Стратегиялық жоспарлау: жалпы сипаттама және оның маңызы


Стратегиялық жоспарлау: жалпы сипаттама және оның маңызы
М а з м ұ н ы
Кіріспе3бет
І ТАРАУ. Стратегияның мәні мен мағынасы.
1. 1. Стратегия түсінігі мен мәні4-5бет
1. 2. Қазақстанның стратегиялық жоспары және экономикалық өсу мүкіндігі6-8бет
ІІ ТАРАУ. Экономиканы тиімді басқару және дамыту.
2. 1. Қазақстан экономикасын көтерудегі энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану9-11бет
2. 2. Ирфрақұрылым, көлік және байланыс12-13бет
Қорытынды 14бет
Пайдаланылған әдебиеттер15бет
Кіріспе
Әрбір мемлекет өзінің дамуы және әлемдік аренада өзінің орныны қалыптастыруы алдына қойған мақсатына байланысты. Мемлекеттің мақсаты ретінде бүгінгі таңда ұзақ, орта, қысқа мерзімді даму жоспарлары арқасында жүзеге асырылып отырылады. Сондай ұзақ жылдық даму жоспары ретінде стратагиялық жоспарды атауға болады.
Біздің мемлекетімізде Президенттің бастамасымен 1997 жылы «ҚАЗАҚСТАН 2030» даму стратегиясы қабылданды. Бұл ұзақ жылдық бағдарламада Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстанды 2030 жылы дамыған өркениетті мемлекеттердің арасандаға басты мемлекет ретінде көргісі келетінін атап көрсетті.
Жалпы Қазақстанның бұл даму стратегиясы негізігі жеті басымдық арқылы жүзеге асырылады. Оларға:
- Ұлттық қауіпсіздік;
- Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы;
- экономикалық өсу;
- Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты;
- Энергетика ресурстары;
- Инфрақұрылым, әсіресе, көлік және байланыс;
- Кәсіпқой мемлекет құру.
Сондай-ақ даму стратегиясын жүзеге асыру негізгі қабылданған үш жылдық, бес жылдық, он жылдық даму бағдарламалары арқылы жүзеге асырылып отырылады.
Тақырыптың қызықтылығы, Қазақстанның дамуы үшін маңызды саналатын 2030 жылға дейін даму сратегиясын талдау арқылы оның негізгі экономикалық мақсаттарын ашу және танып білу.
Тақырыптың актуалдығы. Қазақстанның қазіргі күнде атқарып жатқан қызметтері осы даму стратегиясына негізделіп жүргізіледі. Мемлекеттің дамуындағы бұл стратегияның орны ерекше және маңызды болып саналуы тақырыптың бүгінгі таңдағы маңыздылығын арттыры түседі.
Қзақстанның дамуы үшін бұл қабылданған стартегияның менің ойымша маңызы зор. Себебі біздің әсем мемлекетіміздің дамуына және мақсаттарын айқындауына ең қажетті осы стратегия болып табылады. Себебі бұл стартегияда қарастырылған әрбір басымдылыққа ие бағыттар экономиканың өсуіне, халықты өркениеттілікке жеткізуге, жалпы Қазақстанды алдыңғы қатарлы елдердің қатарынан көруімізге зор ықпалын тигізеді.
І ТАРАУ. Стратегияның мәні мен мағынасы.
- Стратегия түсінігі мен мәні.
Көп жылдардан бері әскери басшылар стратегия терминін қолданып келеді. «Стратегия» гректің - «генерал өнері» деген сөзінен шыққан. «Стратегия» термині осы уақытқа дейін жарыс, бәсеке мағынасында қолданылып келгенімен, қазіргі кезде бұл атау кәсіпорын қызметінің жалпы концепциясын білдіреді.
Стратегия дегеніміз - мемлекеттің міндетті ісін орындауды және мақсатына жетуді қамтамасыз ететін жан-жақты жоспарлар жиынтығы болып саналады.
Стратегиялық жоспарлау дегеніміз - басшы қабылдаған шешімдер мен әрекеттер жиынтығы, сол арқылы мемлекетті (ұйымды) өз мақсатына жету үшін басшы арнайы стратегияны іздейді.
Стратегиялық жоспарлау мемлекеттің дамуы үшін шешім қабылдауға қажетті құрал болып саналады. Оның басты міндеті - мемлекетте жаңадан енгізілген жоспарларды жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ету.
Стратегиялық жоспарлаудың өзіндік белгілері төмендегідей:
- стратегияны көпшілік жағдайда жоғарғы басшылар тұжырымдайды, және жасайды, алайда оны жүзеге асыруға басқарудың барлық деңгейлерінің қатысуы көзделеді;
- стратегиялық жоспар жеке бір ұйымға ғана емес, бүкіл бір мемлекеттің даму болашағы үшін де жасалады;
- стратегиялық жоспар көлемді зерттеулермен және нақты деректермен негізделуі тиіс;
- стартегиялық жоспар мемлекеттің айқындылығын, дербестілігін білдіреді;
- стратегиялық жоспарды жасағанда, ұзақ уақыт бойы тұтастығын сақтаумен қоса, қажет болған жағдайда жетілдіруді және қайта бағыттауды жүзеге асыратындай икемді болуы керек.
Жалпы стратегиялық жоспарды бағдарлама ретінде қарстыру қажет, сонда ғанаұзақ уақыт бойы мемлекеттің қызметін бағыттауға, әрі қажет болған жағдайда өзгертуге болады.
Стратегия уақыт мерзімі бойынша ұзақ, орта, қысқа мерзімді болып бөлінеді.
Қысқа мерзімді стратегия немесе оперативті стратегия бір жылға дейінгі мерзімге жасалады. Бұл стратегия мемлекеттің бюджетін белгілеуде маңызды орынға ие. Өйткені әрбір жылда мемлекет өзінің бюджетін белгілеп отырады, яғни бұл жерде бюджетке түскен қаржыны нақтылы мақсаттарға тиімді жұмсалуын көздеп және оны бақылау арқылы жүргізіліп отырады.
Орта мерзімді стратегия бір жылдан үш жылғадейінгі мерзімге құрылыды. Бұндай стратегияның құрылу мақсаты тұралап қалған салаларды дамытуға және ұзақ мерзімді стратегияға жету жолдарын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалыға, Қазақстанның 2003 жылдан 2005 жылға дейінгі ауылды дамыту бағдарламасын айтуға болады.
Ұзақ мерзімді стратегия ретінде бес жылдан жоғары мерзімге жасалған стратегияны айтады. Бұндай стратегия жалпы мемлекеттің дамуы үшін жасалады, және белгілі бір бағдарламалар құру аорқылы жүзеге асырылады. Мысалы, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын жатқызуға болады.
Енді, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясына тоқталамыз.
Осыдан 40 жыл бұрын Сингапур өз тәуелсіздігін алған кезде, жан басына шаққанда 200 долларға жетпес табысы бар әлемдегі ең кедей елдердің бірі еді. Бүгінгі таңда сингапурлықтардың жан басына шаққанда 20 мың доллардан асатын табысы бар мемлекет болып табылады.
Өзінің халқы этникалық құрамы жөнінен және басқа да көптеген параметрлері бойынша бізге ұқсас ел, Малайзия да 20 жылға жетпейтін уақыт ішінде өз азаматтарының өмір сүру деңгейін 10 есеге арттыруға қол жеткізген. Осындай табыстарының нәтижесінде бұл елдер әлемде Азия Жолбпрыстары ретінде танылып отыр.
Осы елдердің тәжірбиесі көре отырып Қазақстанның да осындай ұқсастықтары мен көптеген артықшылықтарының арқасында 2030 жылға дейін даму стратегиясын жасады. 2030 жылға қарай Қазақстан Орталақ Азияның Барысына айналады және өзге дамушы елдер үшін үлгі болады деп Қазақстан Республикасының Президенті атап көрсетті.
Дегенмен, 2030 жылғы Қазақстан өзінен-өзі пайда болмайды. Оны біз өз қалауымызбен және табысқа жетуге талпынған ерік-жігеріміз арқылы тұрғызамыз.
Егер біз осы мүмкіндікті сәтімен пайдалана алмасақ, егер біз болашағымызға жоспар құрмай және бүгінгі күні нақты іс-қимылдарды іске асырмай, күндер мен апталарды уысымыздан шығарып алсақ, егер сәтсіздікке ұшырасақ, онда өзімізден басқа ешкімге кінә арат алмаймыз - деген ел Президентінің сөзі әрбір қазақстандықты ос даму стратегиясына жетпей қоймаймыз және дами үстіне дами түсеміз деген түсінік қалыптастырады.
2. 2. Қазақстанның стратегиялық жоспары және экономикалық өсу мүкіндігі.
Қазақстан экономикасының өсуі үшін негізгі басымдықтың бірі болып саналатын экономикалық өсу маңызды орын алып даму стратегиясының негізгі жеті басымдығының ішіндегі бүгін де ертең де өз мәнін жоймайтын бағдарламалардың бірі болып саналады.
Экономикалық өсу шетел инвестицияларының деңгейі жоғары және шағын, орта бизнестің барлық жерде қолдау негізінде отандық жеке меншік секторын дамыту мен бірге дамыған нарықтық экономикаға негізделінеді.
Қазақстанның ұзақ мерзімді болжауында пайда болатын жағдайларға тез қалыптасуға қабілеті бар шағын және орта кәсіпорындарында ЖІӨ-нің (жалпы ішкі өнім) 40-50 пайызын өндірілуі қажет.
Экономикалық өсуге қол жеткізу үшін экономикалық саясаттың келесідей он негізгі қағидаларын сақтау керек:
- Мемлекеттің экономикаға араласуының шектеулі болуы. Мемлекеттің міндетті шағын және орта бизнесті белсенді қолдай отырып, нарықтық ережелерді құру оларды сақтауды қамтамасыз ету. Бірақ та, өтпелі кезеңде, нарық әлі дами экономикаға араласуының рөлі қажетті деңгейде болған жөн. Сондықтан жақын келешекте мемлекет нарықтық қатынастардың құқықтық және нормативтік базасын құруға, монополияға қарсы күресуде сенімді шаралар жүргізуге, инфроқұрылымды дамытуды қамтамасыз етуге белсенді қатысқаны тиімді саналады.
- Инфляцияны, бюджет тапшылығын төмендету жолымен, Ұлттық валюта жағдайын және қорланудың жоғарғы нормасы негізінде макроэкономиканы тұрақтандыру.
- Бағаны нарықтандыру, бұл Қазақстанда қазіргі күнде аяқталған процестер қатарына жатқызылады.
- Жеке меншік институттарын жерге деген құқықтың, сондай-ақ меншік құқықтарын және келісім-шарттардың орындалуын қорғайтын заң жүйесін құрудың есебінен нығайту.
- Кәсіпорынды жекешелендіру. Бұл процесте қазіргі күнде негізінен аяқталған болып есептеледі. Бірақ та, енді акциялардың айналымы процесін дәл реттеу және стратегиялық сипаттағы кәсіпорындарда акциялардың мемлекеттік пакеттерін орынды және тиімді пайдалану қажет.
- Ашық экономика және еркін сауда құру. Бұл жағдайда, біздің ұлттық қарызымызды қамтамасыз ету жас әрі әлсіз екендігін ескеруіміз қажет, сондықтан оны қорғау және нығайту мемлекеттің негізгі әрі басты міндеттерінің бірі болып табылады.
- Өзіміздің энергетикалық және өзге де табиғи ресурстарымызды игеруді жалғастыру. Оның мақсаты - экспорттан экономиканың өрлеуімен қатар елдің саяси тұрақтылығына, сондай-ақ оның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жәрдесдесетін жоғары деңгейде табыс алу.
- Шетел инвестицияларын тиісінше қорғау. Қазақстанға тартылған шетел инвестицияларының көлемі мен сапасы бойынша басты орынға шығуы үшін нақты іс-қимыл мен тиімді шаралар қажет. Шетел инвестициялары негізінентабиғи ресурстарды игеруге, инфрақұрылымды дамытуға, аймақаралық ірі көлік және информациялық орталықтар салуға жұмсалады. Бұл болса өз кезегінде экономикалық өсуді, әлеуметтік өрісті дамытуды, және Қазақстанның халықаралық қоғамдарға интеграциялануын қамтамасыз етеді.
- Дүниежүзілік тәжірбиеден туындап отырған Қазақстан үшін технологиялық стратегияны қалыптастыру. Бұл қағида еңбекті қажет ететін өндірістен капиталды, технология мен ғылымды қажет ететін өндірістерге бет бұруды көздейді.
Бірақ та, жақын арада Қазақстанда мұнай-газ көлемі едәуір өсе түсуде және қазбалар шығаратын өнеркәсіптің көлемі де арта түсуде. Сондықтан тек шикізетқа бағдарланған ел болып қалмауымыз үшін жеңіл және тамақ өнеркәсібін, инфрақұрылымды, өңдеу салаларын, машина жасаудың жекелеген шағын салаларын, қызмет көрсету саласын, туризімді дамытуды қолға алу қажет.
10. Өндірісті диверсификациялау. Қазіргі кезде Қазақстандық шикі заттардан басқа өнімдер әлем нарығында бәсекелестікке қабілеттілігі жоқ, осының нәтижесінде республиканың шикізат құрылымды өндіріске құлдырауда. Сондықтан мемлекет диверсификацияның пәрменді индустриялдық саясатына кірісіп, назарды макро- деңгейге аударуға тиіс.
Бастапқы нөлдік кезеңде (1998-2000 ж. ж. ) экономикалық өсу келесі бағыттарда жүргізілді:
- Қатаң монетарлық саясатты үздіксіз жүргізу. Инфляция деңгейін 1998 жылғы 10 пайыздан, 2000 жылы 5 пайыздан асырмау шаралары көзделді;
- Еліміздің жаппай инвестициялық жағдайын жақсарту үшін заң шығару жетілдірілді;
- Шетел инвестицияларын белсенді тарту, оларды көлемді және нәтижелілігі туралы халыққа баяндап отыру көзделді.
Ал қазіргі күнде Қазақстан стратегиялық бағдарламаның бірінші кезеңінде (2001-2010 ж. ж. ) тұр. Бұл кезеңде келесідей мақсаттарды жүзеге асыру көзделген:
- Бес жылдық ауылды дамыту жоспарын белгілеу және ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын көтеру;
- Жеке меншіктің, яғни жерге деген жеке меншік проблемасын шешу;
- Тұрғын мәселесін шешу мен кедейлікпен күрес шараларын бекіту;
- Қазақстанда әлеуметтік жағынан жоғары орта топ деңгейін қалыптастыру;
- Зенетақ, жалақы мөлшерін үнемі мемлекеттік бюджетті көтеру арқылы өсіріп отыру;
- Шетел инвестицияларын тиімді пайдалану және өндірістік орындарды көбейту мен қатар экспортқа бәсекелік қабілеттілігі жоғары өнім шығару;
- Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке ену.
Соңғы жылдары Қазақстанда мароэкономикалық тұрақтануы байқалуда. Бұл мемлекеттің бюджетнің тапшылығын қысқарту мен қатал монетарлық саясатты дәйекті жүргізудің арқасында қол жеткізілді.
Егер инфляция шектен тыс асып кетсе, ұлттық валютаның бағамы экономиканың жалпы жағдайы мен көзделіп отырған стратегиялық ұмтылыстарға сай келмесе, ал өсім қойылымдары нақты сектор үшін жоғары болып, оған қол жеткізу мүмкін болмай қалса немесе нақты сипатында теріс болып отырса, алға қойған мақсаттардың іке асу мүмкіндігі тарылады.
Қазіргі таңда Қазақстанда инфляция тұрақты деңгейге түсіп, елдің стратегиялық күшті экономикалық ілгерілеуге бағыттауына септігін тигізуде. Бұл орайда Қазақстан үшін экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға, фискальды және монетарлық қатң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа басты назар аудару қажет.
Жеке меншік тнституттары жерге деген құқықтың, сондай-ақ меншік құқықтарын және келісім-шарттардың орындалуын қорғайтын заң жүйесін құрудың есебінен нығайту көзделген.
2010 жылға дейінгі бірінші кезеңде өз мүмкіндіктері мен бәсекелестік қабілеті тұрғысынан келешегі бар еңбекті қажет ететін салаларға көңіл бөлуді қажет етеді.
Бұл басымдық тәртібімен айтар болсақ - ауыл шаруашылығы, орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, туризм, тұрғын үй құрылысы және инфрақұрылымды жақсарту көзделген. Осы салаларды дамыту арқылы қазақстан экономикасының құрылымдық мәселелері ғана емес, жұмыспен қамту және кедейлікпен күрес мәселелерін де шешуге мүмкіндік береді. Бұлар қазіргі таңдағы ерекше маңызды проблемалардың бірі.
Экономикалық өсудің Қазақстан экономикасы үшін маңызды екені баршамызға аян. Қарқында экономика болмайынша халықтың әлеуметтік мәселелерін қаржыландыру, қоғамды жемқорлық пен қымыскерліктен қорғау мүмкін емес. Сондықтан да бұл басымдық бүгін де, ертең де өз құнын жоймайтын маңызды басымдықтардың бірі болып қала береді.
ІІ ТАРАУ. ЭКОНОМИКАНЫ ТИІМДІ БАСҚАРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ
2. 1. Қазақстан экономикасын көтерудегі энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану
Қазақстан табиғи ресурстардың, әсіресе энергетика ресурстарының орасан зор қорына ие. Шетел қорының потенциялдық құны 9 трилионға долларға бағаланады. Дәстүрлі энергетикалық ресурстарының көздерінен басқа республикада күн және жол энергияларын пайдаланудың келешегі зор.
Бірақта, алғашқы кезеңде республикада өзінің ішкі қажеттілігін қамтамасыз ете алмайды. Оған себеп, қажетті инфрақұрылымның жоқтығы саналады. Ал қажетті қатынас жолдардың, құбырлардың жоқтығы мұнайды және газды сыртқы нарыққа экспорттауды дамыта алмай отыр.
Бұл өз кезегінде әлеуметтік-экономикалық жоспарлауды орындау үшін табыс табудың мүмкіншілігін күрт төмендетуде.
Қазақстанның 2030 жыға дейінгі даму стратегиясында энергетикалық ресурстарды пайдаланудың келесідей бағыттары көзделген.
- Біріншіден, халықаралық технологияны, ноу-хауды және капиталды таратуды жақсарту ұшін басты халықаралық мұнай компаниямен ұзақ серіктестер ұйымдастырылады. Келісіл-шарттарды Қазақстанның мүддесін көздейтін, экологиясын, өз адамдарының жұмыспен қамтылуы мен даярлауын, әлеуметтік міндеттерін шешу көзделген. Қазақстан табиғи ресурстарды пайдалануда үздік әлемдік практикаға сәйкес келетін және Қазақстанның мүдделеріне жауап беретін орнықты келісімдерге мүдделі. Екіншіден, мұнай мен газ экспорты үшін құбыр арналарының жүйесін құру. Осының арқасында республика бір серіктестен (Ресей), және бір тұтынушының монополиялық бағасын тәуелді болудан құтылады. Үшіншіден, отын ресурстарын пайдалану жөніндегі стратегия әлемдік қауымдастықтың ірі елдерінің мүддесін Қазақстанға, оның әлемдік отын өндіруші ел ретіндегі рөліне бағытталуы.
Қазақстанның мұнай-газ бизнесінде АҚШ, Ресей, Қытай, Жапон және Батыс Еуропа мемлекетері қатысады. Бұл елдер мен компаниялардың біздің республикамыздың тұрақты және тұрлаулы негізінде экспорттауға деген экономикалық мүдделері Қазақстанның тәуелсіз және қарыштап дамуына жәрдемдесетін болады.
- Төртіншіден, шетел инвестицияларын тарту арқылы ішкі энергетика инфрақұрылымын құру мен дамытуды, ішкі қажеттілік пен тәуелсіз бәсекелестік проблемаларын шешу. Бесіншіден, ресурстардан түсетін келешек кірістерді барынша үнемшілдікпен пайдалану және олардың бір бөлігін болашақ ұрпақтар үшін жинақтау.
Қазақстан өзінің стратегиялық ресурстарын қатаң бақылауға алып, үнемшіл болуға әрі қаражатты ұқыпты жұмсап, олардың бір бөлігін жинақтауға негіздеу.
Қазақстан Каспий құбыр консорциум (КҚК) 2000 жылы іске қосылды. Бұдан өзге Жерорта теңізіне Парсы шығанағына, Арал теңізіне және Қытайға шығатын альтернативті құбырларды қаржылау және салу мәселелері талқылануды.
Энергетиканы Қазақстандық өнеркәсіпке, тұрғын үйлерге және халықаралық нарыққа шығару үшін газ құбырлары салынады. Каспий жағасындағы мұнайды, Қарашығанақ газ конденсет кен орындарындағы газды барлау, шығару және тасымалдау жөніндегі келісімдерге қол қою көзделуде.
Қазақстан халқының әлеуметтік, әл-ауқатын көтеру бағдарламасы.
Экономикалық ілгерілеу біздің азаматтарымыздың игілігіне өздігінен керілдік бере алмайд. Гүлденген экономика жағдайында-ақ өз денсаулығын дұрыс күтпеуінің және қоршаған ортаның ластануы салдарынан науқас адамдардың саны жылдан-жылға өсіп отырғанын көзге елестету қиын емес.
Қоғамымызды құруымызға қарай азаматтардың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін күш салу керек. Бұл мақсатты іске асыруда біздің стратегиямыз мынадай құрамдас бөліктерден тұрады:
- Ауруды болдырмау және салауатты өмір салтын ынталандыру. Мемлекеттің бір жағынан ауруды болдырмауы, екінші жағынан, салауатты өмыір салтын ынталандыруы жөніндегі қадамдары халықтың денсаулығына әсер ететін маңызды фактор екенін әлемдік тәжірибеде көрсетіп отыр. Аурудың алдын алу, таза су мен кенеулі асты пайдалануды, тазарту жүйелерінің болуын, экологиялық зиян келтіретін объектілерді қысқартуды, басқа да қауіпті факторларды төмендету жөніндегі осыған ұқсас шараларды білдіреді. Жалпы бұл жағдайлар мемлекеттің экономикасындағы халықтың әл-ауқатын көтеру саясатының негізінде жүзеге псырылып отырады.
- Әйел мен бала денсаулығын жақсарту. Анамен баланың денсаулығын қорғаубіздің мемлекетіміздің, денсаулық сақтау органдарының, жұртшылықтың тікелей назарында болады. Мемлекеттік бюджеттің өсуі мемлекет үшін де, отбасын қолдауға тиімді демографиялық саясат үшін де, қолайлы нысанда аналар мен балаларға мемлекеттік қолдау көрсетуге қаражаттың бар болуын қамтамасыз етеді. Қазақстанның жүргізіп отырған әлеуметтік қорғау саясаты ана мен баланы қорғауға кепіл бола алады. өйткені қайбір мемлекет болмасын ана мен бала мәселесіне келгенде ешқан сай қаржы немесе басқа да көмек шараларын аямасы анық. Біздің елімізде ана мен баланың денмаулығын көтеру, дұрыс тамақтануын қадағалау, әрбір отбасы мүшелеріне белгілі бір мөлшерде (мемлекет қазанасынан жылда өсіп отыратын) жеңілдіктер мен қаржылық көмектер көрсетіліп отырылады. Жалпы қазақ халқы ана мен бала өміріне ерте кездерден-ақ көңіл бөліп келген. Осыған байланысты біз өз отбасыларымыз бен ана және бала мәселесіне үнемі көңіл бөліп отырамыз.
- Тамақтануды, қоршаған орта мен экологияның тазалығын жақсарту. Экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің 20 пайызына себеп болып отыр, ал кейбір аймақтарда жағдай бұдан да ауыр мүшкілде. Отандастарымыздың үштен бірі сапасыз ауыз суды пайдаланады. Жеткілікті және дұрыс тамақтанбау да теріс демографиялық жағдайға әкеліп соғады. Сондықтан мемлекетімізде әрбір адамның дұрыс тамақтану мен ауыз суға ерекше көңіл бөлінуде. Мемлектіміздің осы саладағы мамандары қалай дұрыс тамақтану керек екендігін, табыс дәрежесіне қарай өз рационын қалай құру керек екндігін, қазіргі заманғы жеке басының тазалығының ережелерін орындауды, сапасыз ауыз судың зиянын қалай тигізбеуді бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа түсіндіруде. Экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер мен стандарттау органдары қойылған мақсаттардың басымдығына сәйкес жұмыс жүргізуде. Кез-келген сапасыз тамақтың сыртан келетін мөлшеріне қатты қадағалау жүргізілуде.
Жалпы осы саясатты жүзеге асыруда мемлекеттік веомствалардың басшылары үнімі қадағалау жүргізіп отырады.
Сонымен қатар мемлекетіміздің халықты әлеуметтік қорғау және әл-ауқатын көтеру бағдарламасы көптеген шаралар арқылы жүргізіліп жатыр. Мысалы, ауыл жылы деп жарияланған жылдан бастап ауылдағы денсаулық жағдайы мен білімді сапаландыру саясаты біршама жақсы нәтижелерін беруді. Бұл көптеген мемлекетіміздің тәуелсіздігін алғаннан кейінгі қиын-қыстау кезеңіндегі жабылып қалған немесе орындары және мектеп, кітапханалар қайта ашылып өз қызметтерін жоғары деңгейдегі жағдайда жүргізуде.
Мемлекетіміздің жылдан-жылға экономикасының қарқынды өсуі мен бюджеттінің толықтырылуы әлеуметтік салада біршама игі істер атқаруға мүмкіндік беруді. Биылғы жылғы Қазақстан Республикасының Президентінің 19 наурызда халыққа жолдауында да әлеуметтік мәселеге баса назар аударылған. Атап айтсақ, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету, зейнетақының ең төменгі мөлшерін 6200 теңгеге дейін көтеру, денсаулық және білім беру салаларын жетілдіру жолдары қарастырылған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz