Өндіріс шығындарын есепке алудың әдістері мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау



Шығындарды есепке алудың және өнімнiң өзіндік құнын калькуляциялаудың белістік өдісі өнiмді жаппай өндіретiн кәсiпорындарда колданылады, онда бастапқы шикізат дайын өнiмге дейiн рет-ретімен технологиялык өңдеуден өтеді Бұл әдіс шикізаттың кешенді түрде пайдаланылатын кәсшорындарында металлургиялық, химиялық, мұнай өндеу және басқа да салаларда колданылады. Мысалы, мата тоқу кәсiпорындарында үш қайта жасау — иіру, тоқу және әрлеу саласы, қара металлургияда — домен пеші, болат балқыту, прокат, былғары өндірісінде — күлді, тері илеу жөне әрлеу саласы бар
Дайын өнiм немесе шалафабрикат шығарумен аяқтайтын технологиялық процесті бөлістік әдіс деп атайды Бөлістік әдісте өндіріске кеткен шығындар олардың әрбір кезеңі, фазасы, ауысымы, яғни бөлісі бойынша есептелінеді Әрбір белістен кейiн шалафабрикат шығарылады, ал түптеп келгенде — дайын өнiм алынады Бөлiніс тізбесі пайдаланылатын жабдықтар, өндіріс процесстерінің арасындағы үзіліс-іркілістер; шығарылатын шалафабрикаттардың, өнiмнің сипаты мен басқа да өзiне тән жағдайлары ескеріле отырып, технологиялық процесстер туралы деректердін негiзінде белгiленеді Бұл орайда, бөлініс жөніндегi шығындарды жоспарлау мен есепке алуды, аяқталмаған өндірісті есепке алу мен бағалауды ұйымдастыру, өзі өндірген шалафабрикаттар мен дайын өншдердің өзiндік кұнын калькуляциялау мүмкіндігi ескерiледі
Тікелей шығыстар (шикiзат, негiзгi материалдар, шалафабрикаттар, өндіріс жұмысшыларының жалақысы т б) әдетте, бөлістер бойынша, ал әрбір бөлістердщ ішінде — әзірленген өнім түрлері бойынша есепке алынады (шалафабрикат немесе дайын бұйым)
Үстеме шығыстар бөлістердщ арасына таратылады, ал олар өрбір бөлістердің ішiнде — шығарылатын өнiм түрлерiнің арасына таратуға қабылданған коэффициенттердiң базасында жасалуы мүмкiн.
Бөлістік әдісiн колданған кезде нормативтік әдістің непзгi элементтері — нақты шығындардың ағымдағы нормадан жүйелі түрде ауытқуын, сондай-ақ нормалардың өзгеру есебін және олардың себебін табуды қолдану керек
Еңбек шығындарын, ресурстардың шығыстарын қүжаттауда және жедел (оперативтiк) есеп беруiнде энергетикалық, материалдық және баска да шығындардың нақты шығысын ғана көрсетiп қоймай, сонымен қатар өндірiс тапсырмаларына немесе нормасына непзделген шығындар да көрініс табуы керек. Белгiленген технологиялық процесстің ауьггқуынан, жұмсалған материадық шығыстардың құрамының өзгеруiнен, шығарылған өнімнің ассортиментінен, олардың сорттылығынан болған қосымша шығындар немесе үнемдеулер дер кезінде көрініс табуы тиіс.
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың және шығынды есепке алудың бөлістік әдісінің екі нұсқасы пайдаланылады: шалафабрикаттық және

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Өндіріс шығындарын есепке алудың әдістері мен өнімнің өзіндік құнын
калькуляциялау.

1.Өнімнің,жұмыстың және қызметтің өзіндік құнын калькуляциялаудың және
шығындарды есепке алудың бөлістік әдісі.

Шығындарды есепке алудың және өнімнiң өзіндік құнын калькуляциялаудың
белістік өдісі өнiмді жаппай өндіретiн кәсiпорындарда колданылады, онда
бастапқы шикізат дайын өнiмге дейiн рет-ретімен технологиялык өңдеуден
өтеді Бұл әдіс шикізаттың кешенді түрде пайдаланылатын кәсшорындарында
металлургиялық, химиялық, мұнай өндеу және басқа да салаларда колданылады.
Мысалы, мата тоқу кәсiпорындарында үш қайта жасау — иіру, тоқу және әрлеу
саласы, қара металлургияда — домен пеші, болат балқыту, прокат, былғары
өндірісінде — күлді, тері илеу жөне әрлеу саласы бар
Дайын өнiм немесе шалафабрикат шығарумен аяқтайтын технологиялық процесті
бөлістік әдіс деп атайды Бөлістік әдісте өндіріске кеткен шығындар олардың
әрбір кезеңі, фазасы, ауысымы, яғни бөлісі бойынша есептелінеді Әрбір
белістен кейiн шалафабрикат шығарылады, ал түптеп келгенде — дайын өнiм
алынады Бөлiніс тізбесі пайдаланылатын жабдықтар, өндіріс процесстерінің
арасындағы үзіліс-іркілістер; шығарылатын шалафабрикаттардың, өнiмнің
сипаты мен басқа да өзiне тән жағдайлары ескеріле отырып, технологиялық
процесстер туралы деректердін негiзінде белгiленеді Бұл орайда, бөлініс
жөніндегi шығындарды жоспарлау мен есепке алуды, аяқталмаған өндірісті
есепке алу мен бағалауды ұйымдастыру, өзі өндірген шалафабрикаттар мен
дайын өншдердің өзiндік кұнын калькуляциялау мүмкіндігi ескерiледі
Тікелей шығыстар (шикiзат, негiзгi материалдар, шалафабрикаттар, өндіріс
жұмысшыларының жалақысы т б) әдетте, бөлістер бойынша, ал әрбір бөлістердщ
ішінде — әзірленген өнім түрлері бойынша есепке алынады (шалафабрикат
немесе дайын бұйым)
Үстеме шығыстар бөлістердщ арасына таратылады, ал олар өрбір бөлістердің
ішiнде — шығарылатын өнiм түрлерiнің арасына таратуға қабылданған
коэффициенттердiң базасында жасалуы мүмкiн.
Бөлістік әдісiн колданған кезде нормативтік әдістің непзгi элементтері —
нақты шығындардың ағымдағы нормадан жүйелі түрде ауытқуын, сондай-ақ
нормалардың өзгеру есебін және олардың себебін табуды қолдану керек
Еңбек шығындарын, ресурстардың шығыстарын қүжаттауда және жедел
(оперативтiк) есеп беруiнде энергетикалық, материалдық және баска да
шығындардың нақты шығысын ғана көрсетiп қоймай, сонымен қатар өндірiс
тапсырмаларына немесе нормасына непзделген шығындар да көрініс табуы керек.
Белгiленген технологиялық процесстің ауьггқуынан, жұмсалған материадық
шығыстардың құрамының өзгеруiнен, шығарылған өнімнің ассортиментінен,
олардың сорттылығынан болған қосымша шығындар немесе үнемдеулер дер кезінде
көрініс табуы тиіс.
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың және шығынды есепке алудың бөлістік
әдісінің екі нұсқасы пайдаланылады: шалафабрикаттық және шалафабрикатсыз.
Шалафабрикаттық нұсқа әрбір бөлістер бойынша есептік калькуляция жасайды
және оған үстеме шығысын коса есептейді. Шалафабрикатсыз нүсқасында бірінші
қайта жасауға жүмсалған материалдық және еңбек шығындарына одан кейінгі
қайта жасаулардан туындаған өндеу шығындарын қосып, содан соң өнімнің
езіндік қүны анықталады.
Бөлістік әдісі кезінде ендірістегі шығындарды есепке алу өндіріс есебініқ
карточкаларында немесе әрбір кайта жасауға ашьшатын ведомостарында
жүргізіледі.
Алғашқы шикізаттан өндірістің бір процессінде әртүрлі сорттағы немесе
маркадағы енім түрі алынады, сондықтан олардың өзіндік құнын анықтау үшін
түзету коэффициентін пайдаланады. Мысалы, ағаш кесу кезінде алғашқы бір
шикізаттан кесілген тақтайлар да, кесілмеген тақтайлар да, жаңқалар және
отындық кесінді шеттақтайлар да алынады. Мүндай жағдайларда белгілі бір
атаудың бірінші сорты өлшем бірлігі (единица) ретінде қабьшданады, ал
қалған сортгарын коэффициенттердің көмегімен анықтайды.
Мұнай өңдеуші өнеркәсібінде, өнім шығымын техникалық түрғыдан сипаттайтын
бір өнім (шикізат) бірлігінен алынған коэффициенттер жүйесі пайдаланылады.
Егер де бір шикізаттан әртүрлі мүнай өнімдері алынатын болса, онда олардың
арасында тарату коэффициентінің көмегімен өнімнің өзіндік қүнын белгілейді,
ал еңдеу шығындары әрбір өнім түрінің арасына үлес салмағы бойынша
таратылады.
Бөлістік әдістің кезінде өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен шығындар
есебін үйымдастыру ерекшеліктеріне бір мысал келтіріп көрейік.
Тоқыма өнеркәсібінде төрт түрлі негізгі бөлістер болады: шикізатгы
дайындау; жіп иіру, тоқу, өндеу (әдемілеу).
Өндіріске босатылған алғашқы шикізаттың (жүн, синтетика талшығы) қүны 1200
мың теңге құраган. Өндеу шығындары (көмекші материалдар, жалақы және
жалақыдан жасалатын аударымдар) әрбір цехтар (бөлістері) бойынша мынаны
құраған: шикізатгы дайындау кезіндегі шығындар — 500 мың теңге; өңдеу — 400
мың теңге. Жалпы есептік кезендегі үстеме шығыс — 1400 мың теңге. Кәсіпорын
шалафабрикаттық нүсқа бойынша өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаған. Егер
де әрбір бөлістің өнімі дайын өнім болып саналмаса және ол сыртқа
сатылмаса, онда үстеме шығыстарын ең соңғы беліске қосуына болады. Ал егер
де әрбір цех (немесе бөліс) өз өнімін дербес түрде сата алатын болса, онда
өрбір белістің шығарған өніміне үстеме шығыстар қосылады:
Шалафабрикаттық нұсқаның жағдайында барлық бөлістің жалпы шығыны мынаны
құрайды: 12700000 теңге (1700000 + 2400000 + 3400000 + 5200000); ал олардын
ішкі айналымы 7500000 (1700000 + 2400000 + 3400000); енімнің соңғы өзіндік
құны 5200000 теңге (12700000 - 7500000).
Қарапайым, тапсырыстық және бөлістік әдістердің негізгі кемшілігі мынада:
өнімнің нақты өзіндік кұны есептік кезеңнің соңында ғана немесе тапсырыс
орындалғаннан кейін анықталады, ал мұның өзі кәсіпорынның (цехтың)
басшылығының есеп беру кезеңі ішінде өндірістегі іс жүзіндегі шығындардың
жоспар бойынша белгіленген нормаларға сәйкестігін кадағалап отыруға
мумкіндік бермейді. Бұдан басқа шығындарды есепке алудын әдістерінің
барлығында бүкіл шығарылған (шығарылатын) өнімнің өзіндік кұны, сол
өздерінің жоспарланған кезіндегі орташа деңгейімен салыстырылады және соның
нәтижесінде алынған мәліметтер бойынша жүргізілген ұйымдық-техникалық
шараларға жұмсалған шығындардың шын мәніндегі деңгейін әрдайым дәл көрсете
бермейді.
Бұл кемшіліктерді жою үшін нормативтік әдісін колданады, бұл кезде өнімнік
бір өлшемінің және бүкіл шығарылымның өзіндік құны нормативтік езіндік
кұнмен салыстырылады. Ал нормативтік езіндік құнның жоспарлы өзіндік құннан
айыфмашылығы: осы кезенде жұмыс істеп тұрған өндірістік технологиялық
процесстің, сондай-ақ материалдык, енбек және басқа да шығындардың
прогресшіл нормаларының негізінде анықталады. Нормативтік калькуляциялауға
технологияны жетілдіру жәнс өндірісті үйымдастыру женіндегі ұйымдық-
техникалық жоспарлы шараларын жүзеге асыру дәрежесіне қарай нормалардың
өзгерістері енгізіледі. Шығындарды есепке алу былайша кұрылған: шығындардың
нормасынан материалдық, еңбек жөне басқа да шығындардың ауытқуларын
ескеріп, оларға тікелей өн діріс процесінде ықпал етуге бар мүмкіндігін
жұмыддырады.

2.Өнімнің,жұмыстың және қызметтің өзіндік құнын калькуляциялау және шығынды
есепке алудың нормативтік тәсілі.

Өндірістегі шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік қүнын
калькуляциялаудың нормативтік өдісін негізінен жаппай өндіріспен
шүғылданатын кәсіпорындар пайдаланады. Дегенмен де, оны кіші сериялық және
жекелеген кәсіпорындарда пайдалануға болады. Өндірістегі шығындарды есепке
алу өнімнін езіндік қүнын калькуляциялаудың нормативтік әдістері бойынша
жұмыстардың технологиялық жәңе нормативтік карталар жасаудан басталады. Ол
карталарда материалдардын, жалақының жүмсалуы жөне өнім дайындауға қажетті
басқа да шығындар айқындалады. Нормативтік карталардын негізінде өнім
бірлігінің нормативтік өзіндік құны көрсетілген нормативтік калькуляциялары
бойынша жасалады. Оларды жасау кезіңде қолданыста жүрген өндірістік
технологияны, жалақы жөніндегі уақыт пен баға нормаларын, материалдар мен
сатып алынған шала фабрикаттардың жұмсалу нормаларын негізге ала отырып,
бастапқы массасы, таза массасы, қалдықтары, материалдар мен сатып алынған
шалафабрикаттарға қолданылып жүрген баға көрсеткіштері және өндіріске
қызмет көрсету мен басқару жөніндегі шығындардың бекітілген тоқсандық
сметасы ескеріледі.
Нормалардың жөне шығындар сметаларының өзгеру тәртібін рәсімдеп, сондай-ақ
кәсіпорынның мудделі цехтары мен бөлімдерінің технологиялық процесстерін
жөне басқа да нормалары мен сметаларын өзгерту туралы төртібін ретгеу
аркылы
жүзеге асырады. Нормативтік әдіс кезінде қоймалық және таразылау-өлшеу
шаруашылығын тәртіпке келтірудін, материалдарды сақтау және өндіріске
босату, цех бойынша ғана емес, сонымен бірге өнімнің жекелеген түрлері
бойынша (егер энергия және баска да шығындар тікелей жолмен өнімге
жатқызылса) және тұтастай алғанда судың, будың, газдын, электр энергиясының
тұтыньшуын анықтау үшін цехтарға есептегіштер мен құрылғыларды орнатудың
маңыздылығы зор.
Нормативтік әдістің кезінде әрекет етіп тұрған норма мен оның ауытқуы
шығындар есебінде бөліп көрсетіледі. Бұндай шектеулер ендірісті үйымдастыру
мен технологиядағы кемшіліктерді дер кезінде жендеуге, ресурстардың тиімсіз
пайдаланылуына жол бермеуге септігін тигізеді.
Нақты шығындарды нормамен салыстырғанда ресурстардың үнемделуі немесе артық
жүмсалуы, нормадан ауытқуы табылады, ал ол өз кезегінде кәсіпорынның
ұйымдық-техникалық жұмыстарында біршама кемшіліктердің бар екенін
баяндайды.
Нормадан ауытқуларға құжатталған және қүжатталмаған болып келеді.
Құжатталған ауытқулар алғашқы құжаттардың мәліметтері бойынша ашылған
дабылдары жатады (талап накладнойы, қосымша жұмыстарға жазылған нарядтары,
қосымша төлемдер және т.б.), сондай-ақ есептеу жолымен анықталған ауытқулар
(түгелдеу тәсілімен, нақты рецептурасы бойынша алдын-ала жасалған
есептеулер және т.б.)
Құжатталмаған ауытқуларға ауытқудың жалпы сомасы мен оның күжатталған
бөлігінің арасындағы айырмасынан шығады. Әдетте, олар құжатталған
ауытқулардың дұрыс есептелмеуінің нәтижесінен, ақау өнімдерін шығарғаннан,
нарядтарды артық жазғаннан, кем шығудан, шалафабрикаттардың жоғалтулары мен
бұзылуынан, аяқталмаған өндірісті дұрыс бағаламауынан шығады.
Егер де өндірісте кұжатталмаған ауытқулар бар болса, онда ол нормативтік
есептің дүрыс үйымдастырылмаганын куәландырады.
Ауытқу теріс те (артық жүмсалғаны) және оң да (үнемделгені) болуы мүмкін.
Теріс ауытқулар (материалдар, отындар, энергиялар, технологиялық
процестерде кдрастырылмаған, қосымша жұмысқа жасалған төленген және т.б.)
өндіріс процесінің дүрыс ұйымдаспағандығынан туындайды.
Оң ауытқулар жекелеген учаскелердің жетістіктерін баяндайды (материалдардың
тиімді пайдалануын ашу, материалдарды барынша қалдықсыз пайдалану, өнімнің
сапасын арттыру, құрал-жабдықты тиімді қолдану және т.б.), және норма
шығындарын үнемдеуді жүзеге асырады. Кейде оң ауытқулар шын мәніндегі
қаражаттың үнемделгенін көрсете бермейді, ол тек норманын шын арттырылған
деңгейін пайдаланғандығын көрсетеді.
Өндірісте материалдар қатаң белгіленген лимиттер шегінде беріледі.
Материалдардың берілуін лимиттеу ай басында цехтарда жүмсалған
материалдардың деңгейін ескере отырып, материалдардың шығынын қолданыста
жүрген прогресшіл нормалардың негізінде нысаналы түрде жүзеге асырады.
Материалдардын жоспардан тыс босатылуына қүжаттар жасау, материалдарға
жедел бақылау жасау және оларды жоспардан тыс босатуға алып келген
себептерін талдауды қамтамасыз ету керек.
Ақауға шығарылған өнімнің орнын қалыпка келтіру үшін кажетті материалдарды
алуға ақау туралы актілер негіз болады. Онда бұйымның, белшектің коды,
енімнің акауға шығарьшған тапсырыс нөмірі көрсетіледі. Өндірістегі шикізат
пен материалдардың сандық есебі жоспарлау бөлімінде, ал құндық есебі
бухгалтерияда жүргізіледі.
Нормалардан ауытқуларды есепке алу шикізат пен материалдарға, олардың
жұмсалуын нормалауға және өндірістік технологиялық процесіне байланысты
ұйымдастырылады. Нормалардан ауыткуға материалдарды ауыстыру, оларды
пайдалану және т.б. осы секілді факторлар әсер етеді. Материалдар шығыны
бойынша нормалардан ауытқуларды анықтау үшін материалдарды кұжаттау,
түгелдеу тағы басқа да шаралар жүргізіледі.
Кужаттау әдісі материалдарды ауыстыру салдарынан туындайтын ауытқуларды,
сондай-ақ жеке-дара материалдардың нормадан артық жүмсалғанын анықтау үшін
пайдаланады. Жеке-дара материалдардың шығынын, сондай-ақ материалдардың
ауыстырылуымен байланысты ауытқуларды арнайы (дабылдық) құжаттармен
рәсімдейді.
Әрбір келіп тускен материалдың партиясын саяыстырып көру әдісі өндіріске
босатылған, қымбат тұратын (тері, тоқыма және т.б.) материалдардың әрбір
партиясы бойынша олардың нормадан ауытқуын анықтау үшін қолданылады.
Қолданып жүрген нормадан ауытқуды партиялардың шығыс нормасын шығарылған
енімнің накты шығысымен салыстыру аркылы анықтайды. Егер де бұл аталған
әдісті қолдану қиындық тудырса, онда оның орнына инвентарлық әдісті
қолданады.
Инвентарлық әдісте материалдардың нақты шығысын белгіленген норма шығысымен
салыстыру арқылы айлық , он күндік, бес күндік, бір ауысымдық (сменалық)
ауытқуларын аныктайды. Материалдардың іс жүзіндегі шығынын анықтау үшін:
ауысымның, бес күндіктің, он күндіктің басына немесе әр айдың бірінші жұмыс
күніне жұмсалмаған материалдарды түгелдеу (инвентаризация) жүргізеді.
Ауытқуларды анықтау, есепке алу үшін кәсіпорынның жоспарлау-диспетчерлік
бюросы материалдарды жұмсау картасын жүргізеді. Онда материалдар жұмсаудың
ағымдық нормасы, сол материалдан жасалған бұйымдардың (бөлшектердің) саны
қерсетелеуді. Бұйымдардың (бөлшектердің) саны жұмысшылардың жасап шығарған
есеп мәліметтерінің негізінде анықталады.
Есеп деректері (мәліметтері) бойынша оқтын-оқтын қолданылып жүрген
нормалардан материал шығындарының ауытқуы туралы цехтар есеп беріп отырады.
Жалакыны ауытқулар есептелген норма мен нормадан ауытқу бойынша ескереді.
Бухгалтерия есептелген жалақы сомасының жұмысшылардан алынған өнім саны мен
сапасына сәйкестігін байқап отырады. Жұмыстың калыпты жағдайларынан
ауыткығаны үшін үстеме ақы төлеу өндірістік емес шығындар және жалақы корын
артық жұмсаудың басты себептерінің бірі болып табылады. Жалақы бойынша
нормадан ауытқуын талдау үшін және дәл есебін шығару үшін номенклатуралык
себептерін және жалақы бойынша нормадан ауыткуды, кінәлілерді табу керек.
Сондықтан бухгалтерия оқтын-оқтын ауытқулар туралы, олардың себептері мен
кінәлі тұлғалары көрсетілген рапорт жасап отыруы керек.
Үстеме шығындарды есептеу мен тарату нақты шығынның сомасын аныктауды,
әрбір баптар бойынша бекітілген сметадан ауытқуын табуды, демек, ондағы
артық жұмсалатын шығындардың алдын алатын қажетті шараларды дер кезінде
қабылдауды қамтамасыз етеді. Бұл үшін материалдар шығысына, штаттық кестеге
және лауазымды қызметкерлердің окладына жасалған лимиттік картаның,
материалдық емес активтердің, негізгі құралдардың нормасының негізінде
ағымдағы жедел (оперативтік) бақылауын ұйымдастырады.
Кәсіпорында құндылықтарды сақтау мен есебінде, ендірісті ұйымдастыруында
болган кемшіліктер және басқа да өндірістік емес сипаттағы шығыстар
толығымен ашылып көрсетіледі. Өндірістік емес сипаттағы шығыстар өнімді
шығарумен байланысты болса, онда олар оның езіндік құнына қосылады, ал егер
де олар өнімді шығарумен байланысты болмаса, онда олар өнім түрлерінің
арасына таратылып, үстеме шығыстардың құрамында өнімнін. өзіндік құнына
қосылады.
Кәсіпорынның экономикалық қызметі тарапынан бақылау жасау материалдарды,
энергияны, аспаптар мен керек-жарақтарды тұтынудың бекітілген нормалары мен
лимитгерін; түрлі жұмыстар мен қызметгерді тұтыну мен олардың кұнының
белгіленген лимиттерін; баскарудың белгіленген ұйымдық құрылымын, сондай-ақ
қызметтердің және қызмет керсетуші адамдар жалақысының окладтарын
(ставкаларын) қатаң сақтауды қамтамасыз етуге тиіс.
Машиналар мен жабдықтарды пайдалану мен күтіп ұстауға кеткен шығындарды
(егер үстеме шығындардың бұл тобы есепте бөліп көрсетілетін болса) өнім
түрлері бойынша таратады, бірақ ол кезде өнімді әзірлеу кезінде қолданған
құрал-жабдықтың жұмыс істеген сағатының деңгейі, яғни өндіріске қажет
болған машинасағатының саны ескеріледі. Машиналар мен жабдықтарды
пайдалану мен күтіп ұстауға кеткен шығындарды тарату кезінде сметалық
(нормативтік) ставкасын пайдалану керек, ал олар, өдетте, бұйымды өзірлеу
үшін қажет технология бойынша құрал-жабдықтардың жұмыс істеген
машинасағатының саны бойынша, құрал-жабдықтың әрбір топтары бойынша
белгіленген, шығын коэффициенті бойынша, және бір машинасағатының жоспарлы
өзіндік құны бойынша есептелінеді. Бүйымдарға (бөлшектер комплексіне)
сметалық ставкаларды есептеп шығару неғұрлым оңай: жабдықтардың жұмысымен
байланысты шығындар мен механикаландырылған (станоктык) және
механикаландырылмаған (колмен атқарылатын) жұмыстар бойынша бөлек-бөлек
алғанда, өндірістік жұмысшыларының негізгі жалақысының аракатынастарынын
негізінде анықталады. Машиналар мен жабдықтарды күтіп-үстау мен пайдалану
жөніндегі нақты шығындар сметалык ставкалар бойынша белгіленген шығындарға
тепе-тең дайын өнім мен аяқталмаған өндіріс арасына белінеді.
Үстеме шығыстарды (егер олар жеке топқа бөлініп алынбаған болса, машиналар
мен жабдықтарды күтіп-ұстау мен пайдалану жөніндегі шығындарды қоса
алғанда) бүйымдардын арасына тарату өндіріс жүмысшыларының негізгі
жалақысының сомасына тепе-тең етіп бөледі.
Ірі сериялық және жаппай өндіріс жағдайында шығындардың жиынтық есебі
шығындардың калькуляциялық баптары бойынша машиналардың типтері немесе
бұйымдардың біртекті топтары бойынша жүргізіледі. Басқарудың цехсыз
құрылымы кезінде жиынтық есеп тұтастай кәсіпорын бойынша, ал цехтық
құрылымы бар болса, онда цехтар бойынша жүзеге асырылады.
Шығындардың есебін алу айдың басындағы колданылып жүрген нормалар және сол
нормалардан ауытқыған сома бойынша жеке-дара жүргізіледі. Мұның өзі
ауытқудың пайда болу себептерін және оған кінәлі тұлғаларды ашуға мүмкіндік
береді. Нормадан тыс ауытқулардын себептері және кінәлі тұлғалар арнайы
кодтар бойынша есепке алынады. Олар өнім түрлері мен шығын баптары бойынша
есепке алынады, ал олардың иесізденген жағдайында ауытқудың сомасы
жекелеген өнім түрлерінің өзіндік күнына пропорционалды жолмен нормативтік
шығындар бойынша таратылады.
Нормадан ауытқу әртүрлі себептердің салдарынан болса, онда олардың кінәлі
түлғалары мен себептері көрсетілген дабыл қағатын құжаттармен рәсімделеді.
Сонымен қоса, ауытқулар әртүрлі өзгерістермен байланысты болады, атап
айтқанда, материалдық, еңбек, энергетикалық шығыстарының көтерілуінің
немесе төмендеуінің, ауыстырылуынын салдарынан орын алуы мүмкін. Әдетте
нормадан болатын барлық өзгерістер есеп беретін айдын бірінші күніне
туралап (үштастырылып) жасалады, сондықган олар әрекететіп түрған норманың
енгізілген кезеңінен бастап нормативтік калькуляцияда көрініс табуы керек.
Ай басына қалған аяқталмаған өндірісі ай барысындағы шығындары және
шығарылған өнімге есептен шығатын шығыстары есептік айдағы әрекет етіп
тұрган бірыңғай нормасы бойынша жасалатындықтан, ағымдағы норманың
өзгеруіне байланысты есептік айдың басына аяқталмаған өндірістің өзіндік
құнын қайта есептеу қажетгілігі туындайды. Қайта есептеудің нәтижесі
норманың өзгеруімен байланысты ауытқудың сомасын қүрайды. Аякталмаған
өндірісті қайта есептеу түгелдеу кезінде тікелей шоттардың мәліметтері
бойынша, ал егер де түгелдеуді жүргізу мүмкін болмаған жағдайда индекстің
(коэффициенттің) көмегімен жасалады. Нормалардың езгеруі осы бап бойынша
аякталмаған өндірістің қалдық сомасына нормативтік калькуляцияның жекелеген
баптары бойынша есептелінеді.
Мысалы. Қолданылып жүрген нормалар бойынша өнімнің бір өлшем бірлігіне
шаққандағы материалдардың шығындары 12300 теңге сомада қарастырылған.
"Шикізат пен материалдар" бабы бойынша ай басында аякталмаған өндіріс
калдығы 328000 теңгені күраған. Өнімнің өлшем бірліпне жаңадан белгіленген
норматив 12160 теңге құраған. Осы баптар бойынша нормалардың өзгеру индексі
1,138%
(12300-12160 )*100
12300 кұраған, ал аяқталмаған ендірістің баға
айырмасы сомасы
3732 теңге болған (32800 *1,138 )
100
Жаңа нормаларды негізге алғанда аяқталмаған өндіріс кдлдығы 324267 тенге
(328000 - 3732) болған.
Жанама шығындардың баптарын тікелей шығындардың жаңа нормасына көбейтіп,
сосын оны 100 бөліп жанама шығындардың баптары бойынша нормативін
есептейді.
Нормалар есептік айдың барысында өзгеруі мүмкін, сондықтан ол нормативтік
калькуляцияда көрініс таппауы мүмкін. Бұл кезде нормалардың өзгерген
жағдайы хабарланып, сол өзгерістердің көшірмесімен рәсімделеді, мысалға:
өндірістік белімінде — материалдардың шығыс нормасының өзгерісі, еңбек пен
жалақы бөлімінде — жұмыстың (еңбектің) кесімді бағасыныңжәне өнімділік
нормасының (мөлшерінің) өзгерісі, жоспарлау бөлімінде — үстеме шығыстарының
баптарының нормасының өзгерісі.
Нормалардың өзгеруі және шығыстардың жаңа нормативін белгілеу аяқталмаған
өндірістің кайта бағалануьша өсер етеді. Нормадан ауыткуын аныктау үшін
өндіріске кеткен шығынның есеп нормасымен де, накты жүмсалган шығынымен де
есептеп шығарады, яғни беліп есептеу жолымен аньнсгайды. Есептелген
нормадан ауытку және норманың өзгерістері өнімнің взіндік құнына және
аякталмаған өндірістің қалдығына жатқызылады. Өнеркәсіптің жаппай
өндірістік сипаттағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндіріс шығындарын есепке алудың негізгі әдістері
Өнімнің, жұмыстың және қызметтің өзіндік құнын калькуляциялаудың және шығындарды есепке алудың нормативтік тәсілі
КӘСІПОРЫНДАРДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫН ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ ӘДІСТЕРІ МЕН ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН КАЛЬКУЛЯЦИЯЛАУ
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
Шығындардың есебі мен калькуляциялық бірліктердің түрлері және түсініктері
Бағалау және калькуляциялау шаруашылық процесінің есебі
Шығындар обьектісін дұрыс белгілеу
Өнімнің өндірістік құнын калькуляциялау
Өндіріс шығындарын жіктеу
Өндірісті есептеу әдістері
Пәндер