Бағалы қағаздар ұғымы және қызметі



ЖОСПАР

Кіріспе

І.бөлім. Бағалы қағаздар ұғымы және қызметі
1.1. Құнды қағаздар . тарихы мен мәні
1.2. Құнды қағаздардың түрлері және қызметтері

ІІ.бөлім. Құнды қағаздар нарығы
2.1. Құнды қағаздар нарығының басты қызметтері және қажеттілігі
2.2. Құнды қағаздар және оның айналу мәселелері
2.3. Құнды қағаздар нарығының құрылымы және қозғалысы

ІІІ.бөлім. Қазақстандық құнды қағаздар нарығының қалыптасуы
3.1. Қазақстан Республикасындағы құнды қағаздардың қалыптасуы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе

Бағалы қағаздар орта ғасырлардан бері қарай қолданыла бастады. Сол кезеңде ұлы географиялық жаңалықтардың ашылуымен байланысты сауданың аясы кеңіді, ал осы мүмкіндіктерді пайдаланып қалғысы келген кәсіпкерлердің ірі капитал сомасына деген қажеттілігі туды. Оның үстіне теңізден шалғай рынок пен шикізат көзін игерумен байланысты орын алатын шығындарды жекелеген адамдар көтере алмайтын да еді. Нәтижесінде ағылшын, голландық компаниялары, Ост-Индия акционерлік қоғамы, Гудзон бұғазы компанияларымен сауда жасаумен байланысты дүниеге келді. Міне осылар құндықағаздарды бірінші шығарған ірі компаниялар болды. Олардың акциялары күні бүгінге дейін Лондон мен Торонто биржаларында сатылуда. XVI—XVII ғғ. Англиядағы акционерлік компаниялар капиталды көп қажет ететін көмір өндірісін қаржыландыру үшін де ұйымдасқан болатын.
ХІХ ғасырдың 60-жылдары тағы да бір маңызды оқиға болды. Германияда ауыр өнеркәсіпті дамытуға шығарылған құндықағаздармен делдалдық операцияларды жүргізуді универсалды инвестициялық банктер өз қолдарына алды.
Құнды қағаздар, ең алдымен, мүлікті иеленуге құқық беретін ақшалы құжат немесе қарыз берушіге қарыз алушының берген қарыз міндеттемесі.
Бағалы қағаздар толтырылуы немесе жазылуы жөнінен екі түрлі болуы мүмкін:
1. Не заң жүзінде бекітілген жеке құжат түрі;
2. Не есепшотқа енгізілген жазу түрі.
Егер басқа адамға иемденуге берілсе, бағалы қағаздардың екінші түрі бойынша ерекше куәлік толтырылып келеді. Оны иемдену құқын беретін құжатты сертификат деп атайды.
Қазақстанның орталықтанған жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту қоғамдық өндіріс сипатын өзгертуде. Олар меншік
Қолданылған әдебиеттер

1. Б. Кашенова «Ақша Несие Банктер»
Валюта қатынастары. Алматы «Экономика» 2000 ж.
2. А. Кашенова «Бағалы қағаздар нарығы» Алматы «Экономика» 2000ж.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы желтоқсан №1424 қаулы Ресми газет 2003 ж. 25 қаңтар.
4. Мұқаметтей М. «Акция бізге береді» Алматы ақшамы 2004 ж. 7 маусым.
5. Ешкив Г. «Басты бағдар сенімге ие болу». Қаржы-қаражат 2000ж. №7,10,5.
6. Красавчикова Л.О. Гражданское право, 1998 ж. Гражданское право Республики Казахстан. Учебное пособие, Алматы 1999 ж.
7. Оразбекұлы Б., Оразбекова М.Б.
«Бағалы қағаздар нарығындағы биржалық операциялардың ерекшіліктері» Алматы, «Экономика» 2003ж.
8. Мықбаев С. «Экономикаға қызмет еткен құнды қағаз» Қаржы-қаражат, 2004 ж. №6.
9. Е.Н. Сағындықов, Ө.Қ.Шеденов «Жалпы экономикалық теория» «Ақтөбе» баспасы 2004б
10. Сейтқасымов Т.Н. «Ақша, Несие, Банктер» Алматы «Экономика» 2001 ж.
11. Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2030»Жолдауы «Алматы:Білім» баспасы 1997б

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе

І-бөлім. Бағалы қағаздар ұғымы және қызметі
1.1. Құнды қағаздар – тарихы мен мәні
1.2. Құнды қағаздардың түрлері және қызметтері

ІІ-бөлім. Құнды қағаздар нарығы
2.1. Құнды қағаздар нарығының басты қызметтері және қажеттілігі
2.2. Құнды қағаздар және оның айналу мәселелері
2.3. Құнды қағаздар нарығының құрылымы және қозғалысы

ІІІ-бөлім. Қазақстандық құнды қағаздар нарығының қалыптасуы
3.1. Қазақстан Республикасындағы құнды қағаздардың қалыптасуы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Бағалы қағаздар орта ғасырлардан бері қарай қолданыла бастады. Сол
кезеңде ұлы географиялық жаңалықтардың ашылуымен байланысты сауданың аясы
кеңіді, ал осы мүмкіндіктерді пайдаланып қалғысы келген кәсіпкерлердің ірі
капитал сомасына деген қажеттілігі туды. Оның үстіне теңізден шалғай рынок
пен шикізат көзін игерумен байланысты орын алатын шығындарды жекелеген
адамдар көтере алмайтын да еді. Нәтижесінде ағылшын, голландық
компаниялары, Ост-Индия акционерлік қоғамы, Гудзон бұғазы компанияларымен
сауда жасаумен байланысты дүниеге келді. Міне осылар құндықағаздарды
бірінші шығарған ірі компаниялар болды. Олардың акциялары күні бүгінге
дейін Лондон мен Торонто биржаларында сатылуда. XVI—XVII ғғ. Англиядағы
акционерлік компаниялар капиталды көп қажет ететін көмір өндірісін
қаржыландыру үшін де ұйымдасқан болатын.
ХІХ ғасырдың 60-жылдары тағы да бір маңызды оқиға болды. Германияда
ауыр өнеркәсіпті дамытуға шығарылған құндықағаздармен делдалдық
операцияларды жүргізуді универсалды инвестициялық банктер өз қолдарына
алды.
Құнды қағаздар, ең алдымен, мүлікті иеленуге құқық беретін ақшалы
құжат немесе қарыз берушіге қарыз алушының берген қарыз міндеттемесі.
Бағалы қағаздар толтырылуы немесе жазылуы жөнінен екі түрлі болуы
мүмкін:
1. Не заң жүзінде бекітілген жеке құжат түрі;
2. Не есепшотқа енгізілген жазу түрі.
Егер басқа адамға иемденуге берілсе, бағалы қағаздардың екінші түрі
бойынша ерекше куәлік толтырылып келеді. Оны иемдену құқын беретін құжатты
сертификат деп атайды.
Қазақстанның орталықтанған жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға
өту қоғамдық өндіріс сипатын өзгертуде. Олар меншік қатынастары шаруашылық
субъектілерінің құрылымы қаржылық байланыстарының формалы: қоғамның
мүдделігінің дәрежесі.
Нарық күрделі, әрі жан-жақты қызмет атқаратын қоғамдық қатынастар
жиынтығы. Ол, бір жағынан, тауар және көрсетілген қызмет нарығын қамтиды.
Соңғысы, өз кезегінде, қаржы нарығы мен қозғалмайтын мүлік нарығынан
тұрады. Осы аталған нарықтық өзара байланысы ұлттық экономикалық механизмді
құрайды. Ал, бұл механизм несиеге негізделген. Басқаша айтқанда, нарыққа
қатысушылардың басым көпшілігі іскерлік шартқа қол қойып, өздеріне бағалы
қағаз түрінде міндеттеме алады.
Кәсіпкерліктің өзара жасаған әл осы міндеттемелері – экономикалық
механизмнің тұрақтылығының кепілі.
Құнды қағаз – құжаттың бір түрі, меншікке құқық білдіруші немесе көңіл
білдіруінің қарыз алуын айтамыз.
Қазіргі кезінде құнды қағаздар туралы тақырыптар актуальды болып
келеді.
Не үшін мен бұл тақырыпты таңдадым? Қандай факторлар Қазақстандық
құнды қағаздар рыногының төмен дәрежеде қалыптасуына әсер етті?
Оның бірнеше факторын көрсетуге болады:
1. Бұл Қазақстанның нарықтық экономиканың көшуіне тікелей байланысты келуі;

2. Қазақ елінің жоспарлы-орталықтанған экономиканы қолдау;(ескі
технологияны қолдау)
3. Не болмаса халықтың көпшілігі оны ары қарай дамыту үшін адам болған жоқ
па? Не оны жүзеге асыру үшін қаржы болған жоқ па? Сол үшін, Қазақстанның
құнды қағаздар жүйесін көтеру үшін, мен бұл тақырыпты таңдадым.
Мен, осы орайда, жұмысты бастау үшін көп материалды жинадым, соның ішінде,
Б. Кашенова мен М. Мұхаметтің экономикалық кітаптарын және “Егеменді
Қазақстан” газеттерін және т.б. материалды қолданып, оны бір жүйеге
келтірдім. Сонымен бірге, мен, купон, номинал, облигация, облигация
рейтингі, облигация курсы, акция, вексель, аудармалы вексель, акцепт,
сертификат, индоссамент, инвестициялы класты және т.б. терминдерді
қарастырдым.
Сондықтан, Қазақстандық құнды қағаздар рыногының қалыптасуын терең
зерттеп, оны келешекте Батыс Еуропа Елдердегі сияқты немесе басқа моделін
қолданып, биік шыңдарға жету керек!

І-бөлім. Бағалы қағаздар ұғымы және қызметі

1.1. Құнды қағаздар – тарихы мен мәні

Бағалы қағаздардың пайда болу тарихы меншік айналымының объекті тарихи
кезеңімен тікелей байланысты болып келеді. Өте ерте кезеңде адамдар бір
тарихи формациядан екінші формацияға өткенде, олар тауар мен ақшалардың
басқаша орналастыру қажеттілігін алды, бірақ бұл басқаша орналастыру тәсілі
тиімсіз болды.

Бұл жолды, ең бірінші, юристтер б.э.д. 4-5 ғасырда тауып, оны былай
көрсеткен:
Аңғарғандар құжаттар, куәланған нақтылы келісімнің өздері айналдыру,
ерекше руға тауар, құндылықтардың ерекше жүйесін, сөз өзіне меншікті
мәнінде тауарлармен емес, ақшалармен емес сәйкес келмеушілердің. Құжаттар
соған дейін келісімдер туралы орындалып жатқанда сазды және балауыздарды
табличкаларда, папирусте немесе пергаментте, олар кең таратуын алған жоқ.
Кейін, 6 ғасырда Қытайда қағаз ойланып табылды. 9-10 ғасырда бұл
өндіріс рецептін Батыс Еуропа Елдері қолданады. Нақ осы жерде, натуральды
шаруашылық және феодалдық бытыраңқылықтың ету шартын қолдап және олар
нарықтық шаруашылықтан алыс болғанымен, қағаз арқылы құжаттың белгілі нақты
келісімін мойындау және таратуы жалпыға бірдей алынып, экономикалық
айналымының объекті ретінде танылды. Бағалы қағаздар - акциялар,
облигациялар, вексельдің және мүлік құқықтардың басқа куәліктері,
жекеленгендер өз негізімнен, ұнағандар сондай сапада заң шығарылады.
Мүліктің әрбір түріне өзіндік бағалы қағаздарым талапқа сай бола
алады, меншік арқау болуын өз кезегінде жасай алады, сатылып алынады және
сатылады, кепілге беріледі.
Құнды қағаздар рыногы тікелей алғашқы және қайталама рыноктан тұрады.
Алғашқы рынокта мемлекеттік және муниципиалды облигациялар, сол сияқты
акциялар мен облигациялар эмиссиясы жүзеге асырылады. Оны финанстық және
финанстық емес профильдегі әр қилы акционерлік компаниялар шығарады.
Алғашқы рынокта құнды қағаздардың тікелей инвесторлары коммерциялық және
инвестициялық банктер, биржа фирмалары, сақтандыру компаниялары, зейнетақы
қорлары, финанстық емес корпорациялар және жеке адамдар (жеке инвесторлар).
Олар биржа фирмалары мен инвестициялық банктер арқылы акциялар мен
облигациялар сатып алады. Құнды қағаздардың қайталама рыногы эмитент
құндықағаздарды орталықтанған немесе орталықтанбаған сатып алу мен сатуды
түсіндіреді. Құнды қағаздар — спецификалық тауар, барлық тауар сияқты
тұтыну қүны мен бағасы бар. Құнды қағаздардың тұтыну құнының мәні белгілі
дәрежеде табыс келтіреді, яғни процент (облигациялар бойынша) және дивиденд
(акциялар бойынша) төлегенде, сонымен қатар құндықағаздардың күн курсының
өсуі нәтижесінде келетін табыстар. Құнды қағаздардың өздері туралы айтар
болсақ, оның үш түрі бар. Олар акциялар, облигациялар және олардан
туындайтын қағаздар.)
Акцияларды корпорациялар шығарады, акциялар шығарудың өзі
корпорациялар үйымдастырудың әдісі. Акцияны ұстаушы корпорация мүлігінің
бөлігіне иелік ететін болады. Корпорациялар акцияларды шығарып, ірі
инвестициялық жобаларды жүзеге асырып, сөйтіп финанстың қуаттылығы артады.
Акция иесі корпорация пайдасының бір бөлігін дивиденд ретіңде алып отырады.

Құнды қағаздардың қозғалысы мынадай үш фазадан тұрады: аптаның үштен
екісі, жаңадан құндықағаздарды ойластыруға, шамамен осындай уақыт оны
алғашқы орналастыруға кетеді, ал осылардан кейін құнды қағаздардың өзіндік
айналымы басталады.
Құнды қағаздарға деген сұраныс халықтың әлеуметтік-тұрмыс дәрежесімен
анықталады. Тұрмыс дәрежесі жоғары болган сайын, табыстың басым кепшілігі
жинақталады да, адамдар құнды қағаздарды сатып алуда мүдделілік көрсетеді.
Құнды қағаздар ұсынысы, онда сұраныспен анықталады. Құнды қағаздарға
сұраныстың дамуы финанс жүйесін қайта құрумен тікелей байланысты. Құнды
қағаздар рыногында қандайлық дәрежеде болмасын белсендiлiк күтер болсақ,
салық жүйесiн жетiлдiрiп отыру да бүгiнгi уақыт талабы, рынок талғамы.
Бағалау қағаздары бұл белгілі бір өзіндік формада шығарылатын мүліктік
құқықтық міндетті көрсеткіштері көрсетілетін шығарушы мен оларды
иеленушілер арасындағы қарым – қатынасты бейнелеп, қолдан қолға сатылатын,
сондай-ақ мәлімдеу барысында төлемдерді алуға құқық беретін, қандай-да бір
қаражат салғандығын куәландыратын ақшалай қаражатты білдіреді.
Құнды қағаздардың мәні мынада, яғни капиталды иеленушінің қолында
капиталдың өзі емес, құнды қағаз түріндегі жалған капитал формасы болады.
Жалған капитал деп құнды қағаздың аталуы олардың өзіндік ішкі
құндарының болмауын айтады.

1.2.Құнды қағаздардың түрлері және қызметтері

Бағалы қағаздар акциялар, облигациялар, векселдер және басқа да
түрлерде көрінетін капитал. Бағалы қағаздарды неліктен жалған капитал деп
атаған.

Оған қандай себеп болған?

Біріншіден, табыс – көзі тауар өндірісі. Ал, бағалы қағаздардың пайда
болуы өндірістік капиталмен тікелей байланысты. Өнім өндірістен айналымға
түсіп, табыс әкеледі.Ал, құнды қағаздар өндірістен тыс тек айналымнан табыс
әкеледі деген бұлдыр қиял пайда болады.Оны мысал ретінде келтірілген мына
екі формуладан аңғару қиын емес.
Тауар айналымы (Т-А-Т) формуласындағы бірінші акт (Т-А) тауарды сату
басқа керекті тауарды сатып алу мақсатында жүрізіледі, яғни қажеттілік
керек тауарды сатып алу арқылы өтеу. Ал, капиталдың айналымы (А-Т-А*)
Формуласындағы мақсат тауарды сатып алу, яғни прцесс пайда табу мақсатында
жүргізіледі. Бұнда А*=А+а, яғни а-қосымша құн, өсім немесе капитал. Ал,
капитал өздігінен өсетін құн, немесе қосымша құн беретін құн.
Екіншіден, бағаны қағаздардың капитал болып есептелетін себебі -
оларды сатуға болады.
Акция – үлесті немесе меншікті құнды қағаз. Ол иемденушісіне
компанияның капиталының, мүлігінің, кірісінің бір бөлігіне заң жүзінде
меншік құқын береді. Компания қанша уақыт жұмыс істеп тұрса, акция да сонша
уақыт қолданылады. Бірақ, осы уақыт ішінде акцияның иесі сан рет өгреруі
мүмкін. Акционердің акцияны шығаратын компанияға қайтаруға құқығы жоқ.
Акционерлік капитал бөлінбейді. Акционер оны тек екінші нарықты сатуына
болады.
Акцияны шығару мына жағдайда болады, Егер:
1. Меншікті акцияландырғанда, яғни акционерлік қоғам құрып, оның жарғылық
капиталын қалыптастырғанда;
2. Бар компанияны акционерлік қоғам ретінде қайта құрғанда;
3. Жарғылық капиталды қосымша молайтқанда.
Атап айтқанда, жарғылық капитал деген шығарылған акциялардың бастапқы
жиынтық құны. Ол, өз кезегінде айналымдағы капитал және компанияның
портфелінде қалған бағалы қағаздар болып бөлінеді. Оларды компания кез-
келген уақытта, өз ойынша пайдалана алады.
Акция белгілі бір жағдайда акционерлік қоғамның капиталын ұлғайтуға
және оны инфляциядан қорғау үшін жұмсауға болатын бағалы қағаздардың бірден-
бір түрі. Акция компанияның акционерлік алдындағы қарыз міндеттемесі.
Компанияның өз акциясын қайтып сатып алатын құқы бар. Бірақ, бірсыпыра
елдердің заңында, егер корпорацияның төлем қабілеті жоқ болса, онда ол
акциясын қайта сатып алатын құқықта айырылады деген де ереже бар. Дәл осы
жағдай, егер қайта сатып алу корпорацияның төлем қабілетіннашарлататын
болса да қаралған. Заң жүзінде акцияны бөлуге де болады. Айналымдағы әрбір
акцияны бірнеше бөлікке бөлуге болады.
Акция бірнеше түрге жүктелінеді. Бір жағынан, бір акционерден басқа
біреуге беру тәсіл бойынша: атаулы және иесі ұсынушы болып екіге бөлінсе,
екінші жағынан, корпорацияны басқаруға қатынасу құқығы бойынша жай және
артықшылықты акция деп екіге бөлінеді. Корпорация тек өзінің жарғысында
бекітілген акцияларды ғана шығара алады.
А) Атаулы акция міндетті түрде акция корпорацияның реестірнде тіркелуге
тиіс. Акционерлер кітабында қанша және қай уақытта алғандағы туралы
жазылған акция иесі ғана акционер деп есептеледі.
Б) Ұсынушыға арналған акция иесінің аты-жөні корпорация кітабында
тіркелмеген акция. Кітапта ұсынушыға жалпы арнап шығарылған ацияның жалпы
саны ғана көрсетіледі.
Ал, басқару жағынан корпорацияларға қолында атаулы акциясы бар
акционерлер қолайлы. Себебі ол акционерлік капиталдың қозғалысын және құнды
қағаздардың жіктелуі.

АКЦИЯЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ

Кейбір акционерлердің қолында шоғырланған, олардың бұл мемлекеттен
кеткенін реттеп және бақылап отырыруға мүмкіндік береді. Акцияның екі түрін
жүзеге асыру жолында әр түрлі.
Біріншіден, сату механизімі бойынша атаулы акцияның иесі
оларды компаниядан сатып алғанын куәландыратын барлық акция санына бір
толтырылған сертификат алады. Бұл акцияларды сатқанда сертификаттың сырт
жағында екі жақтық қол қойылған “индоссамент” деген белгі қойылады. Содан
соң, акционерлердің тізіміне өзгеріс енгізу үшін сертификат корпорацияға
жіберіледі.
Екіншіден, акцияның осы екі түрінің жаңа данасы иемденушілер құқын
белгілеу тәртібі де әр түрлі. Бұл түралы атаулы акция иесі корпорациядан
хабарландыру хат алса, ал акцияны ұсынушыға бұндай механизм жүру мүмкін
емес. Ұсынушы акциясында кесіп алатын купоны болады.
Үшіншіден, ұсынушы акциясының номиналы өте жоғары болмайды, бірақ ол
көп тиражбен шығарылады, ал атаулы акциялардың номиналы әр түрлі мөлшерде
бола береді. Корпорацияны басқаруға қатынасу құқығы бойынша жай және
артықшылықты акциялар болып бөлінеді.
Жай акцияларды иемденушілердің корпорацияның тапқан пайдасының
мөлшеріне байланысты девиденттер алу құқы жиналыстарда дауыс беру арқылы
корпорация басқаруға қатысу құқы және корпорация жабылып қалған жағдайда
несие берушімен есеп айырысқаннан кейін бір бөлігін алу құқы бар.
Артықшылықты акциялар меншік туралы ерекше сертификат. Олар
корпорация пайдасының деңгейіне қарамастан, белгіленген мөлшерде неғұрлым
нақты девиденд төлеуін қамтамасыз етеді.
Преференционалды акция дауыс құқын бермейді. Ол дауыссыз бағалы
қағаз. Оған байланысты артықшылық дауыс құқын жоқтығының орнына төлеу
ретінде жүреді.
Артықшылықты акция иемденушісін қорғау үшін акцияның осы бойынша
дивиденттер әрқашан жай акциялар бойынша девиденттер әрқашан жай акциялар
бойынша девиденттер беруден бұрын бөлінеді. Сондықтан бұл акциялардан гөрі
жай акция иемдену қауіптілеу. Артықшылықты акциялар номинал, бұны
көрсетілген және көрсетілмеген болып екіге бөлінеді. Бірінші жағдайда
девиденд акцияның номиналына байланысты процент түрінде есептеледі. Бұл
номиналсыз артықшылықты акциялар сирек кездеседі, оларда девиденттің нақты
ақшалы мөлшері көрсетіледі. Акция номиналының оның нарықтық бағасына әсері
жоқ.
Жай акция бойынша төленетін девиденттер сияқты артықшылықты акция
бойынша да девиденттер таза пайдадан төленіледі. Артықшылықты акция әдетте
атаулы бағалы қағаз.
Корпорация бұл акцияның бірнеше сериясын шығаруы мүмкін. Әрбір
сериясын әр түрлі көлемдегі артықшылығы бар. Егер корпорация артықшылықты
акциялардың емес көп сериясын шығаратын болса, онда оны біреуін бірнеше
артықшылықты деп анықтауы керек.
Артықшылықты акциялардың өзі бірнеше тармағына бөлінеді. Оларды былай
топтастыруға болады:
1. қатысушылар
2. қатыспаушылар
Тағы да кумулятивті және кумулятивтік емес,
конвертабельді және конвертабельді емес.

Артықшылықты акциялардың аталған түрлерін шығару мүмкіндігі корпорацияның
жарғысында қаралады.

Акциялардың бұлай бөлінуінің себебі акция иемденушілердің
артықшылықты пайдалуына байланысты. Олар:
1. Үстеме пайданы бөлуге қатысу;
2. Хабарланып, бірақ төлінбеген девиденд мумкіндігіне келешекте
қатысу;
3. Акцияны басқа түріне айырбастау мүмкіндігі.
Қатысушылар артықшылығы өз икемденушісіне үстеме пайданы бөлуге
қатысуға мүмкіндік береді. Басқаша айтқанда, корпорация жарғысында жай
акция бойынша төленетін девиденттің мөлшерін жоғарылатады. Олардың
арасындағы ара-қатынасын компания өзі белгілейді.
Қатыспаушылар акциясы, иесі еш уақытта белгілеген деңгейден артық
девиденд алуға құқы жоқ. Егер артықшылықты акциялар кумулятивтік болса,
онда бұрын хабарлаған, бірақ кейбір себептермен төленбеген девиденттер
міндетті түрде келесі жылы бөлінеді.
Конвертабельді артықшылықты акциялар өз иемденушілеріне кейбір
жағдайларда осы корпорацияның жай акцияларының белгілі бір мөлшеріне,
айырбастауына мүмкіндік береді.
Конвертабельді емес акциялар өз статусын өзгертуге мүмкіндігі жоқ.
Артықшылықты акциялардың өте сирек кездесетін бір тармағының бірі
девиденд төлеуі кейін қалдырған акциялар. Олар корпорация құрылтайшыларына
ғана арнап шығарылады. Олар бойынша девиденд тек жай акциялар бойынша
төленетін девиденттің ең жоғарғы квотасы төленіп болған соң ғана беріледі.
Содан қалғаны атаулы акция иелеріне бөлінеді.
Облигация деп эмитенттің белгілі бір шартты орындауға, яғни алған
ақша сомасын қайтаруды және белгіленген сыйықты төлеуді міндеттеген жазбаша
қарыз құжатын айтады. Ол корпорацияның активіне қайшы келеді. Облигация
арқылы тартылған капитал акционерлік капитал деп есептелмейді.
Облигация шығару-қосымша капитал тартудың бір нысаны. Эмитенттің
жалпы шығыны облигацияны шығаруға және оларды орналастыруға жұмсаған жылдық
шығынға тең болады.
Облигация мерзімдік қарыз міндеттемесі болғандықтан, оның кепілі
болып эмитенттің жалпы кепілдігі саналады. Ол кепілділік эмитенттің
банкротқа ұшырап, өз міндеттемесін орындай алмаған кезінде корпорация
мүлігінің бір бөлігін иемденуге облигация ұстаушының құқы. Облигация да
акция сияқты корпорацияны инвестициялаудың ең маңызды көзі
Облигация иемденуші корпорацияға несие беруші болып есептелінеді. Ал,
облигация корпорацияны несиелендірушінің куәлігі. Облигация иесінің дауыс
беру құқығы жоқ. Ол акционерлер жиналысында, сонымен қатар корпорация
басқаруға да қатыспайды.
Облигация бойынша мезгіл-мезгіл төленетін сый-ақы түріндегі пайда
купонға алмастырылады.
Купон деп облигациядан жыртылып алынатын талонды айтады. Онда сый-ақы
мөлшері көрсетілген. Төленген сый-ақысының орнына облигациядан купонды
жыртып алады. Облигацияда бірсыпыра элементтер көрсетіледі. Номиналы
купондық мөлшер өтеу туралы нұсқау эмиссия шарт қамтамасыз етілуі рейтингі.
Номинал деп облигацияның бетінде көрсетілген ақша саласын айтады. Оны
облигация иесі өтелу мерзімі келгенде айтады.
Купондық мөлшер жыл сайын эмитентті төлейтін облигацияның номинал
құнына байланысты келісілген сый-ақы төлем. Жыл сайынғы купондық мөлшер
бөлініп төленуі мүмкін. Мысылы, жарты немесе тоқсан сайын бір рет өтеу күні
– компанияның сатып алушыға облигацияны номиналына тең шаманы қайтарып және
сый-ақы төлеуді тоқтататын күнтізбектегі күн.
Эмиссия шарты ашықтан-ашық облигация шығару мәселесі. Ол қарыз
алушымен траст компаниясының шарты бойынша шығарылады.
Траст компаниясы корпорацияның инвесторлары алдында оның кепілі
болып, облигация ұстаушылардың мүддесін қорғап, эмитенттің өз
міндеттемелерін орындауын қадағалап отырады.
Траст компаниясы эмитенттің қаржы-қаржаттарын және оның инвестициялық
жобасының бизнес-жоспарын тексеріп, содан кейін ғана өз ризалығын береді.
Осыған байланысты эмиссия шартына траст компаниясы бірсыпыра ұсыңыс
енгізілді. Олардың ішінде жиі кездесетіндері мыналар:
1. Ең аз өтімділік;
2. Борыштың ақырғы деңгейі;
3. Активтерді сатуға тыйым салу;
4. Төленетін девиденд мөлшерін шектеу
Өтеу туралы нұсқау-эмиссия шартындағы тармақ. Ол бойынша эмитент
облигация номиналдық құны және сый-ақы төлейтін арнаулы қор құрады. Ол қор
трасткомпаниясының бақылауында болады.
Эмиссия шартында облигацияны уақытынан бұрын сатып алу бабы да болуы
мүмкін, яғни эмитенттің өз облигацияларын қайтарып алу құқы.
Қамтамасыз етілген облигациялар оларды шығарғанда кепілдікке корпорация
активтері немесе мүлігі салынады. Облигация қамтамасыз етілген болып
бөлінеді. Қамтамасыз етілген облигация корпорацияның негізгі активтерін
талап етуге құқық беріп және сонымен бірге оның негізгі меншігінің
облигацияға салынғанын көрсетеді. Қамтамасыз етуге қозғалмалы, қозғалмайтын
мүліктер және басқа бағалы қағаздар салынады.
Қамтамасыз етілмеген облигациялар жалпы кепілділігі бар, басқаша
айтқанда, эмитенттің жақсы атағымен шығарылған қарыз міндеттемесі.
Облигацияның рейтінгі – олардың инвестициялық сапасын арнаулы фирмалардың
бағаланбай, тек екінші нарықта кең көлемде сұраңысқа ие болатындары ғана
бағаланады.
Ең жоғарғы рейтинг облигациялар “инвестициалы класты” деп аталады. Төмен
рейтингі облигациялар алыстаушының деп есептейді.
Облигациялардың да номиналы және нарықтық бағасы болады. Оның номиналы
және нарықтық бағасы болады. Оның номиналына байланысты процентпен
көрсетілген нарықтық баға облигациясының курсы деп есептелінеді. Егер
нарықтық бағасы номиналынан жоғары болса, онда облигация сыйлықпен сатылады
деп айтылады. Егер номиналынан бағасы төмен болса, онда облигацияның жаңа
иесі оны дисконтпен, яғни бағасын төмендетіп сатып алады. Облигацияның
нарықтық бағасы қандай болса, сый-ақы оның номиналына байланысты
есептеледі.
Жай акциялар тәрізді облигациялар да иесі ұсынушы және атаулы болып екіге
бөлінеді. Иесі ұсынушы облигациялар екі жерде тіркелмейді, ол бойынша сый-
ақы ұсынушы субъектіге төленеді. Ондай облигациялардың әрқашан купондық
парағы болады. Сый-ақы өсім төлейтін күші облигация иесі купонды қыйып
алып, оны өтеуге тапсырады. Сый-ақы төленетін күні корпорация оған процент
алу ушін чек толтырып береді.
Корпорация облигациялары, сонымен қатар купондық кірістөлеу жөнінен де
бөлінеді. Купондық төлем мөлшері нақты бекітілген облигациялар. Олар
уақытынан бұрын қайтарылып алуы мүмкін.
Облигациялар айырбасталады, конвертуеледі және жай акция болып төленеді.
Айырбасталады облигацияларайырбастыланады – артықшылықты акцияларға өте
ұқсас. Олар келісімге сәйкес осы корпорацияның артықшылықты немесе жай
акцияларына алмастыруына мүмкіндігі бар. Бұл айырбастылымды акцияға
инвестордың қызығушылығын арттырады. Ал, жай облигациялардыңмұндай құқы
жоқ.
Корпорация өз жұмысын акция шығаруы мен де қаржыландырады. Акциядан бәрі
облигация шығару корпорацияға қауіпті. Себебі облигациялардан пайда
түспесе де, жыл сайын корпорация облигация бойынша төлем төлеуге міндетті.
Бірақ қауіпті болғанмен, ол өте арзан. Ұзақ мерзімде төленген сый-ақы
сомасынан әлде қайда көп болады деп ұйғарылады. Инвесторлар көзқарасы
бойынша акция шығару қауіптірек, демек облигация тиіледі
Сондықтан тәуекелген қосымша шығын шығарылып алған акциялар жоғары пайда
түсіруіне көзі жетпесе, оларды сатып алмайды.
Вексель - қарызды өтеудегі заңды түрде бекітілген әлем міндеттемесі. Ол
бағалы қағаздың бір түрі. Вексельді борышкер, яғни вексельді беруші тауарды
несиеге алғанда тауар сатушыға, яғни вексель иемденушіге береді. Вексельдің
мәні несиеге алған белгілі бір соманы төлем уақыты жеткенде ткелісіммен
жерде өтеу үшін тауар сатып алушының сатушыға берген қарыз міндеттемесі
вексель шығарып және оны пайдалануды дамыту ертеден несие-қаржы қызметін
көрсету нарығының басты бағыттарының бірі болып келеді. Себебі Вексельдің
мәні тек қарызды қайтару кепілі ғана емес. Сонымен бірге саудалық қарым-
қатынас қайтару кепілі ғана емес, саудалық қарым-қатынастардың тиімділігін
арттыру мақсатында осы төмен міндеттемесін белсенді пайдалану арқылы
ресурстардың айналымын жеделдету Вексельді банк сатып алады.
Вексель тауар-ақша қатынастарын және коммерциялық несиені дамытуда
ертеден келе жатқан ең бір басты қаржылық құрал.
Вексель төлем дағдарысын реттеп, заттық қорлардың айналысқа түсуін
жеделдететін кәсіпорындағы тауар-зат кұндылықтырының қорын азайтып және
халық шаруашылығындағы есептерді тездетеді.
Вексель нарығының қызметі қысқа мерзімді несие беру арқылы қысқа мерзімді
несие беру арқылы ақша қаражатын бөлу. Вексель айналымының негізгі
серіктері – бірін-бірі бақылауымен жасалатын несиелік келісім Вексельді
шығару оны айналымға түсіруге келісімнің мәні және оны маңызы зор.
Вексель иемденушінің болашақтағы қаржы мүмкіншілігін болашақтағы қаржы
мүмкіншілігін де бақылайды.
Вексель міндеттемелерінің үш түрлі айырмашылығы бар.
← Біріншіден, Вексельдің дерексіздігі, яғни қарызды қандай жағдайға,
не мақсатқа алғандығы көрсетілмейді.
← Екіншіден, оның дауыссыздығы, яғни қарызды қандай жағдайға
алғандығына қарамастан міндетті түрде өтеу керек.
← Үшіншіден, Вексельдің айналмалылығы, яғни вексель иемденуші оны
басқа адамдарға беруіне болады. Бұл ерекшелігі вексельді айналыс
қаржысы ретінде қолма-қол ақшаның орны пайдалануға мүмкіндік береді.
Сол себепті вексельді сауда ақшасы деп те атайды.
Қолдану өрісіне қарай жай және аудармалы вексель тратта болып екіге болып
бөлінеді. Жай вексельді төлеуші, яғни вексельді беруші жазады.
Аудармалы вексель деп несие берушінің қарыз алушыға вексельде
көрсетілген саланы үшінші кісіге төлеу жөніндегі берген жазбаша үкімін
айтады. Прассат траттқа бойынша акцепт берген жағдайда ғана қарыздар болып
есептеледі.

Акцепт дегеніміз – есеп айырысуда төлеушінің өз қарызын төлеуге жазбаша
берген келісімі. Демек, акцепт есеп айырысудың бір түрі.

Вексельді біреуге пайдалануға беруді “индоссамент” деп атайды. Оны
вексель иемденуші жазады. Яғни, индоссамент, ал оны алған адам индоссат деп
аталады. Вексельді өтеу үшін адамдарға аудару процесі индоссация деп
аталады.
Вексельдің қолдану аясына қарай келісім және олардың тауарларымен
немесе акциямен қамтамассыз етілуіне байланысты коммерциялық қаржылық және
жалған вексельдер болып та бөлінеді.
Коммерциялық вексель тауарларды сату және сатып алу келісімдерінің
негіздеріне айналысқа түседі.
Несие келісімдерінің ақшалай түрін рәміздеу қаржысы вексельдер болып
саналады.
Қазыналық вексель деп мемлекеттік қысқа мерзімді қаржылық
міндеттемелерді айтады.
Жалған вексельдерді беру нақты не материалдық не ақша құндылықтарының
қозғалысымен байланысты емес. Оларға достық, қола, яғни құрқуыс және қарсы
жүретін вексельдер де жатады. Және де вексель сенімділігін арттырудың
жолдары бар.
Оның біреуі акцепт авльды операциялар. Вексельдің акцепті дегеніміз
төлеушінің вексельді төлеуге берген келісім.
Вексельдің аволы вексель бойынша кепілдік Аволь беруші банк вексель
беруші аудармалы вексель болған жағдайда тарапынан төлем төленбеген
жағдайда оны төлеу жауапкершілігін өзіне алады.
Банктер вексель бойынша несие түрлі операциялар жүргізіліп, бір
жағынан, олардың айналым жылдамдығын шапшаңдатса, екінші жағынан, өздеріне
пайда түсіреді.
Бағалы қағаздардың өте көп басқа түрлері болады. Оларды әр түрлі
эмитенттер шығарылады.
Жазалу құқы қысқа мерзімді бағалы қағаз. Опцион шартқа енгізілген
мерзімдік талаптар көрсетілетін бағалы қағаз.
Қазыналық вексельдер қаржысы Министірлігін шығаратын қысқа мерзімді
облигациялар.
Депозиттік сертификат ол эмитенттің мерзімді салымын алғандығын
ишаландыратын банктік бағалы қағаз.
Чек заңды түпде бекітілген ақшалы құжат . Чек төлем айнаналымын
тездету мақсатында шығарылады.
Чектер бірнеше түрге бөлінеді:
1. Атаулы чек
2. Ордерлі чек
3. Иесі тұтынушы чек
Бағалы қағаздар нарығы басқа нарықтардан өзінің айырықша тауарымен
өзгешеленеді. Ол өзгеше тауар, бағалы қағаздар. Олар, біріншіден, меншік
белгісі, екіншіден, қарыз міндеттемесі пайда болады.
Бұл тауарлардың өз құны аз болса да, өте жоғарғы нарық бағасымен
сатуға болады. Егер бағалы қағаздарға нарықтық ұсыңыс оның ұсыңысынан
жоғары болса, онда оның бағасы көрсетілмеген құннан жоғары болады. Бұндай
нарықтық бағаның номиналдан ауытқуы бағалы қағаздардың жалған капитал
екенін көрсетеді.
Жалған капитал нақты капиталдың қағаз белгісі, яғни өндірістік
капиталдың оқшауланып шыққан бір бөлігі.
Бағалы қағаздар ақша капиталының немесе басқа материалды
құндылықтардың орнына жүретін “символы” деп те атайды. Сонымен қатар,
бағалы қағаздар қордың инструменті немесе құралы болып та есептеледі.
Сонымен, бағалы қағаздар нарығы капитал нарығының, яғни ақша не басқа
материалдық құндылықтардың қызметін көрсетеді.
Бағалы қағаздар нарығы нарықтық экономикада күтпеген кездейсоқ болатын
процестердің реттеушісі. Бұл алдымен, капиталды инвестициялау процесіне
қатысты. Капиталды инвестициялау деген оның капиталға мұқтаж өндіріс
салаларына құйылуы, ал артық болған уақытта саладан қайта алынады. Нарықтық
экономиканың тәжірибесінде капитал, ең алдымен, қоғамға шын мәнінде қажетті
өндіріске орналасады. Нәтижесінде қоғамдық өндірістің ең үйлесімді құрылымы
пайда болады, тапшылықсыз экономика қалыптасады. Қоғамдық өндіріс негізінен
қоғамдық сұраңысқа сай болады.
Сонымен, бағалы қағаздар нарығы экономикалық өрлеуді көп жағдайда
қаржыландыратын ең оңай және ең қолайлы қаржы көзі.
Құнды қағаздардың басқа да түрлері бар. Мысалы, ордерлер қозғалмайтын
мүліктерге қатысты құндықағаздар, опциондар, фьючерлік келісімдер. Олар
тәжірибелі инвесторлар үшін де, алып сатарлар үшін де тартымды.
Инвестицияның сенімділігі мен табыс әкелу тұрақтылығы түрғысьнан ең
сапалысы мемлекеттік облигациялар, әсіресе казначейлік билеттер. Олардаи
кейін жеке облигациялар және ірі компаниялардың "көп дауысты" акциялары.
Белгісіз, жаңадан ұйымдасқан фирмалар шығарған акциялар сапасы төмен
дәрежеге жатады. Осыған қарамастан АҚШ-та 120 миллион қызметкердің 47
миллионы акционерлер болып табылады. Осыншама адамды қамтитындай
акциялардың қандай тартымдылық күші бар? Біріншіден (бүл ең бастысы),
болашақта ескі инвестициялардың еселеп өсуімен байланысты. Айталық, бір
акцияны 100 долларға сатып алдыңыз делік, ал 10 жылдан кейін, егер
кәсіпорын жақсы жұмыс істейтін болса, ол акция 1000 доллар табыс әкеледі.
Екіншіден, акция ұстаушыларға дивиденд төленіп отырады (оның қатаң заңды
нормасының болмағандығына қагамастан). Үшіншіден, акцияны үстаушының дауыс
беру қүқы бар және кәсіпорын иесі ретінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бағалы қағаздардың коммерциялық банктердің инвестициялық қызметіндегі рөлі
Банк қызметі түсінігі және ерекшеліктері
Бағалы қағаздар азаматтық құқықтың объектісі ретінде.
Азаматтық құқық қатынастарының объектілері
Қаржы нарығы туралы ұғым
Азаматтық құқық объектісінің түрлері
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың нысаны
Азаматтық құқық объектілерінің түрлері
«ҚР қаржы құқығы» пәні бойынша лекция тезистері
Азаматтық құқық обьектісінің түсінігі
Пәндер