаптарды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің түрлерін сипаттау болып табылады.

Бұдан басқа «е-Қаржымині» БААЖ іске асырудың бірінші кезеңінде жұсыстар мен көрсетілетін қызметтердің мынадай түрлері көзделген:

1. ҚР ҚМ автоматтандыру жөніндегі қызметті жоспарлау және жобаны басқару;

2. БААЖ кіші жүйелерін әзірлеу және тәжірибелік пайдалану үшін қажетті есептеу жабдығын сатып алу;

3. Консалтинг (мынадай кіші кезеңдерді қамтиды) :

4. Өнім берушімен ҚР ҚМ персоналы үшін таныстыру тренингтерін өткізу;

5. Процестердің егжей-тегжейлі сипаттамасын қалыптастыру;

6. БААЖ кіші жүйелері деректерінің құрылымын қалыптастыру (объектілерді, олардың арасында байланыстарды құру, анықтамалықтарды бөліп көрсету) ;

7. БААЖ кіші жүйелерінің интерфейстерін қалыптастыру (кіріс және шығыс нысандары) ;

8. БААЖ бизнес-пайымдауын қалыптастыру (деректерді өңдеу алгоритмі) ;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының әскерге шақырылушыларын есепке алу
ҚР президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдаулары
Зейнетақы жүйесі жайлы
Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі жайлы
«БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ 2020» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2009 – 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Лизинг ұғымының пайда болуы мен экономикалық мәні
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру
Сыбайлас жемқорлық – қоғамның өзекті мәселесі туралы ақпарат
Мемлекеттің қаржы жүйесінің қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz