Қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы



Жоспар
Кіріспе
1 бөлім
Қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы
1.1 Халықаралық қаржы есеп стандарты бойынша есеп саясаты
2бөлім
Қаржылық есеп беруді жасау
2.1 Қаржылық есеп берудің элементтері
2.2 Бухгалтерлік баланс
2.3 Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру
2.4 Инвестициялық және қаржылық қызметі
2.5 Қаржылық есеп беруге жасалған түсініктеме жазба
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
1 бөлім
Қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы
1.1 Халықаралық қаржы есеп стандарты бойынша есеп саясаты
2бөлім
Қаржылық есеп беруді жасау
2.1 Қаржылық есеп берудің элементтері
2.2 Бухгалтерлік баланс
2.3 Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру
2.4 Инвестициялық және қаржылық қызметі
2.5 Қаржылық есеп беруге жасалған түсініктеме жазба
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Кіріспе
Бұл курстық жұмыс Кәсіпорынның қаржылық есебін ұйымдастыру тақырыбына
жазылған. Курстық жұмыста кәсіпорынның Қаржылық есеп беру ХҚЕС №1
стандартына негізделе отырып, бухгалтерлік баланс, кірістер мен шығыстар
туралы, ақша қозғалысы және оған түсініктеме жазбаға , меншік
капиталындағы өзгерістер туралы есептеріне сипаттама беріледі.
Кәсіпорын қаржысы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық
тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің
қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қажы ресурстармен қамтамасыз
етілуін көрсетеді.
Қаржылық есеп берудің мақсаты тұтынушыларды заңды тұлғаның қаржылық
жағдайы, қызметінің нәтижелері және есеп беру кезеңінде оның қаржылық
жағдайында болған өзгерістер жөнінде пайдалы, маңызды және дұрыс
ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады. Қаржылық есеп ақпараттың
пайдалығына қатыссыз жыл сайын құрылытын есеп.Қаржылық есеп
пайдаланушыларға шынайы айқын мәліметтер береді.

1 бөлім Қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы

Қаржылық есеп беру - Бұл кәсіпорынның есепті кезеңдегі қаржы – шаруашылық
қызметіне сипаттама беретін белгілі нысанарға топтастырылған көрсекіштер
жүйесі. Қазақстан Республикасы Ұлттық Комиссиясының 1996 жылғы 12
қарашадағы №2 қаулысына сәйкес барлық кәсіпорындар меншік нысаны мен қызмет
түріне қарамастан Бухгалтерлік есептің Қазақстандық стандартына көшті.
Кәсіпорының есеп беру нысандары жетіліп , есеп беру Халықаралық
бухгалтерлік стандарттарының талаптарына сай келе бастады. Бухгалтерлік
есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы 26.12.1995ж. №2732 ҚР Заңының
(өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге)өзінде Қазақстан
Республикасындағы харжы есептілігінің стандарттары 2-1 бабында
қазақстандық ұйымдардың ХҚЕС- на өту мерзімдері айтылмаған. Бұл бап
Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы ҚР Заңына
24.06.2002 жылғы № 329-II Қр Заңының негізінде енгізілген болатын . Осы
Заңмен (11.06. 2004ж № 562-II өзгерістермен және толықтыруларымен бірге) 2-
1 бап:
- Қазақстан респубикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен айқындалатын
жекеленген ұйымдар үшін-2003 жылғы 1 қаңтардан бастап;
- акционерлік қоғамдар үшін – 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап;
-өзге ұйымдар үшін 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап;
2006 жылғы 1 қаңтардан бастап бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық
есеп беру туралы ҚР Заңына сәйкес , Қазақстан Республикасы ұйымдарының
барлығы дерлік ХҚЕС – қа көшті, енді осыған байланысты барлық ұйымдар
өзінің қаржылық есебін ХҚЕС-қа сәйкес жүргізеді .
Есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық-шаруашылық қызметін
кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Есеп беру
процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.
Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның
қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып
табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына потенциалды
инвесторлар, кредиторлар, жеткізушілер мен мердігерлер, сатып алушылар,
еңбеккерлер , сондай-ақ мемлекеттік органдар, т.б. кіреді.
Қаржылық есеп беру басқарушы органдардың жұмысын және субъектінің
ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашақтағы
ағындарын бағалауға , несие беру бойынша шешімдерге және инвеститциялық
шешімдерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді .
Есеп беру мәліметтерді кәсіпорынның тиімділігін бағалау үшін , сондай-ақ
шаруашылық қызметін жедел басқару үшін сыртқы пайдаланушылыр пайдаланады.
Осымен қоса, есеп беру кәсіпорынның шаруашылық қызметін жедел басқару
үшін қажет және ол болашақ кезеңдерді жоспарлау мен болжау үшін басты
(бастапқы)база болып табылады.
Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін
анық және объективті көрсету , барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң
түрде үйлестіру , бухгалтерлік пен жедел – статистикалық есеп берудің
сабақтастығын (үйлесімділігін) сақтау, әдістемелік және басқа да
ережелерді сақтау болып табылады .
Бұрмаланған есеп бергені үшін кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтері
Қазақстан Республикасының әрекет етіп тұрған заңдарына сәйкес жауап береді.

Қаржылық есеп берудің негізгі принциптері болып:

Базистік (әдістамалық) Сапалық принциптер Талапқою - принциптері
принциптер
1.Екіжақтылық 1. Түсініктілік 1.Толықтылық
2.Ақшалай өлшеу 2. Орнықтылық 2. Мәнділік
3.Дербестік немесе мүліктік3. Сенімділік 3.Шындық
жекелік 4. Салыстырмалық 4.Нысаннан мәнділіктің
4.Үздіксіздік артықшылығы
5.Өзіндік құн 5.Бейтараптылық
6.Сақтық пен ықтималдық 6. Сақтық
7.Материалдық 7. Деркезділік
8.Сату немесе есептеу әдісі 8.Ұтымдылық пен жұмсалған
9.Сәйкестік шығындар арасындағы теңдік
9. Сапалы сипаттар арасының
теңдігі
10.Анық объективтікпен даярлау

Әрбір прнцип қаржылық есептің мақсаты мен мазмұнын терең түсінуге, мұның
сапасын сипаттауға, қаржылық есептің пайдалығын анықтауға, қаржылық есеп
элементтерін өлшеу мен тану тәртібіне, капитал ұғымы мен мұны тұрақтандыру
мәселелерін ашып көрсетуге арналған.

Сапалық принциптер
Түсініктілік – ақпараттар сапасы. Ақпараттар кәсіпкерлік қызметпен
айналысушылар үшін жеткілікті және қолайлы қалыптасуы керек. Егер
кәсіпкерлік әрекеттермен айналысушылардың белгілі дәрежеде кәсіби білімі
болмса да, қаржылық есепке тән жасалған ақпараттар пайдаланушылар үшін
қолайлы және түсінікті болуы шарт.Сондықтан қаржылық есеп өрісіндегі барлық
ақпараттар түсінікті жасалып, нақтылы жағдайда қолдану және шешім қабылдау
тұрғысында өте анық болуы керек.
Орнықтылық –ақпараттардың онықтылық принципінің негізін нақтылы
әрекеттерді қамтитын ақпараттар құрайды.Орнықты ақпараттар қаржылық шешім
қабылдаушылардың алдына қойған мақсатына жетуіне тікелей әсер етеді .
Орнықты ақпараттардыңмысалына дивиденттер және еңбек аы төлеуді , құнды
қағаздар курсының өзгеруін,сондай – ақ ұйымдардың дер кеінде алған
міндеттемелерін жабу жөніндегі мәліметтер жатады. Орнықты ақпараттар өткен
уақыттағы , қазіргі алдағы , сондай-ақ өткен оқиғаларды түзету мен бағалау
үшін қажет. Орнықты ақпараттарды пайдалану мен талдау нәтижесінде өткен
кездердегі орын алған нәтижелерді бекіту немесе түзету , сондай-ақ болжау
процестерін шешуге болады.
Сенімділік – мәні жағынан қатесіз жасалған ақпараттар қасиетінің
сипатталуы. Арнайы қабылданған есеп жүргізу жөніндегі ережелер мен
стандарттар талабын сақтай отырып , орытындыланатын қаржылық есеп дайындау
барысында осы ұйымның ызмет атқарушы бухгалтерлері есми қойылған талаптарға
сай ұйымның қаржылық жағдайы жөніндегі барлық ақпараттарды, сондай-ақ
бухгалтерлік есеп жөніндегі ақпараттарды да аса бір шындық және сенімді
жодармен сапалы дайындалуы керек.
Есеп ақпараттарын пайдаланушы жақтар және клиенттер, фирмалар мен
ұйымдардың т. б. Заңды тұлғалардың қаржылық жағдайы жөніндегі
ақпараттарына сенімділік туғызуы керек . Егер қаржылық есеп даярлау
барысында мәні жағына маңызды қателер мен ауытқушылықта жіберілмеген
жағдайда ақпараттар сенімді болады. Яғни орын алған операциялар мен
оқиғалар жөніндегі ақпараттар теек шындық фактілерді ғана сенімді тұрғыдан
көрсетуі керек.
Салыстыру – есеп атқаратын пайдалаушылардың қабылдайтн шешімі көп
ваианттылыққа жәнне бәсекелестікке байланысты . Бұған мысал ретінде
бәсекеге түсуші жақтар асында өлемі жағынан шектеуі экономикалық
ресурстарды инвестициялау жөнінде қабылданатын әр түрлі шешімді айтуға
болады. Салыстыру принципі ұқсас екі компания арасындағы нәтижені осы жыл
ішіндегі нәтижені өткен жылдардағы нәтижелермен өзара салыстыру арқылы
жүргізіледі. Салыстыруға келмейтін нәтижелересеп жүргізудің әр түрлі
қосымша әдістерін қолданумен түсіндіріледі. Қаржылық есеп пайдалы және
маңызды болу үшін, оның көрсеткіштері әрбір есепті жылдар бойынша
экономикалық және қаржылық трғыда салыстырып отыруы керек .
Есеп мәліметерін салыстырудың нәтижесінде ұйым қызметінің болашақтағы
тиімділігін анықтау, алдағы кезеңдер үшін қаржылық бағыттағы шешімдер
қабылдау және несиелендіруші жақтар мен инвесторлардың банкротқа ұшырап,
кедейленіп кетпеуін қамтамасыз етуге жататын шараларды белгілеуге болады.
Алайда бұл үшін басқарудың ережелері мен бухгалтерлік есеп әдістерін
бұрмалауға және шектеуге болмайды.

Талап қою принциптері
Толықтылық. Қаржылық есепті сенімділігін қамтамасыз ету шін ақпараттар
мәнділігімен бұларды алу шығындарының аз жұмсалуын қадағалай отырып толыық
жасалынуы керек. Есепке алынбай қалған ақпараттар қате немесе бұрмалаушылық
жолмен тапсырылған есеп және мұндай фактілер орнықтылық жағынан сенімсіз,
әрі жетілмеген болып табылады.
Осыған байланысты талап қо принципі тұрғысындағы толықтылық
принципұйымдардың қабылданған есеп жүргізу әдіснамаларына байланысты
шаруашылық фактілерін топтастыру, құжааттама жүргізуді ұйымдастыру,
түгендеу, бухгалтерлік есеп шоттарын жүргізу, ақпараттарды өңдеу
рісіндегі бухгалтерлік есепке тән тиіст әдістерді қолдана отырып, қаржылық
есеп құрудың толықтылығы қамтамасыз етіледі.
Мәнділік. Қаржылық есеп беру негізінде қабылданға экономикалық шешімдер
олардың ұғымдарының дұрыстығына немесе дұрыс еместігіне әсер етуі мүмкін.
Шындық. Қаржылық есеп беру субьектінің ақша қаражатының қозғалысы,
опеацияның нәтижесі, қаржылық жағдайы туралы пайдаланушыларға шындық және
алақысыз мәлімет ұсынуы тиіс.
Нысан мәнділіктің айырмашылығы. Егер шаруашылық фактілері мен басқа да
операциялар шындық бағытпен жасалынса онда экономикалық қатынастар мазмұны
тек қана құқықтық тұрғыда ғана емес, экономикалық жағынан да тиімді
бағаланады. Бұл принцип есепте көрсетілетін операцияларды тек құқықтық
жағынан ғана танып қоймай, мұндай операцияларды экономикалық маңызы және
шаруашылық жүргізу ерекшеліктері жағынан да тануға бағытталған принцип
болып табылады.
Бейтараптық. Қаржылық есепте берілетін ақпараттар сенімді болуы үшін,
ақпараттар алдын-ала ойланған кері фактілерден бейтараптық жағдайда болуы
керек. Егер ақпараттар бейтараптық жолмен дербес жасалынса, онда ақпарат
пайдаланушы жақтар да сенімді болады. Алдын – ала ойлнып жасалған кері
факторлар құрамындағы жағымды факторларды көрсету үшін ақпараттар
объективті тұрғыда зерттеліп, есепке алынатын объектілер қатесіз өлшенуі
керек.
Бейтараптық принцип есеп процесі ағынынан ешқандайда факторлардың крі
әсер етпеуін қамтамасыз етуге арналған . Бейтараптық принципті қолдану
арқылы айрықша экономикалық жағдай туындату мақсатында бухгалтерлік есеп
счеттарын және басқа да мәліметтерді қалай болса солай қызмет атқарушы
бухгалтерлердің өз қалауы бойынша қолдана беруге болмайды.
Сақтық. Қаржылық есеп даярлаушылар қандай дәрежеде болмасын белгісіз және
түсініксіз факторларды болдырмау бағытында қызмет атқаруы керек. Түсініксіз
факторлар көптеген оқиғалар мен жағдайлардан туындайды.
Сақтық – орын алған белгісіздік жағдай жөніндегі фактілерді бағалау мен
анықтау үшін сақтық таныту болыып табылады. Мысалға, активтер мен нақтылы
түсетін пайда соммалары жоғарлап, ал міндеттемелер мен шығындар соммасы
төмендеп кетпеуі үшін атқарушы бухгалтерлік аса бір сақтық танытып отыру
керек.
Деркезділік. Ақпараттардың пайдаланушыларға қажетті уақытта жеткізілуін
айтады. Деркезінде жасалған ақпараттар өткен кездегі мәліметтер мен
операциялады бекіту мен түзету үшін қолданылады. Егер есеп ақпараттары
пайдаланушыларға дер кезінде жеткізілмеген жағдайда, онда ақпарат өзінің
орнықтылық пен сенімділік принципін жоғалтуы мүмкін. Деркезділік принципі
жариаланатын немесе жариаланған қаржылық есептің құрамдық бөлінбейтін
қасиетін сипаттауға арналған.
Ұтымдылық пен жұмсалған шығындар арасындағы теңдік принципі. Сапалы
ақпараттар даяарланудан түскен пайданың ұтымдылық дәрежесі ақпараттар
даярлауға жұмсалған шығындар көлемінен артық болуы керек. Яғни, ұтымдылық
пен жұмалған шығындар арасында жағымды баланс сақталғаны жөн. Егер
ақпараттар даярлауға жұмсалған шығындар пайда келтірмейтіндей орынсыз
жұмсалса , онда ақпараттар қажетсіз болып танылады. Ақпараттар ұтымды
дәрежеде жасалып жақсы қалыптасқан жағайда сырты және ішк іақпарат
пайдаланушы жақтар сенімді болады.
Сапалы сипаттар арасының өзара теңдігін сақтау принципі.Қаржылық есептің
негізгі қызметі мен орындайтын мақсатын іске асыру үшін қаржылық есептің
жекеленген сапалық сипаттары арасында қолайлы дәрежеде жағымды баланстық
тиімділік сақталу керек. Әртүрлі жағдайда орын алған сапалық сипатқа тән
принциптердің қажеттілігі мен іске асырылғандығы атқарушы бухгалтердің
іскерлігі мен кәсіби білімділігіне байланысты іске асырылады.
Объективтік принцип. Қаржылық есеп мүмкіндігіне қарай мейлінше жан-жақты
объективті мәліметтерге негізделуі керек . Нарықтық немесе бизнестік
қатынастар мен әрекеттер жөніндегі ресми құжаттар жасаушы бухгалтерлер
объективтік принциптен ауытқумауы керек. Қаржылық есеп мәліметтері ресми
және тексерілген құжаттрға негізделген. Бұл принцип жекеленген
қөзқарастары қолдану немесе шектеу және шамалау, сондай-ақ өз бетімен
зерделеу сияқты ұғымдарды барынша болдырмауға арналған.
Қазіргі нарықтық қатнастар жағдайында есеп беру көрсеткіштерінің рөлі
басқару шешімдерін қабылдау, кәсіпорынның нарықтағы жағдайын анықтау
кезінде өте маңызды болмақ.

1.1 Халықаралық қаржы есеп стандарты бойынша есеп саясаты

Есеп саясаты, ХҚЕС бойынша қаржылық есепберудің негізгі тәсілдері мен
жеткізу әдістері. ХҚЕС бойынша есеп саясаты қайта қаралды.
8- Есеп саясаты , есептік бағалаулардың өзгерістері және қателіктері
IAS есеп саясатындағы таңдау және өзгерту критерийлерін , сондай-ақ есептік
бағалаулар мен қателіктердің есептік деректерге ықпалы туралы ақпараттарды
ашып көрсету жөгіндегі талаптарды белгілейді.
Есеп саяаты туралы ақпаратты ашып көрсету жөніндегі талапттр 1-Қаржы
есептілігін ұсыну IAS-да белгіленген. 8- IAS қолдану аясы мынадай
мәселелерді қамтиды:
-есеп саясатын таңдау немесе оны өзгерту;
-есептік бағалауларды өзгерту;
-алдағы есептік кееңдерде жіберілген қателіктерді түзету.
Есеп саясаты өз құрылымы мен мазмұндық нысаны бойынша 3 дәстүрлі блоктан
тұрады:
1) жалпы бөлім;
2) ұйымдастыру бөлімі;
3) әдістемелік бөлім.
Жалпы бөлімінде мыналар қарастырылған :
- ұйым туралы жалпы мәліметтер;
- қаржылық жағдайлар, қызмет нәтижелері және осы ұйымның қаржылық
жағдайындағы өзгерістер тураы шынайы ақпаратты қалыптастырудың
қамтамасыз етілуі туралы оның есеп саясатының негізгі мақсаты;
- таңдап алынған есеп саясаты арқылы қаржы есептілігінің халықаралық
қаржы есептілігінің барлық талаптары мен түсіндірмелер жөніндегі
тұрақты комитеттің түсіндірмелеріне жекелей, сондай-ақ жиынтық
түрінде сәйкестігін қамтамасыз етуге тырысуды көрсету.
Ұйымдастыру бөлімі бухгалтерлік есепті жүргізуге, бухгалтерия құрылымын
ұйымдастыруға және оның қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін бөлуге,
бухгалтерлік есепті жүргіздің қолданылатын нысандарын , шоттадың жұмысшы
жоспарын және басқаларды сипаттауа жауапты тұлғаларды анықтайтын елеулі
мәселелерді қамтиды . Мұның барлығы бухгалтерия жұмысын ретке келтіруге,
ақпарат келіп түскен кезде оны дәл бірегейлендіруге, бағалауға, жіктеуге
және жүйелендіруге мүмкіндік беріп, есептілікті жасаған кезде жұмысты
едәуір оңайландырады.
Әдістемелік бөлім ақпаратты қаржы есептілігінде көрсетудің ХҚЕС
ұсынатын таңдаулы баламаларға орай нақты тәсілдерін қамтуға тиіс.
Салық салу және есеп мәселелерін қозғайтын заңдарды қолданып,
бухгалтерлік есеп стандарттарын қамтамасыз ете отырып, кәсіпкер мен ұйымдар
өзінің есеп саясатын қалыптастырады. Есеп саясаты №8 Есеп саясаты,
бухгалтерлік есептің есептемелері мен қателіктері, №1 Қаржылық есеп беру
стандарттарға негізделеді
Есеп саясаты – бұл алдағы жылға әрекет жасауды ұстанатын жалпы басшылық
екенін және ол түсіндірме жазбаларда ашылуға тиісті әдістемелік сипаттағы
мәліметтерді алмастыра алмайтынын ескеру керек. Есепті кезең аяқталғаннан
кейін қажетті қортындыларды шығарып, есеп саясатын таңдаумен байланысты
барлық елеулі аспектілерді ашып көрсету және ұсыну мүмкін болады.
Халықаралық қаржы есептілігінің стандартына көшуді жүзеге асыру үшін
дәстүрлі тәсілді қолдану болып табылады , ол құжаттың жана талаптарға
сәйкестігін қамтамасыз ету арқылы мәртебесін және есеп саясатының құрылымын
сақтауға мүмкіндік береді.
ЖШС КазЖиһаздың есеп саясаты
Жалпы бөлім
ЖШС КазЖиһаздыңесеп саясаты:
-ҚР Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы заңы
-ХҚЕС арқылы құрылған.
1.Организациялық-техникалық бөлім
1.1 ЖШС организациялық-құқықтық стаусы
1.1.1. ЖШС КазЖиһаз Қарағанды қаласында №15679879987 регистрациялық
нөмерімен Әділет министрлігінде 23.11.2004 жылы тіркелеген. Иелік формасы –
меншік.
Салық тіркеу нөмірі №302020288072
Есеп шот нөмірі №0013467185Тұран Әлем банк Қарағанды қ.
Директор – Ахметов Мади
Бухгалтер – Мадиева Асел
ЖШС мекен жайы: Қазақстан Республикасы , 010000 Қарағанды қаласы,
Бейбітшілік даңғылы 9
1.1.3. Басты қызметі:
- құрылыс – монтаж жұмыстыры;
- жиһаз шығару (өндіру)
ЖШС мақсаты- пайда табу, болашақтағы жұмысты белгілей отырып, қанша,
қандай көлемде пайда табуға болатындығын есептеп шығару.
ЖШС өзінің меншікте балансы, есеп айырысу және валюталық шоты, мөрі бар.
ЖШС орта есеппен штаттық кесте бойынша 50 адам бар.
1.1.4. Басқарушылық функциясындағы қызметкерлер:
- директор;
- өндіріс саласы бойынша директор орынбасары;
Бухгалтерлік есепті және бухгалтерияны басқаруда – бухгалтер.

1.2. Бухгалтерлік организация қызметі
1.2.1. ЖШС жалпы бөліміне:
- қаржылық есеп ХҚЕС шоттарымен көрсетілген ЖШС кірісі мен шығысы;
- қаржылық есепке базалық көрсеткіштермен қамтамасыз ететін статистикалық
есеп;
- басқарушылық есеп;
1.2.2. Бухгалтерлік есеп тенге мен тиында және компьютерлік 1С
бағдарламасында жүргізіледі.

1.3 Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру тәртібі

- Бухгалтерлік есеп шоттардың жұмыс жоспарына сәйкес кәсіпорынның өз
бухгалтерлік есеп шоттарын құрастыруы.

- Бухгалтерлік есеп регистрлары – журнал-ордерлер әдісі жүргізіледі.

- Бухгалтерлік есептің бақылау жұйесі – есептік жыл ішінде тоқсан сайын
материалды жауапты тұлғаларға түгендеу жүргізіледі, материалды жауап
есебі 15 күнде бір рет бухгалтерияға тапсырылады.

- Кәсіпорынның мүліктеріне түгендеу жүргізу мерзімдері мен тәртібі- жыл
соңында 15 қарашадан бастап жылдық есеп беру барысында міндетті түрде
түгендеу жасалады, аралық түгендеу тоқсан сайын.

Кәсіпорынның бухгалтерлік есеп жүйесі ХҚЕС –ның талаптарымен нұсқауларға
сәйкес жасалады.

2.Әдістемелік бөлім
2.1.Қаржылық есеп
ЖШС қаржылық есебін құрғанда:
а) МСБУ (IAS) 1 Қаржылық есеп ұғымы
б) МСФО (IFRS) 1 МСФО алғаш қолдануы
в) МСФО (IAS) 7 Ақша қаражат қозғалысы
Қаржылық есеп ҚР ұлтттық валютасында жүргізіледі.

2.1.1. Қаржылық еептің құрылу мерзімі
Есеп формасының атауы Уақыты
Бухгалтерлік баланс Ай сайын
Кіріс және шығыыс есебі Ай сайын
Ақша қаражатының есебі Тоқсан сайын
Капитал өзгерісі Тоқсан сайын
Есеп саясаты, түсіндірме жазба, қосымшаЖылдық есепке
кесте

2 бөлім Қаржылық есеп беруді жасау

Қаржылық есеп беру құрамына кіреді:
1. Бухгалтерлік баланс (Қосымша №1)
2. Кірістер мен шығыстар туралы есеп (Қосымша №2)
3. Ақша қозғалысы туралы есеп (Қосымша №3)
4. Меншік капиталындағы өзгерістер туралы есеп (Қосымша№4)
Қаржылық есеп берудің мақсаты пайдаланушыларды есептік кезеңдегі
қызметіні нәтижесі мен қаржылық жағдайы туралы пайдалы, әрі мәнді және
сенімді ақпараттармен қамамасыз ету болып табылады .
Бірақ қаржылық ақпараттарды пайдаланушылар ксіпорынның қызметі туралы
әрқилы мәліметтерді қажет етеді, мысалға :
- инвесторлар – жасаған ивестицияның тәуекелділік дәрежесі олардың алатын
табысына қаншалықты пара-пар келетіндігін анықтау үшін; кәсіпорынға салған
инвестициясының сатудың немесе оған сәйкес активтердің сатып алудың ,
немесе өз үлесін сақтаудың қажеттілігі анықтау үшін; кәсіпорнның
келешектегі күтілетін дивидендтерін төлеу қабылеттігін анықтау үшін қажетті
ақпараттарды талап етеді :
- жабдықтаушылар – кредиторлық қарызды дер кезінде өтей алатын қабылетін
тексеру үшін қажет ақпараттарды талап етеді;
- сатып алушы - кәсіпорын қандай кезеңде өз қызметін жалғастыра
алатындағы жөніндегі ақпараттарға мүдделі болып келеді;
- қызметкерлер – кәсіпрынның тұрақты әрі рентабельді болғанына мүдделі,
өйткені олар, өзінің еңбек ақысын және басқа жеңілдіктері мен төлемін
алады, ал акционерлер-тұрақты түрде дивиденд алып тұруын көздейді;
- Мемлекеттік органдар - кәсіпрынның тұрақты әрі рентабельді жұмыс
істегеніне мүдделі, өйткені олар солардың көмегімен экономикалық саясаты
жүзеге асырады, сондай-ақ статистикалық мәліметтерді жинайды;
- Жұртшылық – жұмыс орын табу мақсатнда қажетті ақпараттарды елді мекенді,
аймақты дамытуға керек ақпараттард жинауға мүдделі болып келеді.
Қаржылық есеп беру кәсіпорынның инвенстициялық саясатын жасауға,
несиелеу аясын дұрыс қалыптастыруға, болашақ ақша қаражатының ағынын
бағалауға, кәсіпорынның міндеттемесі мен ресурстарын бағлуға және
олардың басқарушы органдарының қызметіне қажет ақпраттармен қамтамасыз
етуге өз септігін тигізеді .
Кәсіпрынның қаржылық есеп беруіндегі пайдаланушылардың талабы:
кәсіпорыннан алған меншік капиталы мен басқа инвенсициясы туралы
ақпараттар оларды қанағаттандыруы тиіс.
Бұл барлық пайдаланушылардың мүддесіне ортақ әрі сай келетін ақпарат
болып саналады . Жалпы алғанда , пайдаланушылар келесі ақпараттарға
мүдделі болып келеді .
Есеп берудің мәліметтері Пайдалылығы
Экономикалық ресурстары (активтер Кәсіпорынның табыс алу қабілеттлігін
құрылымы) бағалау және болашақта болатын ақша
қаражаты
Қаржылық қрылымы (кәсіпорынның қарызы Қарыз қаражатының келешекке
мен меншік капиталының ара қатнасы) қажеттілігін бағалау және болашақта
алынатын пайда мен ақша қаражатын
мүдделі тараптардың арасына тарату;
кәсіпорынның сырттан инвестицины
тартудың птенциялдық икемділігін
бағалау
Өтемділік пен төлем қабылеттілігінің Өз міндеттемесіне жауап беретін
коэффиценті кәсіпорынның ұзақ және қысқа мерзімдегі
қарыздарын төлеу қабылеттілігін
бағалау
Рентабельдік пен іскерлік Кәсіпорынның ресурстарды пайдалану
белсендіігінің коэффиценті тиімділігін бағалау
Қаржылық жағдайының өзгеруі Қаржылық, инвестициялық, оперативтік
қызметінің нәтижесінде, кәсіпорынның
алған ақша ағынын бағалау;
кәсіпорынның келешектегі ақша
қаражатына қажеттілігін болжау

Қаржылық есеп беру өзара байланысты , өйткнеі ондағы шарашылықтың бір
ғана операциясы әртүрл фактімен көрініс табады.Әрбір есеп беру әртүрлі
ақпаратты береді, ал оны сол немесе басқаша күйінде шарашылық жүргізуші
субъект пайдаланады.
Қаржылық есеп пайдаланушылар үшін айқын түсінікті болуы және барлық
мәнді ақпараттарды ашуы тиіс . Қажет болған кезде түсініктеме жазбасында
баптардың жіктемесі мен ақша қаражаттары туралы қосымша мәліметтер арқылы
олардың мазмұнын түсіндіру керек .
Қаржылық есеп беруде заңды тұлғалардың атауы, тұрған жері, есеп беру
кезеңі мен күні көрсетілуі тиіс. Сондай- ақ, ұйымның қызмет түрі, заңды
нысаны , өлшем бірлгі келтірілуі тиіс.
Қаржылық есеп беру өткен кездердің мәліметтерімен салыстырылады. Есеп
беру Қазақстан Республикасының валютасында жасалады, өлшем бірлігі – мың
тенге . жылдық есеп берудің есептік кезеңі болып толық кальендерлық жыл
саналады ; ал жаңадан құрылған субъектілер үшін- заңды тұлға ретінде
статусын алған күннен бастап есепті жылдың 31-ші желтоқсанына дейін
саналады. Меншік иесінің есеп берудің басқа да кезеңдігін белгілеуге
құқығы бар (жылына бір реттен кем болмауы керек) .

2.1 Қаржылық есеп берудің элементтерінің сипаттамасы

Қаржылық есеп беру мәмленің және басқа да оқиғаның нәтижесін классқа
топтастырып, экономикаық мазмұнына сәйкес көрсетіледі. Экономикалық мазмұн
қаржылық есеп берудің элементтері болып табылады .
Актив – бұл құндық бағасы бар субъектінің құқығы мен жеке мүліктік және
мүліктік емес игілігі.
Активтер болашақта жүзеге асатын экономикалық олжа ретінде көрсетіледі.
Ол мәміленің немесе басқа оқиғаның нәтижесі болып табылады, бірақ ол
өздігінен активтің пайда болуына әкелмейді. Актив өнімді (жұмысты,
қызметті ) өндіру үшін, содай-ақ өндірісті басқару және басқа және басқа
мақсаттар үшін пайдаланылады. Болашақ эккономикалы олжа ретінде жүзеге
асатын активтер өндірісте және күрделі құрылыста сатылуы немесе басқа
ативтерге айырбасталуы, кәсіпорынның ьміндеттемесін өтеу үшін қолданылуы,
меншік иелерінің арасында бөлінуі мүмкін.
Активтер физикалық нысаны да бар болуы мүмкін (ғимараттар, қондырғылар,
машиналар т.б.) және ондай нысаны бомауыда мүмкін (лицензия, ноу-хоу,
гудвилл және т.б.); сондай-ақ активтер дебиторлық қарыз болып келуі
мүмкін.
Міндеттемелер – ол өткен мәмілнің нәтижесі, ол жүзеге асқандықтан
қарызданушының міндеттемесінің пайда болғанын, белгілі бір әректтің
кредитор пайдасына жасалатындығын көрсетеді: қарыз төлеу немесе одан бас
тарту, ал кредитор қарызданушыдан өз міндеттемесін орынбалыуы талап етуге
құқығы бар. Міндеттемесінің осы шақтағысы мен болашақтағысының жігін ашуы
қажет. Субъектінің болашақта активтерді алу ниеті міндеттеменің пайда
болуына әкелмейді . Міндеттеме тек актив алынған кезде немесе субъект
келісім – шарттық қатынасқа отырған кезде пайда болады. Міндеттеме оның
төлеу жолымен өтеледі, немесе басқа активті берген кезде жойылуы мүмкін .
Сондай-ақ міндеттемеден кредитордың өзі бас тартқан кезде ол өтелген болып
саналады.
Меншік капитал - бұл субъектінің міндеттемесі шегерілген активі.
Бухгалтерліік есепте ол бірнеше топқа бөлінеді : жарғылық капиталы,
төленбеген капиталы, резервтік капитал, таратылмаған табыс. Қаржылық есеп
беруді пайдаланушылар үшін мұндай бөліну, шруашылық қызметін талдаған
кезде қажет . Егер д баланс пассивтің құрамында меншік капиталыың үлес
салмағы көп болса, онда ол субъектінің қаржылық жағдайының тұрақтылығын
көрсетеді.
Қаржылық нәтижесі - бұл есепті жылдағы кәсіпорынның қаржылық –
шаруашылық қызмеінің нәтижесі (шығыс пен табыстың айырмасы) . Қаржылық
нәтижесін өлшеу элементі: табыс пен шығыс болып табылады .
Табыс – бұл есепті кезеңдегі активттердің өсуі, не міндеттемелердің
азаюы; шығыс – бұл септік кезеңде активтердің азаюы, не міндеттемелердің
көбейюі . Бұл жерде иеленушілердің жарғылық капиталына салған салымы
субъектінің табысы болып табылмайды, ал субъект иелеріне меншік капиталын
таратып беру – шығс болып танылады.
Табыстар – бұл субъектінің негізгі және негігі емес қызметінің нәтижесі.
Негізгі қызметтен алатын табыстардың қатарына : өнімді, жұмысты, қызметі
сатқаннан алынған табысы; сондай-ақ тауарлы – материалдық құдылықтардан,
жалға беруден инвестициялық қызметтерден түсетін табысы жатады . Ал нгізгі
емес қызметтен түсетін табыстардың қатарына : негізгі құралды, материалдық
емес активтерді, бағалы қағаздарды сатқаннан және бағымдық айырмадан түскен
табыстарры жатады.
Шығыстар - өнімді өндіруден, жұмысты атқарумен , қызметті көрсетумен
бйланысты шығындар, негізгі және негізгі емес қызметтен шеккен зияндар және
төтенше жағдайдан туындаған шығындар.
Қаржылық есеп берудің элементтерін тану - бұл бухглтерлік балансқа
енгізу процесі немесе қаржылық – шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы
есеп берудің бабы, ал ол элементтерге берілген анықтамаларына сәйкес
келеді.
Қаржылық есеп берудің элементтерін бағалау. Бағалаудың көмегімен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есеп берудің мәліметтері
Қаржылық есеп және кәсіпорынды басқаруда бухгалтерлік баланстың ролі мен маңызы
Шағын кәсіпорындардың бухгалтерлік есеп беруі
Бухгалтерлік баланс - негізгі қаржылық құжат
Қаржылық есеп беруді пайдаланушыларды жіктеу
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау туралы
Қаржылық есеп берудің элементтері
Аудиторлық қызметтің негіздер
Айналым құралдарды кіріске және есептен шағарудың есебі
Қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы туралы
Пәндер