ХХ ғасырдың ұлы жырауы



Жүз жыл өмірінің сексен бесін өлеңмен өткізген Жәкең – екі ғасырдың куәсі ғана болған жоқ. Оның жүз жылғы өмірі, шындап келгенде, екі ғасырға тең еді. Өйткені, Жамбыл тарихта сирек кездесетін, мүлде қарама-қарсы екі заманды көрді, қайшылыққа толы, күнгейі мен көлеңкесі тепе-тең жақсылығы мен жамандығы қатарлас екі дәуірді бастан кешті. Ол Қазақ хандығының жойылғанын, елінің отарлыққа түскенін, қазақ даласына Ресейдің әкімшіл-отаршыл басқару жүйесін орнатқанын, сонымен қатар, көрші жатқан Қоқан хандығы мен қырғыз манаптарының қазақ ауылына жасаған жаугершілігін көрді. Бұлар ғана емес – Жамбылдың көргені. Ол өз жеріне орыс казактары мен шаруаларының қоныстанып, жергілікті мал баққан қазақ жұртының шөлді аймаққа қуылғанының куәсі болды. Қазақстанда кеңес өкіметінің орнауы, ақ пен қызылдардың соғысы, атамандар мен комиссарлардың лаңы, кәмпескелеудің зорлықпен жүзеге асқаны, ең ақыры, “халық жауларының” ұсталуы мен жазалануы, – бәрі-бәрі оның көз алдында өтті. Сол себепті, Жамбылдың “Кең жатқан байтақ-ұлан шежіремін, тарихтың домбырасын қолына алған”, – деп айтуы тегін емес. Осы көргені мен біл­генінің бәрін Жәкең өз поэзиясына арқау еткен, оны бірде жырау болып, бірде жыршы ретінде, бірде ақын болып жырлаған, толғаған, суреттеген.
Жамбылдың майталман ақын болып қалыптасуы тек Жетісу ақындық мектебінің ауқымында болған жоқ. Ол өзіне дейін ертеде өмір сүрген атақты жыраулардың, өзімен қатарлас айтулы ақындар мен жыршылардың мұрасын, күллі халық поэзиясын толық меңгерген, игерген, өз шығармашылығына өзек еткен.
Ілгеріде Шөже, Балта заманда өткен,
Асекең, Бұқар жырау арманда өткен.
Солардың аруағы маған қонып,
Ел мұңын жырмен толғап, нөсерлеткен,


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ХХ ғасырдың ұлы жырауы

Жүз жыл өмірінің сексен бесін өлеңмен өткізген Жәкең – екі ғасырдың
куәсі ғана болған жоқ. Оның жүз жылғы өмірі, шындап келгенде, екі ғасырға
тең еді. Өйткені, Жамбыл тарихта сирек кездесетін, мүлде қарама-қарсы екі
заманды көрді, қайшылыққа толы, күнгейі мен көлеңкесі тепе-тең жақсылығы
мен жамандығы қатарлас екі дәуірді бастан кешті. Ол Қазақ хандығының
жойылғанын, елінің отарлыққа түскенін, қазақ даласына Ресейдің әкімшіл-
отаршыл басқару жүйесін орнатқанын, сонымен қатар, көрші жатқан Қоқан
хандығы мен қырғыз манаптарының қазақ ауылына жасаған жаугершілігін көрді.
Бұлар ғана емес – Жамбылдың көргені. Ол өз жеріне орыс казактары мен
шаруаларының қоныстанып, жергілікті мал баққан қазақ жұртының шөлді аймаққа
қуылғанының куәсі болды. Қазақстанда кеңес өкіметінің орнауы, ақ пен
қызылдардың соғысы, атамандар мен комиссарлардың лаңы, кәмпескелеудің
зорлықпен жүзеге асқаны, ең ақыры, “халық жауларының” ұсталуы мен
жазалануы, – бәрі-бәрі оның көз алдында өтті. Сол себепті, Жамбылдың “Кең
жатқан байтақ-ұлан шежіремін, тарихтың домбырасын қолына алған”, – деп
айтуы тегін емес. Осы көргені мен біл­генінің бәрін Жәкең өз поэзиясына
арқау еткен, оны бірде жырау болып, бірде жыршы ретінде, бірде ақын болып
жырлаған, толғаған, суреттеген.
Жамбылдың майталман ақын болып қалыптасуы тек Жетісу ақындық
мектебінің ауқымында болған жоқ. Ол өзіне дейін ертеде өмір сүрген атақты
жыраулардың, өзімен қатарлас айтулы ақындар мен жыршылардың мұрасын, күллі
халық поэзиясын толық меңгерген, игерген, өз шығармашылығына өзек еткен.
Ілгеріде Шөже, Балта заманда өткен,
Асекең, Бұқар жырау арманда өткен.
Солардың аруағы маған қонып,
Ел мұңын жырмен толғап, нөсерлеткен,

– дейді Жәкеңнің өзі Досмағамбетпен айтысқанда. Ал, “Замана ағымы”
толғауында:
Замана деп толғанған,
Ел қайғысын қолға алған
Абылайдың алдында
Сөз сөйлеген болжаудан
Бұқар жырау, о да өтті.
Шернияз бен Шортанбай,
Досқожа мен Нысанбай,
Дулат пенен Сүйінбай –
Сөздері жел құйындай,
Өтті еңіреп олар да! – деп, Жамбыл аты аталған жыраулар мен ақындарды,
олардың мұрасын жақсы білетінін, сөйтіп өз шығармашылығының қайнар көзі –
қазақ халқының ежелден келе жатқан фольклоры, әдебиеті мен мәдениеті екенін
білдіреді.
Сонымен бірге Жамбыл туысқан қырғыз елінің де мәдениетін бойына
сіңірген. Қырғыз жомоқшылары мен манасшылары арасында оның достары көп
болған, олармен бірге қырғыз жұртын көп аралаған, айылдарда өлең айтып, жыр
толғаған, күй тартқан, айтысқа түскен. Атақты Тоқтоғұл, Мұраталы, Әлімқұл
сияқты өнер саңылақтарының Жамбылға деген ықылас-ілтипаты, сондай-ақ
қырғыздың Шәбден тәрізді сыйлы басшыларына көрсеткен құрметі көпшілікке
аян. Ал, Жамбылдың “Манасты”, “Ер Төстікті” манасшылардан кем жырламағаны
тағы да белгілі. Демек, Жамбылдың даңғыл жырау, талмас айтыскер, майталман
ақын болып өсуіне қазақ пен қырғыз халықтарының мәдени мұрасы негіз болған.
Осы тұрғыдан келгенде, біз Жамбылды халық поэзиясы мен импровизаторлық
өнердің университетінен өткен деуімізге болатын тәрізді. Әрине, бұл жерде
Жамбылдың өз бойына біткен ұлы дарынды айтпасқа болмайды. Ата-анасынан
дарыған өнер, өз табиғатындағы талант, халық поэзиясы мен ауыз әдебиетінің
дәстүрі, міне, осының бәрі қосыла келіп, ұлы жыршыны дүниеге әкелді, оны
ауыл ақынынан қазақ еліне ғана емес, барша әлемге әйгілі жырау етті.
Он бес жасынан өлең айта бастаған Жамбылдың ХХ ғасырға дейінгі
шығармаларының бас нысанасы – сол кездегі қазақ ауылының күнделікті
тіршілігі, жеке адамдардың мінез-құлқы, болыс пен байлардың іс-әрекеті...
Ол шығармалардың дені – арнау мен мысқыл өлеңдер, айтыстар. Бұл тұста
Жамбыл шыншыл да, сыншыл ақын түрінде көрінеді. Оның өзіндік себептері бар
еді. Жамбылдың үлкен ақындық өмірі ХІХ ғасырдың 70 жылдарынан басталған
болатын. Бұл қазақ қауымы үшін ауыр кезең еді. 1860 жылдары Жетісу мен
Оңтүстік Қазақстанды жаулап алған Ресей енді қазақ елін басқарудың жаңа
амалын тапқан-ды. Енді 1867-68 жылғы жаңа мизам негізінде Қазақстан үлкен 6
облысқа, облыстарын уездерге, уездер волостарға бөлініп, қазақ сахарасына
ішкі Ресейдің басқару жүйесі отаршылдық сипатта көшірілді. Соның
нәтижесінде қазақ еліне орыс мемлекетінің бюрократтық аппараты тудырған
көптеген келеңсіз құбылыстар мен іс-әрекеттер жайылды. Осының бәрі ең
алдымен халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмыс-салтын бұзды, елдің ішіне
іріткі салды, адамдардың санасы мен мінез-құлқын өзгертті. Сөйтіп, бұрын
естіп-көрмеген ұлыққа жағымпаздық, болыстыққа талас, ағайынға жала жабу,
адамның үстінен шағым айту, кісіні алдау, өтірік айту сияқты жағымсыз
қылықтар пайда болды. Ал, қазақ жерін болыс-болысқа бөліп, елді жерге
таластыру мен малдан айырудың салдарынан ел арасында барымта етек алды,
барымталықты малданған арамтамақтар, тағы басқа жалқаулар пайда болды.
Жерден, малдан айырылған жұрттың тұрмысы жүдеп, рухы жадап, ел күйзеліске
ұшырады. Бір жағынан – отаршылдық саясат, екінші жағынан – қоқан мен
қырғыздың жаулығы, үшінші жағынан – орыс шенеуніктеріне арқа сүйеген бай-
болыстардың іс-әрекеті елді аздырып-тоздыра бастады. Осындай жағдайдың
куәгері болған Жамбыл шындықты айтып, ел басшылары мен игі жақсыларының
жағымсыз қылықтарын сынайды. Сол кезде өмір сүрген Дулат, Сүйінбай, Мұрат,
Шортанбай сияқты көптеген ақындар да өз заманының болмысын суреттеп, оның
жаралы проблемаларын ашық айтып, ащы дауыспен жырлады. Тек олар ғана емес,
сонымен қатар жазба әдебиетінің өкілдері де дәуір сипаты мен адамын
бейнелеп, реалистік шығармалар тудырды. Сондықтан сол бір кезді әңгіме
еткен ауыз әдебиетінің де, жазба әдебиетінің де тақырыптық әрі идеялық
ұқсастығы, жақындығы бар, олардың мысқылдап, әжуалағаны да бірыңғай.
Мысалы, Шалтабай болыстың мінез-құлқын Жамбыл былайша жырлайды:
Салқын келіп тоң-теріс,
Сыртқа сыздап қарайсың.
Сенен басқа жоқ болыс, –
Деп өзіңді санайсың...
“Шарға” түсер шағыңда
Қара тер боп шабылдың.
Елге сөзің жеткенше:
“Жамағат!” – деп, жалындың.
Қол билікке жеткен соң,
Салғырттыққа салындың...
Бұл жолдар Абайдың “Күлембайға” берген мына мінездемесін еске түсірмей
ме:
Болыс болдым, мінеки,
Бар малымды шығындап.
Түйеде қом, атта жал
Қалмады елге тығындап.
Сүйтсе дағы елімді
Ұстай алмадым мығымдап.
Күштілерім сөз айтса,
Бас изеймін шыбындап,
Әлсіздің сөзін салғыртсып,
Шала ұғамын қырындап...

Болыстыққа таласқан адамның сайлауға дейін қандай әрекет істегенін, ал
сайланып алғаннан кейін өзгеріп кеткенін Абай да, Жамбыл да ашық айтып,
болыс болған адамның екіжүзді мінезі мен қылығын мінейді, оның
екісөзділігін сынайды. Болыстың, жалпы сол шақтағы ел жақсыларының
тіршілігі мен мінез-құлқының мұндай болуы, әрине, отарлыққа түскендіктің
салдары еді. Олар қаладан келген шенеуніктердің алдында құрдай жорғалап, ал
ауылдастарына кісімсіп, бәлсініп жүруді өзіне күнкөрістің тәсілі етіп
алған. Мұны Жамбыл былай деп әңгімелейді:

Үйсін, Найман саңлағы,
Өстепкеге жиылдың...
Елде жүрген егейлер
Қалада құр үйілдің.
Ұлық көрсең ұйлығып,
Желді күнгі қамыстай,
Жапырылып иілдің...
Ал, Абай мынандай сурет береді:
Мәз болады болысың
Арқаға ұлық қаққанға.
Шелтірейтіп орысың
Шенді шекпен жапқанға...

Міне, отар елдің “игі жақсы” деп жүргендерінің сыйқы осы. Олар орыс
шенеунігіне жағынып, ұлықтан қорқып жүрген әлсіз, бишара жандар. Ояз
алдындағы олардың аянышты халі Абайды да, Жамбылды да мұңайтады,
ызаландырады. Ақындар болыстардың мұндай мүшкілдігіне “бек қорланады”,
“күйінеді”, “намыстанады”.
Осы шыншылдық, әрі сыншылдық қасиетін Жамбыл ақындармен айтысқан шақта
да сақтап, турашылдығымен көрінеді. Жамбылды нағыз ақын ретінде елге
танытқан, оның есімін бүкіл Жетісуға, Қырғызстанға, Сыр бойына таратқан
оның сол тұстағы дүлдүл ақындармен айтыстары. Ақындармен айтыс Жамбылдың
импровизаторлық өнерін шыңдады, ақындық шеберлігін арттырды, азаматтық
өресін өсірді және оның тақырып аясын кеңейтті. Үлкен айтысқа түскенге
шейін ауыл ақыны ретінде ғана көрініп, көбінесе той-томалақтарда өлең айтып
немесе нақты бір оқиғаға қатысты, яки болмаса белгілі бір адамға арнап өлең
шығарып жүрген Жамбыл енді ақындықтың жаңа сүрлеуіне түседі, сөйтіп,
сапалық өсудің жолына бет бұрады. Оның айтыстарында қыз бен жігіттің қайым
айтысы да, түре айтыс та, сүре айтыс та кездеседі. Осының қай-қайсысында
болса да Жамбыл өзінің нағыз көркем де кестелі сөздің шебері екенін
көрсетеді.
Басқа ақындарға қарағанда Жамбыл айтысты өзгеше бағалаған, оны тек
қана күнкөрістің құралы деп есептемеген, сондықтан ол рулық қауымнан гөрі
жеке бай­ларды жоғары көріп, оларды мақтап, соларға жалбақтаған ақындарға
бар ашуын төккен, олардың мадақтаған байларына ел ардақтаған адамдарды,
әсіресе батыр­ларды қарсы қойған. Осының арқасында Жамбыл айтысқа мүлде
жаңа сипат берді, тың тақырып енгізді, соны леп әкелді, айтыстың рухын, мән-
мазмұнын байытты. Сөйтіп, ол елдікті, ерлікті, елін, жерін қорғағандарды
дәріптеді десек, Жәкең Құлмамбетке былай дейді:

Ешнәрсе қанша айтқанмен ете алмайсың,
Бұлтарып мен тұрғанда кете алмайсың.
Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт,
Ел бірлігін сақтаған татулықты айт.
Қарынбайдай сараңдар толып жатыр,
Оны мақтап әуре болмай, жөніңе қайт!

Жамбылды айтысқа мұндай идея мен рух енгізуге әкелген – сол дәуірдің
болмысы мен Жамбылдың жыршылық өнері. Осы бір шақ туралы Жәкең “Менің
өмірім” деген толғау-естелігінде былай дейді:

“Ел жүдеген үстіне жүдей берді, ел менен жыр сұрағанда, кепкен ботаның
тұлыбына еміренген маядай, батырларды жырла дейтін болды. Мен де жұрттың
тілегіне сәйкес “Өтеген батыр”, “Саурық батыр”, “Сұраншы батыр”, “Көрұғлы
батыр”, “Алатай-Жапарқұлдың” жырларын айтатын болдым. Ел есіткенде ыңыранып
жылайтын, ауру көргендей болатын. Осындай елді жарыққа шығаратын батырлар
да туар-ау әлі десетін”.
Отарлықта езілген халықтың, жадап-жүдеген елдің қам көңілін Жәкең
жыршы болып та көтеріп жүрген. Осылай ел тілеуі мен қалауы бойынша ел
намысын жыртқан, елді қорғаған батырлар жайында жырлаған Жамбыл оларды
өзінің айтыстарында да мадақтап отырады. Қарасай, Саурық, Сұраншы сияқты
туған жерін қорғауда ерлік көрсетіп, аңызға айналып, жұрттың мақтанышы
болған батырлардың жырда әңгімеленбейтін кейбір қасиеттерін Жәкең
айтыстарында айтып, олардың қаһармандық бейнесін бедерлей түседі. Мәселен,
Сарбаспен айтысқанда Жамбыл Сұраншыны былай сипаттайды.
Сұраншыдай батырдың
Жан жүрмеген шенінен.
Алмастан соққан ақ қылыш
Еш кетпеген белінен.
Ашуланған кісіге
Қабағы жаман түксиген.
Досы қатты сүйсінген.
Дұшпаны жаман күйінген.
Сұраншыны көргенде
Аузын ешкім ашпаған,
Аяғын қадам баспаған.
Қарсы келген кісіні
Сүйретіп жерге тастаған.
Сабырлықпен іс қылып
Көлденең жатқан мылтықтан
Жан сауғалап қашпаған.
Бұл кәдімгі эпикалық батырдың мінездемесі, бірақ одан айырмашылығы да
бар. Оның ашуланған сәтіндегі түрі батырлық эпостан басқаша, сондай-ақ
мұнда Сұраншының мінезі әдеттегі жырдан өзгешелеу сипатталады, оның досқа
деген ықыласы, ілтипаты қаншалықты жылы, жайдары болса, дұшпанға деген
қатынасы соншалықты қатал. “Сұраншы батыр” дастанында:

Мейірімді туған Сұраншы
Елін сүйген жасынан,
Жетім менен жесірді
Атына артып көшірген,
Ерегіскен жауларын
Су құйғандай өшірген, – деп сипатталады.

Жалпы, Жамбыл батырлар туралы жырлағанда жай жыршы болып қана
көрінбейді. Оның ақын екені мұнда да айқын көрініп тұрады. Жәкең жырлаған
“Өтеген батыр”, “Сұраншы батыр”, “Көрұғлы” дастандарында ежелгі эпостық
дәстүрдің көп белгілерімен бірге біраз өзгешеліктер бар. Әсіресе, ондай
айырмашылық қаһармандардың күйінген сәттерін беруде, сондай-ақ эпоста мүлде
жоқ табиғат суреттерін бейнелеуде және ескі батырлар жырына тән кейбір
байырғы мотивтерді түрлендіруде көрініс береді. Бұл тұрғыдан келгенде,
Жамбылдың жыршылық өнері арнайы қарастыруды талап етеді. Өйткені, Жәкең –
асқан шебер жыршы, ол кісі жырды айтудың өзін шығармашылық деп түсінеді,
яғни Жәкең белгілі эпосты жырлаған шақта да импровизация жасап отырады.
Бұған Жәкең жырлаған “Өтеген батырдың” екі нұсқасын салыстыру арқылы көз
жеткізуге болады. Бір сюжетке құрылған екі шығарма болып шыққан. Демек,
Жамбыл сияқты классик жыршылар эпосты құр жаттап алып айтпайды, олар
сюжетті, оқиғалар мен адамдарды жадында сақтайды да, жырлау барысында өз
еркінше импровизация жасайды, ал импровизация процесі – шығармашылық
процесс, оның өзіндік заңдылығы, әдіс-тәсілдері бар. Жәкең осының бәрін
толық меңгерген әрі игерген, сөйтіп, ол импровизаторлық өнердің биік шыңына
жеткен.
Кемеліне келген импровизаторлық өнер мен бойына туа біткен ғажайып
дарын, өзі жинақтаған зор өмірлік әрі ақындық тәжірибе Жамбылды ХХ ғасырда
ұлы жырау биігіне көтерді. Ежелгі данышпан жырауларша Жамбыл бұл тұста
мемлекеттік мәні бар мәселелерді көтеріп, қоғам өмірі мен ел мүддесін
жырлайды, замана жайлы толғайды. Сол ғасырдың 20 жылдарынан бастап, Жәкең
өзінің бұрынғы тіршілігі мен кеңес кезіндегі өмірі жөнінде, халықтың
басынан өткен небір қиын-қыстау кезеңдер жайында көптеген толғау айтып,
өлең шығарады. Қарт жырау көбінесе ертедегі болмысты суреттеп, көне тарихқа
көз жүгіртіп, сол уақыттағы даланы сипаттайды, өз дәуірінің асқарынан дана
абызша замана ағымын шолады, мезгіл мен өмір туралы ойланады, соларға
мінездеме береді. Қазақ халқының сонау Шыңғыс хан тұсынан бастап таланғанын
айтады. Ресейге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шалкиіз жырау
Қазақстан мәдениеті
Ортағасырлық мәдениет және мемлекет қайраткерлері: асан қайғы, қазтуған, шалкиіз және жиембет жыраулар
Шалкиіздің өзін біз көбінесе лирикалық мені арқылы танимыз
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Шалкиіз Тіленшіұлы
ХІХ ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай
ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ.
Сөзден ұтылған хан
Махамбет Өтемісұлы. өмірбаян
Пәндер