Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі және нарықтық қатынастардың қалыптасуы, кезеңдері



Жоспар:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І тарау. Қоғамдағы нарықтың мәні және қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.1 Нарықтық экономиканың даму кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.2 Нарықтық экономикадағы мемлекеттің ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ...10

ІІ тарау. Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтуі және нарықтық қатынастардың қалыптасуы, кезеңдері ... ... ... ... ...12
2.1 Нарық экономикасының принциптері, модельдері және
проблемалары. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.2 Нарықтық экономиканың құрылымы және олардың түрлері ... ... 28

ІІІ тарау. Қазақстан Республикасының нарықтық . экономикалық реформалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
3.1 Реформаладың жүргізілу барысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
3.2 Нарықтық экономика тұрақты даму жолында және экономикадағы мемлекеттің саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...39
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .42

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ҚАРЖЫ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Сақтандырудың экономикалық мәні

Орындаған:
Ғылыми жетекшісі:

СЕМЕЙ – 2009

Жоспар:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І тарау. Қоғамдағы нарықтың мәні және
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.1 Нарықтық экономиканың даму кезеңдері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.2 Нарықтық экономикадағы мемлекеттің
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10

ІІ тарау. Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтуі және
нарықтық қатынастардың қалыптасуы, кезеңдері ... ... ... ... ...12
2.1 Нарық экономикасының принциптері, модельдері және
проблемалары.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 18
2.2 Нарықтық экономиканың құрылымы және олардың түрлері ... ... 28

ІІІ тарау. Қазақстан Республикасының нарықтық – экономикалық
реформалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 30
3.1 Реформаладың жүргізілу
барысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 30
3.2 Нарықтық экономика тұрақты даму жолында және экономикадағы мемлекеттің
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...35

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 39

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...42

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың мақсаты: нарықтық экономиканың әлеуметтік-
экономикалық мәнін жан- жақты анықтау арқылы, оған өтудің объективті
қажеттілігін түсіну. Сондай- ақ нарықтық экономикалық өмірдегі атқаратын
қызметтерін және қайшылықтарын түсіну. Нарықтық экономикадағы өндірістік
және экономикалық мәселелерді шешуде теориялық және тәжірибелік білімдерді
қолдану.
Тақырып бойынша қаралған мәселелерді ашу барысында Б. Жүнісовтің
Нарықтық экономика негіздері, Ќ.Шеденовтың Жалпы экономикалыќ теория,
Ә. Әубәкіровтың Экономикалық теория оқу құралдары мен Қаржы - қаражат,
Ізденіс, Саясат журналдарына сүйендім.
Егемендікке қол жеткізгеннен бері елімізде жаңа саяси-әлеуметтік, жаңа
экономика, әлем өркениетінің өктем талабынан туған жаңа жүйелер дүниеге
келді. Мазмұны мен маңызы, салауаты мен сапасы жағынан олар қазақ
қоғамының өткен ғасырлар бойы қалыптасқан бетпердесін күрт өзгертті.
Бүгінгі Қазақстанның бет-әлпеті демократия мен нарық экономикасы. Бұған
біздер тек тәуелсіздік жылдары қол жеткіздік. Сондықтан да, он бес жылда
экономика жаңа, ел жаңа деп айта аламыз.
Дегенмен, оған жету үшін талай қиындықтарды бастан кешіруге тура келді.
Талай рет ой-парасатымызды қамшылап соны шешімдерге бел байлап, ауқымды
реформалар жүргізіп, талай белестерден сүрінбей өту керек болды. Олар бүгін
артта қалып, тарих еншісіне айналды.
Егемендіктің алғашқы жылдарында ең қиын жағдайлар осы салада болды, ең
ауқымды реформалар да осы салада жүргізілді. Ешбір елге еліктемей, тек
өзіңе, Қазақстанға тән экономикалық дамудың үлгісін жасау керектігінен,
егемендіктің нағыз тың, соны жолдары осы саладан басталды. 15 жылда жаңа ел
болдық деп мақтанышпен айтуымыздың астарында да осы экономика саласында
бүгін қол жеткен қомақты табыстар жатыр.
“Алдымен экономика” – деп ұран тастады тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан
Назарбаев қоғамдағы реформалардың алғашқы басталар шағында. Егемендік
алғаннан кейінгі іс-қимылдың ең басты бағыты, шешуші басымдылығы осы
экономика саласы деп атап көрсетті. Өйткені жеке басты ғана емес, әр елді,
әр халықты тұрмыс билейді. Ал тұрмыстың негізі, оның жақсылық-жамандығы
экономикада, оның тиімділігі немесе тиімсіздігінде. Сондықтан қоғам алдына
қоятын үлкенді-кішілі мақсатың, оның орындалуы ел экономикасының
мүмкіндігіне байланысты. Саясат та экономиканың шоғырланған келбеті.
Егемендік алардың қарсаңында Қазақстан экономикасы да жоғарыда
айтылғандай, тоқырау үстінде болатын. Артынан Одақ тарады, біздер де
басқалар да егемендік алдық, 70 жылдан астам уақыт ішінде одақтас
республикалардың бір-бірімен тығыз қалыптасқан, жан-жақты дамыған
экономикалық байланыстары үзілді. Олар тек үзіліп қойған жоқ, бізде –
Қазақстанда, басқа республикаларда да осы салада үлкен күйзеліске соқтырды.

Одақтың қай өңірінде болмасын бой көтерген кәсіпорын бір емес, барлық
республикалар мұқтаждығына жұмыс істейтін, ал өзіне керек құрал-жабдықтарды
бүкіл Одақ көлеміндегі шығатын бұйымдардан жинастыратын. Кеңес өкіметі
экономиканы тығыз байланыстырудың бірден-бір тетігі осы деп білді. Осымен
қатар экономика саласында кеңес империясының тағы бір жымысқы саясаты үзбей
қолданылып отырды. Ол – әр дербес республика өндірісін Ресейге, орталықтың
кіндігіне мықтап байлау. Осы мақсатпен, мысалы, Өзбекстанда жиналған мақта
өз елінде емес, Ресейде өңделді. Қазақстанның шығысында өндірілген түсті
металдар Ресейде, Украинада, басқа республикаларда өңделді. Екібастұздың
көмірін Ресей электр стансалары пайдаланды, Соколов-Сарыбай кен байыту
комбинатының өнімдері Теміртауға емес, Ресей металлургиялық зауыттарына
жіберілді.
Жалпылай алғанда, Қазақстанда өндірістің өңдеуші салалары өте мардымсыз
дамыды. Жер астынан алынған, жер үстіндегі байлықтың да дені басқа
республикаларда, әсіресе, Ресейде өңделіп жатты. Сол кездері Қазақстан
экономикасына керек құрал-жабдықтардың 34 бөлігі Одақтың басқа өңірлерінен
келетін еді. Біз ылғи осындай Одақ экономикасына деген шексіз
тәуелділіктің, оның бұйымдарына деген үлкен мұқтаждықтың шеңберінде болдық.

Сонымен, республикааралық экономикалық байланыстар үзілді, басқа
жерлерден келетін жабдықтар тоқтады, өз еліңде жасалған бұйымдар да
бұрынғыдай басқа республикалардан көлемді сұраныс таппады. Соның салдарынан
республикадағы экономикалық кеңістік күрт шектеліп, азайды. Мысалы, 1992-
1993 жылдары Қазақстан халық шаруашылығының көптеген салаларында
кәсіпорындардың жартысына жуығы, ал жеңіл өнеркәсіп пен кейбір өңдеуші
салаларда 60-тан 80 пайызға дейіні жартылай жұмыс істеп немесе толық тоқтап
тұрды. Елде жұмыссыздық барынша өсіп, экономика күйзеліске кірді.
Егемендік алардың қарсаңында және тәуелсіздіктің алғашқы жылдары
экономикада орын алған қатты күйзелістің себебі мен сипаты осылар болды.
Қазақстандағы ішкі жалпы өнімнің (ІЖӨ) жылдағы көлемі 40 пайызға жуық
азайды. Осындай құлдыраудың 80 пайызының себебі елдің экономикалық
байланыстарының үзілуінен болды. Тек бізде ғана емес, басқа
республикалардың мамандары да осындай тұжырымға тоқтады. Сөйтіп,
егемендікке қол жетіп, бұрынғы одақтас республикалармен, қазір біздер
сияқты егемен болған елдермен енші айырысудың ең қиыны осы экономика
саласында болды.
 

І. Қоғамдағы нарықтың мәні және қызметі.
Қоғамдағы өндіріс процесінде қоғамдық өнімнің нақтылы қозғалысы сан
мыңдаған шаруашылық байланыстары арқылы жүреді. Олар кәсіпорындардың,
салалардың, аймақтық кешендердің халық шаруашылығының экономикалық қан
тамыры іспетті, осы байланыстар арқылы өндірістің қан айналымы жүзеге
асады. Міне, өнімнің осы қозғалысында нарық маңызды қызмет атқарады.
Әрине, оның өміршеңдігі өндірістің табиғатына, экономикалық, әлеуметтік
жағдайына байланысты, дегенмен нарықтың біраз дербестігі бар, сондықтан
да болар ұдайы өндірістің барлық сатыларына, түпкі нәтижесі мен
тиімділігіне айтарлықтай әсер етеді.
Жалпы нарық мәселлесі төңірегінде осы күнге дейін теориялық айтыстар
толастамай келеді. Экономикалық әдебиеттер мен зерттеулерде нарық деген
терминнің мәні осы күнге дейін толық ашыла қойған жоқ. Көпшілігі нарықтық
қатынасты стихиялық күштер үстемдік ететін ұйымдастырылмаған, у- шуы көп
кәдімгі базармен теңесе, ал енді біразі нарықты экономиканы барлық
ауруынан тез жазатын дәрі депте, немесе осы салада орын алып отырған
олқылықтар мен қайшылықтарды тез реттейтін керемет күш депте
дәріптеуде.
Саяси- экономикалық мағныда нарықты айырбас қатынасын білдіретін
экономикалық категория деп қарайды. Ол экономикалық қатынастар жүйесінде
ұдайы өндіріс процесінің маңызды сатысы, айырбасты сипаттайды. Сонымен,
нарық тауарлы өндірістің құрамды компоненті, тауарлы өндіріс пен
айналыстың заңдарына сүйенетін айырбас процесі. Нарық- тауармен ақша
айналысы қатынастарының жиынтығы.
Экономикалық дамудың объективті жағдайы нарықты және оның
категорияларын (баға, ұсыныс, бәсеке және т.б.) өмірге әкелді. Көп уақыт
бойы еліміздегі басқарудың әкімшілдік- әміршілдік әдісі үстем етуі
нарықтың дамуына тежеу салды. Соңғы жылдары басқарудың экономикалық
әдісіне көшу нарықтық айырбасқа кең жол ашып отыр. Экономикалық өмірде
шаруашылық қызметін ұйымдастырудың бұл әдісі батыстық модельдерді
қайталау емес. Бұрыңғы социалистік елдердегі нарықтық қатынастардағы
ұлғаюы шаруашылық механизімін қайта құру барысындағы заңды көрініс.
Мысалы, Венгрияда 1988 жылдың өзінде экономикалық реформа барысында
өндіріс құрал- жабдықтарына көтерме сауданы енгізу арқылы нарықтың тепе-
теңдігі қалыптастырылды.Әрбір өндіріс әдісіндегі нарық меншікке
байланысты өндіріс қатынастарының жүйесінде әрекет етеді. Біздің
қоғамымызда да нарық өндірістің тиімділігі мен халықтың әлеуметтік тұрмыс
дәрежесін жақсарту бағытында қызмет ете бастады.
Нарықтың атқаратын басты қызметтеріне өндіріс пен тұтынудың ара-
қатынасын реттеу, ұдайы өндірістің үйлесімділігін қамтамасыз ету жатады.
Қоғамдық қажеттіліктерді өтеу барысында халық шаруашылық құрылымдары,
өнімнің түрлері және басқа да шаруашылық параметрі жоспарланады. Сонымен
қатар, нарық белгіленген жоспарды жүзеге асыруда маңызды роль атқарады.
Өйткені ол өндірілген өнімнің оған жұмсалған еңбектің қоғамдық
қажеттілігін дәлелдейді. Нарықтың тағы бір қызметі өндіріс шығындарын
азайту. Бұл қызметін ол бағаның қоғамдық қажетті еңбек шығындарын нақты
сипаттаумен байланысты атқарады. Тек бағалар нарықтық өзгерістерді
әрдайым ескеретіндей икемді болу керек.
ТМД елдерінің ұлттық нарықтары бір - бірімен тығыз байланысты. Олар
дүниежүзілік нарықпен де қарым- қатынасты ұлғайтуда. Бұл қатынасты
дамытудың материалдық негізі тікелей тауар айырбасы мен сату қызметтерін
кеңейту.
Нарықты сапалы жақсы тауарлармен толтыру мен қызмет көрсетуді
жақсарту, біздің әлеуметтік саясатымыздың басты міндеті. Ең бастысы
реттелетін әлеуметтік нарықты дамыту.

1. Нарықтық экономиканың даму кезеңдері
Шаруашылықты нарықтық ұйымдастыру тарихы әлденеше ондаған ғасырларға
созылғанымен, бірақта ол адамзат қоғамының даму тарихынан қысқа. Алғашқы
қауымда материалдық негіз- қоғамдық еңбек бөлінісі және қосымша өнім
болмағандықтан нарықтың өмір сүру қажеттігі болмады. Өндіріс құралдарын
жетілдіру және еңбек өнімділігінің өсуі нәтижесінде артық өнім, онымен қоса
айырбас пайда болды. Қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдеуі өндіргіш
күштердің дамуына және адамдардың өмір сүруінің қажетті жағдайы ретінде
нарықтық айырбасты қалыптастырады.
Адамзат қоғамының дамуындағы әртүрлі кезеңдерде шаруашылықты нарықтық
ұйымдастырудың маңызы әр қилы болды. Ежелгі дүниеде және орта ғасырларды
орасан зор натуралды шаруашылдық аймақтармен қатар, жергілікті нарықтар
құрылды. Жергілікті нарықтар арасында жай және кездесоқ айырбас процесі
қалыптаса бастады.
Қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдеуі нарықтық экономиканың көптеген жаңа
сфераларын және территорияларын қалыптастыруға жағдай жасады. Нарықтың
дамуы тереңдей және кеңейе түсті. Жергілікті нарықтардың арасындағы
байланыстың жүйеленуі біртұтас ұлттық нарықтың қалыптасуына жол ашты.
Нарық дегеніміз тауарларға сіңген еңбектің қоғамдық сипатын айқындайтын
және тауарларды өткізуді жүзеге асыратын айырбас сферасындағы қатынастардың
жиынтығы. Өндірушілер мен тұтынушылардың арасындағы нарықтық қатынастардың
элементтері: баға, сұраныс және ұсыныс, бәсеке болады.
Нарық арқылы өндіріс құралдарын және еңбекті салаларға бөлу, сонымен
қатар еңбек өнімділігін ынталандыру және қоғамдық өндірістің тиімділігін
арттыру жүзеге асырылады. Қоғамдық өндірістің реттеушісі ретінде нарық
өндірілген тауарлар құрылымын қоғамдық қажеттіліктер құрылымына және
көлеміне сәйкестендіріледі.
Жеке меншік нарықтық шаруашылықтың экономикалық негізі болып таблады.
Біріншіден, жеке меншік пен нарықтық механизм өндіргіш күштердің даму
жолына кедергі болған жоқ, өз ішінен ғылыми- техникалық революцияның дамуы
үшін бұрын болмаған кеңістік ашты және тез дамуына жағдай жасады.
Екіншіден, экономикалық қатынастар қатып қалған, қозғалмайтын құбылыс емес.
Экономикалық қатынастар жүйесі, өндіргіш күштер мен азаматтық қоғамның
әртүрлі институттары сияқты көптеген факторладың әсерін өзіне қабылдай
отырып, тұрақты қозғалыста болады.
Формациялық теорияға сүйенсек кеңес елі, басқа да бұрыңғы социалистік
елдерде орныққан жоспарлы, бір орталықтан басқару жүйесі тарихта өз
артықшылықтарын дәлелдей алмады. Сондықтан жоғарыда аталған елдер нарықтық
қатынасқа көше бастады.
Өндіріс құралдарына жеке меншік өндірушілердің қоғамдық байланысының
ерекше формасын қамтамасыз етеді. Сату, сатып алу жолымен айырбастау, яғни
шаруашылықты нарықтық ұйымдастыру. Нарық адамзаттың ерекше өнертабысы
болды, әрі қоғамды қажеттіліктерді барынша айқындады.

1.2 Нарықтық экономикадағы мемлекеттің ролі.
Нарықтық экономикада мемлекеттің ролі аса зор. Қазіргі кезде
экономика үшін мемлекеттік кеңістік, мемлекеттік шекеара және мемлекеттік
шаруашылық орталығы қандай қажет болса мемлекеттік үкімет, мемлекеттік
тәртіп және мемлекеттік ынталылық соншалықты керек.
Экономиканың, толайым қоғамның, Қазақстанның бүгінгі жағдайы, ең
алдымен, еліміздегі түбегейлі өзгерістер өзгерісті бағдарламалармен өзара
жете байланыстырылмай, оны жүзеге асырудың, басқару функцияларының, бір
меншік иесінен екінші адамға кезең- кезеңмен беру тетігі мұқият
ойластырылмай, өндірістің жұмыс істеуін уақытша үзбей басталған еді.
Өтпелі кезеңде және осы кезде нарықтық экономиканың жұмыс істеуі үшін
мемлекеттің мойынында ұлттық модельдердің орнығуына, олардың артықшылдығна,
сабақтастығына және жүзеге асыру мерзіміне байланысты қызметтер
сақталынады. Экономиканың өзінше ұйымдасуында, сондай- ақ субъективті-
ерікті ұйымдасуда экономикалық шаруашылықтың имманентті заңдары ретінде
оған әбден тән екендігін практика куәләндіріп, теория дәлелдеп отыр.
Нарықтық экономиканы реттеу сферасындағы мемлекеттің негізгі міндеті-
оның тиімді жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдайлар тудыру және дамыту,
кәсіпкерлік еркіндігі мен адал бәсекелестік ұйымдастыру болып табылады. Бұл
мәселені шешудегі ең алғашқы адым көп түрлі экономикалық процестерді
реттейтін заңнама- құқықтық және нормативті база жасау болуы қажет.
Бәрінен бұрын мемлекет экономикалық әрекеттердің ережесін бекітеді
және оны экономикалық барша субъектілердің орындауын қамтамасыз етеді.
Айталық, әлде бір кәсіп орын банкрот болды делік. Мемлекеттік заң ол
кәсіпорынға банктер, басқа несиешілер, оның өнімін тұтынушылар, мемлекеттік
бюджет, жалданбалы жұмысшылар және т.б. тараптарынан болатын наразылықтарды
қанағаттандырудың ретін белгілейді. Немесе, айталық, әлде бір кәсіпорын
өзінің өнімдерін тұтынушыларға жеткізу келісімін бұзды және сонымен оларға
экономикалық шығын келтірді. Заңнама сол шығынның ауқымын және осы төлеудің
жалпы тәртібін анықтайды.
Нарықтық экономикадағы мемлекеттің басқадай өте маңызды функциясы-
ақша жүйесін басқару. Қазіргі кездегі барша елдерде толық қанды (алтын
немесе күміс) емес, жасанды (қолда жүрген қағаз ақшалар, банкілерге
салынған қағаз ақшалар) ақшалар айналымда жүр. Ақша массасының көлемі
мемлекеттік экономикалық саясаттың төтенше маңызды макроэкономикалық құралы
болып табылады. Ақша массасының молая өсуі бағаның, инфляцияның көтерілуін
тудырады. Керісінше, экономикада ақшаның жетіспеуі экономикалық құлдырауға,
жұмыссыздық өсуіне тірейді. Барлық елдерде іс жүзінде мемлекеттік орган
болып табылатын Ұлттық Банк ақша массасының шамасын реттеп, елдегі барлық
банктік жүйені басқарады.
Мемлекеттік бюджет нарықтық экономикалы елдерде мемлекеттің
экономикалық саясатының шоғырлануын білдіру болып табылады.
Әлемнің көптеген елдерінде бюджеттік саясаттың аса маңызды бағыты
дефицитті емес бюджетке ұмтылу немесе оның ең төменгі деңгейде ұстап тұру
болып табылады.
Мемлекеттік бюджеттің дефициті экономиканың тұрақтылығын
сипаттайтын макроэкономикалық көрсеткіштерді анықтайтын топқа жатады.
Соңғы талап мемлекеттік басқару органдарының құрылымын одан ары
жетілдіру есебін қамтамасыз етуі тиіс.Ең ірі мемлекетттерде көптеген
ведомстволар, агенттіктер және мемлекеттік емес ұйымдар қарайтын сан
жағынан шектелген министрліктердің болуы кездейсоқтық емес. Олар сол
аздаған министрліктердің басшылығымен жұмыс істейді немесе функциональды
экономикалық жүйелер бойынша өзара қатынаста болады.
Нарықтық жүйе байланыстың өте күрделі жүйесіндей нәрсе. Ол арқылы
сансыз көп жеке, еркін таңдалған шешімдер еске алынып, қосылып және өзара
теңестіріледі.

ІІ. Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтуі және нарықтық
қатынастардың қалыптасуы, кезеңдері.

Біздің жас тәуелсіз Қазақ мемлекетінде де толыққанды жүйелі әлеуметтік
бағдарланған нарыққа көшу экономиканы дағдарыстан шығарудың баламасыз
құралы деп танылып отыр. Қазақстан Республикасының нарықты экономикаға көшу
бағдарламасын көрсету бұрын оның тарихына тоқталып өтейік.

Нарықтық қатынастар Қазақстан жерінде қашан пайда болды деген сұраққа
жауап беру онай шаруа емес. Себебі, біздер әлі кунге дейін өз халқымыздың ,
жеріміздің тарихын білмейміз. Мысалы, Қазақстанда құл иеленушілік құрылыс
болмастан патриархалдық –феодалдық қатынастар қалыптасты деген пікір берік
орныққан. Оны қазақтардың көшпелі мал-шаруашылығымен айналасумен
байланыстырады. Осы пікірдің негізінде Қазақстанда өндіргіш күштербің даму
дәрежесі өте- мөте төиен болды, тауарлы ақша нарықтық қатынастардың
қалыптасуын жағдай болған жоқ дейді. Біздің бұл пікірге үлкен күмәніміз
тарихшы ғалымдар болашақта өз пікірлерін айта жатар.

Нарық қатынастарының пайда болуының ең басты шарты. Өндіріс құрал-
жалдықтарына жекеменшік .Ал Қазақстанда өндірістік қатынастардың негізі
жерге феодалдық меншік болды. Ірі-ірі мал иелері жердің де аса ірі
меншіктенушілері болды. Көшпелі мал-шаруашылығы жағдайына жер өндірісінің
шарты ғана емес, сонымен бірге оның негізгі құралы да болды.

Жерге феодалдық меншіктің күшею қауымдық (рулық) жерлерді тартып алу
ісімен тығыс байланысты. Оған Ресей империясының өте-мөте қатал жүргізген
Қазақстанды отарлау саясаты мықтап әсер етті. Мысалы, 1914 жылға дейін
қазақтардан 43 миллион десятина аса құнарлы, мәйекті жерлер жер ауып келген
орыс шаруаларының патша үкіметінің әскери чиновниктерінің меншігіне тартып
алынған болатын. Осының нәтижесінде қазақ ауылдарында жер үшін талас
–тартыс күшейді,меншіктік бөлінусі тереңдей түсті, қауымдық–рулық
қатынастар ыдырай бастады.Патша укіметінің әскери басшыларына сүйенген ірі
байлардың жерді тартып алуы барған сайын ауқымды бола түсті. Бұл процестер
қазақ халқында бұрын-соңғы болып көрмеген таптық қатынастардың
қалыптасуына, оның қайшылықтарының шиелісуіне қатты әсер етті.

Тереңдей түскен меншіктік бөлінісу Қазақстанда тауарлы ақша
қатынастардың белгілі бір дәрежеде өріс алуына, өркендеуіне жағдай жасады.
Шындығында айырбас, сауда қатынастары қазақ даласында ерте кезде пайда
болды. Айырбас ісінде негізгі бұйым мал болды.Академик С.Бәйішевтің
мәлеметтері бойынша, Қазақстанда малмен сауда жасау,әсіресе XVI ғасырдан
бастап мықтап өріс алған,оның едәуір бөлігі айырбас, шетке шығарып өткізу
үшін өндіріліп отырған.

Осы бір ғана мысал не көрсетеді? Ол патшалық Россияның шаруалар
арқылы отарлау саясаты қазақтың егін шаруашылығын өркендетуге жемісті ықпал
етті деген пікірдің дәйексіз екендігін көрсетеді.Оны Т . Әбіразақов
көрсеткен мынадай мәліметтерде де дәлелдей түседі. XIX ғасырдың аяғында
Ақтөбе, Қостанай уездерінде егістің 80 % қазақтардың иелігінде болған. Орал
уезінің қазақ диқандары 5,4 миллион пұт астық жинап,оның 4 млн пұтын астам
нарықтарында сатқан. Ал 1893 жылдың өзінде ғана Ақтобе уезін қазақ
шаруашылықтарының астық сатудан түсірген кірісі шаруашылығы өнімдерін
сатудан түскен кірісінен жарты есе артық болған. Кезінде патша үкіметі дала
өлкесінде өндіріліп арзан астық Россиядағы помещик нанының бағасын кемітеді
қауыптеніп тиісті протекционистік (ұлттық нарықты үкім тарапынан қорғау )
нарық саясатын жүргізеді. Бұдан біз нарық экономиканың негізгі белгілерінің
бірі - бәсеке күресі Қазақстанда болғанын көреміз.

Сонымен бірге нарықтық қатынастардың қалыптасуына белгі бір дәрежеде
дамыған қолөнер кәсібі де,өнеркәсіп те әсер етті. Қазақтар үй бастырды,
жүннен мата тоқылды,терінен былған иледі, металдан ыдыс-аяқтар жасай білді,
киім тікті, киіз бастыкілем тоқыды. Бұл салалардың бұйымдары айырбас үшін,
ретінде де шығарылатын болды.

Қорыта айтқанда, шаруашылық салаларының әр алуандылығы сауданың дамуы
патриархалдық-феодалдық шаруашылық ыдырауына, капиталистік элементтердің
пайда болуына қолайлы жағдайлар жасады, бірақ, оны түгелдей іріте алматы.
Оның негізгі себептерінің бірі – Қазақстанда өнеркәсіп дамуының арта
қалғандығы еді .Бұл да патшалы Россиияның отарлау саясатымен байланысты
болды. Өнеркәсіп ресейлік және шетел капмталының күшімен өріс алды, ал
жергілікті капиталдың бұл саламен айналасуына бөгет жасады. Капитал
негізінен шикізат өндіретін салаларға пайдаланылды, кең байлықтарын алу
қасақана терістәсілдермен жүргізілді, олардың тек қана аса бай, қол күшімен
ғана алынатын орындары пайдаланылды.Сайып келгенде осының бәрі ұлттық
өнеркәсіптің пайда болуын мейлінше қиындатып қана қойған жоқ, сонымен
бірге, қазақ елінің экономикалық артта қалуын өте ұзақ уақытқа созды.

Осындай жағдайлардың салдарынан Қазақстан революцияға дейінгі
дәүірдің он бойында (содан кейінгі 70 жылдан аса уақыт бойында да) аграрлы
– шикізатты кіріптар ел күйінде қала берді. Жерді зор көлемде тартып алу,
отырышылық ошақтарынталқандау, қоғамдық өмірдің барлық саласындағы ұлттық
алалау, қисапсыз алым –салық қазақ халқының экономикалықжағдайының
қалдыруына,еңбекшілердің қайыршылыққа ұшырауына апарып соқтырды. Осының
бәрі Қазақстандағы қоғамдық прогреске бөгет болып,оның өндіргіш күштерінің
дамуын тежеді.

Қазірге тәуелсіз Қазақстан Республикасының алдында жоғарыда
көрсетілген тарихи әділетсіздіктерді жою міндеті тұр.Негізгі стратегиялық
мақсат-демократияны дамыту, меншіктік қатынастарды реформалау, нарықтық
экономиканы өндіру болып табылады. Қазақстанда нарықты экономикаға көшу
шартты түрде үш кезеңге бөлініп отыр. Бірінші кезең 1992-1995 жылдарды
қамтиды. Ол микроэкономикалық тұрақтандырудың екі негізгі процесімен
сипатталады: олар меншікті мемлекет иелігінен белсенді түрде алу, оны
жекешелендіру және тұтыну нарығын таурлармен толтыру. 1992 жылғы наурыздың
5-ші жұлдызында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қабылданған
Қазақстан Республикасында мемлект иелігінен алу мен жекешелендірудің 1993-
1995 жылдарға (IIкезең) арналған ұлттық бағдарламасында былай деп
жазылған: Жекешелендірудің негізгі мақсаты-мемлекетке қарасты өндірістік
объектілерді, басқа да материалдық емес активтерді мемлекеттің өтеусіз және
өтеммен беру арқылы республика халқына ұлттық мүлікті қайтару барысында
меншік құқығын дербестендіру негізінде орталықтантырған - жоспарлы
экономикадан нарықтық экономикаға көшу үшін қажетті жағдайлар жасау.

Екінші кезеңде (1996-2005жылдар) экономиканың шикізаттың бағытын
біртіндеп жою жалғасады, бірақ оның басты мазмұны көлік жүйесі мен
телекомуникацияны жедел дамыту, сондай-ақ дамыған тауар және
валюта,капитал,жұмыс күші, бағалы қағаздар интелектілік меншік нарығын құру
болмақ.

Үшінші кезең 5-7 жыл мерзімге созылып, ашық үлдегі экономиканың
шапшаң қарын алып дамуымен сипатталды,соның негізінде өтпелі кезеннің
стратегиялық мақсатына жетумен Қазақстанның әлемдік саудадағы
айқындамасындағы нығаюмен және дүниежүзіндегі жаңа индустриалды елдер
қатарына кіруіме сипатталатын болады.

Батыс елдердің шаруашылық саласындағы саясаты анықтайтын қазіргі
заманғы экономикалық тоериялар мен мектептерді,шартты түрде, екі негізгі
бағытқа бөлуге болады.

Оның біріншілері - еркін нарықты және экономикаға мемлекеттің
араласпауын жақтайтындар. Еркін нарықты жақтайтындары либерализм (негізін
салушы Адам Смит), ал оның қазіргі заманғы жақтастарын неолиберализм
мектебптерінің өкілдері (батыс германия экономисі Милтон Фридем)деп атайды.

Екінші бағыттың өкілдері экономикаға мемлекеттің белсен түрде
араласуын жақтайды. Бұл идеяларды алғашқы жақтаушылардың бірі ағылшынның
атақты экономисі, қоғам қайраткері Джон Мейнард Кейнс (1883-1946)
болды.Оның пікірінің қалыптасуына 1926-1933 жылдары болған бүкілдүние
жүзілік экономикалық дағдарыс түркті болды.Ол өзінің басты еңбегі Жұмыспен
қамтудың, проценттің және ақшаның далпы теориясы (1936ж) деген кітабындағы
идеяларды классикалық теория деп атады және жаппай жұмыссыздықты тек қана
сұранымды көтермелеу, ынталантыру арқылы шешуге болады деп қорытынды
жасады. Жұмыспен қамту процесіне мемлекеттік реттеу жүйесіне көшу
Дж.М.Кейнстің жұмыссыздық тұралы концепциясының негізгі қорытындысы болып
табылады. XX ғасырдың 30-80 жылдары бойына Батыс елдерінде кейнсианстваның
әсерімен нарықты реттеу жүйесі әрекет етті. Оған Дж.М.Кейнстің ізбасарлары,
француздардың дирижестері жатады. Олар, бір жағынан реттелмелі нарықтың
кейбір кемшіліктерін мойындай отырып , сонымен қатар нарықтық автоматты
түрде экономиканы өзін-өзі реттеу мүмкіндігіне сенімдерін жоғалтқан
болатын.Өздерінің зерттеулеріне, олар, бірінші кезекте ұлттық табыс,
қорлану мен тұтыну, қоғамдық жиынтық өнім, ұсыным сияқты макроэкономикалық
көрсеткіштерді басшылыққа алды.

Мемлекет салық жүйесі арқылы пайданың едәүір бөлігін алып алып оны
тиімді сұранымды және толық жумыспен қамтуды қолдау пайдаланады:
экономикада мемлекеттік сектордың үлесі кеңейді, қосымша жұмыс орындары
жасалады, азаматтарды әлеуметтік қорғау шараларының жүйесі жүзеге асырылады
(зейнт ақы, жәрдем ақша, халыққа білім беру, денсаулық сақтау салаларына
қаржы бөлу т.б.). Бұл бағыттағы экономистердің пікірінше мемлекет
экономикалық дамудың бағыт беруші күшіне айналады, оның жәрдемімен нарықтың
қолайсыз жақтарын жөнге салып реттен отырады.

XX ғасырдың 70жылдарында болған экономикалық дағдарыс және
кәсіпкерлік белсенділіктің баяулауы мемлекеттік реттеудің зияндылығы тұралы
идеяның қайтадан туындап дамуына себеп болды. Еркін нарық идеясының
өкілдері нарық механизмнің бәсекенің негізінде балансылынған өсуді, яғни
сұраным мен ұсынымның тепе-тендігі қамтамасыз ету мүмкін деп есептеді. Олар
– өздерінің зерттеулеріне микроталдауды басшылыққа алады, яғни экономиканы
оқуды әрбір кәсіпорынның жұмыс істеу себебін қарастырудан, тауарларға
қойылатын бағадан бастайды. Шын мәнінде ,қоғамдық өндіріс нарық арқылы
байланысқа шаруашылық бірліктердіңжиынтығы болып табылады. Бұл экономистер
мемлекеттің рөлі еркін бәсеке қолайлы жағдайды жасаумен шектеледі деп
тұжырым жасайды. Олар экономикалық бостандықты,мемлекеттің экономикаға
араласуының қажетсіздігін қоғамда болатын табиғи, әмбебапты заңның
әрекетімен түсіндіреді.Мұндай неоконсервативті бағыттағы идеялардың
негізінде пайдаға салынатын салық нарық төмендету жолымен ұсынымды
(өндірісті) көтермелеу, мемлекетсіздендіру және бәсеке күресу жағдайында
жеке кәсіпкерлікті күшейту шаралары көзделген. Олар жалпылама жұмыспен
қамту идеясына қарсы және әлеуметтік бағдарламаларды барынша азайтуды
жақтайды. Бір жағынан әлеуметтік мақсаттарға қажетті шығындарды мойындай
отырып олар екінші жағынан әлеуметтік кепілдіктер тегін қызмет пен төлем
түрінде болуы дұрыс емес деп есептейді. Қорыта айтқанда бұл мектептің
жақтастарының пікірінше өндірісті ұлғайту мен қоғамдық дәулеттілікті
арттырудың негізі және кәсіпкерлікті дамыту болып табылады.

Соңғы кезде негізгі екі бағыттың өз ішіндегі бой көрсетіп кележатқан
жіктелу олардың жақындасуына себеп болып отыр.Бұған АҚШ экономисі Пол
Антони Самуэльсонның (1915ж) неоклассикалық синтез теориясы барынша ақыл
дәлел бола алады.Оның пікірінше неоклассикалық синтез макроэкономикамен
дәстурлі микроэкономиканың арасындағы алшақтығы жояды.Реттелмелі экономика
теориясының жақтастары сияқты Самуэльсон да еркін бәсеке адамдар мен
ресурстарды толық қамти алмайды, тек ғана мемлекеттің араласуы ғана
дағдарысты,жұмыссыздықты болдырмайды деп есептейді.Сонымен бірге белгілі
бір ақылға сиымды шекте бәсекені қорғаудың қажеттігін атап көрсетеді.
Нәтижесінде жеке кәсіпкерліктің және мемлекеттік кәсіпкерліктің де
белгілері құрмаласқан аралас экономика пайда болады. Толық жұмыспен қамту
жағдайында шекті пайдалылық , шекті еңбек өнімділігі теориялық турінде
көрінетін, сөйтіп Самуэльсон үшін құн және табыстарды бөлу теориясының
негізі болып табылатын классикалық принцип толықтай заңды күш алады.

Жалпы неоклассикалық синтезі жаңа теория деп есептеуге болмайды, ол
экономиканы реттеулегі мемлекетің жетекші рөлі жағдайындағы жоғарыды
көрсетілген екі бағыттың эклектикалық құрмаласуы болып табылады.

П.Самуэльсон өзінің неоклассикалық синтезіне ғылыми техникалық
революцияға ,экономиканы реттеуге мемлекеттің, ірі крпорациялар мен
кәсіподақтардың арасында болатын ұзақ мерзімді келісім-шартсияқты
нысандарға үлкен мән беретін АҚШ экономисіДжон Кеннет Гэлбрейттің(1908ж)
негізгі жағдай ларында қосады.Бұндай ұсыныстардың мақсаты- мемлекеттік
бақылауды күшейту, әлеуметтік жанжалдарды бәсендету үшін әлеуметтік маневр
жасау әдістерін кеңінен қолдану.

Біздің алдымызда да нарықтық экономиканы реттеу жүзінде жинақталған
бай тәжірибиесін қолдану қажеттігі тұр.

2.1. Нарықтық экономиканың принциптері, модельдері, мәселелері
Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарынан нық
орын алу жөніндегі стратегиялық міндеттің орындалуы үшін әлемдік
экономиканың өсімінен тұрақты түрде асып отыратын экономикалық даму қажет.
Еліміздің жоғары деңгейде өзіндік жолы бар мемлекет ретінде танылуы, оның
әлеуметтік-экономикалық үстемелеп дамуы, халықтың әл-ауқатын, тұрмыс
жағдайын жақсартудың негізі болып табылады. Бұл үшін қаржылық және
әлеуметтік тұрақтылықты сақтай отырып шаруашылық жүргізудің қолайлы
жолдарын туғызу қажет, халықаралық еңбек бөлінісіне, ел экономикасының
өсуіне тиімді жағдай орната отырып, белсене қатысу керек.
Экономикалық өсуді жеделдетудің және өндірістің тиімділігін арттырудың
басты факторы - жоғары өнімді еңбекке уәждеме жасау, белсенді еңбекке
экономикалық ынталандыру. Қазақстанда экономикалық реформаларды жедел
жүргізу нәтижесінде өндірістің барлық факторы ырықтандырылды, тиімділікті
көтеруге бағытталған ынталандыру уәждемелері де жүргізіліп келеді. Алайда,
бүгінгі кезеңдегі экономикалық ынталандыру біліктілікке, еңбек сапасына,
өндіріс нәтижелілігіне және макроэкономикалық көрсеткіштер динамикасына
тәуелді болмай отығанын атап көрсетуге тура келеді. Мұның ғылыми-техникалық
прогреске ынталандырмалық дәрежесі төмен, өнімнің сапасын өсіруге әсері
қанағаттандырмайды, жұмысшының интеллектуалдық және функционалдық
қабілетінің толық ашылуына, оны өндірістің ішкі резервтерін пайдалануға
жеткілікті түрде мүдделендірмейді.
Өндіріс тиімділігін ынталандырудың оңтайлы жүйесін қалыптастыруға,
біздіңше, адамды экономикалық түрлендіруден, еңбектің меншіктен, жеке мүдде
мен ұжымдық мүдденің алшақтауы кері әсерін тигізді.
Жұмыскерлерді жоғары өнімді еңбекке құлшындыратын уәждемелер мен
ынталандырмалардың тиімді жүйесін қалыптастыру, еңбекті жоғары бағалау,
жалпы адам факторына байланысты проблемалардың шешілуі мемлекет алдындағы
аса маңызды экономикалық және әлеуметтік мәселелердің бірі болуы керек.
Өндірістің пәрменділігіне уәждемелер мен ынталандырмалардың тиімді жүйесіне
қол жеткізуде мына талаптардың бірінші кезекте орындалуы қажет: бір
жағынан, постиндустриалық қоғамның жұмыскерге қоятын міндеттеріне
байланысты біліктілік пен кәсібилікке талапты күшейту, ал екінші жағынан,
еңбек деген ұғымның құнсыздануы және еңбек бағасының төмендеу барысын
жеңу.
Қазір, яғни әлеуметтік-экономиканың серпінді даму кезеңінде өндіріс
тиімділігін экономикалық жағынан ынталандыру, еңбектің сандық және сапалық
сипаттамаларын, макроэкономикалық ұдайы өндіріс процесіндегі ынталандырудың
рөлін айқындау, еңбектің трансформациялануын жалпылау және нақтыланған
түрде зерделеу өте маңызды әлеуметтік-экономикалық проблемаға айналып отыр.
Еліміз экономикасы 15 жыл аралығында көптеген дағдарыстарды бастан
кешіргені баршаға айдан анық. Осы тарапта республикамыз экономикалық
жүйесінің нарықтық шаруашылыққа өтуінің объективті қажеттіліктен туындағыны
даусыз. Мәселе, оның қалай жүзеге асырылып жатқандығында болып отыр. Біздің
еліміздің әміршіл – әкімшілдік экономикадан нарықтық экономикаға қозғалыс,
ерікті экономикаға қарай қозғалысының даму процестерінің классикалық
бағыттарына сай жүргізілді.
Негізгі бағыттары мыналар:
- бағаны ырықтандыру, бағаларды сұраныс пен ұсыныс механизіміне сай
қалыптастыру;
- Мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру, жеке тұлғалардың кәсіпкерлік
құқын заңдастыру;
- Жеке меншіктің басымдылығына ұмтылу, оның ішінде ауыл шаруашылығында;
- Экономиканы тікелей мемлекеттік реттеуді шектеу, салық және ақша
саясатын жүргізу, шағын кәсіпкерлікті дамыту;
- Макроэкономикалық тұрақтандыруға қол жеткізу, инфляцияны ауыздықтау,
ұлттық валютаның еркін айналымдылығына жағдай жасау;
- Еркін сауда қатынастарын қалыптастыру, шетелдік инвестицияларды
тиісінше қорғау мүмкіндіктерін беру;
Қазақстан экономикасының өтпелі кезеңге басқан алғашқы қадамдарының
әлеуметтік салдарлары ауыр болғаны белгілі. Әлеуметтік-экономикалық жүйесі
озық дамыған мемлекеттерде, мәселен Германия, Жапония, Швеция нарықтық
шаруашылық эвалюциялық жолмен, біртіндеп спецификалық ерекшеліктерін ескере
отырып, сатылы түрде ұзақ мерзімде қалыптастырылса біздің елімізде қысқа
мерзімде шапшаң жүргізілді. Экономикалық өсу резервтерінің жоқтығында
мұндай саясатты ұстану дағдарысты асқындырып, тұрақсыздық пен белгісіздікті
орнатты.
Сол жылдары қазіргі уақытта экспорттық қуатымыз анықтап отырған
шикізаттық салаларда терең құлдырау байқалды. Мұнай өндіру көлемі бойынша
Қазақстан 14 жылға кері, яғни 1980ж. деңгейіне шегерілді. Мұнай өнімдерін
шығару екі есеге дейін төмендеді. Темір кенін өндіру 1960 ж., шойын мен
болат өндіру 1970ж. деңгейінен табылды. 1994 жылдың қорытындылары бойынша
инфляцияның жылдық деңгейі 1258%-ды, орташа айлық мөлшері 105%, ал 1995
жылы- 160,5%-ды орташа айлық мөлшері 14%-ды құлады. Жалпы ақша массасының
ЖҰӨ-ге қатынасы 1995ж. 5,4% -ды ғана құрады. Дамыған елдерді айтпағанда,
Шығыс Европаның Польша, Латвия, Эстония, Словения, Венгрия сияқты өтпелі
экономика елдерінде бұл көрсеткіш 25%-дан кем емес болатын Айналымдағы
ақшаның тым аздығының салдарынан, төлем дағдарысы ушығып, жаппай бартерлік
байланыстарға жол берілді . 1996 ж.басында республикамызда реформаларды
тереңдетудің 1996-1998ж ж.арналған орта мерзімдік бағдарламасы қабылданды.
Бұл бағдарлама амбициясы жағынан бастапқыларынан бәсең болды.Түпкі мақсаты
тұрғысынан ол бес жыл бұрын алдыға қойылған міндетті-инфляцияның айлық
деңгейін өндірісті жандандыруға қажетті 9-12 пайызға дейін жеткізуді
көздеді. 1997ж. қатаң ақша-несие саясатының арқасында иняфляцияның алғашқы
көзделген межесіне жетудің арқасында қысқа мерзімдік макроэкономикалық
тұрақтандыруды болжадық деп жар салынды, алайда мемлекеттің сыртқы
қарызының үлкендігі, салық саясатының икемсіздігі, нақты сектордың
құлдырауы, төлем дағдарысының асқынуы сияқты эканомикамыздағы келеңсіз
құбылыстар оның негізінің әлсіздігін көрсетті.
1998 ж. жалпы ішкі өнімнің құлдырауы 1991ж. салыстырғанда 32,1%-ды, ал
1989ж. салыстырғанда 53,5% құрады. Соның әсерінен оның орнын толтырудың
мүмкіндігі 2010 жылдан ерте болмайтыны сөзсіз.

Қазақстан экономикасының циклдік дамуының кезеңдері

Қазақстан Республикасының экономикалық циклдік даму сатысы

Фаза атауыКезеңдері Сипаттамасы
Дағдарыс 1989-1993 Ұлттық экономиканың барлық көрсеткіштерінің күрт
төмендеуі.
Бағаны ырықтандыру мен шағы жекешелендірудің жүргізу
салдарынан кейін халықтың әл-ауқатының барынша
нашарлауы.
Макроэкрномикалық саясаттың Ресейге тәуелділігі
1994-1998 Дербес макроэкрномикалық саясаттың жүргізілуі
Гиперинфляцияның ауыздықтау үшін қатаң қаржы –несие
саясатына көшу
Салық саясатын реформалау
Тоқырау 1999-2000 Классикалық тоқырауға сай нарықтық эономика
субьектілерінің жаңа ойын ережелеріне бейімделуі .
Шикізат өндірісінің қарқын ала бастауына байланысты
ЖҰӨ өсуінің байқалуы.
Банк секторының реформасы.
Жандану 2000-2004 Шикізат өндірісі мен экспортының тиімділігіне
байланысты басым түрде сол бағытта инвестицияның
бөлінуі.
Банк жүйесінің қарқынды дамуына байланысты қаржылық
тұрақтану.
ЖІӨ көлемі дағдарысқа дейінгі 1991ж деңгейге жетуі
2005-2010 Шикізаттық бағыт ұстанудан аластау, экономиканы
диверсификациялану.
Инновациялық-технологиялық бағдарды дамыту , аумақтық
диспропрцияларды түзету.
Сыртқы сауданы ырықтандыру. Дүниежүзілік сауда
ұйымына мүше болу.
Өрлеу 2010-... Шынайы макроэкономикалық өсудің бекемділігіне қол
жеткізу.
Өркениетті нарықтық қатынастардың қалыптасуы.
Әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерін жақсарту
мүмкіндігінің артуы.

Аталмыш фазаларды айқындау үшін кейбір басты макроэкономикалық
көрсеткіштердің өзгеру қарқынын нақты фактілер негізінде алға тартуға
болады. Жалпы көрсеткіштер бойынша 2005ж. ЖІӨ-нің физикалық үстіміздегі
жылдың басында “Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс қарсаңында.
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан нарық қатынастардың қалыптасуы мен даму кезендері
Қазақстанда рыноктың қалыптасу ерекшеліктері мен заңдылықтары
Нарық қоғамның экономикалық өмірінің негізі
Нарық және иерархия туралы
Нарық және иерархия
Қазақстан Республикасындағы банкілік қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілер жүйесі
Нарық, оның қызметтері және қызмет ету қағидалары
Дүниежүзілік валюталық жүйе
Постсоциалистік елдердегі өзгерістер
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Пәндер