1С бухгалтерия бағдарламасының қолданылуымен еңбек көрсеткіштерінің есебі


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПӘНДЕР» КАФЕДРАСЫ

Д И П Л О М Ж Ұ М Ы С Ы

ТАҚЫРЫБЫ: 1С: БУХГАЛТЕРИЯ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫМЕН ЕҢБЕК КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ ЕСЕБІ

Студент-дипломшы

Ғылыми жетекшісі э. ғ. к., жер. доцент Жумина Г. Е.

ЖҰМЫС КАФЕДРАНЫҢ № «---»2005 Ж. ХАТТАМАСЫ ШЕШІМІМЕН МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАЦИЯЛАУ КОМИССИЯСЫ АЛДЫНА ҚОРҒАУҒА ЖІБЕРІЛДІ

АҚТӨБЕ, 2005 жыл

Жоспар

Кіріспе

І Бөлім. Еңбек көрсеткіштерінің есебі. 6

1. 1. Негізгі технико-экономикалық көрсеткіштер6

1. 2. Еңбек және жалақының ұйымдастырылуы,

жалақының есебі. 11

ІІ Бөлім. Жаңажол газ өңдеу зауытында еңбек ресурстарын тиімді пайдалану көрсеткіштері27

2. 1. Жаңажол газ өңдеу зауытының қысқышы тарихы. . 27

2. 2. Жаңажол газ өңдеу зауытының еңбек ресурстары және

оларды тиімді пайдалану. 30

ІІІ Бөлім. 1С:Бухгалтерия бағдарламасын қолданылуымен

еңбек көрсеткіштерінің есебі. . 36

3. 1. 1С:Бухгалтерия базасындағы бухгалтерлік есептің

компьютерлік жүйесі. . 36

3. 2. 1С:Бухгалтерия бағдарламасының еңбек

көрсеткіштерін есептеудегі ерекшеліктері. . 50

Қорытынды және ұсыныстар. 60

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. . 63

Қосымшалар . . 66

Кіріспе

Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі өндірістің ұйымдастырылуының барлық процессін және оны басқару ерекшелігі болып ресурстардың шектеулі болуы жағдайында шаруашылықтың қалыпты жүргізілуі қамтамасыз етуге бағытталуы, минималды шығындармен соңында жоғары нәтижелерге жету қажеттігі фирманың жаңа нарықтық жағдайда оптималды бейімделуі болып табылады.

Тақырыптың өзектілігі болып нарықтық қатнастардың қалыптасуы кезінде кәсіпорынның негізгі шаруашылық буыны деңгейінде басқару әдістерін және формаларын білуін талап ету табылады. өндірісті басқару проблеммаларын зерттеу біздің немесе басқа мемлекеттердегі қоғамдық өндірістің басқарылуының тарихы тәжірибесін есепке ала отырып жүргізу керек. Проблеммаға осылай кірісу механизмдердің дұрыс жұмыс істеуі, өндірісті басқару жүйелерінің дамуын және олардың тиімді болуы терең зерттеуге мүмкіндік береді. Дегенмен, мұндай зерттеулер әлдеде жеткіліксіз жүргізіліп отыр, бұл тақырыптың проблеммасын көрсетеді.

Өндірістің жаңашыл мінезі, оның мінезі, оның жоғары ғылыми бейімделуі өнім саласы сұрақтарының артықшылығы жұмысшыға қойылған талаптарды өзгертеді, еңбекке деген творчествалық көзқарасы және жоғары проффесионализмнің мәнің өсіреді, бұл еңбек ресурстарын тиімді пайдалану резервтерін табуды талап етеді.

Дипломдық жұмыстың мақсаты-уәсіпорынның экономикалық жағдайымен танысу негізінде, шаруашылық - өндірістік қызметтің ұйымдастырылуын зерттеу, еңбек көрсеткіштерінің талдауын жүргізу, еңбек ресурстарын тиімді пайдалануы бойынша рекомендациялар жасау.

Дипломның жұмыстың міндеттері:

  • кәсіпорынның экономикалық жағдайымен танысу, кәсіпорынның пайда болу тарихы, кәсіпорынның ұйымдастырылуы және өндірістік құрылымы, технико-экономикалық көрсеткіштері;
  • өндірістік ұйымдастырылуын зерттеу, техникалық және өндірістік процесстер ерекшелігі, еңбектің ұйымдастырылуы және жалықы есебі;
  • еңбек көрсеткіштерінің талдауын жүргізу;
  • еңбек ресурстарын тиімді пайдалану резервтерін зерттеу.

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі болып Жаңажол газ өңдеу зауыты табылады.

Жаңажол газ өңдеу зауытты өңдірістік-шаруашылық қызметін жүргізеді. Заң күші бар Қазақстан Республикасы Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының заңдары «Еркін шаруашылық қызмет және кәсіпкерліктің дамуы туралы», «бәсекелестіктің дамуы және монополисттік қызметті мектеу туралы», Қазақстан Республикасы президентінің Бұйрықтары заң күші бар «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу», «Пайдалы қазбалар және оларды пайдалану туралы», «Мұнай туралы», «Банкротқа ұшырау туралы» және т. б.

Дипломдық жұмыс үш бөлім және қорытындыдан тұрады. Бірінші бөлім «Еңбек көрсеткіштерінің есебі» деп аталады. Бұл бөлімде негізгі технико-экономикалық көрсеткіштер туралы толық мағлұмат берілген, кәсіпорын өңдірісінің ұйымдастырылуы, еңбек және еңбек ақының ұйымдастырылуы, еңбек ақы түрлері және еңбек ақыдан ұсталымдар, еңбек ақының есебі және шот аралық байланыстар берілген.

Екінші бөлім «Жаңадол газ өңдеу зауытында еңбек ресурстарын тиімді пайдалану көрсеткіштері». Бұл бөлімде Жаңажол газ өңдеу зауытының тарихы, өндірісінің ұйымдастырылуы, технологиялық процесстер, еңбек ресурстарының құрамы мен функционалды құрылымы, еңбек ресурстарын тиімді пайдалану туралы мағлұматтар берілген.

Үшінші бөлім «1С:Бухгалтерия бағдарламасын қолданылуымен еңбек көрсеткіштерінің есебі». Бұл бөлімнің негізгі мағлұматтары еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуін зерттеу, сонымен қатар жұмыс күшін мамандықтары және категориялары бойынша бөлу, кадрлардың ағымдылық көрсеткіштерін анықтау, еңбек ресурстарын тиімді пайдалану резервтерін табу 1С:Бухгалтерия бағдарламасын қолданылуымен қарастырылған.

І Бөлім. Еңбек көрсеткіштерінің есебі.

1. 1. Негізгі технико-экономикалық көрсеткіштер

Еңбек ресурстары экономикалық іс-әрекетпен айналысатын және еңбек етуге қажет физикалық мүмкіндігі бар тұрғындардың бөлігі. Еңбек ету қабілетінің шектері қоғамның физиологиялық және әлеуметтік экономикалық жағдайлармен анықталады. Белгілі жасқа сай келетін физикалық дамудың белгілі деңгейін физиологиялық жағдай деп түсінеміз. Еңбекке қабілетті тұрғын дегеніміз жасына және деңсаулығына байланысты еңбекке қабілетті адамдар жиынтығы. Қазақстан Республикасында еңбекке қабілетті жастың төменгі шегі әйелдер мен ерлер үшін 16 жас. Ал жоғарғы шегі зейнет ақымен қамтамасыз ету заңында белгіленген. Қазақстан Республикасында 16-57 жас аралығындағы әйел адамдары үшін 57, 5 жас зейнет жасы болып есептеледі, ал 16-62 жас аралығындағы ер адамдары үшін 62, 5 жас зейнет жасы болып есептеледі. Қалған адамдар жұмысқа қабілетсіз деп танылып екі топқа бөлінеді:

  1. Жұмыс жасына дейінгі адамдар;
  2. Жұмыс жасынан кейінгі адамдар.

Еңбекке қабілеттіліктін төменгі және жоғарғы шекараларын ескере отырып адамдарды жас критерийлері арқылы келесі топтарға бөлуге болады:

  • 0-15 жас аралығындағылар - жұмыс жасына дейінгілер;
  • 16-58 (әйелдер үшін) және 16-60 (ерлер үшін) жастары арылығындағылар - еңюекке қабілеттілер;
  • 58 (әйелдер) және 63 (ерлер) жастарынан жоғары - жұмыс жасынан кейінгілер.

Халықаралық тәжірибеде төменгі шекара 15 жас, жоғарғы шекара 65 жасты құрайды.

Еңбек ресурстарының құрамына мына категориядағы адамдар да кіреді. І және ІІ топтағы істемейтін мүгедектер және зейнет ақы алатын жұмыс істемейтіндер деп басқа еңбекке жарамды жастағы тұрғындар, жұмыс істейтін жас өспірімдер және зейнет жасындағы жұмыс істейтіндер.

Еңбек ресурстары статистикасының негізгі мақсаттары:

  1. Еңбек ресурстары категорияларын, олардың саның және құрамын анықтау.
  2. Еңбек ресурстарын неғұрлым тиімді қолдану жолдарын анықтау.
  3. Еңбек ресурстарының ҚР территориясы бойынша орналасуын анықтау.
  4. Еңбек ресурстарының нақты өсуін, өсу қаржының т. с. с. көрсеткіштерін есептеу.

Негізгі қорларды пайдаланудың негізгі көрсеткіштерін төрт топқа бөлуге болады:

  1. Негізгі өндірістік қорларды пайдаланудың экстенсивті көрсеткіштері, уақыт арқылы оларды пайдалану деңгейі көрсетіледі;
  2. Негізгі қорларды пайдаланудың интенсивті көрсеткіштері, қуат (күш) арқылы пайдалану деңгейі көрсетіледі;
  3. Негізгі қорларды пайдалудың интегралды көрсеткіштері, экстенсивті және интенсивті факторлардың жиынтық әсерін есептейді;
  4. Негізгі өндірістік қорларды пайдаланудың жалпыланған көрсеткіштері, жалпы кәсіпорын бойынша негізгі қорлардың пайдаланудың әртүрлі аспектілерін мінездемейді. 1

А. М. Елемесова, К. К. Бельгибаева, Е. М. Ксиков, Г. М. Молдакулова «Социально экономическая статистика», Алматы: Экономика, 1999 год, Учебное пособие.

Негізгі өндірістік қорларды пайдаланудың экстенсивті көрсеткіштеріне жабдықтарды экстенсивті пайдаланудың коэффициенті жатады.

Жабдықтарды экстенсивті пайдаланудың коэффициенті (К экст ) жабдықтардың жұмыс істеген сағаттардың нақты саны (t обор. ф. ) норма бойынша сағаттары санына (t обор. н. ) қатынасымен анықталады:

\[\hat{E}_{\hat{y}\hat{x}\hat{n}\hat{a}}={\frac{t\hbar a\hat{n}\vartheta\cdot\hat{\sigma}\,.}{t\hat{n}\hat{a}\hat{0}\cdot t}}\]

Жабдықтардың алмастырылу коэффициенті (К см ) жабдықпен істелген станко-сменаның жалпы саны (Д ст. см. ) үлкен сменада істеген станоктар санына (n) қатынасымен анықталады:

\[\dot{E}\dot{n}\ ={\frac{\dot{A}\hbar\partial.\vec{n}}{n}}\,.\]

Жабдықтардың жүктеме коэффициенті (К загр ) жұмыстың алмастырылу коэффициенті (К см ) жабдықтардың жоспарлы алмастырылу коэффициентіне (К пл ) қатынасымен анықталады:

\[{\hat{E}}_{\mathrm{Y}}\mathrm{d}{\hat{a}}\phi={\frac{{\hat{E}}{\hat{n}}}{{\hat{E}}_{\hat{n}}}}\]

Жабдықтарды интенсивті пайдаланудың коэффициенті (К инт ) жабдықтардың нақты өндірімнің (П ф ) нормативті өндіріміне (П н ) қатынасымен анықталады:

\[\hat{E}\hat{e}\phi\;=\frac{\hat{I}\;\delta}{\hat{I}\;\hat{\bar{I}}}\]

Жабдықтарды инетгралды пайдаланылуының коэффициенті (К интегр ) жабдықтарды пайдалудың экстенсивті және интенсивті коэффициенттерінің көбейтіндісі арқылы есептеледі:

К интегр = К экст * К инт

Негізгі қорларды пайдаланудың жалпыланған көрсеткіштеріне қор қайтарымдылығы, қор сыйымдылығы, еңбек қорының қарулануы, негізгі өндірістік қорлардың пайдалылығы (рентабельность) жатады.

Қор қайтарымдылығы - негізгі қор бағасының 1 теңге өнім шығарылуының көрсеткіші (Ф отд ) өндірілген өнім көлемі (В) белгілі уақыт аралығында негізгі өндірістік қор бағасына (Ф) қатынасымен анықталады:

\[{\hat{O}}\omega a\,={\frac{\underline{{A}}}{{\hat{O}}}}\]

Қор сыйымдылығы - қор қайырымдылығына кері шама, өндірілген өнімнің әр теңгесіне келетін негізгі қор бағасының үлесін көрсетеді:

\[{\cal O}a e=\frac{{\cal O}}{{\cal A}}\]

Еңбек қорының қарулануы (Ф р ) негізгі қор бағасы (Ф) үлкен сменада істемеген жұмысшылар санына (ч) қатынасымен анықталады:

\[\partial a=\frac{\cal O}{\stackrel{\ldots}{\sim}}\]

Негізгі өндірістік қорлардың пайдалылығы (Р) қордың 1 теңгесіне келетін пайда мөлшерін мінездейді және пайданың (П) қор бағасына (Ф) қатынасымен анықталады:

\[\scriptstyle p={\frac{I}{\theta}}\]

Ааталғандардан басқа негізгі қорларды пайдаланудың басқа да көрсеткіштері бар, соның ішінде қорлардың техникалық жағдайларының көрсеткіштері, жас көрсеткіштері, қор құрылымдары көрсеткіштері және т. б.

Еңбек өнімділігін (П т ) қор қайтарымдылығы және қор сыйымдылығының көбейтіндісі арқылы анықтыуға болады:

П т = Ф отд * Ф в

Айналым қаражаттарын пайдалану тиімділігі экономикалық көрсеткіштер жүйесімен мінезделеді. Айналым қаражаттарының айналымдылығының жылдамдығы айналым қаражатын интенсивті пайдаланудың маңызды көрсеткіші болып табылады және өз кезегінде келесіде өзара байланысқан көрсеткіштер арқылы анықталады, күн арқылы бір айналым ұзақтығы, бір жылдағы айналым саны, сонымен қатар сатылған өнімнің әр бірлігіне келетін айналым қаражаттарының мөлшері.

Күн арқылы бір айналым ұзақтығы (О) мына формула арқылы есептеледі:

О = С о : (Т/Д) немесе О = С о * (Д/Т)

Мұндағы, С о айналым қаражаттарының қалдығы (ортажылдық немесе кезең алдында), теңгемен.

Т - Тауарлық өнімнің көлемі (өзіндік құны немесе бағасы бойынша), теңгемен.

Д - есепті кезеңдегі күндер саны.

Айналымдылық коэффициенті (К о ) жыл ішінде (жарты жыл, тоқсан) айналым қаражаттарының айналымдарның саның көрсетеді және мына формула бойынша анықталады:

\[{\hat{E}}i={\frac{O}{{\hat{N}}t}}\]

Айналым қаражаттары жүктемесінің коэффициенті (К з ) айналымдылық коэффициентіне кері көрсеткіш. Ол сатылған өнім бірлігіне келетін айналым қаражаттарының мөлшерін мінездейді, мына формула арқылы есептеледі:

\[{\hat{E}}_{\zeta}={\frac{N_{i}}{O}}\]

1. 2. Еңбек және жалақының ұйымдастырылуы, жалақының есебі.

Субъектінің шаруашылық қызметінің процессінде қызметкерлер жұмысқа қабылданып және жұмыстан шығарылып жатады. Олардың саны өзгеріп тұрады. Жұмыс бабына қарай ауысушылар, ауытқулар болып тұрады. Қызметкерлер құрамының есебін кадрлар бөлімі жүргізеді. Ол бүкіл субъектідегі, оның құрылымдылық бөлімшелеріндегі қызметкерлердің саны және оны өзгеру себептері, жасы, категориялары, кәсіптері, қызмет орындары, мамандықтары, біліктілігі, жұмыс стажы, білімі және белгілері бойынша қызметкерлер құрамы туралы деректер алуды қамтамасыз етеді.

Жұмысқа жаңадан қабылғандарды «Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықпен» (№ Е1 үлгі) құжаттайды. Кадрлар бөлімінің қызметкерлері бұндай бұйрықты барлық жаңадан қабылданғаннан толтырады.

Барлық категориядағы қызметкерлерге, оның ішінде жоғарғы арнаулы-орта білімі бар мамандарға және училищелерді, кәсіптік - техникалық білім беретін мектептерді және т. б. басқа бітірген жас жұмысшыларға да «Жеке карточка» (№ Е2 үлгі) толтырылады. Жұмысқа қабылдануы, басқа бір тұрақты жұмысқа ауысуыжәне жұмыстан босатылуы туралы бұйрықтың негізінде еңбек кітапшасына жазылатын әрбір жазбаны әкімшілік сол кітапша иесіне таныстырып, карточканың тиісті жерлеріне қол қойғызып отыруға міндетті.

Жұмысшыларды бір цехтан екінші цехке ауыстырғанда «Басқа жұмысқа ауыстыру туралы бұйрық» (№Е5 үлгі) толтырылады. Оны кадрлар бөлімінің қызметкері бір дана етіп толтырады. Бұйрыққа бұрынғы және жаңа жұмыс орнындағы құрлымдық бөлімше бастығы бұрыштама (штамп) қолды және кәсіпорын басшысы қояды.

«Демалыс беру туралы бұйрық» (Е6 үлгі) екі дана етіп толтырылады. Біріншісі кадрлар бөлімінде қалады, екіншісі бухгалтерияға тапсырылады.

Қызметкерлерді жұмыстан шығарғанда «Еңбек шарттың тоқталуы туралы бұйрық» (№Е8 үлгі) толтырылады. Оны кадрлар бөлімінің қызметкері барлық қызметкерлерге екі етіп толтырады. Құрылымдық бөлімше бастығы немесе кәсіпорын бастығы қол қояды.

Жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс уақытының белгіленген кестесін сақтап жүруін бақылау, жұмыс істеген уақыты туралы деректер алу, еңбек төлемі бойынша есеп айырысу, сондай-ақ еңбек жөніндегі статистикалық есеп беру үшін «Жұмыс уақыты есебінің табелі» (№Е13 үлгі) пайдаланылады. Жұмыс істеп жүргендердің барлық категорияларына жұмыс уақытын пайдалану есебі жүргізіледі. Мұны өкілеттікке алған адам бір дана етіп жасайды.

Жұмысқа қандай мерзімге қабылдануы қарай қызметкерлер тұрақты, уақытша және маусымдық болып бөлінеді. Жқмыстың бітер мерзімі көрсетілмей қабылданғандар тұрақты қызметкерлер болып саналады.

Екі ай шамасында, белгілі бір мерзімге немесе белгісіз мерзімге, бірақ айдан аспайтын уақытқа сондай-ақ (ауруына, жүкті болуына және бала табуға байланысты алған демалысқа қарай) заңдарға сәйкес қызмет орны сақталатын, жұмыста жоқ қызметкерлердің орнына қою үшін төрт айдан аспайтын мерзімге жұмысқа қабылданғандар уақытша қызметкерлерге жатады. Маусымдық жұмыстар істеу кезінде қабылданған қызметкерлер маусымдық қызметкерлерге жатады. Соңғы топтағы қызметкерлер үшін жұмыс мерзімі екі аймен шектелмейді. Бірақ жалпы ереже бойынша алты айдан аспауы керек.

Қызметкерлердің өндірістік - шаруашылық қызметке қатысуына қарай кәсіпорын қызметкерлері өнеркәсіптік - өндірістік және өнеркәсіптік емес болып бөлінеді. Өнеркәсіптік-өндірістік қызметкерлерге негізінен өнеркәсіпті өндірістік қызметпен шұғылданатын қызметкерлер жатады. Өнеркәсіптік емес қызметкерлерге тұрғын үй, комменалды шаруашылықпен шұғылданатын кәсіпорынға қарасты мәдени-тұрмыстық және оқу орындарында еңбек ететін қызметкерлер, көлік, сауда және т. б. қызметкерлері жатады.

Кәсіпорында қызмет істеп жүргендерді тізімдік және тізімдік емес қызметкерлер деп бөледі. Тізімдік қызметкерлерге кәсіпорынның негізгі қызметі бойынша бір күннен артық мерзімге, ал қызметтің қалған түрлері бойынша кеш дегенде 5 күн мерзімге жұмысқа қабылданған барлық тұрақты, маусымды және уақытша қызметкерлер тізімдік емес қызметкерлерге жатады.

Кәсіпорындағы атқаратын функциялары бойынша жұмыс істеп жүргендерді жұмысшылар және қызметкерлер деп екі топқа бөледі. Қызметкерлер тобынан мынадай категориялар бөлінеді; бастықтар, мамандар, осы топқа жататын басқа да қызметкерлер.

Бастықтар - кәсіпорын мен оның құрылымдылық бөлімшелерінің басшылық қызмет орындарында отырған қызметкерлер (директорлар, президенттер, бастықтар, басқарушылар, меңгерушілер, төреағалар және т. б. ), сондай-ақ мамандар (бас бухгалтер, бас инженер, бас механик) және жоғарыда аталған қызмет орындары бойынша орынбасарлары.

Мамандар - инженерлік, техникалық, экономикалық және басқа жұмыстармен шұғылданатын қызметкерлер (бухгалтерлер, инженерлер, геологтар және т. б. ) .

Жұмысшылар-заттай, материалдық құндылықтарды жасауға, жұмыстарға және қызмет көрсетуге тікелей қатысатын адамдар.

Қызметшілерге жататын басқа да қызметкерлер. Бұларға құжаттарды әзірлеп толтыратын, есеп жүргізіп бақылау жасайтын, шаруашылық қызмет көрсететін қызметкерлер (агенттер, комменданттар, бақылаушылар, машинкашы, хатшылар және т. б. ) .

Жұмысшыларды өндіріс процессіне қатысуларына қарай өнім дайындаумен, жұмыс істеумен және қызмет көрсетумен тікелей шұғылданатын негізгі жұмысшылар деп және негізгі цехтарда қосалқы жұмыстар атқаратын немесе қосалқы өндірістерде жұмыс істейтін қосалқы жұмысшылар деп бөледі.

Еңбек және өнім төлемі есептелуінің негізгі міндеттері еңбек шығындарын дұрыс анықтау және төлем ақылы дұрыс есептеу. Белгілі қызметкерлер саны бойынша жоспардың орындалуын, еңбек тәртібінің сақталуын және жалақы қорын дұрыс пайдаланылуын бақылау болып табылады. Бұдан басқа есептердің көмегімен нормативті тапмырмалардың орындалуын кесімді бағдарларды, тарифтік төлем мөлшері және жалақыны, есептелген ақы сомасын, жұмыстардан қабылданған өндіріс жөніндегі құжаттаарда көрсетілген өнімнің саны мен сапасына сәйкестігін, сыйлықтардың және прогрессивтік қосымша төлемдердің дұрыс есептелуін бақылайды.

Еңбектің төлемі негізгі және қосымша төлем болып бөлінеді. Негізгі төлем қызметкерлерге нақты жұмыс істеген уақыты үшін, істелген жұмыстардың немесе белгіленген баға немесе айлық ақы бойынша өндірілге өнімнің саны мен сапасы үшін есептелген еңбек төлемі. Қосымша төлем еңбек туралы заңға сәйкес қызметкерлерге кәсіпорында жұмыс істемеген уақыты үшін істеленетін еңбек төлемі (отпускные) . Оған кезекті демалыстар төлемі, мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді және т. б. орындағаны үшін берілетін төлемдер жатады.

Экономика салаларындағы және меншіктің барлық түрлеріндегі кәсіпорындағы еңбек төлемінің қоладынстағы жүйесіне сәйкес есептелген сомалар, негізгі және қосымша еңбек төлемінен тұрады. Заттай еңбек төлемі төлем ретінде заттай берілген өнімнің құны тегін немесе төмендетілген бағамен тамақтандыру қызметкерлерге берілетін немесе қоғамдық тамақтандыру үшін қосалқы шаруашылықтардан бөлінетін өнімнің, жұмыстың және көрсетілген қызметтің баға айырмашылығының орнын толтыру және т. б.

Еңбек төлемінің құрамына қызметкерлерінің дивиденттер және проценттер түріндегі табыстрары енгізілмейді.

Негізінен өнеркәсіпте жалақының екі негізгі нысаны қолданылады:

  1. Мерзімді, мұнда жалақының мөлшері жұмыс істеген уақыт және жұмысшылардың квалификациясына байланысты болады;
  2. Кесімді, мұнда жалақының мөлшері сапасы өнімнің нақты өндіріміне байланысты болады.

Еңбек төлемінің әр алуан нысандарында және жүйелерінде есеп айырысуды ұйымдастыру тәртібін қарастырайық.

Жеке кесімді еңбек төлемі.

Мұндай жүйеде еңбек төлемі әрбір жұмысшының жұмыс нәтижесіне байланысты болады . Оны, белгіленген бағаны жұмысшының дайындаған бұйымдарының санына көбейту арқылы анықтайды және де жұмысшы еңбегінің төлемін жасап шығарған әрбір бұйымы үшін сол бір ғана баға бойынша жүзеге асырады.

Бригаданың кесімді еңбек төлемі.

Жұмысшылардың еңбек төлемі бұл жүйеде бригада учаске жұмысының нәтижелері бойынша анықталады. Еңбек төлемі жөніндегі бағалар жекелей (әрбір кәсіп үшін) және кешенді (бригаданың бүкіл ұжымы үшін) болуы мүмкін. Жекеленген бағалар қолданғанда әрбір жұмысшы еңбегігің төлемін жұмыс үшін белгіленген бағаларды бүкіл бригада, учаске, цех болып дайындалған бұйымдардың санына көбейту арқылы табады. Келген бағаларды қолданғанда жұмысшы еңбегінің төлемі былай анықталады. Алдымен кешенді бағаны бүкіл ұжым болып дайындалған бұйымдардың санына көбейту арқылы бүкіл ұжымға тиісті еңбек төлемін есептеп шығарады. Есептеп шығарылған еңбек төлемі әрбір жұмысшының жұмыс істеген уақытына және оған берілген тарифтік разрядқа сәйкес ұжым мүшелеріне бөледі, бөлгенде қосымша еңбек төлемінің коэффициенттері, коэффициент сағаттар немесе коэффициен ткүндер пайдаланылады. Қосымша еңбек төлемі коэффициенттерін анықтағанда ұжым құрамына енетін әрбір жұмысшының сағаттық және күндік төлем мөлшерін жұмыс істеген уақытына көбейтеді де, оның тарифтік мөлшері бойынша төлемін тауып алады. Содан кейін, бүкіл ұжымның кесімді еңбек төлемін тарифтік төлем мөлшеріне бөліп, бригаданың қосымша еңбек төлемінің орташа коэффициенттерін табады. әрбір жұмысшының тарифтік еңбек төлемі қосымша еңбек төлемі коэффициентіне көбейту арқылы әрбір жұмысшының нақты кесімді еңбек төлемі анықталады. Сағаттық немесе күндік тарифтік коэффициенттерді қолданғанда да еңбек төлемін бөлу жөніндегі есеп айырысуларды осылай жасайды.

Жанама кесімді еңбек төлемі.

Мұнда қосалқы басқа да жұмысшылардың еңбек төлемі қызмет көрсетіліп отырылған учаскенің, цехтың негізгі жұмысшыларының төлеміне шыққан процентпен анықталады.

Еңбек төлемінің кесімді сыйлықтық жүйесі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АҚ «Нурбанк» есеп саясатын құру
Қаржылық есеп және есеп ақпараттарын қолданушылар
Кәсіпорынның қаржы бөлімі
Құжаттармен танысу
Мекеменің өндірістік және ұйымдастырушылық құрылы
Бухгалтерлік есепті компьютеризациялау
Касса операциялары бойынша есеп айырысу және журнал ордерлерін толтыру
Кәсіпорындағы материалдық емес активтер есебі, істен шығару себептері және құжаттарын дайындау
Кәсіпорынның сату бөлімі
1С: бухгалтериядағы банк операциялар есебі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz