Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні. Бюджеттің функциялары


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе 3-4 бет

1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні 5-8 бет

1. 1. Бюджет қызметі 9-10 бет

1. 2. Бюджеттің тапшылық проблемалары 11-бет

2. Бюджеттің функциялары

2. 1. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі 12 -бет

2. 2. Бюджет жүйесінің құрамы 13- 28 бет

3. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29-32 бет

қабылданған бюджеті

3. 1. Мемлекеттік бюджеттің атқарылуы 33-34 бет

3. 2. Жергілікті бюджеттің атқарылуы 35-36 бет

3. 3. Бюджеттің атқарылуының салыстырмалы талдауы 37-38 бет

Қорытынды 39-бет

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 40- бет

Кіріспе

Қаржылық жүйедегі орталық орында тұратын- бұл мемлекеттік бюджет- үкіметтің өз әрекеттерін қаржылау үшін пайдаланатын ең үлкен ақша қоры. Мемлекет бюджет есебінен армияны, полицияны, денсаулық сақтаудың көп бөлігін ұстап тұрады, оның көмегімен мемлекет экономикалық процестерге әсерін тигізеді. мемлекеттік бюджет бір-бірімен тығыз байланысты және бірін- бірі толқытыратын екі бөліктен тұрады: табыс, кіріс және шығыс. Табыс бөлігі мемлекет іс әрекеттерін қаржыландыру үшін қай жақтан ақша қаржыларының қай жақтан келіп түскенін, мемлекетті ұстап тұру үшін өздерінің табыстарынан қоғамның қай топтары аударғанын көрсетеді. Шығыс жағы мемлекет жинаған қаржының қандай мақсатқа бағытталғандығын көрсетеді. Әр елде бюджеттің құрылым әр түрлі болып ерекшеленеді.

Мемлекеттік бюджеттің өздері болатындар:

-тура және жанама салықтар. Мемлекет табысында олар 80% нен 90 % дейінгіні құрайды. Мемлекеттік займдар. Бұлар мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару мен тарату арқылы жүзеге асырылады. Олардың мемлекеттік бюджеттегі үлесі 10 %-нан 20 % дейінгіні құрайды. Әр бір үкімет өзінің іс-әрекеттерінде бюджеттің кіріс бөлігі шығыс бөлігімен тең болуына ұмыталады. Шынай өмір тірішілігінде шығыс бөлігі табыс бөлігінен асып жатады. Бюджеттің мұндай жағдайын «бюджеттік тапшылық» дейді.

Мұның шығуына көптеген себептер болады. Олардың ішінен мыналарды бөле жара айтуға болады: қоғамдық өндірістің құлдырауы, қабылдап алынған әлеуметтік бағдарламаны іске асырудағы шығынның көбеюі отанды қорғау шығының өсуі, көлеңкелі экономика саласының өсуі. Осылардың ішінен ерекше маңыздысы өндіріс құлдырауы мен экономиканың көлеңкелі саласының өсуі. Осы себепттердің болуынан барып салық негізі азайып кетеді. Бірінші жағдай кезінде өндіріс қысқарады, алынатын пайда азаяды. Осыдан келіп, бюджетке келіп түсетінде азаяды. Осының нәтижесінде бюджетке түсетін жоспар орындалмайды. Екінші жағдай кезінде кәсіпорындар біржолата салық төлеуден қалады. Көлеңкелі экономиканың әдеттегі (ашық ) экономикадан айырмашылығы - фирмалар мен кәсіпорындар еш жерде тіркелмейді, осыдан барып олар ешқандай салық төлемейді. Мемлекеттік органдар оларды көрмейді, олар «көлеңкеде» қалады. Осыдан барып оларды «көлеңкелі экономика деп атайды. »

Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен ролі

Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілермен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді қүндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастыру мен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы "мемлекеттік бюджет " ұ ғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Демек, мемлекеттік бюджст мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы ондіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді.

Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүреді. Сонымен бірге, бюджет қатынастарына белгілі бір өзіндік ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен шықпайды.

Құндық бөліністің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына өзгеше белгілермен сипатталады:

  1. мемлекеттен жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқшауландырумен және оны қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты бөлгіштік қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады;
  2. құнды жасау және оны тұтыну процесін шарттастыратын материалдық өндіріс қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес сфера қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың салалары, аумақтар, экономиканың секторлары қоғамдық қызметтің сфералары арасында құнды қайта бөлуге арналған;

3) қоғамдық өнімнің оның тауар нысанындағы қозғалысы-
мен тікелей байланысты емес құндық бөліністің стадиясын білдіреді және одан белгілі үзілісте жүзеге асырылады, ал қаржы қатынастары материалдық өндірісте де, өндірістік емес сферада да тауар-ақша қатынастарымен тығыз тоқайласып жатады.

Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты материалдық- заттай түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің орталықтандырылган ақша қорында- бюджеттік қорында затталынады. Мұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық (бөлгіштік) процестер мемлекеттің жұмылдыратын және пайдаланатын ақшаның ағынында өзінің көрінісін табады. Бюджеттік қор- бұл қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құндық бөліністің белгілі стадияларын өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару жөніндегі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке түсетін бөлігі қозғалысының объективті шарттасылған экономикалық нысаны. Бюджеттік қордың қалыптасуы мен пайдаланылуы құнды бөлу және қайта бөлумен байланысты оның қозғалыс процесін білдіреді.

Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде жалпы қаржы сияқты бөлу және бақылау функцияларын орындайды. Бұл функциялардың іс қимылы, мазмұны, мәні мен маңызы бюджет қатынастарының қаралған айрықшалығымен айқындалды. Бөлгіштік функцияның іс-әрекетінің өзіндік ерекшелігі сол, қоғамдық өнімнің құны қоғамдық өндірістің сфералары, ұлттық шаруашылықтың секторлары, аумақтар, салалар, жеке шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында бөлінеді. Мемлекетік бюджет арқылы бүгінде Қазақстанда жалпы қоғамдық өнімнің шамамен 10% және жалпы ішкі өнімнің 20% бөлінеді. Сонымен бірге мемлекет қаржысының негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет бөлгіштік функция шеңберінде қосалқы функцияларды, атап айтқанда: ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлу; экономиканы мемлекеттік реттеу және ынталандыру; әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету; ақша қаражаттарының ор-талықтандырылған қорын жасау және пайдалануға бақылау жасау сияқты сипатты функцияларды орындайды. Бақылау функциясы бюджет қорларын бөлудің сандық үйлесімдеріндс, олардың қоғамдық өндіріс дамуының қажеттіліктеріне сай келетіндігінде, бөлудің үнамсыз барысынан ауытқуын анықтау және оларды жою мүмкіндігінде көрінеді.

Мемлекеттік бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны тек экономикалық категория жоне мемлекеттің орталықтандырылган ақша қоры ретінде ғана емес, сонымен бірге негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеу механизмінің жиынтық ұғымы ретінде қарауға болады. Мәселен, мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық процестер бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары - салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттік қарыздар және т. б. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кезеңге, әдетте, бір жылға жасалынады, бюджеттің кірістерін, шығындарын, орталықтандырылған қаржы ресурстарының шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Бюджетті негізгі қаржы жоспары деп мойындау оның ұлттық табысты қайта бөлудегі маңызды орнын, қаржы жоспарларының жүйесіндегі басымдық жағдайын, сондай-ақ қоғамдық ұдайы өндірістегі айрықша рөлін айқындайды. Негізгі қаржы жоспары мемлекеттің қаржылық қызметінің жемісі болып табылады. Елдің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері республика Парламентінің жыл сайын қабылдайтын Республикалық бюджет туралы заңына сәйкес сөзсіз орындауға жатады.

Мемлекеттік бюджет ұ лттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы ретіндегі бюджеттің рөлі осында көрінеді. Экономиканы реттеу орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін анықтау, оны жасау мен бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылу процесінде қаржы ресурстарын қайта бөлу жолымен жүзеге асырылады.

Нарықтық механизмге көшу жағдайында мемлекеттік бюджеттің қаражаттары ең алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды, кешенді мақсатты бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми-техникалық әлуетті арттыруға, әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтын табысы аз жіктерін (зейнеткерлерді, мүгедектерді, аз қамтылған отбастарын) қол-дау, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мекемелерін әлеуметтік қорғауға бағытталуы тиіс.

Бюджет қызметі

Мемлекеттік бюджеттің қызмет етуінің ұйымдастырушылық нышаны -бюджет жүйесі болып табылады. Бұл елдің бүкіл аумағындағы әлеуметтік әділеттілік принципін сақтау қажеттілігімен, мүмкін боатын икемділікті қаматамасыщ ету маңыздылығымен, бюджет қаржыларын пайдалану тиімділігімен шартталған. Бюджет аралық қатынас- мемлекетті басқарудың негізгі мәселелерінң бірі. Саяси тұрақты қоғамды және өнімі өспелі ұлттық эконмиканы құру аумақаралық айырмашылықтары теңестіру мәселелерін шешпейінше мүмкін емес. Бюджетаралық қатынастарға жалпы алғанда мыналар жатады:

  • Жеке әлеуметтік және экономикалық функцияларды орындалу үшін жауапкершілікті республикалық және жергілікті деңгейлер арасында бөлу және заңдық тағайындауға негізделген шығыстарды тарату:Бюджеттік жүйенің әрбір деңгейіне беітілген өкілеттіліктерге бара-бар шығындар шамасында негіздеу:Барлық деңгейдегі бюджеттер кірістерінің көздерін заңдық бекіту және анықтауды көздейтін кірістерді тарату:

Бюджетаралық қатынастардың пайда болу бағыттарына тәуелді оларды үш негізіг блоктарға бөлуге болады. Олар: бюджеттік жүйе деңгейлері арасында тұрақты негізде шығыстар және кірістерді толық немесе бөлшектеп шектеу; бюджет аралық реттеу; бірігіп қаржыландыру шаралары бойынша және өзара қатынастарды жедел реттеу, мақсатты қолдау бойынша бюджетаралық қатынастар.

Республика бойынша бюджетаралық қатынастарды реттеу өте көкейтесті және күрделі мәселеге айналып отыр.

Қазіргі бюджеттік мәселелерді шешу және деңгей аралық бюджеттік қаржылық ағындарды оңтайланыдыру үшін бюджеттік жүйенің барлық деңгейлеріне саллықтардан бөлулер немесе салықтарды тізім шектеулі.

Басты мақсат оларды әртүрлі деңгейлердегі бюджеттер арасында тарату. Бүгнігі таңда осы мәселе төңірегіндегі пікір таластар үш бағытта жүргізіледі:

  • салықтарды бюджеттік жүйенің қандайда бір дейгейінде беіту немесе олардан бөлулерден мақсатылығы;
  • әртүрлі дейгейлердегі бюджеттерге салықтардан бөлулер мөлшері;
  • «бір салық-бір бюджеттің» қағидасы бойынша бюджетік жүйе деңгейлеріне алықтарды бекіту мақсатылығы.

Бюджетаралық қатынасты реформалаудың негізгі бағыты

  • мұнда бюджеттік жүйе деңгейлері бойынша таратылатын бюджеттік қаражаттардың тұрақты сандық қатынасын анықтау реті емес, жедел өзгеретін әлеуметтік-экономикалық жағдай шарттарныда, әртүрлі дейгейлердегі бюджеттер арасында бюджеттік қаражаттарды тарату тетігін және бюджетаралық қатынастарды ұйымдастыру тетігін үнемі жетілдірудің серпінді процесінің реті қарастырылады.

Қызмет ететін жетіспеушіліктерді жою және бюджет аралық қатынастарды реформалау мақсатында мыналарды шешу керек:

  • аймақтық бюджеттік жүйелердің қызмет ету тиімділігін жоғарлату, аймақтық қаржыларды сауықтыру;
  • қарсы қаржылық ағындарды төмендету;
  • әрбір аумақтық бюджеттің кірістерін және шығыстарын жыл сайын реттеу есебінен.

Бюджеттің тапшылық проблемалары

Бюджеттің жетіспеушілігі өзіне өзі экономика дамуы мен халықтың өмір сүру деңгейі динамикасында төтенше жағымсыз болады. Тіпті ең экономикасы дамыған елдердің өздерінде де бюджет жетіспеушілігі болады. Мұның барлығы оның шығу себептері мен мемлекеттік ақша қаржылары шығындарының бағыттарына байланысты болады.

Егер ақша қаржылары табыстарынан шығындары артып кеткенде, экономиканы дамытуға бағыттағанда ең алдыңғы өндіріс саласына қаржыны пайдаланады, яғни оны тиімді пайдаланады, мұндайда келекшекте өндірістің өсуі мен ондан түскен пайда бұрынғы шығындарды артығымен ақтап, қолға тұстатай алған мұндай жетіспеушіліктен тек ұтып шығады. Егер үкімет экономикалық дамудың нақтылы бағадарламасы болмағанда, ал шығынды табыстан асырып жіберуді әдейі мақсатты түрде «қаржылық жыртықты жамау үшін жұмсап, тиімсіз өндіріске жәрдем бергенде, онда бюджеттік жетімсіздік еріксіз экономика дамуындағы келеңсіз жағдайға алып келеді, оның ең бастысы болып, инфляцииялық процестердің күшеюіне алып келеді.

Бюджет жетіспеушілігін жабу үшін үкімет енді Орталық банктен кредит алуға барады, сол сияқты мемлекеттік займдарды іске асыру да бағалы қағаздарды шығара бастайды, мемлекеттік облигацияларды. Осының нәтижесінде мемлекеттік қарыздар пайда болып және өсе береді.

Сөйтіп үнемі болып тұратын бюджеттік жетіспеушілік мемлекеттік қарыздарың өсуіне әкеледі де, оның арты экономика дамуы үшін өте ауыр зардапты болуы мүмкін. Сондықтан үкімет келесі қаржы туар алдында бюджеттің жүгін азайтуға тырысадығ яғни оның жетімсіздігін азайтады. Бюджетті қабылдау тәжірибесі көрсеткендей, бюджеттің жүгін жеңілдетуді іске асыратын елдің көпшілік қауымы болады.

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі

Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен әр елде аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір әкімшілік-аумақтық бірліктерді абаттандыруды, заң шығарушы билікті, басқару аппаратын үстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі құрылады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығындарын қалыптастыру, оларды тсңдестіру процесінде заңмен реттеліп отыратын белгілі бір қаржылық өзара қарым-қатынастар пайда болды. Осы элементтердің барлығы - бюджет жүйесін ұйымдастыру мен құрудың қағидаттары, оның буындарының өзара қатынастары мен байланысының ұйымдық нысандары, бюджет құқықтарының жиынтығы - бюджет құрылысын құрайды.

Дүниежүзінің әр түрлі елдерінде бюджет құрылысы мемлекеттің құрылысына, аумақтық-әкімшілік бөлінісіне, экономиканың даму деңгейіне және нақтылы мемлекеттің басқа айрықша белгілеріне байланысты өзгешеліктермен ерекшеленеді.

Бюджет қүрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлер бюджеттерінің, сонымен бірге бюджет процесі мен қатынастарының жиынтығын білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттердің жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың аумақтық құрылысы мен аумақтық бөлінісіне байланысты болады.

Бюджет жүйесінің құрамы

Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін.

Федеративтік мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады:

мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе орталық мемлекеттің бюджеті;

федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ-та - штаттардың, ГФР-да жерлердің (ландтардың), Канадада - провинциялардың, Ресейде- федерация субъектілерінің бюджеттері) ;

Жергілікті бюджеттер.

Унитарлық (біркелкі) мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады: орталық (республикалық) бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер. Екі жағдайда да бюджеттердің оқшаулану мен дербестігінің түрлі дәрежесі болуы мүмкін, бірақ, әдеттегідей, әлеуметтік-экономикалық процестерді басқаруды орталықтандыру деңгейіне байланысты төменгі бюджеттерге қатынасы бойынша белгілі бір реттеуші рөл орталық бюджетте сақталады.

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрлымының унитарлық типімен анықталады, өйткені Қазақстан - федералдық емес, басқарудың Президенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет.

Қазақстан Республикасында жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын бекітілетін, атқарылатын және дербес болып табылатын мынадай бюджеттер жұмыс істейді .

республикалық бюджет;

облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті;

ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті.

Қазақстанда төтенше немесе соғыс жағдайында төтенше мемлекеттік бюджеттің әзірленуі, бектілуі және атқарылуы мүмкін. 1991 жылы Қазақстан Республикасының бюджст жүйесі түбірлі өзгерістерге үшырады. Бұған дейін Қазақстанның мемлекетік бюджеті, басқа одақтас республикалардың мемлексттік бюджеттері сияқты, КСРО-ның мемлекеттік бюджетіне кірді, онда ел аумағының барлық бюджеттері, соның ішінде ауылдық жонс поселкалық бюджеттер де қамтылып көрсетілді. Ол одақтық бюджеттен, 15 одақтас республиканың мемлекеттік бюджеттерінен

және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бюджетінен тұрды. Одақтық бюджетке 1970-1990 жж. мемлекеттік бюджет ресурстарының жалпы ауқымының 52-50% тиді, оның 35% республикалардың республикалық бюджеттерінің және 15% жергілікті бюджеттердің қарамағында болды.

Бюджет кодексіне сәйкес, мемлекеттік бюджет-араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін, талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет.

Мемлекеттік (республикалық) және жергілікті (муниципалдық) бюджеттер кез-келген басқа мемлекеттердегідей Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің орталық буыны болып табылады. Бюджет-мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалдық құрылымдарының ақша қорлары құрылады, бүл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржы ресурстарының аса ірі бөлігі шоғырландырылады. Бюджетте қаржы ресурстарын шоғырландыру мемлекеттің қаржы саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің басты бөлігі республикалық бюджетте шоғырланған.

Республикалық бюджет - бұл салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік мскемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын жүзеге асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.

Жергілікті бюджет (әкімшілік-аймақтық бірліктердің бюджеттері) -облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті, аудандардың (облыстың маңызы бар қаланың) бюджеті.

Бюджет кодексімен айқындалған салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және облыстық деңгейдегі жергілікті мемлекеттік органдардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры облыс бюджеті, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті болып табылады.

Бюджет заңнамасымен айқындалған салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті мемлекеттік органдарының, оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиісті аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтан-дырылған ақша қоры аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік бюджеттің мәні және мазмұны
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны туралы
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі
Мемлекеттік бюджет экономикалық мәні, қызметтері
Мемлекеттік бюджеттің шығыстары, олардың мазмұны, құрамы мен құрылымы
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық маңызы мен рөлі
Бюджеттің экономикалық мәні және ролі
Жергілікті бюджет
Мемлекеттік шығын
Бюджет мемлекеттің қаржылық жоспары ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz