Банк кассасынан қолма-қол ақшаларды қабылдау және беру есебі



Банктер үшін қолма-қол ақшаларды басқару қаржы нарығының күрделілігіне байланысты маңызды жағдай болып табылады және оның атқарымдық міндеттеріне кіреді. Сенімділікті қамтамасыз ету (қолма-қол ақшаларды қабылдау, жалған ақшаларды тану), сондай-ақ иелік ету, нақты валютаны айырбастау және сату қызметтері несие мекемелерінің міндеттеріне кіреді. Сөйтіп банкте көптеген төлем тәртіптері жүзеге асырылады. Клиенттер - заңды тұлғалар, кәсіпкерлер қолма-қол ақшаларды өздерінің есеп айырысу шотына төлемдерді жүргізу мақсатында салады, ал мысалы, жеке тұлғалар қолма-қол ақшаларды депозиттік шотқа олар бойынша пайыз (сыйақы) алу үшін салады.
Кассалық операциялар - бұл банк клиенттерінің ақшалары мен құндылықтарын қабылдап-өткізу бойынша банктік операциялар. Басқаша айтқанда, барлық кәсіпорындар мен мекемелер, олардың меншік түріне байланыссыз өз ақшаларын банкте сақтайды және банктің клиентке қолма-қол ақшалай есеп айырысуын жүргізу бойынша қызмет көрсетуі - бұл кассадан ақшаны беру, қабылдау және сақтау.
Екінші деңгейдегі банктердің кассалық операцияларды жетілдіру тәртібі 1999 жылғы 15 қарашадағы №394 «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің кассалық операцияларын жүргізу» ережелеріне сәйкес жүргізіледі. Олар бойынша келесілер қарастырылған:
- кассалық операцияларды жүргізудің жалпы тәртібі;
- ақшаны жеткізу және сақтау тәртібі;
- ақшаның төлем қабілеттілігін анықтау тәртібі;
- зақымданған банкноттар мен ақаулы тиындарды айырбастау және жою тәртібі.
Банктерде клиенттерге кассалық қызмет көрсету, қолма-қол ақшаларды өңдеу және кассалық жұмыстарды ұйымдастыру ісін жүргізу үшін келесі бөлімшелер құрылады: кіріс, шығыс, кіріс-шығыс кассалары, қайта есептеу кассасы, кешкі касса және т.б. Банктер банктік

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
БАНК КАССАСЫНАН ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ БЕРУ ЕСЕБІ
Банктер үшін қолма-қол ақшаларды басқару қаржы нарығының
күрделілігіне байланысты маңызды жағдай болып табылады және оның атқарымдық
міндеттеріне кіреді. Сенімділікті қамтамасыз ету (қолма-қол ақшаларды
қабылдау, жалған ақшаларды тану), сондай-ақ иелік ету, нақты валютаны
айырбастау және сату қызметтері несие мекемелерінің міндеттеріне кіреді.
Сөйтіп банкте көптеген төлем тәртіптері жүзеге асырылады. Клиенттер - заңды
тұлғалар, кәсіпкерлер қолма-қол ақшаларды өздерінің есеп айырысу шотына
төлемдерді жүргізу мақсатында салады, ал мысалы, жеке тұлғалар қолма-қол
ақшаларды депозиттік шотқа олар бойынша пайыз (сыйақы) алу үшін салады.
Кассалық операциялар - бұл банк клиенттерінің ақшалары мен
құндылықтарын қабылдап-өткізу бойынша банктік операциялар. Басқаша
айтқанда, барлық кәсіпорындар мен мекемелер, олардың меншік түріне
байланыссыз өз ақшаларын банкте сақтайды және банктің клиентке қолма-қол
ақшалай есеп айырысуын жүргізу бойынша қызмет көрсетуі - бұл кассадан
ақшаны беру, қабылдау және сақтау.
Екінші деңгейдегі банктердің кассалық операцияларды жетілдіру тәртібі
1999 жылғы 15 қарашадағы №394 Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі
банктерінің кассалық операцияларын жүргізу ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
Олар бойынша келесілер қарастырылған:
- кассалық операцияларды жүргізудің жалпы тәртібі;
- ақшаны жеткізу және сақтау тәртібі;
- ақшаның төлем қабілеттілігін анықтау тәртібі;
- зақымданған банкноттар мен ақаулы тиындарды айырбастау және жою тәртібі.
Банктерде клиенттерге кассалық қызмет көрсету, қолма-қол ақшаларды
өңдеу және кассалық жұмыстарды ұйымдастыру ісін жүргізу үшін келесі
бөлімшелер құрылады: кіріс, шығыс, кіріс-шығыс кассалары, қайта есептеу
кассасы, кешкі касса және т.б. Банктер банктік заңдылықтарға сәйкес
кассалық және басқа да банктік операцияларды жүзеге асыру үшін банк
орналаспаған жерден де есеп-кассалық бөлімшелерді ашуға құқылы.
Кассалық операцияларды жүргізудің жалпы принципі кассирдің
құндылықтар мен қолма-қол ақшаны қабылдау және беру операцияларын кіріс
және шығыс кассалық құжаттарға сәйкес рәсімделген бухгалтерлік бөлім
қызметкерлерінің үкімі негізінде жүзеге асыруына бағытталады. Әрбір
кассирді жұмысқа қабылдау кезінде толық материалдық жауапкершілік туралы
келісімшарт жасалады. Жұмыс күнінің басында операциялык касса кассирлері
касса меңгерушісінен аванс ретінде белгілі бір қолма-қол ақша сомасын алады
және жұмыс күні соңында оны пайдаланғандығы туралы есеп береді. Бір күн
ішіндегі барлық кассалық операциялар аяқталғаннан кейін кассирлер
бухгалтерия қызметкерлерінің мәліметтері мен өзі жүргізген операцияларының
жалпы сомасын салыстырып, одан кейін құндылықтар мен қолма-қол ақшаларды
ақша қоймасына өткізеді. Кассалық операциялар бойынша барлық құжаттар банк
мекемесінің бухгалтериясында алдын ала тексерілгеннен кейін кассирлерге
түседі.
Клиенттерден банк кассасына қолма-қол ақшаларды қабылдау кіріс
кассалық құжаттармен жүргізіледі (1,2-қосымшалар). Басқа құндылықтарды
қабылдау баланстан тыс ордерлермен рәсімделеді.
Клиент банкноттар мен тиындар тізімдемесімен бірге толтырылған кіріс
кассалық құжатты бухгалтерия қызметкеріне өткізеді, ол кіріс кассалық
құжаттың дұрыс толтырылуын тексереді, оны рәсімдейді және кіріс бойынша
кассалық журналда ақша сомасын көрсету үшін құжаттарды бухгалтер-
бақылаушыға өткізеді. Өз кезегінде бухгалтер-бақылаушы кіріс кассалық
құжатты қабылдағаннан кейін операция жүргізген қызметкердің қолын және оның
растығын тексереді, онда көрсетілген соманың сәйкестігін, сонымен қатар осы
құжатта көрсетілген соманың растьпын салыстырады, содан кейін кіріс бойынша
бас журналға қол қойып тіркейді.
Кассир кіріс кассалык құжаттарды тексергеннен кейін клиентті шақырып,
одан көрсетілген соманы қабылдап алады. Содан кейін құжатта көрсетілген
соманы нақты сомамен салыстырып, сәйкес келген жағдайда кассир құжатқа
қолын қойып, түбіртекке немесе кіріс ордерінің көшірмесіне мөр қойып, оны
ақша салған тұлғаға береді. Егер өткізілген ақша мен көрсетілген сома
арасында сәйкессіздік байқалса, онда өткізілген құжат қайта рәсімделіп,
кассалық журналға өзгерістер енгізіледі. Кассир қолма-қол ақшаны
қабылдағаннан кейін Хабарландырудан түбіртекті және ордер кесіп алады
және түбіртекті ақша енгізушіге береді, ал кассир қолымен расталған ордер
ақшаның нақты түсуін кіріс бойынша кассалық журналда белгілейтін және
келесі күні көшірмемен бірге клиентке берілетін бухгалтерия қызметкеріне
бағытталады. Осыдан, клиенттер шотына енгізілген сомалар бойынша соңғыларға
екі құжат ұсынылады - түбіртек және ордер. Бөлек операциялар бойынша
ақшалардың банк кассасына түсуі Кіріс кассалық ордерлерді жасау жолымен
рәсімделуі мүмкін.
Егер клиент белгілі бір себептерге байланысты ақшаны кассаға
өткізбеген жағдайда, онда кассир көрсетілген соманы касса журналынан сызып
тастау үшін бухгалтер-бақылаушыға кіріс кассалық құжаттарды қайтарады, ал
құжаттардың өзі жойылады.
Жұмыс күнінің соңында кассир кіріс кассалық құжат негізінде бір күн
ішіндегі кассалық айналым және құндылықтардың қалдығы туралы есептілік
анықтамасын жасап, олардағы мәліметтерді нақты қабылданған сомамен
салыстырады. Анықтамаға кассир қолын қояды және онда көрсетілген кассалық
айналым кассалық журналдағы жазбалармен салыстырылады.
Кассир жұмыс күнінің соңында касса меңгерушісіне анықтама және кіріс
құжаттарымен бірге қабылданған ақшаларды буып-түйіп өткізеді. Кассир нақты
құндылықтар мен есептілік құжаттар арасындағы сәйкессіздікті анықтағаннан
кейін касса меңгерушісіне хабарлайды, ал нақты сәйкессіздік бойынша акт
жасалады .
Касса меңгерушісі қабылданған соманы анықтама және кіріс құжаттарымен
салыстырып, қолын қояды. Сонымен қатар жұмыс күні ішінде қабылданған барлық
ақша сомалары операциялық кассаға кірістеліп, сол жұмыс күні ішінде
клиенттердің сәйкес шоттарына есептелуі қажет.
Қолма-қол ақшаларды кірістеген кезде келесі шоттар корреспонденциясы
жасалады:
- Клиент - заңды тұлғадан кассаға ақшаны кірістеу:
Дт 1001 Кассадағы қолма-қол ақша
Кт 2203 Клиенттердің ағымдағы есеп шоттары
- Депозиторлардан ақша қаражаттарын салымның сәйкес шотына
кірістеу:
Дт 1001 Кассадағы қолма-қол ақша
Кт 2211, 2223 Клиенттердің салымдары
- Чектік кітапшалардың құнын қолма-қол ақшамен төлеу кезінде:
Дт 1001 Кассадағы қолма-қол ақша
Кт 4920 Өзге кірістер
- Қолма-қол ақша түрінде касса арқылы банк қызметінен
комиссиялық табыс түскен кезде:
Дт 1001 Кассадағы колма-қол ақша Кт 4600 Комиссиялық кірістер
Клиенттердің банктік шотынан қолма-қол ақша беру ақшалай чектер және
шығыс кассалық ордерлермен жүзеге асырылады.
Ақшалай чектік кітаптар қатаң есептеме бланкісіне жатады, олардың
есебі 7339 Әр түрлі құндылықтар және құжаттар баланстан тыс шотында
жүргізіледі. Сондықтанда оларды беру қатаң бекітілген түрде клиент өтініші
бойынша жүзеге асырылады. Сол уақытта 7339 Әр түрлі құндылықтар және
құжаттар баланстан тыс шоттар бойынша баланстан тыс шығыс ордері
толтырылады.
Басқа да құндылықтарды беру баланстан тыс ордерлермен рәсімделеді.
Жоғарыда айтылғандай, касса меңгерушісі шығыс операцияларын жүзеге
асыру үшін кассирлерге қажетті соманы есептеп береді. Одан кейін касса
меңгерушісі операциялық кассада ақша қалдығын тексеруі және күн басындағы
есеп бойынша операциялық кассадағы қолма-қол ақшалар мен басқа да
құндылықтардың есебі кітапшасындағы мәліметтермен сәйкестігіне көз жеткізуі
қажет.
Клиент қолма-қол ақша алу үшін толтырылған кассалық құжаттарды өзіне
қызмет көрсетуші бухгалтерия қызметкеріне ұсынады, ол сәйкес тексеру және
рәсімдеу жүргізгеннен кейін шығыс бойынша кассалық журналда чек сомасын
немесе шығыс кассалық ордерді жазу үшін оларды кассирге, бухгалтер-
бақылаушыға өткізеді. Және клиентке акшалай чектен бақылау маркасын береді,
ал чектің өзін бухгалтерия қызметкерлері кассирге өткізеді. Шығыс
құжаттарын алғаннан кейін, бухгалтер-бақылаушы келесілерді жүргізуге
міндетті:
- банктің ақшалай құжаттарына қол қоюға өкілеттілігі бар жауапты
тұлғалардың қолын растап, тексеру;
- санмен көрсетілген соманы жазбаша көрсетілген сомамен салыстыру;
- клиенттің лауазымды тұлғаларының қолын және олардың растығын
тексереді.
Кейін шығыс кассалық құжаттар кассирге өткізіледі, ол келесілерді
тексереді:
- қолма-қол ақша алу кезінде клиенттердің құжаттағы қолын және клиенттің
жеке куәлігін тексереді;
- берілетін колма-қол ақша сомасын салыстырады;
- кассаға ұсынылатын бақылау маркасының нөмірін ақшалай чектегі нөмірмен
салыстырып, оған бақылау маркасын жабыстырады.
- клиент көзінше берілетін, дайын ақша сомасын қайта есептеп береді және
шығыс құжатына қолын қояды.
Клиент қолма-қол ақша қаражатын касса бақылаушысының қатысуымен қайта
есептеуге құқылы. Қайта есептеу нәтижесінде қолма-қол ақша жетіспеушілігі
немесе артықшылығы байқалған кезде, қажет болған жағдайда акт жасалады.
Жетіспеген соманы жетіспеушілікке жол берген касса қызметкері клиентке
қайтарады.
Жұмыс күнінің соңында кассир есепке қабылданған қолма-қол ақша
сомасын шығыс құжаттар сомасы және қолма-қол ақша қалдықтарымен
салыстырады, содан кейін бір күн ішіндегі кассалық айналым және
құндылықтардың қалдығы туралы есептілік анықтамасын құрайды, қолын қояды
және кассалық айналымды бухгалтер-бақылаушының кассалық журналындағы
жазбалармен салыстырады. Салыстырып тексеру касса журналында кассирдің және
кассир анықтамасында бухгалтер-бақылаушылар қолдарымен рәсімделеді.
Сәйкессіздік анықталған жағдайда кассир ол туралы касса меңгерушісіне
хабарлап, түсінікхат жазып, нақты сәйкессіздік бойынша акт жасайды. Сол
күні кем шыққан ақша сомасын кассир өзі өтеуі қажет, егер бұл мүмкін
болмаған жағдайда кассир жетіспеушілікті өтеудің нақты мерзімін көрсетіп
міндеттеме толтыруы қажет. Егер шығыс операцияларын касса меңгерушісі
орындаса, онда бір күн ішіндегі кассалық айналым және құндылықтардың
қалдығы туралы есептілік анықтамасы жасалмайды, ал шығыс бойынша барлық
айналымдар бір күн ішіндегі кассалық айналым туралы жиынтық анықтамаға
енгізіледі.
Кассир қолма-қол ақша мен бір күн ішіндегі шығыс кассалық құжаттар
қалдығын есептілік анықтамасымен бірге касса меңгерушісіне қабылданған және
өткізілген ақша есебінің кітабына қол қою арқылы өткізеді. Меңгеруші
тексеріп, есептілік анықтамасына қолын қойып, оны касса күніндегі
құжаттарға тіркеп тігу үшін жібереді.
Кассадан қолма-қол ақшаны беру және жүмсау үшін келесі бухгалтерлік
жазбалар жасалады:
- Клиент - заңды тұлғаларға ақша қаражаттарын беру:
Дт 2203 Клиенттердің ағымдағы есепшоттары
Кт 1001 Кассадағы колма-қол ақша.
- Банк қызметкерлеріне еңбекақы төлеу кезінде:
Дт 2854 Банк қызметкерлерімен есеп айырысу
Кт 1001 Кассадағы қолма-қол ақша.
- Несиені қолма-қол ақша түрінде касса арқылы бергенде:
Дт 1411, 1417 Клиенттерге қысқа және ұзақ мерзімге берілген
қарыздар
Кт 1001 Кассадағы қолма-қол ақша.
Кассир кассалық айналымды операциялық қызметкерлердің кассалық
журналымен салыстырғаннан кейін касса меңгерушісіне қолда бар ақша
қалдықтарын анықтама және кассалық құжаттармен бірге белгіленген тәртіпте
өткізеді. Касса меңгерушісі кассирден ақшаны, есептілік анықтамасы мен
құжаттарды қабылдағаннан кейін операциялық қызметкерлердің кассир
анықтамаларында көрсетілген кассалық айналым сомаларының расталғандығын
және ақша қалдықтары анықтамасының дұрыс шығарылғандығын тексереді. Содан
кейін операциялық касса кассирлерінің есептілік анықтамасының мәліметтері
мен қайта есептеу кассасының қабылдаған ақша сомасы туралы журналдағы
жазбалары бойынша, сондай-ақ олардың өзі қабылдап-өткізетін ақша құжаттары
бойынша жиынтық анықтаманы жасайды және олардың нәтижелерін бухгалтерлік
есел мәліметтерімен салыстырады. Салыстырып тексеру бір күндік кассалық
құжаттарда сақталатын анықтамада бухгалтерия қызметкерінің қолымен
рәсімделеді. Қойма меңгерушісі бір күн ішіндегі кассалык айналымды
салыстырғаннан кейін ақша кірісі мен шығысының жалпы сомасын кітапқа
енгізіп, келесі күні касса қалдығын шығарады. Кассадағы ақша қалдығы
мен бухгалтерия мәліметтері арасында алшақтық кезінде алшақтық себебін
анықтауға шара қолдану үшін құндылықтардың сақталуына жауапты міндетті
тұлғаларға хабарлау қажет. Егер олар расталса, онда акт толтырылады.
Касса меңгерушісі касса ақпарынан кейін шығыс және кіріс бойынша
бөлек кассалық құжаттарды қалыптастырады. Баланстан тыс құжаттар алдымен
кіріс, кейін шығыс болып баланстан тыс шоттар нөмірі бойынша теріледі. Әр
күн бойынша кассалық құжаттар келесі күннен кешіктірілмей бөлек папкаларда
жинақталып, бас бухгалтерге қол қоюға ұсынылуы қажет. Жинақталған
құжаттардың сомалық мәліметтері есептеуіш машиналарда есептелінеді.
Валютадағы сома Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банк бағамы бойынша
теңгедегі шетел валюта сомасына сәйкес келуі қажет. Есепті жүргізген
қызметкердің қолы қойылған кіріс және шығыс кассалық және баланстан тыс
ордерлер бойынша есептілік лентасы бөлек папкада басқа құжаттардың алдында
орналастырылады.
Құндылықтардың сақталуына жауапты тұлғалар ақша қоймасында
келесілерді тексеруге міндетті:
- сақталатын құндылықтардың, кітаптар мен құжаттардың қоймаға енгізілуін;
- айналым кассасы мен басқа да құндылықтардың нактылығы бухгалтерлік
есеп мәліметтері мен құндылықтар есебі кітабында көрсетілген
қалдықтармен сәйкес келуін.

АҚША ЖӘНЕ БАСҚА ДА ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ САҚТАУ
Қолма-қол ақша мен құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету үшін касса
бөлмесі бөлек орналасып, жабдықталуы керек. Ақша қоймасы - бұл ақша
қаражаттары және басқа құндылықтар мен құжаттарды сақтау мақсатында
кассалық жұмыс үшін банктерде арнайы ұйымдастырылатын бөлме. Кассалық қойма
есігі ішкі жағынан жабылуы қажет. Әрбір кассирдің жұмыс орны кабиналармен
бөлектенуі қажет. Кассирлердің столы құлыпталатын ұяшықтардан тұруы керек.
Кассирлерді кілтпен құлыпталатын сейфтермен, металл шкафтар немесе арнайы
арбалармен қамтамасыз ету қажет. Кассирлер орнынан уақытша шығып кеткен
кездерінде қолма-қол ақшаларды ашық түрде тастап кетулеріне болмайды.
Айналым кассасының қолма-қол ақшасы сақталатын ақша қоймасы үш
кілтпен және коды бар құлыппен ашылып, жабылады. Құндылықтардың сақталуына
жауапты лауазымды тұлғалар ақша қоймасын ашпастан бұрын қауіпсіздік қызметі
өкілінің қатысуымен есіктің зақымдалмауын, құлыптың ақаусыздығын тексеріп,
одан кейін журналға қолдарын қоюы қажет. Есіктің және құлыптың
зақымдалғандығы анықталған жағдайда, сондай-ақ ақша қоймасына кіруге әрекет
ету күдігі туындаса, құндылықтарды сақтауға жауапты тұлғалардың қолдары
қойылып акт жасалады, сонымен қатар банк басқармасының басшысына
хабарлайды.
Ақша қоймасы ішіндегі ақша және басқа да құндылықтар темір тордан
тұратын және құлыппен жабылатын металл стеллаждарда сақталуы қажет.
Ақша қоймасында мына заттар бөлек сақталуы керек:
- операциялық кассаның қолма-қол ақшалары. Сонымен қатар операциялық касса
ақшасы есебінен берілетін алдын ала дайындалған ақша қаражаты операциялық
кассаның басқа құндылықтарынан бөлек сақталуы керек;
- шетел валютасы (чектер);
- алтын, платина және басқа да бағалы металдар;
- басқа да құндылықтар.
Касса меңгерушісі әрбір бөлек шкафтарды, стеллаждарды, сөрелерді
кілтпен құлыптауы керек.
Кассада 7339 Әр түрлі құндылықтар және құжаттар баланстан тыс
шотында есептелінетін ақша қоймасында катаң есептілік бланкісінің есебі
жүргізіледі. Құндылықтарды қабылдап, өткізу қолма-қол ақша операциялары
сияқты сәйкес құжаттар негізінде жүзеге асырылады. Олар кіріс және шығыс
баланстан тыс ордерлермен рәсімделеді. Қоймада орналасқан құндылықтарды
касса меңгерушісі құндылықтарды есепке алу кітабында есептейді.

ИНКАССОЛАНҒАН ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАЛАР
Банкте жұмыс күні аяқталғаннан кейін клиенттерден ақша қабылдау үшін
кешкі касса ашылуы мүмкін. Кешкі кассаға түскен қолма-қол ақша клиенттердің
шотына келесі операциялық күннен кешіктірілмей есепке алынады. Кешкі
кассалар кәсіпорындар мен ұйымдарға жақсы қызмет көрсетуді қамтамасыз
етеді, бір күн ішінде түскен ақшалай түсімді өткізуге мүмкіндік береді,
банкке ақшаның түсуін жеделдетеді және олардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Сондықтан банк клиенттердің шотына ақша қаражатын уақытында есепке алу үшін
және клиенттерге жағдай жасау үшін ақша айналымын жеделдету мақсатында
сауда және басқа да кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшалай түсімін инкассолау
бойынша жұмыстарды орындайды.
Инкассолау - бұл кәсіпорын, ұйымдар мен мекемелердің кассасына қолма-
қол ақша мен құндылықтарды жинау. Барлық банктерде инкассаторлық
аппарат,сонымен қатар құндылықтарды тасымалдау үшін арнайы көлік құралдары
болады.
Ақшалай түсім кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің шарты бойынша
инкассоланады. Инкассолау шарты жасалған әрбір ұйымға түсім көлеміне
байланысты реттік нөмірі бар сомалар беріледі. Келісілген уақытта банктің
инкассаторлары ұйымдарды аралап шығады.
Кешкі кассаға қолма-қол ақшаны қабылдау аяқталған бойда қабылданған
қолма-қол ақшаны кассалық журнал мәліметтерімен немесе кассалық аппараттың
бақылау лентасын кіріс құжаттарының сомасымен салыстырады.
Келесі күннің ертеңінде қабылданған ақша мен құжаттар касса
меңгерушісіне өткізіледі. Салыстырып тексеруден кейін барлық мәліметтер
сәйкес келген жағдайда, құжаттарды оларды шотта көрсету үшін бухгалтер-
бақылаушыға өткізеді. Касса меңгерушісі құжатындағы мәліметтер мен нақты
қабылданған сомалар сәйкес келмеген жағдайда акт толтырылып, себебін
анықтайды.
Осыдан келіп кәсіпорын, ұйымдар мен мекемелер жолдау тізімдемесі
бойынша пломба салынған қалтада кешкі кассаға ақша өткізу туралы банктермен
келісімшартқа отыруларына болады, содан кейін банк кәсіпорындарға,
ұйымдарға инкассаторлық қалталардың белгілі бір көлемін береді және
бекітілген тәртіпте белгіленген пломб таңбаларының үлгісін алады. Әрбір
өткізілетін ақшалай инкассаторлық қалтаға клиент үш данада жолдау
тізімдемесін жазып береді, олардың біріншісі қалтаға салынады, ал екіншісі
мен үшіншісі кешкі касса журналына тіркеу үшін өткізіледі. Операциялық күн
аралығында инкассоланған түсімді қайта есептеу кез келген сағатта, ал
кейбір кездерде операциялық күн соңында аяқталады. Операция басында қайта
есептеу кассасы инкассаторлық қалтаға салынған валюталық және басқа да
құндылықтарды көрсете отырып, жүк құжаттарын операциялық бөлімге береді.
Түсімді қайта есептегенге дейінгі тізімдеме сомасы транзиттік
шоттардың дебет шотына және бөлек клиенттердің кредит шотына жатқызылады:
Дт 1870 “Банктің өзге де транзиттік есеп шоттары”
Кт 2203 Клиенттердің ағымдағы есепшоттары.
Одан кейін жүкқұжаттары қайта есептеу кассасына
қайтарылады, оны жүзеге асырғаннан кейін нәтижелерді кассалық кіріс
журналына жазу үшін кассадан операциялық бөлімге қалта жүкқұжаттары
беріледі, сонымен қатар шоттар корреспонденциясы құрылады:
Дт 1001 Кассадағы қолма-қол ақша
Кт 2870 Банктің өзге де транзиттік есепшоттары.
Инкассолаумен байланысты банк шығындарын төлеу кезінде:
Дт 2203 Клиенттердің ағымдағы есепшоттары
Кт 4608 Өзге де комиссиялық кірістер.
Клиенттердің инкассоланған қолма-қол сомалары жетіспеген кезде:
Дт 2203 Клиенттердің ағымдағы есепшоттары
Кт 2870 Банктің өзге де транзи ттік есепшоттары.
Артық сома анықталған кезде:
Дт 1870 Банктің өзге де транзиттік есепшоттары
Кт 2203 Клиенттердің ағымдағы есепшоттары.

КАССА ТЕКСЕРУІ (РЕВИЗИЯ)
Құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету және кассалық қызметті дұрыс
ұйымдастыру үшін банк мекемесіндегі кассалық операциялар жүйелі түрде
бақыланып немесе тексеріліп отырады.
Банк кассасында сақталатын барлық банкноттар, шақа (монета) және
басқа да құндылықтар келесі жағдайларда жүргізілетін дүркін-дүркін
тексерістен өтіп отыруы қажет:
- тоқсанына бір реттен сирек емес, оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кассалық операциялар есебі
Валюта шотындағы қолма-қол ақша есебі
БАНК КАССАСЫНАН ҚОЛМА - ҚОЛ АҚІПАЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ БЕРУ ЕСЕБІ
Ақшалардың есебі мен ішкі аудиті
Қаржылық инвестициялар және ақшалар
Кассадағы операциялар есебі
Кассирдің касса есебін дайындау тәртібі және құжаттарды рәсімдеу
КАССАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАРДЫ РӘСІМДЕУ
Касса операциялары бойынша есеп айырысу және журнал ордерлерін толтыру
Кассадағы ақша қаражаттары есебі
Пәндер