Пайда түрі мен есептелуі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 БӨЛІМ. ПАЙДАНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Пайда жәнепайдаға түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Пайданы бөлудің принциптері мен қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
2 БӨЛІМ. ҚР ПАЙДАНЫ БӨЛУДІҢ ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЖАҒДАЙ ... ... ... ... ... ..14
2.1 ҚР Пайданы бөлудің қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.2 Пайда нысандары және олардың жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
3 БӨЛІМ. ПАЙДАНЫҢ КӘСІПОРЫНДАҒЫ ЕСЕБІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
3.1 Ұйымның негізгі қызметінен түскен пайданың есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
3.2 12 IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандартын қолданудың кейбір мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .36
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..38
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .39

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1.1 Пайда жәнепайдаға
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...6
1.2 Пайданы бөлудің принциптері мен қызметтері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

2.1 ҚР Пайданы бөлудің қажеттілігі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...15
2.2 Пайда нысандары және олардың жолдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21

3.1 Ұйымның негізгі қызметінен түскен пайданың
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..32
3.2 12 IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандартын қолданудың кейбір
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...38
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39
Кіріспе
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы – Пайда түрлері мен есептелуі. Курстық
жұмысты таңдау себебім нарықтық экономикада экономикалық категория ең
маңызды мәселе болып табылады.
Экономикада пайданың мәні өте үлкен. Оны білу әрбір кәсіпкердің міндеті
деп санаймын. Өйткені капиталдың дұрыс жүруіне ықпал ететін негізгі фактор
- пайда. Пайда болмаса, кәсіпорын немесе өнеркәсіп, яғни жалпы тілмен
айтқанда, капитал, жүрмей, кәсіпкер банкротқа ұшырап, мекеме жабылып
қалады. Осыны біле отырып, кәсіпкер қауіпті іспен шұғылданады. Мұндағы
қауіпті іс деп отырғаным - бизнес. Бизнес шынында да қауіпті іс болып
саналады. Өйткені банкротқа ұшыраған кәсіпкердің ұзақ уақыт бойы істелінген
жұмысының күлі көкке ұшырайды. Сондықтан, пайда табуды білген кәсіпкер
бұндай қауіпке ұшырамаудың жолдарын зерттеп білгені дұрыс.
Пайда - экономикалық теорияда ең күрделі және қарама-қайшы мәселелердің
бірі болып табылады. “Пайда” сөзі түсіндірме сөздіктерде “көбею” деген
мағынаны білдіреді екен. Демек, бастапқы капиталға жұмсалған үстеме
болғаны. Пайданы зерттеген атақты экономисттер көп, бірақ олардың арасында
көзге түсетіндер Карл Маркс, П. Самуэльсон, Дж.М. Кейнс және тағы басқа
бірқатар атақты да ұлы экономисттер болып саналады.
Экономикадағы пайданың мәні көбіне артық сөзсіз-ақ түсінікті, бірақ ол
пайданы қалай табуға болатынын, қалай қолдану керектігін, қалай сақтап,
пайдалануға болатындығын қазіргі өтпелі экономикалық кезеңдегі
қазақстандықтардың көбі толығымен біліп қойған жоқ. Ал капиталмен айналысу
үшін пайданы таба және қолдана білу - капиталистің басты мәселесі болып
табылады. Осы заңдылықтарды білмеген адам капиталмен айналысатын болса,
біраз уақыттан кейін банкротқа ұшырайтыны экономисттер үшін айқын. Осы
себептен мен экономикадағы пайданың мәнін, қызметін зерттеп, курстық
жұмысымды ұсынып отырмын.
Пайданы зерттеуден бұрын, оның мәнін білген дұрыс. Өйткені пайданың
қайнар көзін, мәнін білмесек, оның теорияларына келгенде тоқтап қалуыңыз
әбден мүмкін.
Бұл тақырыптың өзектілігі – пайданы қолдану аясын кеңейту, қалай сақтап
пайдалануға болатынын және оны мейлінше арттыру, жетілдіру жолдары өзекті
мәселесі болып табылады.
Мақсаты – пайданың мәнін неғұрлым толық зерттеу, пайданы максималды
ету, сонымен қатар оған әсер етуші факторлардың алдын-алу шараларын
қарастырады.
Міндеті – пайданы нарықтық экономиканың негізі ретінде қарастыра
отырып, оның теорияларын, мәнін, қызметін және экономикадағы пайданың
нысандарын толықтай ашу.
Курстық жұмыстың құрылымы:
Кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды және қолданылған әдебиеттерден
тұрады.
Бірінші бөлімде – пайданың мәні, мазмұны және пайда теориясы қарастырылады.
Екінші бөлімде – пайда экономикалық катеория ретінде, пайда нысандары және
оларды жетілдіру жолдары қарастырылады.
Үшінші бөлімде - кәсіпорындарда пайданы есепке алу .
І Бөлім
ПАЙДАНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ
1.1. Пайда және пайдаға жалпы түсінік

бірі болып табылады. Пайданың қайнар көзі және оның экономикадағы өсуі
туралы сұрақтар пікір таласты тудырады. Орыс сөзі "пайда" В. Дальдің
"түсіндірме сөздігінде", "өсім", "көбею", яғни бастапқы жұмсалған капитал
санына "үстеме" деп түсіндіріледі. Бұл үстеме тауар өндірілгенде емес,
сонымен бірге сатылады да көрінеді. Сондықтан пайданы тікелей коммерциялық
қызметтегі табыспен байланыстырады. Осыған байланысты заңды сұрақтар
туындайды: пайда қандай ортада құрылады? Кім оны өндіреді? Ненің есебінен
пайда болады?
Әр түрлі механиктер бұл сұрақтарға түрліше жауап береді:
Меркантелистер пайда айналыста пайда болады және оның қайнар көзі
сыртқы сауда болып табылады деп есептеген. А. Смит және Д.Рикардо пайданы
өнімнен жұмысшы еңбегі үлесін алып тастағанға тең деп есептеді.
Карл Маркс пайданы тек жалдамалы еңбекпен жасалған екінші, туынды және
өзгертілген формадағы қосымша құн деп қарады.
Бұл категорияның анықтамасы қазіргі батыс экономистер бойынша түрлі
варианттардың келісімді бірігуі болып табылады. Оның ішінде негізгілері
төмендегілер:
- пайда - бұл барлық өндіріс факторлардан алынған табыс, яғни рента,
процент, жалақы;
- пайда — бұл кәсіпкерлік қызмет үшін марапаттау және техникалық
жетістіктерді енгізуге төлем;
- пайда — бұл тәуекел және белгісіздік үшін төлем.
Қазіргі кездегі пайда туралы түсінік үш негізгі бағытта жасалынады:
кейнсиандық, институционалды - әлеуметтік және неоклассикалық.
Кейнсиалдықтар пайданың жиынтық тұжырымдамасын макроэкономика деңгейінде
ұсынады.
Институционалды әлеуметік ілімде пайда әлеуметтік, сыртқы экономикалық
факторлар жағынан түсіндіріледі: қоғамның барлық мүшелерінің игілігіне және
тағы басқаларына қамқорлық жасау.
Неоклассикалық ілімде пайданы неғұрлым толық зерттеудің негізгі мақсаты
- пайданы максималды ету және жетілген және жетілмеген бәсекелестік
жағдайында әрекет ететін жеке фирмалар деңгейінде жүргізіледі.
Фирма жалпы, орташа және шектік табысты есептейді.
Жалпы табыс барлық сатылған өнімнің түсіміне тең.
Орташа табыс сатылған өнім бірлігіне есептелінеді.
Шектік табыс қосымша бірлігін сатқандағы жалпы табыстың өсуі.
Сандық жағынан пайда тауарды сатқандағы жалпы табыс пен өндіріс
шығындарының арасындағы айырма.
Бәсеке рыноктағы тепе-теңдік бағасы сұраныс пен ұсыныс қисықтарының қиылысу
нүктелерімен анықталынады. Бұл жерде сұраныс қисығының, яғни сатып алушының
бағасының негізінде жатқан экономикалық принциптерге кеңінен тоқталамын.
Одан кейін ұсыныс қисығын, яғни сатушының бағасын анықтайтын принциптерді
талдаймын.
Бәрімізге айқын, сатып алушы тауарды өз қажеттіліктерін өтеу үшін сатып
алады. Бұл жалпы және ешқандай даусыз ереже. Біріншіден, адамдардың
қажеттіліктерінің үлкен бөлігі ерте ме, кеш пе қанағаттандырмайды, яғни
игілікті пайдалануларына байланысты біртіндеп өтеледі. Екіншіден,
қажеттіліктерді жартылай қанағаттандырудан толық қанағаттандыруға өту табан
астында емес, көптеген сатылардан өту арқылы мүмкін болады. Бірақ,
қажеттіліктерді өтеу дәрежесі барған сайын кемісе, игілік пайдалылығы
тұтынушыларға да сол игіліктің саны өскен сайын кемиді. Мысалы, адам үшін,
бірінші бөлшек тағам ең үлкен пайдалылық болса, тамағы тойған сайын әрбір
келесі бөлшек барған сайын аз пайдалылық болады.
Пайдалылықтың азаю процесін барынша дәл баяндау үшін экономикалық
ғылымда шекті пайдалылық ұғымы қолданылады, яғни тауардың соңғы бөлігіне
қосылатын қосымша пайдалылық. Осы ұғымды пайдаланып, шекті пайдалылықтың
азаю заңын тұжырымдаймыз, яғни тұтынылған тауардың саны өскен сайын оның
шекті пайдалылығы кемиді.
1.2. Пайданы бөлудің принциптері мен қызметтері.
Шығындар құрамына не енетініне байланысты экономистер бухгалтерлік және
экономикалық пайданы айырады.
Бухгалтерлік пайда - бұл жалпы табыс пен өндірістегі бухгалтерлік
шығындар арасындағы айырма.
Экономикалық пайда - бұл жалпы табыс және экономикалық шығындар
арасындағы айырма. Дәл осы экономикалық ілімді зерттеудің пәні болып
табылады.
Егер, фирманың жалпы табыстары оның шығындарына тең болса онда экономикалық
пайда нөлге тең немесе қалыпты болады.
Қалыпты пайда - бұл неоклассиктердің "жетілген бәсекелестік"
моделіндегі пайданың негізгі түсінігі.
Қалыпты (Марксте - "орташа") пайда - бұл фирманы істе ұстауы үшін оның
сондай үлкен табысы.
Жетілмеген монополиялық жағдайды иеленсе (газ, мұнай теміржол, тағы
басқалар), онда ол пайдалы табиғи жағдайларда сирек кездесетін пайдалы
қазбалар жерінде, қолайлы климатта және тағы басқаларында пайда болатын
монополиялық пайда алады.
Фирма үшін үлкен табыстың қайнар көзінің маңыздылығы, ашық жазылу
бойынша акцияны сатқаннан алынған шамамеі кәсіпорындарға салынған
нақты капитал арасындағы айырмашылық құрылтайшылар пайда болып табылады.
Оны берілген акционерлік қоғамның құрылтайшылары меншіктенеді.
Фирмаға қатысты табыс көлемі қалыпты пайда көзі болып сипатталады.
Пайда нормасы - бұл процентте өрнектелген, пайданың өндіріс шығындарына
қатынасы.
Банктік пайда табыс пен шығыс арақатынасы арқылы анықталады.
Банктік пайданың нормасы төмендегі формуламен анықталады:
Банктік жалпы пайдасы - Банктік істі жүргізу жөніндегі шығындар Банктік
меншік капиталы
Банктік пайда - қарыз капиталының меншік иесініц табысы.
Сауда пайдасы нарықтық экономиканың негізгі пайдасы болып табылады. Сауда
пайдасы дегеніміз жай ғана үстеме, тауарлардың бағасын өз құнынан асыра
нақтылап бәстеу десек, ол сыртқы көрінісі ғана болар еді.
Көпестің өз пайдасын тек сататын тауарларының бағасынан ғана шығара
алатыны түсінікті, ал енді оның өз тауарларын сатып тапқан пайдасы сол
тауардың алу бағасы мен сату бағасының арасындағы айырмашылыққа тең болуы
тиіс екені, сату бағасының алу бағасынан артылған мөлшеріне тең болуға тиіс
екені одан бетер түсінікті.
Құрылтай пайдасы акция құны курсы мен өндіріске жұмсалған капитал
сомасының айырмасы. Оны компанияны құрушылар иемденеді. Мұндай пайданы
алудың екі жолы бар:
1. Құрылтайшылар акция шығарып, оны сатады, бұл кезде өндіріске түскен
қаржының жартысын жүмсап, қалғанын өздеріне қалдырады. Мұндай пайда
бүркемеленген жолмен алынады. Қоғамды ұйымдастырғанда құрылтайшылар
акцияның бір бөлігін сатады. Курстың келесі өскенінде қағаздың қалған
бөлігін сатады. Қоғамды құрушылар акцияны сатып алған бағасы мен
одан кейінгі бағаның айырмасын өздері иемденеді.
2. Пайда алудың бұл жолы капиталдың екіге бөлінуі деп аталады,
яғни құрылтайшылар акцияны капиталдың кәсіпорындарға қосқаннан элдеқайда
артық бағамен сатады.
Мысалы, инвестор компанияны жарты миллион долларға алды делік. Содан
кейін ол бір миллионға акция шығарады. Бұдан ары олардың бэрін сатып, жарты
миллионын қалтасына салады немесе тек жарты миллионын ғана сатуы мүмкін.
Соңғы жағдайда инвестор алғашқы шығынын қайтарады жэне жарты миллионға
акцияны әншейін алады, соларға дивиденд шығарады.
Батыс елдері соңғы уақытта заң шығару арқылы мұндай пайда келтіруге
кедергі жасауда. Капиталдың "екіге бөлінуі" деген сөздің төркіні ертедегі
малды базарға апарар алдында түз жегізу деген тәжірибеде жатыр. Сату
алдында жаңағы түз жеген малға су ішкізіп, сөйтіп оның салмағын қосымша
өсіреді.
Пайда және процент қазіргі экономикалық теорияда өте бір күрделі әрі
пікірталас мәселелер қатарына жатады. Бұл мәселелерді талдау пайда мен
проценттің көзін анықтау ғана емес, оның рыноктық экономикадағы атқарар
қызметін қарастыру.
К. Маркстік пайда теориясы еңбек, құн теориясына негізделген және
қосымша құн теориясының тікелей жалғасы болып табылады. Қосымша құн
маркстік пайымдауда пайданың, сауда пайдасының, қарыз процентінің өзгерген
түрі, соңғылардың шыққан тегі.
Өндірілген тауар қүны:
W = с + V + т, мүнда (с + V)капитал орнын толықтыратын эквивалент,
меншік иесінің өндіріс құрал-жабдықтары мен жұмыс күшін сатып алуға
жұмсағаны, немесе тұрақты капитал (С) мен өзгермелі капиталға (V) жұмсаған
шығыны.
Тауар құнының өндіріс құрал-жабдықтары күшінің құнының орнын
толықтыратын бөлігі капиталистік өндіріс шығындарын құрайды. Ол капиталист
үшін тауар өндірудің қаншаға түскенін көрсетеді. Өндіріс құрал-жабдықтары
мен жұмыс күшіне жұмсалатын қаражаттың өзгеруі өндіріс шығындарына бірдей
ықпал етеді, өндіріс шығындарында тұрақты және өзгермелі капитал
айырмашылығы жойылады.
Осымен байланысты үстірт қарағанда тауар қүнының бір бөлігі (с + V)
капиталистік өндіріс шығындарының формасын (К), ал басқа бөлігі (m) - пайда
(Р) формасын қабылдайды. Тауар құнының формуласы мынадай көрініс алады:
W=(С + V)+ Р немесе К + Р пайда маркстің экономикалық теориясында қосымша
құн болып табылады, ол бүкіл авансыланған капиталдың туу көрінісін алады.
Пайда сандық тұрғыдан қарағанда тауар құнынан өндіріс шығындарына
шегергенде қалған артық бөлігі. Ал саналық тұрғыдан алғанда пайда қосымша
құнның өзгерген формасы.
Рыноктың пайдаға ықпалын жалпылама түрде былайша сипаттауға болады:
егер тауар құнынан жоғары бағамен сатылатын болса (сұраныстың ұсыныстан
арту жағдайында), өткізілген пайда өндірілген қосымша құннан көп болады (Р
m); егер тауар бағасы құннан төмен болса (тауарларға ұсыныс сұраныстан
асып кетсе), өткізілген пайда мөлшері өндірілген қосымша құннан кем болады
(Р m). Ал егер тауарларға сұраныс ұсынысқа сай келсе, баға құнымен
теңеседі, капиталистер алатын пайда массасы, өндірілген қосымша құнмен тең
болады. Қосымша құнның пайдаға айналуы, қосымша құн нормаларыныц пайда
нормасына айналуын да түсіндіреді.
Пайданың жалпы нормасы түрлі пайда нормаларының белгілі уақыт дәуіріне,
айталық, бір жылға авансыланған капиталдың әр жүзіне келетін орташа
нормасынан құралады, сондықтан түрлі капиталдардың айналым уақытындағы
өзгешеліктен туған айырмашылық та осының өзінде жойылып кетеді. Бірақ бұл
айырмашылықтар түрлі өндіріс салаларындағы әр түрлі пайда нормалары үшін
анықтаушы тетік болып табылады, бұлардың орташа мөлшері жалпы пайда
нормасын құрастырады.
Егер қосымша құн нормасы m = mv * 100% өзгермелі капитал дәрежесінің
ұлғаюын көрсетсе, пайда нормасы (р1) бүкіл авансыланған капиталды пайдалану
тиімдігін сипаттайды. Ол (р) қосымша құнның бүкіл авансыланған капиталға
қатынасын көрсетеді, яғниКапиталистік өндірістің ынталандырушы күші -
пайданы өндіру мен иемдену.
Пайда нормасы жоғары болады. Пайда нормасы капиталистік шаруашылық
етудің тиімділігінің бір белгісі. Капиталистің біліктілігі мен оның қолдағы
бар өндіріс ресурстарын рационалды пайдалана білуі пайда нормасы, қосымша
құн нормасына тікелей әсер етуі даусыз. Бірдей жағдайда пайда нормасы
қосымша құн нормасының жоғарылауымен байланысты жоғарылайды, төмендеуімен
байланысты төмендейді.
Пайда нормасына капиталдың органикалық құрылымы үлкен ықпал етеді. Бұл
кері тәуелділікті көрсетеді: капиталдың органикалық құрылымы төмендеген
сайын, пайда нормасы жоғары болады, ал органикалық құрылымының жоғарлауымен
байланысты пайда нормасы өсіп отырады. Мұның мәні, қосымша құн тек
капиталмен өндіріледі.
Капиталдың органикалық құрылымы жоғары болғанда, өзгермелі капитал
үлесі азаяды (Жапониялық құрылымның төмен болғандығымен салыстырғанда).
Сондықтан органикалық құрылымы жоғары бірдей мөлшерлі капитал, аз көлемді
қосымша құн массасын экеледі, осыған орай пайда нормасы да төмен болады.
Пайда нормасы капиталдың айналым жылдамдығына тәуелді. Жыл бойынша
капитал айналымының санының өсуі қосымша құнның жылдық массасының өсуіне
ықпал етеді. Авансыланған капитал жыл бойына көп айналым жасаған сайын,
осындай жағдайда пайда нормасы жоғары болады. Бұдан шығар қорытынды: пайда
нормасы капиталдың айналым жылдамдығына тіке қатынаста.
Пайда нормасына ықпал ететін факторлардың бірі тұрақты капиталды
үнемдеу. Мұндай үнемдеу кәсіпкерлік тұрақты капиталдың аз шығынымен бұрынғы
дәрежеде қосымша құн өндіріп, пайда нормасын арттыру мүмкіндігін береді.
Пайда нормасының динамикасы (ұзақ мерзімді тұрғыдан капиталдың қорлану
қарқыны) нэтижесінде қоғамдық өндірістің өсу қарқынын анықтайды. Осы
көрсеткіштің өзгеру тенденциясынан экономиканың әр қилы саласының даму
сипаты тәуелді.
Пайда нормасының қозғалысымен акция курсының, процент ставкасының, басқа да
экономикалық көрсеткіштердің өзгерісімен байланысты.
ІІ Бөлім
ҚР ПАЙДАНЫ БӨЛУДІҢ ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЖАҒДАЙЫ
1. ҚР Пайданы бөлудің қажеттілігі.
Нарықтық өндірістің жекелеген салаларына пайда нормасына ықпал ететін
әр түрлі техникалық-экономикалық факторлар әр қилы күшпен әрекет етеді.
Өнеркәсіптердің жаңа салалары ескілерімен салыстырғанда техникалық тұрғыдан
тезірек дамиды. Сондықтан капиталдың органикалық құрылымы әр салада әр
түрлі.
Бірдей қосымша құн нормасымен бірдей мөлшердегі капиталға қосымша құн
массасы, осыған сэйкес әр түрлі саладағы пайда нормасы өзгермелі капиталдың
көлеміне орай бірде жоғары, бірде төмен болады. Өндіріс салалары капиталдың
органикалық құрылымы бойынша ғана емес, оның айналым жылдамдығы бойынша да
ажыратылады.
Капитал айналымдылығы салыстырмалы төмен салада, қосымша құнның жылдық
массасы аз, ал капитал айналымдылығы жоғары саламен салыстырғанда пайда
нормасы төмен болады.
Егер тауарлар құнмен сатылатын болса, капиталистер бірдей мөлшерлі
капиталға әр түрлі пайда алар еді, ал капиталдың органикалық құрылымы
жоғары және капитал айналымы жылдамдығы төмен саладағы капиталистер
пайданың ең төменгі дәрежесіне ие болар еді. Бірақ жағдайында бұлай болуы
мүмкін емес, өйткені ешкім де кәсіпкерді өз капиталын ең төмен пайда
нормасы бар салаға жұмсауға міндеттей алмас еді.
Егер оның капиталы басқа өндіріс саласына жұмсалған бірдей мөлшерлі
капиталға қарағанда аз пайда әкелетін болса, онда өз капиталын одан алып
пайданы көбірек әкелетін кәсіпорындарға жұмаған болар еді. Бірдей көлемді
капитал бірдей дәрежедегі пайда әкелуі үшін, тауарлар құнымен сатылмауы
керек.
Салалық пайда нормасының жалпы, орта нормасына айналуы стихиялы, бэсеке
күресінің нәтижесінде орын алады. Капитализм тұсындағы бәсеке күресінің екі
түрі бар: ішкі салалық және салааралық.
Ішкі салалық бәсеке бірыңғай өнім өндіретін кәсіпкерлер арасындағы
талас-тартыс. Бұл өндірістің бір саласының өндірушілерінің өндірістің
тиімді, ұтымды жағдайы мен қосымша пайда табу мақсатымен тауарларды сату
үшін күреседі.
Бірыңғай тауар өндіретін әр түрлі кәсіпорындарда өндіріс жағдайының
айырмашылығы орын алады, осымен байланысты тауарлардың жеке құны бірдей
болмайды. Рынокта сатушылар мен сатып алушылардың бәсеке күресі барысында
(сұраныс пен ұсыныс арақатынасының көрінісіндей) қоғамдық қажетті шығындар
анықталады, яғни тауардың рыноктық құны. Бұл тауарлар құны, сол саланың
орташа өндіріс жағдайында өндірілген және тауарлардың осы түрінің басым
көпшілігін құрайды.
Рыноктық құнның ақшалай формасы рыноктық баға деп аталады.
Салааралық бәсеке капиталды тиімді, ұтымды пайдаланумен байланысты әр
қилы саладағы кәсіпкерлердің өзара күресі, яғни капиталдың пайдалылығын
арттыру. Бұл бәсекенің тетігі капиталдың пайда нормасы төменгі саладан,
пайда нормасы жоғары салаға еркін ауысуы болып табылады.
Капиталдың ауысуы қандай нәтиже береді? Капиталдың пайда нормасының
төмен саладан ауысуы өндірісті қысқартады, тауарларға деген ұсынысын
азайтады, баға өседі, осымен байланысты пайда нормасы да өседі. Капиталдың
пайда нормасының жоғары салаға ауысуы өндірісті және тауарларға деген
сұранысты ұлғайтады, бағаны, пайда нормасын төмендетеді.
Капиталдың бір саладан екіншісіне стихиялы ауысып отыруымен, түптеп
келгенде пайда нормасы теңеледі де, орта пайда немесе барлық өндіріс
саласында бірдей мөлшерлі капиталға жалпы пайда нормасы құрылады.
Орта пайда нормасы жиынтық қосымша құнды бөлумен байланысты әр қилы
саладағы кэсіпкерлер арасындағы экономикалық қатынастарды сипаттайды. Ол
жиынтық қосымша құнның бүкіл қоғамдық капиталға қатынасы ретінде де
анықталады.
Салааралық бәсеке нәтижесінде бірдей капиталға бірдей пайда
массасы келеді. Орта нормаға сәйкес авансыланған капиталға алынған пайданы
орта пайда деп атайды.
Пайданың орта пайдага айналуы тауарлардың құнымен емес, өндіріс
бағасымен сатылуына байланысты, яғни өндіріске авансыланған капитал мен
орта пайданың қосындысы.
Бұл мысалда барлық салада капитал айналымы бірдей бір өлшемге тең әрі
әр салада өндіріс шығындарына бүкіл капитал енеді, яғни авансыланған және
тұтынылған капитал бір-біріне тең.
Көріп отырғандай, әрбір салада өндірілген тауарлар өндіріс бағасы
бойынша сатылады немесе 120-ға тең. Дегенмен, капиталдың органикалық
құрылымы төмен III салада тауар құны 130-ға тең. Нәтижесінде тауарларын
өндіріс бағасымен сатқан саланың кәсіпкерлері 10 өлшемге ұтылады. Ал
капиталдың органикалық құрылымы жоғары - I саланың кәсіпкерлері керісінше
10 өлшемге ұтады, яғни тауар құны 110-ға түсіп еді, ал сатылғанда өндіріс
бағасы бойынша 120 болды. Міне қосымша 10 өлшем табыс алды.
Көрсетілген салалар бойынша тауарлардың өндіріс бағасын тауар құнымен
салыстырудан шығар қорытынды, өндіріс бағасы құннан ауытқиды. Бірінші
капиталдың органикалық құрылымы орта дәрежеден жоғары салада, өндіріс
бағасы құннан жоғары, ал үшінші -капиталдың органикалық құрылымы қоғамдық
орта дәрежеден төмен, түптеп келгенде, бұл ауытқулар - өзара бір-бірімен
теңеседі, кәсіпкерлер өндірілген қосымша құнның барлық массасына ие болады.
Бірақ салааралық бәсеке нәтижесінде бұл қосымша құнның массасы
жұмсалған капитал мөлшеріне сай пропорционалды қайта бөлінеді. Сонымен,
ішкі салалық бәсеке нәтижесінде көптеген жеке құндар біртұтас рыноктық
қүнға айналатын болса, салааралық бәсеке нәтижесінде рыноктық құн барлық
өндіріс саласындағы пайда нормасын теңестіруші, өндіріс бағасына айналады.
Өндіріс бағасының құрылуымен рыноктық баға өндіріс бағасының шеңберінде
ауытқып отырады. Рыноктық бағаның құрылуын реттеуші рөлді тауарлардың
рыноктық құны атқарады, тек тікелей емес, өндіріс бағасы арқылы атқарады.
Нарықтық экономикада өндіргіш күштердің дамуы, қоғамдық еңбек
өнімділігінің артуы капиталдың органикалық құрылымының өсуінен байқалады.
Ол жоғары болған сайын пайда нормасы төмен болады. Капиталистік өндірістің
дамуымен, капиталдың органикалық құрылымы артады, алайда пайда нормасының
төмендеуіне әкеліп соғады.
Дегенмен капиталдың органикалық құрылымының өсуімен, пайда нормасының
төмендеуі абсолютті, міндетті заң емес, тек тенденция ғана. Бұдан шығар
қорытынды, пайда нормасының төмендеуіне қарсы әрекет ететін бірнеше
факторлардың орын алатындығы.
Оған ең алдымен жалдамалы еңбекті қанауды күшейту жатады. Қосымша
қүнның нормасының артуы оның массасын ұлғайтады, ол кезегінде пайда
нормасының төмендеуін тежейді. Екіншіден, жалақының жұмыс күші құннан төмен
ауытқуы, капиталдың органикалық құрылымының өсуі өнеркәсіп резерв
армиясының құрылуына әкеледі, ол болса кәсіпкерлерге жұмыс күшін оның
құнынан төмен сатып алуға, жалақыны төмендету, жұмысшылардың қосымша
еңбегінен басқа қажетті еңбегінің бір бөлігін иемдену мүмкіндігін береді.
Үшіншіден, тұрақты капитал элементтерін арзандату капиталистерге қосымша
құн массасын көп мөлшерде алу мүмкіндігін береді, сол қолдағы тұрақты
капиталмен ірі өндірісті ұйымдастырып, көптеген жұмысшыларды қанап және
пайда нормасын көтеруге болады.
Сонымен капиталистік елдердің экономикалық дамуының басты қозғаушы күші
- пайда нормасы. Ішкі қайшылық капиталдың шексіз өсу тенденциясына пайданың
орта нормасының төмендеу тенденциясы қарсы әрекет етеді. Бұл заңдылық
капиталдың түбірі экономикалық мүддесін қозғайды, яғни қоғамның өндіргіш
күштері тез дамыған сайын, пайда нормасының төмендеу тенденциясы активті
көрініс алады.
Сауда экономиканың шынайы көзі капиталистік өндіріс процесінде
жалдамалы жұмысшылар өндірілген қосымша құн болып табылады. Өнеркәсіп
капиталистері қосымша құнның бір бөлігі саудагерлерге тауар капиталын ақша
капиталына айналдыру қызметі үшін беруге мәжбүр болады.
Сауда пайдасы сауда капиталистерінің иемденетін қосымша құнының бір
бөлігі. Сауда капиталы, қосымша құнды өндіруге қатыспай оны бөлуге
қатынасады. Былай деп ұйғарайық, жыл бойғы авансыланған өнеркәсіп капиталы
900-ге тең, ол 720 және 180 тұрады. Қосымша құн нормасы 100% болғанда, оның
массасы 180-ге тең болады, ал жылдық өнім құны (W) = 720с + 180v = 1080.
Пайда нормасы 20%, яғни тауарларды сату үшін тағы да қосымша 100 өлшем
тауар капиталы керек делік. Мұндай жағдайда қоғамдық капитал 1000 өлшемге
тең болады, ал бүкіл қоғамдық капиталға орта пайда нормасы 18% болады.
Өнеркәсіп иесі өзінің 900 өлшем капиталына 162 өлшем өнеркәсіп
пайдасын, ал саудагерлер өзінің 100 өлшем капиталына -180 өлшем сауда
пайдасына ие болады:
Өнеркәсіп капиталистері саудагерлер тауарларын құнынан төмен бағамен
сатады: 720с + 180v + 162р = 1062. Сауда капиталистері тауарлы өнімді
құнына тең өндірістің қоғамдық бағасымен сатады.
720с + 180v + 162р + 18Һ = 1080 (р - өнеркәсіп пайдасы, һ - сауда пайдасы).
Бұдан шығар қорытынды, сауда капиталы қосымша құн өндірмейді, алайда
оны бөлуге және орта пайдамен теңестіруде қатынасады. Нәтижесінде орта
пайда 20-дан 18%-ке кемиді. Алайда бұл өнеркәсіпшілер мүддесіне қайшы
келмейді.
Егер, олар тауарларды сатумен тікелей айналысатын болса, айналыспен
байланысты уақыт пен шығын анағұрлым көп кетер еді де, өнеркәсіп
капиталының нормасы төмен болар еді. Сонымен сауда пайданың табиғаты
өнеркәсіптік пайдасындай болғаны. Олар құнның бөліктері.
Қосымша құнды бөлуде қызмет істеуші өнеркәсіп және сауда капиталистерге
ғана емес, ақша қаражатының иесі қарыз капиталистері де қатысады. Қарыз
капиталды капиталдың ең бүркемеленген түрі, онда қосымша құн алудың көзі
мүлдем жасырын көріністе. Қарыз капиталының А - А1 қозғалысында капиталдың
өгейленуі мен оған құн өсімін алумен байланысты аралық фаза түсіп қалады.
Мұнда құнның өсу көзі, шын мәнінде, жасырын қалып отыр. Мұнда капитал
аралық қозғалыссыз "ақша түсімін" күтіп отырған ақша ретінде көрініс алады.
Бірақ, қосымша құн теориясы бойынша ақша, шын мәнінде, өздігінен өспейді,
ол қызмет етуші капиталистердің қолында жалдамалы еңбекті қанау арқылы
қосымша құн алуға пайдаланылатын нақты капиталға айналады.
Қарыз капиталы шаруашылық қызметімен айналыспайды, тек купондарды қиып
отырумен шектеледі. Сонымен қарыз капиталы капитал-меншік иесі, өзіндік
қозғалыс формасы бар ерекше тауар, оның иесіне өндіріс саласына қатыспай-ақ
қосымша құнның бір бөлігін процент түрінде иемдену мүмкіндігін береді.
Қарыз берушінің қолында қарызға берген капиталы үшін төлем қарыз процент
түрін қабылдайды.
Қарыз проценті - қосымша құнның ерекше формасы. Өндіріс немесе сауда
қызметін істеуші меншік иесі, қарыз ала отырып, ақша иесіне
алынған соманың белгілі бір бөлігін процент түрінде төлейді.
Қарыз проценті қосымша құнның бір бөлігі, оны кәсіпкерлер қарыз
берушіге беруге міндетті. Қарыз капиталынан түскен пайда екі бөлікке
бөлінеді: Капитал иесінің иемденетін проценті мен қарыз алушы иемденетін
кәсіпкерлік табыс. Қарыз процентінің белгілі дәрежесі немесе нормасы бар.
Процент нормасы қарыз капиталына алынған жылдық табыс саласының,
қарызға берген капитал саласына қатынасы. Қарыз капиталын пайдаланғаны үшін
төлем процент нормасы арқылы көрініс алады.
Процент нормасы қарыз капиталынан алынған жылдық табыстың бүкіл қарыз
капиталына қатынасымен өлшенеді. Егер, қарызға берген капиталды 100 мың
долл. деп ұйғарсақ, ал осыдан жылдық табыс 6 мың долл. болады, онда процент
нормасы
процентке тең. Қарыз проценті белгісіз өлшем, оның орта пайда нормасымен
байланысты болатыны, соңғысы ең жоғарғы шек, әдетте, қарыз проценті одан
асып кете алмайды. Бұдан шығар қорытынды, пайда нормасының төмендеу
тенденциясының орын алуымен, процент ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz