Сенушілер ЖҚТБ-ға қарсы күрестің алдыңғы шебінде



МАЗМҰНЫ

Автор жайлы бірер сөз
Кіріспе: Сенушілер ЖҚТБ.ға қарсы күрестің алдыңғы шебінде
1 Тарау: ЖҚТБ — сізге де төніп тұрған қатер!
2 Тарау: Вакцина, дәрі.дәрмек және сақтандырғыштар
3 Тарау: Адамдар жиі қоятын сұрақтар
4 Тарау: Баратын жер жоқ
5 Тарау: Сіз қалай ойлайсыз?
6 Тарау: Біз қайда бара жатырмыз?
7 Тарау: Біз не істей аламыз? Әрекет жасайтын мезгіл жетті

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   
СПИД (ЖҚТБ) және СЕН
ПАТРИК ДИКСОН

МАЗМҰНЫ

Автор жайлы бірер сөз
Кіріспе: Сенушілер ЖҚТБ-ға қарсы күрестің алдыңғы шебінде
1 Тарау: ЖҚТБ — сізге де төніп тұрған қатер!
2 Тарау: Вакцина, дәрі-дәрмек және сақтандырғыштар
3 Тарау: Адамдар жиі қоятын сұрақтар
4 Тарау: Баратын жер жоқ
5 Тарау: Сіз қалай ойлайсыз?
6 Тарау: Біз қайда бара жатырмыз?
7 Тарау: Біз не істей аламыз? Әрекет жасайтын мезгіл жетті

АВТОР ЖАЙЛЫ БІРЕР СӨЗ

Патрик Диксон 12 кітаптың, солардың ішінде ЖҚТБСПИДЖИТС туралы
шындық, Геттодан қалаға, Ояныштың белгілері, Генетикалық төңкеріс
атты және т.б. туындылардың авторы. Ол дәрігер мамандығы бойынша диплом
алып, содан соң ракпен ауырғандарға, кейіннен ЖҚТБ-ны жұқтырған науқастарға
күтім көрсетуге маманданды. ЖҚТБ туралы шындық деген кітабы жарық
көргеннен кейін, ол 1988 жылдың маусым айында АСЕТ атты халықаралық
бірлестіктің негізін қалады. Бірлестіктің толық аты — Aids Care Education
and Training, яғни, ЖҚТБ: күтім, ағарту ісі және дайындау. Оның қызметі —
өздерін ЖҚТБ-мен ауырған науқастарға күтім көрсетуге арнаған адамдарға
білім беріп, оларды дайындау. Оның мақсаты — ұлттық әрі халықаралық
деңгейде ЖҚТБ індеті жайында сенім тұрғысынан түсінік пен көмек беру.
Доктор Диксон 1991 жылға дейін АСЕТ-тің бас директоры болды. Бүгінгі таңда
ол бірнеше тәуелсіз қозғалыстардың Халықаралық альянс АСЕТ атты
бірлестікті басқаруға көмек көрсетуде. Диксон, сонымен қатар, ата-аналары
ЖҚТБ-дан қайтыс болған жетім балаларды асырап алуға бағытталған HIV Hope
(АҚТҚ-дан зардап шеккендерге үміт) атты бағдарламаның басшысы.
Доктор Диксон кеңесшілік және болжамдау қызметіне бағытталған Глобал
Чейндж компаниясының басқарушысы болып, көптеген үлкен корпорациялардың
кеңесшісі ретінде ақпараттық қоғам, жаңа технология, биотехнология,
глобализациялау, жетекшілік, мотивация және корпоративтік құндылықтар жайлы
сұрақтарға қатысты дүние жүзі бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында жиі-
жиі түсініктеме беріп тұрады.
48 жастағы Патрик Диксон жұбайымен Батыс Лондонда тұрады. Олардың төрт
баласы бар. Отбасы түгелдей сенім жолымен жүреді.

Алғы сөз
Мен ағылшын дәрігері Патрик Диксонның ЖҚТБ және Сен атты кітабының
қазақ тілінде жарық көргеніне өте қуаныштымын. Ол бүгінгі күні Қазақстанда
өте маңызды кітап. Оның авторы 1987 жылы мәсіхші сенушілердің назарын бүкіл
әлемге қауіп төндіріп тұрған ЖҚТБ эпидемиясы (індеті) мәселесіне аударған
қауым жетекшілерінің алғашқыларының бірі. Оның ЖҚТБ туралы ақиқат атты
алғашқы кітабы Англиядағы көптеген сенушілер қауымдарына терең әсер етіп,
олардың АҚТҚЖҚТБ індетіне қарсы күреске құлшынысын оятты. Диксонның жеке
өзі қауымында бірнеше еріктілерден тұратын топ құрды. Өзі оларға ЖҚТБ-мен
ауыратындарға күтім жасаудың, оларға үй жағдайында қызмет етіп, көмек көмек
көрсетудің негізгі қағидаларын үйретті. Осы топтың үлгісі бойынша ауруларға
қолдау көрсетуге арналған көптеген басқа да мәсіхшіл қызметтер пайда болды.
ЖҚТБ туралы ақиқат атты кітаптың алғашқы басылымы жарық көргеннен кейін
Англияда АСЕТ атты қайырымдылық ұйымының негізі қаланды ( Aids Care,
Education, Training — ЖҚТБ: күтім, ағарту ісі, дайындау). Бұл ұйым ресми
түрде ЖҚТБ-ның алдын алумен, АҚТҚ-ны жұқтырғандарға күтім көрсетумен
айналыса бастады. Көп ұзамай АСЕТ әлемнің басқа да елдерінде жұмыс істей
бастады. СПИД (ЖҚТБ) және Сен кітабы ЖҚТБ туралы шындық кітабының
қысқартылып, қалың оқырман жұртшылыққа түсінерлік етіп берілген түрі. 2002
жылы бұл кітап осы күндері ЖҚТБ эпидемиясын басынан кешіп жатқан Африка
елдерінде таратылу үшін миллион тиражбен үшінші рет басылып шығарылды.
Кітаптың соңында Шығыс Еуропа елдері мен Ресейдегі, Орта Азия елдері мен
Қазақстандағы АҚТҚ-ны жұқтырғандарға сенушілердің көрсетіп жатқан
қызметтері жайлы бірқатар мысалдар берілген.
Соңғы бірнеше жыл ішінде ЖҚТБ-мен ауыратындар саны бұрынғы ТМД
елдерінде, соның ішінде Ресейде, бұған дейін болып көрмеген жылдамдықпен
көбею үстінде. 1988 жылы наурыз айында алғаш рет Иркутскіге келгенімде өзге
шетелдіктер сияқты мен де жергілікті ЖҚТБ орталығында АҚТҚ-ға анализ
тапсырдым. Сол жерде мен дәрігерден Иркутск облысы бойынша 20-ға жуық АҚТҚ-
ны жұқтырғандардың ресми тіркелгені туралы білдім. Іштей бұл тым аз
көрсеткіш, сондықтан қатты мазалануға негіз жоқ деп ойладым. Бір жылдан
кейін 1999 жылдың наурыз айында қалалық ауруханалардың біріне бас сүйегі –
ми жарақатымен бір жас жігіт түсті, тексеріс барысында одан АҚТҚ табылды.
Шамамен сол кезде басқа ауруханадан осыған ұқсас жағдайда АҚТҚ-ны жұқтырған
басқа бір ауру тіркелді. Ол да басына зақым алған жігіт оқитын училищеден
болып шықты. Дәрігерлер нашақорларды анықтау үшін дереу сол оқу орнына
аттанып, оқушыларды АҚТҚ-ға тексерістен өткізді. Суық хабар Иркутскіге
лезде жайылды: тексеріс қорытындысы училищеде оқитын студенттердің
көпшілігінде АҚТҚ-ға оң нәтиже берді! Бұл жігіттер есірткіні қан тамырына
еккен, АҚТҚ-ны ортақ шприц пен инеден бір-біріне жұқтырған. Дәрігерлер
нашақорларды жүйелі түрде тексере бастады, сонда жаңадан тіркелген вирус
жұқтырғандар саны геометриялық прогрессиямен көбейе бастады. Осылайша жыл
соңына дейін Иркутск қаласынан 2600-ден астам, облыс көлемінде 1200-ге жуық
вирус жұқтырғандар анықталды. Қазір Иркутск облысында 17 000-нан астам АҚТҚ
жұқтырғандар бар. Осыған ұқсас жағдайлар Ресейдің басқа қалаларынан да
байқалады, бүкіл ел көлемінде ЖҚТБ эпидемиясы басталды. Ресейдегі АҚТҚ
жұктырғандар санының өсу темпі Африканың вируспен ең көп залалданған
облыстарындағы тарау жылдамдығын басып озды.
1998 жылы Иркутскідегі мектеп оқушылары арасында ЖҚТБ-ның алдын алу
жұмысын бастаған кезімде, көп адамдар қатты уайымдап, мазасызданудың қажеті
жоқ. АҚТҚ тек оны жұқтырып алу қаупі ерекше төнетін топ: нашақорлар,
гомосексуалдар мен жезөкшелер үшін ғана қатерлі деді. Эпидемияның басында
АҚТҚ жұқтырғандардың шынымен 97% –ын нашақорлар құрады, бірақ бұл қатерлі
аурудың таралуының алғашқы толқыны ғана болатын. Көп кешікпей АҚТҚ халықтың
басқа топтарына да жетіп үлгерді. ЖҚТБ бұл күндері көбіне жыныстық қатынас
арқылы тарайды — бұл эпидемияның екінші толқыны деп аталады. Ол біріншісіне
қарағанда анағұрлым қатерлі, өйткені төсек қатынасынан ауру жұқтырып алдым-
ау деп сезіктеніп АҚТҚ-ға анализ тапсыруға баратындарды табу қиын немесе
некен саяқ. Ауру жұқтырғаны жайлы адамдардың көпшілігі тіпті білмейді де.
Олар басқаларға ауру жұқтырып, өздерінің қауіпті өмір сүру қалпын одан әрі
жалғастыра береді. Адам АҚТҚ жұқтырған болса да денсаулығы кінаратсыз
болып, өзіне төніп келе жатқан қауіптен еш хабарсыз болып бірнеше жыл бойы
өмір сүре бере алады.
Мен Иркутскіде АҚТҚ-ны жұқтырған алғашқы адамдармен кездестім, олармен
есірткіге тәуелділерге арналған денсаулықты қайта қалпына келтіру
(реабилитация) орталығында танысқан болатынмын. Бұлар не бары 20-25 жаста
еді, менің құрдастарым болатын. Тәрізі олар вирусты ортақ шприц арқылы
басқа нашақорлардан жұқтырған іспетті. Мен осы жігіттер мен қыздарға барып
тұрдым, соңынан дос болып кеттік. Жаратқан Иенің көмегімен олар есірткіге
тәуелділіктен құтылды, бұған олар сондай қуанды, әйтсе де, олар өздерінің
болашақтарынан қатты қорықты. Олар өздерін жақсы сезінді, дендері сау болып
көрінді. Өздері қалыпты жастар сияқты олар да тамаша өмір жайлы армандады.
Алайда АҚТҚ жұқпасының құрбандарына айналды, өйткені олар өз өмірлерінде
орны толмас қате жіберді. Олар сүйіспеншілік пен түсінікке мұқтаж еді.
Қазір Ресейде және басқа да ТМД елдерінде осындай он мыңдаған жастар бар
және олардың саны күннен күнге ұлғая түсуде.
2005 жылдың қантар айында Ресейде АҚТҚ-ны жұқтырғандар ресми түрде 305
мыңнан аса тіркелді. Ал бұл не бары ресми ғана көрсеткіш. Бұлар тек АҚТҚ-ға
қанын тексергенде оған оң нәтиже бергендері ғана. Ал қаншама адам
тексерілмей жүр? Дәрігерлер мұндай тексерісті наркодиспансерлерде емделгісі
келетін нашақорларды, әскер қатарына шақырылғандарды дәрігерлік комиссиядан
өткізгенде, жүкті әйелдерді бақылаған кезде ғана жүргізеді. Ал бұлар
қоғамның шағын бөлігін ғана құрайды. Дәрігерлердің көбі АҚТҚ
жұқтырғандардың шынайы саны ресми тіркелгендерден әлденеше рет көбірек деп
ескертеді. Бүгінде Ресейде 900 мың адам АҚТҚ жұқтырған болуы мүмкін.
ЖҚТБ-мен күрестің Бүкілресейлік федералдық орталығын басқаратын Вадим
Покровский жуырдағы он жыл ішінде миллион ресейлік осы аурудан көз жұмуы
мүмкін, Ресейдегі АҚТҚ ЖҚТБ эпидемиясы тұрғындарының 30% осы ауруды
жұқтырған африкандық дәрежеге жетуі мүмкін екенін жоққа шығармайды.
Қандай қорқынышты сандар! Болашақта осы адамдардан қаншама адам жыныстық
қатынас арқылы ауру жұқтырмақ? Ресейде 5 жылдан кейін АҚТҚ жұқтырған
қаншама бала дүниеге келмек? Осындай мәселелер бізді алаңдатып, табанды іс-
әрекеттерге итермелеуге тиіс.
Бүгінгі күні бүкіл әлемнің басына төніп тұрған осындай апатпен
күресте Иса Мәсіхке сенетіндердің ғана жеңіп шығатынына күмәнім жоқ.
Сенушілер қауымы адамдарға өмірлеріне дұрыс бағыт беруге көмектесетін
теңізшілерге арналған маяк іспетті, қоғам үшін тұз бен нұр болуға тиіс.
Әлемнің көптеген басқа елдеріндегі сенушілер осы қасіретпен белсене күрес
жүргізіп келеді. Олар жастар арасында ЖҚТБ-ның алдын алу жұмыстарымен
айналысып, жұбайлық адалдық пен салауатты өмір салты туралы Киелі кітапта
үйретілген құндылықтарға назарларын аудартады. Сенушілер қауымдары
адамдардың кемшіліктерін әшкерелеп, ар-ұждандарын оятып, олардың жаман
қылықтарына бола бастарына төніп тұрған өлімге соқтыратын қауіптің алдын
алатын, қоғамның жағдайын дұрыс бағалап, ескертетін дауысқа айналуға
тиіс. Алайда сенушілер тек айтып қана қоймай, ЖҚТБ-мен ауыратын адамдармен
қарым-қатынас жасаудың үлгісіне айналып, өздері іс-жүзінде қызмет
көрсетулері де қажет. Көптеген елдерде сенушілер АҚТҚ-ны жұқтырған
нашақорлармен, олардың отбасыларымен жұмыс жасауда. Басқалары аурулардың
үйлеріне барып, оларға күтім көрсетіп, ата-аналары өліп, жетім қалған
балаларды асырап алып, балалары ЖҚТБ-дан өліп, олардың соңында қамқоршысыз
қалған қарт адамдарға көмек көрсетуде. АҚТҚ жұқтырған адамдарға қызмет
көрсетуді мақсат етіп қойған көптеген сенушілер ұйымдары мен қызметтері
бар. Олардың кейбіреулерінін іс-тәжірибесі жайлы кітабымыздың Әрекет
жасайтын мезгіл жетті атты соңғы бөлімінен оқи аласыздар.
ЖҚТБ-ға қарсы күреске жеке өз үлесіңізді қосу үшін сізге белгілі бір
ресми ұйымның мүшесі болу міндетті емес. Егер сіз АҚТҚ-ны жұқтырған адамның
жақын досына айналсаңыз, мұның өзі сіз атқарған үлкен іс. Ауру жұқтырған
адамдар қоғамнан аластатылып қуылғандарға айналады, олар өздерін қоршаған
адамдарға аурулары жайлы айтуға қорқады. Өйткені көбіне оларды қуғындайды,
олардан тіпті ең жакын адамдары, достары қашқақтап, қорқатын болады. Заңға
қайшы келетініне қарамастан ауруларына бола оларды жұмыстарынан босатады.
АҚТҚ-ны жұқтырғандардың көпшілігі үшін аурудың өзі емес, маңындағы
адамдардың бола олар тап болатын жалғыздықтың қорқынышы. Бұл аурулар әлі де
болса тірі, бірақ көптеген басқалар үшін олар өлгендер санатында. Иса Мәсіх
жер бетінде болған кезінде осы күнгі үмітсіз жағдайда жүрген АҚТҚ
жұқтырғандар іспетті сол кездегі алапеспен ауыратындардан қашқақтап, бас
тартқан жоқ. Иса адамдардың қате түсініктерін әшкерелеп, ауру адамдармен
қарым-қатынас жасап, олардың сауығуы үшін мінажат етіп, өз істерімен оларға
Құдайдың сүйіспеншілігін көрсетті. Осындай адамдарға қайырымдылық көрсету,
риясыз көмек беру жайлы үйретті (мысалы, қайырымды самариялық жайлы астарлы
әңгімені есіңізге түсіріңізші). Иса өз өмірімен бізге басқалар үшін өз
жанын құрбан етуге баратын сүйіспеншіліктің үлгісін көрсетті. Ол басқа
адамдарға қатысты біздің Оның қолдары, Оның жүрегі болу жауапкершілігін
бізге үлестіріп берді. Бізге, яки, Оның қауымына, маңызды үндеу тасталды:
ЖҚТБ эпидемиясы өзінің таралу жылдамдығын күшейтті. Әрекет жасайтын мезгіл
жетті.
Мен осы кітабымыз адамдарға ЖҚТБ ауруына қатысты қалыптасқан көптеген
түсінік-нанымдарды жоюға, төніп тұрған апаттың көлемін ұғынуға көмектеседі
деп үміттенемін. Мен осы кітап сіздерге АҚТҚ жұқтырған адамдарға деген
Құдайдың көзқарасын ашып көрсетсін деп мінажат етемін. Жаратқан Иеміз
сіздердің жүректеріңізге Өзінің рақымдылығын, іс-әрекет жасауға деген
құлшынысын, өзіңізді қоршаған басқа адамдар үшін Оның істейтін қолдары мен
сөйлейтін ауыздары болуға деген ынта-жігерін сала гөрсін. Осы іспен Оның
қауымынан басқа кім айналыспақ?

Марек Сланский -ТМД елдеріндегі АСЕТ-тің өкілі

Кіріспе:

Сенушілердің ЖҚТБ-ға қарсы күреске ат салысуы
ЖҚТБ: дереу әрекет ету қажет

Егер еш нәрсе өзгермесе, 200 миллионнан астам ерлер, әйелдер және
балалар ЖҚТБ-дан (СПИД, ЖИТС) өлетін болады. Бұған дейін 20 миллионнан
астам ересектер мен балалар ЖҚТБ-мен ауырып, қайтыс болды. Жаңа эпидемия
бұрынғы қай кезге қарағанда да тезірек таралып, жыл сайын он жыл бұрынғы
есеппен салыстырғанда төрт есе көп адамның өмірін алады. Адамдар оның
қаупін жете түсінбейді немесе ол туралы еш ойлағылары да келмейді.
Мен өмірімде алғаш рет көрген ЖҚТБ-мен ауырған адамды ешқашан
ұмытпаймын. Ол жас жігіт, студент болатын, аурухана бөлмесінде жатып қара
терге малынған, қақырығына тұншығып, демін әрең алып, тұла бойын үрейлі
қорқыныш билеген еді . Оның бетінде оттегінің маскасы, денесінде көптеген
түтікшелер болды. Жігіт сол жан түршігерлік бөлмеде мүлдем жалғыз жан
тапсырайын деп жатыр екен.
Мен әлемдік деңгейдегі күллі медициналық құралдармен жабдықталған,
дәрігерлер дайындайтын Лондондағы бір ауруханада осындай аурудың жападан
жалғыз қалғанын көріп, қатты күйзелдім. Бірақ 1987 жылғы жағдай осылай
болатын. Бұл Ұлыбританияда өлім аузында жатқан ауруларды күтетін ешбір
аурухана ЖҚТБ-мен ауырған науқастарды қабылдамайтын, әрі кейбір медбикелер
АҚТҚ-ны (ВИЧ, АИТВ) жұқтырған аурулардың үйіне барудан бас тартқан кез
болатын. Менің қызметтес әріптестерімнің кейбіреулері оларға қажетті дәрі-
дәрмек жазып та бермейтін. Мұның бәрі олардың ЖҚТБ деген ұнамсыз диагнозы
болғандығынан ғана еді.
Мен бұдан былай бекер қарап жүре алмадым. Сол бөлімшеде Құдайға рухани
жағынан ұқсас етіп жаратылған көмекке өте мұқтаж бір адам жатты. Мен оның
өмір сүру салты және ауруға қалай шалдыққаны жайлы барлық сезімдерімді
шетке ысырып қойып, оған күтім көрсетіп, жәрдем бергеннен басқа не істей
алар едім?
Тіпті оның өз отбасы сол жігіттің сырқат екенін де білмейтін. Олар
өзімнен бас тартады деп қорқып, ол құпиясын өзімен бірге о дүниеге алып
кетпекші болды. Ішіп жатқан дәрілері оның жан азабын жеңілдетуге еш
дәрменсіз еді. Бұл өлім аузында жатқан ауруларды күтетін медицинаның одан
жиырма жыл бұрынғы дамымаған күйіне ұқсас болды.
Мен дәрігер-онколог білімін алып, өлім аузында жатқан аурулардың
үйлеріне барып күтім көрсетуге дайындалған едім. Мен бірнеше жыл бойы ЖҚТБ
ауруынан өзімді алшақ ұстап келдім: менің мамандығым емес, аурудың осы түрі
мені еш те қызықтырмады. Бірақ мен кәсіпқой әріптестерім ауруларды қараудан
бас тартқан жан түршігерлік ащы шындықты өз көзіммен көргенде,
кейбіреулеріміз ракпен ауырып өлімге жақын қалған адамдарға қалай күтім
көрсетуге дағдылансақ, дәл сол дағдының дереу ЖҚТБ-мен ауыратындарға да
кеңінен қолдануымыз қажеттігін түсіндім.
Алайда ЖҚТБ науқастарынан тек медицина қызметкерлері ғана бас тартқан
жоқ. Сенушілер қауымдары да оларды саусақпен шұқып көрсетіп, моральдік
пікірталас жүргізді, ал олардың нақты беретін көмегі тым аз еді. Менің де
олардан айырмашылығым болмады: осынау бір ұнамсыз жаңа аурумен
айналыспаудың сылтауын табуға тырыстым. Содан кейін өзімнің қаншалықты
тасжүрек болғандығымды әрі осындай науқастарға деген менің көзқарасымның
түбегейлі өзгеруі тиіс екендігін түсіндім. Сол жас жігіт ауруын басатын
қажетті медициналық көмек алып, бірнеше күннен кейін өзінің сүйікті
отбасының көз алдында мәңгілікке көз жұмды. Бірақ оның көрген азабы тұла
бойымды тітірентті. Мен біржолата өзгердім.
Бұл кітап ЖҚТБ туралы шындық атты кітаптың қысқа нұсқасы ретінде
алғаш 1989 жылы жарық көрген. Оның мақсаты әр түрлі сенушілер қауымдарын
ЖҚТБ-мен жапа шеккендерге жанашырлықпен қол ұшын беруге жігерлендіру болды.
Ондағы басты назар ауруларға күтім көрсету және мектептердегі ағартушылық,
алдын алу шараларына бағытталды. Сенім тұрғысынан ЖҚТБ жайында қысқа да
әсерлі кітап жазуды өтінген әлемнің әр жеріндегі адамдардың сұранысы
бойынша бұл кітап түзетулер енгізіліп, толықтырылып, қайта басылып шықты.
Менің 1989 жылғы ескерткен барлық нәрсем дерлік, өкінішке орай,
бүгінгі күнде шындыққа айналды. Дегенмен, миллиондаған адамның шеккен ауыр
азабы мен қайғысы болашақта өткен-кеткеннің қайталамасы болмайды деген әлі
де үміт бар. Аса уайымдататын жайт: 80-ші жылдардың соңында Африкада
жайылған эпидемияның ғибраты он бес жыл өтсе де әлемнің басқа елдерінде әлі
де ескерілмеген. Тіпті қазірдің өзінде де біздің басымызға бұндай күн
тумайды деп ойлайтын үкіметтер мен күллі халықтардың бұл мәселені
мойындамайтынын көреміз.
АҚТҚ-ны (ВИЧ-ті) жұқтырғандардың саны 60 миллионға жеткенмен, эпидемия
әлі де болса өзінің бастапқы кезеңінде. Африкалық үлгідегі инфекция Азияның
және басқа да құрлықтардың көптеген елдерінде кең ауқымда тарала бастады.
Бірақ та біз 15 жыл бұрын Угандада көргеніміздей үкімет тарапынан ЖҚТБ-ға
қарсы аса белсенді, көп сатылы шаралар жан түршігерлік аз көлемде жасалуда.
Көптеген елдерде ЖҚТБ-ға қарсы күресте сенушілер алдыңғы қатарда ат
салысуда. Оңтүстік Африкада архиепископ Десмонд Тутудың бағалауынша АҚТҚ-ны
жұқтырғандарға көмек беру қоғамдық бағдарламаларының 60%-дан астамын
сенушілер қауымдары мен ұйымдары атқаруда. Үндістандағы ЖҚТБ-ға қарсы
мәсіхшілер қозғалысы 25 мың қызметшіні жұмылдырған. Олар ауруларға күтім
көрсетуге немесе аурудың алдын алу шараларына өздерінің бос уақыттарында
немесе толықтай ат салысатын қызметкерлер ретінде үлестерін қосуда. Бұл
елеулі жетістік — күллі елді қамтитын халық қоғалысы. Біз бұны жүздеген
сенушілер ұйымының өсіп келе жатқан бірлестігі — Делидегі Мәсіхшілердің
ЖҚТБ-ға қарсы бүкіл халықтық одағы арқылы білеміз.
Мұны, сонымен қатар, бастамасы 1988 жылы кішігірім ұйымнан ұласқан
Мәсіхтің атынан жанашырлықпен әрекет етуге тырысатын тәуелсіз
агенттіктердің дүниежүзілік АСЕТ бірлестігінен де көреміз. Бұны, сондай-
ақ, Операция Мобилизация, Самариялықтың қапшығы, Тир Фонд, Уорлд
Вижн, Мәсіхшілік көмек және Құтқару Әскер тәрізді жүздеген сенушілер
ұйымдарының қызметтерінен көреміз.
Уганда — үкімет және сенімге негізделген ұйымдар жұмыла әрекет еткенде
қандай нәтиже шығатынын көрсететін тамаша мысал. ЖҚТБ-ның алдын алу
бағдарламасы ауруды жұқтырудың санын, әсіресе, жастар арасында 22%-дан 8%-
ға дейін күрт төмендетті. Бұл жетістікке қауымдардың көмегінсіз қол жеткізу
мүмкін емес еді. Бұл — болашаққа үміт туғызатын үлгі.

Әр дәстүрді ұстанатын мәсіхшілер қарапайым екі мақсат үшін еш
қиындықсыз біріге алады:
• АҚТҚЖҚТБ мәселесіне тап болғандардың бәріне бірдей шартсыз,
жанашырлықпен қол ұшын беру
• Қауымның тарихи тәлімін құрметтеп қолдайтын нәтижелі алдын алу
шаралары

Біз — мәсіхшілер ЖҚТБ мәселесіне тап болғанда, көбінесе ешқандай
әрекет етпейміз немесе бір нәрсенің бұрыс екендігін мәлімдеу үшін Киелі
кітапқа не қауым ілімдеріне сілтеме жасауға асығамыз. Осындай әрекетімізден
біз Құдайдың мейірімі мен сүйіспеншілігін, кешірімін, әрі көптеген
адамдардың ауруды өздерінің теріс қылықтарының кесірінен емес, басқалардың
кесірінен жұқтырғандығын ұмытып кетеміз. Құдай сөзінің тәлімдерін дұрыс
түсінгенімізбен, өзіміздің іс-әрекетіміз бен арақатынасымызда мүлдем алшақ
кетуіміз мүмкін. (Яғни, мейірім, сүйіспеншілік атаулыны көрсетуден ада
болуымыз мүмкін).
Мысал үшін Жохан жазған Ізгі хабардағы Иса және неке адалдығын
бұзған әйел туралы әңгімені алайық. Шын мәнінде әңгіме жұрт алдына
шығарылмаған ер адам жайлы. Екі адам күнә жасаса да, ер адамды, оның
күнәсін көзге іліктірмей, ашынған бір топ еркек тек әйелді өз беттерімен
жазалаудың сылтауын іздеуде. Исаның өмір сүрген заманында иерархия болатын:
әйелдердің неке адалдығын бұзуы өлім жазасына кесілетін, басқа күнәлар
соншалықты ауыр жазаланбайтын, ал еркектің неке адалдығын бұзуы сөзге
тұрмайтын жайт секілді еді.
Исаға осы екіжүзді көзқарас жиіркенішті болды. Ол бір-ақ ауыз сөзбен
үкім айтушылардың бетін қайтарды: Араларыңда кімде-кім күнәсіз болса, сол
әйелге бірінші болып тас лақтырсын. Бүгінгі тұрғыдан айтқанда, сіз газет
дүңгіршектеріндегі әдепсіз журналдарға көзін тікпейтін, ешқашан
қызғанбайтын, ешкімді табаламайтын, боқтық сөз айтпайтын, не ешкімнің
сыртынан өсек айтпайтын, еш уақытта өзгеге деген ашуыңызды балаларыңыздан
қайтармайтын, шындықты еш жасырмайтын, әрі ешқашан машинаңыздың жылдамдығын
шегінен асырмайтын мінсіз адам болсаңыз, онда алға шығып, әйелге тас
лақтырыңыз (Жохан жазған Ізгі хабар 8:1-8 қараңыз).
Ешкім орнынан қозғалмады. Алдымен үлкендері, содан кейін басқалары
бірінен соң бірі шығып кетпейінше, Иса олардан көз алмай қарап отырды.
Басқаларға күнәнің дәрежесіне қарап үкім шығару жайлы барлық мүмкіндікті
Иса бір ауыз сөзбен-ақ түгелдей жоққа шығарды. Біз бәріміз де күнә жасап,
Құдайдың рақымынан құр алақан қалғанбыз және бәріміз де Құдайдың рақымынсыз
рухани өліміз. Басқаларды саусақпен шұқып мінеп, ал өзімізді дәріптеп
мінбеге көтеруге Иса тыйым салады. Ол дүниедегі үкім айтуға қақылы жалғыз
адам болса да, әйелге: Мен де саған үкім шығармаймын, — деді де, Бара
бер, бұдан былай күнә жасама! — деп жөніне жіберді.
Мәсіхші бола тұра біз, Исаның айтқан екі нәрсесінің арасында қалып
қоямыз: біз немесе әдеп пен ахлақ (мораль) жайлы айтуға асығып, басқаларға
үкім шығарып күнә жасаймыз немесе нақты әдеп пен ахлақ ережелері жоқ терең
тұңғиыққа құлай тұра, Құдайдың мейірімділігі мен сүйіспеншілігін жариялауға
асығамыз. Құдайдың шексіз сүйіспеншілігін және Оның мүлтіксіз өмір жайлы
ережелерін бірге ұстанатын Исаның жолымен жүру үшін бізге Оның көмегі
қажет.
Жаратылыстың басталуынан Аянға дейін Киелі кітап ілімдері мынаны
үйретеді: өздерін өмір бойына бір-біріне арнап некелескен әйел мен еркектің
жыныстық қатынастағы біртұтастығы — бір тамаша сый әрі екеуінің арасындағы
махаббат пен достықтың шарықтау шегі. Құдай жыныстық қатынасты ұнатады,
бірақ некеден тыс жыныстық қатынас Оған ұнамайды. Киелі кітап некеден тыс
жыныстық қатынастың күнә екендігін анық айтады. Мәсіхшілер қауымдары осы
ілімді үнемі ұстанып келген, әрі иудаизм мен исламда да солай үйретіледі.
Киелі кітап бізге жыныстық қатынасты екі адам біртұтас болғандағы
құпия, рухани оқиға ретінде көрсетеді. Біз бұл оқиғаның тәндік жағын
көреміз. Ерекше, қайталанбас адамды жасау үшін, әйелдің жарты жасушасы
еркектің жарты жасушасымен қосылып, сөзбе-сөз айтқанда, біртұтас дене
құрайды. Осындай бір-біріне қарама-қайшы талаптармен біз қалай өмір сүре
аламыз? Исаның салып кеткен жолы анық: біз мұқтаждардың бәріне бірдей
олардың соған қалай тап болғанына қарамастан, Құдайдың шартсыз
сүйіспеншілігін көрсетуге шақырылғанбыз.
Егер менің үйімнің жанында машина соғылып, біреу ауыр жарақат алған
болса, мен оған жәрдем беру үшін жүгіріп далаға шығамын. Мен оның мас
болғандықтан апатқа ұшырағанын біліп, кетіп қалмаймын. Оған жедел жәрдем
машинасында не жатқан палатасында маскүнемдіктің зияндығы жайлы уағыз да
айтпаймын. Бірақ та мас күйде машина жүргізу қаншалықты қауіпті екендігі
туралы барлық таныстарыма айтатын боламын.
Біз АҚТҚЖҚТБ-ны жұқтырған адамдарға жәрдем беріп, күтім мен
сүйіспеншілік көрсетуге шақырылғанбыз. Біз адамдарға барынша көмек беруге
шақырылған қызметшілерміз және бұл біздің артықшылығымыз. Тіпті олардың
өмір сүру салтын қоштамаса да, мәсіхшілердің науқастарға соншама қамқорлық
пен күтім көрсететініне көпшілік қатты таңырқайды.
Мен Исаның жоғалған ұл жайлы айтқан әңгімесі туралы жиі ойлаймын. Ол
өзіне тиесілі еншісін алып, оны үйінен шалғай жерде ысырап етті. Егер ол
үйінен алыста жүргенде АҚТҚ-ны жұқтырып, ақылға келуге мұршасы болмай көзін
жұмса, не болар еді? Мен оның әкесінің бір күні ертеңгілік тамақта газет
оқып отырып, ұлының қайтыс болғандығы жайлы хабарландыруды көргендегі күйін
көз алдыма елестете аламын. Ол жасқа булыға: Он жыл бойы ешқандай телефон
да шалмай, хат та жазбай, хабар-ошарсыз кеткен ұлымыздан қалған белгі осы,
— деп жұбайын шақырар еді.
ЖҚТБ ауруына шалдыққан көптеген адамдар ешбір үмітсіз әрі Құдайсыз бұ
дүниеден өтіп жатыр. Біздің көктегі Әкеміз адамдардың өз бетімен жүруіне
еркіндік берсе де, Ол ешбір жанның да құрығанын қаламайды, қайта, Өзінен
бір күн болса да ажырамауын тілеп, олар үшін аза тұтып қайғырады. ЖҚТБ
ауруына шалдыққандар бүгінгі күннің алапестері — арам деп саналған
науқастары. Олардан жұрттың бәрі де үркіп, алыстан қашады. Исаның алапеспен
ауырған адамға қолын тигізгені 2000 жыл бойы еске алынып айтылып жүрген
тарихқа енді. Бұл Өзінің жанын біз үшін қиғаннан кейінгі Құдайдың
сүйіспеншілігінің ең керемет көрінісі болды.
Ерікті жәрдем беруші мәсіхші науқастың үйіне кіргенде, Иса да онымен
бірге сол үйге енеді. Исаның Өзінің денесі жоқ, Оның рухани денесі —
сенушілер қауымы. Оның көмек берер қолы, жүрер аяғы, жайдарлы күлкісі,
жұбататын даусы, елжіреген жүрегі, басынан сипап еркелетері — біздерміз.
Адамдар өмірде байқай алатын Құдайдың тек бір ғана бөлігі — Исаның
мендегі не сіздегі өмірі болатын шығар. Біз үйге кіріп біреуді құшақтасақ,
оған су, дәрі не тамақ әкеліп берсек немесе біреудің қолын алатын болсақ,
біз де тарихқа енеміз. Демек, біз Құдайдың сүйіспеншілігін көрсетіп, көбіне
өзін Құдайдан мүлдем алшақ сезінетіндерге Оның жүрек сырын ашамыз.
Құдай жолын елеп-ескермеудің нәтижесінде болған дүниежүзілік апаттан
қалай құтқарылуға болады? Егер әркім есірткі қолдануын қойып, өмір бойы бір
ғана адаммен тұратын болса, 30 жылға жетпей-ақ АҚТҚ жер бетінен толықтай
аластатылатыны шындық. Бірақ бәрі де бұрынғы қарқынмен жалғаса берсе, дәл
сондай уақыт аралығында бұл аурудан 200 миллион адамның өмірі қыршын кетері
сөзсіз. Сақтандырғыш ЖҚТБ ауруына шалдығу қаупін төмендетеді дейді. Біреуі
АҚТҚ-ны жұқтырып алғаны мүмкін бір жұптың сақтандырғышты 50 жыл бойы
көмегі тиіп қалар деп қолданатынына қалайша үміт артуға болады? Ал егер
олар өздерінен кейін ұрпақ қалдырғысы келсе немесе сақтандырғыш сенімді
ақтамаса ше? Денсаулық сақтауға арнап бөлінген жылдық қаржысы әр адамға
шаққанда 2 доллардан ғана тиетін миллиондаған түгі жоқ пақыр кедей халықтан
тұратын, қаржы қоры жұтаң елдерде сақтандырғыш тым қымбатқа түседі. Бізге
бұл мәселенің дұрыс шешімін табу керек. Сондықтан Дүниежүзілік денсаулық
сақтау ұйымы былай деп жариялады: АҚТҚ-ны таратуды тоқтатудың ең тиімді
жолы — жыныстық қатынасты үзілді-кесілді тыю немесе ауруды жұқтырмаған
жұбайлардың бір-біріне адал болуы. Егер бұл мүмкін емес болса,
сақтандырғышты дұрыс пайдалану ауруды жұқтыру қаупін азайтады.
Көптеген жұптар үшін өз дендерінің саулығына сенімді болудың бірден-
бір жолы — екеуінің де АҚТҚ-ға анализ тапсыру. Кейбір елдердегі ЖҚТБ-мен
ауыратын әйелдердің шамамен 35%-ы некеге дейін өздерінің пәктігін сақтап
келсе де, күйеулерінің басқалармен қатынасы арқылы ауру жұқтырғандықтан
қаза табуда. Бұл — күрделі де сезімтал мәселе. АҚТҚ-ға анализ тапсырамын
деген әркім ең алдымен мамандардан ақыл-кеңес алғаны жөн.

Қалай көмектесу керек
Аурудың алдын алу шараларымен өмірді сақтап қалу, науқастарға және
өлім аузында жатқан адамдарға жанашырлықпен көмек көрсету және жергілікті
қоғамды дамыту үнемі қатар жүреді. Жұрт науқастарға күтім көрсетуде өз
үлесін қосатындарға көбіне ең көп сенім артып, олардың ықпалы зор болады.
Адамдар осылай аурудың ауыр азабын көріп, өз мінез-құлқын өзгертіп, өлім
аузындағы науқастарға және олардың соңынан қалған жетімдерге қол ұшын
беруге ниеттенеді. Алайда тамаққа тарығып, бір күндік нан үшін тәнін сатып,
тәуекелге бел бууға бейімделген әйел заттың мінез-құлқының өзгеруі қиынға
соғады. Жоқшылық, сауатсыздық пен ЖҚТБ бір-бірімен тығыз байланыста болады.
Әдетте адамдар неғұрлым кедей болса, ауру соғұрлым тез тарайды.
Сіздің қауымыңыз не ұйымыңыздың жетекшілері ЖҚТБ мәселесімен бетпе-бет
келуге дайын ба? Кез келген өсіп келе жатқан қауымнан бұрынғы өмір сүру
салтының салдарынан АҚТҚ-ны жұқтырған кейбір адамдардың табылуы мүмкін.
ЖҚТБ-ға шалдыққандар айналасындағы адамдардың оны қабылдайтын-
қабылдамайтындығы жайлы өте сезімтал болып келеді. Қатерлі ісік (рак)
ауруымен ауыратындар секілді ЖҚТБ-мен ауыратындар да лезде ашу-ызадан
ауруын мойындамауға, қайғыруға, торығуға, үміттенуге, болашаққа деген
сенімге, күдікке, моюға, қарсыласуға, түңілуге, белсенді емделуге немесе
тіпті өлуді қалауға да ауытқиды.
Адамның қазіргі өз жағдайы жайлы көзқарасына ерекше ықыласпен қараңыз.
Оған болашақтың бұлыңғырлығына мойымауды, сіздің оған деген қамқорлығыңыз
бен достығыңыздың мызғымайтынын және Құдайдың сенімі мен сүйіспеншілігі еш
күмәнсіз екендігін түсіндіруіңіз аса маңызды. Ауру адамның өткен өмірінен
қалған жан жарасы мен өзінің еш нәрсеге жарамсызбын деген сезімдері болуы
мүмкін. Абайсыз басқаларға ауру жұқтырдым-ау, немесе басқалар дүние салса
да өзім әлі күнге дейін тірі жүрмін деп өзін кінәлі сезіне алады. Бұрынғы
өмір сүру салтынан айыпты сезінуі де мүмкін. Оңашаланып бөлектену мен
жалғыздық сезімдері өте күшті бола алады. Өлім аузында жатудан қорқу кей
жағдайда өлімнің өзінен қорқудан да күштірек болады екен.
Науқас адам сөзбен жұбатуға немесе оны мұқият тыңдауға дайын болудан
гөрі жай ғана көмекке көбірек мұқтаж. Адамды жуындырып, киімін ауыстырып,
не оған тамақ әзірлеп беру — алты сағат бойы ыңғайлы креслода отыруға
қарағанда, сіздің оның өзіне және балаларына деген қамқорлығыңыздың
сенімдірек дәлелі. Көпшілік ЖҚТБ-мен ауыратын науқасқа ақыл-кеңес беруге
құмар, бірақ оған іс жүзінде қолғабыс беруге кім дайын?
Адамдар осы дүниемен қош айтысқаннан кейін, соңында еңіреп балалары
қалады. Он миллион бала жетім қалған. Оларға кім қамқорлық жасайды? Кім
келесі ұрпақтың өмірін сақтап қалуы үшін жас ата-аналарға ЖҚТБ-ның қаупі
туралы күнделікті ескерту жасайды? Осының барлығы туралы біздің кітабымыз
ашық мәлімет береді.
АҚТҚ аса үлкен жылдамдықпен таралып жатқанына қарамастан, сенімнің
жолына түсушілердің саны артуда. Соңғы жиырма жыл ішінде, әсіресе, кедей
елдерде сенушілердің саны бұрынғыға қарағанда әлдеқайда арта түскен. Мен
осы өмірді өзгертетін сенімнің таралуы ЖҚТБ-ның таралуына жол бермеуге
көмектесіп, жаңа жанашырлық ниет, күтім және түсіністікке ояныш болуы үшін
мінажат етемін.

Патрик Диксон - Шілде 2005

Бірінші тарау
ЖҚТБ — сізге де төніп тұрған қатер!

Келешекте біраз жыл шамасында осы дүниедегі әрбір адам өзінің
таныстарының біреуі ЖҚТБ-дан (СПИД, ЖИТС) өлгенін еститін болады. Қазіргі
күндері жер шарында тұратын әрбір жүзінші ересек адам АҚТҚ-ны (ВИЧ, АИТВ)
жұқтырған. Ол біреудің бауыры, қарындасы не сіңлісі, бөлесі, ағасы, бір
көшеде тұратын көршісі, дүкен сатушысы, мектептегі не жұмыстағы бір танысы.
Бұл Африканың көптеген елдердерінде және оңтүстік-шығыс Азияның кейбір
аймақтарында, сонымен қатар ТМД елдерінде, оның ішінде Ресейде күнделікті
жағдайға айналған. Сіз бұл туралы білмеуіңіз де мүмкін, себебі ЖҚТБ жайлы
мәлімет көбіне құпия сақталуда. Сізге адам рак ауруынан не қандай да бір
басқа аурудан қайтыс болды деп айтуы мүмкін, бірақ шын мәнінде сол адамның
ажалы ЖҚТБ-дан болған. 2004-жылғы АҚТҚ-ны жұқтырғандардың саны шамамен 60
миллион болғаны ықтимал — нақты санын ешкім білмейді. Бүгінгі таңда АИТ
вирусы дүние жүзінде бес жыл бұрынғы уақытқа қарағанда екі есе артық
жылдамдықпен таралуда.
Кейбір адамдар қорқыныштан өзін қоярға жер таппайды. Олар ЖҚТБ деген
сөзді естісімен теледидар каналын бірден басқасына ауыстырады. Оларға кеше
кеште ғана сөйлескен адамы осы ауруға шалдыққан болса керек деген ойдың өзі
қорқынышты. Олар ЖҚТБ-мен ауыратын адамның қолын ұстағаны немесе байқамай
оның стақанын алып, одан ішкені туралы ойлай қалса болғаны, дүрліге кетеді.
Егер олар өздерін қоршаған адамдардың бірнешеуі ауру жұқтырғандығын білетін
болса, дүрбелең емес, байбаламға басады.

Скафандр киген дәрігерлер
Індет (эпидемия) шыққан алғашқы жылдары адамдар өздерін қызық ұстаған.
Ұлыбританияда полиция қызметкерлері АҚТҚ-ны жұқтырған болуы мүмкін
қылмыскерді тұтқындау үшін қолдарына қолғап, беттеріне бетперде, аяқтарына
резеңке етік киетін. Біреуді ЖҚТБ ауруына шалдыққан деп күдіктенсе, жедел
жәрдемнің қызметкерлері оны алып кету үшін нағыз скафандр киетін. Кейбір
қауым жетекшілері Нан үзу рәсімі кезінде қолына қолғап киіп, нанды ағаш
қалақшаның ұшына қойып ұсынатын. Науқастардың үйлеріне таратылатын ыстық
тамақ кіре берісте суып қалатын, өйткені жүргізуші қоңырауды басып, үйге
кіруге қорқатын.
Үндістанның Калькутта қаласында ЖҚТБ ауруына шалдыққандарға арналып
жаңадан салынып біткен емхана жабылып қалған, себебі онда жұмыс істеуге
ниет білдірген ешбір дәрігер де, медбике де табылмаған. Сол қалада
дәрігерлер бір ананың АҚТҚ-ны жұқтырғанын білгенде оны кішкентай
нәрестесімен емханадан қуып шыққан. Біраз уақыт бұрын Угандада егер біреу
ЖҚТБ-мен ауырған адамның үйіне кіргеннен кейін ауырып калса, ауылдың
тұрғындары оған мүлдем жоламайтын болған және ол сусыз, ауқатсыз қаза
табатын.
Кез келген мәдениетте, кез келген халықта ЖҚТБ-мен ауыратындарды
қабылдамаудың, олардан жирену және озбырлық көрсетудің мысалын табуға
болады. Бір қуанарлығы көптеген жерлерде бұл қарым-қатынас өзгеруде, әйтсе
де, мәселе сол күйінде қалуда. Дәрігер ретінде мен адамдар арасында осындай
теріс сезімдерді тудырған басқа ешқандай ауруды білмеймін.
Осы ауру алдындағы қорқыныш көп ұзамай науқас адамға қарсы ащы ыза
тудырады. Адамдар науқастың үйінің терезесіне кірпіш лақтырып, кейде
ғимараттың өзін де күлін көкке ұшырып өртеп жібереді (бұндай жайт Лондонда
екі рет орын алған). Адамдарды тонап, үйлерінен далаға қуып шығады. Мұндай
мәселе үдей түсуде.

Мәселені қабылдамау
Батыс елдеріндегі мен араласып жүрген адамдар ауру адамды өздері
кездестірмейінше, ЖҚТБ мәселесін шындап қабылдамайды. Сіздің жан досыңыздың
өлім үстінде жатқандығын білу — естен тандырарлықтай жайт. Бұл дұрыс емес
ауру деп ол туралы ешкімнің сөйлескісі келмейтіндігін байқаудан зоры жоқ
шығар. Ол қатерлі ісік (рак) ауруына шалдықпаған, сондықтан да АҚТҚ-ны
жұқтырған адамның басқалар үшін тіршілігі жойылады. Мұны ешкімнің де
білгісі келмейді.
Алайда Руанда, Бурунди, Зимбабве, Оңтүстік Африка немесе Уганда
секілді елдерде бәрі керісінше: мұнда әрбір отбасы ЖҚТБ-ның не екенін
басынан кешкен. Адамдар үнемі осы аурудан қайтыс болып жатады: жолдың
шетінде өздерінің өнімдерін тізіп қойған табытшыларға немесе ЖҚТБ-дан қаза
тапқандарды көметін орын болмай, Африканың көптеген қалаларындағы зират
басында жылап-еңіреген адам топтарына қараудың өзі де жеткілікті. Бірақ
ЖҚТБ адамды таңғалдыратын жылдамдықпен тараған жерлерде басқа да мәселе
бар: адамдар жантүршігерлік ақиқаттан теріс бұрылып, шындықты мойындамайды.

ЖҚТБ адамды білдірмей өлтіреді, өйткені АҚТҚ-ны жұқтырушы өзінің
сырқаты жайлы тым кеш біледі. Бірақ мәселе адамдардың көпшілігі гомосексуал
не нашақор еместігіне қарамастан, АҚТҚ-ның күн сайын 14 000-ға жуық адамға
жұғып отыруында.
ЖҚТБ-дан мәңгілікке көз жұмып жатқан адамдардың көпшілігі некеге
тұрғанға дейін ала жіпті аттамай, пәктігін сақтап келгендер. Олар ауруды
өздерінің серіктерінен не дәрігерлік жәрдем алған кезде құрамында АҚТҚ бар
қанды немесе лас ине мен дербес инені (шприц) қолданғаннан жұқтырған.
Үндістан тәрізді елдерде көптеген адамдар ЖҚТБ туралы уайымдамайды, өйткені
әзірше ... олардың ешбіреуінің танысы бұл аурудан қаза тауып жатқан жоқ.
Бірақ мәселе мынада: сіз достарыңыздың біреуі ауруды жұқтырғанын естіген
кезде, сол ауруды тағы жүз адамның жұқтырғанын және олардың көп ұзамай о
дүниеге аттанатынын болжай аласыз. Істің нәтижесі бірден бола қоймайды.

Тізбекті реакция
Қазіргі теледидардан көрсететін немесе олар туралы газеттерде жазатын
ЖҚТБ ауруына шалдыққандар ауруды 90-жылдардың бас кезінде жұқтырса керек.
Соңғы бес-он жыл ішінде олар өздерін қалыпты сезінген және тіпті инфекция
жайлы ойларына кіріп те шықпаған шығар.
Алғашқы жылы сіздің ықшам ауданыңызда екі-ақ адам ауру жұқтырғанын көз
алдыңызға келтіріп көріңізші. Он екі ай өткеннен кейін олардың саны енді
төртеу болады. Тағы бір жыл өткенде олардың саны сегізге жетеді, ал тағы
бір жыл өткеннен кейін он алты болады. Әзірше бәрі өздерін жақсы сезінеді
әрі сырттай денсаулығы дұрыс секілді болып көрінеді. Тіпті ешкім
денсаулығымда мәселе бар деп күдіктенбейді де. Жарты жыл өткен соң қырық
адам, ал тағы да жарты жылдан соң жүзге жуық адам о дүниеге аяқ басады.
Таралудың мұндай жолдары Африка және басқа да елдерде кәдімгідей орын
алған.
Осы кезде алғашқы болып ауру жұқтырғандардың бірі жұмбақ сырлы жұқпалы
вируспен ауырып, алты апта көрінбей кетеді. Ауруханадан шыққаннан кейін ол
біршама шаршағандай болып көрінеді, әйтсе де, бір-екі аптадан соң әдеттегі
күнкөрісіне қайтып оралады. Алты ай өткеннен кейін достары оның жүдеп
кеткенін және күндердің күнінде ол дем ала алмай тұншыға бастағандықтан,
оны жедел жәрдем әкетіп бара жатқанын байқайды.
Келесі күні таныстарының біреуі оның халін сұрамақшы болып келгенде,
оның өкпе қабынуынан қайтыс болғанын біледі. Бір апта өткен соң оның ағасы
сыраханада біреуге дәрігерлер оны ЖҚТБ-дан қайтыс болды деп
күдіктенетіндігін айтады. Дәл сол түні сол клубта 102-нші адам ауру
жұқтырған адаммен қауіпті байланысқа түскен. Егер сіз осылайша өзіңіз
тұратын қалада он адамның ЖҚТБ-дан қаза тапқанын білетін болсаңыз, онда
сіздің қалаңызда өзін жақсы сезініп жүрген шамамен 250-ден 1000-ға жуық
адамның вирусты жұқтырғанын да білуге тиіссіз.

Ормандағы өрт тәрізді тарап өрши түседі
Әлемнің кез келген жерінде АҚТҚ-ны (ВИЧ-ті) тасымалдаушы бір адам
бірнеше ай ішінде орта есеппен оны бір адамға жұқтырады. Бір адамның екі
адамға, екеуінің төртеуіне, төртеуі — сегізіне, сегізі — он алтысына және
тағы сол сияқты ауру жұқтыру уақыт аралығын уақыттың еселенуі деп атайды.

Әдеттегі тұмау тез таралады, оның еселену уақыты — шамамен бір апта.
Мерзімнің бірінші күні бір адам тұмау жұқтырады. Келесі апталарда
тұмауратқандардың саны алғашқыда баяу өседі: біреу, одан кейін екеу, содан
соң төртеу, сегіз, он алты, отыз екі. Бес аптадан кейін бұл қиынға соғады:
алпыс төрт адам тұмаумен ауырады. Тағы бір апта өткен соң жағдай одан бетер
қиындайды: 128 адам мұрнын шүйіріп, түшкіреді. Бір аптадан кейін 256 адам
өзін нашар сезінеді, ал тағы бір аптадан соң 512 адам денсаулығына
байланысты жұмыстан қалады.
Шын мәнінде жағдай соншалықты жаман емес. Егер осы уақытқа дейін 512
адам жұқтырған болса, онда тек 256-сы ғана түшкіретін болады, өйткені тұмау
бір аптаға ғана созылады, ал қалғандары болса бір аптадан ұзақ уақыт бұрын
жұқтырған және одан бері денсаулықтары түзеліп қалған. Егер мектепте 1000
оқушы болатын болса, онда бірнеше аптадан кейін олардың барлығы да тұмаумен
ауырып шығады деп топшылауға болады. Бірақ бұл солай емес, өйткені
кейбіреулер бізге түсініксіз себептермен тіпті ауырмайды.
Тұмаудың мектепте таралуы АҚТҚ-ның қалай таралатынын көрсетеді. Әйтсе
де, бұл жерде бір не екі маңызды айырмашылық бар. АҚТҚ-ға қатысты жағдайда
уақыт еселенуі бір аптаны емес, әдетте 6-12 ай аралығын қамтиды. Ауруды мың
адам жұқтырғаннан кейін мектептегі тұмаурату тәрізді уақыт еселенуі, тіпті,
бірнеше жылға дейін баяулауы мүмкін. Мектепте әлі ауырмаған немесе ауруға
қарсы тұруға қабілеттілердің саны бар-жоғы 100 ғана қалғанда, жаңадан
ауырғандардың саны бір апта ішінде азая түседі: 256, содан соң 512, содан
соң 100, содан кейін 50. Бір апта өткен соң бұл мектепте тұмаумен ешкім де
ауырмайтын болады.

Өлім екпесі (инъекциясы)
Бірақ АҚТҚ-ның жыныстық қатынас арқылы таралуы адамдар өз серіктерін
күнделікті ауыстырып отырмайтындықтан салыстырмалы түрде баяу болғанымен,
нашаның екпесі арқылы таралуы өте жылдам болуы мүмкін. Оның жылдам таралуы
соншалық, бір нашақордың өзі кем дегенде күніне бір адамға жұқтырады.
Бұндай жағдайда ауру жұқтырғандардың саны бірнеше күннің ішінде-ақ 1-ден 2-
ге, 4-ке, 8-ге, 16-ға, 32-ге, 64-ке, 128-ге, 256-ға, 512-ге... 1000-ға
дейін өседі. Міне, сондықтан да бұл күндері Италияда, Америкада, Ресейде,
Шотландияның кейбір бөліктерінде және басқа да жерлерде есірткі мәселесі
аса шиеленіскен, демек, көп ұзамай-ақ оларда ЖҚТБ мәселесі кеңінен орын
алмақ.

Бүкіл әлемнің өліп қалуы мүмкін бе?
ЖҚТБ бәрімізді бірдей өлтіре қоймас. Кез келген топта, қалада немесе
халықта нар тәуекел деп өмір сүру салтын ұстанатындар арасында ЖҚТБ ауруы
тез таралады. Тәуекел етуге аса асықпайтындар арасында баяуырақ, ал
тәуекелге бел байлауға құштар емес адамдар арасында өте баяу таралады.
Қанша адамның ауруды жұқтыратыны және қаншалықты тез екендігі тек аталған
топтардың әрқайсысына қанша адам жататындығына байланысты. Егер біз үнемі
нар тәуекел деп өмір сүру салтын ұстанатын адамдарды осы райынан қайтуға
көндірсек, ең болмағанда ЖҚТБ-ның таралуын бәсеңдетер едік. Угандада АҚТҚ-
ны жұқтырған жас келіншектердің саны 22%-дан 7%-ға дейін азайған.
Ағартушылық іс адам өмірін сақтайды, бірақ бүкіл қоғамның жүріс-тұрысын
өзгерту — уақытты талап етеді.

Кім өзін аурудан қауіпсізбін деп айта алады?
Италияда ЖҚТБ-ны нашақорлардың обасы (чумасы) деп айтады. Ал Африкада
оны ерлер мен әйелдердің обасы дейді. Ұлыбританияда алғашқыда бұған
гейлердің ауруы деген атақ таққан. Бірақ бәрі де өзгереді. ЖҚТБ — қарым-
қатынас ауруы және оның вирусы арақатынас жолымен таралады. Ол ерлер
клубтарында, фабрикаларда, кеңселерде, би кештерінде, мектептерде таралады.

Бір нәрсені шүбәсіз айтса болады: ЖҚТБ ешқандай шекараны білмейді —
ұлтты да, нәсілді де, жеке басты да, жыныстық бағытты да. Вирус жыныстар
арасында, жыныстық қатынаста болған бір жынысты адамдар арасында немесе қан
я болмаса бір адамның денесінен бөлінетін сұйықтардың басқа біреудің қан
айналымына енген кезінде таралады.
Ұлыбританияда АҚШ-тағыдай алғаш ауру жұқтырып, ең көп жапа шеккендер
гомосексуалдар қауымдастығы. Өзіміз байқағандай, таяқтың бір ұшы бір топқа
бірнеше жыл бұрын тиіп кетсе болғаны, мәселе 100 есе ұлғаятыны анық. Егер
сіз сол топтың мүшесі болсаңыз, бұл сізді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
СПИД (ЖҚТБ) және СЕН
ЖҚТБ-ға қарсы күрестің алдыңғы шебінде
Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2006-2014 жылдарға арналған стратегиясы
Иньекциялық есірткі тұтыну және ИЕТ арасында АҚТҚ таралуының себепшілері
ҒАСЫР ІНДЕТІ - СПИД
Маскүнемдiкке, алкоголизмге, нашақорлыққа және есiрткi құмарлыққа қарсы күрестi күшейту жөнiндегi шаралар туралы
Қазақстанда ЖҚТБ (СПИД)
СПИД ауруын тарататын тек адам ғана
Жас балардағы СПИД проблемасы тек
Қазақтардың Е. И. Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы (1773 - 1775 жж)
Пәндер