Архивтеу программалары. Файлдарды архивтен шығару



Жоспар
І Кіріспе
Архивтеу программалары
ІІ Негізгі бөлім
1.1. Архивтік файл
1.2. Архивке файл енгізу
1.3. Файлдарды архивтен шығару
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған ә

Жоспар
І Кіріспе
Архивтеу программалары
ІІ Негізгі бөлім
1. Архивтік файл
2. Архивке файл енгізу
3. Файлдарды архивтен шығару
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған ә

АРХИВТЕУ ПРОГРАММАЛАРЫ

Файлдарды архивтеудің қажеттілігі

Қатты дискінің көлемі қаншалықты үлкен болғанымен ол шектелген, жаңа
мәліметтерді жазуға дискіде орын болмай қалуы мүмкін. Бұл мәселені шешудің
жолы - қажет емес файлдарды жою. Ал егерде қажет емес файлдын бәрін
жойғаннан кейін де дискіде орын болмаса, мұндай жағдайда дискідегі орынды
файлдың көлемін азайту үшін мәліметтерді сығылған түрде компьютерде
сақтауға орналған арнайы Архиватор программалар бар. Файлдың не файлдар
топтарының сығылу процесі Архивтеу деп аталады.
Дербес компьютерді пайдалану кезінде әртүрлі себептермен магниттік
дискідегі (МД) информацияны жоғалтып немесе бүлдіріп алуымыз мүмкін.
Бұл МД-нін физикалық ақаулықтарынан, абайсызда ойламаған жерден
файлдарды өшіріп алудан немесе оларды түзету кезінде кеткен қатеден,
компьютерлік вирустар әсерінен информацияның бузылуынан, файл эталоңдарын
сақтауды талап етуден және т. б. болуы мүмкін. Осындай жағдайларда шығатын
шығынды азайту үшін файлдардың архивтік көшірмесін алып, оларды тұрақты
күйде жаңалап отыру керек.
Архиваторлар - дискідегі орынды үнемдеу үшін файлдың көлемін
кішірейтіп сақтауға мүмкіндік беретін программалар тобы. Олардың сақтау
тәсілдері әртүрлі болғанымен, жалпы қызметін былай түсіндіруге болады:
файлда қайталанатын фрагменттер болады, оларды түгелдей дискіде ұстаудың
ешқандай қажеті жоқ. Сондықтан архив жасауға мүмкіндік беретін
программалардың жалпы қызметі — файлда қайталанып тұратын фрагменттер
орнына қысқаша басқа мелімет жазып, кейіннен оларды өз реттіліктерін сақтай
отырып алғашқы қалыпқа келтіретін мүмкіндік болуы тиіс.
Әрине архиватордың әртүрлі мәліметтер үшін тиімділігі әртүрлі болатыны
өз-өзінен түсінікті, мысалы, текстік файлдарды екі есеге жуық, ал
бояуларының қоюлығы онша емес сүр түсті суреттерді (PCX немесе BMP тәрізді
форматтағы) қанықтылық ерекшеліктеріне қарай екі-төрт тіпті он есеге дейін
тығыздан қысуға болады.
Архиваторлар файл көлемін 10—70%-ке дейін кішірейтуге мүмкіндік
береді.
Әдетте 20 Мб дискіні көшіру (СОРУ командасы арқылы) 60-қа дейін дискет
(көлемі 360 кб-тай) қажет етеді, ал архиватор көмегімен бұл көлемді 2 есе
қысқартуға болады. Сондықтан мәліметтерді қысылған, кішірейтілген көлемде
сақтауға мүмкіндік беретін арнайы архиватор-программалар жасалады.
Файлдарды архивтеуге арналған программалар дискідегі файлдар
көшірмесін қысылған күйде архивтік бір файлға орналастыруға, кейіннен
файлды архивтен шығарып алуға, архив мазмұнын көруге, т. б. істер атқаруға
мүмкіндік береді. Архивтік программалар бір-бірінен қысылған файлдың
форматымен, жұмыс істеу жылдамдығымен, архивке орналастырғандағы файлды
қысу деңгейі сияқты әртүрлі мүмкіндіктерімен айрықшаланады. Архивтеу
программалары тегін (SHAPEWARE) немесе белгілі бір сомаға делдалдық әдіспен
таратылады. Олардың ішінде кең таралған архиваторлар тобына ARJ, RAR, PKZIP
және PKUNZIP тәрізді программалар жатады. Бұлардан басқа да архиваторлар
бар.

Архивтік файл

Архивтік файл - қысылған күйде бір файлға енгізілген, қажет болғанда
бастапқы күйіңде шығарып алуға болатын бір немесе бірнеше файлдың жиынтығы.
Оның мазмұны (архив құрамындағы қысылған файлдар тізімі) және әр файлдың
сақтаулы циклдік бақылау коды болады. Архив құрамындағы әрбір файл үшін
оның мазмұны тәрізді мынадай ақпараттар сақталады:
- файлдың аты;
- файл орналасқан каталог туралы мағлұмат;
- файл көлемінің дискідегі бастапқы және архивтегі қысылған түрдегі
мөлшері (байтпен беріледі);
- архив бүтіндігін тесеруге арналған әр файлдың циклдік бақылау коды.

ARJ архиваторы программасын қолдану

Бұл программаның бірнеше нұсқасы бар. АRJ программасын қолдану
командасның форматы мынадай:
ARJ режимдері [-параметр [-параметр...]] архивтік файлдың аты
[файлдың аты [файлдың аты...]]
ARJ программасының режимдері: ARJ программасының орындай алатын
бірнеше функциялары бар. Қажетті функцияны таңдау программаны шақыру
кезіндегі командалық қатарда белгілі бір латын әрпін көрсету арқылы
орындалады.
ARJ программасы функциясын көрсету команда кодын және оның режимін
енгізу жолымен жүзеге асырылады. Команда коды бір әріптен тұрады, ол бірден
программа атынан кейін көрсетіледі, ол программа орындауы тиіс жұмыс түрін
анықтайды. Мысалы: A (add) - архивке файл енгізу, T(tеst) — архивті тест
арқылы тексеру, Е (extract) — файлды архивтен шығарып бастапқы қалыпқа
келтіру, D (delete) -архивтегі файлды жою және т. с. с.

Архивке файлдар енгізу

Архивке файлдар енгізу үшін мынадай команда форматы пайдаланылады:
ARJ команда режимдер архив-аты [каталог\] [файлаттары]...
Команда параметрлері:
команда - ARJ командасы үшін орындалатын жұмыс түрін көрсететін бір
әріптен тұратын команда аты, мысалы, A — архивке файл енгізу, М - архивке
файлдарды жылжыту және т. с. с;
режимдер — "-" немесе "" таңбаларынан басталатын режим атаулары, олар
команда атқаратын жұмысты айқындайды не анықтайды;
архив-аты — өңделуге тиіс архивтік файлдың аты, бір сөзден тұрады.
Егер мұндай атты архив болмаса, онда осы жұмыс барысында ол пайда болады.
Бұл файлдың заты көрсетілмесе, ол ARJ болып саналады;
каталог - архивке енгізілуге (шығарылуға) тиіс файлдар орналасқан
каталог аты. Каталог атын нақты түрде көрсете отырып, басқа каталогтағы
файлдарды осы архивке енгізуге болады. Егер каталог аты көрсетілмесе, онда
ол ағымдағы каталог болып есептеледі;
файл-аттары - архивке енгізілетін (шығарылатын) файл аттары. Мұнда
оларды топтайтын нұсқа таңбаларды (? және *) қолдануға болады. Егер файл
аттары көрсетілмесе, онда ағымдағы каталогтың барлық файлдары өңделеді.
Файлдарды қысу деңгейін көрсету. Келісім бойынша, ARJ программасы
жылдам жұмыс істеп, файлдарды ең жоғарғы деңгейге жақын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Файлдарды архивтендіру
Ақпараттарды ықшамдау (архивтеу)
Информатиктерге архивтеу туралы аздаған жаңалықтар
Архивтеу программалары. файлдарды архивтеудің қажеттілігі
Архивтеу бағдарламалары
Архивтік файл
Архиваторлар
Сервистік бағдарламалар
Файлды архивтеудің қажеттілігі
Файлдарды архивтеудің қажеттілігі
Пәндер