Постдағдарыстан кейінгі Қазақстан Республикасында франчайзингті жетілдіру жолдары


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ПОСТДАҒДАРЫСТАН КЕЙІНГІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ФРАНЧАЙЗИНГТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

Франчайзинг - ұзақ мерзімді іскерлік қатынастардың нысаны, ол тәуекел дәрежесі төмен және тұрақты пайдалылық деңгейі бар кәсіпкерлікті ұйымдастырудың тиімділігі жоғары жолы. Франчайзинг жүйесін пайдалану тұтынушылардың сұранысын толығымен қанағаттандыруға және оның өзгерісіне жедел жауап қайтаруға мүмкіндік береді. Франчайзингтік қатынастар желі қатысушыларына бірқатар артықшылықтар ұсынуымен тартымды: біріншіден, жаңа кәсіпкерлерге - табысы тұрақты бизнестің көмегімен өзіндік кәсібіні ұйымдастыруға мүмкіндік береді, екіншіден, танымал компаниялардың нарықтағы қызметін кеңейту және нығайту жолы, үшіншіден, мемлекеттің кәсіпкерлікті қолдаудағы тиімді тетігі болып табылады.

Дамыған елдерде франчайзинг тұтынушылардың әр түрлі қызметтерге деген қажеттіліктерін қанағаттандырудың құралы ретінде жарты ғасырдан астам уақыт пайдаланылып келеді. Соңғы жылдардағы мәлімет бойынша франчайзингтің әлемдік жылдық тауар айналымы 2 триллион АҚШ долларынан астам соманы құрайды, оның әлемдегі франчайзингтік 20 мың желілерінде 30 миллионнан астам адам қызмет етеді. Шетелдердегі франчайзингті қолданудың көпжылдық тәжірибесі оның іскерлік тиімділігін дәлелді түрде көрсетеді. Бүгінгі таңда франчайзингтік желілердің саны бойынша әлемдегі көсбасшысы - Қытай, оның 3000-нан астам франчайзингтік желілері бар, екінші орында АҚШ, үшіншіде Жапония тұр.

Қаржы дағдарысынан шығу процесін жеделдетуші бизнес түрінің бірі -франчайзинг. Мұны әлемдік тәжірибе әлдеқашан дәлелдепті. Алайда еліміздегі осы сала дамуы жағынан басқа мемлекеттердегімен салыстырғанда, 35 жылға қалыс келеді екен.

Франчайзинг кәсіпорынның өз өнімін сату нарығын шұғыл кеңейтуге кәсіпорында жоқ елеулі қаржылық салымдарсыз мүмкіндік береді. Франчайзинг франчайзердің саудалық белгісімен жұмыс істей отырып, пайда өсімін, оның өзін және өнімін жарнамалануын қамтамасыз етеді. Қазақстанның және өзге де ТМД елдерінің нарықтық экономика жолына түскеніне кқп уақыт болған жоқ. Керісінше, Еуропа мемлекеттері мұндай заманның сабына ертерек қол жеткізіп, оны бабын да әлдеқашан байқап үлгергені белгілі. Ян Беземер өз елінде франчайзинг мәселесін 35 жыл бұрын қаузай бастаған болатын. Оның піукірінше, қазіргі Қазақстандағы жағдай сол кездегі голландық франчайзинг күйін кешіп отыр. Алайда бұл біздің Еуропаны 35 жылдан кейін барып басып озамыз деген сөз емес. Қазақстан экономикасы, бизнесі және франчайзингті жедел дамып келеді, жақын болашақта аталған елдерді қуып жетері анық.

Қазақстанда франчайзингтік қатынастардың орын алғанына 10 жылдан асты, алайда отандық экономикаүшін осы бизнестің кең дамыған ұйымдық нысаны әлі де жаңа құбылыс болып таблады. Қазақстанда 2007 жылы франчайзинг айналымы 500 млн. АҚШ долларын құрады. Қазақстан Франчайзинг қауымдастығының мәліметтері бойынша, елімізде 120 франчайзингтік жүйе және 1000 франчайзи кәсіпорындар бар. Экономиканың қарқынды дамуы, шағын және орта бизнестің ЖІӨ-гі үлесінің өсуі, алдыңғы қатарлы бизнес технологияларына сұраныстыңартуы, салыстырмалы түрде франчайзинг тауашасының қанықпағандығы және тағы басқа бірқатар факторлар жуық арада бұл сектор үлесі бірнеше есеге ұлғаяды деген болжам жасауға мүмкіндік береді.

ҚР «Франчайзинг туралы заң» (2002 ж. ) қабылданды. Елімізде франчайзингтік бизнесті жүргізуді реттеушің бірқатар заңнамалық актілерге қоса, нарқы субъектілерінің іс-әрекетін қорғайтын халықаралық деңгейдегі санаткерлік меншікке, кәсіпкерлікке қатысты бірқатар заңнамалық құжаттарды атап өтуімізге болады, олар: Қазақстан Республикасы мен Санаткерлік меншіктің Дүниежүзілік ұйымының арасындағы ынтымақтастық бағдарламасы, ҚР «Инновациялық қызмет туралы заңы», «ҚР патент туралы заңы», «ҚР Инвестиция туралы заңы», «ҚР Лицензиялау туралы заңы».

Қазақстан ұлттық франчайзинг ассоциациясы құрылды. Франчайзинг мемлекеттік деңгейде қолдау тауып отыр. Соның арқасында 2003-2007 ж. ж. франчайзинг жүйесі елімізде 3 есеге өсіп отыр. Франчайзинг жүйесінде жұмыс істейтіндер саны 14000 адамды құрайды. Қазақстан франчайзинг агенттігінің мәліментіше, 2009 жылдың басынан бастап отандық және шетелдік франчайзерлер арасында 40 келісімшарт және 300-ден астам келісімшарт алдындағы келісімдер жасалыпты.

Қазақстанда франчайзингті дамытуға септігін тигізетін бірнеше кәсіби және кәсіби емес институттар бар. Олар:

  • Интелелктуалдық меншік халықтық институты. (Казапатент) . Негізгі миссиясы - тауар белгілерінің айналымынреттеу және франчайзингтік келісімшарттарды тіркеу;
  • Орта Азиялық франчайзингті дамыту агенттігі (CAFLA) . Агенттіктің негізгі миссиясы - кәсіпкерлерге франчайзинг пен лицензиялау жөнінде тегін консультациялар беру;
  • Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры (Даму) . Кәсіпкерлердің франшиза сатып алуына жеңілдікті несиелер беру;
  • Кәсіпкерлердің тәуелсіз ассоциациясы (HAП) . Негізгі бағыты - Қазақстандағы франчайзингті дамыту, көрмелер ұйымдастыру, семинарлар бөткізу;
  • Сонымен қатар, мемлекеттік және жеке ұйымдар қосымша Қазақстандағы франчайзингті дамытуда көмектерін көрсетеді;
  • Қазақстанда франчайзинг пайда болуы түрік лицензарының сублицензиясымен «Coca-cola» зауытының ашылуымен пайда болды. Зауыт 1994 жылы қаланған. Сол жылы Қазақстан мен Орта Азиядағы бірінші 5 жұлдызды отель қаланады. Бұл халықаралық класстағы «Рахат Палас» қонақ үйі болды. Сонымен қатар, 90-жылдарда «Adidas» дүкендері, «Сеймар» компанияларын атап кетуге болады. (кесте 1)

Еліміздегі франчайзингтің дамуына кедергі жасайтын негізгі мәселелр бар. Оларға тоқталсақ:

  • Франчайзинг секторына мемлекет тарапынан жеңілдіктер мен прференциялардың болмауы;
  • Интеллектуалдық меншіктің жеткіліксіз қорғалуы;
  • Отандық кәсіпкерліктің анықсыздығы;
  • Франчайзингтің кәсіпкерлік қатынастарда табыс табу көзі ретінде ақпараттардың әлсіз жеткізілуінде;
  • 2000-2007 жылдардағы жылжымайтын мүлікке деген гиперинфляция нәтижесіндегі ақша массасының өсуі.

Қазір еліміздегі франчайзингтің 80 пайызын сауда құрап отыр. Бұл кәсіби франчайзинг емес. Франчайзингтте сауда саласының үлесі 50-60 пайыздан артық болмауы керек. Бізге тек тауарғана емес, жаңа технологиялар қажет. Шетелде ірі кәсіпорындар басқа қалаға шыққан кезде филиал ашпай, сауда белгісін шағын кәсіпорындарға сатады. Бізде өкінішке орай, кәсіпкерлер бизнесті ешкіммен бөліскісі келмейді. Егер олар бір-біріне көмектесетін болса, бұл экономикалық жағынан да барлық тарапқа тиімді болар еді. Өйткені олардың мақсат-мүдделері ұқсас.

Кесте -1. Қазақстандағы франчайзингтік қатынастардың даму кезеңдері.

Кезең-дері

Компания атауы
Құрылу жылы
Негізгі сипаттамалары
Кезең-дері:

Бірінші кезеңі

1994-1999 ж. ж.

Компания атауы: «Coca Cola»
Құрылу жылы: 1994
Негізгі сипаттамалары:
  1. Франчайзингті реттеуші нормативтік-құқықық базаның болмауы;
  2. Нарықта бәсекелестің жоқтың қасы
  3. Жекелеген шетелдік компаниялар іс-әрекет аумағын кеңейту мақсатында Қазақстандық нарыққа шықты
  4. Өндірістік және сервистік франчайзинг қалыптаса бастады.
Кезең-дері: «Рахат Палас»
Кезең-дері: «Adidas»
Компания атауы: 1995
Кезең-дері: «Сеймар»
Компания атауы: 1996
Кезең-дері: «Kodak»
Компания атауы: 1997
Кезең-дері: «Дока»
Компания атауы: 1999
Кезең-дері: «Анкара»
Кезең-дері: «Рамстор»
Кезең-дері:

Екінші кезеңі

2000-2004 ж. ж.

Компания атауы: «1С»
Құрылу жылы: 2000
Негізгі сипаттамалары:
  1. Франчайзинг туралы Заң қабылданды.
  2. Шетелдік ірі фирмалардың франчайщилердің нарыққа шығуына байланысты бәсекелестік қалыптасты.
  3. Қазақстан Франчайзинг қауымдастығы құрылды.
  4. USAID кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бағытында франчайзинг бағдарламасын ұсынды.
Кезең-дері: Баскин31Роббинс
Кезең-дері: Қазақстан Франчайзинг қауымдастығы
Компания атауы: 2002
Кезең-дері: Қазақстан Республикаксының «Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы» Заңы
Кезең-дері: «II Patio», «Планета Суши»
Кезең-дері: «World Class»
Компания атауы: 2003
Кезең-дері: «Business Consult», «Scot Holland Estates»
Кезең-дері: «Пятерочка»
Компания атауы: 2004
Кезең-дері: «MaxMаra», «Sela»
Кезең-дері: «Три толстяка»
Кезең-дері:

Үшінші кезеңі.

2005 жылдан басталып осы кезге дейін

Компания атауы: «English First»
Құрылу жылы: 2005
Негізгі сипаттамалары:
  1. Санаткерлік меншікке, франчайзингке қатысты заңнамалар белсенді қолданылады.
  2. Франчайзинг көрмесі ұйымдастырылды.
  3. Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры франчайзингті несиелеу бағдарламасын әзірледі.
  4. Бәсекелестік өсіңкі түрде дамыды.
  5. Медиа және әлеуметтік франчайзинг пайда болды.
Кезең-дері: «Алма - TV»
Кезең-дері: «Tiffany Marble»
Кезең-дері: «Ромат»
Компания атауы: 2006
Кезең-дері: «Umex Realty»
Кезең-дері: «Сбарро»
Кезең-дері: «Finn Flare»
Компания атауы: 2007
Кезең-дері: «Aquatoria of Luxury Life»
Компания атауы: 2008

Е с к е р т у - ҚФҚ мәліметтері.

Қазақстанда негізінен дистрибьютивтік/саудалық франчайзинг ғана дамып отыр, ал шет елде керісінше, кәсіпкерлік франчайзингінің үлесі саудалық франчайзингтен жоғары. Бұл кемшіліктерді алдын алу үшін ірі мемлекеттік компаниялар аймақтық даму бағдарламасында шағын және орта бизнес субъектілеріне франчайзинг жүйесі арқылы қызметті жүргізудің технологиясы мен әдістерін ұсынуды қарастыру негізінде қол жеткізуге болады. Қазіргі кезде осы бағдарлама аясында ұлттық байланыс операторы «Қазақтелеком» компаниясы кәсіпкерлерге Интернеттегі уақытты жалға беру франшизасына «Қазақстан мері жолы» франчайзинг негізінде темір жолдарды жөндеу шеберханаларын жеке меншікке ұсынуды.

Қазақстандағы ірі мемлекеттік компаниялар аймақтық даму бағдарламасында шағын және орта бизнес субъектілеріне франчайзинг жүйесі арқылы қызметті жүргізудің технологиясы мен әдістерін ұсынуды қарастыру негізінде қол жеткізуіне болады.

Қазақстандағы франчайзингтің салалар бйоынша соңғы жылдардағы даму белсенділігін мына кестеден көруге болады:

Кесте - 2. Қазақстандағы қызмет көқрсету саласындағы франчайзингтік кәсіпорындардың үлесі (сәйкес салалар бойынша)

Сала
Сәйкес қызмет ету салалары бойынша франчайзингтік кәсіпорындардың үлесі, %
2007 жылдың алдыңғы жылдарымен салыстырғнадағы өзгерісі, есе
2001
2004
2007
2001
2004
Сала: Жылдам тамақтандыру кәсіпорындары
Сәйкес қызмет ету салалары бойынша франчайзингтік кәсіпорындардың үлесі, %: 1, 1
2007 жылдың алдыңғы жылдарымен салыстырғнадағы өзгерісі, есе: 2, 3
4, 3
3, 9
1, 9
Сала: Мейрмаханалар
Сәйкес қызмет ету салалары бойынша франчайзингтік кәсіпорындардың үлесі, %: 0, 31
2007 жылдың алдыңғы жылдарымен салыстырғнадағы өзгерісі, есе: 1, 2
2, 8
9, 0
2, 3
Сала: Фирмалық бөлшек сауда
Сәйкес қызмет ету салалары бойынша франчайзингтік кәсіпорындардың үлесі, %: 0, 95
2007 жылдың алдыңғы жылдарымен салыстырғнадағы өзгерісі, есе: 2, 7
8, 2
8, 6
3, 0
Сала: Азық-түлік өнімдері бөлшек саудасы
Сәйкес қызмет ету салалары бойынша франчайзингтік кәсіпорындардың үлесі, %: -
2007 жылдың алдыңғы жылдарымен салыстырғнадағы өзгерісі, есе: 1, 6
3, 8
-
2, 4
Сала: Денсаулық сақтау және фитнес
Сәйкес қызмет ету салалары бойынша франчайзингтік кәсіпорындардың үлесі, %: 1, 0
2007 жылдың алдыңғы жылдарымен салыстырғнадағы өзгерісі, есе: 1, 4
3, 3
3, 3
2, 4
Сала: Консталтингтік және аудиторлық компаниялар
Сәйкес қызмет ету салалары бойынша франчайзингтік кәсіпорындардың үлесі, %: 0, 87
2007 жылдың алдыңғы жылдарымен салыстырғнадағы өзгерісі, есе: 1, 8
3, 2
3, 7
1, 8
Сала: Телекоммуникациялар және байланыс құралдары
Сәйкес қызмет ету салалары бойынша франчайзингтік кәсіпорындардың үлесі, %: 0, 35
2007 жылдың алдыңғы жылдарымен салыстырғнадағы өзгерісі, есе: 0, 3
1, 01
2, 09
3, 3

Е с к е р т у - ҚФҚ мәдіметтері

Осы кестеден еліміздегі франчайзингтің болашақта даму бағыттарын айқындауға болады:

  1. қоғамдық тамақтандыру;
  2. қонақүй шаруашылығы;
  3. бизнесті ұйымдастыру мсен жүргізуге қатысты кеңес беру;
  4. бөлшек сауда;
  5. автокөлік және оны жөндеу;
  6. құрылыс-жөндеу қызметтері;

Иннвоациялық кәсіпкерлік қызметін дамытудың негізгі тетіктерінің бірі фрачайзинг жүйесін одан ары дамытуға мемлекет тарапынан келесі шараларды қолдану қажет:

  • франчайзинг секторына мемлекеттік жеңілдіктер қарастыру;
  • Қазақстан аумағында санаткерлік меншіктің қорғалуын толық қамтамасыз ету;
  • Иннвоациялық қызмет түрлерінің ерекшеліктерімен таныстыру шараларын қабылдау, яғни жеткілікті ету.

Франчайзингті жүргізудегі жеңілдіктер мен оң жақтары:

  1. Тексерілген бизнес жүйені қолдану. Франчайзер өз франшизасын нарыққа ұсынар алдында өзінің бизнесінің өтімділігін дәлелдеуі қажет. Содан кейін франчайзердің фрачайзингтік желісі дұрыс дамуы үшін өз кәсіпорыны болуы керек, оның негізінде бизнесті клондау жүзеге асырылады. Соның негізінде кәсіпкер өзінің өтімділігін дәлелдеген франшизаны алады.
  2. Өзінің бизнесін ашу мүмкіндігі, яғни франчайзердің бақылауына қарамастан белгілі бір мәселелер туындағанда франчайзи экономикалық және заңдық қасиеттерін сақтайды. Сонымен қатар, туындаған мәселелерді шешуде және кәсіпорынның дамуына өз үлесін қоса алады.
  3. Саланы таңдау мүмкіндігі. Белгілі бір салаға инвестициясын салмас бұрын франчайзидің франчайзердің бизнесімен танысуына мүмкіндігі бар. Франчайзердің ұсынысы алдында бизнес туралы ашық ақпарат алуға құқығы болады.
  4. Тәуекелділікті төмендету мүмкіндігі. Серіктестік кәсіпорын ашуда франчайзи жақсы ұйымдастырылған франчайзингтік бағдарламамен «франчайзингтік отбасы» мүшесі болып қалыптасадыү Жаңа ашылған бизнесте франчайзер серіктесіне туындаған проблемалар мен тәуекелділіктерді шешуге көмектеседі.
  5. Нарыққа сәтті шығу мүмкіндігі. Кәсіпорын аты әйгілі бренд тауарлар мен қызмет көрсетулерді ұсынып, шығаратын болса, франчайзи кәсіпорын ашу алдында бір топ тұтынушылары дайын тұрады.
  6. Маркетинг пен жарнамаға минималды шығындар. Франчайзи нарыққа шығу қарсаңында жаңа жарнамалар енгізбейді, себебі франчайзер нарықта тауарлар мен қызметтерді таныстырып қояды. Ал франчайзи тек өзі жұмыс істейтін аймақта ғана маркетингтік іс-шаралар мен жарнаманы ұйымдастырады.
  7. Франчайзер білігінің базасына мүмкіндік алу. Бизнесті дұрыс ұйымдастыру механизмдері дайын болады. Франчайзи тек сол механизмдермен қызметін атқарады.
  8. Жеткізу жүйесінің кепілдігі. Франчайзер өз қызметін дұрыс жүргізуде франчайзиді ресурстармен оқтын-оқтын қамтамасыз етіп отырады және де олардың жеткізіліуін өз мойнына алады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнай компанияларында франчайзингтік жүйенің дамуы
Шетелдегі және Қазақстан Республикасындағы франчайзинг дамуын талдау
Шетелдегі және Қазақстан Республикасындағы франчайзинг дамуы
Қазақстандағы франчайзинг
Франчайзинг жүйесін әзірлеу кезеңдері
Франшизаның туризмдегі экономикалық негіздері
Франчайзингтың теориялық аспектілері
Франчайзингтік қатынастар жүйесі талдау
Қазіргі таңдағы Қазақстандағы инвестициялық климат
Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті басқару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz