Машиналардың конструкциясы, жұмыс органдары мен көмекші бөліктері


Аннотация
«Ауыл шаруашылық машиналардың сенімділігі және сапасы» пәні бойынша жазылған курстық жұмыс кіріспе 4 суреттен, 1 кестеден, 4 формуладан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттерден тұрады.
Курстық жұмыста КСКУ-6 жүретін жүгері жинайтын комбайн сенімділігін және сапасын сақтау мен ауыл шаруашылығында қолданылатын техника мен машиналар түрлерін қолдануды, ауыл шаруашылық машиналарының басты ауқымы мен жұмыс режимдерін анықтап негіздеуді, есептеуді және дән дәрілегіштің сенімділігін мен сапсын сақтауды үйрену болып табылады.
Ауыл шаруашылық машиналардың сенімділігі және сапасы пәні ауыл шаруашылық инженер-механиктерін кәсіптік дайындауда, курстық жұмысты орындау маңызды кезең болып саналады. Осы курстық жұмысты орындауға қойылатын жалпы талаптар, тапсырмалар, есептердің кейбір түрлері, түрлі көрсетпелер және басқа материалдар берілген.
Осы курстық жұмыста КСКУ-6 жүретін жүгері жинайтын комбайн жұмыс принципін толық игерген студент басқа да дән дәрілегіш техникаларды өз бетінше игере алады деп сенеміз.
Мазмұны
бет
Нормативтік сілтемелер . . . 5
Анықтамалар . . . 7
Қысқартулар мен шартты белгілеулер . . . 9
Кіріспе . . . 10
1 Жүгері және сүрлем жинайтын комбайндар және олардың қызметі . . . 11
1. 1 Жүгері және сүрлем жинайтын комбайндардың жіктелуі . . . 10
1. 2 Жүгері және сүрлем жинайтын комбайндардың конструкциясы . . . 17
2 Машиналардың конструкциясы, жұмыс органдары мен көмекші бөліктері . . . 22 2. 1 Машиналардың органдары мен көмекші бөліктері орналасу жайы . . . 22
2. 1 Машиналардың органдары мен көмекші бөліктерінің атқаратын қызметі . . . 26
3 Сенімділіктің кешенді көрсеткіштері. Сапаны бағалау . . . 32
3. 1 Дайындық еселігі. Шұғыл дайындық еселігі . . . 32
3. 2 Техникалық пайдалану еселігі. Тиімділікті сақтау еселігі . . . 33
3. 3 Сапаға қойылатын талаптардың сипаттамасы . . . 33
3. 4 Сапаны бағалау . . . 34
3. 5 Сенімділікті қамтамасыз ету . . . 35 4 Пайдалану материалдары және олардың қасиеттері . . . 38 4. 1 Үйкеліс, тозу және жағар материалдар . . . 38 6 Машинада қолданылатын конструкциялық материалдар . . . 39
6. 1 Шойын және оларды топтастыру . . . 39
6. 2 Болат және оларды топтастыру . . . 39
6. 3 Мыс және оның қорытпалары . . . 40
6. 4 Алюминий және оның қорытпалары . . . 41
6. 5 Титан және оның қорытпалары . . . 42
7 Техника қауіпсіздік ережелері және өртке қарсы шаралар . . . 43
Қорытынды . . . 45
Ұсынылатын әдебиеттер . . . 46
Нормативтік сілтемелер
Курстық жұмыста төмендегі құжаттардың нормативтік сілтемелері қолданылған:
ҚДБЖ жүйесі келесі принциптермен сипатталынады: негізгі жүйелер, негізгі тетіктің дәлдік өрісінің орналасуы, дәлдік шегі бірлігі, квалитеттер мен негізгі ауытқулар катары, мөлшер аралықтары және температуралық ереже (қалыпты өлшеу температурасы) .
ГОСТ 24055-88. Ауылшаруашылық техникасы. Технологиялық пайдалануды бағалау әдістері.
ГОСТ 12. 2. 002-91. Еңбек қауіпсіздігі стандарттар жүйесі. Ауылшаруашылық техникасы. Қауіпсіздікті бағалау әдістері.
ГОСТ 17. 2. 2. 01-84 . Табиғатты қорғау. Атмосфера. Автомобиль дизелдері. Пайдаланған газдардың түтінденуі.
ГОСТ 23728-79…ГОСТ 23730-79 . Ауылшаруашылық техникасы. Экономикалық бағалау әдістері .
1. Техникалық регламент.
Техникалық регламент iшiнде стандарт немесе ережелердiң мазмұны қосылған мiндеттi талаптарды белгiлейдi.
Техникалық регламентке жататын нормативтi-құқықтық актiлер және нормативтi кужаттар келесi мақсаттар үшiн кабылданады:
• азаматтардың өмiрi мен денсаулығын, жеке заңды тұлғалар мен мемлекет мүлкiн қорғау;
• қоршаған ортаны қорғау;
• қауiпсiздiк техникасын сақтау;
• қолданушыларды шатастыру iс-әрекеттерiнiң алдын алу.
2. Конструкторлық құжаттардың бiрыңғай жуйесi (КҚБЖ) .
Бұл жүйеде барлық конструкторлық құжаттарды жасау және безендiру ережелерi қарастырылған. Жүйе мақсаты - қолданылатын құжаттар санын азайту, оларды жасау мен көбейту тәсілдерін жеделдету, оларды тіркеу мен сақтау ұтымды жүйесін енгізу. КҚБЖ 150 стандарттан көбірек кіреді. ҚКБЖ барлығына 2 саны меншікке берілген, одан кейін стандарттау реттік нөмері. Тоғыз топтың ішіндегі әрқайсысының стандарттарының мазмұны келесіде:
2. 1. Жүйенің негізгі ережелері (бұйым түрлері, конструкторлық құжаттар кешені мен түрлерін зерттеп дайындау сатысы, сызбаға қойылатын талаптар, тексті құжаттар және т. б. ) МемСТ2. 101-68, . . . , МемСТ2. 114-70, МемСТ-13-85;
2. 2. Конструкторлық құжаттарды белгілеу мен сұрыпталуы. МемСТ 2. 201-80;
2. 3. Сызбаларды орындаудың жалпы ережелері. МемСТ2. 301-68 . . . 2. 317-69;
2. 4. Әртүрлі типті тетіктердің сызбаларын жасау ережелері: тісті дөңгелектер, шлицалы қосылыстар, құбырлы өткізгіштер, онымен қатар электр құрастыру сызбалары және т. б. МемСТ2. 401-68 . . . 2. 418-77
2. 5. Пайдалану және жөндеу құжаттары: МемСТ 2. 601-68 . . . 2. 605-68;
2. 6. Бұйым құжаттарын тіркеу, есепке алу және сақтау. МемСТ 2. 501-68 . . . 2. 503-74;
2., 7. Сұлбаларды орындау ережесі: электрлік, және пневматикалық; сұлбалардағы шартты графикалық белгілеулер. МемСТ2. 701-80 . . . 2. 787-71;
2. 8. Құрылыс құжаттарын орындау ережесi;
2. 9. Арнайы талаптар мен басқа стандарттар, экспортқа шығарылатын бұйымдарға арналған стандарттар және т. б.
КҚБЖ стандарттарын енгiзу, жобалау, конструкторлау, дайындау жұмыстарын жеңiлдетедi; сызбаны оқуды оңайлатады; жобалау мен техниқалык кужаттарды өңдеуде ЭЕМ колдануға мумкiндiк жасайды.
3. Технологиялық қужаттардың бiрыңғай жүйесi (ТҚБЖ) машинамен приборларды жасау мен жондеуге қолданылатын технологиялық құжаттардың барлық түрлерiн қамтиды. Технологиялық құжаттарды зерттеп дайындау, безендiру және қолдануды, озара байланысты ережелерi (шарттары) бекiтедi.
Анықтамалар
Курстық жұмыста кездесетін терминдерге сәйкесінше төмендегі анықтамалар пайдаланылады:
Сапа - белгілі бір материалдық және рухани қажеттіліктерді қанағаттандыруға мүмкіндік беретін пайдалы қасиеттердің жиынтығы.
Сенімділік (техникада) - объектің берілген уақыт кезеңі ішінде талап етілген функцияларды орындауға қабілетілік қасиеті .
Шекті жағдай - объект қызметіне қарай пайдалануы мүмкін емес немесе тиімсіз.
Зақымдалу - жұмысқа қабілетті жағдайдың сақталып, түзу (ақаусыз) жағдайдың бұзылуы.
Шекті жағдай - объект қызметіне қарай пайдалануы мүмкін емес немесе тиімсіз.
Зақымдалу - жұмысқа қабілетті жағдайдың сақталып, түзу (ақаусыз) жағдайдың бұзылуы.
Түзу (ақаусыз) жағдай - объект барлақ нормативті-техникалық және (немесе) конструкторлық құжаттардың талаптарына сай.
Ақаулы жағдай - объект нормативті-техникалық және (немесе) конструкторлық құжаттар талаптарының ең болмаса бірін қанағаттандыр-маса.
Жұмысқа қабілетті жағдай - берілген функцияларды орындау қабілетін сипаттайтын, барлық параметрлердің мәндері нормативті-техникалық және (немесе) конструкторлық құжаттардың талаптарына сай келеді.
Жұмысқа қабілетсіз жағдай - берілген функцияларды орындау қабілетін сипаттайтын, ең болмаса бір параметрдің мәні нормативті-техникалық және (немесе) конструкторлық құжаттардың талаптарына сай келмейді.
Параметрлер - кинематикалық және динамикалық сипаттамалар, өнімділік, жылдамдық, жүк көтергіштік, экономикалық, дәлдік және т. б. көрсеткіштер.
Сенімділік көз қарасы бойынша объект төмендегі жағдайлардың біреуінде болуы мүмкін: түзу (ақаусыз), ақаулы, жұмысқа қабілетті, жұмысқа қабілетсіз және шекті.
Тоқтау (отказ) - объектің жұмысқа қабілетті жағдайының бұзылуы.
Жөндеу - бұйымдардың жұмыс істеу қабілетін және түзулігін және бұйымдар мен олардың құрама бөліктерінің техникалық ресурсын жаңартуға арналған, операциялар кешені.
Техникалық ресурс (ресурс) - объекті пайдаланудың басынан немесе капиталды жөндеуден кейін қайта пайдаланудан бастап шекті жағдайға өткенге дейінгі оның қосынды жүктемесі.
Техникалық қызмет көрсету - машиналарды пайдалану, сақтау және тасымалдау кезінде олардың жұмыс қабілетін ұстап тұруға арналған жұмыстар кешені. Техникалық қызмет көрсетуде жұмыстар диагностикалық және орындаушы түрлерге бөлінеді.
Технологиялық процесс - объектің жұмыс істеу қабілетін орнына келтіруге арналған өндірістік процестің бір бөлігі.
Технологиялық операция - бір жұмыс орнында орындалатын технолгиялық процестің аяқталған бөлігі .
Қысқартулар мен шартты белгілеулер
ҚДБЖ - Қондырулар мен дәлдік шектер бірыңғай жүйесі;
ИСО - Стандарттаудың халықаралық ұжымы ;
ТМД - Тәуелсіз мемлекеттер достастығы;
МемСТ - Мемлекетаралық стандарттау;
ЗИЛ-130- Өздігінен сырғитын автомобиль;
ПС-10А -Дән дәрілегіш
ПС-20-АМ - Дән дәрілегіш
ПС-10АМ - Дән дәрілегішпен
ПСШ-3- Шнекті тұқым дәрілегіш
ПЗ-10- Дән дәрілегіш
ОН-400- Бүріккіш
СҚБ-Сенімділікті қамтамасыз ету бағдарламасы
АЭР-алғашқы энергетикалық ресурстар
ОС-октан саны
Кіріспе
«Ауыл шаруашылық машиналардың сенімділігі және сапасы» пәні ауыл шаруашылық инженер-механиктерін кәсіптік дайындауда, курстық жұмысты орындау маңызды кезең болып саналады. Осы жұмыста курстық жұмысты орындауға қойылатын жалпы талаптар, тапсырмалар, есептердің кейбір түрлері, түрлі көрсетпелер және басқа материалдар берілген.
Астық өндіруді үнемі көбейтіп, арттыра берудің біздің еліміз үшін аса зор маңызы бар. Астықты неғұрлым мол өндірсек, солғұрлым мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығының басқа да салалары жақсы өркендейді, жалпы халықтың әл ауқаты шапшаң көтеріледі. Астық шаруашылығындағы жауапты науқанның бірі тұқымдық астықты ПС-10А дән дәрілегішпен сапалы өңдеу. Сайып келгенде өнім тағыдырын осы шешеді.
Агротехникалық тәсілде өсімдіктерді өсірудің агротехникалық шараларын толық іске асыру керек, яғни топырақты уақытылы да сапалы өңдеу, тұқымның сол жер үшін ең тиімді сортын пайдалану, қатар аралықты өндеу, ауыспалы егіс жүйесін қолдану, егістікте өсімдік қалдықтарын құрту, т. с. с. шараларды орындау қажет. Бұл тәсілдердің әрқайсысы үшін арнаулы машиналар шығарылмайды. Олар жалпы жұмысқа арналған машиналармен орындалады.
Химиялық тәсілде аурулар, зиянкестер пайда болған жерлерді және арамшөптерді химиялық улы заттармен өңдейді. Бұл қазір ең көп таралған тәсіл.
Химиялық улы заттарды сұйық күйінде және ұнтақ түрінде пайдаланады. Сондықтан оларды өсімдікке шашу үшін неше түрлі машиналар қолданылады. Негізінен оларды тозаңдатқыш, бүріккіш және комбинациялы машиналарға бөледі. Бұған қосымша аэрозольдық әдіс те қолданылады.
Улы заттар бір келкі жұқа қабат жасап өсімдікті жауып тұруы қажет. Олай болмаса, өсімдікті күйдіріп кетеді. Өсімдікті біркелкі жұқа қабатпен жабу үшін, оларды өте ұсақ тамшыларға немесе түйірлі тозаңға айналдыру керек.
Ауыл шаруашылығының негізгі мәселелерінің біріне жауапты еңбекті қажет ететін тұқымдық астықты дәрілеу процесі жатады.
Дән дәрілегішпен сапалы өңдеу, сондай-ақ ПС-10А дән дәрілегіштің құрылымы мен пайдаланылуы жан-жақты талданған. Әсіресе ПС-10А дән дәрілегішті реттеуге, оларды пайдалануды ұйымдастыруға, астық тұқымын дәрілеу процесі мен қауіпсіздік іс шаралары жөніндегі ұсыныстарға ерекше назар аударылды.
Агротехнология мен машиналар кешенінің одан әрі жетілуі аграрлық сектордағы отандық және шетел ғалымдары мен практиктерінің еңбегіне байланысты.
1 Жүгері және сүрлем жинайтын комбайндар және олардың қызметі
1. 1 Жүгері және сүрлем жинайтын комбайндардың жіктелуі
Жүгері жинайтын «Херсонец-7» К О П-1, 4 A (128-сурет) комбайны - бұл екі қатарлы тіркемелі үлгідегі оң жақтан кесетін машина.
«Херсонец-7» қатараралығы 70-90 см және қатардың бір-бірінен қашықтығы 20 см-ден кем емес жүгеріні пісудің барлық кезеңінде жинауға арналған. Ол ДТ-75М тракторына тіркеледі. ДТ-75М тракторымен жоғары өнімді жүгеріні жинаған кезде бұраушы моменттің күшейткішін пайдаланған жөн.
Жүгеріні толық піскен кезінде жинағанда комбайн собықты қабығынан тазартады және оларды сабағынан бөледі, сондай-ақ жапырақтар мен сабақты сүрлемге ұнтақтайды. Жүгеріні сүттеніп-балауызданып піскен кезінде жинағанда комбайн собықты бөліп алып, жапырақ пен сабақты, сондай-ақ сабақ пен собықты ұнтақтай алады. Толық піскен жүгеріні жинау үшін комбайн собық аршушы валецтермен, сүттеніп-балауызданып піскен жүгеріні собығынан бөліп жинау үшін активті валецтермен және жапырақтарды, сабақтары мен жүгерінің собығын ұнтақтап жинау үшін битерлі валецтермен жарақтандырылады.
Комбайнның негізгі бөліктері мен жұмыс органдары - тазартылған собық конвейері (1), дән шнегі (3), кескіш аппарат (7), собық аршитын валецтер (9), ұнтақтағыш (11), собықтар шнегі (13), қысқыш қондырғы (14), желдеткіш (15), аршылмаған собық конвейері (16), тазалағыш аппарат (17), орауыш конвейер (18), сырғытатын тақта (19) .
Барлық жұмыс органдар комбайн рамасына орналасқан. Ол конструкциясы штампталған құрсаулармен құрастырылып бекітілген пневматикалық шинасы бар екі доңғалаққа (12) тіреледі.
1- тазартылған собық конвейері, 2- тіркеуіш механизмі, 3- дан шнегі, 4- кардандық беріліс, 5- үшбүрышты қалақша, 6- көтеру шынжыры, 1- кескіш аппарат, 8- түсіру шынжыры, 9- собықты тазартатын біліктер, 10-ұнтақтағыштың тұтігі, 11-ұнтақтағыш, 12-доңғалақ, 13-собық шнегі, 14-қысқыш қондырғы, 15- желдеткіш, 6- тазартылмаған собықтар конвейері, 17- тазартқыш аппарат, 18- қабық конвейері, 19- көлбеу тақтай.
1-сурет. Жүгері жинайтын «Херсонец-7» КОП-1. 4А комбайнының технологиялық схемасы:
Құрсаулардың сыртқы және ішкіжартысы кергіш болттармен жалғастырылған. Доңғалақ күпшекке кигізіліп, сфералық гайкалары бар болттармен бекітілген. Екі конусты роликті подшипниктермен күпшекті жартылай оське орнатып, тәжді гайкамен ұстатады.
Толық пісіп жетілген жүгеріні жинау кезінде комбайн қатарларды бойлап жылжиды. үшбүрышты қалақшамен (5) бағытталған жүгерінің сабақтары көтергіш шынжырлардың (6) екі контурымен, беретін шынжырдың (8) екі контурымен және собық үзгіш валецтермен (9) жасалатын арнаға түседі. Арнаға түскен сабақтар беретін шынжырлармен қысылады, кескіш аппараттың пышағымен (7) кесіледі және одан кейін собық үзгіш валецтердің саңылауына беріледі. Собықтарды валецтермен тарту нәтижесінде собықтар үзіледі. Жекелеген собықтар конвейерге түседі, ол собықтарды сырғымалы тақтайға (19) береді. Собықпен бірге сырғымалы тақтайға түскен жапырақ пен сабақтар желдеткіш (15) жасайтын ауа ағынына қатысты. Собықтар сырғымалы тақтайдан тазартушы аппаратқа (17) түседі, одан қысқыш құрылғының (14) көмегімен тазартқыш валецтер арқылы собықтың қабығы алынады. Собық шнегімен (13) және конвейермен (1) тазар-тылған собықтар комбайнға тіркелген тележканың қорабына беріледі.
Валецтермен тартылып алынған собықтар ұнтақтағышқа (11) түсіп, одан түтікпен (10) қатар келе жатқан транспорттың қорабына барып түседі.
Собықтан ажыратылған қабық дәннен түскен қауызбен бірге қабықтарды орайтын конвейерге (18) барып түседі. Мұнда дән елеуіштен өткізіліп, конвейердің кері тармағы арқылы дәннің шнегіне (3) беріледі. Бұл жерден дән тазартыған собықтар конвейеріне (1) барып, собықпен бірге тележканың қорабына барып түседі.
Сүттеніп-балауызданып піскен жүгері собығын бөліп жинаудың технологиялық процесінің толық піскен жүгеріні жинау процесінен айырмашылығы, жекелеген собықтар тазартқыш аппаратқа соқпастан, қайта қойылған сырғымалы тақтай арқылы собықтың шнегіне түседі де, тазартылған со-бықтың конвейерімен комбайнның артына тіркелген тележ-каның қорабына беріледі. Сүттеніп-балауызданып піскен жүгеріні собығын бөлмей жинағанда сабақты кесіп, битерлі валецтерге беру де осы әдіспен жүзеге асырылады.
Сүттеніп-балауызданып піскен жүгеріні собығынан та-зартып жинаудағы комбайнның өнімділігі (түсімділігі гекта-рына 800 ц болғанда) көк балауса жинағанда сағатына 35 т, толық піскен жүгеріні собығынан тазартып жинағанда гек-тарына 65-110 ц, жапырақ пен сабан; жинағанда 1 га.
Өздігінен жүретін алты қатарлы КСК У-6 «Херсонец-200» жүгері комбайны (131-сурет) қатараралығының қашық-тығы 70 см, еңістігі 8°-қа дейінгі аландағы жүгеріні дәнге жинауға арналған. «Херсонец-200» комбайнын толық пісіп жетілгенде дәннің ылғалдылығы 30% жапырақ-сабақ балау-сасының ылғаддылығы 60% топырақтан собықтың орналасқан жеріне дейінгі биіктік 50 см-ден кем емес, жүгеріні дәнге арнап өсіретін барлық аймақта пайдалануға болады.
«Херсонец-200» комбайны азық-түлік және жемдік дөнге арналған собықтың өнімділігі гектарына 200 ц собық пен жапырақ-сабақ, балаусасының қатынасы: 1:1, 5, 1 га-дағы өсімдік жиілігі 20-65 мың сабақ болатын жүгерінің барлық биологиялық өнімін жинап алуды қамтамасыз етеді.
Комбайнның алмалы-салмалы жұмыс органдары - со-бық тазалауышы, собық молотилкасы, сырғыма тақтайлары бар. Комбайн мынадай жұмыстарды атқарады:
собықты жүгеріні жинайды, собықтың орамын тазарта-ды, сонымен қатар жапырақ-сабақ балаусасын ұнтақтайды; жүгері сабығын бастыра отырып жинайды және соны-мен қоса жапырақ-сабақ балаусасын ұнтақтаңды;
жүгері собығын бөліп, оларды қабығынан тазартпастан жинайды және жапырақ-сабақ балаусасын турайды.
«Херсонец-200» комбайны жаткадан (1), собық ажырат-қыш аппараттан (2), тазартылмаған собық транспортерінен (3), собық тазалауыштан (4), орам транспортерінен (7), гори-зонталь транспортерден (5), собыққа (тартылған дәнге) арна-лған тележкалардан (6), ұнтақтағыштан (8), барабаннан (9), молотилкадан (10), орам шнегінен (11), горизонталь транс-портерден (12), елеуіш стандардан (13), шассилерден (14), сондай-ақ трансмиссиядан, сигналдау жүйесінен және САВ-1 автоматты жүргізу жүйесінен тұрады.
Жылғалы жатка (1) жетегі бар кескіш аппараттан, собық ажыратқыш аппараты (2) бар арнадан, беретін шынжырдан, таратқыш қораптан және қаптамадан, түбі бар сабақ іішегінен, құндақты собық шнегінен, сабақ транспортерінен, балауса трансмиссиясынан тұрады.
Ротор үлгісіндегі кескіш аппарат жүгерінің сабағын ке-суге және оларды сабақ шнегіне жеткізуге арналған.
Оның екі жартыға бөлінген шаршы қималы білігі бар, оның әрқайсысы подшипниктерге тіреледі және әрқайсысы-ның жеке жетегі бар. Шаршы қималы білікке пышақтардың алты секциясы (әр секцияда екі пышақтан) орнатылған. Пышақтың кесетін қыры қатты қорытпадан жасалған.
a - собығын аршыған жүгеріні жинаудағы комбайнның технологиялық процесінің схемасы, б - жүгері собығын бастырудағы комбайнның тех-нологиялық схемасы, a - САВ-1-дің жалпы схемасы, г- бағдарлауыш құрылғының схемасы: I-жатка, 2-собық үзгіш аппарат, 3-тазаланба-ған собықтардың транспортері, 4-собық тазалауыш, 5-горизонталь транспортер, 6-собыққа арналқан тележка (бастырылқған дән), 7- қабық транспортер), 8- үсақтағыш, 9- барабан, 10- молотилка, 11- қабық шнегі, 12- горизонталь транспортер 13-елек станы, 14-шасси, 15- жалғастырушы кабельдер, 16-жалғастырушы қорап, 17-электрондық блок, 18-бағдарлауыш құрылғы, 19-жалғастырушы панель, 20-үш по-зициялы электрмен басқарылатын гидробөлгіш, 21- электрмен басқа-рылатын гидрокүшейткіш, 22- доңғалақтар датчигі, 23- бағдарлауыш құрылғының рамасы, 24, 27, 28- реттегіш винттер, 25- датчик, 26- бекіткіш, 29- шкив, 30- бағдарлауыш рамасының осі, 31-сым арқан.
Сурет 2 . КСКУ-6 «Херсонец-200» алты қатарлы өздігінен жүретін жүгері жинайтын комбайн:
Собық ажыратқыш аппарат (2) жүгері сабағын тартатын және олардың үстшде тұратъш, үзгіш пластиналары бар көлбеу орналасқан екі валецтен тұрады. Валецтер сыртының өн бой-ьша тазалауыпггар қондырылған. Валецтер бағьптаушы конус-пен жабдықталған және жұмыстық бөлігі мен үзынша ойығы бар құйыршығы болады. Құйыршықтар ойығымен валецтер таратқыш қораптың үшындағы шарға жалғастырьиіады.
Валецтер арасындағы, сондай-ақ үзілмелі пластиналар арасындағы және тазалауыштар арасыңцағы саңылау ретгеледі.
Бағыттаушы конус пен валецтің жұмыс бөлігіне валецтің гайкалы және рычагты реттеуші тірегі орнатылған.
Тарату қорабы корпустан және конусты берілістен тұра-ды. Қораптың вертикаль біліктерінде табандары бар беріліс шынжырының жетекші жұлдызшалары болады. Арнаның алдыңғы жағына шынжырдың керілуін үнемі қамтамасыз ететін жетектегі серіппе астында жұлдызшалар орнатылған.
Жатка қаптамасы капоттар мен үшбүрышты қалақ-шалардан (оң, сол және ортаңғы) тұрады. Артқы бөліктің капоты арна кронштейндерінің ілгіштеріне жалғанған, ал ал-дыңғы бөлігі арна тартқышының резеңке ілмегімен ұстаты-лады.
Капоттың артқы қабырғасы беріліс шынжырының кері тармағы мен собықтар үйіндісін болдырмау үшін реттеуші қалқанмен жабдықталған.
Үшбүрышты қалақшалардың қалпын реттеу үшін арна рамасына қоңцырылған кронштейндер мен тұтқыштар қара-стырылған.
Үшбүрышты қалакдіаларға арнадан собықтың түсіп қалу-ын болдырмайтын резеңке клапандар орнатылған.
Сабақ шнегі кесілген сабақтарды жатканың орта бөлігіне жеткізу үшін және оларды транспортердің көлбеу камерасы-на беру үшін қызмет етеді. Шнек түтіктерден және орта бөлігіне келгенде қалақшаға айналып, бірін-бірі жауып тұра-тын, оң және сол жағынан орала отырып, ортаға түйісетін екі винтті лентадан тұрады. Шнек реттелетін екі подшип-никке тіреледі және шынжырлы беріліспен іске қосылады. Шнек созылған валецтер астына, кескіш аппараттан кейін орналастырылған.
Собық шнегі собық үйіндісінің арнадан бүйір транспортерлеріне қарай орьш ауыстыруы үшін қызмет етеді. Ол орталық түтіктен және ортадан екі жаққа тарайтын, үш жағы лақтырғыш қалақшаға айналатын оң және сол жағы-нан оралған винтті лентадан тұрады. Шнек реттелетін екі под-шипникке тіреледі және шынжырлы беріліс арқылы іске қосылады. Ол жатка арнасынан кейін орналасады.
Шнек құндағы арна жағынан ашылған. Құндақтың ар-тқы қабырғасына, бүйірлік транспортерлердің қарсы жағы-нан, собықты шнектен транспортерге тиеуге арналған саңы-лау орналасқан.
Сабақ транспортерінің корпусы бар. Корпуста транспортер шынжыры үшін үш жұлдызшасы және оң жақ үшында жетекші жүддызшасы бар жетекші білік, сондай-ақ барабаны бар жетектегі білік қондырылған. Жетекші білікке үш жүддыз-ша жалғастырылған.
Тасымалдау органы шахмат тәртібімен металл қырғы-шқа бекітілген үш шынжырдан тұрады. Қырғышы бар шын-жырларды керу серіппе арқылы жүзеге асырылады.
Үш секциялы, құрамалы, жазық пышағы мен лақтырғ-ыш күректері бар барабан үлгісіндегі ұнтақтағыш (8) жүгерінің сабақтары мен жапырақтарын ұнтақтап, ұнтақта-лған балаусаны ұнтақтағыштың тұтігі арқылы қатар келе жатқан транспорттың кузовына беру үшін қызмет етеді.
Ұнтақтағыш - түпкі цапфаға пісірілген түтікті білік. Білікке үш секцияны құрайтын пышақтар мен қалақтарды жалғастыру үшін төрт дискі пісірілген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz