Әлеуметтік инстуттардың қоғамда атқаратын қызметтері


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

I. Кіріспе . . . 2

II. Негізгі бөлім.

2. 1. Әлеуметтік инстуттардың қоғамда атқаратын қызметтері . . . 4

2. 2. Инстуттар арасындағы байланыстар . . . 9

ІII. Қортынды . . . 16

IV. Пайдаланған әдебиеттер . . . 18

Кіріспе.

Институт ұғымы көп мағыналы, латын тілінен аударғанда instititum-(установление, устройство құрылым) деген мағыналарды білдіреді. Оның екі түрлі мағынасы бар, тар мағынада, яғни техникалык, жоғары оқу орындарының аттары, ал кең мағынада, яғни әлеуметтік, қоғамдық қатынастардың анықталған айналымындағы құқық нормаларының жиынтығы. Мыс: неке институты. Өздерінің күнделікті өмірлерінде адамдар институт үғымында әртүрлі әлеуметтік бірліктерді түсінеді. Ол білім беру және ғылыми ұғымдар мен ерекшеліктер, кез-келген ірі мақсаттық ұйымдар болуы мүмкін. Кейбір ғалымдар бұл ұғымды тек қана ірі маштабты ұйымға қолданады. Егер топ дегеніміз бір - бірімен карым - қатынас жасайтын индивдтердің жиынтығы болса, ал институт дегеніміз адамзат қызметінің анықталған салаларында ғана болатын әлеуметтік нормалар жиынтығы мен әлеуметгік байланыстар жүйесі. Тағы да бір анықтамасы, әлеуметгік институт дегеніміз қоғамның негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыратын қоғамдық құндылықгар мен процедураларды біріктіретін әлеуметтік нормалар мен байланыстардың ұымдастырылған жүйесі. Бұл анықтама бойынша қоғамдық құндылықтар дегеніміз қоғамдық процедураларда бөлінетін идеялар мен мақсаттар, ал қоғамдық процедуралар дегеніміз топтық процестердегі стандартталған тәртіп үлгілері, ал әлеуметтік байланыстар жүйесі дегеніміз сол тәртіп жүзеге асырылатын рольдер мен статустардың қиылысуы. Мысалы отбасы институты мыналарды қамтиды, біріншіден қоғамдық құндылықтар жиынтығын, яғни махаббат, балаларға қарым-қатынас, отбасылық өмір, екіншіден қоғамдық процедуралар жиынтығын, яғни балаларды тәрбиелеу қамқорлығын, отбасылық ережелер мен міндеттерді, үшіншіден, рөлдер мен статустардың қиылысуын, яғни ерлердің, әйелдер мен балалардың ж. т. б. отбасы мүшелерінің статустары мен рөлдері.

Институт үғымы социологиядағы негізгі тақырыптардың бірі, сондықтан институционалды байланыстарды зерттеу социологияның алдындағы негізгі ғылыми міндеттердің бірі болып табылады.

Кез келген әлеуметтік институт сол немесе басқа қажеттіліктерді атқара отырып пайда болады және кызметтеледі. Егер мұндай қажеттілік маңызды емес болса немесе жоғалып кетсе, онда институттың өмір сүруі мәнсіз, мағынасыз брлып қалады.

Сонымен қатар, қоғамда маңызды қажетті институттар бар.

Социологтардың есептеуінше мұндай институттар бесеу: отбасы, саяси, экономикалық, білім беру және діни институттар. Сонымен қатар, ғылыми өмірдің құндылықтары мен процедуралары маңызды жоғары стандартты болғандықтан, маңызды инстиуттардың қатарына ғылым институтын да жатқызуға болады. Әлеуметгік кызмет пен медицина да қатаң бекітілген тәртіп үлгілері мен нормаларымен анықталатындықтан, әлеуметтік статустар мен рөлдер жүйсін иемденетіндікіен инстиуттарға жатқызылады.

Институттар байланыстар мен тәртіп жүйелерінің жиынтығы бола отырып, адамдардың қажеттіліктерімен анықталады. Адамдар инстиуционалды нормалар көмегімен өздерін топтар мен ассоциацияларға ұйымдастырады. Сондықтан әрбір институтқа институционалды тәртіпті анықтайтын көптеген топтар мен ассоциацияларды кіргіземіз. Мысалы, отбасы институты жеке кіші топтар қызметінде іс-тәжірибеде бейнеленетін анықталған нормалар мен рөлдердің, байланыстардың жиынтығы. Білім беру институты мектептер мен басқа да оқу орындарының ұжымдарымен жүзеге асырылады. Шіркеу, мешіт инститтут болып саналады, ал оған келушілер ассоциация болып табылады.

2. 1. Әлеуметтік инстуттардың қоғамда атқаратын қызметтері.

Институт идеологияға, ержелер мен нормалар жүйесіне негізделген адамзат қызметінің өзіндік формасы. Институционалды қызмет топттар мен ассоциацияларға ұйымдастырылған адамдармен жүзеге асырылады және олар статустар мен рөлдерге бөлінеді. Сондықтан институттар әлеуметтік құрылымдар мен қоғамдағы тәтіпті қолдайды Институционализация дегеніміз кейбір қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған әлеуметтік нормаларды, ережелерді, мәртебелер мен рөлдерді анықтау және бекіту процестерін білдіреді. Бұл процесс қоғамдық қозғалыстардың институтқа дейінгі кезеңі бытыраңқы қайшылықтар мен тәртіптердің сипаты. Олар қысқа мерзімде пайда болды, одан кейін қозғалыстардың лидерлері араласады. Пайда болған ережелер мен нормалар қабылданады. Осыған сәйкес әлеуметтік мәртебелер мен рөлдер жүйесі қалыпттасады. Қандай да бір қозғалыстар пайда болады. Ал бірақ нәтижесінде қоғамдық қозғалыстар . Әлеуметтік институтардың пайда болуы мынандай кезеңдерден тұрады:

1. Қанағаттандырылуы бірнеше біріккен ұйымдастырылған іс-әрекеттерді талап ететін қажеттіліктердің пайда болуы.

5. Жалпы мақсаттың қалыптасуы.

6. Бытыраңқы әлеуметтік байланыстар барысында пайда болған әлеуметтік нормалар мен ережелердің пайда болуы.

4. Нормалар мен ережелермен байланысты прцедуралардың пайда болуы.

5. Осы нормалар мен ережелердің институтциялануы, олардың қабылдануы, іс-тәжірибеде қолданылуы.

6. Нормалар мен ережелерді қолдау үшін санкция жүйелерінің қабылдануы.

7. Институттардың барлық мүшелерін қамтитын статустар мен рөлдер жүйесінің құрылуы.

Бұл процестің даму шегіне жетуі осы әлеуметтік процестердің көптеген қатысушылары қолдаған нақты статустық-рөлдік құрылымның пайда болған кезінде жүреді. Қазіргі қоғам бұл процессіз өмір сүре алмайды. Сондықтан институттар қоғамдағы тәртіп пен ұйымшылдықтың символы болып табылады.

Институттардың ішіндегі барлық әлеуметтік рөлдер институцияланған емес. Институцияланған рөл дегеніміз - сол институттағы тәртіптер жиынтығының тұрақты жүйесі, одан бас тарту жазаланды, мұндай рөлден ауытқу қауіпті. Сондықтан ол жазаланады. Тіпті қуатты күшті иеменденетін преиденттер мен патшалар мұндай рөлдерді мойындайды. Егер олар мұндай рөлдерсіз басқарса, онда өздерінің инститтутағы әсерін тез жоғалтады.

Инститтуционалды рөлдер өте тұрақты. Олардың тұрақтылығына байланысты оларды атқарудағы индивиттердің индивидуалды ерекшеліктерін толқуы шектеулі және рөлдік талаптарға келіп тіреледі. Инститтутардың ішінде де дау - жанжал болуы мүмкін. Мұнда жеке тұлғалар қақтығысуы мүмкін, бірақ көп жағдайда әлеуметтік рөлдер қақтығысады. Мысалы: өндіруші мен тапсырыс беруші қақтығысуы мүмкін, яғни олардың тек қана инстутционалды рөлдердегі индивидуалды белгілері әртүрлі болуы мүмкін. Рөлдердің өзі индивиттерді таңдауы мүмкін.

Әрбір институттардың спецификалық ерекшеліктері мен басқа институттармен жалпы белгілері бар. Өздерінің функционалды қызметтелуі үшін әлеуметгік институт тәртіп стандарттарын қалыптастыруға, негізгі принциптерге сенуге, басқа институттармен қарым-қатынасты дамыту сияқты қабілеттерді есепке алуы қажет. Барлық институттар үшін жалпы белгілер бес топқа бірігеді. Олардың әрқдйсысына жеке тоқталамыз.

1. Мәдени символдар. Барлық институттар өздері туралы түсінік беретін символдарды иемденеді. Мысалы, мемлекет үшін бұл жалау мен герб, мешіт үшін бұл ай және т. б., музыка да символ бола алады: ұлттық әуендер, мемлекеттік гимндер және т. б. Сонымен қатар, институттардың барлығының мекемелері, тұратын жерлері болады. Осыған байланысты институтардың мәдени символы сол институтардың негізгі спецификалық белгілерін білдіретін кез келген материалды немесе материалды емес мәдениет элементтері бола алады.

2. Тәртіп кодекстері. Институттардың қызметіне енген адамдар өздеріне арнатған рөлді қабылдауы тиіс. Бұл рөлдер жүйесі формальды кодекстерде бейнеленеді. Мысалы, неке тұрудағы акт, елге адал болу анты және т. б. Бұл кодекстер институттарда бекітілген рөлдерді қолдайды. Ал формальды тәртіп кодексі сырттай әсер етуі мүмкін, бірақ рөлдердің дәл орындалуына кепілдік бермейді. Формальды кодекс институционалды рөлдерді құратын жалпы тәртіптердің бір бөлігі ғана үлкен тәжірибені талап ететін жеке рөлдердің де тәртіп нормалары бар (солдат, ата-ана, профессор, саяси ағартушы) . Барлық институттарда рөлдік қажеттіліктерді, тәртіпті кім жақсы үйренсе, солар бұл рөлдерді табысты атқара алады.

3. Идеология дегеніміз нормалар жиынтығымен реттелетін идеялар жүйесі. Институиионалды нормалар жүйесіне сүйене отырып, идиология адамдар сол мемесе басқа іс-әрекетке қалай қарайтынын және олар неге анықталған түрде іс-әрекет ететін және олар неге кейде белсенді, кейде тіпті іс-әрекетке қатыспайтынын анықтайды. Идиология сол институттардың негізгі сенімдерін және қоршаған шындықты ұтымдар түрінде түсіндіретін сенімдерді өзіне қамтиды. Мысалы жас өспірімдердің жаман тәртібі қазіргі қоғамның барлығында негізгі мәселе болып табылады. Барлық негізгі институттар өздерінің базалық нормалары тұрғысынан осы маңызды мәселені түсіндіруге тырысады. Жасөспірімдердің кылмысын өндірісте қызмет ететіндер дұрыс емес саясаттың нәтижесі десе, ал білім беру саласының қызметкерлері мектеп тәрбиесінің әлсіздігі деп түсіндіреді. Осы пікірлердің ақиқаттылығына тәуелсіз институттардың әрбір өкілі оның беріктенуіне, оның әсерінің күшеюіне тырысады.

Сондықтан, идеология институттардың әсерін қолдайтын және оның барлық қызметін түсіндіретін маңызды мәдени комплекстердің бірі болып табылады. Идеология арқылы лидерлер институт мүшелерінен сенімді талап етеді. Сондықтан, әрбір маңызды іс-әрекет идеологиялык колдау табуы тиіс.

Қоғам күрделі әлеуметтік құрылым және оның ішінде әрекет етуші күштер өте тығыз байланысқан. Осыған байланысты институттардың анық қызметтері институттрдың белгіленген мақсатының бөлігі ретінде сезіледі. Жалпы алғанда, кез келген әлеуметтік институттардың негізгі қызметтері әлеуметтік қажеттілктерді қанағаттандыру болып табылады. Бірақ бұл қызметтердің жүзеге асырылуына әрбір институт адамдардың бірлескен қызметтерін қамтамасыз ететін, қажеттіліктерді қанағаттандыруға тырысатын қызметтерді атқарады.

-Қоғамдық қатынастарды дамыту және беріктендіру қызметі.

Әрбір институттың өзінің мүшелерінің тәртіптерін бекітетін және сол тәртіпті реттейтін ержелер мен нормалар жүйесі бар. Осыған сәйкес әлеуметтік бақылау институттардың әрбір мүшесінің қызметі қалай жүріп жатқанын көрсетеді. Институт қоғамның әлеуметтік құрылымының тұрақтылыған қамтамасыз етеді.

- Регулятивті кызмет . Мұнда әлеуметтік институттардың қызметтелуі қоғам мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасты реттеуді қамтамасыз етеді. Адамдардың барлық мәдени өмірі оның әртүрлі институттарға қатысуымен жүреді. Ол қандай қызметпен айналысса да оның сол саладағы тәртібін реттейтін институтпен қақтығысады. Егер қандай да бір қызмет реттелмесе, адамдардың өздері оны институциялайды. Сондықтан институттардың көмегімен адамдар әлеуметтік өмірде стандартталған тәртіпті бейнелейді.

-Интегративті қызметі. Бұл қызмет институционалды нормалар мен ережелердің, рөлдердің өсерімен жүретін әлеуметтік топтардың мүшелерінің бір-біріне тәуелділігі мен жауапкершілігінің қақтығысу процесін қамтиды. Институтардың көмегімен жүзеге асырылатын интегративті процестер билікті жүзеге асыру үшін, күрделі ұйымдарды құру үшін, адамдардың жүйеленген қызметі үшін қажет. Интеграция дегеніміз ұйымның жандану жағдайы мен оның мүшелерінің мақсаттарының сәйкестену әдісі.

-Трансляция кызметі. Әрбір институт жаңа адамдармен толығып отырады. Бұл институттың әлеуметтік шекараларын кеңейтумен және ұрпақтың ауысып отыруымен байланысты. Осыған байланысты әрбір институтта оның құндылықтары мен нормасына дағдыланып отыратын механизмдер бар.

- Коммуникаіпивші кызметі. Институтта шығарылған акпарат институт ішінде және институттың арасында да таралуы тиіс. Коммуникативті байланыстың өзінің спецификасы бар. Бұл институттардың рөлдер жүйесінде жүзеге асырылатын формальды байланыстар. Зерттеушілердің айтуынша институттың коммуникативті мүмкіндіктері бірдей емес: мысалы біреулер арнайы ақпарат беруге арналса (БАҚ), ал басқаның бұған мүмкіндіктері өте аз. Бір институттар ғылыми мәліметтерді қабылдаса (ғылыми институттар) ал басқалары әлсіз қабылдайды.

Институттың ашық қызметі өте қажетті. Олар кодекстерде жазылады, статустар мен рөлдер жүйесінде бекітілген. Егер институттар ашық қызметтерді атқармаса, ол дезорганизацияланады.

-Латентті кызмет. Латентті қызметті қолдануда американ оқулықтарында Генри Фордтын қызметі келтіріледі. Бұл адамның негізгі мақсатынан тыс, жоспарланбаған нәтижелері және олар қоғам үшін маңызды болуы мүмкін.

Әлеуметтік өмірдің ақиқдт бейнесін ғана біз институттың латентті қызметін зерттеу көмегімен анықтай аламыз. Латентті функциялар әлеуметтік құрылымды зерттеушілерді қызықтыруы тиіс. Оларды танудың қиындығы әлеуметтік байланыстар мен әлеуметтік обьектінің ерекшелігін құрумен анықталады.

2. 2. Институттар арасындағы байланыстар .

Басқа әлеуметтік инстатуттардан тыс өмір сүретін әлеуметтік институттар жоқ. Олардың іс-әрекеті жалпы мәдениет жағдайынан оның байланыстары мен қатынастары түсіндірілмесе институттың көптеген байланыстарын талдау институттың мүмкін тәртібін толық бақылауға неге сирек қабілетті екенін, олардың іс-әрекетін институттарды идеялар мен нормалар мен біріктіру керек.

Басқа әлеуметтік институттардан бөлініп қызмет ететін институттар жоқ. Кез келген әлеуметтік институттың қызметін оларды барлық байланыстары мен қатынастарын жалпы мәдениет пен топтардың субъмәдениеті тұрғысынан түсіндірмей, оларды ұғынуы мүмкін емес. Дін, билік, білім, өндіру және тұтыну, сауда, отбасы осы институттардың барлығы тығыз қарым-қатынаста. Мысалы, өндіру жағдайы жаңа отбасыларының (қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін) олардың жаңа пәтердегі, болмыс заттарындағы және т. б. қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен құрылады. Ал білім беру жүйесі білім мекемесінің дамуының мүмкін перспективаларын қолдайтын биліктік институтың қызметіне тәуелді. Оқытушы, отбасы мүшесі, ерікті ұйымның мүшесі барлығы билікке бағынады, себебі оның іс-әрекеті өмірлік маңызды мақсаттарға қол жеткізуде табысқа немесе сәтсіздікке апаруы мүмкін.

Көптеген институттардың байланысын талдау неліктен өздерінің мүшелерінің тәртібін толығымен бақылау жағдайлары және олардың іс-әрекеттерінің институттарды идеялар мен нормалармен сәйкестендірілуі аз кездестінін түсіндіреді. Мысалы, мектептер барлық оқушылар үшін стандарттық оқу жоспарларын қолдануы тиіс. Бірақ оларға оқытушылардың бақылау жоспарына жатпайтын көптеген факторларға тәуелді, қызық әңгімелесулер өткізіп, көптеген әдебиеттерді талқылайтъш отбасылық кызығушылықтары, телевизор көруге бейім отбасының интелектуалды қызығушылыктары басым болады.

Индивидтерге берілген рольдер жүйесін бір қалыпқа келтіру қажеттілігі жеке институттар арасындағы келісім шарт жолымен қанағаттануы мүмкін. Мысалыға, өнеркәсіп пан сауда кез келген өркениетгі елде салықты реттейтін және осы институттың арасындағы алмасуды қарастыратын үкімет қолдауына тәуелді. Ал үкімет оның нормативті актілік экономикалық қолдайтын өнеркәсіп пан саудаға тәуелді .

Отбасы элеуметтік институт есебінде адам қоғамының қалыптасуымен бірге пайда болады. Отбасының дербестігі болғанымен, бірақ отбасылық қатынастар қоғаммен, оның дамуымен тікелей байланысты.

Отбасы - кіші элеуметтік топ, ал оның мүшелері некемен қаны бір туысқанымен, тұрмысының ортақтығымен және өзара адамгершілік жауапкершілігімен байланысты. Отбасы - қоғамның бастапқы ұясы, қорғамның әлеуметтік құрлымының негізі болып табылады.

Ер мен әйел - отбасының екі ірге тасы, бұл іргетас үйленумен құрылады. Отбасында адамдар ұрпақ жалғастырады. Сонымен қатар қоғамның қартайған, еңбекке жарамсыз мүшелерін қамқорлық та осында іс асырылады. Отбасы құрылуы тұрмыстық қатынастырудың да алғашқы ұясының бірі.

Отбасы тарихы өзгеріп, отырған элеуметтік құбылыс, себебі формасы өндірістік қатынастарға, оның ішінде меншіктік қатынастарға тікелей тәуелді. Мәселен, некелік қатынастардың алғашқы тарихи формасы полигимия ал, өндіріс құрал-жабдықтарына жеке меншіктің пайда болуына байланысты ол монологиялық отбасымен ауысады.

Отбасы некеге қарағанда күрделі жүйе, себебі ол жұбайларды ғана емес, олардың балаларын, басқа туыстарын да біріктіреді.

Принципінде отбасытұрақты үйе. Олардың тұрақтылығы мен беріктігі де әр кезде өзгеріп отырады. Оған әсер ететін құқық, дін, қоғамдық пікір, психологиялық факторлар, әсіресе экономикалық өмір бірлігі. Отбасының өмір сүріп, дамуының ерекше жағдайларыда бар. Олар: әлеуметтік, таптық ортасы, материалдық жағдайы, отбасы мүшелерінің қабілетін, білім дәрежесі, олар сақтайтын әдет-әрбір жаңа отбасының адамдық, экономикалық негізі.

Бұлар отбасы мүшелерінің қабілетін, адамгершілігін, жауапкершілігін сезінуінен байланысты.

Отбасының маңызы оның атқаратын қызметі арқылы анықталады. Екінші сөзбен айтқанда, отбасының мазмұны мен қатынасы тікелей байланысты.

Отбасы қызметі деген түсінік оның қоғаммен, қытынасының жүйесін көрсетеді, сонымен қатар отбасы мен жеке адамның қатынасының жүйесін көрсетеді. Отбасы қоғамның бастапқы ұясы, қоғамдық-әлеуметтік құрылымның негізгі элементтерінің бірі бола отырып, көптеген әлеуметтік қызметтерді атқарады.

Отбасының бірінші міндеті-ұрпақ жалғастыру қызметі. Бұл бірақ тарихи кезеңдерде қоғам үшін де, және адам үшін де маңызды қызметі болып келеді. Бірақ жұбайлардың балала болу телегі, қоғамның қай кезеңінде де болмасы, оны қанағаттандыратын әлеуметтік жағдайларға сәйкес өзгеріп отырған, қазір де солай.

Отбасының ең маңызды қызметінің бірі-тәрбиелеушілік міндеті, оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды.

Оның негізі баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге оған әлеуметтік-мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәжірибесін жас ұрпаққа жеткізу, бойынша сіңіру, яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға жэне қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру әке-шешенің ең маңызды міндеті.

Отбасының жақсы әдет-ғұрпы, үлгі-өнегесі, ауызбіршілігі, ерлі-зайптылардың сүйіспеншілігі, кездескен қиындықтарды жеңе білуі, тұрмыстық салт, бұларды ұрпақтан ұрпаққа беру, жалғастыру отбасының міндеті, оны нығатудың шарты.

Сонымен, біз отбасының негізгі қызмет-міндеттерін қысқаша қарастырдық. Олардың іске асуы көптеген факторланға байланысты, атап айтқанда, қоғамның саяси-экономикалық, рухани жағдайларына некеде тұрған азаматтардың білім дәрежесіне, мәдениетіне, өмір салтына, олардың құндылық жайлы түсініктеріне т. б. байланысты.

Қазір оқу, білім жүйесі дағдарыста. Бұл дағдарыстың болу себебі, біздегі жүйенің басқа сапалы жүйегс ауысудағы қиындықтарға тікелей байланысты. Ал, жаңа жүйе барлық салалардағы іс-қызметтің жаңа ондіріске, техлологияға сәйкес жаңа түрін, әдісін, тәсілін (стилін), тәртібін, оқу-білімін, ғылымын қажет етеді. Ол қоғамның ілгерілеп дамуының қажетті алғышарты және адам өмірінің, әсіресе оның белсенді жұмысының маңызды түрі болып саналады.

Сондықтан жаңа XXI ғасырда үздіксіз оқу, білім алу басқа өркеннетті, дамыған елдердегідей біздің саясатымыздың басты қағидасы болуы керек. Бұл туралы біздің өкіметіміздің білім туралы заңында жақсы айтылған. Үздіксіз білім алуды білім мерзімін ұзарту және оқушылар санын ересек адамдардың санымен өлшеу деп жансақ түсінугс болмайды. Әрбір мектептің алдындағы міндет - ол әрбір адамды әр түрлі жұмыс пен іс-қызметті өз бетімен істей алуға және өздігінен білім алуға үйрету.

Болашақ білім жүйесінде университеттердің атқаратын қызметі ерекше болады. Қандай да бір университет болмасын, ол адамға жан-жақты мәдениет беру құралы болуы керек. Университеттердің мұндай болуына толық мүмкін-шіліктері бар. Университст жұмысшы күшін өндірмейді. Оның басты міндеті - адамның адамгершілік қасиеттерін дамытып, қалыптастыру.

Қоғамның әр түрлі даму кезеңдеріне сай университеттердің білім жүйесіндегі оқу процестері әр түрлі дәрежеде, деңгейдс қызмет атқарды, соған орай оның беделі де әр түрлі болды. Алғашқыда университеттерде өнерге қатысты пәндер оқытылмайтын еді, ондағы гуманитарлық қо-ғамдық ғылымдар жаратылыс және техникалық ғылымдардың өлшем-үлгілерімен жүргізілді. Ақыл-ой, еңбектің бір түрі ретінде жүргізілетін ғылымдарға шек қойылып, тек қана нақтылы тиімді, пайдалы ғылымдар (мысалы, математика, физика, химия, биология, техникалық ғылымдар, т. с. с. жүргізілді) . Ал, адамның жеке тұлға ретінде жан-жақты үйлесімді дамуына, оның адамгершілік қасиеттерінің жетілуіне назар аударылмады. Сондықтан бүгінгі күннің басты мәселесі - бұрынғы университетті қайта жаңғырту. Оның алуан түрлі мәселелерінің ішіндегі басты, негізгі мәселе - қоғамдық гуманитарлық білім беруді қайта қалпына келтіру. Мұның өзі - гуманитарлық факультеттерді көбейту деген ой емес, ол оқу орындарын бітіруші мамандардың жоғары дәрежедегі мәдениетің қалыптастыру болып табылады.

Оқу, білім - қоғамдағы оқшау тұрған сала емес. Ол қоғамдағы әр түрлі құбылыс, процестерді бейнелей алатын сала. Ал, жоғары мамандандырылған, саналы, өз бетімен істелінетін еңбек, іс-қызмет, жұмыс беделінің төмендеуі қоғамдағы оқу, білім саласының заңды беделін түсіріп, маңызын кемітеді. Әрине, айта берсе, кемшілік, олқы-лықтар өте көп. Бұлардың объективтік және субъективтік себептері бар. Объективтік басты себептерге оқу, білім жүйесін қажетті қаржымен қамтамасыз етілмеуі жатса; субъективтік себептердің бастыларына - оқу, білім жүйе-сінің ғылыми дәлелденген, өмірдің барлық және әрбір салаларына сәйкес келетін тиімді оқытудың, білім жоспарын, бағдарламасын, әдістемелерін, оқу және көрнекті құралдарды жасап, компьютерлерді кең қолдану, жаңа педагог кадрларды іріктеи алу, отбасымен байланыс-қатынастарды күшейту, т. с. с.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік институттар түсінігі
Әлеуметтік институттардың қызметтері
Әлеуметтік институт және процесс
Әлуеметтік институттар туралы қоғамдық пікірлер
Балалар бірлестігі – оқушы тұлғасының тәрбиелік және әлеуметтендіру институты. Халықаралық балалар ынтымақтастығы
Әлеуметтік институттар түсінігі. Әлеуметтік институттар негізгі ұғымдары
Мемлекетті басқарудың мақсаттарын іске асырудағы әлеуметтік механизм
Қиял турлы жалпы түсінік
Халықаралық несиенің формалары
Қзақстан Республикасының экономикасының кластерлердің көтеруі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz