Екі жылдық және көп жылдық өсімдіктер



Қысқаша тарихы және дақылдардың мағынасы.
Орамжапырақ ежедден келе жатқан дақыл, оны адамдар көптеген мыңжылдықтар бойы өсіріп, қолданып кедеді. Орамжапырақ халық шаруашылығында зор маңызға ие және жаппай барлық жерде егіледі. Өзінің өте бағалы шаруашылық сапасына, көп түрлілігіне және қоршаған ортаға төзімділігі секілді қасиеттеріне байланысты өте кең тараған.
Қазақстанда орамжапырақ барлық жеміс-жидек егелім жерлерінің 30% құрайды
Ол жаңа піскен, қайнатылған, ашытылған, сүрленген, кептірілген күйінде, сондай-ақ тұздық ретінде қолданылады.
Жіктелуі.
Орамжапырақ – Cruciferae тұқымдастығына жатады.Оны бір жылдық, екі жылдық немесе көп жылдық өсімдік ретінде өсіреді.Орамжапырақ қатпарлы және өзінің вегетативті бөлшектерінің көп түрлілігімен ерекшелінеді: сабағы, жапырағы, кауданы және т.б.
Бірнеше ботаникалық жіктеме бар. Лизгунованың ботаникалық жіктемесіне сәйкес орамжапырақ дақылдарының арасында келесідей түрлерге бөлінеді.
Қаудыйған тұтас орамжапырақ – B. capitata Lizg. Екі жылдық өсімдік өмірінің бірінші жылында кауданы және жапырақтары, екінші жылында гүлденгіші мен тұқымдары гүлдейді. Өте кең географиялық таралуына, өсірудің ерекшеліктеріне және адамдардың әсерінен қаудайған тұтас орамжапырақ кқп түрлілігімен ерекшелінеді.
Қаудайған тұтас орамжапырақ үш топшаға бөлінеді.
Шығыстық түрлері – subsp. Oricntalis Lizg. Көлденең орналасқан немесе әлсіз көтерілген,әжімді төменгі жапырақтары бар үлкен көлемді өсімдік. Жапырақтарының түсі көкшіл-жасыл немесе анық күлгін пегментациясы бар көгілдір-жасыл түстес болып келеді.
Орамжапырақ бұл түрінің сорттары Орта Азияда, Ирландияда, Болгарияда кең тараған сорттары Ликуришка,Завадовская,Судья және т.б..

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Екі жылдық және көп жылдық өсімдіктер.
Орамжапырақ өсімдіктері.

Қысқаша тарихы және дақылдардың мағынасы.
Орамжапырақ ежедден келе жатқан дақыл, оны адамдар көптеген мыңжылдықтар
бойы өсіріп, қолданып кедеді. Орамжапырақ халық шаруашылығында зор маңызға
ие және жаппай барлық жерде егіледі. Өзінің өте бағалы шаруашылық сапасына,
көп түрлілігіне және қоршаған ортаға төзімділігі секілді қасиеттеріне
байланысты өте кең тараған.
Қазақстанда орамжапырақ барлық жеміс-жидек егелім жерлерінің 30% құрайды
Ол жаңа піскен, қайнатылған, ашытылған, сүрленген, кептірілген күйінде,
сондай-ақ тұздық ретінде қолданылады.
Жіктелуі.
Орамжапырақ – Cruciferae тұқымдастығына жатады.Оны бір жылдық, екі жылдық
немесе көп жылдық өсімдік ретінде өсіреді.Орамжапырақ қатпарлы және өзінің
вегетативті бөлшектерінің көп түрлілігімен ерекшелінеді: сабағы, жапырағы,
кауданы және т.б.
Бірнеше ботаникалық жіктеме бар. Лизгунованың ботаникалық жіктемесіне
сәйкес орамжапырақ дақылдарының арасында келесідей түрлерге бөлінеді.
Қаудыйған тұтас орамжапырақ – B. capitata Lizg. Екі жылдық өсімдік өмірінің
бірінші жылында кауданы және жапырақтары, екінші жылында гүлденгіші мен
тұқымдары гүлдейді. Өте кең географиялық таралуына, өсірудің
ерекшеліктеріне және адамдардың әсерінен қаудайған тұтас орамжапырақ кқп
түрлілігімен ерекшелінеді.
Қаудайған тұтас орамжапырақ үш топшаға бөлінеді.
Шығыстық түрлері – subsp. Oricntalis Lizg. Көлденең орналасқан немесе әлсіз
көтерілген,әжімді төменгі жапырақтары бар үлкен көлемді өсімдік.
Жапырақтарының түсі көкшіл-жасыл немесе анық күлгін пегментациясы бар
көгілдір-жасыл түстес болып келеді.
Орамжапырақ бұл түрінің сорттары Орта Азияда, Ирландияда, Болгарияда
кең тараған сорттары Ликуришка,Завадовская,Судья және т.б..
Жерорта теңіздік түрі – subsp. oricntalis Lizg. Бұл түрі
Португалияда,Сирияда,Палестинада кең етек жайған. Қазақстанда өсірілмейді.
Европалық түрі – subsp. Europaca Lizg. Көп түрлілігімен ерекшелінеді.
Жапырақтары тым кішкентайдан үлкенге дейін әр түрлі пішінді.Отырған тұтас,
лира тәрізді, домалақ, түсі ақшыл- жасылдан қою жасылға дейін, күлгін-
жасылдан күлгінге дейінгі аралықта. Қауданының пішіні мен көлемі әр түрлі
овал тәрізді, кышкалық немесе жалпақ.
Орамжапырақтың бұл түрі бірнеше агроэкологиялық сорттарға бөлінеді.
Батыс Еуропалық сорттары Англия мен Францияда қыс мезгілі жағдайында
жарыққа шығарылған. Аз пісетін немесе кеш пісетін түрлері болады. Қауданы
ұсақ және орта мөлшерлі болуы мүмкін Орталық сорттары Орталық Еуропаның
қоңыр салқын климатында өндірілген Голландық сорты жұмсақ теңіз маңы
климатында, ұзақ вегетационды кезеңмен жоғары агротехника жағдайында
өндірілген. Ол кеш пісетін және орташа пісетін түрлерімен суыққа және
ауруларға төзімділігімен белгілі Сібірлік сорты Сібір жағдайында өсіріледі.
Савойлық орамжапырақ – B. sabauda Lizg. Екі жылдық өсімдік; қаудан түзетін
және де түзбейтін сорттары белгілі. Қауданы қаудыйған тұтас орам жапыраққа
қарағанда кішірек, жапырақтары тұтас, әлсіз мера тәріздес немесе мера
тәрізді отырған, немесе орташа және қысқа сапты. Жапырақ пластинкалары
көпіршікті овал тәріздес, қайтымды жұмыртқа немесе бүйрек пішінді болып
келеді. Көпіршіктер жапырақтың мезофилдері талшықтарына қарағанда тезірек
дамиды. Соның нәтижесінде жапырақ талшықтарының арасы бітісіп, талшықтардан
шығыңқырап тұруынан пайда болады. Жапырақтарының түсі сұрғылт-жасылдан қою
жасылға дейін. Өмірінің екінші жылында өсімдік орташа биіктіктегі, тұқымды
бұта күйіне ауысады. Гүлдері орта мөлшерлі, гүл жапырақтары гофриленген
жіңішке тырнақшасымен.
Брюсельдік орамжапырақ – В. Gemmifera Lizg.Екі жылдық өсімдік. Өмірінің
бірінші жылында сабағы цилиндр тәрізді, 30-80 см биіктікке жетеді. Жапырақ
кесіндісі ұзын, қайтымдыжұмыртқа тәріздес пішінді, жиектері тегіс, түсі
жасыл немесе сұрғылт-жасыл болып келеді. Өмірінің екінші жылында күшті
бұтақшалы бұта түзіледі. Гүлдері үлкен немесе орта мөлшерлі, әлсіз
гоферленген гүл жапырақшаларымен болады. Қабығы қысқа немесе орташа
ұзындықта жиі жалпақ немесе тығыз цилиндр пішінді.
Кольбари – В.caulorapa Pasy.Екі жылдық өсімдік. Өмірінің бірінші жылында
қысқы, өте тығыз, жасыл немесе күлгін, жалпақ, овал тәрізді пішінді сабақ
түзеді.
Жапырақтары сабақтың қалыңдаған жерінде спираль тәріздіорналасқан.
Жапырақтың жоғарғы бөлігі үшбұрыш, овал тәрізді, жұмыртқа тәрізді пішінді.
Жапырақтың түсі ақшыл-жасылдан күлгін түске дейін. Өмірінің екінші жылында
гүлденген аласа бойлы бұтағы айналады. Гүлінің жапырақшасы жіңішке
тырнақшасымен.
Түрлі – түсті орамжапырақ – В.cauli Hora Lizg. Бір жылдық өсімдік. Бұтағы
тік тұратын цилиндр тәрізді, жапырақтары жиі орналасқан болып келеді.
Жапырақтың түсі ақшыл жасылдан көкшіл жасылға дейін. Жапырақ пластинкасының
пішіні ланцент, жұмыртқа және жартылай овал тәрізді болып келеді.
Жас бұтақтарының өсуіне байланысты тұқымды бұтаға айналады. Гүлдері ақ
немесе сары түстес. Бұтағы орта немесе аласа бойлы болып келеді. В.
Caulillora екі топшаға жіктеледі: subsp. Simplex Lizg және subsh aborlica
Lizg.
a) subsp simplex – жамылғышы күлгін басы барспаржалы сорт. Тұқымды бұта
негізгі және бүйірлік сабақталдан тұрады. Бұл сорт Италияда, Испанияда
өндіріледі. Қазақстанда кездеспейді.
b) Sups abortica – ақ және тығыз басы бар сорт. Гүлденген бұталарында
өнген негізгі сабағы және бүйірлік жаңа сабақтары болады. Мугонованың
жіктеуі бойынша орамжапырақтың бұл түрі келесідей сорттарға
бөлінеді.Солтүстік Еуропалық, Француздық, Италиандық, Ағылшындық.
Жапырақты орамжапырақ – В. Subsponfasa Lizg. Екі жылдық өсімдік, кауданы
болмайды.Сабағындағы жапырағыжиі немесе сирек орналасқан болып келеді.
Қытайлық орамжапырақ – В.pehiriens Bupl. Қытайда және Жапонияда өсіріеледі.
Бір жылдық өсімдік. Жапырақты және кауданды түрлерді бар.
Орамжапырақ өсімдіктерінің құрылымдық және биологиялық ерекшеліктері.
Орамжапырақтың түрлі-түсті және Қытайлық түрлерінен басқасы - екі жылдық
өсімдік. Бірінші жылы өсімдік бөлігі(каудан және жапырақтары) екінші жылы
репродуктивті мүшелері мен тұқымдары дамиды.
Орамжапырақтың түрлері вегетативті мүшелеріне байланысты орай ажыратылады.
Ал, репродуктивті мүшелері мен тұқымдарына қарап ажырату мүмкін емес.
Қаудыйған тұтас орамжапырақ.
Есейген өсімдіктердің тамырлы жүйесі шашақталған, көбінесе, екінші
қатарлытамырлардан тұрады. Тамырының негізгі бөлігітерең емес орналасқан,
дегенмен тамырларының кейбір бөлімдері150см тереңдікке еніп, еніне 100м
және одан көпке бойлайды.
Сабағы бірінші жылы қысқа қалың, жапырақтары жиі орналасқан болып келеді.
Орамжапырақтың сыртқы және ішкі өзегінің қалыңдығы сортқа және өсіру
ерекшеліктеріне байланысты қатты өзгеріп отырады.Суы аз және температурасы
жоғары болған жағдайда орамжапырақтың өзегі биіктеу болады. Жапырақтары
ірі, отырған. Жапырақ пласпинкасы ұзарған овал, жұмыртқа тәрізді немесе
дөңгелек болып келеді.Жапырақ пластинкасының беті тегіс, іші иілген немесе
шығыңқы болуы мүмкін. Сабағының ұзындығы 4-10 см-ден 15 см-ге дейін немесе
одан да ұзын болуы мүмкін. Кейбір сорттарының топырақтары отырған болады.
Жапырақтарының жиегі тегіс немесе фестон тәріздіден толқынды болуы мүмкін
болуы мүмкін. Жапырақтарының түсі ақшыл және қою жасылдан күлгін түске
дейін боялады. Жапырақ пластинкасының пішіні сорттардың негізгі белгісі
болып табылады, дегенмен олар көптеген өзгерістерге ұшырып отырады.
Құрғақшылық және жоғарғы тамператураның әсерінен жапырақтар ұсақтау болады.
Бірақ жапырақтарының өзгеруі орамжапырақтың сортына байланысты болып
келеді. Оңтүстік сорттарының жапырақтары жоғарғы температураның әсерінен
кішіреюі орталықтағы сорттардың жапырақтарына қарағанда әлсіз өзгереді.
Жапырақ және жапырақ пластинкасының кішіреюі өсімдікті өсірген топыраққа да
байланысты. Пластинка бетінің өзгеруі егу ерекшеліктеріне байланысты
болалы. Ылғалды климатқа тегістеліп, құрғақшылық жағдайда томпайа түседі.
Қаудан – ол әр түрлі мөлшерлі болады: ұсағының диаметрі 10см, ірісінің
диаметрі 35-40см және одан да үлкен. Қауданның пішіні мен мөлшері сорттарды
айыруда маңызды орын алады. Қауданның мөлшері егу ерекшелігіне байланысты
қатты өзгеріске ұшырап отырады. Ал, қауданның пішіні әлсіз өзгереді.
Тамырлы жемістер.
Халық шауашылығында қолданылатын тамырлы жемістердің маңызы зор. Өйткені
олар адамзаттың тамақтануында қолданылатын негізгі тағамдардың бірі болып
табылады.
Тамырлы жемістер өсінділердің әр түрлі бөліктерінен дамиды. Тамырлы
жемістердің негізгі үш бөліктерін ажыратамыз: басы, мойыны, тамырдың өзін.
Тамырлы жемістердің қалыптасуында өсінділердің қатысуы жеке дақылдар мен
сорттардың арасында әр түрлі болады. Басы сабағынан дамиды. Мойыны басы мен
тамырды жалғастырып тұрады. Мойыны басымен төменгі жапырақтардың бекіншген
жері мен шекараласатын боллса, тамырымен әлде қайда төменгң бөліктерінде.
Ботаника тұқымдастығында көптеген өсімдіктер тамырлы жеміс түзе алады:
зонтикалық сәбіз, петрушка,сельдерей, марелық қызылша; крестоезбетті-
тұрып, тұрма, шалқан,тарна және т.б.

Қызылша.
Қысқаша тарихы және дақылдық маңызы.
Қызылшаның дақылды түрлері жабайы түрлерінен шыққын. Жабайы қызылша қазіргі
кезде де Иран, Индия, Египет, оңтүстік Франция және Швеция аймақтарында
кездеседі. Х – ХI ғасырлардағы тамырлы қызылшаны Византиядан Киев Русіне
әкелінгені жайлы әдебиеттерден кездестіруге болады. ХIII – XIV ғасырларда
Батыс Еуропада қызылшаның тамырлы және жапырақты түрлеріне шағылыстырып,
дақылды қызылшаны дүниеге әкелген. Кейінірек Франция, Германия жерлерінде
дақылды қызылшадан асханадық түрлеріне өзгерген. Асханадық қызылшаның халық
шаруашылығында маңызы зор.
Асханалық қызылшаның химиялық құрамы(%) 10,02-11,49 қант, 1,27-1,35 азотты
қосылыстар, 0,71-1,02 клетчатка, 0,85-1,04 күл, 91,6-83,97 су.
Жіктелуі.
Қызылша – Chenopodiacea тұқымдастығына, Befo туыстастығына және Befo
tulgaris h түрлеріне жатады.
В.П.Красочкиннің жіктемесі бойынша В. Vulgaris түрінің 7 топшасы бар, оның
төртеуі жабайы, біреуі дақылды және жабайы түрінде, қалған екеуі таза
дақылды түрінде кездеседі; жапырақты қызылша - В. Vulgaris subs. Cicla
және тамырлы қызылша – B. vulgaris subsp. Rapacca Rrass.
Оңтүстік климатта өндірілетін қызылша негізінде аз өңделген , жабайы
түрлері жиі кездеседі. Олар тамырлы жемістің пішіні бойынша әр келкі болып
келеді.
Солтүстік климатип - В. Vulgaris subsp cicla 5 түрге бөлінеді, олар жеміс
тамырының боялуы бойынша бір бірінен ажыратылады. Селекция үшін var.
viridis түрі қызықты оған шпинаты мангольд жатады.
Солтүстік климатипке – subsp. Rapacca krass селекциялық талғамнан өткен
түрлері де жатады.
Дақылдың құрылымдық және биологиялық ерекшеліктері.
Қызылша – екі жылдық өсімдік, өмірінің бірінші жылы жапырақ розеткасы және
тамырлы жемісі, екінші жылы отырғызылған тамырлы жаміс гүлдеп, тұқым бере
бастайды.
Тамырлы жүйесі көптеген тармақтардан қосалқы тамырдан тұрады. Негізгі
тамыры топыраққа 270см-ге дейін, ал бүйірлік тармақтары 200см-ге дейін
байқалады.
Өсімдік розеткасының пішіні сортқа және өсіру ерекшеліктеріне байланысты
болады. Оған ауа температурасының өзгенуі қатты әсер етеді. Жоғарғы
температура жағдайында ұзын жапырақты розетка, ал төменгі температурада
қысқа розетка дамиды.
Жапырақтары үшбұрыш немесе сопақтау, жиегі жиі толқын тәрізді, жапырақтың
пішіні өсімдіктің жасына және өсіру ерекшелігіне байланысты болады.
Ескірген және үлкен жапырақтар сыртында орналасады. Жапырақтың пішінінен
көлемі өсіру ерекшелігіне байланысты.
Жапырақтың беті тегіс, толқынды, қатты толқынды, гофрирленген немесе тым
гофрирленген болуы мүмкін.
Жапырақтарының түсі сорт айырудың негізгі белгісі болып табылады. Ол жасыл,
қызыл немесе қанық қызыл аралығында боялады. Жапырақтың түсі өсімдіктің
түсі өсімдіктің жасына байланысты өзгеріп отырады. Жастары ақшылдау,
ескірген сайын бояуы қоюланып, өлетін кезінде қоңыр түске боялады. Өсірудің
ерекшеліктері өсімдік жапырағының түсіне әсерін тигізеді. Төмен температура
және аздаған үсік жапыраққа антоциан пигментациясының күшеюіне алып келеді.
Жоғарғы температурада жапырақтың қызаруына ықпал етеді. Топырақтың
ылғалдылығының төмендеуі немесе жоғарлауы жапырақтың түсіне, қызыл
пигментациялы өң береді. Топырақта қоректік элементтердің азот, фосфор,
калий және микроэлеметтердің аздығы жапырақ түсінің өзгеруіне алып келеді.
Тамыр жемістілер. Сорт ерекшеліктеріне байланысты тамырлы жемістің пішіні
домалақтау, жалпақтан ұзынша – коникалық түрге шейін өзгеріп отырады. Бір
сорттың ішінде тамырлы жеміс пішінінің өзгеруі өсіру ерекшеліктеріне
байланысты болады. Тамырлы жемістің сыртқы түсі негізгі белгілердің бірі
болып табылады. Ал, тамырлы жемістердің балдырының ішкі боялуы онтогенез
және өсіру және өсіру барысында өзгеріске көп ұшырамайды. Өсімдік жас
болған сайын оның боялу қарқындылығы төмен болады. Топырақта ылғалдылықтың
жеткіліксіздігінен жемістің өткізгіш оғашты элементтердің аса дамып
пиреноималық тіндердің дамуы артта қалуына алып келеді. Өмірінің екінші
жылы гүлдену уақытында 1м және одан да жоғарғы биіктікке жетіп ұрық
өсінділерін береді.
Гүлдері ұсақ, жасыл түске қызыл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өркен және өркендер жүйесі жайында
Көпжылдық шөптер
Жеке өсімдік дамуының гормондық негіздері
Дүниетану оқыту әдістемесі
Дара жарнақтылар класына және өкілдеріне сипаттама беру
Қазақстандағы дәрілік өсімдіктер
Су жағасындағы және суда өсетін өсімдіктер
Қос жарнақтылар класы
Кербұлақ мекені маңының табиғи жағдайлары
Қасқасу
Пәндер