Организм және қоршаған орта



1. Кіріспе
а) Организм және орта
2. Негізгі бөлім
а) Организм және орта факторлар
б) Ортаның организм маңызы
с) Организмдер арасындағы қарым.қатынастар
3. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
1. Кіріспе
а) Организм және орта
2. Негізгі бөлім
а) Организм және орта факторлар
б) Ортаның организм маңызы
с) Организмдер арасындағы қарым-қатынастар
3. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

1. Кіріспе
а) Организм және орта
Организм (грек. organon және лат. organіzo - келісті түрге келтіру) - белгілі ортаға өз бетімен тіршілік етуге бейімделген, тірі және тарихи қалыптасқан біртұтас жүйе. Тұқым қуалаушылық қасиеттеріне сәйкес өзіне тән құрылысы мен даму ерекшелігі бар. Құрылысы мен қызмет ерекшелігіне байланысты органдар жүйелері мен аппараттары: дене (сомалық), ішкі органдар (висцералды) және байланыстырғыш (интегралды) органдар жүйелері болып бөлінеді. Органдар жүйелер құрылысы әр түрлі, бірақ белгілі бір қызмет атқаратын мүшелер (ағзалар) құрайды. Құрылысына байланысты органдардың: қабатты (тері), түтікше (ішкі мүшелер) және паренхималы түрлері болады. Организмнің құрылым бірліктері - клеткалар, ұлпалар (тіндер), мүшелер. Организмдер бір клеткалы және көп клеткалы болып бөлінеді. Бір клеткалы Организмдердің ішінде колониялы (шоғырлы) түрлері де бар. Мысалы, вольвокс, т.б. Әрбір жеке дарабастар да өз алдына жеке организм болып саналады. Мысалы, кәдімгі шыршалардың өздігінен сиреуі немесе құмырсқалардың қырылу арқылы популяңиясын реттеуі жатады. Тұраралық бәсекелестік әр түрге жататын түрлер арасында болады. Ол бірде айқын білінсе, бірде онша байқалмайды. Сондықтан эколог Г.Ф.Гаузенің зерттеулері бойынша екі түрге жататын популяциялар еш уақытта бір жерде өмір сүре алмайды. Оның біреуі белсенді түр ретінде басымдылық көрсетіп, екіншісін ығыстырады немесе жойып жібереді. Бұл әрине Қоректік ресурсқа тәуелді болған жағдайда іске асады. Кейбір жағдайда бәсекелестік қоректік фактор арқылы емес басқа да (мінез-құлық, . тұрағы үшін, аумақтық т.б.) факторлардың жетіспеуінен де болады.

2. Негізгі бөлім
а) Организм және орта факторлары
Биотикалық факторлар - бір организмдердің тіршілік етуі барысында басқа организмдерге әсері. Биотикалық қарым- қатынастардың негізгі типтері: бәсекелестік, жыртқыштық, комменсализм, мутуализм, симбиоз, синойкия, паразитизм. Биоңенозда әртүрлі түрлер арасында белгілі бір қарым- қатынастар қалыптасады. Оның негізі қоректік тізбектерге байланысты екені белгілі. Десе де, организмдер арасындағы кеңістіктік қарым-қатынастар да негізгі роль атқарады. Қоректік тізбектер өсімдік, құстар және жануарлар арасында болады.
Бәсекелестік - бір немесе бірнеше түрге жататын организмдердің өзара корек, тұрағы, т.б. ресурстардың жетіспеушілік жагдайьшдағы қарым-қатьшастарының көрінісі. Кезінде Ч.Дарвин түр ішіндегі бәсекелестікті тіршілік үшін күрестің маңызды әрі жоғарғы формасы ретінде бағалаған. Бұл көрініс өсімдіктер мен жануарлар арасында жиі байқалады. Жыртқыштык - қорек, аумақ, т.б. ресурстар үшін бірін-бірі өлтіру, қуу, жеу арқылы көрініс береді. Жыртқыштық - түрлер арасында болатын қарым-қатынастардың ең жоғарғы формасы. Жыртқыштық организмдер үшін оңайға туспейді. Ол үшін жыртқыш жемтігін алдымен іздеп тауып, үстауы қажет. д л жемтік өз кезегінде жауынан қорғану үшін жоғары бейім- делушілік қасиетке ие болады. Бұл құбылыстар ғасырлар бойы дамып, организм бойында морфологиялық, физиологиялық, биохимиялық т.б. өзгерістерге алып келді. Олар өсімдіктерде тікен, қабық , жағымсыз иіс түрінде білінсе, жануарлар дүниесінде улы бездер, панцирлер, қорғаныс түстер, мінез- құлкының өзгеруі, түрін өзгерту, денесінің кейбір мүшесін бөліп тастау, қашып кету, жасырыну т.б. құбылыстар арқылы жүзеге асады. Тіпті құстар, тұз тағылары сес көрсетіп, қарсы шабу, қатты дыбыс шығаруға дейін бейімделген. Эволюция барысында кейбір жыртқыштар жемтігін таңдап жеуге, екіншілері көпқоректілерге айналған. Мәселен, қасқыр көпқоректі болса, ал кейбір құстар тек балықпен қоректенуге бейімделген. Тіпті кейбір ірі жыртқыштар қорегін таңдаумен қатар өзіне тән агрессивті, баяу, кейде пассивті (өлекселермен қоректенетіндер) формалары келіп шыққан.
Сондай-ақ табиғатта жәндіктермен қоректенетін де автотрофты өсімдіктер болады. Олар жәндіктерді еліктіріп, қармап алады да органикалық қышқылдар мен ферменттердің көмегімен қорытады. Жәндіктермен қоректену арқылы өсімдіктер субстраттағы азоттың және басқа жа қоректік заттардың жеткіліксіздігін осылай толтырады. Жәндіктермен қоректенетін 500-ге жуық өсімдіктер белгілі (көпшілігі тропикада кездеседі). Әдетте мұндай өсімдіктер топырақта азот, фосфор, калий элементтері жеткіліксіз жерлерде (суларда, батпақты жерлерде) өседі. Жәндіктерді еліктірудің жолдары да әртүрлі: біреулерінде су асты жапырақтарының қапшық сияқты мүше түзуі, екіншілерінде (непентес) жапырақ сағағының жоғарғы жағы құмыра тәрізді болады. Беті жылтыр болғандықтан жәндіктер одан тайып кетіп отырады. Альдрованда өсімдігінін жапырагы жабысқақ сүйықтық бөлетін қызғылт түкті болып келсе, дионея өсімдігінің жапырақтары қақпан сияқты жабылады . Кейбір өсімдіктер күніне бірнеше ондаған жәндіктермен қоректенеді. Адам баласы жыртқыштар мен құстарды байқап олардын міңез - құлқына қарай ат қойып, колға үйретіп, мәдени формаларын шығаруға үмтылып отырған. Кейбір кезеңдерде жыртқыш аң мен құстарды зиянды, қас жау, құбыжық санап көпе-көрнеу қырып-жойып отырған. XIX ғасырдың бас кездерінде жыртқыпггарды (қасқыр, жыртқыш құстар, т.б.) адам баласы жойып тарихта күтпеген экологиялық апаттарға үшырап отырған. Мәселен, касқырларды қырып түз тағыларының арасындағы жұқпалы аурулардың тез таралып андардың қырылуы немесе жыртқыш құстарды қырып керісінше ауру таратқан кеміргіштердің қаптап кетуі (Қытай жерінде) т.б. көптеген факторлар осының айғағы болса керек. Шын мәнінде, жыртқыш жануарлар өте пайдалы организмдер екені қазір баршамызға мәлім. Олар дала санитары ретінде биоценоздағы түрлер арасындағы тепе-тендікті сақтап, оның даму ырғағын реттеп отырады. Яғни, жыртқыш - табиғи срыптаудағы негізгі жетекші фактор. Нәтижесінде популяциялардың сапалық құрамы прогрессивті түрде дамып отырады. Ал өз кезегінде жемтік те жыртқышқа тікелей эсер ете отырып, оның прогрессивті дамуына ықпал етеді. Осылайша қарама-қарсылықтың әсері эволюцияның қозі аушы күшіне айналып жыртқыш пен жемтіктің ара салмағын реттеп отыратыны анық. Паразитизм - бір түр өкілінің екінші бір түр өкілін қорек немесе тіршілік ортасы ретінде пайдалану арқылы тіршілік етуі. Паразиттік құбылыс организмдер арасында тікелей жанасу арқылы бірте-бірте пайда болған. Бұл процестер бактериядан бастагі жоғары сатыдағы организмдер арасында кездеседі. Әсіресе бұл қарым-қатынас вирус, бактерия, саңырауқұлақ, қарапайымдылар, құрттар арасында жиі кездеседі. Сол сияқты өсімдік пен өсімдік, жануар мен жануар, өсімдік пен жануар арасында да паразиттік құбылыс жақсы дамыған. Паразиттердің қоректі пайдалануына, бейімделуіне қарай монопаразиттер, олиго-полипаразиттер болып жіктеледі. Кейбіреулері сыртқы (эктопаразиттер) және ішкі (эндопаразиттер) паразиттер болып бейімделген. Олардың ішінде пайдалы да немесе өте қауіпті ауру тарататын түрлері де баршылық . Бірақ, олардың қай түрі болмасын табиғатта орны толмас ролі бар. Мәселен, біздің Жерімізде кездесетін зиянкес жәндіктердің паразиттері олардың табиғаттағы санын реттеп ауыл шаруашылығына мол пайда әкеледі. Бір ғана құм тышқанының үстінен ңемес ішкі мүшелерінен паразиттің 19 түрі табылған. Ал адамның ішек- қарын, өкпе, бауырларында кездесетін аскарида, эхинококк, т.б. организмдер паразиттер қатарына жатады.

б) Ортаның организмге маңызы
Ортаның ағзаға әсер етуші жекеленген бөліктері мен құрылымы - экологиялық факторлар деп аталады.Экологиялық факторлар табиғаты жағынан және ағзаға әсер ету әрекеттері жағынан әртүрлі болады. Олар тірі заттар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық факторлардың қоршаған ортаға әсері
Факторлардың организмге әсері
Тіршіліктің анықтамасы
Шудың адамзатқа кері әсері
Тірі организмдер дүниесі - құрылымы және биосферадағы функциялық рөлі жөнінен тірі организмдердің ең ірі бірлестіктері
Стенобионттық және эврибионттық организмдер туралы ақпарат
Жануарлар организмдерінің бейімделу процесі
Тіршілік ортасы және экологиялық факторлар
Экологияның дамуы
Экологиялық факторлар туралы түсінік
Пәндер