Ақша қаражаттары және есеп айырысу есебі


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 4

І Бөлім. Шаруашылық субъектісіндегі бухгалтерия

құрылымы мен есептің ұйымдастырылуы . . . 6

  1. «Тасқара» ЖШС жеке шаруашылық серіктестіктің сипаттамасы . . . 7
  2. «Тасқара» ЖШС - нің бухгалтерия құрылымы . . . 8

ІІ Бөлім. Ақша қаражаттары және есеп айырысу есебі . . . 11

2. 1. «Тасқара» ЖШС-де касса операцияларының жүргізілуі, олардың

құжатталуы . . . 12

  1. «Тасқара» ЖШС-де банктік есеп айырысу шотындағы қолма-қол

ақшаның есебі . . . 14

  1. «Тасқара» ЖШС-дегі есеп беруші тұлғалармен есеп айырысу есебі . . . 16
  2. Арнайы банк шоттарындағы ақша қаражаттарының есебі . . . 17
  3. Кәсіпорындағы қатаң есепті бланкілердің, ақша байланысты құжаттарының, құнды қағаздардың және ақша қаражаттарының түгендеуі . . . 18

ІІІ Бөлім. Негізгі құралдар мен материалдық емес

активтер есебі . . . 19

3. 1. «Тасқара» ЖШС-де негізгі құралдардың түрлері, классификациясы

мен бағалануы . . . 20

3. 2. Кәсіпорындағы негізгі құралдардың кейбір жекелеген түрлерін

есептеудің ерекшеліктері . . . 20

3. 3 «Тасқара» ЖШС-де келіп түскен негізгі құралдардың және аналитикалық есебінің ұйымдастырылуы. . . . 21

3. 4. Материалдық емес активтердің түсінігі мен олардың түрлері……. 21

3. 5. Материалдық емес активтердің есепте тіркелуі және кәсіпорындағы

бағалануы, түгенделуі . . . 21

  1. Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің тозуы мен

амортизациясының есебі. . 22

ІV Бөлім. Тауарлы материалдық қорлар есебі және

жабдықтаушылармен есеп айырысу . . . 23

4. 1. «Тасқара» ЖШС-дегі ТМҚ түрлері, олардың бағалануы . . . 24

4. 2. «Тасқара» ЖШС-дегі материалдық қорлардың қозғалысы есебінің

құжатталынуы. Олардың қоймаға келіп түсуі, есептен шығуы және

қойма ішіндегі қозғалысы . . . 25

4. 3. Кәсіпорындағы ТМҚ қоймадағы, бухгалтериядағы есебі . . . 26

  1. «Тасқара» ЖШС-дегі ТМҚ-дың түгендеу және қайта бағалау есебі . . . 27

V Бөлім. Еңбек және оның төлемінің есебі . . . 29

5. 1. «Тасқара» ЖШС-дегі жеке құрылым есебі. Еңбекақы төлеудің

формалары мен құрылымы . . . 30

5. 2. Кәсіпорын жұмысшыларының еңбекақысынан ұсталымдар . . . 31

5. 3. «Тасқара» ЖШС-дегі өнімдер мен еңбекақы төлеудің

ұйымдастырылуы . . . 31

5. 4. Жұмысшыларға орташа еңбекақы есептеу. Тұлғаның демалысақы

есебі . . . 32

VI Бөлім. Қаржылық қорытынды мен меншікті капитал

есебі . . . 34

6. 1. Кәсіпорындағы меншікті капитал есебі . . . 35

6. 2. «Тасқара» ЖШС-дегі капитал қозғалысы операцияларының

есебі . . . 36

6. 3. Резервтік капитал есебі . . . 37

6. 4. Кәсіпорындағы қаржылық қорытынды есебі . . . 37

VII Бөлім. Қаржылық есеп . . . 38

7. 1. Кәсіпорынның қаржылық есеп мәні мен мақсаты . . . 39

7. 2. «Тасқара» ЖШС-дегі қаржылық есепті тугендеуі . . . 39

7. 3. Кәсіпорында қаржылық есептің құрылуы . . . 40

VIII Бөлім. Аудиторлық фирма жұмысының құрылымы

мен оның ұйымдастырылуы. Аудитордың

функционалды міндеттемелері . . . 41

8. 1. Аудит пәні, оның объектісі мен міндеттері . . . 42

8. 2. Аудиторлық тәуеклділік және оның компоненттері . . . 43

IX Бөлім. Ұзақ мерзімді актив аудиті . . . 44

9. 1. «Тасқара» ЖШС-дегі негізгі құралдар есебінің аудиті . . . 45

9. 2. Кәсіпорындағы материалдық емес активтер есебінің аудиті . . . 45

X Бөлім. Ағымдағы активтер аудиті . . . 46

10. 1. Кәсіпорын бойынша дебиторлық қарыздар есебі . . . 47

10. 2. «Тасқара» ЖШС-нің ТМҚ мен дайын өнім аудиті . . . 47

XI Бөлім. Ақша қаражаттардың аудиті . . . 48

11. 1. «Тасқара» ЖШС-дегі ақшалай қаражат аудиті . . . 49

XII Бөлім. Міндеттемелер аудиті . . . 50

12. 1. Кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттемелер аудиті . . . 51

12. 2. Меншікті капитал аудиті . . . 51

XIII Бөлім. Еңбекақы бойынша есеп айырысу аудиті . . . 52

  1. «Тасқара» ЖШС-нің еңбекақы бойынша есеп айырысу аудиті . . . 53

Қорытынды . . . 54

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 55

Қосымшалар . . . 57

Кіріспе

Нарық экономикасына көшу кезеңінде бухгалтерлік есеп барлық шаруашылық есебінің басты негізгі бөліктерінің бірі болып есептелінеді. Қандай да болмасын кәсіпорындар, ірілі-уақты шаруашылықтар мен мекемелер, ұйымдар, өнім өндіруші және қызмет көрсету орындарының барлығы да бухгалтерлік есебін, аудитін, талдауын жүргізуге міндетті.

Экономика саласындағы мамандар, оның ішінде, бірінші кезекте, бухгалтерия қызметкерлері есепке алудың және есеп берудің барлық жүйесін жақсы білулері, оларды оңайлатуды қарастыруы қажет, субъект қызметін бухгалтерлік және салықтық есепке алуды ұйымдастырудың ережелерін, нұсқауларын және басқа нормативтік актілерін қатаң сақтаулары керек.

Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, оның сапасын көтеруге, өзіндік құынын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Шаруашылықтар мен мекемелер, мүліктер мен қаражаттар, қаржылар мен қорлар, өнімдер мен өндірілген өнімдерді сату, көрсетілген қызметтерді өткізу процестері болған кезде бухгалтерлік есепті, аудитті, талдауды жүргізу негізгі экономикалық мәселелердің бастысы болып табылады. Бухгалтерлік есеп, аудит, талдау арқылы өндірілген өнім, көрсетілген қызмет, оларды сату, өткізу және айырбастау, түскен қаржыны кіріске алу, бұларды дұрыс бөліп, тиімді пайдалану, шаруашылық жұмыстарының барлығын әуел бастан ең соңына дейін жүргізуге, нақты іске асыруға болады.

Практика жүзінде қарастырылатын зерттеу объектісі «Тасқара» жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып табылады.

Ұсынылған іс-тәжірибелік жұмыс теориялық білімді бекіту мақсатында қолданылады. Практика қаржы, қаржылылық қатынастар, ақша ағымын басқару технологиялар жөнінде түсінік қалыптастырады.

Осы практика «Тасқара» ЖШС мекемесінің мемлекетпен, салық органдарымен қатынасы механизмін жетік түсінуге көмектеседі.

Практикаға қатысуда теория мен практиканың байланыстылығы және негізгі шаруашылық жүйесі анықталады.

Білімді бекіту негізінде өткізілген практика барысы келесі сұрақтарға жауап береді:

- кәсіпорынныі структурасымен танысу;

- кәсіпорынның ұйымдастыру формаларын анықтау, құжаттары жөнінде мәлімет;

- қаржыландыру қайнар көздерін басқару;

- кәсіпорынның коммерциялық банктермен және басқа мекемелермен байланыстылығын талқылау;

- кәсіпорынның негізгі айналым құралдары, олардың баланс қозғалысы;

Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектінің күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық сенімді ақпаратсыз басқару жүйесі іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.

Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдық азайтуға, шығындарды жоюға, бәсекеге жағымды өнімдерін өндіруге оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда, шаруаға қырсыздыққа, кәсіпорынсыз материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және талауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айырықша бағаламауға болмайды.

Есепке алынған ақпараттардың көмегімен шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімдерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, сөйтіп ел экономикасының даму заңдылықтарын зерделеу және зерттеу экономикалық тетіктің бірі ретінде пайдаланады.

Экономиканың саласындағы мамандар, оның ішінде, бірінші кезекте, бухгалтер қызметкерлері есепке алудың және есеп берудің барлық жүйесін жақсы білулері, оларды оңайлатуды қарастыру қажет, субъект қызметін бухгалтерлік және салықтық есепке алуды ұйымдастырудың ережелерін, нұсқауларын және басқа нормативтік актілерін қатаң сақтаулары керек.

Қазақстан Республикасының аймағында әрекет етіп тұрған барлық субъектілерге Қазақстан Республикасының аймағында тіркелген резиденттік емес өкілдіктер мен филиалдар, заңды тұлғалар, кәсіпкерлік қызмет пен шұғылданатын жеке тұлғалар қаржы туралы жалпы түсінік және қызметте қолдану міндеттілігі жүктеледі.

Есеп беруде өндірістік тәжірибеден өту барысындағы әр бөлімшені зерттеу арқылы «Тасқара» ЖШС бухгалтерлік есебі мен аудиті және талдаудың жүргізілу тәртібі қарастырылған.

Қорыта айтқанда, теориялық білімді бекіту, профессионалдық дағдыларды дамыту. Әртүрлі міндеттемелер мен тапсырмалар орындау процесінде практикалық іскерліктерді дамыту.

І Бөлім

Шаруашылық субъектісіндегі бухгалтерия құрылымы мен есептің ұйымдастырылуы.

  1. «Тасқара» ЖШС жеке шаруашылық серіктестіктің сипаттамасы.

Алтын ең бірінші кезеңде 1899 жылдары пайда болған. Алдымен Баладжам өзенінің маңында құрамында алтын бар галькалар табылған, артынан мынадай құрамы жасалды 1- 104 г/т. 10 жыл ішінде ертістің сол жағалауында орналасқан Ақжал, Бөке, Даубай, Баладжам елді мекендері ат салыса алтын шығаруға кірісті.

1916 жылы негізгі жұмыс күші Ресейден әкелінді. Фабриканы Николай Иванович Демидов басқарды.

Ақжал селосында төрт бірдей басты құрылғылар жұмыс жасады, жазғы мезгілде эфил өңдейтін циан зауыты іске қосылды. Механикалық кеңселер ашылып, фабрикада жүгіртпелі құрылғылар, шахталық су тартатын насостар және станоктар мұнай двигателдерімен жұмысты жалғастырды.

1910 жылдан бастап 1913 жылдар аралығында Шығыс Қазақстанда бірлесе жұмыс атқаратын оннан аса кәсіпорындар мен ұйымдар болды.

1912 жылдан бастап 1916 жылдар аралығында 4257980 кен алынып өңделді, 56 мөлшерінде 22 фунт алтын алынды. 1943 жылдары Ақжал фабрикасында 8 тонна алтын өндірілді. 1993 жылы «Алтай алтын» комбинатының жабылуына байланысты фабрика жұмысын тоқтатты. 7 жылдан кейін фабрика 2 июля 2000 жылы қайтадан ашылды. Алматы қаласындағы «Алтай - Алмас» АҚ басшылығында болды.

«Акжал ЛТД» ЖШС негізгі басты көзі «Таскара» қазіргі таңда үздіксіз жұмыс жасауда.

Детальдық көрінісі «Таскара» 200 м тереңдікте орналасқан, сетка бойынша 40 *50 және жерасты шахтасы №1 тереңдігі 30 ; 80; 120 және 160 және жоғарғы қабаты 20 * 40 . Кен аумағы 20*40 м, ал кен зонасы 1- мөлшерде 10+15м.

Алтын өңдеу орны « Таскара » ЖШС геологиялық деректерге сүйенсек, 3 жер асты тобынан құралған.

Қазіргі таңда кен орны 57, 2г/ тонна кен өндіреді. Қаржылық жағдайы шаруашылық іс әрекеттерінің нәтижесінде көрініс тауып, өзінің банктен шотын ашып, екі тілде есеп саясатын жүргізеді.

Кәсіпорынның басты мақсаты пайда табу, ал есеп саясаты Қазақстан Республикасының стандарттарына сәйкес жүргізіліп, халыұаралық стандарттарға көшіп, жаңа шоттардың бас жоспарымен жұмыс атқарады.

Кәсіпорын алтынды өңдеумен қосымша бөлімшелері арқылы өндірумен айналысады. Оның тұрақты мекен жайы ҚР, Семей қаласы «Тасқара» ЖШС.

Кәсіпорын негізгі өндірістік материалдармен негізгі шығаратын өнімі орталық және қалыптасқан сұранысқа байланысты керекті мөлшерде шығарылады. Жыл сайын шығару мөлшері 90% пайызға сай номенклатура түріне.

Қазіргі уақытта бұл кәсіпорын заманның нарықтың қиындығына қарамастан алтын өңдеуде мемлекетімізде үлкен жетістіктерге жетіп отыр.

Шаруашылықтың бухгалтерлік есебі Есептік саясаттың негізгі мақсаты салық төлемдерін уақытында және дұрыс төлеу үшін шаруашылықтың жұмыс істеген кезінлегі кез келген уақыттағы капиталдың, активтердің, міндеттемелердің, кірістің, шығыстың бағамын шығаратын ақпараттық жүйелер құру.

  1. «Тасқара» ЖШС-нің бухгалтерия құрылымы.

«Тасқара» ЖШС коммерциялық мекемелердің бірі болып саналады.

Кәсіпорынның өз атауы мен мөрі, сонымен қатар әртүрлі мөрлері бар. Есептік, валюталық және басқа есептемелер арқылы жұмыс атқарады.

Бухгалтерлік есеп құрылымдық бөлім болып табылады және оны бас бухгалтер басқарады. Кәсіпорынның штаттық құрылымы, өндірістік құрылымы және еңбекті төлеу жүйесі бар.

Қалыптастыру қайнар көздері ақша, материалдық, іскерлік бойынша кірістер, бағалы қағаздар бойынша кірістер, басқа да түсініктерді қамтиды.

Шаруашылық салық заңдарына сәйкес салық органына ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын қаржылық ақпараттарды және керекті есептері, декларацияларды тапсырып отырады.

Сондықтан бухгалтерлік есеппен қатар салықтық есеп жүргізіледі. Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына көшуге байланысты ақпарат беру мен мүделі жақтарға сыртқы мәліметтер беруде талаптар өзгерді. Сондықтан әр түрлі жағдайларда шұғыл және дәл қимылдау үшін ақпаратты компьютерлік өңдеуге аса көп мән беріледі.

Опреациялар журналы - бұл күнделікті шаруашылықтың қаржылық операциялары мен міндеттерінің бухгалтерлік жазуы. Операциялар журналын кіргізудің негізгі мақсаттары:

Есептеу стандартына сәйкес бухгалтерлік есепте болатын қателерді табу мен жою.

Басшыларға баратын мәліметтер мен шұғыл мағлұматтарды дайындау және тексеру. Операциялар журналында келесі жұмыстарды істеуге болады:

- Жазуларды дайындау.

- Жазуларды қарау.

- Операциялар журналындағы жазуларды бақылау.

«Тасқара» ЖШС жиынтығындағы шоттардың құрылымы бухгалтерлік есептегі Жоспарлы шоттар негізінде құрылған және ары қарай бөлшектенген.

Бөлшектеуде шоттың мінездемесін беретін қосымша белгілер қолданылған. Қосымша белгілер пайдалушының талабына байланысты анықталған.

- Операциялар журналына байланысты мәліметтер.

- Операциялар журналындағы бухгалтерлік функциялар.

- Операциялар журналындағы басқа функциялар.

- Қосымша бухгалтерлік мәліметтер.

Олар бухгалтерлік есептің негізгі бөлігі болып табылады. Бұл мәліметтер сәйкес салға байланысты толық ақпараттармен берілген.

Бухгалтерлік есепке бұл қосымша мәліметтерден тек қана операцияның жалпы сомасы кіреді.

Күрделі бағдарламаға сәйкес 1С бухгалтерия бағдарламасымен жұмыстарын жүргізеді.

Өзінің ұйымдастырушылық нәтижесінде кәсіпорын нарықтық экономика жағдайында өз потенциалын сақтап қана қоймай күннен күнге арттыруда.

Кәсіпорынның дамуының бірден бір себебі, осы кәсіпорындағы қызметкерлердің біліктілігінің нәтижесі. Яғни сол қызметкерлер барлық ұйымдастыру істерінің иелері.

«Тасқара» ЖШС есеп саясатына байланысты 2006-2007 жылғы бухгалтерлік есебі келесі жүйе бойынша жүргізіледі:

1. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық опреацияларын тіркеу және жинақтау үшін Бас Жоспар шотына сәйкес өнделген жұмыстық жоспар шоты қолданылады.

2. «Есептеу саясаты және оны ашу» есептеу саясатын қалыптастырылуы.

3. «Бухгалтерлік баланстың» толығымен қабылдануы.

«Тасқара» ЖШС негізгі талдау көзі болып жылдық технико-экономикалық көрсеткіш есептелінеді.

Жоғарыда келтірілген мәліметтер негізінде кәсіпорынның 2008 жылға қарағанда 2009 жылы сатылған өнімнен түскен жалпы табыс жоғары. 2007 жылы 12978, 2009 ж. -593825 мың теңге. Осыған сәйкес таза табысы да жоѓары. Бұған әсер еткен факторлардың қатарына біріншіден сатылған өнімнің сапасы жақсара түскені жатады, екіншіден еңбек өнімділігі жоғарылады. Оған себеп 2007 жылмен салыстырғанда 2009 жылы жұмысшылардың орта тізімдік 10 адамға артып отыр. Яғни кәсіпорын 2007 жылы 2009 жылға қарағанда рентебільді жұмыс істеген деп айта аламыз. Оған еңбек ресурстарын дұрыс пайдалана отырып, еңбек шығындарын азайту да әсер етті.

ІІ Бөлім

Ақша қаражаттары және есеп айырысу есебі.

2. 1. «Тасқара» ЖШС-де касса операцияларының жүргізілуі, олардың құжатталуы.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшалары олардың кассасындағы, есеп айырысу және валюталық шоттарындағы ақшаларынан, аккредетивтеріндегі ақшаларынан, чектеріндегі ақшаларынан, банктердегі арнаулы шоттарындағы ақшаларынан, сондай-ақ аударылған жолдағы ақшаларынан құралады.

Ақша қаражаттарын сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір ұйымның кассасы болады.

«Тасқара» ЖШС ақша қаражаттарына жауапты кассир- материалдық жауапты адам. Ол касса операцияларын жүргізу тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы онымен шарт жасалынды.

Кассаға нақты ақша ағымдағы банктік шоттан ақшалай чек негізінде түседі. Кассаға ақша қабылдау кассаның кіріс ордерлері (қосымша2. 1. 1. ) бойынша жүзеге асырылады, оған бас бухгалтер мен кассир қол қояды. Кассаға ақша салған жеке немесе заңды тұлғаларға бас бухгалтер мен кассир қол қойған ақшаны қабылдағаны туралы квитанция беріледі.

«Тасқара» ЖШС кассадан ақша беру кассаның шығыс ордерлерімен (қосымша 2. 1. 2. ) немесе басшы мен бас бухгалтер қол қойған тиісінше рәсімделген төлем тізімдемелерімен (қосымша 2. 1. 3. ) акт беруге жазылған өтініштен, шоттармен және басқа да құжаттармен рәсімделеді. Жекелеген адамға кассаның шығыс ордері бойынша ақша берген кезде кассир алушының төлқұжатын немесе жеке басының куәлігін көрсетуді талап етеді. Алушы касса ордеріне қол қояды және алған сомасын: теңгені - жазумен, тиынды - сандармен көрсетеді.

Сенімхат бойынша берілген ақша жағдайында касса шығыс ордерінде ақшаны алуға сенім берілген адамның тегі, аты мен әкесінің аты көрсетіледі. Егер ақша төлем тізімдемесі бойынша жүргізілетін болса, ол тізімдемеге: «Сенімхат бойынша» деген жазу жазылады. Осы «Тасқара» ЖШС-де шығыс касса ордерлері бойынша берілген сенімхаттар тіркеу журналы арналған. Бұл жұмысшылардың қаңтар айындағы алынғандары бойынша тіркеу журналы.

Банктен ақша алғаннан кейін үш күн өткен соң кассир төлем тізімдемесіне еңбек ақысы бойынша тиесілі сомасын алмаған адамдардың ата-тегінің тұсына мөртаңба соғады, берілмеген соманы төленбеген жалақы тізіміне енгізеді, тізімдемеде нақты төленген сома мен депозитке салынуға тиісті сома жөнінде жазылады. Егер төлемді кассир емес, уәкілдік алған адам жасайтын болса, төлем тізімдемесінде: «Тізімдеме бойынша ақша таратқан» деген жазу жазылады. Касса ордерлерінде өшіріп жазуға, бүлдіруге және түзетуге жол берілмейді.

Жазылған касса ордерлері немесе олардың орнына жүретін құжаттар Кіріс және Шығыс құжаттарын тіркеу журналында (қосымша 2. 1. 4. ) тіркеледі, ол кіріс және шығыс касса құжаттарына жеке-жеке ашылады. Егер ақша қаражаттарының нысаналы мақсаты туралы деректерді машинограмма түрінде алатын болса, кіріс және шығыс касса құжаттарын тіркеу журналында тек құжаттың толтырылған күні, номері мен сомасы көрсетіледі.

«Тасқара» ЖШС-де касса операцияларының есебін кассир Касса кітабында (ф. №КО-4) (қосымша 2. 1. 5. ) жүргізеді, ол номерленуге, төленуге және оған сұрау салынуға тиіс; ондағы парақтар санын басшы мен бас бухгалтер қол қойып куәландырады.

Күн сайын, жұмыс күнінің аяғында кассир берілген ақшаның жиынтығын шығарады және күн аяғындағы қалдықты есептейді.

Кәсіпорындағы айдың аяғында есепті айдан кейінгі бірінші жұлдызына регистрлердегі қалдық шығарылады, ол кассирдің есебіне және бас кітаптағы 1010 шоттың қалдықтарына сәйкес келуге тиіс.

Қазіргі таңда ақшалар қозғалысын басқару қаржы нарығының күрделігіне байланысты маңызды мәселе болып саналып отыр. Бәсеке қабілеттілігі - кәсіпорындар мен ұйымдардың бүгінгі күннің талабына сай, алдағы уақыттарда дамуына қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін талап етеді. Ақшалар мен оның баламаларын дұрыс ашып көрсету және жіктеу кәсіпорын нәтижесін дұрыс бағалау үшін қажет. «Тасқара» ЖШС-нің контрагенттерінің, яғни банк шотының айналым ведомосын (қосымша2. 1. 6. ) көруге болады.

2. 2. «Тасқара» ЖШС-де банктік есеп айырысу щотындағы қолма-қол ақшаның есебі.

«Тасқара» ЖШС-нің өзiнiң есеп айрысу шоты бар. Жалпы Банктiк шоттар келiсiмшарт бойынша ашылады.

Ағымдағы шоттар немесе корреспондеттiк шоттар ашқанда банк ақша алуға және клиенттi келісімшарт бойынша оны аударуға мiндеттi. Банкте шот ашу үшiн клиентке келесiдей құжаттар қажет:

-банк мекемесінiң атына шот ашу туралы өтiнiш;

-кәсiпорынның, субъектінiң құрылуы жайлы құжат, жоғарғы органдардың кәсiпорынды, ұйымды құру жайлы шешiмдерiнiң көшiрмесi;

-кәсiпорынның басшысы, бас бухгалтер және олардың орынбасары қол таңбасын койған, кәсiпорын мөр таңбасы басылған арнаулы үлгiдегi карточка және басқа да құжаттар.

Кәсiпорынның төлемі қолма - қол ақшасыз есеп айрысу шотынан төленедi. Ағымдағы шоттың негiзгi массасы тауарлардан түскен қаражат, тауарлы материалдық құндылықтарды өткiзуден түскен табыс болып табылады.

Есеп айрысу шоттарындағы қаражаттар заңда көрсетiлген белгiлi тәртiп бойынша шот иесінiң жазбаша бұйрықтары негiзінде ғана пайдаланады.

«Тасқара» ЖШС-гі есеп айырысу шоты бойынша операциялардың есебі 1040- «Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражаты» -деп аталатын шотта жүргізіледі. Бұл шот дебеті бойынша 1210, 1410-1430, 1010, 3010-3040, 3510 және тағы да басқа шоттардың кредитімен, ал кредиті бойынша (141-143), 2910-2920, 2010-2040, 1010, 4010-4030, 3110-3140, 4110 және тағы басқа шоттардың дебетімен корреспонденцияланады.

1040-«Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражаты» -деп аталатын шоттың кредитінде жазылған операциялар номері 2-журнал ордерде, ал дебетінде жазылған операциялар осы журналдың ведомосында есептелінеді.

Есеп айырысу шоттары мына төмендегі құжаттар негізінде ашылады:

- шотты ашуға берілетін өтініш;

- қойылатын қолдар мен мөртаңбалары үлгілерімен карточкалары;

- субъектінің салық есебіне қою дерегін растайтын салық қызметі органының анықтамасы;

- мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесі;

- жарғы көшірмесі;

- құрылтай шартының көшірмесі /құрылтайшылар саны біреуден асқан ретте/.

Ұйымдар ағымдағы банктік шоттарды бірнеше банктерден ашуына құқылы, бірақ шоттарды ашқаны туралы салық органдарына хабарлауы керек.

«Тасқара» ЖШС банктік шоттарын Семей қаласындағы «БТА» банк, «Еуразиялық» банк, Халық банк, «Метрокомбанк» банк мекемелерінде ашқан, және сонда толық өздерінің қызметтерін атқарады.

Чек-шот иесінің банкке көрсетілген соманы нақты ақшамен жалақыға, іс-сапар, шаруашылық операциялары және басқа да шығындарға беру жөніндегі бұйрығы. Кәсіпорын алатын ақшаның мақсаты чектің сыртқы жағында көрсетіледі, оны бір дана етіп сиямен жазады. Чекпен бір мезгілде чек кітапшасында сақталатын түбірі толтырылады.

«Тасқара» ЖШС шотындағы қаржының ай басындағы және соңындағы қалдығы және операция бойынша есеп айырысу шотына келіп түскен және шығындалған қаржы сомалары көшірмеде (қосымша 2. 2. 1. ) көрсетіледі. Ұйымдардың бухгалтериясында банк мекемесі берген шоттың көшірмесінде жазылған сомалардың дұрыстығы және олардың көшірмемен бірге берілген құжаттарға сәйкестігі тексеріледі. .

Ағымдағы банктік шоттардағы теңгедегі ақшалай қаржылар шоты бойынша шаруашылық операцияларының шоттар корреспонденциясы

Кесте 2. 2. 1.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның технико-экономикалық сипаттамасы
Бухгалтерлік есеп бойынша есептер жинағы
Банктік шоттарындағы ақша қаражаттарының есебі
Ақша қаражаттары аудиті
Ақша қаражаттар операцияларын есепке алудың мәнi мен мақсаты
Ақшалай қаражаттарды бағалы қағаздарды түгендеу
Ақша қаражаттарының есебі
Кәсіпорындағы ақша қаражаттарының есебі
Кассадағы және есеп айырысу шотындағы қолма - қол ақшаның есебі
Ақша қаражаттарының есебінің аудиті туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz