Экономикалық өсудің факторлары, үлгілері және проблемалары
ЖОСПАР
бет
Кіріспе 3
І тарау. Экономикалық өсу және оның түрлері 4
1.1. Экономикалық өсу және өлшеу әдістері 4
1.2. Экономикалық өсудің түрлері 7
1.3. Экономикалық өсудің теориялары. Мультипликатор және
акселератор эффектісі 9
ІІ тарау. Экономикалық өсудің факторлары, үлгілері және
проблемалары 12
2.1. Экономикалық өсудің факторлары 12
2.2. Экономикалық өсудің үлгілері 16
2.3. Экономикалық өсудің көздері мен шығындары 28
ІІІ тарау. Қазақстан Республикасының өсу көрсеткіштері және экономиканың өсуін реттеудегі мемлекеттің рөлі 33
3.1. Экономиканың өсуін реттеудегі мемлекеттің рөлі 33
3.2. Қазақстан Республикасы экономикасының өсу көрсеткіштері 36
Қорытынды 38

Кіріспе
3
І тарау. Экономикалық өсу және оның түрлері
4
1.1. Экономикалық өсу және өлшеу әдістері
4
1.2. Экономикалық өсудің түрлері
7

акселератор эффектісі
9

проблемалары
12
2.1. Экономикалық өсудің факторлары
12
2.2. Экономикалық өсудің үлгілері
16
2.3. Экономикалық өсудің көздері мен шығындары
28
ІІІ тарау. Қазақстан Республикасының өсу көрсеткіштері және
экономиканың өсуін реттеудегі мемлекеттің рөлі
33
3.1. Экономиканың өсуін реттеудегі мемлекеттің рөлі
33
3.2. Қазақстан Республикасы экономикасының өсу көрсеткіштері
36
Қорытынды
38
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Соңғы жүзжылдықта дүние жүзінің көп мемлекеттерінде адам
басына шаққандағы ЖҰӨ және жиынтық ЖҰӨ тұрақты түрде өсуде.
Экономиканың өсуі кеңінен тараған құбылыс болып отыр. Экономикада болып
отыратын құлдырауларды ескерсек те, ұзақ мерзімді экономиканың өсуі
тренді ұлғаймалы. Сондықтан экономиканың тұрақты өсуі, адам басына
шаққандағы табыстың өсуі – бұл экономикадағы жаңа құбылыс. Бұл құбылыс
дүние жүзінің көп мемлекеттерінде соңғы екі хүз жылдықта байқалып
отыр.
Осы құбылыстыз зерттемек болып өз бетімше курстық жұмыс
жаздым. Бұл жұмыста экономикалық өсуді жан – жақты қарастыруға
тырыстым. Экономикалық өсуідің типтерін, факторларын және өлшеу
әдістерін зерттедім.
Бірінші тарауда экономикалық өсудің маңыздылығы, оны өлшеу
әдістері, түрлері мен теориялары жазылған.
Екінші тарауда экономикалық өсудің негізгі факторлары,
үлгілері және проблемаларынан мысалдар келтірдім. Бұл проблемаларды
қалай шешуге болатыны жазылған.
Үшінші тарауда экономиканың өсуін қамтамасыз етудегі
мемлекеттің рөлі жазылды. Мемлекет экономиканы қалай реттеуге
болатыны, артта қалған мемлекеттердің экономикалық көрсеткіші
жазылған.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының экономикалық өсу
көрсеткіштері де бұл курстық жұмыстан тыс қалмады.
Осы курстық жұмысты жазу барысында Я.Ә.Әубәкіровтің,
Мамыровтың, Шеденовтың, Әпсәләновтың т.б. еңбектерін пайдаландым.
І тарау. Экономикалық өсу және оның түрлері.

Экономиканың өсуін өлшеудің екі жолы бар
1) Макроэкономикалық көрсеткіштердің мәнінің өсуі (ЖҰӨ, ЖІӨ, ТҰӨ, ҰТ
немесе адам басына шаққандағы тұтынудың өсуі).
2) Әлеуметтік институттар үрдісінің өзгерісі (Жеке меншік құқығы
құрылымының өзгеруі, өндірісті ұйымдастыру және бөлу
формаларының өзгерісі және т.б.). Бұл жағдайлар экономикалық
өсудің бір деңгейден екінші деңгейге ауысуына негіз болады.
Жоғарыдағы әдістемеге байланысты өсу теориясында үш бағытты
атап өтуге болады.
- неокейнстік
- неоклассикалық
- тарихи-әлеуметтік.
Ерте дүние ойшылдары айтқанындай, өмір дегенің қозғалыстық
жағдай. Табиғат тіршілігі секілді, қоғамдық экономикалық өмір де
үнемі қозғалыста болады да, онда көптеген сандық және сапалық өзгерістер
біртіндеп көріне бастайды. Бұл өзгерістер өндіргіш күштерді ғана
емес сонымен бірге өндірістік қатынастарды да қамтиды, сондай-ақ
еңбектің өнімділігін арттырып, қоғамға және адамдарға пайдалы мол
игіліктерді жасайды.
Экономикалық өсу дегеніміз - экономиканың үдемелі қозғалыста
болуы, оның прогресі мен дамуы.
Неге бұлай болады? Экономикалық прогреске қандай күш әсерін
тигізеді?
Экономиканың үдемелі дамуының тереңдік себептері - қоғамдық
өндіріс пен оның ең соңғы арнаулы - адамдардың қажеттілігін
қамтамасыз ету, тұтынуға қызмет көрсетуі олардың арасындағы күрделі
және қарама-қарсылықты байланыстарға байланысты.
Адамның экономикалық қажеттілігін өзі өндірістен туады. Жаңа
өнімді шығарып, оған деген қажеттілікті арттыра отырып, өндіріс осы
қажеттіліктерді қамтамасыз етуге жағдай жасайды.
Мұнан кейін қамтамасыз етілген қажеттілік және жаңадан туған
қажеттілік өндірістің қайталануын қажет етеді де, жаңа қажеттілікті
4
тойдыру үшін өндірісті ұлғайтып, жаңалай береді. Қоғамның
қажеттілігінің өсе түсуі өмірге өндіріс құралдарын алып келеді де,
бұлар осы қажеттілікті қамтамасыз етуге жұмылдырылады.
Үш ұлы ашылған жаңалық - отты табу, дөңгелек пен
машиналарды жасап шығару - адамдарды жаңа даму шегіне шығара
бастаған дәуір өлшемінің алғышарттары болды.
Қоғамдық қажеттілік өседі және сапалық жағынан өзгереді.
Олардың өсетін себебі халықтың санының өсуіне байланысты. Шынында
жердегі халық санының бір дәуірден екінші дәуірге қарағанда ұлғаюы
геометриялық прогресске таяу болды. Егер V-XV- ғасырларды аграрлық
дәуірлерге жатқызғанда, орташа адам санының өсуі 0,1% болған, ал
дамыған аграрлы дәуірде (XV-XVII ғ.) енді - 0,2%-ке, осы секілді
сауда капитализмі (XVIII ғ.) және өндірістік капитализм (XIX ғ.)
кезіндегі көрсеткіштер 0,4% және 0,9% деп сипатталады.
Біздің уақытымызда, медицина мен денсаулықты сақтау
жетістіктеріне қарай, көптеген елдерде орташа өмір сүру ұзақтығы
мен жоғары деңгейдегі туу арқылы өсу Африка елдеріне тән. Осының
нәтижесінде жердегі адам саны жыл сайын көбейіп келеді: тек
қана соңғы 40 жыл
ішінде адам саны екі есеге ұлғайды, тіпті соңғы өсу 75 млн. адам
шамасынада болды.
Бұл Германияда тұратын халық санына тең келеді де, әлем
көлеміндегі картаға жаңадан ірі мемлекет келіп қосылғанмен тең
болады.
Бұлармен қоса адамдардың қажеттілігі өсіп, олар әр түрлі
болып келе жатыр. Қазіргі адамдар үшін тек ішіп, жеу, киіну,
басыңда үйі болу аз, тіпті бұларға деген сұраным талаптары өсіп,
өзгере бастады. Дамыған елдердегі бүгінгі адамдар қазіргі кездегі
жүріп – тұру құралдарын, жаңаша түрдегі қарым-қатынасты, денсаулығын
сақтау мен күтуді жақсартатын, білім алу мен кәсіпқойлық
мамандыққа ие болуға, толық және жан – жақты демалуды алға ұстап,
қажетсіне бастады.
Мұндай қоғам өмірінде жүретін объективтік процестерді, ғылым
жоғарылау қажеттілік заңына біріктірді.
Енді адамдар саны өскен сайын, олардың сұранымы
ұлғаятындықтан, экономика осы қажеттлікті қамтамасыз ету үшін
игіліктің үзбей өсуін қамтамасыз етуі керек.
Экономикалық жүйенің өміршеңдігі, оның бұл міндетті қандай
жағдаймен шешетіндігімен анықталатынын тарихтың өзі дәлелдеп берді.
Қандай экономикалық процесс болмасын өзіндік өлшем сипаттамасы
болады. Экономикалық өсуді қалай өлшейді?
Экономикалық өсу тұтастай қоғамдық өндіріс масштабында жылдық
көлемдегі тауар мен қызмет көрсетудің ұлғаюымен көрінеді.
Сондықтан, экономикалық өсуді, әдетте, жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ)
көрсеткіш арқылы өлшейді. Сонымен бірге бұл мақсат үшін жалпы
ішкі өнім (ЖІӨ) динамикасын пайдаланады. Мұнда тек нақты ЖҰӨ
(немесе ЖІӨ) өзгерістері ғана есепке алынады.
5
Осы кезеңдегі ең жоғарғы баға есебінен болған.
ЖҰӨ- нің ұлғаюы, яғни ЖҰӨ - нің нақтылы (бағамен айтқанда)
өзгеруін экономикалық өсу деп қарауға болмайды.
Шынында, егер бұл жылы соңғы өнімнің жалпы көлемінде
ешқандай өзгеріс болмаса, ал баға өсіп кетсе, мысалы, 4 есе,
мұндай жағдайдағыны экономикалық өсу дей аламыз ба? Әрине , жоқ.
Экономикалық өсуді абсолюттік мөлшерде де, сол сияқты
салыстырмалы түрде өлшеу арқылы (мұнан бұрынғы кезеңдегі мөлшерге
проценттік жолмен) білу алынған. Мысалы, егер бұл жылы нағыз ЖҰӨ
210 млн. теңге болса, ал былтырғы жылы – 200, онда абсолюттік түрде
10 млн. теңгеге өскен (немесе 5%).
Нақты ЖҰӨ ұлғаюы мүмкін, бірақ ол азаюы да мүмкін. ЖҰӨ- нің
салыстырмалы мөлшері нольді көрсеттсе, онда ЖҰӨ- нің қозғалысында
өзгерістің болмағанын көрсетеді, сөйтіп экономикалық өсу де жоқ.
Белгілі бір уақыт арасында экономикалық өсуді жылдық өсу
қарқынымен өлшейді. ЖҰӨ- нің жылдық өсу қарқынын анықтау үшін
нақтылы ЖҰӨ- нің мөлшерінен былтырғы жылғы нақтылы ЖҰӨ - нің
мөлшерінен алып тастау керек, алынған айырмашылықты былтырғы жылғы
нақты ЖҰӨ- нің мөлшері ара қатынасына салыстырып, (яғни
салыстырылатын) қорытындысын процентпен көрсетеді.
ЖҰӨ - нің бұрынғы бірнеше жыл бойы өсу қарқындарының
көрсеткіштерін тізіп барып, экономикалық дамудың барысын табуға
болады.
Басқадай макроэкономикалық көрсеткіштермен біріктіріп қарау
арқылы, мұндай хабар - мемлекеттік деңгейде қажетті шешімдерді
жасап қабылдауға, сол сияқты үкіметтің экономикалық саясатының
тиімділігін тексеру мен бақылауға және экономикалық талдау
жүргізуге негіз болады.
Әр түрлі қарқынның нәтижесі, өсудің әрбір процентінің
салмағына байланысты болуы айқын, яғни бастапқы көлемі мен
салыстырмалы деңгейдегі (мысалы, нақтылы ЖҰӨ- нің көлемі 4 трлн.
теңге болғанда, қарқындардың арасындағы өсу 1 % болғанда, ол
ақша түрінде 40 млрд. теңге болып шығады).
Бірнеше жыл бойындағы өсу қарқыны оншалықты болмаса да,
маңызды шешуші орында болады. Экономикалық есептеуі бойынша, егер
екі жағы бірдей алғашқыда ЖҰӨ көлемінде болса, бірақ олардағы өсу
қарқыны әр түрлі болғанда (А елі - 4 % жыл бойына, ал В елі
2 %), мұның арты барып қиындыққа келтіретіні белгілі (бірінші ел
өзінің ЖҰӨ-н 17,5 жыл ішінде екі есеге жегізсе, ал екігшісіне
35 млн. керек болады.
Экономикалық өсуді өлшеу үшін, әсіресе халықаралық деңгейде
салыстыруда, ЖҰӨ мөлшерін жан басына шағу (және оның өсу қарқынын
да) көһрсеткіші кеңінен пайдаланылады. Бұл көрсеткіштер әдетте,
қандай да болмасын елдердің халықтарының өмір сүру деңгейі мен
хал-жағдайларының динамикасын сипаттау үшін пайдаланылады.
6
Мұндағы кейбір шартты түрде болатын көрсеткіштердің индикаторлық
қызметі орташа ғана дерліктей болуын еске ұстаған жөн. Өйткені
соңғы игілікті өндіру мен оны тұтыну арасында (ал соңғысы өмір
сүру деңгейін сипаттаса), оларды бөлу бар ғой. Міне, осыдан
барып, экономистер ЖҰӨ-ді салыстыру үшін жүретін, тұтынуға
пайдаланылатын тәтті нан ретінде жиі пайдаланады. Бұл тәтті
нан үлкен болған сайын, оның бөліктері де орташа әр адамға
бөлінетін тәтті де, дәмді болады. Ал осы тәттінің қай үлесі нашар
және кедей адамдарға тиетіні, бөлу жүйесі қатынастарына
байланысты болады, нақтылап айтсақ бұл қоғамдағы табыстың бөліну
(дифференциялану) деңгейіне қарай болады. Барлығы бірдей жабылып
пісірген бұл тәтті нанды бөлгенде, кедейлер - кедейлене беріп,
ал байлар – байи түсуі ғажап емес.
Маңызды болатын жағдайдың бірі - бұл ЖҰӨ қалай пайдалануында:
егер оның өсіп бара жатқан үлесін дұрыс тұтынбағанда (мысалы
әскери өндірістік комплекске бағытталса), онда халыққа тікелей
тұтынуға түсетіні аз болады. ЖҰӨ - нің көп бөлігін (әскери өндіріс
пен мемлекеттік аппаратты ұстау үшін) жұмсалатын болса, өндіріс
даму мүмкіндігі азаяды, яғни оның табиғи бағыты нашарлайды.
Нақтылы ұлттық өнімнің көлемі бірдей болғанда, жан басына
шаққандағы оның мөлшері, осы елдегі халық санына байланысты
болады.
Мынаны қарайық, Индияның ЖҰӨ, Швейцарияның ЖҰӨ - нен 70 %
артық, бірақ жан басына шаққанда, Индия Швейцариядан 60-тан аса
рет артта қалып қойған.
Сондықтан, ЖҰӨ өзгеруін тұрмыс деңгейін білдіретін
жинақталған көрсеткіш ретінде пайдаланатын болсақ, онда халық
санында болған өзгерістерді есептеу қажет. Мысалы, нақтылы ЖҰӨ
бір жыл ішінде 1,5% көбейгенде, ал жалпы халық саны осы уақыт
ішінде осындай 1,5 % өскенде, онда халық орташа өмір деңгейінде
ешқандай өзгеріс болмайды. Өмірдің орташа деңгейінің өсуі, өндіріс
көлемі өсуінің (ЖҰӨ) халық саны өсуінен артқан жағдайда ғана
болады.
Бұл көрсеткіштің қарқынының өзгеруі болса, (нақтылы ЖҰӨ
халық санының жан басына), онда бірдей қарқында болғанда, халықтың
өмір сүру деңгейіндегі айырмашылық көптің үстіне көп бола
береді.
Мысалы: Екі ел – А мен Б бірдей қарқында дамыған (жылына
5%) делік, егер А елінде ЖҰӨ жан басына шаққанда 10 мың
теңге болса, ал Б елінде - 500 теңге, онда 5 % өсу бірінші
ел үшін 500 теңгеге өсу береді, ал екіншіге бар- жоғы жылына
25 теңге ғана береді.
1.2. Экономикалық өсудің түрлері.
Экономикалық өсудің екі түрі болады – экстенсивтік және
интенсивтік (қарқындық).
Өндірісті экстенсивтік жолмен өсіруде тауарларды өндіру мен
қызмет
7
көрсету өндіріске қосымша факторларды тарту арқылы болады: жер,
еңбек және капитал. Бұлардың сапалық және техникалық деңгейлері
өзгеріссіз қала береді.
Мысалы, қоғамдық өндіріске осы жылы қосымша 2 млн. адам
енгізеді, олардың сапалық дайындығы мен кәсіпқойлық деңгейі бұрынғы
күйінде өзгеріссіз. Егер бұрын өндірісте 10 млн. адам жұмыс
істесе, әр бір жұмысшы еңбекті өзгерілмеген сағат саны бойынша
атқарғанда, ЖҰӨ 20% ұлғаяды. Бұлармен қоса қосымша өндіріс құралдары
қажет болды (еңбек құралдары қосымша жұмысқа алынған адамдарды
жарақтандыру үшін қажет және еңбек заттары - шикізат, материалдар
және т.б.) Қоғам бос пайдаланбай тұрған ресурстары болғанда,
тауарлар өндіру мен қызмет көрсетуді ұлғайту үшін экстенсивтік
жолмен жасауға болады.
Бірақ біздің білетініміз, қоғамның ресурстары, оның ішінде
еңбек ресурстары шектеулі болады. Сондықтан интенсивтік түрдегі
экономикалық өсудің артықшылығы айқын. Бұл жолмен баруда -
өндірілетін игіліктерді көбейту – техникалық базарларды жетілдірумен
еңбек өнімділігін арттыру есебінен және өндірістің барлық факторларын
ең жоғарғы тиімділікке пайдаланумен қол жеткізіледі.
Мұндай жағдайда, қоғам алдында өндірілетін игіліктерді сан
және сапа жағынан көбейтумен бірге, көптеген түрлі міндеттерді
бірден шешуге мүмкіндік алады – қоғам мүшелерінің тұрмыс жағдайының
өсуін қамтамасыз етеді, өндірістің келешектегі дамуына материалдық
негіз жасайды, ғылым мен мәдениеттің дамуына қаржыны көптеп бөлуге,
қоршаған ортаны қорғауға, елдің қорғаныс қабілеттілігін тиісті
деңгейде ұстап тұруға мүмкіндіктер ашылады.
Міне, экономикалық өсудің интенсивті түрінің артықшылығы
осында жатыр. Қазіргі өндіріс дамуында экстенсивтік және интенсивтік
өсу факторлары көрші келіп қосылып, бірігіп жүр. Мысалы, бір
мезгілде жұмыс күштерінің саны өсіп кетуі және олардың сапасының
жоғарлауы немесе өндіріс аумағының кеңеюі және өндірістік процестің
техникалық базаларының жетілдірулері.
Қай өндіріс тәсілінің ұлғаюына қарай, игіліктер көбейгенде,
экстенсивтік жолмен болмаса интенсивтік жолдың артықшылығымен деп
экономикалық өсуді айта береді.
Экономистердің есептеуі бойынша, Кеңес өкіметіндегі 70-80-
жылдардағы ұлттық табыстың 20 – 30 % ғана тек интенсивтік фактор
есебінен қамтамасыз етілген екен.
Сөйтіп, елдегі экономикалық даму көбіне экстенсивті түрде
қала берген.
Ал дамыған елдердегі интенсивтік фактордың үлесінен бұл
жылдары олардағы өсу 50 % артық болған.
Экономикалық өсудің интенсивтік түрі өндіріске тартылған
ресурстарды тиімді пайдалануды көрсетеді. Ресурстарды тиімді
пайдалану
жолдары өте көп.
8
Табиғи ресурстар үшін бұл дегенің олардың пайдалы қасиетін
толық алу, шикізаттарды кешенді түрде және терең өңдеу, табиғатты
бұзудан қорғау, және т.б. болып саналады.
Еңбек құралдары, нарықтық жүйе қатынастарында негізгі
капитал түрінде шықты, бұл дегенің оның ең өндіруші элементтерін –
машиналарды, станоктарды, құрал - жабдықтарды және т.б. пайдалануды
шығарды.
Еңбек ресурстарын тиімді пайдалану еңбекті ұйымдастыру
деңгейінде, ғылыми негізделген әдістер мен оны ұйымдастыру
тәсілдері, сол сияқты жұмысшылардың білімі мен кәсіби
дайындықтарына, олардың орындалатын жұмыстарға қатынасына байланысты
болады. Жұмысшы күшінің сапасын сипаттауда жұмысшылардың жұмысқа
деген қабілеті – олардың ұзақ және қарқынды жұмыс істеуге қажетті
денсаулығы, алған білімдері мен тәжірибелері де соңғы рольде
болмайды.
1.3. Экономикалық өсудің теориялары.
Мультипликатор және акселератор эффектісі
Өндіріс қарқынын жеделдетуге қол жеткізу үшін, Батыс
елдерінің әр түрлі мектеп өкілдері экономикалық өсудің моделі мен
формулаларын жасап, алдағы уақытқа болжау құрды.
Өсу формуласының негізінде Кейнстің мультипликатор теориясы
жатыр. Ол кейінірек акселерация теориясымен толықтырады.
Мультипликатор – көбейткіш, ал акселератор – бұл дайын өнім
сұранымның өсуіне деген интенсивті өсушілік коэффициенті.
Мультипликатор ұғымын ағылшын экономисі Кан 1931-ші жылы ендірген,
кейінірек Дж. М. Кейнс өзінің Еңбекпен қамту, өсім және ақшаның
жалпы теориясы (1936) кітабында дамытты. Бұл ұғымды А.Хансен,
Р.Харрод, Дж. Хикс, П. Самуэльсон, Н. Калдор және басқалары өз
еңбектерінде қарастырды.
Мультипликатор – бұл қолда бар күрделі қаржының өсуі кезіндегі
ұлттық табыстың қанша есе өсетіндігін көрсетеді.
Мысалы, жаңа жолды салуға күрделі қаржы 5 млн. долларға тең
делік. Орташа табыс жылына 1000 доллар болатын алғашқы кезде 1000
адамды жұмысқа тартады. Бірақ жолды салуға белгілі көлемде ірі
жабдықтар мен материалдар қажет және оларды өндіруге жұмыс
атқаратын 1200 адам керек (сол бұрынғы жылдық табыс бойынша) болды.
Жұмысты атқаратындардың (жұмыстылықтың) өсуі тұтыну заттарына
сұранымды өсіре түседі. Сөйтіп келесі кезекте олардың өндірісінің
ұлғаюына алып келіп, 800 адамды қосымша жұмысқа тартады.
Демек, инвестициямен тікелей байланысты 1000 жұмысшыны жалдау
нәтижесінде, жұмыстың атқаратындардың түпкі жиынтығын 3000 адам
жалпы 15 млн. доллар табыспен құрайды немесе алғашқыдан 3 есе
көп
9
деген сөз. Бұл жағдайда мультипликатор 3 – ке тең.
Акселератордың іс-әрекеті мультипликатормен байланысты:
мультипликатор инвестицияның көбеюімен ұлттық табыстың өсуін (оның
өсуі еселенеді) қарастырады; акселератор (дайын өнім сұранымының
өсушілігіне инвестициялық сұраным өсушілігінің коэффициенті) - ұлттық
табыстың өсуі инвестицияның өсуіне алып келеді. Кезегінде бұл
барлық жүйені қозғалысқа алып келеді. Экономикалық өсудің біртекті,
бір бағытта іс - әрекет жасайтын мультипликациондық процесі пайда
болды. Акселерация принципін алғашқы рет 1913-ші жылы француз
экономисі А. Афтальон (1874 – 1956) және 1919 жылы американ
экономисі Дж. М. Кларк ұсынған. Кейінірек ол Р.Харрод, Дж. Хикс, П.
Самуэльсон еңбектерінде одан әрі дами түсті.
Мультипликациондық эффекті масштабын болжау үшін Дж. Кейнс
ендірген тәуекелділіктің мәні зор: тұтыну шығындары мөлшері мен осы
деңгейдегі табыс - орташа тұтыныуға бейімділік - арасындағы
тәуекелділік. Орташа тұтынуға бейімділік (АРС - арқылы белгіленеді)
экономикалық ғылымда психологиялық фактор ретінде түсіндіреді.
Себебі адамның тұтыну тауарларын сатып алу ниетін көрсетеді:
Тұтынуға бейімділік дегеніміз – ұлттық табыстың тұтыну бөлігінің (С)
барлық ұлттық табысқа қатынасы (Ү), яғни
АРС = немесе
және шектеулі тұтынуға бейімділік (МРС) дегеніміз кез
–келген тұтынуға өзгерудің табыстағы өзгеруіне қатынасының
көрсетілуі, яғни
ТҰТЫНУДАҒЫ ӨЗГЕРУ
МРС = ТАБЫСТАҒЫ ӨЗГЕРУ =
Бұдан басқа да, Дж. Кейнс жинақтау мөлшері мен сол кездегі
табыс деңгейі арасындағы тәуелділікті ендірді – орташа жинақтауға
бейімділік және шектеулі жинақтауға бейімділік.
Жинақтауға бейімділікті бірден – бір психологиялық фактор
ретінде түсінеміз. Ол адамның ниетін сақтауды білдіреді. Орташа
жинақтауға бейімділік (APS) ұлттық табыстың жинақтау бөлігінің (S)
барлық ұлттық табысқа (Ү) қатынасымен анықталады, яғни
АРС =
Шектеулі жинақтауға бейімділік (MPS) жинақтаудағы кез – келген
өзгерудің сондағы табыс өзгеруіне қатынасын көрсетеді, яғни
10
МРС = =
Осы тәуелділіктер шекті мультипликациялық эффектіні бағалауға
ықпал жасады.
Қазіргі Батыстық неоклассикалық экономикалық мектебінің
өкілдері экономикалық өсудің тым күрделі көп факторлы моделін
ұсынады. Нақтыласақ, көп факторлы Кобба – Дуглас функциясын айтамыз.
Оның формуласы мынандай:
мұндағы: Q - өнім; L – еңбек;
K – капитал; S – жер.
11
ІІ тарау. Экономикалық өсудің факторлары, үлгілері және проблемалары.
1. Экономикалық өсудің факторлары.
Экономиканың өсуінің қайнар көзі неде? Кез келген
мемлекеттің өсуі негізгі алты фактордан тәуелді. Олар:
1) Табиғи ресурстардың сапасы мен көлемі
2) Еңбек ресурстарының сапасы мен саны
3) Негізгі капитал қорының көлемі
4) Технология
Экономиканың өсуіне әсер ететін осы төрт факторды ұсыныс
факторлары деп айтуға болады.
Дәл осылар өндірістің өсуіне мүмкіндік береді. Сапалы
ресурстар және технологиялық әлует бірігіп нақты өнім көлемін
өндіруді ұлғайтады. Экономиканың өсуіне әсер ететін соңғы екі
факторды қарастырайық, олар:
1) Сұраныс факторы
2) Бөлу, тарату факторы
Өндіріс әлуетін дұрыс пайдалану үшін, өндірумен қатар
өндірген өнімді дер кезінде сату да маңызды.
Экономиканың өсуіне әсер ететін сұраныс және ұсыныс
факторлары бір-бірімен тығыз байланысты.
Өндіріс көлемінің ауытқуы жиынтық сұраныстың өзгеруімен
түсіндіріледі (Кейнс кресі, IS-IM үлгісі). Жиынтық ұсыныс қысқа
мерзімді кезеңде қарастырылады. Сұраныс пен ұсыныс талдырмасы (шок)
және циклдік тербелістерге байланысты экономиканың тепе- теңдік
жағдайынан ауытқуын экономикалық саясат тұрақтандыруға тырысады.
Бірақ өнім көлемінің қысқа мерзімді ауытқуы, жұмысбастылықтың
деңгейі экономиканың жалпы өсуінің қозғалысымен берілген, оның
өсуінің көлемін ұлғайту экономикалық өсумен байланысты. Экономикалық
өсуді жиынтық ұсыныстың ұзақ мерзімді динамикасы (құбылысы, жайы)
ретінде немесе өнім көлемінің өсуі ретінде қарастыруға болады. Оның
факторларының және заңдылықтарының талдауы макроэкономикалық
теорияның басты сұрақтарының біреуі болып табылады.
Экономикада нақты пайданың өсуі экономикалық өсу деп
түсіндіріледі және әрбір адам басына шаққандағы нақты өнімнің өсу
себебі болып табылады. Сондықтан экономиканың өсуін өлшеу үшін
абсолюттік арттыру немесе нақты өнім көлемі өсуінің екпініне немесе
адам басына шаққандағы көрсеткіштер қолданылады. Мысалы:
∆Y= Yt-Yt-1 немесе Yt = ∆Yt \ Y t-1 ,
t – уақыт индексі
Егер экономикалық өсу сырттан әкелінген қосымша ресурстардан
12
жасалынса және қоғамдағы еңбектің орта өнімділігін өзгертпесе, онда
ол экстенсивті болады. Интенсивті өсу технологиямен және өндіріс
факторларының жетілген түрімен байланысты, яғни өнімді ресурс
көлемінің көбеюі нәтижесінде ұлғайту емес, олардың қайтымының,
тиімділігінің нәтижесінде өнім өндіру. Интенсивті өсу халықтың
әлеуметтік өсуінің экстенсивті немесе интенсивті типтеріне
байланысты, сыбағалы салмағының салыстырмалылығына немесе экономиканың
өсуіне әсер ететін басқа факторларға байланысты болады.
Бір сөзбен айтатын болсақ, экстенсивті дамудың өзіндік
экономикалық шектеулері бар. Мұндай жағдайға тап болған қоғам
өзінің бағыт- бағдарын өзгертуге тырысады. Экстенсивті дамудың қайнар
көзінің жойылуы қоғамды интенсивті өсу мүмкіндіктерін қарастыруға
итермелейді.
Демек техникалық процестің ресурсты сақтау түрлеріне бағыт –
бағдар жасау: оларға – материалды сақтау, энергияны сақтау және
қорды сақтау жатады. Барлық қоғам масштабындағы экономикалық өсу
тауар мен қызмет көрсетудің жылдық көлемінің ұлғаюымен байқалады.
Сондықтан экономикалық өсуді өлшеудің көрсеткіші: жалпы ішкі
өнім (ЖІӨ) немесе жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) немесе ұлттық табыс
(ҰТ) болып табылады. Экономикалық өсу абсолюттік және салыстырмалы
мөлшерде (алдағы кезеңдегі мөлшерге пайыз ретінде) өлшенеді. Мысалы,
осы жылы реалды ЖҰӨ 210 млн. теңге құраса, ал алдыңғы да - 200
млн. теңге болған, онда абсолюттік тұрғыдағы өсімі 10 млн. теңге,
ал салыстырмалы тұрғыда – 5 % құрайды.
Жекелеген уақыт мерзімінде экономикалық өсу жылдық өсу
қарқынымен анықталады. (ЖҰӨ- нің өсу қарқынын анықтау үшін, осы
жылғы нақты ЖҰӨ мөлшерін алдағы жылғы нақты ЖҰӨ мөлшерінен шегеру
қажет. Сол айырманы алдағы жылғы нақты ЖҰӨ -ге жатқызып, нәтижесін
пайыз түрінде көрсетеді).
Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) біраз жылғы қарқынды өсу
сипаттамасы көрсеткіштерін тізе отырып, оның тенденциясын ашуға,
яғни экономикалық дамудың бағытын анықтауға болады.
Экономика өсуінің факторларын көбіне экономиканың өсуінің
типімен топтайды. Экстенсивті факторларға капитал көлемінің, еңбек
көлемінің, ал интенсивтіге – технологиялық прогресс, масштаб арқылы
үнемдеу, білімді және жаман жұмысшылар деңгейін көтеру, ресурстарды
бөлуді жақсарту және оның қолдану үрдісін сапалы ұйымдастыруға
мүмкіндік береді. Кейде жиынтық сұраныс үрдістің басты катализаторы
ретінде және экономикалық өсуінің дербес факторы ретінде бөлінеді.
Экономиканың өсуін тұрған себептер ретінде мыналарды айтуға
болады: экологиялық және ресурстық шектеулер, әлеуметтік шығындардың
ауқымды спектрі және де үкіметтің тиімсіз экономикалық саясаты.
Қазіргі жағдайда экономикалық өсудің маңызды факторы болатыны
ғылыми – техникалық прогресс (ҒТП), тек оның жетістіктерін дұрыс
пайдалану - қазіргі экономикалық өсудің түрін анықтайды.
13
ҒТП - бұл ғылыми – техникалық принциптер әрекеті шеңберінде,
өндірістік техникалар мен технологиялық процестерді біртіндеп
жетілдіру мен тарату.
Экономистер ғылыми- техникалық революцияны (ҒТР) ерекше бөле-
жара мұны қоғамның өндірістік күштерінің дамуындағы сапалы
секіріс, техника мен өндіріс технологиясындағы төңкеріс деп қарайды.
Сөйтіп, ҒТП және ҒТР бір-бірімен өзара байланысты және
келесімді, эволюциялық және революциялық ара қатынастағы қоғамның
материалды– техникалық базасының даму формасы.
ҒТП – тің революциялық формасы ғылыми - өндірістік принциптердің
жаңа сапалы түрлерін өндірісте пайдалануға ауысу (ол тек қана
материалдық салада емес, қызмет көрсету саласында да) болады. ҒТР
өндірістің барлық технологиялық тәсілдерін, оның барлық жақтарын
және компоненттерін (сыңарларын) қайта өзгертеді.
Қазіргі ҒТР басталуын ХХ – ғасырдың 50 –жылдарына қосады.
Оның қайта құруының негізгі бағыттары төмендегідей:
– өндірісті автоматтау, машиналарды мүлдем жаңа техникалық
жүйелермен ауыстыру. Бұл арқылы өндіріс процесіндегі адамдардың
ролі мен жағдайы өзгертіледі, олар оның жанында тұрып, оның
үстінен қарап, оны түзетіп және реттеу қызметін орындайды;
– ЭЕМ секілді, жаңа техниканы жасап және қолдану және өндірісті
компьютеризациялау, информатиканы технологиялық процестің жаңа
ресурсы мен элементіне айналдырады;
– энергияның жаңа түрлері мен күштерін ашып, пайдалану – атомдық,
термоядорлық және т.б.;
– табиғатта бұрын белгілі болмаған материалдардың жаңа түрлерін
жасау және пайдалану, оларға алдын – ала берілген қасиеттері
арқылы еңбек заттарының конструкциондық спектрін басқадай ету;
– жаңа технологияларды (химиялық, биологиялық, лазерлік және т.б.)
қазір өмірге кіріп, жоғарғы технология деген атқа ие
болғанды ашып қолдану; Ең соңында, қазіргі ҒТР – жинақты белгісі
ғылымның қоғамдағы тікелей өндіргіш күшіне айналып отырғандығы.
ҒТР адамдардың өзін де өзгерте бастады, олардың біліміне,
кәсіби – мамандыққа дағдылануына, жұмысқа қатынасына, жаңа іс-
әрекеттерге тез ауысуына, істейтін жұмысына шығармашылық көзқараспен
қарау және т.б.
Нарықтық экономика өмірге кәсіпкерлік деген жаңа экономикалық
өсу факторын шақырып әкелді де, оны бірден қозғалысқа қосты.
Мұның қалай және қандай жағдайда іске араласуы, бизнесті
ұйымдастыру таланты, оны барынша пайдалы етіп жүргізуі, адамдардың
қажеттілігін қамтамасыз етуде жаңа жол тауып, өндіріс шығындарын
азайту және шығарған өнімдерін тұтынушыларға жеткізу – міне, осыларды
дұрыс жолға қоя білуі арқасында өндіріс тиімділігі артып,
әлеуетті болады.
14
ЖҰӨ - нің көлемін арттыруда, қазіргі жағдайда негізгі үлесін
қосатын еңбек өнімділігін арттыру мен оны анықтайтын факторлар.
Факторларды үш үлкен топқа бөлуге болады: өндіргіш күштерінің
заттық элементтер жағында жатқандар; жеке элементтер (жұмыс күні)
жақтарында және өндіріс процесінде заттық және жеке элементтерді
қосу әдістері мен тиімділігін сипаттайтын ұйымдастырушылық -
экономикалық факторлар. Экономистердің есептеуі бойынша, еңбек
өнімділігін ұлғайтуда басты рольде техникалық факторлар болады екен.
Бұлардың үлесіне еңбек өнімділігі өсуінің 60 %- ке жуығы, ал
қалған екеуінің үлесі – 20 % - тен (жалпы еңбек өнімділігінің
өсуінде).
Бұл факторлардың еңбек өнімділігін ұлғайтуға маңыздылығы
өзгермей тұра бермейді. ҒТР әсерімен өндіріс құрылымында және
материалдық – техникалық базадағы болып жатқан түрлі төңкерістер,
адамдардың басқадай өмірдегі іс-әрекеттеріндегі жаңалықтар, еңбек
өнімділігіне не бір керемет өзгерістерді әкелуі мүмкін.
Мысалы, ғылыми – техникалық кешендер саласында (яғни ҒТР
анықтап, сипаттайтын салалардағы) еңбек өнімділігінің артуы әсерінде
шығып жатқан жаңа техника элементтерінің арзандауы, осы техниканы
пайдаланып және жасап жатқан адасдар жоғары мамандықты еңбектің
еселі үлесі аса беруі мүмкін.
Бүгіндері жұмыс ұйымдастыру мазмұны да өзгере бастады.
Мысалы, компьютерлік технология, жеке компьютердің тарала бастауы,
үйлесімді коммуникациялық жүйелерге кіре бастауы үйде отырып, жұмыс
істеуді көбейтеді. Мұндай жағдайда жұмыс орындарына деген шығындар
едәуір азаяды.
Технологиялық революция деген атпен қоғам өміріне кірген
қазіргі ҒТР дәуірінде (оның басы, яғни технологиялық революция – 70-
80 – ж.ж. ) машинасыз технология кеңінен дами бастады да, өнімді
дайындау мен өңдеуде жаңа принциптер шешуші орынға шыға бастады.
Бұрынғы үйреніп кеткеніміздей болмай, енді машинасыз технология
басталды, бұған жататындар - плазмалық электронды – сәулелік,
радиациялық, биологиялық және басқадай технологиялар).
Жоғарғы технологияны пайдалану өндірілген өнімнің техникалық
деңгейін және сапасын жақсартады, қоғам қажеттілігін толығырақ
қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды, қоршаған ортаға еш бір зиян
келтірмейді, ең бастысы – соңғы өнімді өндірудің тиімділігінің
артуына жағдай жасап, еңбек шығындарын, өндіріс құралдарын, оның
бірлігі есебінен азайтуға мүмкіндік жасайды.
Сөйтіп, басқа салалардағы қоғам мүшелерінің өмірін жақсартуға
апаратын босаған ресурстарды пайдалануға жағдай туғызады.
Жаңа жағдайда өндіріс нәтижелерін бағалау да өзгереді:
бірінші орынға сан жағының орнына, өндірілген өнімнің сапалық жағы
оның ғылыми – техникалық деңгейінің өсуі шығады.
15
Қазіргі дамудың басқа бір белгісі - өндірістің прогрессивтік
құрылымының жасалуы, ғылыми көлемдік үлесінің ұлғаюы, бұлар ҒТР
жемістерін жүзеге асыруды енгізіп, қамтамасыз етуге мүмкіндік
жасайды.
Осы айтылған жағдаяттардың барлығының бірігуі экономика
қозғалысына ерекше экономикалық дамудың жаңа сапасын береді де,
мұнда қозғалудың мақсаты өсу ғана болып қана қоймай, нағыз даму
мен адам болатындығы. Оның, адамның білімділігі, қазіргі ҒТР
жетістіктерімен қаруланған оның еңбегі, оның сан алуан
қажеттіліктері экономикалық прогрестің альфа мен омегасы болып
отыр.
Бұған дейін өндіріс тарапынан болатын өсуді анықтайтын
факторларды қарадық. Нарықтық экономикада өндіріс пен тұтыну
тікелей байланыста болмайды.
Бұлардың байланысының ортасында рынок жүреді де, оның
механизмі олардың, яғни ұсыным мен сұранымның өзара әрекетін бір –
біріне жалғастырады. Сұраным ұсыным бойынша анықталғанымен
(тұтынушылар не өндірілсе және рынокке келіп түскендерді сұрайды),
жиынтықты сұранымның қозғалысы экономикалық өсудің белсенді факторы
болып шығады. Осыған байланысты экономикалық теорияда экономикалық
өсуді, бөлуді жасап, бұл тұста яғни жиынтықты ұсыным мен жиынтықты
сұраным шақтарындағы факторларды бөліп қараған.
Жиынтықты сұраным факторына қарай, өскен ұлттық нанның
пайдаланылуы мен келешектегі оның ұлғайтылу мүмкіндігі іске
асырылады. Егер бұл нанға сұраным болмаса, бүгін желініп кетпесе,
ертең оны пісірудің қажеттілігі тумайды. Мұнан кейін сұранымның өзі
азаматтардың жеке кірістеріне қарай (тұтынуға деп қойған),
мемлекеттік шығындармен, сол сияқты инвестициялық тауарларға делінген
сұранымдар (инвестицияға салынған капитал мен қорлардың көлемінен)
бойынша жасалынады.
2. Экономикалық өсудің үлгілері.
Экономика өуінің Кейнстік үлгісі
Экономика өсуінің негізгі үлгілерін қарастырайық. Басқа
үлгілер сияқты өсу үлгісі абстракты, экономика үрдісінің нақты түрі
график немесе теңдік түрінде көрсетіледі. Үлгіні жасау барысында
пайдаланылатын болжамдар нақты үрдістің нәтижесін жоққа шығарады,
бірақ экономиканың өсуі сияқты күрделі құбылыстың заңдылықтарын және
кейбір мәселелерін талдауға мүмкіндік береді.
Өсу үлгісінің көбі өнімнің нақты көлемінің көбеюі, негізгі
өндіріс факторларының өсу ықпалымен, яғни еңбек пен капиталдың
әсерінен пайда болады.
Өсу үлгісінің көбі шығынның нақты көлемінің көбеюі, негізгі
өндірістік факторлардың өсім ықпалымен, яғни еңбек пен капитал
ықпалына, еңбек факторы сырттың ықпалына қарсы тұра алады, ал
16
капитал көлемін, керісінше, инвестициялық саясат арқылы тез
өзгертуге
болады. Уақыт өте келе, капиталдың экономикада амортизация есебінен
қысқаратыны және таза инвестиция есебінен көбейетіні белгілі. Біз
экономиканың өсуінің өзі бағалы деп айта алмаймыз, оның бағалылығы
- халықтың жағдайын көтеруге негіз болғанында. Сондықтан
экономиканың сапалы өсуіне баға беру үшін, тұтыну бағасының
динамикасын қарастыру керек.
Кейнстік өсу үлгісі негізінде логикалық құрал қолданылады,
бізге белгілісі кейнстік қысқа мерзімдік тепе – теңдік үлгісі.
Сұраныс талдауын ұсыныс динамикасын анықтайтын факторларды
қоса отырып қарастырамыз. Бұл арқылы экономикадағы сұраныс пен
ұсыныс тепе - теңдігінің шарттарын анықтауға болады.
Кейнстік өсу үлгісінің қарапайым түрі Е. Домар үлгісі болып
табылады, бұл үлгіде капиталдың шекті өндірісі Леонтьев функциясы
ретінде қарастырылады.
Домар үлгісі еңбек нарығында ұсыныстың артықшылығынан шығады,
бұл бағаның тұрақтылығын ескереді. Капиталдың шығып қалуы жоқ, ал
капиталдың (К) Ү- ке қатынасы (КҮ) және қор жинағы нормасы
тұрақты болып келеді. Өнім тек 1 ресурсқа ғана тәуелді деп айтуға
болады, ол – капитал.
Инвестицияның өсуі экономикада ұсыныс пен сұраныс өсуінің
факторы болып табылады. Егер берілген мезгілде инвестиция және І –
ға өссе, онда мультипликатор әсерімен жиынтық сұраныс келесіге
өседі:
∆YAD = ∆I ( m = ∆I = ∆I
m - шығын мультипликаторы
b - тұтынуға шекті бейімділік
s - қор жинағына шекті бейімділік
∆YAS=∆K - жиынтық ұсыныстың өсуі
( - капиталдың шекті өнімділігі.
Капиталдың ∆К өсімшесі инвестицияның І көлемімен қамтамасыз
етіледі, осыдан ∆YAS = ( ( I
Экономиканың өсуінің тепе – теңдігі сұраныс пен ұсыныстың
теңестірілуінің шартында пайда болады.
немесе , яғни инвестицияның өсімшесі капиталдың шекті
өнімділігі мен қор жинағының шекті бейімділігіне тең болуы керек.
Тепе – теңдік шарты бойынша инвестиция қор жинағына тең
болғандықтан, I = S, ал S = sY ; s = const болғанда, табыс
деңгейінің көлемі инвестицияның деңгейіне пропорционал болады, сонда
∆Y \Y = ∆I \ I = ((s
Сондықтан, Е. Домардың теориясына сай, экономикадағы нақты
табыстың тепе – теңдігінің өсу қарқыны және қолда бар өндірістік
қуаттың барлығы қолданылады. Ол капиталдың шекті өнімділігіне және
қор
17
жинағының нормаларына тура пропорционал немесе ∆Ү ∆К – капиталдың
қайтарылуының өсімшесіне тура пропорционал болады. Инвестиция мен
табыс бірдей қарқында өседі.
Егер үлгіде берілген деңгейден жеке сектордың жоспарлы
инвестициясының өсу қарқыны ауытқыса, мұндай динамикалық тепе –
теңдік тұрақсыз болуы мүмкін.
Е. Домардың үлгісі өсу теориясына сай келе алмайды. Бұл
кейнстік қысқа мерзімді тепе – теңдікті ұзақ мерзімге кеңейтудің
әрекеті және дамып келе жатқан жүйе үшін қандай шарттар
орындалатынын көрсету.
Инвестицияның эндогендік функциясын қоса отырып, Р.Ф.Харрод
(1939ж. ) экономикалық өсудің арнайы үлгісін құрады.
Акселератор принципіне сай, табыстың кез келген өсуі капитал
салымының өсуіне алып келеді, бұл өзгеріс табыстың өзгеруіне
пропорционалды:
I t = ( ( Y t – Y t – 1 )
мұндағы ( - акселератор.
Экономикадағы алдыңғы кезеңде қалыптасқан жағдайларды ескере
отырып, кәсіпкерлер өндіретін өнім көлемін жоспарлайды.
Егерде алдыңғы кезеңдегі сұраныс туралы болжамдары ақталып,
сұраныс, ұсынысқа теңелсе, онда өнім көлемін өзгеріссіз қалдырады.
Ел егерде экономикадағы сұраныс көлемі ұсыныстан көп болса,
онда олар өндіріс көлемін азайтады.
Осы айтылғандарды формула арқылы былай өрнектеуге болады:
Yt – Үt-1 \ Yt-1 = a ( (Yt-1 - Yt-2 )\Yt-2
Егер а ( 1 болса, онда алдыңғы кезеңдегі сұраныс (t-1)
ұсынысқа тең болады. Егер а ( 1 болса, онда сұраныс ұсыныстан көп
болады. Осыдан біздің экономикадағы ұсыныс көлемі мынаған тең:
Yt = Y t-1 ( ( a ( ( Y t-1 – Y t-2 ) \ Y t-2) + 1)
Жиынтық сұранысты табу үшін акселератор үлгісі қолданылады
(және теңдік шарты I = S):
Yt = It \ s = ( (Yt – Yt-1) \ s
Экономиканың өсуі жиынтық сұраныс пен ұсыныстың теңдігінен
шығады.
( ( Yt –Yt-1 ) \ s = Yt-1 (a ( (Yt-1 – Yt-2 \ Yt-2 ) +1)
18
Өрнектеп, келесі формуланы алуға болады:
( \ s (Yt – Yt-1 \ Yt-1 ) = a ( (Yt-1 – Yt-2 \ Yt-2 ) +1
Алдыңғы кезеңдегі сұраныс пен ұсыныс өзара тең болады дейік,
немесе а=1. Сонда қабылданған шарттарға сай кәсіпкерлер берілген
кезеңде өндірістің өсу қарқынын өзгерусіз қалдырады:
Yt – Yt-1 \ Yt-1 = Yt-1 – Yt-2\ Yt-2 = ∆Yt \ Yt-1
Алдында айтылып кеткенді келесі түрде көрсентуге болады:
( \ s (∆Yt \ Yt-1 ) = (∆Yt \ Yt-1 ) +1
Осыдан тепе – теңдік көлемінің өсу қарқыны келесі болады:
∆Y \ Yt-1= s\ (-s
Харрод s \ v-s формуласын кепілдік өсу қарқыны деп атайды.
Оны қолдай отырып, кәсіпкерлер өздерінің шешімдеріне толық
қанағаттанады. Сұраныс ұсынысқа тең болып, олардың күткендері
растала бастайды. Бұндай экономикалық өсу толық өндірістік қуаттың
қолданылуын қамтамасыз етеді, бірақ жұмыссыздықты жою әрқашанда
жүзеге аса бермейді.
Кепілдік пен нақты өсу қарқынының арасындағы сараптама
мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді: егер кәсіпкерлердің өсу
қарқынында айырмашылық болса, онда жүйе ақырындап теңдестік
жағдайынан алыстайды.
Кепілдік өсу қарқынымен қатар Харрод табиғи өсу қарқынын
енгізеді. Бұл ең жоғары өсу қарқыны болып, табылады. Осындай өсу
қарқыны кезінде еңбек пен капитал факторларының толық қамтылуы
байқалады.
Р. Солоудың неоклассикалық өсу үлгісі
Кейнс үлгілерінің экономикалық өсуіне қарағанда неоклассикалық
өсу ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz