ҚР банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуын қарастыру


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі. Нарықтық экономика жағдайында банктердің қызметінің маңыздылығы зор, олар уақытша қолданылмаған ақша қаражатын жинақтап, оларды салалар мен аймақтар, кәсіпорындар мен халықтар арасында қайта бөлумен қатар, экономиканы қосымша капиталмен қамтамасыз етіп, сайып келгенде қоғамдық байлықты көбейтуге негіз қалайды.

Негізінен банктер, уақытша бос ақша қаражатын тарту, жинақтау және оның қарыз капиталына айналдыру, кәсіпорындарға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы қағаздармен операция жүргізу, ақша айналымын реттеу, айналысқа несие құралдарын шығару, экономикалық және қаржылық кеңес беру сияқты қызметтер атқарады.

Банк - нағыз өндіруші күш болып табылады. Банк қызметі экономикаға тікелей қатысты: ол өндірісті үзіліссіз ете алады және жеделдетеді, сонымен бірге қоғамның байлық қорын арттыра түседі. Банктер материалдық өнімнің ұлғаюын және еңбектің табыспен алмасуын жүзеге асыруға бірден бір қабілетті. Экономиканың жағдайына қарап банктің активтілігін анықтайды. Бұл дұрыс тұжырым, бірақ: банктің активтілігін қарастыра отырып та, қоғамның жалпы экономикалық дамуын білуге, анықтауға болады.

Банк бизнеспен айналысатын өзінше өзгешелігі бар кәсіпорын болып табылады. Ол несие ресурстарын қосымша ақшалай қаражатқа мұқтаж кәсіпорынға, ұйымға, кооперативке, халыққа, мемлекетке, төлем негізінде беретін мекеме болып табылады. Соңғы уақыттағы жаһандық деңгейдегі өзекті мәселелердің бірі әлемдік қаржы дағдарысы екендігі белгілі.

Мемлекет экономикасының тұрақтылығы көбінесе банк қызметінің тұрақтылығына байланысты. Ел басымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандықтарға арнаған биылғы “Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” атты Жолдауында еліміздегі қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен орнықтылығын қамтамасыз етудегі жаңа міндеттер айқындалғандығы белгілі. Сондықтан, банк секторының сыртқы міндеттемелері үлесінің оның міндеттемелерінің жиынтық көлемінде төмендеуін қамтамасыз ету және банктердің экономикаға оның дағдарыстан кейінгі қалпына келуі мен дамуына жігерлі түрде әсерін тигізуі керек. Банк жүйесінің жай-күйі Қазақстанның экономикалық тұрақтылығы үшін өте маңызды. Осыған орай мемлекетіміздің банк жүйесінің қаржы дағдарысына тойтарыс беріп және болашақта қарыштап дамуы жұмыстың өзектілігі болып табылады.

2007 жылдың екінші жартысында басталған әлемдік қаржы нарықтарындағы дағдарыс Қазақстанның банк жүйесінің дамуына елеулі түрде әсер етті. Бұл отандық банктердің сыртқы қаржылық ресурстарды тарту мүмкіндіктерін төмендетуде, ал, ізінше, ішкі экономикаға несие беру көлемін қысқартуда көрінді. Бұдан басқа, әлемдік нарықтағы азық-түлік тауарлары бағасының шапшаң көтерілуі салдарынан экономикаға инфляциялық қысымды едәуір күшейтті.

Дүниені дүрліктірген қаржы дағдарысы әлемдік қаржы жүйесінің шеңберінен шығып, нақты секторларға да теріс ықпалын тигізе бастады. Оның басты әсері әлемдік экономиканың өсу қарқынының, тауарлар мен қызмет көрсету түрлеріне деген жаһандық сұраныстың төмендеуінен айқын байқалуда.

Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ұлттық Банкі мен Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі әлемдік қаржы және тауар нарықтарындағы тұрақсыздықтың теріс салдарын жұмсартуға бағытталған бірінші кезектегі шаралар кешенін жедел қабылдады және іске асырды.

Өтімділіктің жаһандық тапшылығын тудырған қаржы дағдарысының екінші толқыны әлемдік қаржы жүйесінің шеңберінен шықты және нақты секторға едәуір теріс әсер етті. Осының нәтижесінде әлемдік экономиканың өсу қарқынының едәуір және, ізінше, тауарлар мен қызмет көрсетулерге жаһандық сұраныстың баяулауы байқалады. Бұл отандық экономиканы тұрақтандыру және оңалту жөнінде жаңа қосымша шаралар қабылдауды талап етеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық Банкінің және Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау үшін әзірленді және жаһандық дағдарыстың Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық ахуалға теріс салдарын жұмсартуға және болашақтағы сапалы экономикалық өсу үшін қажетті негізді қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін айқындайды.

Жұмыстың негізгі мақсаты - ғаламдық дағдарыс жағдайындағы Қазақстан Республикасының банк секторының дамуын қарастыру, олардың қаржылық жағдайына талдау жасау және дамуындағы мәселелерді анықтау, жетілдіру шараларын ұсыну болып табылады.

Қазір банктердің кең таралған жүйесінсіз үйлесімді дамыған мемлекетті елестете алмаймыз. Банктер экономикадағы негізгі қозғаушы тетік қызметін атқарады, яғни олар арқылы мемлекеттің экономикалық-саяси қуатты дамуы мүмкін болады.

Диссертациялық зерттеудің қойылған мақсаттарына сәйкес келесідей негізгі міндеттер анықталады:

1) ҚР банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуын қарастыру

2) Шетелдердің ғаламдық қаржы дағдарысын игеру тәжірибелеріне тоқталу

3) Қаржы дағдарысы кезіндегі Қазақстанның коммерциялық банк жүйесінің 2007-2009 жылдардағы жағдайын бағалау және талдау жасау

4) Қаржылық дағдарыс жағдайында коммерциялық банктердің өтімділігін қамтамасыз ету мәселелерін ашу

5) Қазақстан үшін әлемдік дағдарыс салдарларын жою мен банк жүйесін тұрақтандыру бағдарламаларын қарастыру

Зерттеу объектісі - бүкіл әлемді шарпыған ғаламдық қаржы дағдарысының Қазақстанның коммерциялық банктерінің қызметіне әсер етуін талдау.

Зерттеу пәні - қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері қызметінің теориялық және тәжірибелік мәселелері.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы - банктік жүйенің өтімділігін қамтамасыз ету және ресурстық базаны ұлғайту; бюджеттің уақытша бос қаржыларын коммерциялық банктердің салымдарына орналастыру арқылы банктердің өтімділігін қамтамасыз ету; ішкіэкономикалық және әлеуметтік құрылымдарды модернизациялау арқылы қаржы дағдарысынан шығу.

Жұмыстың апробациясы және жариялануы - диссертациялық жұмыстың негізгі қағидалары мен нәтижелері халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар жинағында басылды: «Қазіргі кездегі ҚР-ның экономикасындағы аграрлық саланың даму басымдықтары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары, Семей қаласы ҚазҚЭА -11 желтоқсан 2009 жыл; «ҚР-ның екінші деңгейлі банктерінің несиелік қоржыны сапасын бағалау» ҚазҚЭА Хабаршысы №1(6), 2010жыл; «Коммерциялық банктердің өтімділігін қамтамасыз ету мәселелері» баспада, шығатын жері ҚазҚЭА Хабаршысы №2(7), 2010жыл.

Диссертациялық жұмыстың көлемі мен құрылымы. Диссертациялық жұмыс мазмұннан, кіріспеден, негізгі бөлім мен қорытынды және 54атаудан тұратын қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың негізгі көлемі 64 бет, соның ішінде 9 кесте, 9 сурет, қосымшалар келтірілген.

1 Қазақстанның банк жүйесі дамуының теориялық аспектілері

1. 1 Банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуының концептуальдық негізі

Қазақстан банк жүйесінің қалыптасу процесінің тарихы әріде жатыр. Қазақстан банк жүйесінң тарихы революцияға дейінгі Ресей мен КСРО тарихымен тығыз байланысты. Патшалық Ресейдің банк жүйесіне мыналар кіреді: Мемлекеттік банк, акционерлік банктер, өзара кредит қоғамдары, қалалық банктер, ипотекалық кредит банктері және басқа кредит мекемелері.

Ресей мемлекеттік банкі (өз қызметін 1860 жылы бастаған) бүкіл кредит жүйесіндегі Орталық банкі болды. Оған қағаз ақшаларды айналымға шығарудың монополиялық құқығы берілді. Ресейдің мемлекеттік банкі 1914 барлық акционерлік коммерциялық банктердің салымдары мен ағымдағы есептерінің жартысынан астамын, есеп-ссуда операцияларының 1/3-ке жуығын өзіне тартқан еді. Өзге елдердің эмиссиялық банктерінен бір өзгешелігі, Ресейдің Мемлекеттік банкі банктерді ғана емес, сондай-ақ өнеркәсіпті, сауданы, дайындауды да несиеледі. 1914 жылға таман оның 10 кеңесі, 124 бөлімшесі және мемлекеттік қазынашылықтың 791 тіркеме кассасы болды.

Акционерлік коммерциялық банктер (743 филиалы бар 47 банк) ссуда капиталы нарығында басым жағдайға ие болып, 1914 жылға таман шоғырланудың жоғары деңгейіне жетті.

Орташа және ұсақ буржуазияға қызмет көрсету үшін шағын кредит мекемелері жұмыс істеді: өзара кредит қоғамдары (11081), қалалық қоғамды банктер (343) болды.

Ипотекалық кредит жүйесі мемлекеттік дворяндық жер банкінен және мемлекеттік жер банкінен, 10 акционерлік жер банктерінене, 36 қалалық кредит банктерінен және ипотекалық кредиттің өзге де банктерінен тұрды.

Өзге кредит мекемелері арасында ауылдың ауқатты бөлігіне қызмет көрсететін кредит кооперациясы неғұрлым кең тарады. Ол ссуда-жинақ кассаларынын және кредиттік серіктестіктерден тұрды[6] .

1917 жылы қазан төңкерісінен кейін бенк ісін ұйымдастырудың мемлекеттік монополия принципі жүзеге асырылды. Елде Мемлекеттік банк құрылды, кейіннен, жеке меншік коммерциялық және басқа банктерді национализациялау нәтижесінде мемлекетке тиесілі салалық және аумақтық банктер құрылды. Мемлекеттік еңбек жинақ кассалары банк жүйесі буындарының біріне айналды. Мемлекеттік банктермен бір мезгілде кеңес өкіметінің алғашқы жылдары кооперативтік және жеке меншік, мемлекеттік-капиталстік, соның ішінде шетелдік капиталдың қатысуымен мемлекеттік емес кредиттік мекемелер де құрылды. 1922 жылы ауыл және ұсақ қолөнерді жандандыру мақсатын көздеген кредит және несие-жинақ серіктестіктері мен олардың одақтары ұйымдастырылды. 1924 жылы ауылшаруашылық кооперациясына салымдар қабылдау, қарыз беру және есеп айырысуда делдалдық жасау сияқты кредиттік операциялар жүргізуге рұқсат етілді. 1926 жылғы 1 сәуірде КСРО-да 16185 серіктестік, олардың ішінде 2426 кредит және қарыз-жинақ серіктестігі және кредиттік функциялары бар 12424 ауыл шаруашылық серіктестігі болды.

1922 жылдан бастап жеке меншік сауданы, өнеркәсіпті кредиттеу үшін өзара кредит беру қоғамдары, сондай-ақ шетелдік капиталдың қатысуымен мемлекеттік-капиталистік акционерлік Оңтүстік-Шығыс банкі және Ресей коммерциялық банкі құрылды[6] .

Экономиканың социолистік секторының дамуына орай кооперативтік және жеке меншік кредиттік органдар өз маңызын жоғалтып, өмір сүруін доғарды. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру кредиттік коорерацияны жарамсыз етіп, ол 1931 жылы жойылды, жекеменшік сектордың сауда және өнеркәсіп саласынан ығыстырылуы өзара кредиттеу қоғамының қызметін тежеді. Өзге кредиттік органдардың функциялары мемлекеттік салалық банктерге: 1922-1925 жылдары құрылған Промбанкке, Цекомбанкке, Орталық Ауылшарбанккке және басқаларға берілді.

1930-1932 жылдары КСРО-да жүргізілген кредиттік реформаның нәтижесінде жаңа принциптер негізінде салалық банктер ұйымдастырылды. Күрделі салымдарды қаржыландыру және кредиттеу үшін 4 арнайы банк құрылды.

Өнеркәсіп пен электр шаруашылығын ұзақ мерзімге кредиттеу банкінен қайта құрылған Өнеркәсіпті және Электр шаруашылығының күрделі құрылысын қаржыландыру банкі (Промбанк) бөлініп шықты. Ол 1959 жылы КСРО Промбанкі болып қайта ұйымдастырылды.

Толып жатқан кредиттік серіктестіктер мен республикалық ауыл шаруашылық банктерінің орнына құрылған Социалистік жер өңдеуді қаржыландыру банкі (КСРО Ауылшарбанкі) 1959 жылы таратылып, оның функциялары КСРО Госбанкі (Мембанк) мен Стройбанкі арасында бөлінді.

Бүкіл ресейлік кооперативтік банктің негізінде Кооперацияның күрделі құрылысын қаржыландыру банкі (Всекобанк) құрылды. 1936 жылы Всекобанк жойылып, оның активтері мен пассивтері жаңадан құрылған КСРО Торгбанкіне берілді, ол өз кезегінде 1959 жылы таратылды.

Коммуналдық және тұрғын үй құрылысын қаржыландыру банкі (Цекомбанк) 1959 жылы жойылып, оның функциялары КСРО Стройбанкі мен Госбанкі арасында бөлінді [6] .

Осы салалық банктердің барлығы да салаларды қаржыландырумен және ұзақ мерзімді кредиттеумен айналысты. Ал КСРО Госбанкінде халық шаруашылығының барлық салаларын қысқа мерзімге кредиттеу шоғырландырылды. Бүкіл кредиттік жүйенің орталық және жетекші буыны ретінде КСРО Госбанкінің ролі өсе түсті. Барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу және ағымдағы есептері КСРО Госбанкінде тоғысты.

Барлық одақтас республикаларда, соның ішінде Қазақстанда да барлық банктердің республикалық мекемелері ұйымдастырылды. Бұл орайда банк ісіе орталытандыру принципі, банк мекемелерінің банктердің жоғары органдарға бағынуы, қандай да болмасын жергілікті тәртіптерді белгілеуге жол бермеу принципі сақталды.

Сондай-ақ ақша айналымын бір банкке шоғырландыру принципі жүзеге асырылды, яғни әрбір кәсіпорын, ұйым немесе мекеме бір банкте есеп айырысу немесе ағымдағы есебіне ие бола алды. Осы банкте олар өз қаржысын сақтап, кредит пен қолма-қол ақша алды, сол арқылы барлық қолма-қол ақшасыз есеп айырысуларын жүргізді.

КСРО-да банк реформасы 1987-1988 жылдары жүргізілді. Мұның нәтижесінде КСРО Госбанкі мен Стройбанкі мекемелерінің негізінде Промсртойбанк, Агропромбанк және Жилсоцбанк құрылды. КСРО Госбанкі құрамында болған жинақ кассалары негізінде Сберагательный (Жинақ) банк, ал Внешторгбанк негізінде Внешэкономбанк құрылып, КСРО Госбанкі кәсіпорындар мен ұйымдарға касса және кредит-есеп айырысу қызметтерін көрсетуді доғарды. Ол елдің Орталық банкі болып жарияланды.

КСРО Промстройбанкіне кредит саясатын жүргізу, күрделі салымдар жүйесінің тиімділігін арттыру, сондай-ақ өнеркәсіпте, құрылыста, көлік пен байланыста, КСРО Госнабы (Мемелекеттік қамтамысыз ету мекемесі) жүйесінде есеп айырысу жүктелді. Банк осы салалар кәсіпорындары мен бірлестіктерінің есеп айырысу, қарыз және басқа есептерін жүргізді. Агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындарына КСРО Агропромбанкі де осындай кешенді кредит-есеп айырысу қызметін көрсетті, әлеуметтік саламен, сауда кәсіпорындары және ұйымдарымен КСРО Жилсоцбанкі айналысса, КСРО Сбербанкі халыққа қызмет көрсетті. КСРО Внешэкономбанкі экспорт-импорт операциялары бойынша есеп айырысуды ұйымдастыруду мен жүргізуді қамтамасыз етті [7] .

Мамандандырылған банктер құрылымы әкімшілік-аумақтық принцип бойынша түзілді. Одақтас республикаларда республикалық банктер, өлкелер мен облыстарды басқармалар ұйымдастырылды. Аудан немесе қала деңгейінде банктердің өз мекемелері болды. Олар әуелгіде мынадай принцип бойынша құрылды: ауданда клиенттері осы ауданда басым болатын мамандандырылған банктердің бірден-бір мекемесі болды. КСРО Сбербанкі мекемелері әр ауданда, колхоз бен совхозда болғандықтан, бұл ережеден тыс болды. Мамандандырылған банктердің (Сбербанктен басқалары) төменгі буыны мамандануына қарамастан аталған аудандардың барлық клиенттеріне қызмет көрсетті. Шын мәнінде банктердің мамандандырылуы басқару деңгейінде ған көрінді, ал төменгі буындар әмбебап кредит мекемелеріне айналды. Оларға ауданның барлық клиенттеріне, яғни барлық салалар кәсіпорындарының қызмет көрсетуге тура келді.

Олардың банктер саны бойынша 4 кредиттік жоспары болды. Аталған банктердің салалық қатыстылығ олардың клиенттерінің әмбебаптылығымен қайшылыққа келді, мұныңөзі ең әуелі кридит ресурстарын қалыптастыруға байланысты бірқатар проблемаларды туғызды. Бұл қаржыны өзара аймақаралық есеп айырысу жүйесі арқылы банктен банкке бақылаусыз құю арқылы шиеленісе түсті. Әрбір банк өз ресурстары ауқымында жұмыс істеулері үшін КСРО Госбанкінде ашылған корреспонденттік есептер бойынша банкаралық есеп айырысуға көшу қажет болды.

Госбанктен бөлінген коммерциялық банктер әдетте мамандандырылған банктер ретінде жұмыс істеді, әрбір банк белгілі бір салада (өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы, сыртқы сауда) монополияға ие болды. Олар тапсырмаға сәйкес өз кәсіпорындарын осы кәсіпорындардың негізділігіне, өміршеңдігі мен табыстылығына қарамастан оларды аса төмен пайызбен кредиттеп келді. Бұл банктердің активтерінде шығында мемлекеттік кәсіпорындардың мерзімі өткен сапасыз қарыздары басым болатын[7] .

Жалпы алғанда банктерді мамандандыру идеясы банк жүйесінің жұмысын былықтырып жіберді, ол монополияландырудан босатқан жоқ, кредит тетігіне түбегейлі жаңалық енгізбеді, оның үстіне тіпті ебедейсіз болып, толып жатқан буын-түйіндерімен сипатталды, шығыны көп, пайдасы аз болды, төменгі буындар әлсірегенде жоғары буынның бюрократиялық аппараты өсе түсті. КСРО Госбанкінің ролі елеулі түрде төмендеді, ол мамандандырылған банктердің жұмысына пәрменді ықпал ете алмады.

Осы жағдайда банк реформасын жүргізу, батыстық үлгілерге ұқсас банк жүйесінің екі деңгейлік жүйесіне көшуді жүзеге асыру бірден-бір дұрыс жол болатын.

Банк құрылымын қайта құру госбанктің банк ісін монополиялануын жоюға тиіс еді. 1988 жылға дейін КСРО Госбанкі Орталық, коммерциялық және инвестициялық банктердің функцияларын орындап келген әмбебап кредит мекемесі болатын. КСРО Сройбанкінің Қазақ Республикалық кеңсесі қалада, өнеркәсіпте, көлікте және шаруашылықтың басқа да салаларында инвестицяларға қызмет көрсетті. Акционерлік негізде жұмыс істеген КРСО Внешторгбанкі валюталық және валютамен жүргізілген орперацияларға қызмет көрсетті.

КСРО-ның, соның ішінде Қазақстанның банк жүйесінде 70 жыл ішінде қатаң орталықтандыру мен шоғырландыру, кредиттік-банктік ықпал ету әдістиерінде әкімгершілік пен ұсақ жөн сілтеушілік, сондай-ақ шаруашылық органдарды қақпақылға салушылық басым болды.

Ақша-кредит қатынастарының қалыптасқан тәжірибесі туындап келе жатқан нарықтық қатынастарға сәйкес келмеді.

Социалистік эксперимент барысында қаржы нарығының ғасырлар бойы қалыптасатын институттары мен құралдары мақсатты түрде жойылды. Утопиялық идеологиялық тұжырымдамалардың негізінде бүкіл кредит жүйесін астына басқан және бәсекелестік элементтерін, жарыс пен тәуекел элементтерін толықтай жойған КСРО Госбанкі түріндегі кеспірсіз монобанк пирамидасы құрылды.

1990 жылғы желтоқсанда егемендік алғаннан кейін Қазақстан нарықтық экономика талаптарына жауап беретін өзіндік банк жүйесін құруға кірісті.

1991 жылдың қаңтарында-ақ елде банк реформасының және екі деңгейлі банк жүйесін құрудың бастамасы болған «Қазақ КСР-індегі банктер және банк қызметі туралы» Заң қабылданды. Республикалық Мемлекеттік банк Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі болып қайта құрылып, облыстық басқармаларымен және бөлімшелерімен бірінші деңгейді құрады. Республикалық Промстройбанк акционерлік-коммерциялық Тұранбанк банкі,

Агропромбанк-Қазақстан Республикасының акционерлік-коммерциялық Агроөнеркәсіп банкі, Внешторгбанк-Әлембанк акционерлік-коммерциялық банкі, Республикалық Сбербанк-Қазақстан Республикасының акционерлік-коммерциялық Жинақбанкі болып өзгертіліп, екінші деңгейді құрады. 1993 жылы бұл банктер акционерлік банктер болып, ал Жинақбанкі Қазақстан Республикасының Халық банкі болып аталды.

1989 жылдан бастап алғашқы коммерциялық, аралас, кооперативтік, жеке меншік банктер пайда бола бастады. Осы жылы Интеринвестбанк, КРАМДС-банк және басқа коммерциялық банктерқұрылды. Кейіннен банктер саны күртөсті. 1933 жылғы шілдеде ҚР Банктер ассоциациясы құрылды. Сөйтіп, 1988 бен 1991 жылдар аралығындағы кезең Қазақстанда банк реформасын жүргізудің алғашқы сатысы болды.

1992 жылдан 1993 жылдың соңына дейінгі кезең ақша реформасы мен банк жүйесін қалыптастырудың екінші сатысы болды. Ұлттық банктің Орталық банк функцияларын атқаруға біртіндеп көшуі, коммерциялық банктердің экстенсивті түрде қалыптастырылып, дамуы оның негізгі белгілері болды[7] .

Өзіндік ұлттық валютаны енгізу банктердің пайда болуына қуатты түрткі болды: нақ сол кезеңнен бастап банк жүйесінің күшті экстенсивті-интенсивті (сандық және сапалық) дамуы бастау алды. Ұлттық валютаның енгізілуі Ұлттық банктен ұлттық валютаның тұрақтылығы мен беріктігін сақтау жөнінде белсенді шаралар қабылдауды талап етті. Ұлттық банктің тәжірибесінің аздығына және Үкіметпен бірлескен жұмыс тәжірибесінің жоқтығына байланысты тұрақты ұлттық валюта идеясы 1994 жылдың орта тұсына дейін қиял күйінде қалды. Сол кезеңде тікелей қарыз алу жолымен бюджет зәрулігін қаржыландыру практикасы еріксіз сақталды. Ұлттық банк пен Үкімет алдында тұрған міндеттердің қайшылығы, міне, осыдан көрінді.

1994 жылғы қыркүйекте банктердің меншікті капиталының өтімділігін арттыру мақсатымен екінші деңгейдегі банктердің жарғылы қорларының құрылымына қойылған талаптар қатайтылды. Жарғылық қорды ақшалай емес құралдармен өтеуге шектеу қойылды, коммерциялық банктердің Ұлттық банкте депозитке құйылған қаржысын қайта алуды көздейтін резервтеудің жаңа тәртібі алынып, Ұлттық банкте орналастырылған резервтер үшін ақы төлеу енгізілді. Анағұрлым тиімді болып табылатын резервтеудің балама тәртібін жүзеге асыру жөнінде банктерге рұқсат берілді. Ақы қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 25%-на сай етіп белгіленді. 1995 жылғы 1 қаңтарда 237 банк болды, олардың 25-інің валюта лицензиясы бар еді және жарғылық қор мөлшері бойынша республиканың ең ірі банктері қатарын жататын. Жалпы санаттағы банктер ішінде 8 банктің ғана жарғылық қоры 5 млн доллар және одан жоғары болды.

1995 жылы Қазақстандағы банк заңнамасының негізі болған екі заң қабылданды, 1995 жылы 30 наурызда қабылданған «ҚР Ұлттық банкі туралы» №2155 Заң және 199 жылғы 31 тамыздағы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» №2444 Заң. Алғашқы Заңда Қазақстан Ұлттық банкінің елдің Орталық банкі және банк жүйесінің бірінші дейгейі ретіндегі мәртебесі, қызметінің құқықтық негіздері, есептілігі, міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері нақты белгіленді.

Екінші Заңда да банк мәртебесі, банк жүйесі, банк операциялары ұғымдары, қызметінің құқықтық негіздері, құру, қайта құру, тарату, банк қызметін жүзеге асыру және реттеу тәртібі, екінші деңгейдегі банктердің есебі мен есептілігі айқын көрсетілді.

Осы заңдар қабылданғаннан кейін республикасының банк жүйесінің сенімділігін арттыру басты мақсаты болып табылған банк жүйесінің сандық тұрғыдан сығымдалуы басталды. Банктердің сығмдалуына Ұлттық банктің жарғылық капиталға коятын талаптарын қатайту және банктер арасындағы бәсекені күшейту арқылы қол жеткізілді. Барлық банктердің қызметін сапалық жағынан жақсарту және әлемдік стандарттарға жақындайтын банктер тобін (10-15 банк) құру Ұлттық банктің басты міндеті болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық банктің –ҚР-ның Орталық банкі ретіндегі қалыптасуы және құқықтық негіздері
Қазақстан Республикасының банк реформасы
Коммерциялық банктердің экономикадағы қызметі және операциялары
Банк жүйесі туралы ұғым
Ұлттық банктің экономиканы реттеудегі жүргізетін саясаттары мен қолданатын шаралары
Қазақстан Республикасының банк жүйесiнің қалыптасуы мен дамуы
ҚР-ның Ұлттық банкі туралы
Қазақстан Республикасының банк жүйесі жайында
Ипотекалық несиелеуді ұйымдастыру
Сыртық экономикалық банкі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz