Ормажапырақ


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер

Анықтамалар

Белгілеулер мен қысқартулар

Кіріспе . . . 7

1. Аналитикалық бөлім

1. 1 Орамжапырақтың азықтық құндылығы және химиялық құрамы . . . 8

1. 2 Орамжапырақтың ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері . . . 10

2. Негізгі бөлім

2. 1 Орамжапырақ дақылын өсіру технологиясы . . . 13.

2. 2 Орамжапырақты сақтау технологиясы . . . 16

2. 3 Орамжапырақты ашыту процесі . . . 23.

2. 4 Орамжапырақты ашытуға арналған ыдыстар . . . 25

3 Экономикалық тиімділігі . . . 29

Қорытынды . 30

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 31

Нормативтік сілтемелер

Осы курстық жұмыста қазіргі ауыл шаруашылығы ғылымында қолданылатын мынадай мемлекетаралық және мемлекеттік стандарттарға сілтеме жасалған:

1. Мемлекетаралық стандарт ГОСТ 7. 32-2001. Ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы есеп;

2. Мемлекеттік стандарт ГОСТ 7. 1-2003. Рәсімдеу құрамлымы және ережелері. Библиографиялық жазба. Құжатты библиографиялық талдау. Құжат дайындаудың жалпы талаптары және ережелері;

3. Мемлекеттік ресми стандарт 16265-70-1978 " Ауыл шаруашылығы саласындағы терминдер және анықтамалар".

Анықтамалар

Агроөнеркәсіптік кешен - азық-түлік өнімдерін өндіруге және ауыл шаруашылығы шикізаттарынан көпшілік тұтынатын өнеркәсіп тауарларын шығаруға бағытталған сала.

Аңызақ - далалы-шөлейт аймақтарда жазғытұрым жиі кездесетін және өсімдік тіршілігіне өте қолайсыз құрғақ та ыстық жел.

Ауыспалы егіс - екпе дақылдар мен жердің ғылыми негізде егіс танаптарындағы белгілі уақыт аралығында алмасып отыруы.

Егістіктің ылғалмен қамтылуы - танаптағы екпе дақылдардың топырақ ылғалына талабын қамтамасыз ету.

Жалпы өнім - белгілі бір уақыт аралығында өндірілген өнім көлемі.

Қарашірік - құнарлықты анықтайтын және топырақтың жоғарғы қабатындағы қара қоңыр түсті органикалық зат.

Құрғақшылық - ауаның шамадан тыс температурасы мен аңызақ желдің салдарынан туындайтын жайсыз құбылыс.

Өнімді ылғал қоры - өнімге тікелей әсері бар топырақтағы өсімдіктер пайдаланатын ылғал мөлшері.

Өскін - себілген тұқымнан белгілі бір уақытта жер бетіне өсіп шыққан өсімдік көгі.

Сыртқы орта - тірі ағзаға әсер ететін қоршаған орта факторларының жиынтығы.

Өсімдік аурулары - зиянды саңырауқұлақ қоздырғышының әсерінен дамитын өсімдік кеселі.

Тыңайтқыштың әсерлі заты - тыңайтқыш құрамындағы өсімдік сіңіре алатын элемент мөлшері

Белгі - өсімдік құрылымының шаруашылықта пайдалы және тиісті
құралдармен өлшенетін немесе көріп бағаланатын нақты сипаты.

Дақыл - белгілі бір мақсатта пайдалану үшін мәдени егісте өсірілетін өсімдік түрі.

Сорт - белгілі бір дақылдың тиісті табиғи және өндірістік жағдайларда
өсіру үшін өнім мөлшері мен сапасын арттыру мақсатында селекциялық жолмен сұрыпталған және тұқымы жүйелі көбейтілген, шығу тегі бойынша туыстас және морфологиялық белгілері мен шаруашылық-биологиялық қасиеттері бойынша ұқсас өсімдіктерінің тобы.

Технология - нақты топырақ-климат жағдайында тиімді мөлшерде және сапалы өнім алу мақсатында арнайы ғылыми-зерттеу нәтижесінде әзірленген белгілі бір дақылды өсіру тәсілдерінің жиынтығы.

Белгілеулер мен қысқартулар

ҚР - Қазақстан Республикасы

АШҒЗИ - Ауыл шаруашылығы ғылыми - зерттеу институты

ҒЗИ -ғылыми-зерттеу институты

ж. ж -жылдар

NРК -азот, фосфор, калий

ж. б -және басқалар

т. б - тағы басқалар

ц/га -1 гектар жерден центнер есебімен алынған өнім мөлшері

см - сантиметр

% - пайыз

м -метр

ц -центнер

г/см3 -1куб сантиметрдегі грамм есебі

< -кіші

> -үлкен

млрд. -миллиард

кг/га -1 гектарда килограмм есебі

с. к. - сулы концентрат

э. к - эмульсиялы концентрат

с. д. т -суға дайындалған түйіршік

т. с. с. -тағы сол сияқты

э. з -әсерлі зат

°С - температура

м. қ. з. - мүлде құрғақ зат

а. қ. з -ауадағы құрғақ зат.

Кіріспе

Орамжапырақ көкөністеріне ақ қауданды, қызыл қауданды, гүлді, савой, брюссель жэне кольраби орамжапырақтары жатады. Ақ қауданды орамжапырақ көкөністердің тағамдық құндылығы құрамындағы қант, минералды заттар, витаминдер, белок және т. б. мөлшерімен анықталады. Савой және брюссьль орамжапырағында азотты заттар (4, 8%) көп. Азотты заттардың жартысын белоктар алады. Орамжапырақ көкөністерінің құрамына күкіртті белоктар кіреді, бұл одан жасалған тағамдардың өзіндік иісін түсіндіреді. Орамжапырақ көкөністері В ь В 1 , В 2 , РР, Е, фоли қышқылы витаминдердін көзі, ол организмде холистериннің мөлшерін төмендетуге, қан аздық ауруының алдын алуға ықпал етеді. Сонымен қатар орамжапырақа антисклероз әрекетіндегі холин витамині және гастрит, асқазан язвасын емдейтін II витамині бар.

Ақ қауданды орамжапырақ (белокочанная капуста) - орамжапырақ көкөністердің ішінде кең таралған. Өны балғын түрде, аспаздықта, ашыту және маринадту үшін қолданады. Ақ қауданды орамжапырақга 1-2, 5% белок, 2, 5-5, 3% қант, 0, 8% минералды заттар, 70 мг % дейін С витамин бар.

Пішіні бойынша олар домалақ, жазық, овал тәрізді және конус тәрізді болады. Өлшемі бойынша майда (0, 7 кг), орташа және ірі (4-8 кг) болады. Жетілу мерзімі бойынша ерте, ортапіа және кеш пісетін сорттарға бөлінеді. Ерте пісетін сорттары орамжапырақтардың қаудандары борпылдақ, орташа тығыздықты және орташа өлшемді болады. Оларды балғын түрде қолданады. Оларға: Номер бірінші, Колхазница, Золотой гектар, Заря, Казачок сорттары жатады. Орташа сорттардың қауданы тығыздау және ерте пісетін сорттарға қарағанда жақсы сақталады. Оларды балғын күйінде және ашыту, консервілеу үшін қолданады. Оларға: Слава Грибовская, Белорусская, Брауншвейдская, Столичная жатады. Кеш пісетін сорттарының қаудандары ірі, басқа сорттарға қарағанда құрамында қант мөлшері көп. Оларды ашыту үшін және балғын күйінде ұзақ мерзімі сақтау үшін қолданады. Оларға: Амагер, Зимовка, Харьковская зимняя жатады.

Қызыл қауданды орамжапырақ (краснокочанная капуста) ақ қауданды орамжапыраққа қарағанда күлгін-қызыл түсімен ерекшеленеді, оның түсі құрамындағы антинациандарға негізделген. Құрамында қант -4, 7%, С витамині 60 мг %. Бұл орамжапырақ суыққа төзімді және жақсы сақталады. Қызыл қауданды орамжапырақты балғьш қүйінде салат жасау үшін, сонымен қатар маринадтау үшін қолданады. Бұл орамжапырақ ашыту үшін жарамсыз. Кең таралған сорттары: Каменная головка, Гако.

Савой орамжапырағы ақ қауданды орамжапырақтан қатпарлы ашық жасыл түсті жапырақты борпылдақ қауданымен ерекшеленеді. Бұл орамжапырақта азотты заттар (3, 3%) және минералды тұздар (1, 6%) көбірек.

7

Кең тараған сорттары: Юбилейная, Вертю, Весенняя раняя. Балғын күйінде қолданылады. Өңдеуге жарамсыз, себебі бұл кезде жағымсыз иісті заттар түзіледі.

Аналитикалық бөлім

1. 1 Орамжапырақтың азықтық құндылығы және химиялық құрамы.

Орамжапырақтың кез-келген түрінің құрамында витаминдер кездеседі және олар емдік қасиеттерімен ерекшеленеді. Орамжапырақтың химиялық құрамы сыртқы орта жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Күндізгі орташа 24 ºС температурада орамжапырақтың құрғақ заттары құрамында 18% белок болса, ал 10 ºС температурада белок мөлшері 14% төмендейді.

Кесте 1

Орамжапырақтың химиялық құрамы және энергетикалық құндылығы.

Орамжапырақ

Құрғақ зат мөлшер

%

Құрамындағы заттар, %

Кездесетін витаминдер,

100г өнімге мг

Энергетикалық құндылық
Желінбейтін бөлігі, % жалпы өнім массасына
Бе-лок
Көмірсулар
клетчатка
С
А
В1
РР
Орамжапырақ:

Аққауданды

Қызылқаудан

Савойская

Брюссельская

Түсті

Брокколи

Кольраби

Пекинская

Китайская

Құрғақ зат мөлшер%:

11, 0

10, 4

11, 1

19, 8

11, 7

12, 3

14, 0

6, 7

9, 9

Құрамындағы заттар, %:

1, 8

2, 0

3, 3

5, 5

2, 5

3, 3

2, 8

1, 5

2, 0

Кездесетін витаминдер,100г өнімге мг:

5, 4

6, 1

6, 9

6, 7

2, 9

5, 5

8, 3

1, 7

4, 7

Энергетикалық құндылық:

0, 7

1, 3

1, 2

1, 6

0, 9

1, 0

1, 7

1, 0

0, 9

Желінбейтін бөлігі, % жалпы өнім массасына:

52

99

58

170

105

114

64

82

99

0, 5

0, 10

0, 14

0, 30

0, 02

1, 9

0, 10

0, 21

0, 08

0, 04

0, 05

0, 06

0, 20

0, 10

0, 1

0, 05

0, 05

0, 03

0, 74

0, 40

1, 07

0, 600, 60

1, 0

0, 90

0, 40

0, 40

117

130

170

192

121

150

110

84

105

20

15

12

55

10

10

35

5

10

Ақ қауданды орамжапырақтың кең қолданылуы оның жоғары дәмділік қасиетіне байланысты болып келеді. Оны көбінесе шикі күйінде, қайнатылған, бұқтырылғын, кептірілген және ашытылған күйінде қолданады.

Савойская орамжапырағы басқа орамжапырақ түрлері сияқты қаудан түзеді. Ол құрамында құрғақ зат мөлшерінің көптігімен, дәрумендер, жақсы дәмділік қасиеттерімен ерекшеленеді және оны азық ретінде кеңінен қолданады.

Савой орамжапырағы ақ қауданды орамжапырақтан қатпарлы ашық жасыл түсті жапырақты борпылдақ қауданымен ерекшеленеді. Бұл орамжапырақта азотты заттар (3, 3%) және минералды тұздар (1, 6%) көбірек.

8

Кең тараған сорттары: Юбилейная, Вертю, Весенняя раняя. Балғын күйінде қолданылады. Өңдеуге жарамсыз, себебі бұл кезде жағымсыз иісті заттар түзіледі.

Бруссельдік орамжапырақтты азық ретінде енді пісіп келе жатқан қауданшаларын қолданады. Қайнатылған, буланған және қуырылған күйінде қолданады. Құрамында ақуыз, аскорбин қышқылы басым болады. Брюссельдік орамжапырақ аса құнды көкөніс дақылдарының қатарына жатады.

Брюссель орамжапырағы (Брюссельская капуста) ұзындағы 1, 5м сабағы бойымен орналасқан майда қаудандардан тұрады. Орамжапырақта белок, минералды заттар, С витамині көп мөлшерде болады. Кең тараған сорттары: Геркулес, Эрфрутский, Витаминная.

Кольраби ерте пісетін көкөністерге жатады. Жеуге жарамды бөлігі домалақ немесе овал пішінді, ашық жасыл немесе күлгін кек түсті жетілген тамыржемісі болып табылады. Дэмі бойынша ақ қауданды орамжапырақтың өзекшесінің дәміне ұқсайды, бірақ нәзік консистенциялы. Кең тараған сорттары: Венская белая, ГоЛиаф.

Түсті (цветная) орамжапырақ жоғары қасиетті бар диеталық тағам болып табылады. Оны консерві, мұздатылған, қуырылған, және сорпа дайындауда қолданылады.

Түсті орамжапырақтың (цветная капуста) тағамға ақ түсті жетілмеген гүлдері қолданылады, құрамында клетчатка аз, ал толық қүнды белоктар (2, 5%) мен витаминдер көп. Кең тараған сорттары: Москвичка, Грибовская ранняя, Урожайная, Скоросжелка. Гүлді орамжапырақтың жақсы сорттарының тығыз, бүтін, крем реңді ақ түсті бастары бар.

Пекиндік орамжапырақ - ерте пісетін және суыққа төзімді өсімдік. Құрамында дәрумендердің көптігімен ерекшеленеді. Азықтық мүшесіне - жапырақтары, қауданы жатады.

Қытайлық капуста - бір жылдық өсімдік. Оның жапырақтары тік тұрып өседі және 40-50 күннен кейін жинап алуға дайын болады. Жапырақтары пекиндік орамжапыраққа қарағанда жуандау болып келеді.

Қызыл қауданды орамжапырақ (краснокочанная капуста) - ақ қауданды орамжапыраққа қарағанда күлгін-қызыл түсімен ерекшеленеді, оның түсі құрамындағы антинациандарға негізделген. Құрамында қант -4, 7%, С витамині 60 мг %. Бұл орамжапырақ суыққа төзімді және жақсы сақталады. Қызыл қауданды орамжапырақты балғьш қүйінде салат жасау үшін, сонымен қатар маринадтау үшін қолданады. Бұл орамжапырақ ашыту үшін жарамсыз. Кең таралған сорттары: Каменная головка, Гако.

9

Сурет 1

Аққауданды орамжапырақ суреті

1. 2 Орамжапырақтың ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері

Орамжапырақ өсімдігі - орамжапырақ тұқымдасына, яғни Brassicaceae (крестгүлділер - Cruciferae) туысына біріктіріледі. Орамжапырақ шығу тегіне байланысты европалық жабайы - Brassica silvestris Mill түрінен мәденилендірілген. Барлық орамжапырақ түрлері - екі жылдық өсімдік болып табылады. Жапырақтары қатарлы, үлкен болады. Жапырақ бетінің максимальді ауданы орамжапырақ түрлеріне байланысты әртүрлі болып келеді. Мысалы, кольраби орамжапырағында 0, 25 м 2 болса, ал ақ қауданды орамжапырақта 10 есе үлкен - 2, 5м 2 .

Орамжапырақ тұқымдары өте майда және брюква тұқымдарына ұқсас болып келеді. Тұқым түрлеріне қарап орамжапырақтарды ажырату мүмкін емес. Тек өсіндері пайда болғаннан бастап ажырату оңайға түседі.

Тамыр системасы көптеген тамырлардан құралған. Негізгі тамыры кіндік тамыр болып, 2 м тереңдікке бойлайды. Жанама тамырлары горизонтальді бағытта жайылып өседі.

Орамжапырақтың өсу кезеңі мына этаптардан өтеді:

  1. тұқымның өнуі мен өскіннің пайда болуы
  2. бастапқы сабақтың және тамырдың өсуі

10

3. жапырақ массасының пайда болуы және тамырдың әрі қарай дамуы

4. азықтық органның пайда болуы

5. бүршік атуы

6. гулдеу кезеңі

7. пісіп-жетілу кезеңі

Орамжапырақ суыққа төзімді өсімдіктер қатарына жатады. Минимальді тұқымның өну температурасы -2 -3 ºС. Бірақ бұндай температурада

орамжапырақтың өсу кезеңі баяулайды. Сол үшін оптимальді температура 18-20 ºС болып табылады. Ол кезде өскін 3-4 күнде пайда болады. Жапырақ түзілген уақытта -5 ºС-ге дейін шыдайды. Барлық вегетативті мүшелері қалыптасқан аққауданды орамжапырақ -8 -10 ºС суыққа төзімді келеді. Орамжапыраққа оптимальді температура 15-20 ºС, ал одан жоғары 25 ºС-да оның өсуі мен дамуына кері әсер етеді.

Орамжапырақ ылғал сүйгіш өсімдік. Бірінші өсу кезеңінде топырақтағы ылғалдылық 30-50% болуы тиіс. Ол негізінен барлық орамжапырақ түрлеріне оптимальді ылғалдылық 50-80%, ал атмосфера ылғалдылығы 60-80% болуы керек. Орамжапырақты көпжылдық және біржылдық көкөніс дақылдарынан кейін ауыспалы егісте орналастырады. Мысалы, пияз, қияр, картоп және таағы басқа.

Орамжапырақты әр түрлі гранулометриялық құрамды топырақта өсіреді. Тек ауыр сазды, құмды және қышқылды топырақта өспейді. Оптимальді топырақ реакция ортасы рН 6, 5-7 болады.

Аққауданды орамжапырақтың кең қолданылуы оның жоғары дәмділік қасиетіне байланысты болып келеді. Оны көбінесе шикі күйінде, қайнатылған, бұқтырылғын, кептірілген және ашытылған күйінде қолданады.

Аққауданды орамжапырақ - ең өніміді дақыл болып табылады. Одан жоғары және сапалы өнім алу үшін қоректік заттар қоры көп керек.

Аққауданды Қазақстанның барлық территориясында өсіріледі және пісіп-жетіліу мерзіміне байланысты ерте, орташа, жай пісетін болып бөлінеді. Сапасы бойынша оларға қойылатын талаптар. Сыртқы түрі бойынша қаудандар жас, қалыптасқан, тығыз (борпыддақ емес), сау, таза, жарықшақ-таңбаған, 3 см-ден көп емес өзекті больт сұрыпгы талаптарға сай болу керек, олар қоршаған жасыл немесе ақ жапырақтармен нығыз қорғалуы тиіс; ұзақ сақтауға арналған қаудандарда 2-3 орауыш жапырақтары болу керек; ерте пісетін орамжапырақтардың қауданының салмағы - 0, 4 кг, аз емес, орташа және жай пісетіндердікі - 0, 8 кг, ластанған, механикалық зақымдалған және өзегі 3 см-ден көп ұзындықтағы қаудандар салмағы бойынша 5%-тен көп болуы қажет.

Орамжапырақты сауда жүйесіне сату кезіңде қыста бетінің 1/8% тазаланған, кесілген қаудандар жіберіледі. Ерте пісетін орамжапырақтарды ашытуға болмайды.

Пішіні бойынша олар домалақ, жазық, овал тәрізді және конус тәрізді болады. Өлшемі бойынша майда (0, 7 кг), орташа және ірі (4-8 кг) болады. Жетілу мерзімі бойынша ерте, ортапіа және кеш пісетін сорттарға бөлінеді

11

Ерте пісетін сорттары орамжапырақтардың қаудандары борпылдақ, орташа тығыздықты және орташа өлшемді болады. Оларды балғын түрде. қолданады. Оларға: Номер бірінші, Колхазница, Золотой гектар, Заря, Казачок сорттары жатады. Орташа сорттардың қауданы тығыздау және ерте пісетін сорттарға қарағанда жақсы сақталады. Оларды балғын күйінде және ашыту, консервілеу үшін қолданады. Оларға: Слава Грибовская, Белорусская, Брауншвейдская, Столичная жатады. Кеш пісетін сорттарының қаудандары ірі, басқа сорттарға қарағанда құрамында қант мөлшері көп. Оларды ашыту үшін және балғын күйінде ұзақ мерзімі сақтау үшін қолданады. Оларға: Амагер, Зимовка, Харьковская зимняя жатады.

Орамжапырақ жапырақты көкөніс өсімдіктерінің тобына жатқызылады. Басқа көкөніс дақылдарына қарағанда азот тыңайтқышын көп қажет етеді. Жерді өңдеу жұмыстары жоғары өнім алуға мүмкіндік береді.

Орамжапырақ минералды элементтерді көп пайдаланады: жапырақ пайда болу кезеңінде ең бірінші ретте N азотты, түйіндеу кезеңінрде - Р фосфор және К калиді көп пайдаланады. 1 гектардан 60 тонна өнім жинау үшін 250 кг N, 50 кг Р, 250 К және 200 кг Са беріледі.

Кесте 2

Орамжапыраққа минералды тыңайтқыш берудің жылыдық мөлшері.

Дакылдар: Дакылдар
Жоспарланған өнім ц/га: Жоспарланған өнім ц/га
Қара топырақ: Қара топырақ
Қара қоңыр топырақ: Қара қоңыр топырақ
Боз топырақ: Боз топырақ
Дакылдар: N
Жоспарланған өнім ц/га: Р 2 О 5
Қара топырақ: К 2 О
Қара қоңыр топырақ: N
Боз топырақ: Р 2 О 5
К 2 О
N
Р 2 О 5
К 2 О
Дакылдар: Ерте пісетін капуста
Жоспарланған өнім ц/га: 300-400
Қара топырақ: 80-100
Қара қоңыр топырақ: 70-90
Боз топырақ: 110-120
90-120
60-70
110-120
120-140
50-60
110-120
Дакылдар: Кеш шсетін капуста
Жоспарланған өнім ц/га: 400-500
Қара топырақ: 100-120
Қара қоңыр топырақ: 80-100
Боз топырақ: 120-130
130-160
80-100
120-130
160-180
80-100
120-130

12
Негізгі бөлім

2. 1 Орамжапырақ дақылын өсіру технологиясы.

Орамжапырақ (капуста) . Облыста орамжапырақтың төмендегідей сорттары : ерте пісетіндерін - Золотой гектар 1431, Грибовский 147, Июньская ; ал орташа мерзімде пісетіндіктерін - Слава грибовская 231, Ташкентская - 10, кешірек пісетіндер - Новочеркасская 20. Орамжапырақ топырақтың құнарлығымен қатар, оның жақсы қыздырылуын және жеткілікті түрде ылғалданғанын қажет етеді. Ауыспалы егістегі фосфор, калий тыңайтқыштары (2 - 3 ц/ га суперфосфат және 1 ц/ га калий тұзы) енгізілген танаптарға (30 - 40 т / га) орамжапырақ көшеттері отырғызылады. Кеш пісетін орамжапырақты өсіру үшін тек қана будандастырылған тұқымдар пайдалану керек.

Дәнді дақылдар тұқымын себетін уақытта ( ақпанның аяғы мен наурыздың басы) ерте пісетін орамжапырақтың 50 күндік көшеттері отырғызылады. Облыстың оңтүстік аудандарында көшеттер қараша айында отырғызылады. Бұл жағдайда орамжапырақтың Дербент сорты ерте көктемде отырғызылатын нөмірі бірінші сортынан 20 - 25 күн ерте піседі.

Орташа мерзімде пісетін орамжапырақ сәуір және мамыр айының басында, ал кеш пісетіндері маусымның ортасында және екінші жартысында себіледі. Ерте пісетін орамжапырақ үшін ең тиімді отырғызу сызбасы - 60 х 30 см немесе 70 х 25 см, орташа мерзімде және кеш пісетіндері үшін - 70 х 40 см немесе 60 х 50 см. Бұл жағдайларда 1 гектарға ерте пісетін өсімдіктің 48 - 50 мың, ал кеш пісетіндердің 30 - 33 мың данасы отырғызылды.

Кеш пісетін орамжапырақ тұқымы көкөніс тұқым сепкіштермен себіледі. Тұқым сіңіру тереңдігі - 2, 5 см. Әр гектарға суару мөлшері 600 - 700 текше метр есебімен ерте пісетіндер 8 - 10 рет, ал кеш пісетіндер 13 - 14 рет суарылады. Егістік үш рет қопсытылып, 3 - 4 рет оталады.

Минералдық тыңайтқыштар үстеп қоректендіру жолымен 3 мерзімде енгізіледі ; алғашқысы көшет тамырланғаннан кейін, екінші - алғашқысынан кейін 10 - 15 күн өткен соң, үшіншісі - бас байлай бастағанда.

13

Бірінші және екінші үстеп қоректендіру тыңайтқыштар 1 гектарға аммиак селитрасының 100 кг мөлшерімен, ал үшіншісінде аммиак селитрасының сондай мөлшерімен, ал үшіншісінде аммиак селитрасының сондай мөлшерімен және суперфосфаттың 150 кг, калий тұзының 100 кг мөлшерімен енгізіледі.

Ақ қауанды капустаның ерекшелігі қысқа мерзім ішінде көп мөлшерде органикалық заттар түзетін және қоректік заттарды қарқынды пайдаланатын өсімдік. Оның көшеті егістікке отырғызылғаннан соң алғашқы айында баяу өседі және шамамен 8, 5% азот, 6, 7% фосфор және 7, 5% калий пайдаланады. Ал бас жарған кезде өзінің өсіп - жетілуі кезінде қажет болатын азот, фосфор, калийдің 8, 5% - тін пайдаланады.

Қазақтың ғылыми - зерттеу картоп - көкөніс шаруашылығы институтының суармалы ашық қара қоңыр топырақта жүргізген көпжылдық тәжірибесінің қорытындысы бойынша тыңайтқыш мөлшері артқан сайын капуста өнімі де өседі.

Капуста органикалық тыңайтқыш қолдану оның өнімінің көбеюіне және тезірек пісуіне әсер етеді. Әсіресе көңге қосымша азот және шамалы мөлшерде фосфор қосып беру өте тиімді. Сол сияқты капустаны көң берілген алғы дақылдан соң отырғызу да оның өнімінің артуына жақсы әсер етеді.

Капуста өнімінің сапасының жақсаруына микроэлементтердің пайдасы үлкен. Мәселен, мырыш әсерінен капуста өз бойына аскорбин қышқылын көп жинайды. Бор қолдану оның қанттылығын арттырады.

Жалпы капуста өсімдігіне қолданылатын тыңайтқыш мөлшері оның сортына, өнім шамасына, топырақтағы қоректік заттардың жылжымалы түрінің мөлшеріне және топырақ типіне байланысты.

14

Орамжапырақ дақылының өсіру технологиясының сызбасы

Технологиялық операциялар
Өткізу мерзімі
Агротехникалық талаптар
Ауыл шаруашылық машиналары және жабдықтары
Технологиялық операциялар: 1. Танапты дайындау
Өткізу мерзімі: Көктем - жаз
Агротехникалық талаптар:

14 - 16 см тереңдікте бірінші өңдеу

10 - 12 см тереңдікте екінші өңдеу

Ауыл шаруашылық машиналары және жабдықтары:

КПП - 5

КПГ - 2, 2

Технологиялық операциялар: 2. Топырақты өңдеу
Өткізу мерзімі: Наурыз айының басы
Агротехникалық талаптар: 3 - 4 см тереңдікте өңдеу
Ауыл шаруашылық машиналары және жабдықтары: КПШ - 9
Технологиялық операциялар: 3. Тұқым себу мерзімі
Өткізу мерзімі: Ақпанның аяғы наурыздың басы
Агротехникалық талаптар: 3, 5 - 4, 5 см тереңдікте өңдеу
Ауыл шаруашылық машиналары және жабдықтары:

КПП - 9

КПГ - 2, 2

Технологиялық операциялар: 4. Тұқымды себу мөлшері
Өткізу мерзімі: 48 - 50 мың дана тонна
Агротехникалық талаптар: Тұқым сіңіре тереңдігі - 2, 5 см
Ауыл шаруашылық машиналары және жабдықтары: КПШ - 9
Технологиялық операциялар: 5. Үстеп қоректендіру. Тыңайтқыш енгізу әдістері
Өткізу мерзімі: 3 рет үстеп қоректендіру
Агротехникалық талаптар:

1 - көшет тамырланған кейін

2 - 10 - 15 күн өткен соң 100 кг аммиак селитрасы, ал 3 - аммиак селитрасы 100 кг, суперфосфат 150 кг, калий - 100 кг

Ауыл шаруашылық машиналары және жабдықтары:

КПС - 4

КПІ - 3, 8

Технологиялық операциялар: 6. Өнімді жинау мерзімі
Өткізу мерзімі: Маусымның аяғы
Агротехникалық талаптар: Өнімді жинау
Ауыл шаруашылық машиналары және жабдықтары:

15

2. 2 Орамжапырақты сақтау технологиясы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Емдік тағамдарды ұйымдастыру негіздері мен принциптері
ТІЛ БІЛІМІНДЕ НЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ
Биологиядан ҰБТ-ға арналған шпаргалка
Өсiмдiк шаруашылығы туралы
Орамжапырақтың сұрыптары
Ылғалсүйгіш өсімдік
Екі жылдық және көп жылдық өсімдіктер
Ерте пісетін орамжапырақтың агротехникасы
Вегетативті көкөністер
Өскемен қаласының атмосфералық ауасы және агроценоздарының ластануын бағалау туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz