Кредит қызметінің түсінігі


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары.

1 Кредит қызметінің түсінігі;

2 кредит қызметі мен кредит мәнінің байланысы;

3 кредиттің қайта бөлу қызметі;

4 нақты ақшаларды кредиттің айнлым құралдарымен ауыстыру қызметі;

5 капиталды шоғырландыру мен орталықтандыруды жеделдету қызметі;

6 кредиттің заңдары;

7 кредиттің эканомикадағы ролі мен және оны қолданудың шектері.

Кредит қызметінің түсінігі

« Фунция» дегеніміз сөз латынның « function» -дегені-ол «атқару» «жүзеге асыру» деген мағынаны білдіреді. кредиттің қызметін айтқанда, әдетте оның мәнінің арнайы көрінісі ұғылады. Қызмет кредйттің мәнімен өзара тығыз байланысты; қызметтің атқаруындағы қарым-қатынастардың мәнінсіз ол өмір өмір сүре алмайды. Қызметтің кредит мәні сияқты обьективті сипаты бар. Әрбір сәттегі өзінің өрістеу барысында кредит барлық қызметінің мәнін емес, бір немесе бірнеше қызметтерімен ғана көрінеді. Қызмет-қатып қалған емес, өзгеріп тұратын құбылыс. Кредит мәнінің өзгеруімен қатар, оның көрініс танытуды да өзгеріп отырады. Қызмет бүтіндей протцесс ретінде өзінің арнайы көрінісін байқатады, яғни қызмет кредиттік қатынасқа бүтіндей қатсты. Кредит қызметі оның барлық формалары мен түрлері өзіндік ерекшелігімен көрініс танытуын сипаттайды

Кредиттің ұдайы өндіріс протцесінде алатын орны жайлы біркелкі ғалымдардың пікірлері жоқ. Кейбір ғалымдар он айналым белгісіне жатқызса, басқары бөлу белгісіне жатқызады. В. М. Тарасов кредитті ұлттық табысты қайта бөлу процесіне қатысатындықтан бөлу категориасына жатқызады. Және де соған қарамастан, кредиттің айырбас қатынастарына тән ерекшеліктері мен мүмкіндіктері бар.

Айырбас фазасында бөлу қатынасының сәтін айрықшалап көрсету мүмкін болғандықтан, кредиттік қатынастарды да дәл осыған жатқызуға болады. Сондықтан кредит бөлу категориасы бола отырып, айырбас белгісіне де жатады, немесе екі жақтылық ерекшелікке ие. Мұның өзі кредиттің қызметіне тән екендігін көрсетеді.

Кредит туралы теорияда, оның атқаратын қызметінің саны мен мазмұны жайлы орныққан бір келкі көз қарас жоқ. Біреулер екі басқалар үш түрлі үшіншілер -төрт көзқарастарды айтады. ал, жекелеген авторлар кредиттің қызметін айналымдағы шығындарды үнемдеп, эканомиканны ретке келтіру, уақытша бос қаражаттарды жинастыру т. б. деп түсіндіреді.

Кредиттің бақылау қызметі дегенде ол-ақша қаржы сияқты басқада катигорияларға тән екенін айтқан дұрыс. Ал шындығында бақылауды кредит емес, банк жүзеге асырады.

Кредит өндірістк қорлар айланымының құралы деп қарасақ, онда оның бұл қызметі ақшаларғада, бюджетке, пайдаға қаржыға да тән-бұл бірішіден, екіншіден-кредит қорлар айланымдарының құндылық категориаларының мазмұнына да енеді.

Еканомиканы ретке келтіру жәилі айтатын болсақ, ол кредиттің көмегімен ғана емес, баға бюджет сияқты құндылық категориялар арқылы жүйеге асырылады.

Қорларды ынталандыру жайлы да осылай деуге болады.

Осыған қарай отырып, жекелеген ғалымдардың кредит дербес қызметатқара алады дегендерінің негізі жеткіліксіз. Қызмет-қарап отырған экономикалық категорияның өзгешелік мәнін таныту болып табылады.

Айналымның құрал түрдегі қызметі бақылауы мен ынталандыру, экономиканы ретке келтіру тек кредиткен ғана емес, баға, қаржы, енбек ақы, бюджет, табыс т. б. құндылық категориаларына да тән.

Көптеген пікір лердің орын алып отырғанына карамастан, кредиттің барлық формалары мен турлерінде мәнін ашып көрсететін оның үш түрлі қызметін бөліп көрсеткіміз келеді. Олар -қаита бөлу, нақты ақшаны айналымдағы кредит құралдарымен ауыстыру және капиталды шоғырландыру мен орталықтандыруды жеделдету.

Кредиттің қайта бөлу қызметі

Кредит қайта бөлу қызметін атқарады. Оның мағынасы қарыз алушыға төлем негізінде уақытша пайдалануға берілетін кәіп орындардың, ұйымдардың халықпен млекеттің бос ақшалай қаржыларын кредит арқылы шоғырландырып, қарызберу капиталына айландыру. Қарыз беру капиталы кредит механизімі арқылы халық шаруашылығы салаларының арасында қайта қайтару негізінде кредитке айналады. Қарыз капиталын кәсіп орындар, салалар, халық арасында қайта бөлу жүзеге асырылып, ақша түріндегі капитал төменгі пайда нормасы бар саладан босатылып, банктерде жинақталады да жоғары пайда нормасы бар салаға ағылады. Екінші сөзбен айтқанда өндірістік тепе-теңдіктер капитал мен экономиканың бірлесіп басқаруын ретке келтіреді.

Мәселенің мәнісі өндіріс құралдар ретіндегі капитал физикалық ретінде бір саладан екінші салаға ауысып құйыла алмайды. бұл протсес ақша капиталының қозғалыс жағдайына жүзеге асырылатындықтан, кредит нарықтық эканомканы ең алдымен капиталдың бір саладан басқа салаларға ауысып құюлуы ұшін икемді михонизм ретінде керек және пайда нормаларын теңестіру қызметі арқылы кридит капиталды өндірістің бір саласынан екіншілеріне еркін түрде ауысып құйылуын және өндіруші капиталдың белгілі бір нақты үлгіде бекуін қамтамассыз етеді.

Құндылықтың кредит аркылы қайта бөліну-салалык, салааралык, аумактык бағыттарда, кредит катнасының субьектісі іспеттес кәсіп орындар деңгеиінде жүзеге асады. Қандай бір жағдайлар болмасын әңгіме уақытша бостұрған құндылыкты қайта бөлу жағдайында болып отыр. Сондыктан ол қайтарым жағдайында қайта бөлінеді. Осы реттеқайта бөлінудің қаншама түрлері болғанымен, меншік иесі ауыстырылмай ол кредит берушінің колында қала береді.

Сонымен кредит өзінің қайта бөлу қызметінде экономиканы стихиялық түрде реттеуші болып табылады. Алайда кредит кеибір жағдайларда эканомиканың тепе-теңдігінде күшеитіп жібере алады. Нақты айтар болсақ 1993-1996 ж капиталдың өндіріс саласынан айналыс сауда саласына ауысуы орын алды да өндіріс дағдарысын тереңдете түсті, яғни кредит бұл жылдары сауда-делдалдық салаға ауысып кетіп нағыз сектор дағдарыс жағдайында қалап қойды.

Кредиттің қайта бөлу к қызметінің ерекшеліктері төмендегідей :

1) Біріншіден, кредиттің көмегі арқылы тек мына материалды игіліктердің құндылығы, өндіріс құралдары мен тұтыну заттары яғни бір жылдың барысында өндірілген ұлттық жалпы өнімдер емес, сондай-ақ ел экономикасының өткен кезеңдерде жасалған құндылықтарыда қайта бөлінеді; екіншіден, кредиттің қайта бөлу қызметі жалпы құндылықты қайта бөлуге қатысты; үшіншіден қайта бөлу қызметінде уақытша босаған құндылықты уақытша пайдалануға беру протцесі өтемаңызды болып табылады; төртіншіден кредиттің көмегімен уақытша босаған құндылықты кредитке беру нарықтық экономикаға тән делдалдардың банктермен басқа да кредиттік мекемелердің қатысуы мен жүзеге асырылады.

Кредиттің шын мәніндегі ақшаларды айналымның кредиттік құралдарымен ауыстыру қызметі.

Қазіргі кездегі нарық шаруа шылығында шын мәніндегі ақшалар (алтын) ел ішінде айналысқа түспейді, олардың кредит негізінде шығарылған ақша белгілері айналымда болады. Нақты ақшалардың шығарылуы, немесе қолма-қол есептейді ақша қорларын ұлғайту сол мезетте экономиканы кредит ресурсы болып табылады.

Кредиттің мұндай қызметінің дамуы банк жүйесінің пайда болуымен байланысты екендігін ескерген жөн. Ақшаларды банкінің есеп шотында сақтау ақшалай міндеттемелер бойынша тауарлар мен қызмет үшін қолма-қол ақшасыз есептерді жүзеге асыруға, өзара қарыздарды есепке жатқызып жойып отыруға мүмкіндік береді. Мұның өзі ақшаны қолмен санап алыс-беріс жасау айналымын және айналым шығындары мен өнімсіз шығындарды едәуір азайтты. Шаруашылық жүргізу субьектілерінің және халықтың есеп шоттардағы қаржылары банктердің кредиттік ресурсы болып саналып есеп шоттардағы көрсетілген ақша айналымы банкінің ақша қаржыларының иелерімен кредиттік байланыстарын туғызады.

Кредиттеу прсесі кезінде ақша массасының құрылымына төлем айналысына және ақша айналымының жылдамдығына әсер ететін, сол ақша айналымының (қолма-қол және қолма-қол ақшасыз есеп) үшін түрліше төлем қаржылары құрылады. Яғни нағыз ақшаларды кредиттік ақшалар мен және кредиттік оператциялар ауыстыру жүзеге асырылады. Айналымды ен қарапайым қарыздық міндеттемелер-рексельдерден бастап қазіргі электрондық ақшаларға дейінгі кредит ақшаларының түрліше формалары пайда болады.

Экономиканың дамуының алғашқы сатысында бұл айналымнан алтынды ығыстырып шығаруы мен байланысты болды. Қазіргі кезде нағыз ақшаларды алмастыратын кредит қызметі ақша тасқындарының қозғалысын тездететін қолма-қол ақшасыз есептер кредит карточкаларын-векселдерді, чектерді, депозиттік сертификаттарды қолдану арқылы көрініс танытады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мамандықтың пәндер каталогы
Ұлттық Банктің қызметі мен негізгі міндеттері туралы ақпарат
Банк қызметі түсінігі және ерекшеліктері
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДАР МЕН МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Кредиттік оқу жүйесі
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктерді құқықтық реттеу
ҚР инфляциялық жағдайы, себептері мен оған қарсы күрестің жолдары
Банктерді құру тәртібі мен банкілік қызметті, лицензиялаудың құқықтық негіздері
Қаржы жүйесіне жататындар
Ақша теориясы туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz